Өндірістік функция



КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. Өндіріс түсінігі және экономикалық мәні
Қоғамдық өндірістің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Қоғамдық өндіріс салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 ТАРАУ. Өндірістік функция және оның түрлері
2.1 Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері ... ... ... ... ... ... 8
2.2 Тұрақты коэффициенті функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Сызықтық өндірістік функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Сызықтық емес өндірістік функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.5 Өндіріс функциясы бойынша талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3 ТАРАУ.Қазақстан Республикасындағы өндіріс қызметінің орны
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Менің таңдап отырған тақырыбым «Микроэкономикадағы өндіріс функциясы». Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан өнімдерінің сапасын жан-жақты арттыру тек қана шаруашылық субъектілерінің ғана емес, жалпы қоғамның бірінші кезектегі экономикалық міндеті болуы тиіс. Осы мақсатта нарықтық қағидаларға жауап беретін өнімдер өндірісінің айналымға түсуінің міндетті талаптарына сай халықаралық тәжірибені пайдаланатын болды. Яғни, мемлекет тауарлардың тек қауіпсіздігіне жауап беретін болса, олардың сапасы үшін жауапкершілікті өндірушілер мойнына алуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанның өндіріс жағдайы сырт елдермен салыстырғанда өте төмен. Осы өндіріс жағдайын жақсарту үшін елбасы жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациалық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруымыз керек.
Курстық жұмысымның кіріспе бөлімінде «Микроэкономика» және «Микроэкономика» курсының «Өндіріс теориясын»қарастырдым.
Жалпы, микроэкономика – бұл экономикалық теория ғылымының бір бөлігі. Микроэкономика жеке нарықтық бірліктерді зерттейді. Жеке нарықтық бірліктер:
1) Тұтыну
2) Фирма
3) Мемлекет
«Микроэкономика» курсының «Өндіріс теориясы» тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторларымен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндіретін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді.
Өндірістік функция дегеніміз өндіріс фактроларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Негізі өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады.
Қоғамдық өндіріс жүйесінде адамның орны ерекше. Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Адам – өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар, ол да адам.
Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдың және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламалы мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кұрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктеді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек кұралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екіншісі мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы рстінде жүзегс асады. Осы жағдайды ескере отырып К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс кұрал - жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы – А.:Дәуір, 1992, 220б

2. Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері – А.: Санат, 1998 , 23-71б

3. Ананьин О. Экономическая теория на пути к новой парадигме – М.:Дело, 1992, 18 с

4. Грязнова А. Г. Микроэкономика – М.: ИТД Кино – Рус, 1999, 311 с

5. Долон Э.Дж., Линцей Д. Рынок: Микроэкономическая модель – Санкт- Петербург, АО Литер плюс, 1992, 246 с

6. Емцов Р. Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика – М.:ДИС ,1997, 172-186 б

7. Мамыров Н.К. Микроэкономика – А.: Экономика, 2000, 168 – 214 б

8. Макконелл К. Р., Брю С.Л. Экономикс – М.: Республика, 1992, 312 с

9. Огибин Ю.А. Микроэкономика . Практикум - Санкт- Петербург, АО Литер плюс, Оркестор, 1994, 40-44 с

10. «Өңдеуші өнеркәсіпсіз өсу болмайды» Егемен Қазақстан, 2004, №63-64, 2б

11. Пиндайк Р., Рубинсельт Д. Микроэкономика – М.: Экономика, Дело, 1992, 85-92 б

12. Самуэльсон П. Экономика - М.: Республика , 1964, 569б

13. Фиршер С. Экономика - М.:Дело, 1993, 2-3 б

14. Хайман Д. Н. Современная микроэкономика: анализ и применение – М.: Финансы и статистика, 1992, 102-105 с

15. Чепурина М. Н. Курс экономической теории – Киров: АСА, 1998, 45-66 с

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Микроэкономика пәнінен
Тақырыбы: Өндірістік функция

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. тарау. Өндіріс түсінігі және экономикалық мәні

