Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан Республикасының имиджі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.6
Бірінші тарау
Шетелдік және отандық басылымдардағы
Қазақстанның имиджі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7.19
Екінші тарау
Қазақстан имиджін қалыптастырудағы
қолданылатын PR.технологиялар ... ... ... ... ... ... 20.35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36.40
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40.42
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан күрделі өңірлік геосаяси жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздік сындарының шиеленісуі тұсында халықаралық аренадағы өзінің имиджін қалыптастыру ісінде жүйеленген, ғылыми түрде зерттелген тұжырымдаманы қажет етеді. Халықаралық қатынастарда орын алып отырған күрделі де маңызды процестерге орнықты баға беру үшін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыттарға әсер ететін көптеген факторлар мен құбылыстарға сараптама жасау маңызды. Сондай факторлардың бірі – мемлекеттің халықаралық аренадағы имиджі.
Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның бөлінбес бөлшегі ретінде ақпараттың, ақпараттық ресурстар мен технологиялардың рөлі күшейген заманда мемлекеттердің халықаралық ортада ұлттық мүдделерін қорғау ісі ақпараттық ортада жүзеге асып келеді. Ақпараттық-имидждік стратегия мәдени кеңістіктің құрамдас бөлшегі ретінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан өзін жаһан елдерінің алдында неғұрлым жағымды жағынан көрсете білсе, оның тек саяси ғана емес, экономикалық, әлеуметтік беделі де өсе түсетіні дәлелденген.
Жаһан қазір Қазақстанды танып-білуге құштарлық танытып отыр. Біз әлем елдері үшін ең жас, қуатты елдердің біріміз. Еуразия кеңістігінің кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін әлемдік және аймақтық шараларға белсенді араласу арқылы бейнесін қалыптастыру мемлекетіміздің егемендігін сақтап қалу үшін басты шарт болып есептелінеді. Бұл стратегиялық мақсат жолында қоғамның барлық саласының бастамашылығы мен іскерлігіне айырықша маңыз берілген. Демек, өз ұстанымымызды өзгеге тасымалдаудың жолын, ұлттық мәдениетімізді ғаламға таратудың ең пайдалы тұстарын жеткізу – еліміздің шетелдегі имиджін қалыптастыру болып табылады [1].
Мемлекеттің имиджін қалыптастыру – қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы, лмемлекеттің мүддесін қорғауға және оны дамытуға елеулі үлес қосатын сыртқы саясаттағы ауқымды бағыт.
«Имидж» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «бейне» деген мағынаны білдіреді. Оның нақты анықтамасы қолданылу аясына байланысты анықталады [2]. Ұсынылып отырған жұмыста «имидж» сөзі шетелдік аудиторияның пікіріндегі Қазақстан образын анықтайтын бірнеше факторлар топтамасы болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдындағы келелі мәселе – бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу. Мұндай межеге жету тек экономикалық көрсеткіштерге ғана байланысты емес. Біздің еліміз кез келген салада бәсекеге қабілетті болуы тиіс, соның ішінде имидж саласында да. Өйткені, экономикалық инвестициялар мемлекеттің қалыптасқан имиджіне, оның халықаралық ресми рейтингісіне сүйенеді.
Қазақстан Республикасы өз алдына бөлек отау тіккелі шетелдегі имиджін, жағымды образын қалыптастыруда атқарып жатқан іс-шараларын жоққа шығару - әділетсіздік болар еді. Бірақ, қыруар қаржы шығындалған бұл шаралар өз жемісін бермеуі не себепті? Атқарылған жұмыстар тиімді болса, неге Қазақстанның бірегейленген, анықталған образы әлі күнге дейін жоқ? Бұған берілер жауап біреу-ақ: белгілі бір мақсатты көздейтін, бір жүйеге бағындырылып, ойластырылған ақпараттық стартегияның болмауынан. Ал ақпараттық стратегия не үшін қажет?
1. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы. –Алматы: Жеті жарғы.-1999.
2. «Казахстанская политологическая энциклопедия» Алматы-1998.
3. Б.Жақып «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», Білім-2004.
4. «Журналистика Казахстана» Энциклопедия,
С.К.Козыбаев, Л.П.Нода, А.В.Рожков, Алматы
Экономика- 2006.
5. «Внешняя политика Казахстана» Сборник статей, Алматы-Москва-1995.
6. И.В.Панарин «Информационная война и дипломатия» Москва-1999.
7. Г.Почепцов, «Имидж-мейкер», Рекламное агентство Губерникова, Киев-1995.
8. Г.Почепцов, «Коммуникационные технологии XX века», «Рефл-бук», «Ваклер» 1999.
9. С.Блэк, «Введение в паблик рилейшнз», «Ростов на Дону», Феникс-1988.
10. Сборник материалов по итогам международной конференции «Внешняя политика Республики Казахстан в зеркале отечественных и зарубежных СМИ», Алматы 2001
11. Сюй Хоэй-фан «Выборочное мнение общественности о внешней политике Казахстана» Казахстан-СПЕКТР – 1(3),
12. «ҚазҰУ хабаршысы» ғылыми журналының тігінділері.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультетi

БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы

Орынбаева Ақбота Нұрбатырқызы

Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан Республикасының имиджі

Жоғары оқу орнын бітіру үшін қорғалатын
бакалавриаттық

Бітіру жұмысы

050504 - журналистика

Ғылыми жетекші – филол. ғ. к., доцент Н.Т.Шыңғысова
Ресми сарапшы – ҚР СІМ Консулдық Қызмет Департаменті директорының
орынбасары Қ.Арқабаев

БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасының
2008 жылғы ... .. маусымда ... ... ... ... ... .. мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі ... ... . филол. ғ. д., профессор Ш.Ы. Нұрғожина

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сарапталуына қабылданды.
Диплом қорғау күні: 2008 жылғы ... ... маусым

Комиссия хатшысы: ... ... ... .. филол.ғ.к., доцент Г.Сұлтанбаева

. Алматы, 2008 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 3-6
Бірінші тарау
Шетелдік және отандық басылымдардағы
Қазақстанның имиджі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7-19
Екінші тарау
Қазақстан имиджін қалыптастырудағы
қолданылатын PR-технологиялар ... ... ... ... ... ... 20-35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 36-40
Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
40-42
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
43
Қосымша
А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
44
Қосымша
Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
45

