Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы 1931-38 жылдары «Жұмысшы» деген атпен Риддер қаласында, 1939 жылдан бері Өскемен қаласында «Социалистік Алтай», «Большевик Алтая», «Алтай большевигі», «Коммунизм туы» деген атпен шыққан, 1990 жылдан бері «Дидар» деген атпен шығып келе жатқан Шығыс Қазақстан облыстық қазақ газетінің қалыптасу, даму кезеңдеріне арналады. Сол кездері облыс аумағында жарық көрген орыс және қазақ тілді басылымдарға да шолу жасалады. Ғылыми еңбекте қазақ журналистикасының тағдыры мен тарихына тікелей қатысты, дүние қойнауына сіңіп бара жатқан көптеген мәліметтер мен деректер, оқиғалар мен тағдырлар анықталып, алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Аталған басылымның қалыптасуы және даму кезеңдеріндегі тақырыптық, мазмұндық, жанрлық ерекшеліктері мен тарихи сабақтастығы жайлы өзіндік пікірлер айтылып, тұжырымдар жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болған соң, рухани саладағы басты міндеттің бірі – «жұп-жұқа» тарихымызды түгендеп, толықтырып, еңсемізді тіктеп, өркениетті елдер қатарынан лайықты орнымызды табу. Бұл зерттелуге тиіс мәдени мұраның маңызды бір саласы қазақ журналистикасының тарихы болуға тиіс. Қазақ журналистикасы тарихында игерілмей, ғылыми ой елегінен өткізілмей келе жатқан тақырып әлі көп. Соның бір парасы – баспасөзге, оның ішінде жергілікті басылымдар тарихына қатысты іздеу, табу, саралау, жүйелеу, тұжырымдау және табылған жаңалықты жариялау, ғылыми айналымға түсіру жұмыстары.
«Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері» атты ғылыми жұмыс зерттеліп отырған аймақ басылымдарының тарихын өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан қарастырып және оның журналистика тарихындағы алар орнын нақты айқындау мақсатынан туған. Әр кезеңдегі облыстағы қоғамдық-саяси оқиғаларға да баға бере кету зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ.
Қазақ баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосқан Шығыс өңірі баспасөзінің жан-жақты зерттелуі жалпы ұлттық баспасөз тарихының жаңа беттерін парақтап, өткеніміздің бар-жоғын сараптап, журналистиканың даму бағыттарын бүгінгі күннің көзқарасымен зерделеу үшін де аса қажет. Облыстық, өлкелік журналистиканың қалыптасу кезеңдері мен даму жолдарын саралау және аймақтағы қазақ газеттеріне тән ортақ заңдылықтарды іздестіру журналистика ғылымында көп зерттелмеген және зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі. Осы тұрғыдан келгенде диссертанттың таңдап алған тақырыбы өзекті.
Зерттеу нысанына айналып отырған Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің алғашқы бастауы болып саналатын Риддерде 1931 жылдан шыға бастаған «Жұмысшы» газетінің дүниеге келуіне сол кездегі ең алғашқы қазақ жұмысшы табының Шығыстағы Риддер қаласындағы ірі өндіріс орындарында ең көп шоғырлануы тікелей әсер етті деуге негіз бар. Мұрағаттан Риддер комбинатына жергілікті ұлт өкілдерін қабылдау (коренизация) саясатының да болғанын, өлкелік партия комитетінің Риддерде қазақ газетін ашу қажеттігі жөніндегі арнайы шешім қабылдағанын айғақтайтын құжаттарды кездестіруге болады [1]. 1937 жылы сол Риддерде жеке қазақ активін жинап, жиналыс өткізгені үшін «халық жауы» ретінде атылып кеткен газеттің алғашқы редакторы Мақсұт Тайшыбаев өз заманында қазақ жұмысшыларының сол өңірдегі жолбасшысына айналған, қоғамдық-саяси істерге белсене араласқан талантты журналист, жазушы болған адам.
1 ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағаты. Қор-130. тіз-1. іс-33.
2 Амандосов Қ. Верныйдағы большевиктік тұңғыш қазақ газеті. – Алматы: Қазмембас, 1959. – 36 б.
3 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері [1860-1959]. – Алматы: Мектеп, 1981. – 239 б.
4 Бекхожин Х., Қозыбаев С.К., Матвиенко С.С. Очерки истории журналистики Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1988. – 250 с.
5 Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзінің тарихынан. – Алматы: Қазмембас, 1962. – 132 б.
6 Сұбханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Қазақстан Республикасы, Орталық ғылыми кітапхана. – Алматы, 1999. – 834 б.
7 Молдашева Р.А. Семей баспасөзі: қалыптасу және даму жолдары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2003. – 5б.
8 Как мы выпускаем газету. – Усть-Каменогорск: Рудный Алтай, 2003. – 11 с.
9 Қасымов А. Қызыл қырғынның құрбаны. – Алматы: Хай Технолоджи, 2004. – 91б.
10 Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 10 б.
11 Исабеков Б. Жұмысшы дастаны // Коммунизм туы, 1971. – 30 қараша.
12 ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағаты. Қор-1п, тіз-1-1, іс-425.
13 Қозыбаев Қ. Жүрек сөзі // Коммунизм туы, 1971. – 30 қараша.
14 Мусин М. Әзір болады // Коммунизм туы, 1959. – 13 сәуір.
15 Балақаев М., Томанов М. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Дәуір, 1974. – 26 б.
16 Махмұтов С. Бионика деген не? // Коммунизм туы, 1975. – 23 қаңтар.
17 ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағаты. Қор-1п, тіз-2, іс-5001, – 43 б.
18 Кенжегулова Н. Освещение декабрьского восстания 1986 г. в печати Казахстана. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2000. – 35 б.
19 Оразалиев С. Шемонаиха қазақтары үшін тіл, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау қиындық туғызуда // Дидар, 1991. – 1 ақпан.
20 Шөкетаева Қ. Анамның аманатын орындадым // Дидар, 1991. – 25 маусым.
21 Шаяхметов М., Құмарбеков М. Тәлкекке түскен тағдыр // Коммунизм туы, 1991. – 27 наурыз.
22 Мусин М. Покрасовался – и отошел? // Дидар, 1991. – 19 желтоқсан.
23 Гуревич С. Газета и рынок: как добиться успеха. – Москва, 1998. – 241 с.
24 Төлеуов С. Сеулде оқитын қазақ студенті // Дидар, 2004. – 27 қараша.
25 Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты. Қор-74, тіз-1, іс-33.
26 ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағаты. Қор-130, тіз-1, іс-33.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: Қолжазба құқығында

ҚАСЫМОВ АЙТМҰХАМБЕТ ҚАСЫМҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облыстық
газетінің қалыптасу, даму кезеңдері
(1931 – 2004 жж.)

10.01.10 – журналистика

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007

Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерзімді баспасөз
кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы
Б. Ө. Жақып

Ресми оппоненттер:

Жетекші ұйым:

Диссертация 2007 жылы _________________________ әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14А.02.22 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде
қорғалады.
Мекен жайы: 050038, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылы _________________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор З. Бисенғали

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы 1931-38 жылдары Жұмысшы
деген атпен Риддер қаласында, 1939 жылдан бері Өскемен қаласында
Социалистік Алтай, Большевик Алтая, Алтай большевигі, Коммунизм туы
деген атпен шыққан, 1990 жылдан бері Дидар деген атпен шығып келе жатқан
Шығыс Қазақстан облыстық қазақ газетінің қалыптасу, даму кезеңдеріне
арналады. Сол кездері облыс аумағында жарық көрген орыс және қазақ тілді
басылымдарға да шолу жасалады. Ғылыми еңбекте қазақ журналистикасының
тағдыры мен тарихына тікелей қатысты, дүние қойнауына сіңіп бара жатқан
көптеген мәліметтер мен деректер, оқиғалар мен тағдырлар анықталып, алғаш
рет ғылыми айналымға енгізілді. Аталған басылымның қалыптасуы және даму
кезеңдеріндегі тақырыптық, мазмұндық, жанрлық ерекшеліктері мен тарихи
сабақтастығы жайлы өзіндік пікірлер айтылып, тұжырымдар жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болған
соң, рухани саладағы басты міндеттің бірі – жұп-жұқа тарихымызды
түгендеп, толықтырып, еңсемізді тіктеп, өркениетті елдер қатарынан лайықты
орнымызды табу. Бұл зерттелуге тиіс мәдени мұраның маңызды бір саласы қазақ
журналистикасының тарихы болуға тиіс. Қазақ журналистикасы тарихында
игерілмей, ғылыми ой елегінен өткізілмей келе жатқан тақырып әлі көп. Соның
бір парасы – баспасөзге, оның ішінде жергілікті басылымдар тарихына қатысты
іздеу, табу, саралау, жүйелеу, тұжырымдау және табылған жаңалықты жариялау,
ғылыми айналымға түсіру жұмыстары.
