Қазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсері



Кіріспе
Қазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсері
Тәуелсіздік және демография
Еңбек миграциясы
Қорытынды
Қазақстан халқы өз тәуелсіздігіне ие болып, нарық қатынастарына көшіп, дербес әлеу¬мет¬тік-экономикалық саясат жүргізе бастаған кезде ел жағдайының же¬дел жақ¬саруына ең әуелі мұнай-газ сек¬то¬ры¬на құйыла бастаған шетелдік инвести¬ция¬лардың жағымды әсер еткені белгілі. Бұл жағдай экономиканың басқа сала¬ла¬рына да серпіліс туғызып, елімізде көп¬те¬ген жұмыс орындарының ашылуына се¬беп¬ші болды. Cалық төлеу жақсарып, мем¬ле¬кеттік бюджет көлемі жылдан жылға же¬дел өсіп, көптеген әлеуметтік бағдар¬ла¬ма¬лар іске қосылып, халық тұрмысы алға басты. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қа¬зақ¬стан Республикасы әлеуметтік-экономи¬калық негізгі көрсеткіштері жөнінен кеше ғана өзімен бір қазанның ішінде қайнаған, яғни жағдайы бірдей, тіпті кейбір мәселелер жөнінен артық болған ТМД елдерінің көшбастаушысына айналды.
Осындай оң өзгерістер нәтижесінде соңғы екі-үш жылдың аясында байқалып, барған сайын көзге ұра түскен тағы бір үлкен құбылыс – Қазақстанның тек қар¬жы инвестициясы ғана емес, сонымен қатар адам ресурстары үшін де әлемдегі тартымды елдердің біріне айнала баста-ғандығы. Осыған сәйкес алдағы уақытта Қазақстанда тұрып, тіршілік құрушылар саны әлдеқайда көбейе түседі деген бол¬жам¬дар айтылуда. Тек соңғы екі-үш жыл¬дың өзінде ғана халықтың табиғи өсім көр¬сет-кішінің жедел өсу бағытына қарай ойыс¬қандығы, шет мемлекеттерден оралман ағайындарымыз көптеп орала бастауы, сондай-ақ көршілес елдерден Қазақстанға жұмыс іздеп келушілер қарасы күрт артып, еңбек миграциясы үдей түсуі бұл болжам¬ның расқа шығуы әбден мүмкін екендігін көрсетеді. Міне, осындай жағдайда Үкімет тарапынан реттеу шаралары дұрыс жүзеге асырылатын болса, біздің ойымызша, бұл құбылыстар көп өтпей-ақ Қазақстан болашағына, оның демографиялық ахуа¬лы¬на үлкен әсер ете бастайды. Соның ішінде әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, әсіресе, елімізге сырттан болатын миграция арқылы еңбек күштерінің топтасуы өңірлердің дамуын жеделдетіп, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына алып келуі әбден мүмкін. Міне, сол тұста Қазақ¬стан Республикасының азаматы деген аттың мәртебесі артады. Ол сырттан жұмыс күшін көптеп қабылдайтын бай елдердегі секілді осы атқа иелік етушіге едәуір артықшылықтар бере алатын болады деп ойлаймыз. Дегенмен осы халықаралық еңбек миграциясы туралы айтқанда қашан да болсын таяқтың екі ұшы болатындығы ескерілуі керек.
Сонау ғұндар мен түркі қа¬ға¬н¬атынан басталатын бабалар тарихын бы¬лай алып қойғанның өзінде, қазақ халқы үшін жоңғар шапқыншылығынан бергі көп за¬манның күйзеліспен, күңіренумен өткені бел¬гілі. Оның ақыры бодандыққа бас ұрғызды.
«Егемен Қазақстан» газеті; №316 (24889) 06 ҚАЗАН СЕНБІ 2007 ЖЫЛ ҰРПАҚТЫ ЕЛДІҢ – ҰЛЫСЫ КЕҢ

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
 
Жоспар
Кіріспе
Қазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсері
Тәуелсіздік және демография
Еңбек миграциясы
Қорытынды