Кіріспе

Сіздің бір көргеннен тәнті етуде
екінші мүмкіндігіңіз болмақ емес
Ден Аспроменте

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан күрделі өңірлік геосаяси
жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздік сындарының шиеленісуі тұсында
халықаралық аренадағы өзінің имиджін қалыптастыру ісінде жүйеленген, ғылыми
түрде зерттелген тұжырымдаманы қажет етеді. Халықаралық қатынастарда орын
алып отырған күрделі де маңызды процестерге орнықты баға беру үшін
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыттарға әсер
ететін көптеген факторлар мен құбылыстарға сараптама жасау маңызды. Сондай
факторлардың бірі – мемлекеттің халықаралық аренадағы имиджі.
Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның бөлінбес бөлшегі ретінде
ақпараттың, ақпараттық ресурстар мен технологиялардың рөлі күшейген заманда
мемлекеттердің халықаралық ортада ұлттық мүдделерін қорғау ісі ақпараттық
ортада жүзеге асып келеді. Ақпараттық-имидждік стратегия мәдени кеңістіктің
құрамдас бөлшегі ретінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Қазақстан өзін жаһан елдерінің алдында неғұрлым жағымды жағынан
көрсете білсе, оның тек саяси ғана емес, экономикалық, әлеуметтік беделі де
өсе түсетіні дәлелденген.
Жаһан қазір Қазақстанды танып-білуге құштарлық танытып отыр. Біз әлем
елдері үшін ең жас, қуатты елдердің біріміз. Еуразия кеңістігінің
кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін әлемдік және аймақтық шараларға
белсенді араласу арқылы бейнесін қалыптастыру мемлекетіміздің егемендігін
сақтап қалу үшін басты шарт болып есептелінеді. Бұл стратегиялық мақсат
жолында қоғамның барлық саласының бастамашылығы мен іскерлігіне айырықша
маңыз берілген. Демек, өз ұстанымымызды өзгеге тасымалдаудың жолын, ұлттық
мәдениетімізді ғаламға таратудың ең пайдалы тұстарын жеткізу – еліміздің
шетелдегі имиджін қалыптастыру болып табылады [1].
Мемлекеттің имиджін қалыптастыру – қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы,
лмемлекеттің мүддесін қорғауға және оны дамытуға елеулі үлес қосатын сыртқы
саясаттағы ауқымды бағыт.
Имидж сөзі ағылшын тілінен аударғанда бейне деген мағынаны
білдіреді. Оның нақты анықтамасы қолданылу аясына байланысты анықталады
[2]. Ұсынылып отырған жұмыста имидж сөзі шетелдік аудиторияның
пікіріндегі Қазақстан образын анықтайтын бірнеше факторлар топтамасы болып
табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдындағы келелі мәселе – бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына қосылу. Мұндай межеге жету тек экономикалық
көрсеткіштерге ғана байланысты емес. Біздің еліміз кез келген салада
бәсекеге қабілетті болуы тиіс, соның ішінде имидж саласында да. Өйткені,
экономикалық инвестициялар мемлекеттің қалыптасқан имиджіне, оның
халықаралық ресми рейтингісіне сүйенеді.
Қазақстан Республикасы өз алдына бөлек отау тіккелі шетелдегі имиджін,
жағымды образын қалыптастыруда атқарып жатқан іс-шараларын жоққа шығару -
әділетсіздік болар еді. Бірақ, қыруар қаржы шығындалған бұл шаралар өз
жемісін бермеуі не себепті? Атқарылған жұмыстар тиімді болса, неге
Қазақстанның бірегейленген, анықталған образы әлі күнге дейін жоқ? Бұған
берілер жауап біреу-ақ: белгілі бір мақсатты көздейтін, бір жүйеге
бағындырылып, ойластырылған ақпараттық стартегияның болмауынан. Ал
ақпараттық стратегия не үшін қажет?
Қай заманда болмасын, қоғамдық сананы қалыптастырып, көп жағдайда
оның белгілі бір шешім қабылдап, пікірін қалыптастыруда БАҚ-тың рөлі
айырықша екені дау тудырмайды. Ел ішінде, сондай-ақ әлемде болып жататын
құбылыстардың айнасы – ақпарат құралдары. Мемлекеттің сыртқы саясаты,
сонымен қатар, әлемдік саясат үнемі ақпарат құралдарының назарында болып
келеді. Әлемдегі барлық елдер сыртқы саясаттағы ақпараттық стратегияны
мынадай мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдаланады:
• Ұлттық мүддені сақтау, оны қорғау;
• Ақпараттық ортадағы ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
Ақпараттық стратегия елдің ерекшелігі мен ағымдағы мәселені шеше алу
мүмкіндігіне қарай белсенді, шабуылдаушы, немесе жүйесіз, мақсаты
айқындалмаған болуы мүмкін. Бұл жаһандану дәуіріндегі барлық БАҚ-тың ортақ
ақпараттық кеңістікке кірігуі кезеңіндегі ақпараттық стратегияның маңызы
айырықша екенін дәлелдей түседі. Ақпараттық стратегия ел ішіндегі БАҚ-та
қалай көрініс тапса, сыртқы саясатта да, яғни шетелде де сондай дәрежеде
халық назарына ұсынылмақ [3].
Сыртқы саясаттағы ақпараттық-насихаттық қызметті шетел аудиториясына,
саяси, ғылыми, іскерлік ортаға мемлекет туралы, оның мәдениеті, саяси
ахуалы, ғылыми жетістіктері туралы нанымды әрі мемлекеттің ұлттық мүддесін
қай уақытта да бірінші кезекке қоятын ұтымды ақпарат тарататын шаралар
жиынтығы деп қарастырған орынды. Бұл өз кезегінде елдің жағымды бет-
бейнесін қалыптастыратын мақсатты ақпараттық қуыс болмақ.
Шетелдік БАҚ-тың еліміздегі елеулі өзгерістерді жіті қадағалап,
немқұрайлы қарамай, өз үнін қосып отыруын БАҚ-тағы саяси беталыс деп
қарастыру керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысында
төмендегідей мәлімдеме жасаған: Қазақстан дипломатиясының әр күндік жұмысы
шетелдің ресми өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, кәсіпкерлермен,
журналистермен болатын кездесулермен тығыз байланысты болуы керек. Бұл істі
біз елімізде аккредитацияланған халықаралық ұйымдармен жұмыс барысында
жүзеге асыруымыз тиіс. Бүгінгі күні шетелдік ақпарат құралдары кездейсоқ