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері атты
ғылыми жұмыс зерттеліп отырған аймақ басылымдарының тарихын өз деңгейінде
ғылыми тұрғыдан қарастырып және оның журналистика тарихындағы алар орнын
нақты айқындау мақсатынан туған. Әр кезеңдегі облыстағы қоғамдық-саяси
оқиғаларға да баға бере кету зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ.
Қазақ баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосқан Шығыс өңірі баспасөзінің
жан-жақты зерттелуі жалпы ұлттық баспасөз тарихының жаңа беттерін парақтап,
өткеніміздің бар-жоғын сараптап, журналистиканың даму бағыттарын бүгінгі
күннің көзқарасымен зерделеу үшін де аса қажет. Облыстық, өлкелік
журналистиканың қалыптасу кезеңдері мен даму жолдарын саралау және
аймақтағы қазақ газеттеріне тән ортақ заңдылықтарды іздестіру журналистика
ғылымында көп зерттелмеген және зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі.
Осы тұрғыдан келгенде диссертанттың таңдап алған тақырыбы өзекті.
Зерттеу нысанына айналып отырған Шығыс Қазақстан облыстық Дидар
газетінің алғашқы бастауы болып саналатын Риддерде 1931 жылдан шыға
бастаған Жұмысшы газетінің дүниеге келуіне сол кездегі ең алғашқы қазақ
жұмысшы табының Шығыстағы Риддер қаласындағы ірі өндіріс орындарында ең көп
шоғырлануы тікелей әсер етті деуге негіз бар. Мұрағаттан Риддер комбинатына
жергілікті ұлт өкілдерін қабылдау (коренизация) саясатының да болғанын,
өлкелік партия комитетінің Риддерде қазақ газетін ашу қажеттігі жөніндегі
арнайы шешім қабылдағанын айғақтайтын құжаттарды кездестіруге болады [1].
1937 жылы сол Риддерде жеке қазақ активін жинап, жиналыс өткізгені үшін
халық жауы ретінде атылып кеткен газеттің алғашқы редакторы Мақсұт
Тайшыбаев өз заманында қазақ жұмысшыларының сол өңірдегі жолбасшысына
айналған, қоғамдық-саяси істерге белсене араласқан талантты журналист,
жазушы болған адам.
Еліміздің тәуелсіздік алуы мен ел экономикасының жаңаша сипатта дамуы,
меншіктің жеке түрінің қалыптасуы, елдегі саяси және экономикалық
өзгерістерге орай қазақ тіліндегі басылымдар да жаңа ахуалға тап болып
отыр. Дидар газетінің соңғы жылдардағы жарияланымдары мен жинақтаған
тәжірибелерін ғылыми айналымға түсіру, басылымда қызмет еткен
журналистердің шығармашылығы, газет ісіне араласқан авторлардың
белсенділігі, мерзімді баспасөз ісінің негізгі процестері жайлы ой
қорытылып, тұжырым жасау да зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін
танытады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеу
еңбектерінің әр жылдары елімізде жарық көргені аз емес. ХХ ғасырдың екінші
жартысында Т. Амандосов [2], Х. Бекхожин[3], Х. Бекхожин, С. Қозыбаев, С.
Матвиенко[4], Б. Кенжебаев, Т. Қожакеев [5], Ү. Субханбердина [6] сияқты
белгілі ғалымдар кеңестік баспасөздің тарихын зерделеді. Заман талабына
байланысты бұл ғалымдардың зерттеулерінде кеңестік газеттер тарихы партия
мен Кеңес өкіметінің көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Дегенмен, қазақ
баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы құнды деректер негізінде, жүйелі
түрде сипатталады.
Жоғарыда көрсетілген авторлар өз еңбектерінде қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының Семей өңіріндегі баспасөз тарихына қатысты мәселелерге біршама
терең тоқталған, сонымен қатар кейбір еңбектердің библиографиялық шолу,
анықтама сипатында екенін де айтқан жөн.
Семей өңіріндегі баспасөз тарихының бірқатар мәселелері қазіргі Семей
таңы қалалық газетінің редакторы Р. Молдашеваның 2003 жылы қорғалған
диссертациялық жұмысында қарастырылады [7].
Кеңес кезінде орыс тіліндегі газет-журналдардың көпшілігі реттеліп,
библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен өзінің
бастауын 1917 жылы Өскеменде шыққан Голос Алтая басылымынан алатын
бүгінгі Шығыс Қазақстан облыстық Рудный Алтай газеті жайлы толыққанды
ғылыми зерттеу болған жоқ. Газет тарихына қатысты мұрағаттық құжаттарды
жинақтау, өзіндік ой түю талпыныстары көбінесе газеттің 2003 жылы атап
өтілген 85 жылдық мерейтойына қатысты ғана жасалған[8]. Осы диссертация
тақырыбына арқау болып отырған Шығыс Қазақстан облыстық қазақ газетінің
тарихы жайлы да жарық көрген мардымды материалдардың болмағанын айтқан жөн.
Дидар газетінің әр кезеңдегі тарихына шолу жасаған авторлардың бір тобы –
басылымның өзінде ұзақ жылдар еңбек еткен журналистер және жергілікті
авторлар.
Белгілі журналистер Б. Исабековтың Жұмысшы дастаны, Б. Әбілдиновтың
Ұшқан ұя, К. Сақабаевтың Алғашқы редактор, Қ. Байкеновтың Ұмытылмас
күндер, Қ. Қамбаровтың Сол жылдарда, З. Ыбыраевтың Алтай айнасы, Ш.
Машрафиннің Газет маған не берді?, Д. Әшімхановтың Сол бір жыл, З.
Баяновтың Алғашқы қадам атты естелік материалдарында газетте әр кездері
қызмет еткен журналистер, әдебиетшілер мен ақындар шығармашылығы туралы,
сол кезеңдерде басылым алдына қойылып отырған міндеттер жайлы жан-жақты ой
қозғалған, Жұмысшы газетінің алғашқы редакторы М. Тайшыбаевтың өмірі мен
қызметі жайлы диссертанттың бір тарихи зерттеу еңбегі жарық көрген [9].
