Қазақ тележурналистикасындағы ұлттық тәрбие насихаты



1. Кіріспе
Теледидар.тәрбие құралы

2. Негізгі бөлім
1. Ұлттық арнадағы үздік
бағдарламалар
2. «Хабардағы» ұлттық тәрбие
3. Алаштың айбынсыз арналары
4. Салиқалы сұхбат

3. Қорытынды
Ұлттық тәрбие. ұлтымыздың
болашағы
Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшына айналуда.
Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Делижан жазғандай « Ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды.» Көгілдір экранның құдірет қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық.
Қазақ ұлтының болашағы оның тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен тарихының сақталуына және олар дың жүйелі түрде өрістеп, өркенденуіне байланысты. Ұлт тарихының болашағы үшін, оның жаңа ұрпағының саналы да сауатты, елін ет жүрегі езіле сүйген отаншыл болып қалыптасуына көгілдір экранның алатын орны тым бөлек. Кезінде Францияда алғаш коммерциялық телевидение ашылады днген кезде президент Жорж Помпиду: « Бізде коммерциялық телевидение ашу- болашақ ұрпақтарымызды рухани азғындату болмақ.»-деген екен. Ал Германия канцлері Шмидт болса « Германияда коммерциялық телевидениеге рұхсат беру-елімізде атом бомбасын жару деген сөз.»-деп шошынған. Ал қазір Қазақстанда коммерциялық телевидение ұлттық телевидениеден бірнеше есе артық. Олардың қалай жұмыс істесе де өз еріктерінде. Бұл біздің демократиялы қоғамда өмір сүріп жатқандығымыздың бір көрінісі болар. Днгенмен де біздің менталитетіміздің сақталуын қадағалау- ұлт ретіндегі парызымыз. Теледидар тәрбие құралы. Ал теледидардың халқымыздың өмірін, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін, тарихын неғұрлым түзу, айқын көрсетуі міндет. Бірақ бұл мүддеден бүгінгі қазақ теледидары шықпай отыр. Кезінде « Тарзан» фильміне еліктеп, талай балалар ағаштан ағашқа секіріп аяғын сындырса, « Фантомас» фильміне қарап, жастар қылмыс әлеміне бас сұққан болатын. Тоқтаусыз жарыса беріліп жатқан фильмдер болашақ иесі- балалардың мінез-құлқына, психологиясына әсер ететіні түсінікті. Мейірімділік, адамгершілік, үлкенді сыйлау, имандылық екінші орында қалып қойса, балаларға кінә арту артық болар.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Орындаған: Тоқбергенова Дайана
Қабылдаған: Әбдіжәділқызы Жидегүл

Алматы 2009

Мазмұны:

1. Кіріспе
Теледидар-тәрбие құралы

2. Негізгі бөлім
1. Ұлттық арнадағы үздік
бағдарламалар
2. Хабардағы ұлттық тәрбие
3. Алаштың айбынсыз арналары
4. Салиқалы сұхбат