ақпарат көздерінен ақпарат алатындықтан, берілген хабарламалардың
бұрмалануына жол беріліп келеді. Сәйкесінше, мұндай ақпарат шетелдік
аудиторияға таралып кетеді. Қазақстан Республикасы дипломатиялық корпусы
өкілдерінің негізгі міндеті –халықаралық ұйымдардың кез келген жобалары мен
бағдарламалары елімізге барынша пайдалы болуын қамтамасыз ету [4]. Демек,
біз қарастырып отырған Қазақстанның шетелдегі жағымды образын қалыптастыру
ісі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекеттің имиджін
қалыптастыру – оның басқа институттарға тәуелділігімен анықтала ма? деген
сұраққа PR маман Ерлан Сейтімов былай деп жауап береді: Имидж –
салыстырмалы категория. Мәселен, Коммунистік партия басшылық ететін,
азаматтарының құқығы жиі бұзылатын Қытай Халық Республикасы батыс елдерінде
тоталитарлы жүйедегі мемлекет ретінде қарастырылады. Соған қарамастан,
дамушы елдер арасында Қытай Тікелей шетел инвестицияларын тарту көлемі
бойынша алғашқы орындардың бірінде.
Имидж экономикалық әл ауқатқа тәуелді емес. Мұсылман елдері, оңтүстік
Америка, сондай-ақ, Еуразиялық Одақтың пікірінде АҚШ-тың, ағылшындардың
образы үнемі жағымды жағынан қарастырыла бермейді.
Маркетингтік тәжірибеде мемлекет имиджін қалыптастыруды мақсатты түрде
дамытдың көрнекті мысалдары бар: Түркия, Пуэрто Рико (туризм), Кипр
(офшорлар), БАЭ (инвестициялар) [4].
Келтірілген мысалдар - әлемнің ірі державаларындағы жағдай. Оларды
әлемдік сахнаға жаңа шыққан жас Қазақстанмен салыстыру еш мүмкін емес.
Қазақстанның салыстыратындай бәсекеге қабілетті секторы жоқ. Сол себепті,
біз ең алдымен, ел образын қалыптастыруға күш салуымыз қажет.
Бітіру жұмысының мақсаты
Қазақстан мемлекетінің халықаралық имиджін шетелдік және отандық
басылымдар негізінде талдай отырып, анықтау. Мемлекет имиджін
қалыптастыруда қолданылатын ақпараттық стратегиядағы PR-технологиялары мен
механизмдерінің жүзеге асырылу жолдарына теориялық әрі практикалық тұрғыда
талдау жүргізе отырып, тиімді ұсыныстар жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыру
үшін келесі міндеттемелер алға қойылды:
• Ақпараттық-имидждік саясаттың құрамдас бөлшектері – ақпараттық
стратегия және имидж сөздерінің құрылымы мен мазмұнын айқындау;
• Шетелдік ақпарат құралдарындағы Қазақстанның бейнесін анықтау;
• Мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы шетелдік тәжірибелерге зерттеу
жасау;
• Мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы PR- технологиялардың тиімділігін
сараптау;
• Ұлттық бренд мәселесінің имиджді қалыптастырудағы ролін айқындау.
Жұмыстың зерттеу нысаны
2005-2008 жылдар аралығындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдарындағы,
соның ішінде Ұлыбритания баспасөзіндегі Қазақстанның бейнесін анықтайтын
материалдар. Сондай-ақ, 2007-2008 жылдар аралығындағы республикалық
қоғамдық-саяси Айқын газетіндегі жарияланымдар.
Жұмыстың негізгі дерек көздері
Бітіру жұмысының негізгі дерек көздері: Б.Жақып, Ф.Котлер, С.Блэк,
Н.Почепцов, И.Панарин еңбектері, ҚазҰУ хабаршысы ғылыми журналдарының
тігіндісі, отандық Егемен Қазақстан, Айқын газеттері, Ұлыбританиялық
The Times, Sunday Times, Finansial Times, Guardian, Daily
Express, Independent, Morning Post, Daily Mail, Sun мерзімді
басылымдарының 2005-2008 жылдар аралығындағы сандары.
Зерттеу әдісі
Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстанның имиджі атты
тақырыпты ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.
Ақпараттық-эмпирикалық, әдістемелік зерттеу, дәстүрлі салыстыру тәсілдерін
пайдаланумен қатар, басылымдарға контент-сараптама жасау, қоғамдық пікірді
білу үшін сауалнама жүргізумен толықтырылды. Сауалнаманың қорытындылары
диаграмма түрінде қосымшада көрсетілген.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Біріншіден, қазіргі кезде ақпараттың ролі күшейген заманда мемлекеттік
имидж, ұлттық бренд ұғымдарының өзекті болып тұрғанына қарамастан,
жекелеген басылым материалдарын назарға алмағанда. Қазақстанның имиджі
жайлы жүйеленген, зерттеліп, тұжырымдалған зерттеу еңбектері ғылыми
айналымға енгізілмей келеді. Осыны ескере отырып, мемлекеттің имиджі
тұрғысында жарияланған шетелдік баспасөз материалдары жүйеленіп, бір ізге
түсірілді. Екіншіден, тақырыпты ашу барысында зерттеу нысанына талдау мен
сараптамалар жасалып, жаңа ғылыми түйіндемелер жасауға талпыныс жасалады.
Бітіру жұмысында тың деректер мен қызықты материалдар ұсынылып отыр,
бастысы, бұл тақырыпқа тыңнан түрен салынбаған.
Жұмыстың құрылымы
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, зерттеу
нысаны мен негізгі дерек көздері, ғылыми жаңалығы ашылады. Сондай-ақ,
имидж терминіне анықтама беріліп, оның қазіргі жаһандық ақпараттандыру
заманындағы маңызы айқындалады. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші
тарауда отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан туралы жарияланымдар
сарапталынады. Қазіргі таңда барша әлем көз тігіп отырған Қазақстанның
ішкі, сыртқы жағдайы, халқының әлеуметтік тұрмысы, мәдени өмірі турасында
жазылған материалдар зерттелінеді. Екінші тарауда мемлекеттің имиджін
қалыптастырудағы PR-технологиялардың тиімділігі қарастырылады. Әлемдік
тәжірибеде қолданылатын ұлттық имидж бен ұлттық брендті қалыптастырудағы
әдістемелер Қазақстан жағдайында қарастырылады. Сондай-ақ, ұлттық бренд
жасауда бітіруші өзіндік ұсыныстар айтуға талпынады.
Қорытындыда зерттелінген нысандарға қорытынды сараптама жасалынып,
негізгі тұжырымдар көрсетіледі.
Бірінші тарау

Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстанның имиджі

Сізге қарсы бағытталған төрт жүз
мылтықтан гөрі төрт баспасөздің қарсы
тұрғаны әлдеқайда қауіпті
Н.Бонапарт

Жағымды образ қалыптастыру, яғни, мемлекеттің имиджін қалыптастыру
мәселесі бүгінгі таңда бұрынғы идеологиялық мақсаттан саяси экономикалық,
әлеуметтік сипатқа қарай ойысты.
Айтылған сөзіміз түсінікті болу үшін, әңгімені әріден бастағанымыз жөн
болар. Ұлы Отан соғысы басталған үшінші күнінен бастап, соғыс аяқталғанға
дейін радиоэфир арқылы Совет ақпараттық бюросынан деген атаумен
ақпараттар легі беріліп тұрды. Соғыс уақытында САБ тек қана оперативті
ақпарат құралы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, үгіт-насихат құралы
болды. Сол жылдары КСРО-да шетел баспасөзінен Британский союзник деген
беделді басылымдар шығып тұрса, Ұлыбританияда Кеңес халқы өмірінен ақпарат
беріп тұратын Совет Уорлд Ньюс Уикли атты басылым орыс және ағылшын
тілдерінде жарық көріп тұрды. Кейінірек Совьет уикли деген атау алған
басылымды редакциялаушы САБ өкілі Эрнст Генри Семен Ростовский болды. Ол
көпшілікке әлемдік бестселлерге айналған Гитлер КСРО-ға қарсы және
Гитлер Европаға қарсы кітаптарының авторы ретінде таныс болатын.
Шетелде шығып тұратын совет басылымындағы жарияланымдарды белді
кеңестік журналистер саяси идеологияға сай жазып тұрды.
Соғыс аяқталғаннан кейін, САБ қызметі сыртқы саясаттағы үгіт-насихат
құралы ретінде жұмыс істеді. Ал суық соғыс кезінде аталмыш орталық шетелде
Кеңес Одағы туралы таралатын баспасөз онімдерінің негізгі ақпарат көзі
болды. Суық соғыстың өршіген тұсы 1953 жылы Дуайт Эйзенхауердің жарлығымен
АҚШ та Советтік САБ қа қарсы ЮСИА ақпарат агенттігі құрылды. Кезеңдік
өзгерістерге қарамастан, ЮСИА қазіргі кезге дейін қызметін жойған жоқ. Оның
ЮСИС посттары АҚШ-тың барлық консулдық қызметтері мен елшіліктерінің
құрамында жұмыс істеуде. 1960-жылдары халықаралық қатынастардағы
шиеленістер сыртқы саясаттағы үгіт-насихаттың жаңа түрлерін тудыруға ықпал
етті. САБ-тың ақпараттың базасы негізінде 1961жылы тамыз айында Новости
баспасөз агенттігі (АПН) құрылады. Осы уақыттан бастан сыртқы саясаттағы
насихат немесе PR қызметі мемлекеттің маңызды функциясы ретінде қолдау
табады. Сөйтіп, САБ-тың өнімді жұмысын назарға алған Үкімет оны дамытуға,
жанынан Ақпарат Агенттіктерін, газет-журналдар шығаруды мақсат тұтқан
болатын.
Кеңес Үкіметі құлаған соң, САБ-тың да қызметі тоқтайды. Алайда,
әлемдік қауымдастықтың біртіндеп мүшесі болуға ұмсынған елдер үшін сыртқы
саясаттағы мемлекеттің образын қалыптастыруға бағытталған ақпараттың
қажеттілігі күн санап өседі.
Тәуелсіздігін алып, тақыр жерден зәулім сарай тұрғызуды мақсат тұтқан
Қазақстан өз елінің жағымды образын қалыптастыру ісіне бірден кірісе қойған
жоқ. Ал бұл уақытта шетел баспасөзінде барлық кеңестік елдерді бөліп
жармай, ортақ ұқсастықтарына қарай бірнеше анықтама берілді. Мәселен, бұл
елдер шетел баспасөзінде демократиялық құқық пен азаматтардың құқықтарының
шектелуі мен сөз бостандығына қысымдық көрсету, парақорлық, оппозицияны
репрессиялау сияқты белгілермен сипатталды. Олай болмағанда ше, Ресейді
шетел Зұлымдықтың отаны деп таныса, одан бөлініп шыққан жас, сыртқы
саясатта тәжірибесі аз мемлекеттерге де осы стереотипті таңу қиын емес-ті.
Саяси аренада пайда болған жаңа мемлекет Қазақстанды өркениетті елдер
бөтенсінбей, бірден қабылдап алатынына сенді. Алайда, Ресейден бөлініп
шыққан мемлекеттерге таңылған авторитарлы басшы үстемдік еткен парақор
мемлекеттер образынан шығу қиынға соқты.
Геосаяси мүдделер үстемдік етіп отырған XXI ғасырда мұндай образ
мемлекеттің сыртқы саясатына едәуір салқынын тигізді. Сондықтан, азаттық
алғаннан кейінгі уақытта Елбасы Сыртқы істер министрлігінде болған
коллегияда: тағы бір назарға алып, жіті қадағалауымызға тиіс, бүгінгі
таңда маңызды болып отырған мәселе біздің сыртқы саясатымыздағы үгіт
насихаттың төмен екендігі. Ендігі кезекте сол жағымсыз стереотипті жою
жолдарын қарастыру Сыртқы істер Министрлігі қызметкерлерінің міндеті деп
мақсатты айқындап берген болатын [6].
Мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өзгеше саяси пайымдаудың
нәтижесінде сыртқы саясаттағы насихат, PR құралдарын дамыту ісі мүлде
назардан тыс қалды. Бүкіл әлемдік санада Кеңес Одағы құлағаннан соң, әлемде
бейбітшілік орнап, барша мемлекеттердің басы бірігіп, адамзаттық
құндылықтарды дәріптеуге бағыи алады деген пікірден соң, сыртқы саясаттағы
кез келген PR-дың формалары коммунистік жүйенің, тоталитаризмнің қалдығы
деген сипат алды.
Бұл уақытта халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлығы, экономиканың
тұрақсыздығы, биліктегі сан алуан өзгерістер ел ішінде таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мәселелер болатын. Ал шетелдік
ақпарат құралдары негізгі ақпарат көздері отандық басылымдар болғандықтан,
олар да дәл осы проблемалар арқылы Қазақстанның бейнесін ашуға тырысты.
Сонымен, Кеңес Одағынан бөлініп шыққан жас әрі қойын-қонышы байлыққа
толы мемлекеттің бірі Қазақстанға барша әлем көз тіккен сәтте шетелдік
санада оның образы шикізат елі, парақор, авторитарлы мемлекет,
көшпенділіктің қалдықтары сақталған, заманнан кенже қалған ел ретінде
қалыптасты. Алайда, бұл кезең сын айтатын уақыт емес еді. Мемлекеттің
алдында зор мүмкіндіктерге толы, қиындығы мен қуанышы қатар келген үлкен
асулар тұрды. Еңсесі езілген халықты аяғынан тік тұрғызып, жаңа өмірге
бейімдеу оңай болмады. Сол себепті, мемлекеттің ішкі проблемаларын жолға
қою ісі сыртқы саясаттан да маңыздырақ еді. Дегенмен, Қазақстан осындай
қиындыққа толы шақта да өзінің мемлекеттік ұстанымын әлем жұртшылығы
алдында оңды көрсете білді. Еліміздің әлемдік аренада жағымды образын
қалыптастырудағы сәтті қадамның бірі - ядролық қарудан бас тартуы болатын.
Бұл Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттерді жіті қадағалап
отырған барша әлем жұртшылығының алдында зор абырой болды. Сондай-ақ,
Президенттің алғашқы жолдауларындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты
міндеттемелері шетелдік аудиторияның санасына белгілі мөлшерде Қазақстан
туралы жағымды пікір қалыптастырды.
Германия экономикасының атасы, соғыстан кейінгі реформалардың
жетекшісі, Германияның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан экономист әрі
саясаткер Людвиг Эрхард өзінің бір сөзінде: Үкіметті түбірімен жойып
жіберуге болады. Алайда, жүргізіліп жатқан реформаның қарқынын ешкім
тоқтата алмақ емес. Біз, мейлі ол халықтың санасына, әлеуметтік жағдайына
ауыр болса да қоғамдық тазарту сатысынан өтуіміз қажет. Сонда ғана
толыққанды мемлекет болуға негіз қаланады деген болатын [7].
Менің ойымша, неміс саясаткері сөзінің тұздығы – қоғамды тазарту ісі.
Қазақстан бұл сатыдан абыроймен өте алды. Өз тізгінін өз қолына алғаннан
кейін, Семей ядролық полигонын жапты, ядролық қарудан бас тартты, барша
әлем елдерінен қауіпсіздікті сақтау мен территориялық тұтастыққа нұқсан
келтірмеу кепілдігін алу арқылы жаңа өмірге қадам басты. Қоғамдағы мұндай
тазарту үрдісі өз нәтижесін берді. Яғни, жоғарыда аталған мемлекетіміздің
сыртқы саясатындағы батыл үш қадамды ел бейнесін қалыптастырудағы алғашқы
жемісті баспалдақ деп атауға лайық.
Сыртқы саясаттағы жоспарларын кезең кезеңімен жүзеге асыра бастаған
Қазақстанның Үкіметі бірқатар беделді мемлекеттермен диполматиялық қатынас
орнатып, БҰҰ, ОБСЕ сияқты халықаралық ұйымдары, ШЫҰ, ЕуразЕҚ мемлекетаралық
ұйымдарының белсенді мүшесі болды. Мұның барлығы да Қазақстанның сыртқы
саясаттағы салиқалы ұстанымының нәтижесі еді. Оны жарыса жазған БАҚ-та
белгілі дәрежеде мемлекеттің әлем жұртшылығы алдында беделін өсірді.
Соңғы жылдар көлемінде Қазақстанның имиджі Ұлыбритания баспасөзінде
айтарлықтай өзгеше көрініс бере қойған жоқ. Бұл сөзімізге осы елдің
баспасөзінде жарияланып келе жатқан хабарламалар, комментарийлер,
сараптамалық мақалалар дәлел бола алады. Әрине, Қазақстан туралы Ресей
сияқты көп ақпарат берілмейді, дегенмен, ағылшындықтар Қазақстан образымен
таныс деуге толық негіз бар.
Қазақстандағы саяси ахуалдың, экономикалық, әлеуметтік құбылыстардың
Ұлыбритания баспасөзіндегі көрінісін анықтау маңызды аспектілердің бірі
болып табылады. Аталмыш ел баспасөзіндегі Қазақстан Республикасы имиджін
қалыптастырудағы негізгі беталыстарды анықтау үшін төмендегі басылымдардың
2005-2008 жылдар аралығындағы сандары зерттеу нысаны болып табылды: The
Times, Sunday Times, Finansial Times, Guardian, Daily Express,
Independent, Morning Post, Evening Standart, Daily Mail, Privat
Eye, Sun. Ал отандық басылымдардағы еліміздің имиджін анықтау үшін 2007-
2008 жылдар аралығындағы Егемен Қазақстан республикалық басылымы мен
Айқын республикалық қоғамдық-саяси газеті алынды.
Еліміздегі кез келген саяси өзгерістер баспасөз бетінде өз бағасын
алып жатады. Баспасөз арқылы қоғамда белгілі бір саяси пікір қалыптасып,
жаңа саяси стереотиптер дүниеге келеді.
Қазақстанның саясаты тек отандық баспасөздің ғана емес, Ұлыбритания
баспасөзінің де негізгі тақырыбы. Саясат мәселесі ағылшындықтар тарапынан
жиі сынға ұшырап, көбіне-көп теріс баға беріліп отыратын тақырыптардың бірі
(1- кесте).

