Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2. Ақшаның металдық теориясы жэне металл ақша
айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.3. Ақша айналысы және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
ІІ тарау Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен қадағалаудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ІІ.1. Валюгалық реттеудің мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... .. 34
ІІ.2. Валюталық операциаларды жүзеге асырудың негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
ІІ.3. Валюталық бақылаудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... .. 46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Осы кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және алдағы уақытта оның табысты жұмыс істеуі үшін негіз жасауға бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің ішінде ол әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша, қаржы секторының даму деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен бірнеше жыл алда келеді.
Валюталық реттеу - валюталық құндылықтармен мәмілеге отыру тәртібімен есептерді регламенттеуге бағытталған мемлекеттің қызметі.[1] Егер валюталық реттеу көмегімен мемлекет бақылауына валюталық операцияларды, шетел заңды және жеке тұлғаларға кредиттер мен қарыз берілді, валютаны әкелу әкету шетелге аударуды, сол арқылы валюталық тұрақтылығы мен төлем балансының тепе-теңдігін қолдауға тырысады.
Дағдарыс құбылыстарының тереңдеуімен валюталық реттеу сферасының кеңею тенденциясы байқалады. Көптеген елдерде шетелге валютаны шығаруға лимиттер бекітілген, шетел заңды тұлғаларының кредит беруге рұқсатын арнайы жүйесі енгізілген.
Қазақстан Республикасы көбіне нормативті болып табылады, яғни халықаралық валюталық келісімге отыру мен нормативті актілерді шығару аркылы жүзеге асырылады. Көптеген елдер өз елінің спартерлерін, олардың тапқан сомаларын шетел валютасын өткізуге немесе белгілі бір банкте оны депонерлеуге мәжбүрлейді. Батыс Еуропа мемлекеттерінің валюталық заң шығару органдары ұлттық валюталық нарықтар регламентациясын бекітеді. Бұл елдердің банктері шетел қарыз алушыларына ұлттық валютада ұзақ мерзімді немесе орташа мерзімді валюта қаражатын беруге арнайы рұқсат алуы тиіс. Көп елдерде валюталық заң шығару валюталық шоттар режимін бекітуін, сондай-ақ валюта әкетуге қойылатын лимиттерді қарастырады.
Валюталық реттеудің қажеттілігін елдер мен банктердің валюталық тәуекелдерді азайтуға ұмтылуынан көруге болады. 1996 ж. қаңтарда Банктік бақылау бойынша Базель комитеті әр валюта бойынша бөлек валюталық тәуекел және валютамен алтын бойынша аралас портфельдегі валюталық тәуекелді есептеудің жаңа методикасын жасады.
Валюталық шектеулер – бұл резиденттер мен бейрезиденттердің валютамен басқа валюталық және басқа да валюталық құндылықтармен операцияларын заңды және әкімшілік тиым салу, шек қою және регламенттеу.
Валюталық шектеулер – валюталық саясат формаларының бірі. Олар елдің валюталық заңымен бекітіледі, мемлекет аралық реттеудің объектісі.[2]
Шетел валютасындағы құнды қағаздар мен валютасымен операциялар ағымдық валюталық операциялармен капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар болып бөлінеді.
Ақшалар өте көне заманда, тіптен мемлекеттер құрылғанга дейін пайда болғанын білеміз. Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған «талантты»
атауға болады. Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас, ал салмағы 52 кг болған. Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі мен ақша өлшемін айтқан. 1 талант = 6000 драхмға тең болған, салмағы 26,2 кг жеткен.
1. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы
2. Бюджеттік құқық. Алматы, Жеті жарғы, 2006, -360 бет.
3. «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 Заңы
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы "Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңы. (өзгетулер мен толықтырулар № 577-И 20.01.08ж)
5. Банктік құқық. С.М. Найманбаев, Алматы, 2005. - 152 бет.
6. Калиева Г.Т., Омарова А.К. Валютные рынки и валютные операции
7. Банк қызметі туралы, Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жиынтығы. Алматы, Юристь, 2005, -179 бет.
8. «Ақша аударымының банкаралық жұйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қараша N 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 наурызда N 711 тіркелді.
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. -129 б
10. Дәндібаева К.Б. Два года свободному плаванию теңге //Экономическое обозрение Национального банка РК. 2001. -№1.
