Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өсімдіктердің тіршіліктегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Өсімдіктерді қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Жануарлар дүниесін қорғауға алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Қазақстанның « Қызыл кітабына » енгізілген жануарлар ... ... ..8
5. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы ... ..11
6. Жануарлар дүниесінің азаюына адамдардың тигізетін әсері..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Табиғаты көз тұндырар көркем, флорасы мен фаунасы бір-бірін қайталамайтын көрікті жерлер қашанда сол елдің мақтанышы мен қазынасына айналары анық.
Келтірілген деректер бойынша, елде құстардың 480-нен астам – шөл даладан биік тауларға дейінгі барлық табиғат өңірлерінде іс жүзінде тіршілік ететін түрлері бар. Республиканың кейбір облыстары – құстардың нағыз жұмағына айналған: оларға ең алдымен далалардағы көлдер жатады. Қазақстан жыл құстарының екі маңызды жолының қиылысында: еуразиялық-африкалық және орталықазиялық-үнді ұшып-қону жолдарына орналасқан. Қазіргі уақытта осы облыстарда жалпы көлемі 3000 шаршы шақырымға жуық алаңдардың қайталанбас фаунасы мен флорасы мемлекеттің қорғауына алынған, олардың аумақтарында биологиялық ортаны сақтау үшін ЮНЕСКО қорығын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Қазақстандағы жануарлар әлемі – фаунаның Қазақстандағы ландшафт зоналарында мекендейтін айрықша түрлерімен таныстыратын ерекше басылым. Бұл басылымға Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 300-ден астам жануарлар енген. Кітап мектеп оқушыларына және көпшілік оқырман қауымға арналған.
Өңіріміздегі аңдар мен құстарды аман сақтап, өніп-өсуіне қамқор болуды, шөл далада қылтанақ шөп көрсек, соның тамыры үзілмеуін ойлап жүргендердің саны аз.
1. Әлиев Ш., Бекенов А., Қыдырбаев Х. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Алдматы, 1975.
2. Бейсеева Г. Экология және табиғат қорғау. Алматы, 1998.
3. Жылқыбаев Қ. Қазақстандағы ертедегі хайуанаттар. Алматы, 1978.
4. Бекенов А., Қыдырбаев Х. Қазақстанның аң байлығы. Алматы, 1973.
5. Яблоков А. В., Остроумов С. А. Уровни охраны живой природы.

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өсімдіктердің тіршіліктегі
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 4
2. Өсімдіктерді
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Жануарлар дүниесін қорғауға
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар ... ... ..8
5. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы ... ..11
6. Жануарлар дүниесінің азаюына адамдардың тигізетін әсері..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .14

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

КІРІСПЕ

Табиғаты көз тұндырар көркем, флорасы мен фаунасы бір-бірін
қайталамайтын көрікті жерлер қашанда сол елдің мақтанышы мен қазынасына
айналары анық.
Келтірілген деректер бойынша, елде құстардың 480-нен астам – шөл
даладан биік тауларға дейінгі барлық табиғат өңірлерінде іс жүзінде
тіршілік ететін түрлері бар. Республиканың кейбір облыстары – құстардың
нағыз жұмағына айналған: оларға ең алдымен далалардағы көлдер жатады.
Қазақстан жыл құстарының екі маңызды жолының қиылысында: еуразиялық-
африкалық және орталықазиялық-үнді ұшып-қону жолдарына орналасқан. Қазіргі
уақытта осы облыстарда жалпы көлемі 3000 шаршы шақырымға жуық алаңдардың
қайталанбас фаунасы мен флорасы мемлекеттің қорғауына алынған, олардың
аумақтарында биологиялық ортаны сақтау үшін ЮНЕСКО қорығын ұйымдастыру
жоспарланып отыр.
Қазақстандағы жануарлар әлемі – фаунаның Қазақстандағы ландшафт
зоналарында мекендейтін айрықша түрлерімен таныстыратын ерекше басылым. Бұл
басылымға Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 300-ден астам жануарлар
енген. Кітап мектеп оқушыларына және көпшілік оқырман қауымға арналған.
Өңіріміздегі аңдар мен құстарды аман сақтап, өніп-өсуіне қамқор
болуды, шөл далада қылтанақ шөп көрсек, соның тамыры үзілмеуін ойлап
жүргендердің саны аз.