Шығыс өңірі басылымдарының қалыптасу және даму тарихының зерттелуі жалпы
ұлттық баспасөзіміздің тарихын түгендеу үшін ғана емес, бүгінгі қазақ
журналистикасының даму бағыттарын өз деңгейінде айқындау, әрі жүйелеу үшін
де қажет. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің пайда болуы, дамуы мен
қалыптасу жолдарын көрсету және бұл тақырыпты кең ауқымда зерттеу ісі әлі
қолға алынбаған. Аталған басылымның тарихы мен онда еңбек еткен белсенді де
қарымды қаламгерлер мұрасы диссертациялық жұмыс ретінде алғаш рет жазылып
отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аймақ басылымдарының тарихы
арқылы қазақ баспасөзінің қалыптасу кезеңдері мен даму жолдарын анықтау,
қазақ газеттеріне тән ортақ заңдылықтар мен байланыстарын іздестіру және
өндірісті Шығыс өңіріндегі ұлттық баспасөздің өзіндік даму бағытын,
қалыптасу ерекшелігін сараптау, олардың жалпы қазақ баспасөзінің дамуына
қосқан үлесін айқындау зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
– облыстағы басылымдардың қалыптасу тарихын толық зерттеу;
– 1930 жылдардың басындағы ұлттық жұмысшы табының өндірістегі жағдайы
мен олардың қазақ тіліндегі басылымға зәрулігін анықтау;
– Кеңес өкіметінің соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі халық
шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдеріндегі (1939-1953 жылдар)
газеттердің қызметіне, тақырыптың өзгешеліктеріне талдау жасау;
– 50-ші жылдардың екінші жартысынан 80-ші жылдардың соңына дейінгі
аралықтағы газеттердің ұстанған бағытын ашу, олардың жарияланымдарының
жанрлық, стильдік, тілдік ерекшеліктерін нақтылай көрсету;
– облыстық газеттегі жарық көрген мақалалар арқылы Шығыс өңірі
журналистерінің шығармашылықтарына тән белгілерді жіктеп көрсету және
олардың шеберлік қырларын ашу;
– Дидар (1990-2004) газетінің бүгінгі таңдағы тәжірибелері мен
жаңашылдық ізденістерін дәйекті деректемелер негізінде топтастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1. Диссертациялық жұмыс ең алдымен Шығыс
Қазақстан облыстық газетінің дүниеге келуін, қалыптасуы мен дамуын, жалпы
тарихын тұңғыш рет зерттеу нысанына айналдыруымен маңызды. Зерттеудің басты
ғылыми жаңалығы осында.
2. Дидар газетінің 75 жылдан астам тарихын жан-жақты қарастыра отырып,
түрлі атаумен шыққан басылымның мазмұны мен сипатын, шығармашылық мұрасын
әр қырынан бағамдау, тың мұрағаттық деректерді ғылыми айналымға енгізу жаңа
ғылыми ізденістерге бастау болып, баспасөз тарихын зерттеуге елеулі үлес
болып қосылды.
3. ХХ ғасыр басында облыста жарық көрген өзге де қазақ және орыс
басылымдарының тарихына да шолу жасалып, сол кездегі облыстағы ақпараттық
кеңістік жайлы мағлұматтар бір жүйеге келтірілді.
4. Кеңес өкіметінің өркендеу кезінде заман талабына орай аты өзгеріп
отырған басылымның қызметі, шығармашылық ерекшелігі, оның дамуындағы
негізгі өзгешеліктер мен проблемалар кезең-кезеңмен жеке-жеке жүйеленді.
5. Жаңа ХХІ ғасырдағы облыстық газеттердің ертеңгі даму жолдары мен
шешетін проблемаларын белгілеу, бұқаралық ақпарат құралдарын бүгінгі нарық
жағдайында маркетинг пен менеджмент арқылы басқару мәселелері қарастырылды.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи талдау, салыстыру,
жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Шығыс Қазақстан облыстық газетінің пайда болу,
қалыптасу, даму кезеңдерін, жалпы газеттің тарихын облыстың әр кезеңдегі
тыныс-тіршілігін де танып отыратындай қоғамдық үрдістермен сабақтастыра,
ғылыми тұрғыдан сараптап, талдау зерттеу жұмысының негізгі нысанын
көрсетеді.
Диссертацияның деректік көзі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиясы Орталық кітапханасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық
кітапханасының, Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қорларында
сақталған, Қазақстан Республикасы Президентінің архивінен, Қазақстан
Республикасы Орталық мемлекеттік архивінен, Солтүстік Қазақстан және Шығыс
Қазақстан облыстық архивтерінен алынған облыстық газетте қызмет істеген
журналистердің өмірі мен қызметіне қатысты тарихи түпнұсқа құжаттар,
деректік маңызы бар мәліметтер мен облыстық газет тігінділеріндегі сан
алуан мақалалар зерттеу жұмысының өзегі болды.
Тақырып деректемелерінің негізгі бір тобы – газетте әр жылдары қызмет
істеген Б. Исабеков, Б. Әбілдинов, Қ. Байкенов, Қ. Сақабаев, Қ. Қамбаров
сияқты баспасөз ардагерлерінің естеліктері. Олар облыстық газеттің
қалыптасуы мен даму жолындағы игілікті істер, кездескен қиындықтар жайлы,
қызметтес журналистер туралы көптеген тың деректер негізінде сыр шертеді.
Зерттеу нысанының қыр-сырын ашу үшін қажетті жерлерде көз көргендердің
осындай естеліктері пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Облыстық газеттің пайда
болуы, қалыптасуы мен дамуын зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысының
мерзімді баспасөзіне байланысты негізгі деректердің барлығы қамтылды. Қазақ
әдебиеттану ғылымына, баспасөз тарихы мен теориясына елеулі үлес қосқан А.
Байтұрсынов, Ғ. Мүсірепов, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р.
Бердібаев, Қ. Бекхожин, Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, С. Қирабаев, С.
Қасқабасов, Ж. Дәдебаев, Н. Омашев, Қ. Әбдезұлы, Б. Майтанов, З. Бисенғали,
С. Қозыбаев, Б. Жақып, Д. Ысқақұлы және т.б. көрнекті ғалымдардың еңбектері
ғылыми дәйек ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге журналистиканың,
публицистиканың әралуан мәселелеріне қатысты келелі пікірлерін білдірген Т.
Амандосов, Т. Қожакеев, Ш. Нұрғожина, Ғ. Ибраева, А. Мектеп, Н. Қуантайұлы,
Р. Жақсылықбаева, Ж. Әлмашұлы, Т. Бейісқұлов, К. Қамзин, Қ. Аллаберген
еңбектері, газет бизнесінің теориясын талдап, ғылыми зерттеу нысанына
айналдырған С.М. Гуревич, Т. Болдинг, В.А. Шандра, В.А. Аграновский сияқты
ғалым-журналистердің зерттеу еңбектерін негізге алдық.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік мәні. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары
оқу орындарының журналистика факультеттерінде жүргізілетін Қазақ
баспасөзінің тарихы, Журналистік шеберлік, Журналистикаға кірісіпе
тәрізді жалпы курстар бойынша оқылатын дәрістер, семинар мен тәжірибелік
сабақтарды өткізу барысында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындағы қоғамдық-
саяси, әлеуметтік жағдайларға, сол кездегі облыстағы ақпараттық кеңістікке
шолу жасау және Шығыс Қазақстан облыстық қазақ газетінің дүниеге келуіне
әсер еткен алғышарттарды анықтау.
2. Газеттің көпшілікке белгісіз болып келген алғашқы редакторы, жекелей
қазақ активін өткізгені үшін халық жауы ретінде атылып кеткен М.
Тайшыбаев, басылымның одан кейінгі журналист-басшылары Т. Баймұратов, Б.
Исабековтың шығармашылығына, белсенді қоғамдық қызметтеріне арнайы кезеңдік
талдаулар жасап, дәуір шындығын бейнелеудегі олардың журналистік
шеберліктерін айқындау.
3. Облыстық басылымның соғыс жылдарындағы, соғыстан соңғы халық
шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі газеттің материалдық-техникалық
базасына, қаржы-қаражаттың әлеуетіне, штаттық құрылымына назар сала отырып,
сол кездегі газет жарияланымдарының тақырыптық, проблемалық өзгешеліктеріне
талдау жасау.
4. Елуінші жылдардың соңынан ел тәуелсіздігіне дейінгі кезеңдегі газет
материалдарының түрлік, стильдік, тілдік ерекшеліктерін, сипатын талдау
және сол кездегі қоғамдық-саяси ахуалымен тығыз байланыста зерделеу.
5. Өндірісі мол шоғырланған аймақтағы газет бетінде өнеркәсіп тақырыбын
көтеру үрдісі, әр кезеңдегі сабақтастығы, осы тақырыпқа бейімделе жазатын
газет қызметкерлерінің тәжірибесін барынша толыққанды көрсету. Болашақта
осы өндірістік журналистика тәжірибесін дербес зерттеу тақырыбына
айналдыруға әбден болады.