Қазақстанның жедел дамуының елдің демографиялық ахуалына әсері

Қазақстан халқы өз тәуелсіздігіне ие болып, нарық қатынастарына
көшіп, дербес әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізе бастаған кезде ел
жағдайының жедел жақсаруына ең әуелі мұнай-газ секторына құйыла бастаған
шетелдік инвестициялардың жағымды әсер еткені белгілі. Бұл жағдай
экономиканың басқа салаларына да серпіліс туғызып, елімізде көптеген жұмыс
орындарының ашылуына себепші болды. Cалық төлеу жақсарып, мемлекеттік
бюджет көлемі жылдан жылға жедел өсіп, көптеген әлеуметтік бағдарламалар
іске қосылып, халық тұрмысы алға басты. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері
жөнінен кеше ғана өзімен бір қазанның ішінде қайнаған, яғни жағдайы бірдей,
тіпті кейбір мәселелер жөнінен артық болған ТМД елдерінің көшбастаушысына
айналды.
Осындай оң өзгерістер нәтижесінде соңғы екі-үш жылдың аясында
байқалып, барған сайын көзге ұра түскен тағы бір үлкен құбылыс –
Қазақстанның тек қаржы инвестициясы ғана емес, сонымен қатар адам
ресурстары үшін де әлемдегі тартымды елдердің біріне айнала бастағандығы.
Осыған сәйкес алдағы уақытта Қазақстанда тұрып, тіршілік құрушылар саны
әлдеқайда көбейе түседі деген болжамдар айтылуда. Тек соңғы екі-үш жылдың
өзінде ғана халықтың табиғи өсім көрсеткішінің жедел өсу бағытына қарай
ойысқандығы, шет мемлекеттерден оралман ағайындарымыз көптеп орала бастауы,
сондай-ақ көршілес елдерден Қазақстанға жұмыс іздеп келушілер қарасы күрт
артып, еңбек миграциясы үдей түсуі бұл болжамның расқа шығуы әбден мүмкін
екендігін көрсетеді. Міне, осындай жағдайда Үкімет тарапынан реттеу
шаралары дұрыс жүзеге асырылатын болса, біздің ойымызша, бұл құбылыстар көп
өтпей-ақ Қазақстан болашағына, оның демографиялық ахуалына үлкен әсер ете
бастайды. Соның ішінде әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, әсіресе,
елімізге сырттан болатын миграция арқылы еңбек күштерінің топтасуы
өңірлердің дамуын жеделдетіп, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына
алып келуі әбден мүмкін. Міне, сол тұста Қазақстан Республикасының азаматы
деген аттың мәртебесі артады. Ол сырттан жұмыс күшін көптеп қабылдайтын бай
елдердегі секілді осы атқа иелік етушіге едәуір артықшылықтар бере алатын
болады деп ойлаймыз. Дегенмен осы халықаралық еңбек миграциясы туралы
айтқанда қашан да болсын таяқтың екі ұшы болатындығы ескерілуі керек.
Сонау ғұндар мен түркі қағанатынан басталатын бабалар тарихын былай
алып қойғанның өзінде, қазақ халқы үшін жоңғар шапқыншылығынан бергі көп
заманның күйзеліспен, күңіренумен өткені белгілі. Оның ақыры бодандыққа бас
ұрғызды.
Өткенге салауат десек те осынау алып даланың, өлшеусіз байлықтың бүгінгі
мұрагерлері біздер неге азбыз? Ата-баба жұртында отырғандықтан,
бауырымыздан көп халықты бөліп шығарғандығымызды кәрі тарих растайды.
Бүгінгі саны алпыс миллионнан асқан Түркияның ұйысқан қалың елі өздерін
бағзы бір замандарда Алтайдан Анадолыға келіп қоныс тепкен көктүріктер, ал
біздерді өз отанында қалып кеткен бабатүріктер деп атайды екен. Ендеше өз
жұртымызда отырып, біз неге өсіп-өнбедік? Әрине, бұл сұраққа бір мақаланың
аясында толық жауап беру қиын. Сондықтан біз өз назарымызды көп алысқа
бармай-ақ өзімізге біршама таныс кеңестік кезең деректеріне аударғанды жөн
көрдік. Осындай мақсатпен Мәскеудің “Советская энциклопедия” баспасынан
1985 жылы шыққан “Демографический энциклопедический словарь” деген кітапты