1-кесте

Жарияла Жариялан Басылымның атауы
ным ған мате
дардың тақыриал
рып дар
тары дың жалпы
саны
TT
Жағымсыз Жағымды Бейтарап
Ішкі 16 10 2 4
Сыртқы 15 8 - 7
Барлығы 31 18 2 11

Ішкі саясатқа қатысты көтерілетін мәселелердің дені Қазақстанның саяси
жүйесін демократизациялау, нақтылай түссек, 2005 жылы желтоқсан айындағы
Президенттің қайта сайлануы.
Ұлыбритания баспасөзінің пікірінше, Қазақстандағы саяси жүйе бағыт
алған демократиядан гөрі әлі күнге дейін авторитарлық нышандар басым.
Дегенмен, демократия және азаматтық институттарды дамыту мемлекеттің
өзіндік стратегиялық таңдауы екенін атап өту артық болмас. Көптеген
еуропалық мемлекеттерде толыққанды парламенттік демократия мен нарықтық
экономикаға көшу бірнеше жылдың ішінде ғана емес, тіпті, ғасырлар бойы
жалғасқан. Демократияға еліктеу мүмкін емес, оны байыппен, өткен-кеткенді
сараптай отырып қалыптастыру керек. Бұл жүйеге бірден көшу оңай емес.
Шетел баспасөзінде Қазақстан мемлекетін демократизациялаудың жолдарын
қатаң сынға алуы жиі кездесетінін айттық. Аталған мәселе мынадай
жарияланымдарда көрініс тапқан: Назарбаевтың қайта сайланатынына ешкім шек
келтірмейді (The Times, №1147, 2005), Назарбаев Президент болып қала
бермек (Independent, №256, 2005), Назарбаев күмәнсіз жеңістің алдында
(Daily Express, №139, 2005), Қазақстандық хан (Sunday Times, №455,
2005), Бастысы, кәсіби маман (Guardian, №114, 2005), Назарбаевқа қарсы
оппозиция қалыптасып келеді (Privat Eye, №450, 2005).
Independent газетінде жарияланған Қазақстандағы сайлау қорытындысы
туралы кезекті материалда Қазақстанда сайлау әділ өтті ме? деген сұраққа:
Халықаралық бақылау ұйымдары Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі
Қазақстандағы сайлаудың көңілдерінен шықпағандығын алдыларына тартады. 91
пайызбен тағына қайта оралған елбасының жетістігі әділ әрі шынайы өткеніне
қауіп мол. Мемлекеттік қызметте істейтін сайлаушылардың барлығы дерлік
Үкімет тарапынан түскен қысымнан қорыққандарынан Назарбаевқа дауыс берді.
Бұл демократияға бірден бір қайшы келетін әрекет деп жауап береді [8].
Қарастырылған материалдардың дені осындай пікір тұрғысынан жазылған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан бұған дейін кездеспеген
қиыншылықтарға жолықты. Қытай мен Ресей сияқты алыптардың ортасында қалған
ұлан байтақ жері бар, алайда, халқы аз жаңа мемлекеттің сыртқы саясаттағы
басымдықтарын анықтап, өзге елдермен дипломатиялық қатынас орнатуы,
шегаралық мәселелердің басын ашып алуы керек болды. Дегенмен, шешілуі тиіс
бұл проблемалар әлі күнге дейін Қазақстан саясатының күн тәртібінен түспей
келеді делінген Қазақстан туралы сараптамалық жарияланымның бірінде [9].
Мақалада Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлығы, жаңа заманда Ресей,
Қытай, АҚШ, ТМД елдері, мұсылман елдерімен тығыз қарым қатынас орнату
мәселелері туралы айтылған.
Ұлыбритания баспасөзінде Қазақстанның сыртқы саясаты оның мұнайды,
газды шетелдерге тасымалдау, сонымен қатар, Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі турасында жазылады. Мұнайлы өлке Қазақстанның шикізатқа толы
кендері шетелдіктерді балға үйірілген арадай кейіпке енгізді. Негізгі табыс
көзіне айналған құнарлы елдің Ұлыбритания елімен тығыз қарым қатынасы екі
елді де жаңа биіктерге көтермек делінген The Times газетінде [10].
Соңғы уақытта Орта Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесі де
нысанаға алынатын бірден бір мәселелер ретінде жазылып жүр. Ұлыбритания
баспасөзі бүған немқұрайлықпен қарамай, әр уақытта осы мәселеге өз үнін
қосып отырады. The Times басылымында Қазақстандағы ОБСЕ қызметінің өкілі
Шонингпен болған сұхбат жарияланған. Өкілдің пікірінше, Орталық Азиядағы
діни араздықтар осы аймақтың діни қауіпті ортаға айналдыруы мүмкін. [11]
Жоғарыдағы аталған мәселелер мынадай тақырыптармен жарық көрген:
Сыртқы саясат пен ислам (Guardian, №54, 2006), Үлкен ойынның жаңа
тұжырымдары (The Times, №488, 2006), Орталық Азия және стратегтер
(Daily Express, №221, 2006), Назарбаев екінші Кувейт туралы армандайды
(Privat Eye, №45, 2007), Каспий теңізі мәртебесі (Sunday Times, №162,
2007), Өкімдердің оракулы (The Times, 98, 2007).
Ендігі бір келелі мәселе – экономика саласы. Республикадағы
экономикалық реформалар, осы саладағы Үкіметтің жеткен жетістіктері мен сан
соққан тұстары, мұнай мен газдың өзге мемлекеттерге тасымалдануы басылым
беттерінде көрініс береді. Мәселен, 2006 жылы жарық көрген Қазақстан мен
Өзбекстан атты мақалада Қазақстандағы экономикалық реформалардың оң нәтиже
беріп жатқандығы, макроэкономикалық көрсеткіштердің сатылай жоғарылап келе
жатқандығы сараптама арқылы көрсетілген [12]. Ал келесі Өкінішті
сәтсіздік деп аталатын материалда елдегі экономикалық тоқырау туралы,
ұлттық валютаның девольвациялануы туралы сөз болған [13].
Шетелдік инвестициялар мен бірлескен кәсіпорындар жөнінде, соның
ішінде Қазақстан мен Ұлыбританияның экономикалық қарым қатынастары мынадай
материалдарда көрініс тапқан: Қырдағы жаңа биржа ((Daily Express, №54,
2006), Ұлыбританиялық компания үшін жаңа тапсырыс (Sunday Times, №78,
2006), Қазақстандағы мұнай саласындағы жаңа жоба(The Times, №57, 2006),
Қазақстанның жаңа инвестиция көзі (Guardian, №59, 2006), Қайта
жасақталған Үкімет жаңа реформалар жолында (Sunday Times, №64, 2006).
Ал отандық басылымдарға кезек берер болсақ, Айқынның 2007 жылғы 49-
санында Ұлттық экономика өлшемдері деген тақырыппен жарияланған
материалда төмендегідей пікір айтылады: Өркениетті деуге келетін
экономика құрудың біздегі ең қарапайым алғышарттарын қараңызшы. Біреулер
біз мұхиттан, әлемдік нарықтан ашықпыз дейді. Бірақ Қазақстанның ашық
теңізден қашықтығы, кеңестік социализмнің күйреген мұраларын алғандығы