6. Тәуелсіздік дәуіріндегі әлеуметтік өзгерістер кезеңіндегі облыстық
газеттің жаңашылдық даму үрдістерін жүйелеп, тұжырымдай талдау.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың
негізгі нәтижелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми
басылымдар мен халықаралық және республикалық конференциялар жинақтарында
жарық көрді.
Зерттеу жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика
факультетінің мерзімді баспасөз, журналистика тарихы,
телерадиожурналистика, баспа ісі және редакциялау, халықаралық журналистика
кафедраларының бірлескен мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі және
қосымшалар берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен
міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны, тәсілдік негіздері, теориялық
және әдіснамалық негіздері баяндалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі
тұжырымдар анықталады.
Бірінші бөлім Кеңестік дәуірдегі облыстық газеттің қалыптасу жолдары
деп аталады. Онда бүгінгі Шығыс Қазақстан облыстық қазақ газетінің бастауы
болып саналатын Риддер қалалық Жұмысшы газетінің сол кезде қалыптасып
келе жатқан қазақ жұмысшы табының ордасына айналуы, облыс орталығы
Өскеменге көшіріліп, аттары өзгерген облыстық газет жарияланымдарының
кеңестік дәуірдің әр кезеңдеріндегі атқарған ролі, алар орны айқындалып,
оның тақырыптық, жанрлық, стильдік ерекшеліктері өзара салыстыра,
сабақтастыра отырып зерттеледі. Бөлім үш бөлімшеден тұрады.
Жұмысшы газеті – Өскемен өңіріндегі алғашқы ұлттық басылым (1931-
1939) деп аталатын алғашқы бөлімшеде өткен ғасырдың отызыншы жылдарының
басында республикада атағы дүрілдеп тұрған аса ірі өнеркәсіп орталығы
Риддерге жан-жақтан жұмыс іздеп келіп жатқан қазақтардың жайы, өкіметтің
сол кездегі кәсіпорындарға жергілікті ұлт өкілдерін қабылдау (коренизация)
саясаты туралы, алғашқы ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастаған Риддер
қаласына қазақ тілінде шығатын газеттің қажеттілігін туғызғаны сол кездегі
мұрағаттық құжаттарға, ақпарат көздерінің деректеріне сүйене отырып саралай
зерттеледі.
Орталығы Семей болған бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының орыс ұлты басым
Өскемен өңірінде бұрын-соңды қазақ тілінде ешқандай газет болмағандықтан,
мұндағы тұңғыш қазақ газеті – Жұмысшыны шығарған алғашқы редактор Мақсұт
Тайшыбаевтың өмірі мен қызметі, газет ашудағы қиындықтар, сталиндік қуғын-
сүргіннің жергілікті жердегі ызғары мен кесапаттары толығырақ баяндалады.
Өлкелік партия комитеті бұған дейін де аударма жұмысымен айналысып,
Колхоздардың ішкі тәртібі, Ауыл шаруашылығы артелінің үлгілі уставы
сияқты кітапшаларды қазақшалаған, шағын мақала, өлеңдер жазып,
басылымдармен байланыста болып жүрген Ақмола қаласы прокурорының көмекшісі
Мақсұт Тайшыбаевты Алматыға шақыртып алады. Сонымен, республиканың Шығыс
өңірінде тұңғыш ашылмақ қазақ газетінің алғашқы редакторы 1931 жылғы 1-
қыркүйекте еліміздегі аса ірі өндіріс өңірінің бірінен саналатын Риддерге
келіп, қыруар дайындық жұмыстарын жүргізе отырып, сол жылғы 24-қазанда
Жұмысшы аталған қазақ газетінің бірінші санын жарыққа шығарады.
Жұмысшы алғашында қалалық Риддерский рабочий газетінің бес күнде екі
рет шығатын қазақша беті ретінде жарық көріп жүрді де, жаңа жылдан бастап
жеке шаңырақ көтерді. Қазақ совет баспасөзінің тарихында жаңа бетбұрыс
тудыру, оған қалың бұқараны жұмылдыру, олардың ішінен тілшілер, жазушылар
шығару үлкен күрес, айтыс-талас үстінде жүзеге асырылды[10]. Дайын тұрған
ешқандай базасы жоқ, не бір тілшісі жоқ, газет шығарасың деген партия
тапсырмасымен соқа басы келген М. Тайшыбаевқа бұл шаруа оңай болған жоқ.
Жұмысшының тігінділерін ақтара отырып, газеттің сол кезде қалыптасып
келе жатқан қазақ жұмысшы табының әділдік іздер ордасына, қуат берер, рухын
көтерер байрағына айналғанын, ондағы батыл жазылған материалдардан
комбинатта еңбек етіп жүрген қандастарымыздың біршама мүшкіл халін
елестетуге болады, Өзім, Тілші, М, Мақсұт, Қорғасын деген
псевдонимдермен шыққан Тентегімнен мәнтөрім, мәнтөрімнен мелитсиям
сорақы, Бассыздық па, батырлық па?, Аты өшкір Әндіреев, Ұлы
орысшылдық па, жергілікті ұлтшылдық па деген сын материалдары осы күнге
дейін өзінің өміршеңдігін жоғалтпаған.
Мақсұт – туыстық жағынан Мағжан Жұмабаевпен туған бажа болған. Қызылжар
қаласының атақты байы Шоқан Тастеміровтың үлкен қызы Зейнеп – Мағжанның
жары болса, кіші қызы Нағимаға Мақсұт үйленген.
Тайшыбаев сондай-ақ, сол кездегі облыс орталығы – Семейдегі ҚазАПП-тың
төрағасы Тұрлыхан Қасеновпен шығармашылық байланыста, Сәкен Сейфуллинмен,
Сәбит Мұқановпен таныс болған.
Әкесінің көзіндей сақтап жүрген екі кітапшаны біз қазіргі кезде
Алматыда тұрып жатқан Роза Мақсұтқызынан алып, таныстық.
1934 жылы Семей облыстық баспаханасынан шыққан Екпінді еңбек деп
аталатын бір кітап – Қазақстан кеңес жазушыларының тұңғыш съезі қарсаңында
жарық көрген Шығыс Қазақстан облысындағы Кеңес жазушыларының шығармалар
жинағы екен.
Кітапқа алғысөз жазған Рақым көркем әдебиеттің жалпы әдебиеттен, газет
хабарларынан өзгешелігін түсіндіре келіп жинаққа шығармалары енген жас
жазушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейді. Сонымен, бұл
жинаққа Еркебайұлы Қайрылқанның Жер – еңбек, Тұрғамбайұлы Ахметжанның
Жұман мен Жүніс, Тұрлыхан Қасенұлының Оспан комсомол атты көлемді
өлеңдері, Сармұрзаұлы Ғайсаның Темір қызғанда әңгімесінен үзінді,
Тайшыбайұлы Мақсұттың Қас дұшпанның қылығы атты жазылып жатқан кітабынан
үзінді берілген.
Бұл кітапшадағы Мақсұттың әңгімесі ауқымы кең үзінді, романның тараулары
сияқты. Қолжазба күйінде болса да оның көлемді шығармалары болды деген ойды
оның қызы – Роза Тайшыбаева-Сужикованың естелігі дәлелдей түседі.
Мақсұттың өлең өлкесіне қалам тартып, қолтаңба қалдырған ақындығы да бар
екен. Оны жазушылардың Семей секциясы 1932 жылы бастырып шығарған Колхоз
егісі деген топтама өлеңдер жинағындағы Жұмысшылар, қолың бер деген
туындысынан көруге болады...