11. Банкілік құқық. А.С. Тасыбаева. Алматы, 1999жыл.
12. Тазабеков А. Анализ ситуации на региональный потребительских рынках до и после введения режима свободно плавающего обменного курса (на основе ценовых обследований в регионах) //Экономическое обозрение Национального банка РК. 1999. -№2.
13. Толковый словарь рыночной экономики. Москва, 1993 ж.
14. Г.Сейткасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов Қазақстанның банк жүйесі. А, 2008ж.
15. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері, 2006, 219 б.
16. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік. Д.М. Мадиярова. Алматы, Экономика, 2000, -193 бет.
17. Давыдов Л., Раймонов Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы. Жеті Жаргы, 2005 ж.
18. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы, Юрист, 2008.-128 б.
19. Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі туралы» Заңы. 31 тамыз 1995 ж. Алматы, «Юрист» 2006ж.
20. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 01.03.2007 жыл. Егемен Қазақстан. № 49.
21. Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. Н.Б. Мухитдинов, С.М. Найманбаев., С.С. Серимов, Алматы, 1999, 216 бет.
22. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі" Алматы, Юрист, 2007, 228 б.
23. Мұхитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. Қазақша-орысша салықтық-құқықтық түсіндірме сөздік. А., 1999ж.
24. Тоғысбаева А.Б. Анализ экономической ситуации в Казахстане и
необходимость введения плавающего режима обменного курса.
25. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Лицензиялау туралы 11 кантар 2007 жылы.
26. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы Ереже. 31.12.03. №1270 Президентінің Жарлығымен бекітілген.
27. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. 01.03.2008 жыл. Егемен Қазақстан Отан сақшысы. № 8-9.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
І тарау Ақшаның мәні, қызметтері және 6
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу 6
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... .
1.2. Ақшаның металдық теориясы жэне металл ақша 14
айналысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.3. Ақша айналысы және ақша 22
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ тарауҚазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен 26
қадағалаудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
ІІ.1. Валюгалық реттеудің мақсаттары мен 34
міндеттері ... ... ... ... ... ..
ІІ.2. Валюталық операциаларды жүзеге асырудың негізгі 40
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ІІ.3. Валюталық бақылаудың құқықтық 46
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..51
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланылған әдебиеттер 54
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Осы кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және
алдағы уақытта оның табысты жұмыс істеуі үшін негіз жасауға бағытталған
реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстанның кредиттік рейтингінің
инвестициялық деңгейге дейін жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты
дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің ішінде ол
әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша, қаржы секторының даму
деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен бірнеше жыл алда келеді.
Валюталық реттеу - валюталық құндылықтармен мәмілеге отыру тәртібімен
есептерді регламенттеуге бағытталған мемлекеттің қызметі.[1] Егер валюталық
реттеу көмегімен мемлекет бақылауына валюталық операцияларды, шетел заңды
және жеке тұлғаларға кредиттер мен қарыз берілді, валютаны әкелу әкету
шетелге аударуды, сол арқылы валюталық тұрақтылығы мен төлем балансының
тепе-теңдігін қолдауға тырысады.
Дағдарыс құбылыстарының тереңдеуімен валюталық реттеу сферасының кеңею
тенденциясы байқалады. Көптеген елдерде шетелге валютаны шығаруға лимиттер
бекітілген, шетел заңды тұлғаларының кредит беруге рұқсатын арнайы жүйесі
енгізілген.
Қазақстан Республикасы көбіне нормативті болып табылады, яғни
халықаралық валюталық келісімге отыру мен нормативті актілерді шығару
аркылы жүзеге асырылады. Көптеген елдер өз елінің спартерлерін, олардың
тапқан сомаларын шетел валютасын өткізуге немесе белгілі бір банкте оны
депонерлеуге мәжбүрлейді. Батыс Еуропа мемлекеттерінің валюталық заң шығару
органдары ұлттық валюталық нарықтар регламентациясын бекітеді. Бұл елдердің
банктері шетел қарыз алушыларына ұлттық валютада ұзақ мерзімді немесе
орташа мерзімді валюта қаражатын беруге арнайы рұқсат алуы тиіс. Көп
елдерде валюталық заң шығару валюталық шоттар режимін бекітуін, сондай-ақ
валюта әкетуге қойылатын лимиттерді қарастырады.