Қоғамдық өндірістің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Қоғамдық өндіріс салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2. тарау. Өндірістік функция және оның түрлері

2.1 Өндірістік функцияның кейбір жалпы қасиеттері ... ... ... ... ... ... 8
2.2 Тұрақты коэффициенті функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Сызықтық өндірістік функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Сызықтық емес өндірістік функция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.5 Өндіріс функциясы бойынша
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..21

3. ТАРАУ.Қазақстан Республикасындағы өндіріс қызметінің орны

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 4

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Менің таңдап отырған тақырыбым Микроэкономикадағы өндіріс функциясы.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан өнімдерінің сапасын жан-жақты
арттыру тек қана шаруашылық субъектілерінің ғана емес, жалпы қоғамның
бірінші кезектегі экономикалық міндеті болуы тиіс. Осы мақсатта нарықтық
қағидаларға жауап беретін өнімдер өндірісінің айналымға түсуінің міндетті
талаптарына сай халықаралық тәжірибені пайдаланатын болды. Яғни, мемлекет
тауарлардың тек қауіпсіздігіне жауап беретін болса, олардың сапасы үшін
жауапкершілікті өндірушілер мойнына алуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанның
өндіріс жағдайы сырт елдермен салыстырғанда өте төмен. Осы өндіріс жағдайын
жақсарту үшін елбасы жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустриялдық-
инновациалық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиялық бағдарламасын
жүзеге асыруымыз керек.
Курстық жұмысымның кіріспе бөлімінде Микроэкономика және
Микроэкономика курсының Өндіріс теориясынқарастырдым.
Жалпы, микроэкономика – бұл экономикалық теория ғылымының бір бөлігі.
Микроэкономика жеке нарықтық бірліктерді зерттейді. Жеке нарықтық
бірліктер:
1) Тұтыну
2) Фирма
3) Мемлекет
Микроэкономика курсының Өндіріс теориясы тарауы өндірісте
қолданылатын өндіріс факторларымен осы ресурстарды пайдалану арқылы
өндіретін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді.
Өндірістік функция дегеніміз өндіріс фактроларының жиынтық шығындары
мен максималды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық
арақатынас. Негізі өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады.
Қоғамдық өндіріс жүйесінде адамның орны ерекше. Адам тарихи дамудың
жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Адам –
өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы.
Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді.
Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар, ол да адам.

I БӨЛІМ. ӨНДІРІС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдың
және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл
абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде
жалпыламалы мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кұрылыс
сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі
жұмыс күшін шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктеді
ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана
үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек кұралдары -
өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге
асса, екіншісі мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы рстінде
жүзегс асады. Осы жағдайды ескере отырып К.Маркс былай жазған: Қоғамдық
өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс кұрал -
жабдығы үнемі оның факторы болып қалады.
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы
және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуіде
қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-
әрекеттс болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жардайда бұрынғы еңбектің өнімі
болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл кұрылыстағы цемент,
тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде
табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесіңің
жалғасы ретінде жүзеге асады жож оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек кұрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен
қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек
кұрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын
адамдардың арасындағы қатынастар көрссткіші болып табылады Машина өндірісі
жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде
дамыды: жұмыс машинасы, двигатсль жсткізетін кұрылым. Ғылыми-техникалық
революция бұған жаңа компонентті қосты-электронды басқару кұрылымын және ол
ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы
компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен
шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі
өзгереді.
Еңбек заты мен кұрал-саймандар бірге өндіріс құрал-жабдықтарын
құрайды.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда,
қоғамда жүзегс асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы
болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер-бұл өндіріс кұрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек
кұралдары, сонымен қатар материалдық игілікгерді өндіретін адамдар. Адамдар
қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс кұрал-жабдығын іске
қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол
еңбек заты ретінде қолданылады, басқасында-басты еңбек кұралдары ретінде.
Келтірілген өндіріс факторларының классификациясы мәнгі қатып қалған
болып табылмайды.
Мысалы маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы
бар:жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары,
пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал-бұл машина, кұрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс кұралдары.
Еңбек адамның интелектуалды және дене қызметін көрсетеді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік-арнайы өндіріс факторы-өндірісті
ұйымдастыруда бастамашылдықты, төзімділікті, тәуекелдікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда атаалған
өндіріс факторларынан басқа ақпараттық, экономикалық және экологиялық
факторларды қарастырады. Байқалатыны, экологиялық фактор экономикалық
өсудің импульсі ретінде жүзеге асады. Алайда оның мүмкіндігі қоршаған
ортаның ластануына, газдануына, бүлінуіне байланысты шекткеледі.