сияқты жекелеген қиындықтар қай елде жоқ дейсіз? Соғыстан кейінгі
Германияның, Хиросима мен Нагасакиіне бомба түскен Жапонияның жанында
біздің маңдайымыздың бағы бар. Еліміздің жер байлығының өзі неге тұрады?
Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи ресурстарының қоры жөнінен алтыншы
орында тұрған перспективасы – талай мемлекеттің қызығып та, қызғанып та
қарайтын дүниесі. Мұндай ресурс – көп елдерде табыла бермейтін баға жетпес
алғышарттардың бірі. Сондықтан, бұл байлықтың иесі – қазақ халқының ел
билігінен бақуатты тұрмысты талап етуге толық қақысы бар. Ал осындай мол
қазба байлықтың иесі туралы шетел баспасөзі қандай пікірде? Назар аударып
көрейік: Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан мен Өзбекстан
сияқты ортаазиялық аймақтағы теңізге шығатын төте жолы жоқ кедей
мемлекеттер туралы кездейсоқ ақпарат алған оқырман не тыңдарман, болмаса,
телекөрермен босқа ысырап болып жатқан табиғи ресурстар, орасан зор шығынға
ұшыраған табиғи орта мен кеңестік дәуірден қалған саяси жүйе жайлы хабардар
болады деп хабарлайды Sunday Times басылымы [14]. Мінеки, біз қанша
жерден өзімізге өзіміз басу айтып, жарқын болашаққа үміт артқанымызбен, ащы
шындық шетел баспасөзінде көрініс беріп отыр.
Сондай-ақ, еліміздегі ушығып тұрған тұрғын үй мәселесі де Ұлыбритания
баспасөзінде көрініс тапқан. 2007 ж. Sun газеті өзінің кезекті 211-
санында: Халықаралық қаржы қоры 2006 жылдың қазақ айында-ақ Қазақстанның
сыртқы қарызы ұлғайып бара жатқанын хабарлаған. Сол себепті қаржыландыру
азая түседі дейді журналист. Мақалада тұрғын үй дағдарысы әсерінен алданып
қалған тұтынушылар мен құрылыс компаниялары арасында туындап жатқан дау-
дамай сөз болады.
Қазақстан экономикасының жетекші салаларының бірі банк пен құрылыс
жұмыстарында жаз айларындағы дағдарыстан соң тоқырау басталғанына
қарамастан, дүние жүзі инвесторларының ыстық ілтипатына ие болған сегіз
елдің қатарында аталуда.
Finansial Times газеті мамандарының жасаған зерттеулеріне қарағанда,
дәл қазір сегіз елге инвестиция құю арқылы бизнес жасаудың мүмкіндігі туып
отыр. Ол елдердің қатарына: Пәкістан, Украина, Қазақстан, Мысыр, Біріккен
Араб Әмірлігі, Нигерия, Камбоджия және Зимбабве жатқызылған [15].
Орталық Азиядағы ең үлкен стан Борат қалжыңының құрбанына айналған
соң, саяси жағдайының тұрақтылығы (демократияға қарағанда басымдау)
есебінен экономикалық қуаты мықты елдердің бірі болып тұр дей келе,
аталған басылым Advance Frontier’s тобының деректеріне сәйкес, 2005 жылғы
қысқа мерзімді қаржы дағдарысы кезінде банк секторында әлсіздік байқалып,
қаржының тек белгілі бір салаларда ғана топтасуы халық тұрмысының қиындай
түсуіне әкеліп соқты дегенді меңзейді Жергілікті қаржы бизнесінде кішігірім
компаниялар ғана бар. Ал ірілері, әсіресе, тау кен саласындағы компаниялар,
шетелдік қор биржаларында тіркелген дейді [16].
Ал Айқын газетінің 2008 жылғы 29-санында жарияланған Тұрғын үй
рыногі: үміттер мен күдіктер атты сараптамалық мақалада мынадай пікір
айтылады: АҚШ-тағы ипотека нарығындағы дағдарыс әлемдік қаржылық-
экономикалық ахуалға тікелей әсер етіп, жаһандық деңгейдегі қымбатшылыққа
әкеп соқты. Қазақстанда да тұрғын үй құрылысы мен оның рыногінің апатты
дағдарысы бар. Мыңдаған үлескерлер алданып, оқиғаның саяси тұрғыдағы дау-
дамайға айналатын ыңғайы байқалып қалған тұста мәселеге Үкімет араласты.
Өйткені, қаржылық, экономикалық дағдарыстардың елдегі саяси-әлеуметтік
ахуалға тікелей әсер ететіні де анық еді. Байқап отырғанымыздай, әлемдік
дағдарыстың Қазақстандағы көрінісін сипаттаған шетел баспасөзі еліміздегі
дағдарысқа қарамастан, саяси жағдайдың тұрақты екенін баса айтады.
Қазақстанның мәдениет пен ғылым саласы, халқының әлеуметтік жағдайы
туралы басылымдар әр түрлі сипаттағы жарияланымдар беріп тұрады. Көктемнің
шуақты мейрамы Наурыздың шетел басылымдары назарынан тыс қалмауына
қарағанда, шетелдік әріптестеріміз қазақтарды бір ұлыстың ортақ мәдениетіне
жатқызып, сол арқылы қабылдауға ұмтылса керек. Дәл наурыз күндері қазақ
суретшілерінің шығармашылығы туралы Guardian басылымы сараптамалық
көлемді мақала жариялаған [17].
Күн мен түн теңелген күні Reuters агенттігіне сілтеме жасаған The
Times газеті Алматыдан шалғайда жатқан ауылдағы халықтың мереке күнгі
көңіл күйі мен жалпы, бүгінгі саяси экономикалық жағдайға деген көзқарасын
беруге тырысқан. Автор өз мақаласында: Ескі үйлерде тұратын және су жүйесі
дұрыс жұмыс істемейтін ауыл бүгінгі Қазақстанның микроорганизмі. Қала өмірі
күн санап өзгеріп жатса да, ауылдық жерде жылдар бойы жағдай еш өзгермейді.
Бұл жерден байшыкештер өмірінің ізі де байқалмайды деп жазады. Мақаланың
өн бойы ауылдағы ағайынның билікке деген өкпе назына толы. Алайда, мақала
соңы ауыл мектебі мұғалімінің: Халық тұрмысының жақсы болуы билікке емес,
халықтың өзіне байланысты деген сөзімен түйінделген. Мақаланы ағылшын
тілді оқырманға ұсына отырып, шетелдік тілші Кеңестік құрсаудан арылғанына
он жеті жылдан асса да, ауылдық жердегі халықтың санасында еш өзгеріс
болмаған дегенді жеткізген [18]. Еліміздегі ауылдық мекендердің жағдайы
барша басылымдарда көрініс тауып келеді. Себебі, түйіні шешілмеген мәселені
халық болып, жұрт болып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы айтсақ,
тығырықтан шығамыз ба деген үміт те жоқ емес. Мұны шетелдік тілшілер де
байқаған.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Оның кең байтақ сахарасында әр
қиырдағы ұлт өкілдері тіршілік етеді. Соның ішінде орыс халқының үлес
салмағы өзге ұлттарға қарағанда анағұрлым басым екендігі дәлелдеуді қажет
етпейді. Ұлыбритания баспасөзінің пікірінше, орыс тілді тұрғындар мен қазақ
ұлтының арасында бітіспес дау бар. Ағылшын журналистері Ресей баспасөзіне
сілтеме жасай отырып осындай пікірге келген. Орыстардың Қазақстаннан