қолға алдық.
Осы кітаптағы деректер бойынша 1926 жылы Кеңес еліндегі (яғни тек
Қазақстандағы ғана емес) қазақтар саны 3 миллион 968 мың, өзбектер саны 3
миллион 989 мың адамды құрағандығы көрсетіліпті, яғни сол тұста екі
халықтың сан мөлшері тең болған.
Дегенмен 1979 жылы, яғни осыдан елу жылдан астам уақыт өткеннен
кейін қазақтар саны 6 миллион 556 мың адамға жеткенде, өзбектер саны 12
миллион 456 мың адамды құрап, қазақтардан екі есе асып түскен екен.
Осы аралық кезеңде қазақ халқының өсу көрсеткіші басқа
орталықазиялық елдермен салыстырғанда да өте кем болған. Мәселен
әзірбайжан, тәжік, түркімен, қырғыз халықтары саны жағынан 2,8-3,2 есе
өскен уақытта біз бар болғаны 1,7 есе ғана өсіппіз.
Сонымен кеңестік жетпіс жыл уақыт кезеңі қазақ халқы үшін демографиялық
тұрғыдан оншама жайлы болмаған екен. Өйткені Кеңес өкіметіне толық қараған
жиырмасыншы жылдардың соңында саны бізбен шамалас болған өзбек халқы қазір
жиырма миллиондық деңгейден асып түсті. Сол тұста саны 700-800 мыңның
айналасында болған қырғыз, тәжік халықтарының әрқайсысы қазір 4-5 миллионға
жетті. Сол кезде 12-13 миллион шамасында болған Түркиядағы түрік
бауырларымыздың саны қазір 60 миллионға тақағандығын жоғарыда айтып та
кеттік. Ал сол тұста 2 миллиард шамасында болған бүкіләлем халқы қазір 7
миллиардтық деңгейге жетіп қалды. Міне, осы әлемдік орташа өсу көрсеткішіне
ілесіп отырған жағдайдың өзінде ғана қазір біздің санымыз кемінде 13-14
миллионды құраған болар еді. Өкінішке орай, біз Қазақстанның өз ішінде 9
миллиондық көрсеткішке осыдан бір ай бұрын ғана жеттік. Демек табиғи өсім
тұрғысынан алғанда біз айналамыздағы көп халыққа қарағанда, әсіресе,
азиялық, африкалық халықтарға қарағанда неге кенжелеп қалдық?
Бұл жерде көп мәселе сол отызыншы жылдардан бастау алған қызыл
қырғынға, солақай саясат салдарынан туындаған ашаршылыққа байланысты
екендігін қазіргі демограф ғалымдарымыз жақсы жазып жүр. Олардың кейбірі
біз жоғарыда тілге тиек еткен кеңестік деректердің өзіне күмәнмен қарайды.
Біздің халық үшін шынайы деректердің бұдан да қасіретті екендігін айтады.
Дегенмен қуғын-сүргін тоқтатылып, әлеуметтік жағдай жақсара түскен
өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мен тоқсаныншы жылдарының арасындағы отыз
жыл уақыт ішінде Кеңес Одағы халықтарының ішінде өсім жағынан жақсы
көрсеткішке жетіскендердің бірі – біздің халқымыз болыпты. Осы уақыт
аралығында республиканың өз ішіндегі оның саны екі жарым еседей өскен екен.
Бірақ, өкінішке орай, қанша өсімталдық көрсетсе де өз жерінде отырып-ақ
азшылыққа айналған. Қазақстан көп ұлттың лабораториясы деген желеумен тілі
мен дінінен де айырылып қалу қаупі төнген.
Міне, сол кезеңдегі жүргізілген саясаттың ащы зардаптарын Қазақстан әлі
күнге дейін тартып келеді. Өз тілін білмейтін, өз ұлтының дәстүрлеріне
мұрын шүйіре қарайтын тұтас бір ұрпақ өсіп жетіліп отыр. Сөйтіп енді өз
тілімізді қашан көркейтеміз деген мәселеде қазақ пен қазақ дауға түсті. Ұлт
үшін бұдан үлкен қасірет бола қоймас.
Сөйтіп, өткен ғасырдың орта шеңдегі дамушы елдердегі халық санының жедел
өсуінен пайда болған “демографиялық дүмпу” немесе тура мағынасында
аударғанда “демографиялық жарылыс” үрдістері біздің халқымызды да айналып
өткен жоқ. Дегенмен, қазақ халқы, жалпы Қазақстан халықтары үшін нағыз
демографиялық дүмпудің ең үлкен мүмкіндіктері әлі алдымызда тұр деп
ойлаймыз.