1. Өсімдіктердің тіршіліктегі маңызы

Жер шарында өсімдіктердің шамамен 500 млн-нан астам түрі бар. Өсімдік
жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілікті өсімдіксіз
елестетуге болмайды.
Адамдар мен жануарлардың тыныс алуы үшін оттек қажет. Жылына бір адам тыныс
алуы үшін 173 мың л оттекті қабылдайтынын ғалымдар анықтап отыр. Өсімдіктер
оттекті ауа қабатына бөліп шығарады. Біздің ғаламшарымыздағы өсімдіктер
жылына ауа қабатына 400 млн тоннадан артық оттек бөледі.
Жасыл өсімдік ауаны шаң мен улы газдардан тазатады. өсімдіктер ауаға ауру
туғызатын микроорганизмдерді жоятын ерекше ұшқыш зат бөліп шығарады.
Өсімдіктер климатты жақсартады : ауаны салқындатады, қатты желге тосқауыл
болады, аптап ыстықты қайтарады, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.
Сондықтан ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден және
құрғақшылықтан сақтау үшін, қар тоқтатуда, жыралар мен тау беткейлеріндегі
топырақты бекітеуде орман алқаптары пайдаланылады. Топырақ түзуде де
өсімдіктердін маңызы өте зор: топырақты қарашірікпен байытады ( өсімдіктін
органикалық заттары жануарлар мен микроорганизмдердің әсерінен қарашірікке
айналады.)
Өсімдіктің емдік қасиеті адамзатқа ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы
дерлік өсімдіктерден алынады, Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек, қан – тамыр
жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары және т.б. ауруларға
қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеттері бар.
Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге алтынтамыр, киікоты, долана,
бақбақ, жолкелкен, итмұрын, мыңжапырақ, ермен және т.б. жатады. Қазіргі
кезде дәрілік өсімдіктердің 150-ден астам түрінен дәрілер жасалады.

2. Өсімдіктерді қорғау

Өсімдіктер – тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған
табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан олардың табиғаттағы түрлерін сақтап,
қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғай керек.
Өсімдіктерге арналған Қазақстанның Қызыл кітабы 1981 жылы басылып
шықты. Қызыл кітапқа республикамызда жойылуға жақын тұрған, сирек
кездесетін жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік түрлері енгізілген. Сонымен
қатар олардың биологиялық сипаттамасы, өсетін жерлері, оларды қорғау
шаралары туралы айтылады.
Өсімдіктерді қорғаудың негізгі мақсаты – олардың түбегейлі жойылып
кетуін болдырмау. Жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына үлкен практикалық
мәні бар, бірақ адамның шаруашылық іс - әрекеті мен басқа факторлардың
салдарынан өзінің қорларынан айырылған өсімдіктер жатады.
Эндемик (жергілікті түрлер) түрлерге тек Қазақстан аумағында кездесетін
өсімдіктер жатады. Қазақстанда олардың 600-ден астам түрі бар.
Қазақстанның өсімдіктер әлемінде реликті (көне замандық түрлер) түрлер
де кездеседі. Бұл өсімдік түрлері қорғауға алынған. Өсімдіктер әлемінің
осындай қорғауға алынған түрлерінің кейбіреуіне тоқталайық.

ШРЕНК ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ( Tulipa schrenkii) – көп жылдық өсімдік. Шренк
қызғалдағы Ақтөбе облысында өседі. Бұл қызғалдақ тек 1873 жылы сипатталып
жазылды. Биіктігі 30 см-ге жетеді. Мамыр айында гүлдейді. Сирек
кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп, қорғауға алынған.

ҚАТПАР ГЛАДИОЛУС (Gladiolus imbricatus) – көп жылдық өсімдік.
Қазақстанда өте сирек кездеседі. Биіктігі – 25 – 120 см. Сабағы тік, сәндік
үшін өсіріледі.

МҰҒАЛЖАР ТҮЙЕШЫРМАУЫҒЫ(Vincetoxycum mugodsharicum ) – биіктігі 50 см-ге
дейін жететін, көп жылдық өсімдік. Гүлдері ұсақ, жемісі ірі, ұзындығы 5 см-
ге дейін, жапырағы қандауыр пішінді. Мұғалжарда ғана кездеседі. Реликті,
эндемик түр. Қызыл кітапқа енгізілген.