эммиграциялануы мәселесі Орыстар мен қазақтар арасындағы шиеленістер
деген атаумен шыққан мақалада сөз болған. Бұл мәселе тұрғысында Қазақстанда
тұратын өзге ұлт өкілдеріне қазақтар тарапынан қысым көрсету фактілері
тіркелген деген тұрғыда пікір айтылған [19]. Осы мәселені ел ішіндегі
басылымдардан қарастырып көрдік. Егемен Қазақстан республикалық басылымы
2008 жылғы 31-мамырдағы бір топ журналистердің елбасынан алған сұхбатында
Н.Ә.Назарбаев: Тарихымыз бізді көп ұлтты ел ретінде қалыптастырды. Бұл
біздің кемшілігіміз емес, керісінше, бізді ұлттық томаға-тұйықтықтан сақтап
тұратын фактор. Солай болғандықтан, біз барлық қазақстандықтарды
біріктіретін ортақ ұғымның төңірегінде топтасуымыз керек. Қазақстан
халықтары Ассамблеясын Қазақстан халқы Ассамблеясы деп өзгерткенімізді
қоғам түсіністікпен қабылдап отыр ғой. Бізде халық біреу – Қазақстан халқы.
Түптеп келгенде, біз осы идеологиялық қадамның қазақтың ұлт ретінде одан
әрі нығаюына, этностық топтар өкілдерінің жай ғана қазақстандық тұрғын
емес, ділі мен дүниетанымының қазақстандық рухта қалыптасуына барынша ықпал
ету жағын басты нысана етіп алуымыз қажет. Бұл жолда қазақ халқының алдына
өзге этностарға өзінің рухани құндылықтарын сіңіре отырып, тұтастай елдікті
қалыптастыруға қатысты тарихи рөл жүктелмек деп, еліміздегі ұлт
мәселесінің басын ашып көрсетіп, халықтың алдына ұлы міндет қояды [20].
Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екеніне қарамастан, ел ішіндегі тыныштықты
сақтап отырғандығы Айқынның 2007 жылғы 138-санында жарияланған Тұлға –
тірек, төңірегі - керек атты мақалада айтылған.
Қазақ қоғамындағы ұлттық идеология мәселесі шетелдік БАҚ-тың да
назарынан тыс қалмапты. Sunday Times газетінің тілшісі Дэвид Кэрн Оскар
сыйлығына үміткер болған Моңғол фильмін мақаласына арқау ете отырып,
Қазақстандағы ұлттық тұтастықтың бүгінгі келбетін, оған деген қазақ
халқының көзқарасын суреттеуге тырысыпты: Көптеген қазақтар үшін бұл
сыйлыққа фильмдерін ұсыну тек киноиндустрияның дамығандығымен байланысты
емес. Бұл оқиға Кеңес Одағы тұсында қой шаруашылығы, ғарыш айлағы мен
ядролық сынақтар жері ретінде танымал болған Орталық Азиядағы аз ғана халық
қоныстанған елдің әлемдегі қуатты елге айналып келе жатқанын айғақтайды, -
деп жазады автор [21].
Фильм Үкіметтің қазақ тілі мен мәдениетін қолдау саясатына сай
түсірілгенін, алайда қазақшылықты дәріптеу өзге диаспора өкілдеріне қарсы
бағытта жүргізілуде деп санайтын журналистің мақаласын шетелде ғылыммен
шұғылданып жүрген Жанар Наурызбаеваның: Қазақ идеясы негізінде мемлекет
құру мүмкін емес деген пікірімен түйіндеуі – қазаққа қазақты қарсы қою
саясаты емес пе деген ойға жетелейді.
Осы аттас көзқарасты The Times атты басылымның 2007 жылғы 79-санында
жарияланған журналист Наталья Антелаваның Қазақстан өз болмысын
іздестіруде деген мақаласынан байқадық. Қазақтар көпшілік сөйлемейтін
қазақ тілін дамытуға күш салуда деп жаңалық ашқан шетелдік әріптесіміз өз
мақаласында орыс тілді мамандарды сөйлетіпті. Отандық заңгер Евгений
Жовтистің мына пікіріне назар аударсақ: Тәуелсіздік алғалы бері жасалып
жатқан зерттеулер мына бір жайтты анық көрсетуде. Қазақ еместер өздерін
ұлттық тұтасу процесіне қатысып отырмыз деп есептемейді. Олар осы елде өмір
сүріп, тіршілік еткенімен, өздерін қонақ ретінде сезінеді және болашақтарын
бұл елмен байланыстырмайды. Журналист ағылшын тілді аудитория алдында:
Басты қорқыныш қазақтар өз болмысын тапқанымен, жартысы адасып қалады
деген болжам жасайды. Мінеки, байқағанымыздай, батыс баспасөзі қазақ
қоғамының ішінде ұлттық тұтасу процесі жүріп жатыр деп дабыл қағып, сол
ұлттану үдерісінде біздің ұпайдың түгел еместігін аңғартуда.
Соңғы екі жыл көлемінде барша әлемнің Қазақстан еліне деген
қызығушылығын оятқан атышулы Борат фильмі көпшіліктің санасында қазақ елі
туралы жағымсыз пікір қалыптастырды. Комедия жанрында түсірілген фильмнің
басты кейіпкері Борат Сағдиевті сомдаған ағылшын актері Саша Барон Коуэн
бүкіл әлемнің алдында Қазақстанның абыройына нұқсан келтірді. Алайда,
ағылшындардың: Кез келген паблисити мейлі ол жағымсыз болсын, қоғамдық
санаға түрткі болады деген жақсы сөзі бар. Ағылшын киноөндірушілеріне
қомақты табыс түсірген (26 миллион АҚШ доллары) фильмнен соң, шетел
баспасөзінде Қазақстан туралы, ондағы халықтың өте нашар тұрмысы (фильмде
солай көрсетілген болатын), жалпы әлемге бейтаныс елдің тыныс-тіршілігі
жайында материалдар көптеп жариялана бастады. Тіпті, белді ағылшын
басылымдары мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін өз журналистерін
Қазақстанға іссапарларға жібере бастады.
Енді жарияланған материалдарға кезек берсек. Sun газетінде шыққан
Саша Барон Коуэн: Қазақстан туралы фильмге қатысты шындықтар мақалада
актер Саша Бароннен сұхбат алынған. Актер журналистің сауалына: Басты
кейіпкердің отаны ретінде Қазақстан елі алынды. Себебі, бұл ел әлемге
бейтаныс еді. Ал фильмде көрсетілген қазақтардың тұрмысы жайында
білгілеріңіз келсе, сол елге барып көз жеткізіңіздер деп жауап береді
[22]. Ал келесі жарияланымда журналист мынадай пікір айтады: Комедиялық
жанрда түсірілген Борат фильмі Ұлыбритания жұртшылығының аса
қызығушылықпен тамашалайтын фильмі болды. Фильмдегі басты рөл қазақ
теледидарының журналисін сомдайтын Саша Барон Коуэннің бұдан басқа екі
персонажы бар: рэппер Али Джи және австриялық азамат Бруно. Алайда, кино
өндірісіндегі Сашаның сәтті туындысы Борат персонажы екенін фильмнен түскен
табысқа қарап айта аламыз. Ал Борат таныстырған Қазақстанның келбеті
ұлыбритания жұртшылығының басым бөлігі үшін сондай жиіркенішті қалыпта
[23].
3 – кесте
ЖарияланымдЖария Басылымның атауы
ар ланған
дағы оқиға мате
лар риал
ға берілгендар
баға дың жалпы
саны