Жұмысшы газетін шынында да жұмысшылардың өздері шығарды. Олардың ең
саналы, алдыңғы қатарлы, белсенділерінің ой-пікірлері, тілек-ұсыныстары
газеттің бүкіл мазмұнына арқауға алынды. Газеттің штатында алғашқы жылдары
өздері жұмысшылықтан бастаған Бейсек Исабеков пен Мағауия Игембаев, Болат
Әбілденов әдеби қызметкерлер болып еңбек етті. Фельетонист, очеркист,
публицист Манап Шігеров жауапты хатшы болып істеді. Алдымен журналист,
кейінірек партия бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары болып
Қабиден Алпысбаев қызмет жасады. Кейінірек, 1938 жылы осы газетке әдеби
қызметкер болып Павлодар өңірінің тумасы, Майқайыңда алтын өндіруші, 1933-
34 жылдары Риддерде совет-партия мектебін бітіріп, сондағы қазақ театрында
актер, қорғасын заводында жұмысшы болып істеген Ғабдолла Тохметов келді.
Әрине, газеттің қалыптасуына, шын мәнінде қазақ жұмысшыларының арасында
үлкен беделге ие болып, олардың мінберіне айналуына ерекше еңбек сіңірген,
ұйтқы болған – шебер журналист, жазушы, өз ұлтын жанындай жақсы көрген
жалынды күрескер, отыз төрт жасында сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болып
кете барған Мақсұт Тайшыбаев еді. Тұңғыш редактор жайлы оны көзі
көргендердің естеліктері де бұл бөлімшеде ұтымды келтірілген.
Тайшыбаевтың өте-мөте көбірек жазғаны – қандастарының жағдайы, оларды
кемсіту, қорлауды көре тұрып ашына ара түсуі еді. Оның мұндай батылдығы
бірте-бірте жинала, қордалана келе өзіне қарсы оқ болып атылатынын сұңғыла
санасымен сезсе де, ұлы халықтың өзінің бауырларына көрсетіп отырған
әділетсіздіктеріне төзе алмады. Ол сол жылы жазда халық жауы ретінде
абақтыға қамалып, 1938 жылғы 11-наурызда Алматыда атылды.
Риддердегі Жұмысшыға сол жылғы август айында Қазақстан К(б)П Орталық
Комитеті Алматыдағы Коммунистік журналистика институтын (КЖИ) жаңа бітірген
Төленді Баймұратовты жауапты редактор етіп жіберді.
Саясаттың нағыз бір ушығып тұрған кезінде қызмет істеу, әрине, Төлендіге
оңай тиген жоқ, газетте жіберген саяси қателері үшін ол кісі бірнеше рет
сөгіс те алды.
Ойымызды қорытындылай келе, газеттің жалпы бағытында елеулі өзгеріс
байқалғандығын атап өту қажет. Сол кезеңдегі басылымдардың барлығына тән
Күн-көсемді жер-көкке сыйғызбай мақтау мен партияның сара жолы сияқты
тақырыптардан басқа материалдарда әлі де болса бұл – халық жауының
құйыршығы дегендей бірді-екілі сарындар кездесіп қалғанымен біршама
салмақтылық, мәселенің байыбын талдай отырып, кемшіліктің жолын көрсете
отырып жазу дағдысы орныға бастады.
Семейден бөлініп, жеке облыс орталығына айналған соң қазақ газеті 1939
жылы күзде Өскеменге көшірілді.
Облыс орталығына ауысқан соң газеттің статусы да, жауапты редакторы да,
атауы да өзгеріп шыға бастады.
Социалистік Алтай, Большевик Алтая, Алтай большевигі
газеттеріндегі жарияланымдардың тақырыптық, проблемалық өзгешеліктері (1939-
1953) атты екінші бөлімшеде Жұмысшыдан кейін 1939-1953 жылдар аралығында
Социалистік Алтай, Большевик Алтая, Алтай большевигі деп аталған
облыстық газеттегі жарияланымдардың тақырыптық, проблемалық өзгешеліктері
сараланып, баяндалады.
Сол кездегі газет материалдарынан НКВД қырандарының қырғыны сәл ғана
саябыр тапқанымен, ел ішіндегі үрейдің әлі де болса қаһарында екендігі,
ендігі саясаттың, басты тақырыптың шетелдік күні қараң капитализмді
барынша жамандауға ойыса бастағаны аңғарылады.
Бұл жылдары газетке мамандығы журналист-тарихшы Мырзабек Мергембаев,
содан соң Солтүстік Қазақстан облыстық Ленин туы газетін басқарған Зәйтүн
Сыздықов редакторлық етті. 1943 жылғы 1-сәуірден жиырма жылға жуық Бейсек
Исабеков басшылық жасады.
Шығыс Қазақстан Семейден бөлініп, өз алдына облыс болып құрылған. Жаңа
газеттің алдына жаңа міндеттер қойылды. Соғыстың алдындағы бесжылдықты
мерзімінен бұрын орындау үшін жарыс Кенді Алтайдың кәсіпорындарында кең
өріс алған. Редакция Риддер жұмысшыларының еңбектегі ерлігін, табысын,
тәжірибесін кеңінен жазады. Бүкілодақтық, қазақстандық рекорд жасаған Біләл
Ықыласов, Василий Ноздрачев, Георгий Хайдин сияқты еңбек ардагерлерінің
табысына, тәжірибесіне арналған беттер, сериялы мақалалар, очерктер
жарияланды. Жұмысшы құрылысшылардың еңбегі газет бетінде үзбей жазылып
тұрды. Шығыс шеңбері жолын салудағы халық ерлігі күн сайынғы номерден кең
орын алды – деп жазады сол кезең жайлы өзінің естелігінде Бейсек Исабеков
[11].
1939 жылғы ноябрьде жаңа құрылған облысқа кадрлар іріктеліп, сол кезде
Семей облыстық Екпінді газетінде жауапты хатшы болып істейтін Қарқабат
Байкенов Шығыс Қазақстан облыстық Социалистік Алтай газеті редакторының
орынбасарлығына жіберіледі. Екпіндіден Байкеновпен бірге Ғаббас Әміренов,
Хасен Мұхаметжанов, Риддердегі Жұмысшыдан бұрынғы редактордың орынбасары
Қабиден Алпысбаев, бұрынғы редактор Төленді Баймұратов, Болат Әбілдинов,
Ғабдолла Тохметов, Бейсек Исабеков, тағы басқа қызметкерлер 25 мыңдай ғана
халқы бар бұрынғы аудан орталығы Өскеменге келіп, Семейге көшірілген
кітапхана техникумының екі бөлмесіне редакцияны орналастырады.
Жаңадан ғана жеке шаңырақ көтерген Шығыс Қазақстан мен Семей облыстары
үшін соғыстың алдындағы аса ірі оқиға – осы өңірдің күретамырына айналған
Шығыс шеңбері тас жолының құрылысы еді.
Облыс орталықтарынан 500 шақырымнан аса жырақтағы Зайсан, Катонқарағай,
Марқакөл, Абыралы аудандарымен қарым-қатынас жасау қиямет-қайым болатын.
Жылдың екі жүз күніне жуық өткел бермес боран-шашында Зырянның қорғасын-
мырыш концентраттары қаншама қаржымен Риддерге ұшақпен тасымалданатын.
Күзде, қыста, көктемде Самар МТС-ына 350 шақырым Жаңғызтөбеден жанар-
жағармай өгізбен тасылды. Тура жүргенде Өскеменнен 40 шақырым ғана
Феклистовканың астығы қарсы бағыттағы 150 шақырым Гусиное айлағына өгізбен
жеткізіліп, Ертіс арқылы баржамен қайтадан Өскеменге тасымалданды.
Колхоздар бір жылдың астығын тасып үлгере алмай, келесі немесе екінші жылы
өткізетін. Құлынжүннің алтын рудалары сол жолдың қиындығынан өңдеуге
апарылмай, жылдап жиналып қалатын.
Осындай жол азабынан әбден қалжыраған шығысқазақстандықтар мен
семейліктер 1940 жылдың 29-қаңтарындағы Киров ауданы Красный партизан
колхозы колхозшыларының халықтық тәсілмен Шығыс шеңбері тас жолын салу
жөніндегі үндеуін қызу құптады. Құрылысқа екі облыстағы 550 колхоздан
барлығы 24 мың адам қатысты. Өскемен – Малокрасноярск – Өскемен – Көкпекті
– Георгиевканы қамтитын жалпы ұзындығы 444 шақырымдық жолдың алғашқы кезегі
1940 жылы 42 күнде аяқталды.