Валюталық реттеудің қажеттілігін елдер мен банктердің валюталық
тәуекелдерді азайтуға ұмтылуынан көруге болады. 1996 ж. қаңтарда Банктік
бақылау бойынша Базель комитеті әр валюта бойынша бөлек валюталық тәуекел
және валютамен алтын бойынша аралас портфельдегі валюталық тәуекелді
есептеудің жаңа методикасын жасады.
Валюталық шектеулер – бұл резиденттер мен бейрезиденттердің валютамен
басқа валюталық және басқа да валюталық құндылықтармен операцияларын заңды
және әкімшілік тиым салу, шек қою және регламенттеу.
Валюталық шектеулер – валюталық саясат формаларының бірі. Олар елдің
валюталық заңымен бекітіледі, мемлекет аралық реттеудің объектісі.[2]
Шетел валютасындағы құнды қағаздар мен валютасымен операциялар ағымдық
валюталық операциялармен капитал қозғалысымен байланысты валюталық
операциялар болып бөлінеді.
Ақшалар өте көне заманда, тіптен мемлекеттер құрылғанга дейін пайда
болғанын білеміз. Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге
дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған
талантты
атауға болады. Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас, ал салмағы
52 кг болған. Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі
мен ақша өлшемін айтқан. 1 талант = 6000 драхмға тең болған, салмағы 26,2
кг жеткен.
Ал ең бірінші монеталар (ақшалар) біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда
көне Лидия патшалығы мен Қытайда жасалынған деп есептелінеді.
Қағаз ақшалар біздің дәуіріміздің VII ғасырында Қытайда шығарыла
бастаған. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан мемлекеті кағаз ақшаларды алтынға еркін
ауыстыратын болды. Сондықтан жалған ақша жасаушыларға сол кезден бастап өте
ауыр, қатал жазалар қолданылған.
1500 жылы Қытайда ақша айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кетуіне,
инфляцияның көтерілуіне байланысты қағаз ақша шығару тоқтатылған болатын.
Бірақ Қытайда мемлекеттік банктермен қатар жекеменшік банктердің болуына
байланысты, соңғылары қағаз ақша шығару ісін жалғастыра берген. Бұл банктер
шығарған ақшалар мен құнды қағаздар айналымда мемлекеттік ақшалармсн бірдей
жүрген және оларға сол шығарған банктер кепілдік беретін болған.
Қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан ақша белгілері екі түрден,
яғни қазыналық және банктік билеттерден тұратыны сол өткен замандардың
айғағындай. Бұл жерде эмитент ретінде мемлекеттің өзі және мемлекеттік
банктер болған. Осы кезеңге, яғни өз валютамызды енгізгенге дейін біздің
ақша жүйемізден орын алып келген одақтық, одан қалды Ресей ақшалары,
осындай екі түрден тұрган болатын.
Қазыналық билеттер мемлекет атынан шығарылып, мемлекеттің байлығымен
қамтамасыз етілетін болған. Ал банктер шығаратын банктік билеттер
банктердің корларымен камтамасыз етілген. Бірақ бұл екі жағдайда да эмитент
тек мемлекет болады. Өйткені мемлекеттік банктер, олардың қандай да
болмасын алтын және баска да ақша корлары мен активтері мемлекеттің меншігі
болып есептелінеді.
Қазіргі кезде банкноттар мен тиындарды шығару құқығы тек Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісіне берілген. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасының акша жүйесі туралы Заңының 5 бабында: Қазақстан
Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару, оның айналысын
ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын ... Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі жүзеге асырады деп айтылған.[3]
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныц Ұлттық банкі туралы Заңының
19 бабында Нақты ақша қаражаттарын шығару Ұлттық банкінің банктерге
банкноттар мен теңгелер сатып, баламасын қолма-қол алмау түрінде жүзеге
асырылады деп белгіленген.[4]
Айналысқа ақшаларды шығару, ақша жүйесін ұйымдастыру, ақша бірліктерін
қамтамасыз ету және ақша айналысын басқару мемлекет тарапынан Ұлттық
банкіге жүктелген. Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі
бағыттарын белгілеп, оны тікелей жүзеге асырады.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене катыса
алады. Және катысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кіруімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экономикамызға қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және Даму Банкі,
Азия Даму Банкі және таяуда құрылған Еуразия Даму Банкінің жобаларына баса
назар аудару керек.