МҰҒАЛЖАР КЕКІРЕСІ(Oxytropis mugodsharica) – сирек кездесетін реликті
түр. Жапырақтары қауырсын тәрізді, гүлі көк күлгін түсті. Қорғауға алынып,
Қызыл кітапқа енгізілген.

ҚЫЗЫЛ АДЫРАСПАН(Niedzwedzria semiretshensria) – реликті, эндемик,
жоғалып бара жатқан өсімдік. Алматы қаласынан 200 км
жердегі Шу – Іле тауларында Ақшоқы шатқалында кездеседі. Қорғауға
алынып, Қызыл кітапқа енгізілген.

ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ( Tulipa greigii)- эндемик, жойылып бара жатқан
өсімдік. Қаратау жотасы мен Шу – Іле тауларында өседі. Қорғауға алынып,
Қызыл кітапқа енгізілген.

ІЛЕ БӨРІҚАРАҚАТЫ(Berberis iliensis)- сирек кездесетін, эндемик.
Тоғайда, өзен террасаларында өседі. Іле Алатауы, Кетпен тауы мен
Жетісу(Жоңғар) Алатауында кездеседі. Қорғауға алынып, Қызыл кітапқа
енгізілген.

КӘДІМГІ ШОЛПАНКЕБІС(Cypripedium calceolus)- биіктігі 50 см-ге дейінгі
көп жылдық өсімдік. Бір, кейде 2-3 гүлі бар. Сирек кездеседі. Қорғауға
алынып, Қызыл кітапқа енгізілген.

БЕКТАУАТА ТИЫНТАҒЫ(Hedysarum bectauatavicum)- эндемик, өте сирек
кездесетін көп жылдық өсімдік. Биіктігі 50 см-ге жуық. Орталық Қазақстанның
Бектауата тауының граниттерінің сызаттарында өседі. Қорғауға алынып, Қызыл
кітапқа енгізілген.

АҚ ТҰҢҒИЫҚ( Nymphaea alba)- су өсімдігі. Гүлінің диаметрі – 3 – 30 см.
Қазақстанда сирек кездеседі. Қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген.

СУ ШЫЛЫМЫ(Trapa natans)- жойылуға жақын релик өсімдік. Қорғауға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда Орал өзені мен Зайсан
көлінде кездеседі.

АЛТАЙ РАУҒАШЫ(Rheum altaicum)- сирек кездесетін, жойылуға жақын көп
жылдық өсімдік. Бұл неоген кезеңінің соңындағы реликті түр.

КӘДІМГІ ЕМЕН(Quercus robur)- реликті өсімдік. Биіктігі 10 м-ге дейін
жететін ірі өсімдік. Қазақстанда Орал өзенінің бойында ғана кездеседі.
Қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

3. Жануарлар дүниесін қорғау

Өмір сүріп отырған дүниеміздің шегіне, оның алуан түрлі құбылыстарына
ой жеткізу мүмкін емес. Ғылым осы тылсым құбылыстардың ішкі мәніне терең
үңілуде; бірақ табиғаттың шексіздігі барған сайын жаңа сауалдар туғызуда.
Сондай жұмбақ дүниенің танып – білудің табиғи көздерінің бірі – жануарлар
дүниесі. Жер бетінде сүтқоректілердің, құстар мен бауырымен
жорғалаушылардың 40 мыңнан астам түрі тіршілік етеді. Ал жалпы дүние
жүзінде жан – жануарлардың 2 млн-ға жуық түрі бар. Табиғатта микроскоп
арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап, алып тұлғалы піл, дене тұрқы
30 метрлік кит сияқты жануарлар кездеседі. Кең байтақ Қазақстан жерінде
терісі бағалы, дәмді ет, дәрі – дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен
құстардың алуан түрлері тіршілік етеді.
Республикамызда сүтқоректілердің – 155, құстардың – 480, бауырымен
жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың 150 түрі бар.
Көптеген кәсіптік маңызы бар аңдардың, ауланатын құстардың, сол сияқты
сирек кездесетін және эндемик( тек сол жерде ғана кездесетін) жануарлардың
ғылым үшін маңызы зор. Республикамызда саны азайып, жойылып кетуге жақын
жануарлар түрлері де бар. Қазіргі кезде жабайы аңдар мен құстардың жүздеген
түрі құрып кетуге жақын. Мысалы, республикамызды мекендейтін қарақұйрық,
орман сусары, құндыз, тырна, дуадақ сияқты аңдар мен құстар жылдан – жылға
азайып барады. Соңғы кездері Қазақстанда еркін тіршілік еткен өзен құндызы,
тоғай және солтүстік бұғылары, Пржевальский жылқысы, жабайы түйе, жолбарыс,
бұлан, құлан сияқты жануарлар күрт азайып, сирек кездесетін болды. Соған
байланысты ғалымдар жануарлар дүниесін қорғаудың және сақтаудың ғылыми
негіздерін дамытуда. Сонымен қатар жануарларды жерсіндіру жұмыстары да
жүргізіліп келеді. Осының нәтижесінде республикамыздың жануарлар дүниесіне
ондаған бағалы жаңа түрлер: ондатр, тиін, баргузин бұғысы, ақ амур қосылды.

4. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
жануарлар
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі жабайы аңдар мен құстардың 600-дей түрінің
саны азайып, құрып кетуге жақын тұр. Бір кезде даламызда тобымен жортып
жүретін қарақұйрық, орман сусары, құндыз, көксуыр, (мензбир суыры), ақ
тырна, дуадақ секілді, т.б. жануарлар мен құстар саны күн сайын азайып
барады. Жалпы Қазақстанда қазір құрып кетуге жақын аңдардың – 32, құстардың
35 түрі бар.
Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы(ХТҚО) 1948 жылы
құрып бара жатқан немесе саны күрт азайып кеткен жануарларды қорғау
комиссиясын құрды. Комиссия құрамына дүние жүзіндегі биолог – ғалымдар
енді. Олар 1948 – 1954 жылдар арасында жер шарында өте сирек кездесетін
жануарлар туралы құнды мәліметтер жинап, жедел қорғауға алынатын
жануарлардың тізімін жасады. Бұл құжат Қызыл кітап деп аталды.
1971 жылға дейін Қызыл кітапқа сүтқоректілердің – 236, құстардың 287
түрі тіркелді. Сонымен қатар қорғауға алынған қосмекенділердің – 34,
бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі енгізілді. Кітапта жануарлардың қай
жерді мекендейтіні, өсіп - өнуі және санының қаншалықты мөлшерде сақталып
қалғаны көрсетілген. Бұл кітапта жойылып кетуге таянған жануарлар туралы
деректер қызыл қағазға, ал саны күрт азайып кеткен жануарлар мәліметі сары
қағазға жазылған.
Халықаралық Қызыл кітапқа Қазақстанда тіршілік ететін қарақұйрық,
құлан, барыс, қабылан, көксуыр, қызыл қасқыр сияқты көптеген аңдар
енгізілген.
1978 жылы 16 қаңтарда Қазақстан Министрлер Кеңесі Қазақстанда сирек
кездесетін және жойылып кету қаупіндегі өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл
кітабын бекіту туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау барысында
республика Ғылым акдемиясы Зоология институтының ғалымдары табиғат қорғау
қоғамымен бірлесе отырып, 1978 жылы Қазақстан жануарларының Қызыл кітабын
жарыққа шығарды. Бұл кітапқа республика ғалымдары саны сиреп, жойылып кету
қаупінде тұрған сүтқоректілердің – 31, құстардың – 43, балықтардың – 4,
бауырымен жорғалаушылардың – 8, қосмекенділердің 1 түрін енгізді. 1996 жылы
Қазақстанның Қызыл кітабының 1 томы қайта өңделіп, толықтырылып
шығарылды. Мұнда сүтқоректілердің – 40, балықтардың – 16, қосмекенділердің
– 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың – 56, барлығы 125 түр мен
түршелердің қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Жануарлар құқығы
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау
Экология құқығының объектілері
Экологиялық қылмыстар
Қазақстан Республикасының экология құқығы
Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
ТАҢҒАЖАЙЫП ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Пәндер