Социалистік Алтайдың журналистері осы ірі құрылыстың басы-қасында
болып, оның барысы жайлы оқырмандарына кеңінен хабарлап отырды. Күнделікті
көп мәселелерді журналистер облыстық штаб редколлегиясының арнайы
Екпінділер парақшасында әйгілеп отырды. Сондай-ақ құрылыс басында арнаулы
көп тиражды көшпелі газет шығарылды. Шығыс шеңберінің Өскемен –
Георгиевка, Көкпекті – Зайсанды қамтитын 362 шақырымдық екінші кезегінің
құрылысы Ұлы Отан соғысының басталуымен тұспа-тұс келді, алайда бұл сынды
да халық абыроймен көтеріп алды. Тавриялық жүргізуші Курган өзінің майданға
сұранған өтінішінде Мен дәл қазір машинадан танкке ауысып, жүрегімнің
соғуы тоқтағанша фашистерді талқандауға дайынмын деп жазды. Иә, мұндай
патриоттар аз емес еді. Жолдың екінші кезегін 1941 жылғы 29-тамызда
мемлекеттік комиссия өте жақсы деген бағамен қабылдады.
1940 жылы осы үлкен құрылыста Ғабиден Мұстафин, Дмитрий Снегин бастаған
ақын-жазушылар болып қайтқан-ды. Бұл сапардан Ғабең Шығыс шеңбері очеркін
жазды. Күнделікті хабарлар, мәліметтер, мақала, очерктер жиі басылып тұрды.
Халық инициативасы іске асты, Шығыс жолының 1-кезегі салынып болды
деген шапкаларымен бірнеше арнаулы беттер берілді. 1940 жылғы 1, 2-
августағы 168, 169-сандарында осы жол құрылысы жайында жазылған Мұхтар
Әуезовтің Оның аты екінші атты көлемді әңгімесінен үзінді басылған (толық
нұсқасы жазушының 1967 ж. шыққан 12 томдық жинағының 2-томына енгізілген).
Халықтық магистральдың құрылысына белсене қатынасып, стахановшылардың
жұмыс тәжірибелерін жақсы ұйымдастырғандығы және құрылыстың таңдаулы
адамдарын көрсете білгені үшін, құрылыстың басшылығына жәрдем көрсеткені
үшін Шығыс жолы құрылысы штабының бұйрығы бойынша Социалистік Алтай,
Большевик Алтая редакцияларының көшпелі газеттері Шығыс жолы
құрылысының Құрмет книгасына жазылды [12].
Облыстағы елеулі мәселелердің барлығы да облыстық Социалистік Алтай
газетінің беттерінен түскен жоқ, бұл газет те өз кезегінде облыстық партия
комитетінің жауынгер көмекшісі бола білді.
Өскеменнің облыс орталығы болып қалыптасуының қиындығы ма, Риддерден
көшіріп әкелген қазақ газетінің материалдық базасы жағынан болсын, кадр
мәселесінен болсын әуресінің көп болғандығынан ба, әлде өзге ұлттың
мүддесін екінші сорт деп өздерінен үнемі төмен санайтын, сонау патша
заманынан бері бекем келе жатқан орыстандыру саясатының көзге көрінбес
қитұрқы саясатынан ба, әйтеуір Социалистік Алтайдың ғұмыры қысқа болды.
Ол бір жыл төрт айдан соң орысша шығатын облыстық газеттің аудармасына
айналып шыға келді.
Осы бөлімшеде қарастырылған газет материалдары мен сол кезеңдегі
мұрағаттық құжаттарды сабақтастыра зерттей отырып, төмендегідей тұжырым
жасауға болады: салыстырмалы түрде аз уақытта атауын үш рет өзгерткен
газеттің жалпы стратегиялық бағыт-бағдары бір болғанымен олардың
әрқайсысының иығына түскен жүк-проблемалары мен көтерген тақырыптары
әртүрлі болды. Өйткені Социалистік Алтай – соғыстың қарсаңында, ал Алтай
большевигі – соғыстың үшінші жылы шыға бастаған, ал аралық Большевик
Алтая аударма газет болғандықтан өз тізгіні өзінің қолында болмаған
басылым болды.
Коммунизм туы газеті: жанрлық, пішіндік, стильдік, тілдік
ерекшеліктері (1953-1990) атты үшінші бөлімшеде публицистикадағы көркемдік
жайлы айтылған ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, 1953 жылдан 1990
жылға дейін Коммунизм туы атауымен жарық көрген облыстық газет
материалдарының жанрлық, түрлік, стильдік, тілдік ерекшеліктері сараланды.
1953 жылғы наурыздың соңынан бастап Алтай большевигі газеті
Коммунизм туы деп аталды. Сол кездері Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетін бітіріп келген бір топ жас осы газетке келіп,
шығармашылық ұжымның белді қызметкерлеріне айналды. Олардың ішінде
Шерияздан Елеукенов, Сәйделен Ғабдуллин, Асығат Темірбаев, Тоқан Әбуғалиев,
Төлеухан Кенжебаев, Қапан Сапарғалиев сынды кейінірек облыс, республика
оқырмандарына кеңінен танылған мықты журналистер болды. Газеттің таралымы
күрт өсіп, жұмысшы село тілшілерінің қатары да анағұрлым молая түсті.
Әрине, қандай да бір тарихи кезеңді, қоғамдық даму құбылыстарын
бағамдап, бағалағанда ең алдымен сол кездің көзімен, сол кезеңнің талабымен
қараған жөн. Сонымен елуінші жылдары кадр мәселесін түбегейлі шешіп алған
Коммунизм туы қарышты қадаммен алға қарай адымдап келе жатқан Кенді Алтай
партия комитетінің өткір құралы бола білді. Жаңа өмірдің, мәдениет пен
тұрмыстың салтанат құрған, советтік өмір салтының терең тамырланып, құлаш
жайған жылдары газет облыстағы шын мәніндегі коллективтік насихатшы,
коллективтік ұйымдастырушыға айналды. Облыс еңбекшілері үшін партия
шешімдерін жүзеге асыру жолындағы мәселелер мен проблемаларды газет бетінде
терең де жүйелі түрде көрсету үшін шығармашылық ұжым үнемі іздену үстінде
болды. Ол кезеңде Сталиннің өзі қайтыс болғанымен әлі де болса көсемдік
құрып тұрған дәуірі болатын. Сондықтан Коммунизм туының беттерінде де
партияның ХІХ съезінің шешімдері мен И. Сталиннің СССР-дағы социализмнің
экономикалық проблемалары атты ұлы еңбегінің маңызын ашуға бағытталған
теориялық мақалалар, лекциялар мен консультациялар жүйелі түрде жарияланып
тұрды, арнайы беттер беріліп тұрды. Ол беттерден де, жекелеген мақалалардан
да сол кезеңдегі өзге ұлттардың барлығын ұлы орыс халқына бағынышты етуге
бағытталған тұқырту саясаты айқын көрінеді. Мәселен Социалистік демократия
– нағыз халықтық демократия, Буржуазиялық лжедемократияның сиқы
мынандай, Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры – көп алғыс айтамыз ұлы орыс
халқына! деген сияқты ұлы халыққа табындырған арнаулы беттер
оқырмандарға халықтар достығы деген мазмұнмен жеткізіліп отырды. Жалпы бұл
жылдары арнаулы беттер ұйымдастыруға көп мән берілді. Газет бетінде бұрынғы
партиялық қасаң тілмен шектелетін жанрлар ауқымы кеңейіп, стильдік, тілдік
ерекшеліктер көктемгі көктей дүр көтеріле бастады. Еңбек жолын туған
өлкесіндегі Коммунизм туынан бастаған, бүгінгі күні республикаға аты
әйгілі ғалым, жазушы, басшылар аз емес. Соның бірі – Шерияздан Елеукенов
өзінің ойлы, тартымды, білікті материалдарын шебер жазып қана қоймай, біраз
әріптестерін, жастарды журналистиканың қыр-сырына үйретіп отыратын жақсы
тәлімгер болды. Барлық ғұмырын осы газетте өткізген марқұм Қуанбай Қозыбаев
былайша еске алады: ...ол бар ықылас-ниетімен үйрететін еді. Тарбағатай
ауданындағы Жаңа тілеу колхозының шабындығынан жазған суреттемемді үш рет
сызып шығып, мына бір пікірің толық ашылмай қалған. Адамдардың іс-қимылын,
жан-дүниесін тереңірек көрсет, очерк болсын, репортаж, суреттеме болсын, ол
сонда ғана жүрекке жылы дейтін. Әрбір сәтті ісіңе ақ жүрегінен ақтарыла
қуанатын [13].