Валюта жүйесі өндірістің өсу темпімен, сауданың және халықаралық
байланыстың дамуымен тығыз байланысты. Ол тек қана елдің экономикасына ғана
әсер етіп қоймайды, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы орнын анықтайды.

І.Тарау. Ақшаның мәні, қызметтері және түрлері.

1.1. Ақша жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

Ақша-кредит статистикасы елдің қаржы ұйымдарының каржылық және қаржылық
емес активтері мен пассивтерінің қорлары (қалдықтары) туралы мәліметтердің
кешенді жиынынан тұрады. 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстандағы ақша-
кредит статистикасының талдау негізі, тұтастай алғанда ХВҚ Басшылығының
ақша-кредит және қаржы статистикасын жасау жөніндегі ұсыныстарына сәйкес
келетін тұжырымдамалар мен анықтамаларды көрсетеді.
Ақша-кредит статистикасы жөніндегі деректер Ұлттық Банктің және
Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банктердің шоттарын қамтиды,
солардың негізінде Ұлттық Банк бойынша екінші деңгейдегі банктер мен банк
жүйесіне монетарлық шолу жасалады. Ұлттық Банктің монетарлық шолуында ақша
базасының барлық құрамдас бөліктері бойынша деректер болады, оған елдің
ақша агрегаттарының негізіне жататын Ұлттық Банктің міндеттемелері кіреді.
Екінші деңгейдегі банктердің монетарлық шолуына ақша массасының ұлттық
көрсеткішіне кіретін банктердің міндеттемелері жөніндегі деректер
кіреді.[5]
Институционалдық қамту бойынша едәуір ауқымды болып табылатын және елдің
қаржы секторының барлық институционалдық бірліктері бойынша
шоғырландырылған деректер бар қаржы секторының шолуын жасау үшін ақша-
кредит статистикасын кредиттік серіктестіктердің шоттары мен басқа қаржы
институттарының (ломбардтардың, сақтандыру компанияларының, зейнетақы
қорларының және т.б.) шоттарын кіргізу есебінен кеңейту жоспарлануда. Бұл
ақша-кредит және қаржы статистикасының елдегі қаржы қызметінің анағұрлым
теңбе-тең көрінісін бере алатындай болуы үшін қажет. Қаржы секторының
шолуын жасаған кезде Қазақстандағы ақша-кредит және қаржы статистикасы
елдің қаржы рыногындағы өзгерістердің жалпы көрінісін көрсету үшін құралдар
мен мекемелері барынша кең ауқымын қамтитын болады. Валюта операцияларын
жүргізген кезде жекелеген шектеулерді кезең бойынша алу, уақыт пен
халықаралық практика талаптарына сәйкес валюта операцияларын реттеудің өзге
де әдістерін қолдану. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген валюталық
заңнамасында белгіленген шектеулер мен кедергілер дамып келе жатқан
рыноктық қатынастары бар елдердің көпшілігіне тән.[6] Қазіргі кезде
республикаға шетелдік капиталдың тұрақты ағыны, төлем теңгерімі айырбас
бағамның тұрақтылығы валюталык реттеу саясатының акцентін капиталдың
әкетілуіне қатаң бақылаудан қаржы қаражатын тиімді пайдалануды арттыру
міндетіне бағыттауға, сондай-ақ ішкі қаржы рыногын дамытуға және жаңа қаржы
құралдарының пайда болуына мүмкіндік береді. Валюталық ырықтандырудың
негізгі бағыттары мен кезеңдері Қазақстан Республикасында валюталық режимді
ырықтандыру тұжырымдамасында керсетілген, соған сәйкес бірінші кезеңді іске
асыру үшін әлдеқайда тартымды және экономикалык жағынан сенімді валюта
операцияларына қатысты жекелеген шектеулерді алып тастауды айқындайтын
Қазақстан Республикасында
валюталық режимді ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы
қабылданды. Бағдарлама шеңберінде валюта операциялары бойынша ақпараттық
базаны жетілдіру, ішкі валюта рыногында кең ауқымдағы алыпсатарлық
операцияларға жол бермеудің және қысқа мерзімді капитал ағындарын
бақылаудың тиімді тетігін құру, сондай-ақ валюталық бақылау рәсімдерін
жүйелеу және жеңілдету көзделген. Бағдарламаның ережелерін іске асыру
валюталық реттеудің шектеулі режимнен кең ауқымды және мейлінше
тұрақсыздандыратын капитал ағындарының мониторингі мен бақылаудың нарықтық