1.1 Қоғамдық өндірістің түрлері

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында
қоғамдық өндірістің екі түрі бар:

а) заттай шаруашылық;
ә)тауарлы шаруашылық;

Қоғамдық өндірістің жалпыға танылган формаларымен қатар әдебиеттерде
тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да
айтылады. Заттай шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз
қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген
өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің
қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен
еңбекке негізделсе, заттай шаруашылық артық өніммен өзара айырбас
жүргізбейді. Заттай өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі,
шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады.
Өндірісті ұйымдастырудың заттай түрі қазіргі жағдайда да орын алуда.
Мысалы, бақшагердің заттай шаруашылығы-онімді тек өзі үшін өндіру, егер
өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне
айналады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс-бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген,
еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің
өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процес барлық
қоғамдық өндіріс саласында, әсіресе өнеркәсіпте - өте көрнектілікпен
байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға
болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымды:
энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау,
ауыл шаруашылығына машина жасау, автомобиль жасау және т.б. Жеңіл
өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тігін өнеркәсібі жәнс т.б. Тамақ
өнеркәсібінде: нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет және
сүт өнеркәсібі және т.б. Еңбек бөлісі мен оның мамандануының дәрежесі
тереңдесе, онда нарықта жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі
жоғарылайды және нарық мөлшері артады.
Тарихи тағлымның көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы
төмендегідей үш жағдайда жүзегс асады:

бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің
пайда болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының
қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы).

Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай (дамымаған) және капиталистік.
Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс кұрал-жабдығына деген жеке
меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған карамастан
олардыи өз арасында принципті айырмашылық бар. Жай тауар өндірісінде өнім
тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ.
Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс кұрал-жабдығы жоқ жалдамалы
жұмысшы жасайды.
Сөйтіп, қазіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын, шаруашылықтың
жоғарғы тауарлылық деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық
оқшаулануыны негізінде қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік
арқылы деген сөз. Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы
рынокқа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қарастырады.
Қазақстан Республикасында жалпы еңбекке қабілетті тұрғындар санының 10-15%
мөлшеріндс отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын қалыптастыру
қарастырылған, бұл шамамен 100-120 мыңдай кәсіпкерлерді кұрамақ.

1.2 ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС САЛАЛАРЫ

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру,
оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі жәнс
т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан
болса, адам коғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы-халық шаруашылығы салаларының
төмендегідей материаалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
кұрылыс) және материалдық қызмет қөрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын
тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық,
тұрмыстық қызмет қөрсету-киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.)
екіге бөлінеді.
Қазіргі қоғамдық өндіріс кұрылымына материалдық өндіріс салаларынан
басқа, материалдық емес өндіріс салалары да енеді. Оларда ерекшс
материалдық емес игіліктер (рухани кұндылықтар) жасалады, сондай-ақ
материалдық емес қызмет қөрсету-денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет,
спорт, жәнс басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға
жатқызылған.

1 сурет Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы
Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей, білім, денсаулық сақтау, өнер,
мәдениет (өндірістік емес саласы) материалдық өндіріс тиімділігінс үлкен
әсер етеді. Алайда тікелей емес, қоғамның басты өндіргіш күші-адам
аркылы жанама түрде әсер етеді.
Қоғамдық өндіріс жүйесінде адамның орны ерекшке. Адам тарихи дамудың
жемісі, барлық қоғамдық-экономиқалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып
құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам-өндіргіш күштің басты
элементі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз
іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар.
Ол да адам.

