Адам проблемасы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Философия тарихындағы адам проблемасы
2. Жеке адамның өзіндік дәрежесі
3. Адам бостандығы мен праволары
4. Адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпаты. Адам тіршілігінің
табиғи.биологиялық алғышарты.
5. Адамның әлеуметтік мәні

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ойтолғауларынан туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіңдігін адам өзі түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
1. Философия
2. Адам және қоғам

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Философия тарихындағы адам проблемасы
2. Жеке адамның өзіндік дәрежесі
3. Адам бостандығы мен праволары
4. Адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпаты. Адам
тіршілігінің
табиғи-биологиялық алғышарты.
5. Адамның әлеуметтік мәні

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел:
философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның
дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ойтолғауларынан
туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе
білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа
жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіңдігін адам өзі
түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта
туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың
психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын
құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам
жасады.
Философия тарихындағы адам проблемасы

Біздің білетініміздей, философияның негізгі мәселесі – бұл сананың,
рухтың табиратқа, материяға, субъективтің (адамның ішкі дүниесінің)
объективтікке (сыртқы дүниеге) қатысы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның
сана сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетану және оны өзгерту
қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы ңандай, табиғат пен қоғамның
адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі
философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі
болғандықтан соңғы деп қарайтын материалистер үшін де, рух пен сананы
алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан
да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам проблемасынсыз
философия жоң. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктері мен көзқарастары
басқаша, қарама-қарсы болғанымен – қарастыратын, зерттейтін пәні біреу
ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің
бұл қасиеттерге, қатысы.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай
өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адамдық
проблемаларды алды. Көне замандардағы египеттіктер философияның үйрететін
пәні құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір
сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп
адамсүйгіштік (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше тек
адамсүйгіштік қасиет адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесе-
көлденең өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды,
ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін),
көмекке (кімнің де болса адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп
қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрінің басын біріктіріп, әрқайсысын
қамти алатын моральдық-философиялық ой түйінін Конфуций: Өзіңе жасалғанын
қаламайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама деп қорытты.

Жеке адамның өзіндік дәрежесі

Этикалың ілім ретінде дүниеге келген Индияның буддизм философиясы
өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер
бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап
шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы –
құдайға құлшылық етіп, жалына беру – деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің
өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансара да) одан адамды азат ету
құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол
адамның өзіне байланысты: сансарадан кету, безіну деп санады. Мұның мәні:
бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу,
тіршіліктің қамын бастан шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің
маңызын төмендете келіп жоққа шығару; адам өзінің жан дүниесін қуаныш-
күйініш, қыңжылыс, қызғаныш, уайым-қайғы сияқты сезімдердің бәрінен
біржолата тазартып, айналада өтіп жатқан істер мен құбылыстарға бір түрлі
түңіліспен немқұрайды, бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл жайды буддизм
нирвана деп атайды. Нирвана өшу, сему деген мағынада айтылады. Оған
жеткен адам (архат) – азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары,
адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, ол дүниемен бұл
дүниенің айырмашылығын сезіп аңғару шегінен алысқа кеткен Адам. Адамды
азаптан құтқарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде
теріс пе, мәселе бұл жерде бұлай қойылып отырғаңн жоқ, тек буддизм
философиясының адам проблемасын ең жоғары биіктікке көтеріп, өзін
түгеліндей соған арнағаны жайлы болып отыр.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі адамның арманынан шығатын
Мемлекет туралы ілім. Дүниедегі бірден-бір әділетті мемлекет қандай болу
керек – осыны кескіндеп, бейнелеп беруді философ өзіне мақсат етіп қойған.
Мұндай идеалды мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни Платонның
ойлауынша, философ басқаруга тиіс. Ондағы азаматтар үш тапқа бөлінеді:
қарапайым адамдар, әскери адамдар, күзетшілер. Негізінен мемлекет басына
келетіндер соңғылардың ішінен шығады. Бірақ алғашқылардың арасынан да
ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі-жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп
біледі Платон. Әділеттік принципі үстем идеалды мемлекет жасаудың басты
шарты етіп Платон адамдарға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру
мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті адамдарды ізгі ниеті, ержүректі,
қалтқысыз, таза, өнегелі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап
болып есептелінетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады,
жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет
заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Алтын-күміс тәрізді асыл бұйым
жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Идеалды мемлекеттің
мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп
түсіндіреді Платон.
Адамдық проблемаларға Аристотель де ерекше көңіл аударған. Әсіресе оның
философиясының Этика бөлімі түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға
тиісті талдау берді. Аристотельдің айтуынша мемлекет басындағы заң
шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, таза ниеттілікке
үйретіп, оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай жайға жеткізу.
Оның алтын аралың деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан
дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әр-
қайсысы біріне-бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың орта аралығы болып
табылады. Бұлардың екеуі де теріс қылықтар. Мысалы: батылдық-қорқақтық пен
басбұзарлықтың аралығы, сыпайылық-ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалық-
сараңдық пен дүние шашушылықтың аралығы т. т. Аристотельдің ұғымы бойынша
ең жаңсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол
өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді. Өзінің күштілігін
әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Тек күштілердің алдында ғана
өзін жоғары ұстайды. Жауға ашық жау, досқа ашың дос болғысы келеді. Оның
көңілі пайдалыға емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ
пейілді кісінің жүрісі жайлы, дауысы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс.
Дегенмен, Аристотель де өз заманына сай ойлады. Құлдарды ол адамға
санаған жоқ, сөйлей білетін құралдар деп атады. Құл иесі құлға қайырымды
бола алмайды. Сол сияқты, әкесінің баласына қайырымды болуы да міндет емес,
өйткені ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы
міндет, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт
жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта
ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойгшыл философы, біздің жерлесіміз, әл-Фараби
болды. Әл-Фарабидің айтуынша бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен
игілік. Сол мақсатқа жетуте мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи
қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б)
ой парасаты.
Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа
жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше
болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің
әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін емдеп, дұрысын ілгері
дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде
үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан,
адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси
қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай да болмасын
іс қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарлықтан сақтануы керек.
Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттердің
аралығынан туады. Бұл арада әл-Фарабиге тигізген Аристотельдің әсері
көрініп тұрады. Бақытқа жету жолына меңзеу деген тамаша еңбегінде ғалым
кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор
білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Оның бұдан мың
жылдан астам уақыт бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын
жоғалтқан жоқ.
Ой-парасат ғасыры деп аталған XVII ғасыр адам жөніндегі философиялық
мәселелердің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын
болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму
кезеңі болатын. Табиғаттың тереңдігі құпия сырларына көз жүгіртіп, неше
алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен
өркендеуіне кең жол ашқан адамның ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз
күшін еріксіз мойындатқан дәуір болды. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт,
Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан
да, басқадан да тәуелсіз, тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз
өмірінің саналы субъектісі деп таныды да, өздерінің философиялық
ізденістерін тек осы бағытта дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани
күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті
өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Француз философы
Ренэ Декарттың мен ойлай білемін, олай болса мен бармын деген қанатты
сөзінің мәні де осында.