нысандарына және әдістеріне көшу үшін алғышарттар жасайды. Валюталық
режимді толық ырықтандыру, яғни валюта операцияларын жүргізуге рұқсат
беруден тіркеу, хабарлау тәртібіне көшу мен ағымдағы және күрделі
операциялар бойынша ұлттық валютаның конверсиялануына (ырықтандырудың
екінші және үшінші кезеңдері) 2007 жылы қол жеткізу болжанады. Осы мақсатты
іске асыру үшін ұлттық валютаның толық конверсиялануының қағидаттары
жасалатын Валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған
тиісті бағдарламасы дайындалатын болады. Сонымен бірге дағдарыстық
құбылыстар пайда болған жағдайда, Үкімет пен Ұлттық Банктің шектеулер
енгізу құқығы сақталады. Мемлекеттің төлем жүйесін дамытудағы маңызды
мақсаты Қазақстанның төлем жүйесін Еуропалық одақ стандарттарына толық
жақындату және төлем құралдарының жаңа түрлерін енгізу мен дамыту болып
табылады.
Сондай-ақ Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі
қызметті шоғырландыру мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру
және дамыту қажет. Бұдан басқа, ТМД елдерінің (ЕуроАзЭә немесе басқа
құрылымның) нақты уақыт режимінде есептеудің ұлттық жалпы жүйелеріне
негізделген жалпы төлем жүйесін құру, сондай-ақ Қазақстанның төлем жүйесін
ТМД мен шет елдерде танымал ету маңызды бағыт болып табылады. Қазіргі
уақытта Қазақстанның төлем жүйесі халықаралық қаржы ұйымдарының дамыған
елдердің төлем жүйелеріне қойылатын барлық талаптарына сай келеді. Бұл
ретте, төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар
үнемі жетілдіріліп және жоғарылатылып отырады.
Еуропалық одақ елдеріндегі соңғы әзірлемелер микропроцессорлық
технологиялар негізінде төлем карточкаларының жүйелерін дамытуға
бағытталған. Осыған байланысты, Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақ
стандарттарына жақындату жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Ұлттық Банк өзінің
күш-жігерін Қазақстанда микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем
карточкаларын енгіз мен дамытуға бағыттауды жоспарлайды.
Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларын енгізу
бағытында алғашқы қадам жасалды да - Қазақстан Республикасында
микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада көзделген
микропроцессорлык карточкалар негізінде төлем карточкаларын пайдалану
болашақта халыққа, сауда-сервис кәсіпорындарына оларға қай банк қызмет
көрсеткеніне қарамай қызмет көрсету бойынша бірыңғай "төлем" кеңістігін
құруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының аумағында төлем
карточкаларының жүйесі дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын
кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға
қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиімділігі аздау төлем құралдарынан (мысалы,
чек сияқты) жаңа тиімдірек төлем құралдарының түрлеріне көшуге мүмкіндік
береді. Осы мақсаттар үшін Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Төлем
карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымы - "Процессинг
орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Процессинг орталығы) құрылды, оған
төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеу, төлем карточкаларын,
сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерінің төлем карталарын пайдалана отырып
жүзеге асырылатын төлемдерді маршрутизациялау мен клиринг бойынша міндеттер
жүктелді.[7]
Процессинг орталығының қызметі, сондай-ақ микропроцессорлық карталар
базасында электронды коммерция жүйелерін (E-Commerce) құру және дамыту,
коммерциялық ұйымдарға, корпоративтік және жеке клиенттерге, мемлекеттік
мекемелерге қызмет көрсету; әлеуметтік мәселелер: сақтандыру, азаматтарды
жүйeгe келтіру, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдықтар бойынша
көшірмелер жөнінде қызмет көрсету саласын дамыту жэне т.б. болжанады.
Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесін ендірудің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты Ұлттық
Банктің айналыстағы ақша массасын тиімді басқару қабілетін сақтау, қаржы
рыноктарының тұрақтылығына қауіп төндіруі немесе төлем жүйесіне сенімді
жоюы ықтимал жүйелік және басқа да тәуекелдерді шектеу түтынушыларға жаңа
әрі тиімді, тәуекелі аз, қымбат емес және қолайлы төлем және қаржы
қызметтерін көрсету әдістерін дамыту болып табылады.
Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық
банкаралық жүйесін ендіру үшін мынадай іс-шараларды дәйекті түрде іске
асыру кажет:
- жүйені құруға байланысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру;

- тұтынушылардың сұранымын, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлеуге
төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау;
- төлем карточкаларын пайдаланумен әлуетті қылмыстарды болдырмау
әдістерін, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшін салдарлар мен
әлуетті тәуекелдерді анықтау. Бұдан басқа, қызметін мынадай негізгі
бағыттарда дамыту болжанып отырған Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы елдің төлем жүйесін дамытуда маңызды роль атқарады:
- ТМД елдерінің бірыңгай мемлекетаралық төлем жүйесін құруға қатысу
немесе баска құрылым) - төлем жүйесін сату жөніндегі қызметтер көрсетуді
дайындау және ТМД елдері мен басқа да елдерге ұсыныс; қазақстандық және сол
сиякты шетелдік каржы институттарын коса отырып, SWIFT сервис бюросын одан
әрі дамыту - SWIFT көлік жүйесін пайдаланушыларға SWIFT арқылы төлем
жүйесіне хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкіндік беру үшін
Қазақстан төлем жүйесімен ықпалдастыру; ақша аударудың банкаралык
жүйесінде және клирингінде жаңа қаржы құралдарын дамыту; Қазақстанның жүмыс
істеп тұрған төлем жүйесін және Ақпарат көлігінің қаржылық
автоматтандырылған жүйесін негізгі ақпаратгы басқару жүйесімен
ыкпалдастыру; - пайдаланушылар үшін АКҚаЖ арқылы төлем жүйесіне
хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкіндіктер жасау үшін көлік
жүйесін ықпалдастыру; қазақстандық және сол сияқты шетелдік қаржы
институттарын қоса отырып, одан әрі дамыту.
Ақша-кредит саясаты құралдарын қолдануды жетілдіру және инфляциясыз
экономикалық өсу үшін жағдай жасауға және экономикадағы күрт құлдырауларды
болдырмауға бағытталған ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатының келісілген
шараларын қабылдау. Осы мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу
арқылы қамтамасыз етіледі:
- экономикалық конъюнктураның ауытқуларын және осы ауытқуларға ықпал
ететін негізгі факторларды шұғыл анықтау, талдау және болжау;
- ақша-кредит саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету
арналарының тиімділігін зерттеу жэне талдау. Ұлттық Банк Директорлар
кеңесінің 2000 жылғы 18 наурыздағы N 103 қаулысымен бекітілген Ұлттық
Банктің жүйесінде экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар
мониторингінің тұжырымдамасы негізінде 2000 жылғы 4-тоқсаннан бастап
кәсіпорындарға тоқсан сайынғы тұрақты режиммен ерікті негізде жүргізілетін
зерттеулер ұйымдастырылды, олардың нәтижелері елдің, аймақтың және базалық
салалардың ағымдағы және болжамды экономикалық жай-күйін және экономикадағы
үрдістерге баға алуды камтамасыз етеді.[8] Сонымен бірге мониторинг
нәтижелерін жоғарыда аталған мақсаттарда тұтастай пайдалану мүмкіндігі
кәсіпорындардың – мониторингке қатысушылардың танымалдығына, яғни елдің
және өңірлер экономикасының салалық құрылымын кәсіпорындардың қандай
дәрежеде көрсетуіне байланысты. Қазіргі уақытта мониторингке экономиканың
барлық базалық салаларынан 1000-нан астам кәсіпорын қатысады. Сонымен
қатар, бұл - мониторинг өзінің алғашқы қадамын бастаған онеркәсіп
салаларының басым түрде ірі және орташа кәсіпорындары. Сондықтан Ұлттық
Банктің және оның өңірлік филиалдарының күш-жігері негізінен басқа
салалардың кәсіпорындарын зерделеуге тартуға бағытталған. Алға қойылған
міндеттерді іске асыруға: 1) экономикадағы іскер цикл сатысын айқындау үшін
алдыңғы көрсеткіштердің, қысқа мерзімді ауытқулары жүйесін құру; 2)
мыналардың:- мониторингке қатысушы кәсіпорындардың танымал болуын арттыру;
-ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшін тікелей бағдарлау ретінде
қорытынды көрсеткіштерді әзірлеу;- кәсіпорындардың сауалнамаларды толтыруын
оңайлату мақсатында оларды жетілдіру және ақша-кредит саясатының
экономиканың нақты секторына негізгі ықпал ету арналарын зерттеу
мүмкіндігін камтамасыз ету негізінде экономиканың нақты секторында
экономикалық процестердің жай-күйін және күтілетін өзгерістерді бағалауды
жақсарту қызмет етеді. ЖІ ауытқуларының бағыты мен көлемін талдау
экономикадағы сұраныс факторларына ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатының
келісілген шараларымен уақтылы ықпал ету арқылы оларды қалпына келтіру үшін
неғұрлым нақты бағдарлар береді. Мониторинг жүргізу, сондай-ақ
кәсіпорындарда айқындылықтың болмауына жол бермеу арқылы экономиканың нақты
және қаржы секторын бұдан әрі жақындату проблемасын шешуге жағдай жасайды,
бұл индустриалдық және инновациялық даму бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік
саясатты іске асыруда оң ықпал етеді.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар бұл сату немесе айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды
құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну
құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісінің қатынасы бойынша айырбас
кұны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және
олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.[9]
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбастау құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемді формасынан жалпы кұндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп аткара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасына айналды.