II БӨЛІМ ӨНДІРІСТІК ФУНКЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 ӨНДІРІСТІК ФУНКЦИЯНЫҢ КЕЙБІР ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ

Өндірістің өзара әрекет ететін факторлары ретінде өндіріс процесінің
өзін талдауға кіріссек, өнімдерді өндірумен байланысты проблемалар үш
дәрежеге бөлінеді:

1.Кәсіпкерлердің алдында белгілі бір кәсіпорында белгіленген
көлемдегі өнімді қалай өндіру керек деген мәселе тұруы мүмкін.
Бұл мәселе өндіріс шығындарын қысқа мерзімде азайтумен байланысты.
2.Кәсіпкер белгілі бір кәсіпорында көп мөлшерде пайда әкелетін, өнім
өндіретін оптималды (тиімді) өндірістің мәселесін шешуі мүмкін. Бұл пайданы
қысқа мерзімде көп мөлшерде алумен байланысты мәселе.
3. Кәсіпкердің алдыңда кәсіпорынның оптималды шамасын анықтау міндеті
тұруы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді көп мөлшерде пайда табу мәселесі.

Өнім өндіру үшін өңдірістің барлық факторларының өзара әрекеті қажет,
олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ екендігі
даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді,
кей жағдайда бірін-бірі толықтырады, алмастырады.
Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерді әрдайым толғандыратын мәселе
-өндіріс процесінде белгіленген өңдіріс факторларымен өндірілетін өнімнің
саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму кезеңінде
белгіленген өндіріс факторларының қуатымен өнім өндірудің максималды
шамасына жетуі мүмкін.

Кесте – 1. Максималды өнім өндіруде жер мен еңбектің әр қилы
комбинациялар үлгісі

Жер Еңбек
саны
10 20 30 40
3 700 1000 1230 1410
6 1000 1410 1730 2000
9 1200 1720 2110 3450
12 1400 2000 2450 2820

Бұл өндірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын өндірістік
функцияның қарапайым мысалы. Өндірістік функция деп отырғанымыз өндіріс
факторларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндіруде өзара
байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен
былайша анықтауға болады.

Мұндағы Y — шығарылатын өнім көлемі, а1 ,а2, аn-өндіріс факторлары.

Өндіріс функциясының мән маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің
барлығына әр қилы өндіріс факторларының үйлесімділігі. Өндірістің әр қилы
факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету
мүмкіндігі де бар. Өндірістік функция өндіріс факторларының бір-бірімен
алмасу мүмкіндігі болатындығын көрсетеді.
Өндіріс факторларының өзара алмаса алатындығы жаңа классикалық
талдаудың фундаменталды тұжырымдамасы болып табылады. Классикалық мектептің
теоретиктері тауар өндірісіне бір ғана технологияны қолдануға болады, ал
өндіріс факторларының бір-бірін алмастыруы мүлде орын алмайды деп көрсетті.
Өндіріс факторлары бір-бірін қалайша алмастырады? Мысалы, тоқыма
фабрикасында технология бойынша бір тоқымашы 10 станокта жұмыс істейді.
Алайда, сол бір тоқымашыға келетін станоктар санын тағы да көбейтуге
болады. Сөз жоқ, станок паркінің өсуі, өнім өндіруді арттырады, дегенмен
тоқымашы 12 станокта бұрынғы 10 станоктағыдай немесе 15 станокта бұрынғы 12
станоктағыдай тиімділікпен, сапалылықпен жұмыс істей алмайтыны белгілі.
Бұған, керісінше, станоктар санын көбейтпей, тоқымашылар қатарын арттыруға
болады. Мұндай жағдайда әрбір тоқымашы өзі станокта жұмыс істейді де, өнім
сапасын жақсартады, алайда станок тиімділігі шектеулі болып қалады да, бір
тоқымашыға шаққанда өнімділік те төмендейді.