Адам бостандығы мен праволары

Адамның аңыл-ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне
ХVIII ғасырдағы фраңцуз ағартушылары мен материалистерінің философиялық
ілімі де ерекше көңіл аударды. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада
француздардан XIX ғасырдың неміс философиясына ауысты.
Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципі - әрбір жеке
адамның өз алдына мақсаттық нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл оның адам
мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды. Адамға деген жүрек
жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қоюмен
болды. Адам бостандығын, еріктілігін Канттың қалай қолданғанын оның мына
бір ауыз сөзінен толық аңғаруға болады: Адамның барлық іс-қимылдарының
басқа біреудің еркіне бағыныштылығынан асқан сорақы сұмдықтың болуы мүмкін
емес.
Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды мәдениет
дүниесін қалыптастырушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы дүниелік
сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарады.
Тарихқа материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық
өмірдегі алатын орнын түсінуді шын мәніндегі ғылыми деңгейге көтереді.
Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғаттық болып бөлшектеніп,
біржақты немесе таза абстракті түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы
– тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи-әлеуметтік
мәні, қоғамдағы ролі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мың жылдар
ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының
сипаттарымен тығыз байланысты. Марксизм осыны дәлелдеді. Табиғатта мақсат
жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болды. Демек, ол тек
адамға ғана тән, бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардан құралатын
қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі
үшін ойдан шығара салған жасанды бірдеме емес. Түптеп келгенде, адамның
да, қоғамның да мақсаты – адам қамы. Оның материалдың, рухани мүдде-
талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен
езгіден, басқаның үстемдігінен бос еркін өмір сүруіне, оның
ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толың ашылуына
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, басқаша айтқанда, адам үшін
бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы
да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші,
іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде орны, әлеуметтік жай-
күйі толығынан "өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы
белсенділігіне сай белгіленуі тиіс. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдық
қалпын, жөн-жосығын тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.
Бұл марксизм белгілеген адам проблемаларының шын гуманистік, ізгілік
принципі. Социализм осы принцип негізінде адамның жөн-жосығын ең жоғары
биікке көтеріп, толық еркіндікте, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын-соңды
болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыруы керек
еді. Бірақ ол жеке адамға табыну, волюнтаризм және тоқырау кезеңдерінде
адам айтқысыз қиындықтарға душар болып, табиғи тура жолынан ауытқып кетті.
Өндіріс адам қамына, оның талап-мүдделеріне бағындырылудың орнына адам
өндіріс мүдделерінің құлы, құрбаны болып кетті, ал оның еңбегі - өмір
сүрудің амалы емес, мақсатына айналады.

Адам тіршілігінің табиғи-биологиялық алғышарты.
Адамның әлеуметтік мәні
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы,
асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-
әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат
табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің
сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті
өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің
әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де – адам, айнала жүргендердің
бәрі – адам. Адам деген кім? деп сұрақ қойып, басты ауыртудың
қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? – деген сұрақтың ойға
оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам
ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ
үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға
беретін анықтамасы екі түрлі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің
түсініктері бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені бұлардың әрқайсысы
күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді
және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай
сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық
аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай
қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті
орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол – философия.
Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп
емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін
қамтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сияқты адамның да
әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын,
әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т.б.) жеке-жеке зерттеумен
шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттерін
жалпылама байланыстыратын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше
қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Аристотельдің
анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның
айырмашылығы – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы
католицизмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның
бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан
оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене –
ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар
тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.
Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған
Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын
адамның болуы мүмкін емес. Менің болуымның міндетті шарты – сенің
болуың, басқалардың болуы. Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан
әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері оның тек қоғам ішінде өмір
сүруінің нәтижесі. Себебі, қоғамдық болмыс тәрбиесін бойына сіңіріп
үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті
болмайды. Бұл жағынан, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені
белгілі. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам
болып өсіп, жетіле алмайды. Кездейсоқ бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Педагогиканың категориялары
Педагогика мақсаты
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Ынтымақтастық педагогика
Дидактиканың біртұтас жүйесін зерттеген ресейлік ғалымдардың тұжырымдары
Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Пәндер