3. Қорытынды
Ұлттық тәрбие- ұлтымыздың
болашағы

Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде
көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол
бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір
бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін
төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшына айналуда.
Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Делижан жазғандай Ол
өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Көгілдір
экранның құдірет қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен
әлденеше есе артық.
Қазақ ұлтының болашағы оның тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен
тарихының сақталуына және олар дың жүйелі түрде өрістеп, өркенденуіне
байланысты. Ұлт тарихының болашағы үшін, оның жаңа ұрпағының саналы да
сауатты, елін ет жүрегі езіле сүйген отаншыл болып қалыптасуына көгілдір
экранның алатын орны тым бөлек. Кезінде Францияда алғаш коммерциялық
телевидение ашылады днген кезде президент Жорж Помпиду: Бізде
коммерциялық телевидение ашу- болашақ ұрпақтарымызды рухани азғындату
болмақ.-деген екен. Ал Германия канцлері Шмидт болса Германияда
коммерциялық телевидениеге рұхсат беру-елімізде атом бомбасын жару деген
сөз.-деп шошынған. Ал қазір Қазақстанда коммерциялық телевидение ұлттық
телевидениеден бірнеше есе артық. Олардың қалай жұмыс істесе де өз
еріктерінде. Бұл біздің демократиялы қоғамда өмір сүріп жатқандығымыздың
бір көрінісі болар. Днгенмен де біздің менталитетіміздің сақталуын
қадағалау- ұлт ретіндегі парызымыз. Теледидар тәрбие құралы. Ал
теледидардың халқымыздың өмірін, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін,
тарихын неғұрлым түзу, айқын көрсетуі міндет. Бірақ бұл мүддеден бүгінгі
қазақ теледидары шықпай отыр. Кезінде Тарзан фильміне еліктеп,
талай балалар ағаштан ағашқа секіріп аяғын сындырса, Фантомас фильміне
қарап, жастар қылмыс әлеміне бас сұққан болатын. Тоқтаусыз жарыса беріліп
жатқан фильмдер болашақ иесі- балалардың мінез-құлқына, психологиясына әсер
ететіні түсінікті. Мейірімділік, адамгершілік, үлкенді сыйлау, имандылық
екінші орында қалып қойса, балаларға кінә арту артық болар. Ерім дейтін елі
болмаса, елім дейтін ер табыла қоймас. Тәрбие беруді екінші орынға қойсаң,
бала қалай тәриелі болмақ?!
Мультфильм жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Өкінішке
қарай, қазақтың мультфильм қоры толып тұрса да, өзіміздің ұлттық
мультфильмдеріміз телеарналардың ешқайсысынан көрсетілмейді. Керісінше,
шетелдің түрлі сериялы мультфильмдері телеэкраннан түспейді. Біздің
балаларымыз сол мультфильмнің алдында телміріп отырып, өзге елдің
иделогиясымен өсіп жатыр. Неге біздің телеарналарымыз қазақтың рухын,
болмысын, салт-дәстүрін насихаттайтын мультфильмдерді көрсетуге құлықсыз
болып отыр? Сондай сапалы дүниені тудыратын мамандар бізде жеткілікті. Тек
ұлттық назарын салып, қаржыландыратын Үкімет болмай тұр. Өз ұлттық
дүниемізді болашақ ұрпаққа сіңіре білмесек, ұлттық болмысымызға сын болмақ.
Қазіргі таңда теледидар ертелі-кеш берілетін сериалдардың кезеңі болып тұр.
Кезінде Қазақстанның төл туындысы Тоғысқан тағдырлар , Шегіртке атты
сериалдар жарыққа шыққан. Бұларды нағыз қазақ сериалы деп айту қиын.
Себебі: 1. Қазақ тілінде емес, орысша түсірілген; 2. Қаптаған
интернационализм. Күйеуі орыс болса, әйелі қазақ немесе керісінше; 3.
Қазақтың мінез-құлқын ескерусіз қалдырған.
Теледидар қосқанда, теледидардың тұла бойынан қазақы рух, ұлттық
бояу сезіліп тұруы тиіс. Оны көргенде, мінез-құлқынан, ойынан,сөзінен,
тіпті күлкісінен де қазіргі қазақтың болмыс-бітімі, оның бар табиғаты
ашылып көрініп тұратын болса, қазақ көрермендерінің талғамын
қанағаттандырыр еді.
Экрандағы ойлы әрі мазмұнды көркем туындылрдың көрерменге берер эстетикалық
ләззатынан бөлек оның тәрбиелік және танымдық мәні де орасан.
Телевидениедегі айтар ой салиқалы, мазмұны ғибрат аларлық, композициялық
шешімдері шеберлікпен қиюласқан, тілі көркем туынылар- экранның ажарын
ашады, оның нәрін келтіреді. Осы айтылған қасиеттер қазақ телевидениесінде
жоқ емес. Дәл қазіргі таңда ұлттық болмысымыз бен бітімімізді жоғары
деңгейге көтеруде сәл ақсап тұрғанымыз айқын.

Ұлттық тәрбиені көксеген бағдарламалар қазақ тележурналистикасында аз
болған жоқ. Атап айтар болсақ, Алтыбақан бағдарламасы. Алтыбақанның
алғашқы хабарлары телевизияның үлкен студиясында жазылды. Кейін хабар жаз
айларында Алматының төңірегіндегі әсем табиғат аясында, жұлдызы жымыңдаған,
құстары әуелете ән салған саялы бақтар аясында дүниеге келіп жатты. 1977
жылы Алтыбақан хабарының бір санында орыс қызы, медицина институтының
студенті Татьяна Бурмистрова домбырамен қазақ әнін әуелете салғанда, оған
ризашылығын білдірмеген көрермен кемде-кем. Алтыбақанә хабары дәстүрлі
қазақ әндерін насихаттауда үлкен күшке ие болды. Халық сүйіп көретін
хабарлардың біріне айналды. Алтыбақан хабарының шекпенінен елге мәлім
тұлғалардан кімдер шықпады дейсіз? Бүгінде танымал ақын, Қазақ әдебиеті
газетінің бас редакторы Ұлықбек Есдәулет алғашқы тырнақалды өлеңін осы
бағдарламада оқыды. Әлемге әйгілі жез таңдай әншіміз Роза Рымбаева салт
бойынша Алтыбақанда атқа мінгізіп, бір