TT ST FT DE G ES MP DM Жағым
сыз 30 3 11 3 2 1 - 3 7 Жағымды 9 3 2 - - 1 2 - 1
Бейтарап 21 6 5 - - 2 4 - 4 Барлығы 60 12 18 3 2 4 6 3
122 Мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтардың бірі – қазақ
жерінде жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған халықаралық Евразия
кинофестивалі.
Кестеде берілген бағалардың жағымсыз бөлігі Қазақстанның ішкі
саясатына қатысты (3 кесте). Ұлыбритания баспасөзі Қазақстанның
авторитарлық жүйеден әлі де шыға алмай келе жатқанына кейістік білдіреді.
Сонымен қатар, ішкі саясаттағы жемқорлық мәселесі де ушығып тұрған
мәселелердің бірі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттер арасындағы сауда
қатынасы, шетел инвестицияларын тарту ісі мемлекет экономикасын дамытуға
зор үлес қосатын пайдалы шаралар. Экономиканың кез келген саласына шетел
инвестицияларын тарту шаралары тұрғысынан Қазақстан мол мүмкіндіктер
мекені. Республикадағы қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы, мемлекеттің
геосаяси орналасуының ұтымдылығы, минералды ресурстарға бай Қазақстанның
қазіргі жағдайы көптеген шетел инвесторларының назарын аударуда. Бұл
мемлекеттегі ескі кәсіпорындарды жандандыруға, қосымша жұмыс орындарын
ашуға, мемлекеттік қазынаға түсетін салық көлемінің ұлғаюына, сондай ақ,
халықтың әл ауқатының артуына негіз болатын алғышарттардың бірі [24].
Бүгінгі таңда сауда қатынасына, шетел инвестицияларын тартуға,
іскерлік қарым қатынастарға нұқсан келтіретін бірден бір кедергі –
мемлекетіміздегі жемқорлық мәселесі. Шетел инвесторлары сауда
қатынастарының табысты болуы үшін қазақстандықтардан адалдықты талап етеді.
Жемқорлық өз кезегінде барлық шарттарды бұзып, инвестицияның бағасын
қымбаттатқанымен қоймай, нарыққа сапасыз тауарды ұсынады. Бұл
инвесторлардың қызығушылығын жоғалтады, сәйкесінше, өз мүдделерін ойлаған
басшылар мемлекетке түсетін қаржы жолдарына тосқауыл болады.
Sunday Times басылымында жарияланған мына бір материалдағы үзіндіге
кезек берсек: Картада таяуда пайда болған Қазақстан мемлекеті бүгінде әлем
инвесторларының қызығушылығын оятып отырған мемлекет. Алайда мұндағы жең
ұшынан жалғасқан (қазақстандық әріптесім айтпақшы) жемқорлық оның көз
тартар келбетіне нұқсан келтіріп отыр. Мемлекеттік операциялардың қай
қайсысында болмасын, істі тек жемқорлық жолымен шешетін елдің адал жолмен
жүретін кезі әлдеқашан жеткен. Олай болмаған күнде, бұл ел өз
серіктестерінен айырылады [25]. Ал отандық Айқын газетінің 2008 жылғы 9-
нөмірінде жарияланған Тыйым болар ма? атты мақалада: Еуропа елдерінде
сыбайлас жемқорлық қылмысы 15 пайыздан аспайды. Сондықтан соларды үлгі
етуге тиіспіз. Бұл елдерде демократия жақсы дамыған, БАҚ, заң органдары
тәуелсіз, еркін, бәрі де заң аясында қызмет етеді. Азияда Жаңа Зеландия,
Сингапур, Малайзия тәуелсіздік алғаннан бастап, сыбайлас жемқорлыққа жол
бермеу шараларын мықтап қарастырған. Бұл елдердің тәжірибесі бізге үлгі. Ал
біздің шенеуніктеріміздің айлығы 40-50 мың теңге. Осыған шалқып өмір сүріп
отыр дегенге кім сенеді? Мынадай қымбатшылық заманда бұл қаржы жыртығыңды
жамауға да жетпейді, мінеки, жемқорлық деген осы делінген. Бұл – мазмұны
осы сарындас мысалдардың тек біреуі ғана. Отандық БАҚ-тағы жемқорлық
мәселесінің осы сарындағы көріністері шетел баспасөзінде де тиісті бағасын
алған. Әрине, бүкіләлемдік сипат алған мұндай келеңсіз құбылысты бір елде
ғана түп-тамырымен жою мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Сөйтсе де,
Елбасымыздың Жолдауын басшылыққа ала отырып пәрменді күрес жүргізілсе,
қылмыстың жолын кесуге әбден болады.
Дей тұрғанмен, ағылшын баспасөзі өзге ортаазиялық мемлекеттерге
қарағанда, Қазақстанда адам құқығының өрескел түрде бұзылуы, жеке басқа
табыну фактілерінің аз екенін мойындайды. Сыртқы саясаттағы экология
проблемалары, өзге ұлттардың диаспоралары жөніндегі даулы мәселелер де
ағылшын баспасөзінде ұнамсыз тұрғыда жазылған [26].
Қазақстанға қатысты материалдардың ішінде бейтарап көзқарас тұрғысынан
жазылған тақырыптар легі көбіне көп мұнай мен газ тасымалдау ісі, Каспий
теңізінің мәртебесі, Байқоңыр ғарыш айлағы турасында Қазақстан мен Ресей
арасындағы шешімі бітпес даулар төңірегінде болып келеді. Бұл мәселелер
Ұлыбританияның The Times күнделікті басылымында жиі көрініс беріп тұрады.
[27].
Таяуда ғана 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге жолдама алған еліміз
экономикалық дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, ел
ішіндегі ауызбірлік пен саяси тұрақтылық, сыртқы саясаттағы байыпты да
сындарлы ұстаным өз шаңырағын көтергеніне 17 жыл ғана өткен жас
мемлекетіміздің әлемдік аренада толығымен мойындалғанын білдіреді. Осы
мәселеге байланысты шыққан жарияланымдарға назар аударып көрелік. Sundat
Times №25 санында: Қазақстан басшылығының риторикасы Еуропа тарихының
мысалдарынан жыртылып айырылады. Ұлттық құрылыс негізінде француз үлгісі
алынған. Ал ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бүкіл дүниежүзіне Еуропа қоғамдастығының
тең құқықты мүшесі ретінде Қазақстанның дербестігін көрсетуі керек
делінген [28]. Ал The Times былай деп жазады: Қазақстан Ресейде
модернизация процесінің көшбасшысы ретінде танылған. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету
Еуропа Одағының мойындағаны болып табылады [29]. Еліміз үшін елеулі оқиға
– 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету
– белгілі бір дәрежеде мемлекетіміздің мәртебесін көтеріп, абыройын
асқақтатқаны сөзсіз. Ендігі міндет – жүктелген істі жауапкершілікпен атқара
білу.
Қазақстан туралы ақпарат аталған басылымдарға қосымша ретінде
берілетін анықтамалық брошюраларда да кездеседі. Мұндай ақпараттар көбінесе
Қазақстанның Елбасы осы елге ат басын бұрғанда, ресми кездесулер
ұйымдастырылғанда арнайы ақпарат беру үшін жазылады. Мәселен, 2006 жылы
Н.Ә.Назарбаев осы елге ресми сапармен келгенінде Қазақстан туралы, оның
саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық мүмкіндіктері, елдің қысқаша
тарихы, географиялық орналасуы туралы жалпы ақпарлар сериясы берілген
болатын [30]. Ал еліміздегі жағдай кереғар. Отандық басылымдар ел
басшыларының, лауазым иелерінің кездесулерін жалаң ақпарат түрінде беріп
келеді. Мұндай ресми ақпаратты көпшілік оқуға құлықты емес. Сондықтан,
ақпарат берудің жаңа формаларын тауып, оны аудиторияға қызықты етіп ұсына
білу - өз журналистеріміздің мойнында.
Қорытындылай келе, жұмыс барысында сөз болып отырған ақпараттық
стратегия ең алдымен, өз ішімізде, яғни, отандық басылымдарда жүргізілуі
керек. Бірақ, түптеп келгенде, елдің жалпы жағдайын түзете отырып, соның
негізінде имидж жасау шарт. Себебі, шетелдік ақпарат құралдарының негізгі
дерек көзі отандық басылымдар екен деп, ішкі жағдайымызды, шынайы
ахуалымызды жасырып қалуға құқымыз жоқ. Олай болса, еліміздің имиджі оның
шынайы әл-ауқатынан алшақ кетпейтіні ақиқат. Байқап отырғанымыздай,
Қазақстанның шетелдік аудиторияның алдында біртұтас келбеті анықталмаған.
Сондықтан, еліміздің имиджін қалыптастырып, беделін көтеру шаралары әлі де
болса тиянақтауды қажет етеді.
Қазақстанның ішіндегі мемлекет бейнесі мен дүниежүзілік сахнадағы
мемлекет бейнесінің өзіндік ерекшелігін айыра білу қажет. Осы екеуінің
арасындағы тұрақтылықты ұстай білу – мемлекеттің имидж саясатының сәтті
жүзеге асуының кепілі.
Біз қай салада да барымызды, жақсымызды көрсете білуіміз қажет.
Еліміздің жоғарыда аталған жетістіктері мақтануға тұрарлық. Ал өзіміздің
кей басылымдар бір сәт емес, жүйелі түрде мемлекетіміздің сыртқы саясатын
сынай отырып, еліміз, оның басшылығы беделден айырылды, сырттан бізге енді
инвестиция түспейді дегенді айтудан жалықпайды. Олар бүкіл Орталық Азияға
бағытталған шетелдік инвестицияның 80 пайызы біздің елге келетінінен
хабардар болса да, солай жазады. Біз дер кезінде сыртқы саясатқа байланысты
осындай шындықты халыққа жеткізер болсақ, халық оған өз бағасын береді.
Сыртқы саясатқа ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсету қай ел үшін де
маңызды. Мұны біз өз еліміздің жүріп өткен жолынан байқаймыз. Қазақстан
әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алды. Бұл ең алдымен, белсенді
сыртқы саясаттың арқасы. Оны отандық бұқаралық ақпарат құралдары барынша
шынайы түрде көрсетіп, сол саладағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
Спорт саласын қолжетімді ету
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Сервистік қызмет туралы
Қазақстан Республикасындағы «Сан-Фарма» компаниясының мысалында халықаралық маркетингтік қызметті талдау
Ақтөбе нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын талдау
БРЕНДИНГ МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Фирманың имиджін қалыптастырудағы қоғаммен байланыстың рөлі
Пәндер