Наурыз — халық мейрамы



НАУРЫЗ — өте көнеден келе жатқан шығыс халқының көпшілігінің жаңа жыл мейрамы. Наурыз фарсы тілі, ноу— «жаңа», руз—«күн» деген сөздерден қалыптасқан. Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай кыска бөлінеді. Демек Наурыз - жаз беп қыстың, жаксылык пен жамандықтың, суық пен жылының, кайрымдылық пен қатыкездіктің, т. б. күрес тартысының тоғысқан жері.
Қазақтар бір жылдын әркайсысын отыз күн етіп, он ек! айға бөлген. Жыл соңындағы санатка косылмаған 5 (6) күнді — «бес конак» деп атайды. Ежелгі сенім бойынша жақсыльқ пен жамандықтың жан алып, жан берісіп, өмір үшін күресуі осы санатка кірмей калған уакыт аралығына тура келіп, сондықтан да халык бүл кезді «өліара» деп те атаған. Қазақтар ежелден осы 5 (6) кунді өткізіп жібермей жолаушы шықпаған, қоныс аудармаған жиын-той жасамаған, мал
сатып, қонақ шақырмаған. Өткен кундерден соң 21-нен 22-не қараған түнінеп жақсылык жеңген күн — Наурыз келді, «Үлыстың үлы күні» келді деп халық куанышқа бөленген.
Наурыз мерекесі дүние жүзі халықтарының көпшілігінде бағзы замандардан бері тойланып келеді. Ежелгі гректер оны «Патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «Гүлгардон», «Бәйшешек», « Гулнаурыз », хорезмдіктер «һаусарджи», татарлар «нардуған», буряттар «Сағаан сара», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» т. б. түрлісіе атаған.
Ежелгі түркілер улыс күніне жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шашта-рын алдырып зор мереке сияқты дайындалып, қала сыртына шығып алты күн садақ тартып машықтанып, жетінші күні алтын теңге жамбы атып жарысқан. Жамбыны бірінші атып түсірген адамға билік беріліп, ол бір күн патшалық құрған.
Қазақтар ұлыс күнді «жыл басы» санағандықтан тілімізде: «жер бетінде жақсылық үялаған күн», «үлыстың ұлы күні - ұлы күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы - жылқышы торғай (наурізек) келген күн», «көк құт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні, «жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» т. б. бейнелі сөз орамдары сақталады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
НАУРЫЗ — ХАЛЫҚ МЕЙРАМЫ

НАУРЫЗ — өте көнеден келе жатқан шығыс халқының көпшілігінің жаңа жыл
мейрамы. Наурыз фарсы тілі, ноу— жаңа, руз—күн деген сөздерден
қалыптасқан. Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір
жыл алты ай жаз бен алты ай кыска бөлінеді. Демек Наурыз - жаз беп қыстың,
жаксылык пен жамандықтың, суық пен жылының, кайрымдылық пен қатыкездіктің,
т. б. күрес тартысының тоғысқан жері.
Қазақтар бір жылдын әркайсысын отыз күн етіп, он ек! айға бөлген. Жыл
соңындағы санатка косылмаған 5 (6) күнді — бес конак деп атайды. Ежелгі
сенім бойынша жақсыльқ пен жамандықтың жан алып, жан берісіп, өмір үшін
күресуі осы санатка кірмей калған уакыт аралығына тура келіп, сондықтан да
халык бүл кезді өліара деп те атаған. Қазақтар ежелден осы 5 (6) кунді
өткізіп жібермей жолаушы шықпаған, қоныс аудармаған жиын-той жасамаған, мал
сатып, қонақ шақырмаған. Өткен кундерден соң 21-нен 22-не қараған түнінеп
жақсылык жеңген күн — Наурыз келді, Үлыстың үлы күні келді деп халық
куанышқа бөленген.
Наурыз мерекесі дүние жүзі халықтарының көпшілігінде бағзы замандардан
бері тойланып келеді. Ежелгі гректер оны Патрих, бирмалықтар су
мейрамы, тәжіктер Гүлгардон, Бәйшешек, Гулнаурыз , хорезмдіктер
һаусарджи, татарлар нардуған, буряттар Сағаан сара, соғдалықтар
Наусарыз, армяндар Навасарди, чуваштар Норис ояхе т. б. түрлісіе
атаған.
Ежелгі түркілер улыс күніне жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын
түзеп, шашта-рын алдырып зор мереке сияқты дайындалып, қала сыртына шығып
алты күн садақ тартып машықтанып, жетінші күні алтын теңге жамбы атып
жарысқан. Жамбыны бірінші атып түсірген адамға билік беріліп, ол бір күн
патшалық құрған.
Қазақтар ұлыс күнді жыл басы санағандықтан тілімізде: жер
бетінде жақсылық үялаған күн, үлыстың ұлы күні - ұлы күн, ұзақ ұшып
келген күн, жыл басы - жылқышы торғай (наурізек) келген күн, көк
құт көзін (өсімдік) ашқан күн, жылдың жерге түскен күні, жер-ананың
тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген
күн т. б. бейнелі сөз орамдары сақталады. Осы түні, яғни 22 наурыз
түнгі сағат үште Ұлыстың ұлы күні келеді де сол түні даланы Қызыр
(Қыдыр) баба аралайдымыс. Сол түні әр үйде жалғыз шала сәуле
болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас деп әркім-ақ үйінде қос шырак
жағады. Ал наурызға шейін жаңа жыл мұнтаздай таза үйге
кірсе, ол үй ауру-сырқау- дан, пәле-жаладан аман болады деген сенім
бойынша үй ішіндегі жиһаз - мүліктердің шаңы қағылып, жуылып
тазартылады. Береке басынан басталады деген сенім бойынша
жыл басы жаксы басталса, аяғы да жақсы болмақ, Сондықтан да
ақ жыл бойы мол болып, дән тасқындасын, жауын-шашын көп бол-сын деп
Қыдыр түні ыдыс атаулының бәріне ак (сүт, айран, қымыран, қымыз, шалап,
уыз т. б.), ырыс толсын деп дән (бидай, тары, жүгері, ар-па, сүлы, мақсары
т. б.) және кәусәр бүлақ суын толтырып қоятын болған.
Бұл түні ауыл бойжеткендері соғымньң соңғы етін уызға салып пісіріп,
ұйқыашар аталатын жас жігіттерге арналған ерекше дәм дайындай-ды. Ал
жігіттер мен бозбала-лар қыздардың қол ақысынын қарымтасына айна, тарақ,
иіс судан тұратын селт еткізер, дір еткізер сыйлықтарын үсынған.
Тағы бір дәстүр: ауыл жастары бір асау тайыншаны ұстап әкеліп, үстіне
ашамай ерттеп, оған жанды куыршақты байлап, түнгі сағат 3-те қорадағы малды
үркітіп, иттерді шулатып, елді ұйқыдан ояту үшін тайыншаны бос жіберетін
болған. Қуыршақ елімізге келе жатқан жаңа жыл бейнесі іспеттес.
Егер ұлыстың ұлы күні не кар, не жаңбыр жауса нұр жауды, туар жыл
жақсы болады деп аталарымыз қуанған. Наурыздың қары ақша қар деп
аталады. Наурыз күні масайраған жұрт жаңа киімдерін киеді, ондайы жоқтар
таза бір киерін устеріне іледі.
Ұлыс күні кісілер бір-бірімен кездескенде:
Ұлыс бақытты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсіні

Пәле-жәле жерге енсін! — деп тілеу тілеседі де ер адамдар қос қолдасып,
төс соғыстырады, ал әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе құшақ
айқастырады. Қос қолдап амандасып, төс соғыс-тыру — өмір тірегім-төсім,
тіршілк көзім — екі қолым аман-сау болсын дегенді білдіреді. Рәсім бойынша
жаңа жылда бір-ақ рет көрісуге болады.
Әр үйдің дастарқанына ақ-тан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән
тағамдары мен жеміс - жидектер), қызылдан (еттен істелген тағамдар) жеті
түрлі дәм қойылып, жеті түрлі заттан (ет, тұз, су, құрт, бидай, сөк, күріш,
пияз сәбіз т. б.) наурыз көже қайнатыла-ды. Қалыптасқан жоралғы бойынша
барлық адамдар бір-бірінің үйіне кіріп наурыз көжені тоя ішуі керек. Оның
мәні жыл бойы тоқшылық болсын деген пейіл. Наурыз күнгі қасиетті дәмнен
алыс сапарда, түзде жүрген адамдарға, қадірменді қарияларға сыбаға
сақталады.
Наурыз күні таң ертеқ ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-
келіншектер құрт, ірімшік, пісірген ет алып далаға шығып, жігіттер
айналадағы бастаулардың көзін ашып, бұлақ басына талдар егеді. Әйелдер
болса атып келе жатқан күнге тәу етіп, Армысың қайырымды күн — Ана! деп
иіліп сәлем беріп, Кеудесі түкті жер — Ана, құт дарыт, жарылқа!—деп
ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ шашады.
Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні пейіл де кеңіп, келіні қайын
атасымен, күйеу баласы қайын енесімен жарасымды емін - еркін әзіл айтып,
қалжыңдасса, мұндай істер бұл күні сөлекет көрінбейді. Ұлыстың ұлы күні
қариялармен көріссем, батасын алсам, болашақ ұрпағыма олардыд күш-қуаты
дариды деген сеніммен жас келіндер көп жа-саған, балалы-шағалы шежіре
қарттармен көбірек көрісуге тырысады, Олар болса:
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін.
Ұлыстық ұлы күнінде
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске
толсын.
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныц басылсын.
Меніц берген бұл батам,

Үлыс күнге сақтап жүрген

сүр батам — деп тілеу тілеседі.
Ежелгі уақытта наурызда өгіз сою дәстүрі болған. Түске таман ауыл
адамдары қотан ортасына міндетті түрде нар-қазан алып шығып, астына от
жағады. Жас жігіттер ошақ басында өгізді сояды да, бауыздау қанымен ойнап
жүрген жас балалардың маңдайьна дөңгелек ою салады. Наурызда өгізді
құрбандыққа шалу қадым заманнан келе жатқан астрономиялық түсініктерге
байланысты болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз мерекесі
Наурыз – көне мереке
Наурыз – көне мейрам
Наурыз мерекесін тойлау
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Бұқаралық мерекелердің тарихы
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Наурыз мейрамының тарихи түп-тамырына үңілсек. .
Рождество мерекесі
Буынаяқтылардың классификациясы
Пәндер