Тәуелсіздік және демография

Ғылыми-техникалық прогресс пен демократиялық үдерістердің дамуына
байланысты қазір жеке тұлғаның ғана емес, бұл дүниедегі әрбір адам
баласының рөлі арта түскендігі сезіледі. Осыған орай Қытай, Үндістан
секілді миллиард халықтың басын құраған елдер өздерінің әлемге жасайтын
әлеуметтік-экономикалық ықпалдарын арттыру арқылы “ендігі заман адам санына
бай ірі мемлекеттердікі болады” деген болжамды расқа шығару үстінде. Түптің
түбінде санның сапаға айналмай қоймайтындығына философия заңдылықтары да
дәлел бола алады.
Ел мен оның халқының дұрыс дамуы үшін ең бірінші не қажет? Әрине, ең
бірінші елдің тәуелсіз, жеке бастың азат болуы қажет. Бірдемеге тәуелділік,
әсіресе саяси тәуелділік халықтың еңсесін түсіреді, ойлағанын жүзеге
асыруға мүмкіндік бермейді. Мұны ХІХ ғасырда Шоқан Уәлиханов айтқан
болатын. Осы тұжырым ақыр аяғында оның патша саясатына деген наразылығын
оятты. Ол қазақ жерін отарлаған патша әскеріне қызмет етуден бас тартты.
Сонымен сан ғасыр арман еткен, алаш азаматтарының асыл мұратына айналған
тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Бастабында көптеген қиындықтарға тап
болдық. Тәуелсіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету барысында, соның ішінде
нарық экономикасына өтудің күйзелісті шақтарында қазақ жеріне тіршілік үшін
келген келімсек халықтардың біразы өздерінің тарихи отанына оралуды ниет
етті, енді біразы жайлы жер іздеді. Міне, осындай себептермен эмиграциялық
үрдістер етек алды. Ресейге, Германияға, Израильге қоныс аударушылар
көбейді. Мәселен, біздің қолымыздағы дерек бойынша 1995-2000 жылдар
аралығында ғана Германияға 340 мыңнан астам адам (яғни бір облыстың халқы)
қоныс аударған. Сөйтіп Қазақстан халқының саны 1991 жылы 16 миллион 451 мың
адамнан 2001 жылы 14 миллион 846 мың адамға дейін төмендеп, он жыл уақыттың
ішінде 1 миллион 600 мыңға азайып кетті. Дегенмен осы 2001 жыл халық саны
азаюының тоқтаған жылы болып, 2002 жылдан бастап ол қайта көтеріле бастады.
Статистикалық органның 2006 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметі бойынша,
Қазақстан халқының жалпы саны 373 мыңға өсіп, 15 миллион 219,3 мың адамды
құрады.
Осы ретте атап көрсететін бір мәселе, елімізде тәуелсіздік алғаннан
бері қарқын алған миграциялық үрдістердің қазақ халқының пайдасына
шешілгендігі. 1980 жылдардың басында, яғни Қазақстанды интернационализм
рухы барынша кернеп тұрған тұста ондағы қазақ халқының үлесі бар болғаны 36
пайызды ғана құраса, соңғы кездердегі сыртқы көші-қон үрдістерінің
нәтижесінде ол 60 пайызға жуықтады. Яғни, Қазақстан халқының басым
көпшілігін қазақтар құрап отыр. Әр ұлт тәуелсіз болған жағдайда ғана жақсы
дами алатындығына осының өзі жақсы бір дәлел.
Сондай-ақ соңғы екі-үш жылдың айналасында байқалып отырған тағы бір
құбылыс – Қазақстаннан кетушілердің азайып, келушілердің көбейе түсуі.
Мәселен, 2001 жылы елімізден 141710 адам кетіп, 53548 адам келсе (теріс
сальдо 88162 адам), 2004 жылы 65530 адам кетіп, 68319 адам келген (оң
сальдо 2789 адам). Сөйтіп тәуелсіздік алғаннан бері 2004 жылы алғаш рет
кетушілерден келушілер басым түсті.
Осындай миграциялық өзгерістер елімізде неліктен жедел жүзеге асуда?
Халықтың шет елге жылына жүз мыңдап кетуінің күрт тежеліп, қайта келушілер
санының арту сыры неде? Әрине, көп мәселе еліміздегі әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың жедел жақсаруына байланысты болып отыр. Міне, соның
нәтижесінде кезінде елімізден асығыс көшкен орыс, неміс халықтары
өкілдерінің ішінара болсын қайта орала бастағандығы сезіледі. Мәселен, 2004
жылы Ресейден 18565 адам, ал алыс шетелдерден 6488 адам көшіп келген екен.
Өкінішке орай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазіргі кездегі демографиялық проблема
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Урбанизация туралы
Демография пәніне кіріспе
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жөндеу мен негативті үрдістерді жоюының мүмкіндік жолдары
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі демографиялық жағдайы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Пәндер