Әр заманның өзінің бір көсемінің, патшасының болуы заңды. Сол
кезеңдегі жетістіктер мен жақсылықтардың барлығы негізінен жеке дара соған
телініп, кемшіліктер мен жамандықтардың барлығы оның жандайшаптарына,
халықтың өзіне телінетіні де ақиқат. Жеке басқа табынушылық жайлы ХХ съезде
қаралған мәселенің оңды нәтижесі – бұрын ауызекі сөзден де, түрлі басылым
беттерінен де түспейтін күн көсемнің енді қараланып, бірте-бірте мүлде
айтылу, жазылудан қалғандығында ғана емес, сонау отызыншы жылдардағы
сталиндік репрессия құрбандарының ақтала бастауында да еді. Бұл сәл де
болса тынысты кеңейткенімен ұлттық мәдени мұралардың тағдыры, Одақ
ұлттарының тарихы әлі де болса біртұтас, мызғымас, шексіз билік иесі –
Коммунистік партияның, оның Орталық Комитетінің тегеурінді жұдырығында
болды. Әрине, бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе облыстық газеттер сол
облыстық партия комитетінің мүддесін қорғайтын қолшоқпары, ол кездегі
терминмен айтқанда сенімді көмекшісі болды.
Коммунизм туы-ның ұжымы да материалдарын жанрлық, стильдік жағынан
түрлендіріп, тілдік шеберліктерін жетілдіре түсті.
Газетте ең шағын және оперативті жанр – хабар, заметкадан бастап
фельетон, очерк сияқты көркем публицистикалық жанрларға дейін кеңінен орын
алғандығы нақты мысалдармен бекітіліп, талданып, тұжырымдалып отырады.
Содан бір ғана мысал келтіре кетейік.
Облыс көлеміндегі аса ірі құрылыстардың басында (мәселен, соғыстың
алдындағы Шығыс шеңбері тас жолы, соғыстың соңындағы Өскемен ГЭС-інің
құрылысы) облыстық газеттің журналистері айлап жатып, оперативті түрде
материалдар беріп тұру дәстүрі елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы
жылдардың басында жүргізілген, облыс орталығынан жүз шақырым жердегі
Бұқтырма су электр станциясының құрылысында да бұзылған жоқ. Ол құрылысқа
майданға қатысқан, екі тілді де шебер меңгерген, тәжірибелі журналист
Меңғали Мусин бекітілген еді. Мусиннің сол алып құрылыстан жолдап отырған
репортаждар циклі – газеттің белгілі бір кезеңіне сүбелі үлес болып
қосылған, басылым беделін биіктете түскен тарихи еңбек деп бағалауымыз
орынды. Оның алғашқысы – сол ГЭС-те бас қосқан ғалымдардың жиналысы. Бір
қарағанда, адамды жалықтыратын, қызықсыз тақырып. Және ондағы сансыз
баяндаманы оқырманның зердесі қабылдай қояр ма екен. Жоқ, журналист мұнда
көтеріліп отырған үлкен мәселені бөлектей іріктеп алып, ондағы ең өзекті
проблеманы аса шеберлікпен, түсінікті де қарапайым тілмен жеткізе білген.
Ал тілінің мұндай қарапайымдылығы тақырыптың сонша мәнділігінің деңгейін еш
төмендетіп тұрған жоқ. Енді репортаждың өзіне көз жүгіртейік:
Мұнда совет энергетикасының маңдай алды мамандары жиналған. Залға көз
жіберейікші. Ғалымдарды, техника ғылымдарының кандидаттарын, Социалистік
Еңбек Ерлерін, елімізде сан алуан электр станцияларды салуға қатысуға
белсене атсалысқан ардагерлерді көріп отырмыз. Шаштары қылауланған
энергетика ардагерлерінің жанында алғыр ойлы, жігерлі жастар да бар.
Бұл не жиын? Қарт Ертістің жағасына ғалымдар не мақсатпен келген?
Тәжірибе алмасу үшін, Ертістің жағасында туған, энергетика ғылымын алға
бастырғалы отырған жаңа технологияны талқылау үшін келген. Бұл
технологияның тұңғыш рет өз өлкемізде қолданыла бастағанын зор мақтанышпен
айтуға праволымыз.
– Қатты бетон. Мұның гидростанция құрылысында қолданыла бастауы
гидротехникалық құрылыстағы революция, – деді жаңа технологияға баға бере
отырып, техникалық ғылымның кандидаты В. И. Шелкин жолдас.
Әділ баға. Қатты бетон цементті үнемдеу тұрғысынан ғана қарағанда
пайдалы десек, бұл бетонның гидротехника құрылысында ашып отырған өрісін
байқамаған, оны бағаламаған болар едік. Жаңа технология су электр
станцияларын салудағы көне әдіс – плотинаны ұсақ блоктарға бөлу әдісінен
бас тартуға мүмкіндік бергелі отыр...
Кеңес мәдениет үйінің залында ғана емес, ГЭС-тің құрылыс алаңында да
өткізілді. Мұнда қатты бетон мен тас бетонның төселуін, оның бапталуын
қатысушылар өз көздерімен көрді, [14] – дей келіп, автор сынақ алаңындағы
бригаданың жұмысын көрсете отырып, кеңестің творчестволық жоғары дәрежеде
өткендігін атап өтеді.
Әрине, газет жанрларының кавалериясы болып саналатын ұшқыр хабарлар мен
заметкалар, ел ішіндегі, өңір, аймақтарда жиі болып жататын саяси,
әлеуметтік-мәдени оқиғалардан ізін суытпай жазылатын есеп, науқандық қауырт
істердің ортасынан берілетін репортаждар, уақыт пен жағдайға байланысты
нақты жайларды талдайтын корреспонденция, белгілі бір идеяға байланысты
жалпы жайларды баяндайтын мақалалар, белгілі бір әлеуметтік мәні бар
мәселелер туралы, халық шаруашылығының сан саласындағы жаңалықтар туралы
мемлекет, қоғам, саясат, ғылым, мәдениет қайраткерлерімен жүргізілетін
сұхбаттар, рецензиялар мен аудандық газеттерге жасалатын шолулар, әр
тақырыпқа жоспарлы түрде жазылып отыратын басмақалалар өзге
басылымдардағыдай Коммунизм туында да жүйелі жазылып тұрды. Оның барлығы
да жоғары талап деңгейінде деп айтуға келмес, арасында әлжуаз, бір қайнауы
ішінде, саяси ағымға байланысты тапсырыспен жазылған кезекші дүниелер де
аз болған жоқ.
Жалпы, сол кезеңдегі материалдарын саралап, зерттей келе Коммунизм
туының өзінен бұрынғы Социалистік Алтай, Алтай большевигі сияқты ата
газеттерге қарағанда көркем әңгімеге, тартымды тілмен әдемі сурет салып
бере алатын, адамды неғұрлым тереңірек зерттеп, кейіпкерінің ішкі сезіміне
бойлай үңіліп, оқырманын сол кейіпкерімен бірге толғандырып отыратын көркем
очерктерге, өз өлкесінің тарихи тұлғаларын жарыққа шығару мақсатымен
жазылған тарихи-деректі очерктерге ден қоюы, өзінен бұрынғы газеттердегідей
біреуді анайы түрде келемеждеп, жеке басын қорлауға, намысын таптауға дейін
баратын фельетондардай емес, мәдени деңгейі де, тілі мен жазылу стилі де
олардағыдан көш ілгері, өркениетті сатиралық жанрларға басым бағыт беруі,
өз сындарының жауапсыз қалмай, ықпалды болуына баса назар аударып,
қадағалап отыруы бұл басылымның үлкен бір ерекшелігі деген ғылыми тұжырым
айтуға әбден негіз бар.