2 суреттегі графиктен көріп отырғанымыздай, біршнші фактор - өзгермелі
еңбек, екіншісі - тұрақты (мысалдағы капитал-станок) жайды сипаттайды.

Шек
теу
ліө
нім
(МР
)

W

Еңбек L
n

2 сурет

Алғашында шектеулі (қосымша) өнімнің өсу тенденциясы байқалады,
өйткені екі немесе үш тоқымашы станокта бір адаммен салыстырғанда тиімдірек
еңбек ететіні белгілі. Жалдамалы қызметкер санының көбеюімен (станок паркі
өзгеріссіз қалғанда) шектеулі (қосымша) өнім азая бастайды, себебі
езгермелі фактордың көпшілігі (еңбек) капиталдың тұрақты бөлігімен қосылып
кетеді. Еңбеккерді жалдау белгілі бір шекке дейін орын алады. Осы шек нені
түсіндіреді? Ол-еңбектің рыноктық бағасының дәрежесі, яғни жалақы. Бұл
дәреже кәсіпкерге кімнің жалақысы шектеулі өнімге (ақшалай есептегенде)
теңгерілсе, соны еңбекке жалдауды тоқтату керектігін көрсетеді. Келтірілген
мысалда жұмыс істеушілер санын сипаттайтын көрсеткіш - n. Міне осы
қызметкерлердің (n) шектеулі өнімі (ол штрихпен бейнеленген) жалақыға тең
болады (W). Қызметкердің (n) шектеулі еңбек өнімділігі өнім өңдірудегі
еңбек үлесінің өлшемі (L) мәнінде тәртіптің бәсекелестік принципі әрекет
етіп отыр. Мұңдайда рыноктың экономикада шаруашылық етуші субъект өзінің
шектеулі ұтысын (табысын) және шектеулі шығындарын салыстырып отыруы керек.
Бұл мысалда шектеулі шығын кәсіпкер төлейтін жалақы, ал шектеулі ұтыс
(табыс) әрбір қосымша арқылы өндірілген шектеулі өнім. Бұл қорытыңдыны
сандық көрсеткішпен былай түсіндіруге болады.

Кесте – 2. Өнім көлемімен еңбек өнімінің физикалық шегін сипаттайтын шартты
мысал

Еңбек Өнім көлем өлшемі Шектеулі физикалық
өнім
1 2000 2000
2 3000 1000
3 3500 500
4 3800 300
5 3900 100

Өндірістің өзге факторлары өзгеріссіз қалып, тек бір ғана факторының
ұлғаюы есебінен алынатын қосымша өнім, осы фактордың шектеулі өнімі деп
аталады Шектеулі өнім тұжырымдамасы өндіріс шығындарын азайту проблемасын
шешуге көмектеседі. Біздің мысалдан фабрикадағы тоқымашы мен станок
арасындағы оптималды үйлесімділікті қалай табуға болады? Ол үшін еңбектің
шектеулі өнімінің физикалық көлемін, еңбектің бағасымен, ал станоктың
шектеулі өнімінің физикалық көлемін станоктың бағасымен салыстыру қажет.
Өндірістің бір факторын екіншісімен мақсатты алмастыруды, өндіріс
факторларының шектеулі өнімінің физикалық көлемі, осы фактордың бағасына
пропорционалды орнағанға дейін жүргізу керек.

А -факторының шектеулі физикалық өнімі =

А - факторының бағасы

= В -факторының шектеулі өнімі

В - факторының бағасы

Рационалды экономикалық тәртіп өндірістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция туралы
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция
PROFIBUS, MODBUS Протоколодары
Өндіріс теориясы: шығындар
Өндіріс және шығындар
Өндіріс функциясы
Математиканы тереңдетіп оқытудағы туынды қолданылуының ерекшеліктері
Өндіріс түсінігі және экономикалық мәні
Жасанды нейрондық желілер
Пәндер