қауым ел ақ жол тілеп, шығарып салды. Сонымен қатар, елі алақанына салып
әлдилеп жүрген, танымал әнші Майра Ілиясова да осы
Алтыбақанда бірнеше рет ән айтып, әншілік жолының тұсауы кесілді. Көзі
тірісінде дауысы ел арасында аңыз болып таралған сұлулықтың символына
айналған , халқы еркелетіп Ақбаян деп ат қойған Мәдина
Ералиева да талай рет өнер көрсеткен. Алтынбек
Қоразбаев домбырамен ән айтып трио болып экранға шығуы мұң екен, барлық
жерде домбырамен ән салатын триолар көптеп шыға бастады. Ауыл-ауылда, елді
мекендерде ұзақ жылдар бойына халық жадынан өше бастаған алтыбақандар қайта
құрлып, аталарымыз бен әжелеріміз жігіттік күндері мен қыз шақтарын есіне
қайта бір оралтты. Міне, осы шағын жайлардан-ақ теледидардың тәрбиелік мәні
мен ұрпаққа берер тағылымы мен тәлімін, аудиторияға ұсынар ой баяндарын
айтпай-ақ ұғынуға болады. Сол уақыттығы жүргізушілері- Құдайьерген
Сұлтанбай мен Лидия Каденова. Ал қазірде қайта оралған Алтыбақан
бағдарламасының мақсаты да баяғыша, дәстүрлі ән өнерін насихаттау. Бүгінгі
жүргізушілері- Ерлан мен Мархабат.
1980 жылдары берілген Қымызхана бағдарламасы ұлттық сусынымызды
насихаттап қана қоймай, қазақ халқына тән астарлы ой, уытты қалжың, әсем
әнмен қоса бағдарлама көркін аша түскен. 30 жылға жуық эфирге шығып отырған
бұл бағдарлама жабылған болатын. Бірақ, 2005 жылдары қайта Қазақстан
телеарнасында жарық көрді. Белгілі актерлерден құралған топта үлкеналға
жылжу болды. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздыры өнер көрсетті, қымыз да
қайта насихатталды. Халық асыға күтетін бағдарламаға айналды.
Артықшылықтарымен қоса кемшіліктер де болды. Қымызхана көріністеріне,
әзіл-сықақтарына арқау болар оқиғалар бір сарындас келеді, сценариі бір-
біріне ұқсас. Мәселен, Қымызхана ішіндегі көрермендерді мезі ететін
ткөріністердің бірі Теңгетайдың тоқтаусыз қымыз сапыруы. Оқиғалар тек
Қымызхана ішінде емес, жаз айларында табиғаттың әсем жерлеріне киіз үй
тігіп немесе көпшілік жиналған ортада өтетін болса, мезі еткен студияға
қарағанда әлдеқайда тартымды да қызықты өтер еді.
Ұлттық ойынымыздың бірі Қыз қууды экраннан көру талғамы зор
көрермен үшін үлкен қуаныш болды. Экран алдында екі жүргізуші және үш
бойжеткен мен бозбала. Сауықтық бағдарлама сыйластыққа, суырып салма
тапқырлыққа құрылған ақылдың ойы. Ойынымыздың салты бойынша, жігіт ат
үстінде қызды қуып жетіп, бетінен сүйер болса, бұл бағдарлама да жігіт пен
қызды бір-біріне көрсетпейтін перде бар. Жігіт қызды өз өнерімен тәнті ету
арқылы қыздың бетінен сүйіп, екеуі махаббат шыңына шығуымен хабар
аяқталатын болған. Қызды тәнті ету үшін перденің ар жағында көрінбей
отырған қызға тамаша билап беру немесе қолдан зат жасап бере алмайсың.
Сондықтан да жігіттер барынша дыбыс әсерін қалдыруға мәжбүр. Ән айтылып,
күй тартылуда, құстар сайрауда, жануарлар да қышқыруда. Былайынша
бұлардан басқа жолдармен қыз көңілінен шығу мүмкін емес сияқты. Бірақ, Т
әріпінен басталатын 96 сөз айтқан бозбала қызды ғана емес, көрермендерді де
таңдандырды. Бұл сауықтық хабарға мейліншп жігерлі сен тұр, мен атайын
деген жастар қатысқан болатын. Ең алғашқы хабарлардың бірінде жігіттің өзін
қуып жете алмағанына қапа болған қыздың қамшыны үйіріп-үйіріп тұрып: Мынау
сенің жете алмағаның үшін!, Мынау бетімнен сүйе алмағанын үшін! деп
сазайын бергені сәтті шықты. Ұлттық ойынды экранға шығарған бұл бағдарлама
көптің көңілінен шыққын болатын.
Ұлттық арнаның тағы бір хабары Атажұрт деп аталуының өзі өзгеше.
Тағы бір жоғары деңгейлі, жер-су атауларын тарихи-географиялық таным
негізінде жастарға үйретуді мақсат тұтқан бұл бағдарламаны жаста қартта
асыға күтіп тамашалайтын болған. Интелектуалдық бұл ойында 2 топ болып
жарыс түрінде өткізілді. Қызық та тартымды бұл ойынға экранның арғы
жағындағы көрермен де өзінше ат салысып отырады. Атажұртымыздағы әр тау мен
тастың атын білу парыз екенін Атажұрт хабары мойындатса керек.
Алтын қақпа хабары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ
Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі
Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Шәкәрімнің тәлімтәрбиелік ғибраты
Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Ата-баба дәстүрі асыл мұра
Ұлттық тәрбие әлеуеті
Пәндер