Ал енді осы бөлімше тақырыбының біріне айналып отырған тілдік стильге
келетін болсақ, стиль дегеніміз – белгілі бір тілдегі лексикалық,
грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптері екендігі
белгілі. Бірақ бұл тіл ғылымына байланысты қолданылатын анықтама, ал газет
жанрларының стилі одан гөрі ерекшелеу, ауқымдырақ. Публицистикалық (яғни
газеттік. А. Қ.) стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың
негізінде қалыптасады. Белгілі бір кезеңде публицистиканың өз алдына бөлек
стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын, баспасөз
мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Бір сөзге жағымды, жағымсыз
әр түрлі мағыналық реңктер беретін (мысалы – айту, сөйлеу, міңгірлеу,
мылжыңдау, көпіру...) лексикалық синонимдер сияқты тілдің эмоциональды
элементтері және сөзді образды қолдану – әдеби стильге тән болса, фактіні
толық және логикалық жүйелі баяндау – ғылыми стильге жақын... Ғылыми
стильде зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып,
дәлелдеуді қажет етеді [15].
Коммунизм туының бетінде ғылыми мақалалар да аз жарық көрген жоқ.
Соның бірі – Бионика деген не? [16] деген С. Махмұтовтың мақаласының
жазылу стилінен бір мысал келтіре кету жөн болар: Тірі табиғат
шеберханасында адамзат үлгі аларлық заттар көп. Мысалы, гидравликалық
реттегіштер – өрмекшілердің, ультрадыбысты локаторлар – жарқанаттардың,
реактивті двигательдер – кальмарлардың, барометр – бақалар, сүліктер мен
вьюн балықтарының, теңіз дауылын күнібұрын анықтағыштар – медузалардың, жер
сілкінуді ерте білетін аспап – теңіз қоңызы мен шегірткенің ерекшеліктерін
зерттеудің нәтижесінде дүниеге келді. Сондықтан таңданарлық, жұмбақ болып
келген мәселелерді шешуде ғалымдар алдымен табиғат заңдылықтарына сүйенеді
деп автор алып отырған тақырыбын көпшілік аудитория түсініп қабылдай
алатындай қарапайым ғылыми стильде баяндайды.
Сексенінші жылдары Коммунизм туы партия тұрмысы; насихат және үгіт;
өнеркәсіп; ауыл шаруашылық; мәдениет және тұрмыс; хабар; хаттар сияқты жеті
салалық бөлімі бар, жылына төрт мыңға дейін хат түсіп тұратын, 18 мың
данамен облыстың он төрт ауданына тарап тұратын қазақ тіліндегі облыстық
бірден бір газет болды. Газет сөзі ықпалды, сындарының барлығына дерлік
жауаптар қайтарылып, шаралар қолданылып тұрды. Редакцияда журналистік
шеберлік мектебі, қоғамдық қабылдау бөлімі, жұмысшы-село тілшілерінің
сырттай мектебі белсенді жұмыс істеп, журналистер арасында өзара
социалистік жарыс ұйымдастырылып, олардың ең үздік жұмыстары Зәбер Баянов
атындағы облыстық журналистер бәйгесіне ұсынылатын.
1991 жылғы 31-шілдеде облыстық партия комитетінің кезектен тыс пленумы
өткізіліп, обкомның қызметін тоқтату туралы шешім қабылданып, облыс
партия ұйымының таратылуына байланысты оның аппараты жойылды [17]. Бірақ
1989-90 жылдары, қайта құрудың, биліктің қожырай бастаған тұсында-ақ
Коммунизм туы Коммунистік партияның бұйдасынан босап, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы
қабылданғаннан бір ай кейін 1990 жылғы 27-қарашадан бастап Дидар деген
жаңа атаумен шығармашылық бағытын жаңа жолға қарай бұрып, әлеуметпен бірге
тәуелсіздігінің алғашқы қиын-қыстау кезеңін кеңінен жариялауға белсене
кіріскен еді.
Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімі Тәуелсіздік дәуіріндегі облыстық
газеттің орны мен ролі деп аталады.
Сексенінші жылдардың соңында дүниедегі ең бір құдіретті аталып жүрген
елдердің бірі – Советтік Социалистік Республикалардың мызғымас Одағы
ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Мұндай аса ірі қарусыз төңкеріске
бірқатар саясаткерлер ақпараттық төңкеріс деп ат қойып, айдар тағып жүр.
Сол кезеңдегі түрлі көзқарастағы әр түрлі топ өкілдерінің бұқаралық ақпарат
құралдарындағы өзара қырық пышақ болып соғысып жатқандығын ой елегінен
өткізіп, екшеп, талдасаң бұл аса ірі қоғамдық өзгерісті шын мәнінде
ақпараттық төңкеріс деп айтуға әбден болады. Бұл бөлім облыстық Дидар
газетінің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік өзгерістер
кезеңіндегі қызметін саралап, зерделеп, зерттеуге арналған. Бөлім екі
бөлімшеден тұрады.
Дидар газеті саяси және әлеуметтік өзгерістер кезеңінде (1990-2004)
деп аталатын бірінші бөлімшеде социализмнің тоталитарлық режимінен
егемендікке өтер өткел – М. С. Горбачевтің ғұмыры екі-үш жылдық қайта құру
деген аласапыран, аумалы-төкпелі кезең зерделенеді. Халықтың көңіліндегі
атой салып, алайда кеңестік цензураның бөгетін бұза алмай жүрген көптеген
көкейкесті тақырыптар мемлекетіміздің егемендігі туралы декларация
қабылданар тұста, қабылданған соң бөгеуін ағытып жіберген тасқын судай
кенезесі кеберсіп жат-қан арнаға – түрлі деңгейдегі қазақ тілді басылымдар
бетіне лап қойды. Олардың басты-бастылары: ұлтымыздың саяси, рухани
теңсіздігі; тарихымыздың, дініміз бен салт-дәстүріміздің шетқақпайланып,
ұмытыла бастауы; тіл мен өнер; кеңес дәуіріндегі қуғын-сүргін; сол кезеңде
иесіз қалған Одақ әскері жайлы, жер дауы сияқты ілуде бір көтерілетін
сирек тақырыптар еді.
Саясат тақырыбы қазағы халқының төрттен бірін ғана құрап отырған Шығыс
Қазақстанда қара қазан мен сары баланың қамынан гөрі әлдеқайда өткір
тұрған еді ол кезде. Орыс ұлты басым аймақ болғандықтан бұл өңірде бұл
тақырыптардың алдыңғы орынға шығуы заңды да болатын. Өйткені табысты
молайту үшін жалқыны егіз, жартыны бүтін деп көрсеткен даурықпа
ұраншыл социализм кезінде екі ұлттың өкілі тұрмыс құрса халықтар достығы
деп жар салынады. Тіпті ұлттар мен ұлыстар, бірқатар халықтардың дәстүрі
мен тілі құрдымға кетіп құрып бара жатса да ешкім жақ аша алмай, томаға
тұйық қалпында қалды. Жалпы баспасөздегі ұлтаралық рухани қақтығыс
мәселесінің бұған дейін жабық болып келуіне және бұл мәселе көтерілген
жерде мұнымен іркес-тіркес өзге де өзекті мәселелердің бірге көтерілетін
заңдылығы барлығына ғалым Н. Кенжеғұлова былайша түсініктеме береді:
Журналистиканың аз зерттелген қырының бірі кеңестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы газетінің редакторы Баймұратов жолдасқа
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Күрділердің мәдени орталықтары
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Қазақстан тарихы библиографиясы
Пәндер