Тауар айналасының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың озінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен бірінші ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құралына айналды.
Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты нақты сол
ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой, ал
шөл және шөлейт аудандарда түйе, тундрада бұғы жалпықұндық эквивалент
кызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланғаны туралы нақты
дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған
заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы
поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы
уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда өгіз деген атау ойып өрнектеліп
жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақша) пекус (мал) сөзінен
шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы рупия
негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін
де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген: біздің
жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және
боярлардан 18 тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы, қазына жинау орны –
мал ұстайтын орын аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі гермен
тілінде бүл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік
Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік америка халықтарында жалпы
құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және
Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен,
хазарлармен Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты
құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде ақша жүйесінің бүгіні болып
саналады. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб.
күміс пен 7000 руб. жүн табылады.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ ақшаларды пайдаланды, тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары
сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей
ақшыл қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке
тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс
жағалауларында Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың
қызметін атқарады. Американдық үнділердің белдіктерін бақалшақ ақшалар
құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары
белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік американың Тынық мұхит
жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас
құралы ретінде пайдаланды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады.
Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске
ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір
тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең
арзаны - қара түсті, ақ түсті, аса қымбат - қызыл түсті пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Қайта кұру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен, ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттады. Бұл жағдайда қолма-
қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса,
қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспар экономика жағдайында ғана
мүмкін болады, себебі уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша,
қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі
болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің мемлекет
иелігіне алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып
калды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы
процесіндегі колма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде
қызмет көрсету. Сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының обьективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс
бір бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып, ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық
болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу есеп,
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің
меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен озгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-кол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізіліп, директивті саясаттың орнына
республикамызда колма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.[10]
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-
зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе корсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде
шектеулі ғалымдар онша кабылдай коймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша
өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның
бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу
шотында колма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз
жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін. Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-
қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты, ақша айналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл қағаз несие
ақшалар көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта реттеудің бірыңғай
жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауында "Қаржы рыногын мемлекеттік реттеу және қадағалау
туралы" және "Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің және онда қалыптасып
отырған қатынастарды қадағалаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері
жөнінде кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы"
заңдардың жобалары жатыр. Осы жүйені құру шеңберінде кешенді және
қадағалаудың үйлестірілуі мен тиімділігінің, ақпараттылығының, қаржылық
қызметті тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жоғары дәрежесін
камтамасыз ету қажет. Қаржы секторын толыққанды реттеу үшін оны құрған
кезде ықпал ету, Ұлттық Банкпен және басқа мемлекеттік органдармен ақпарат
алмасу рәсімдері мен өзара іс-қимыл сызбаларын айқындау қажет.
Бірыңғай реттеуші орган ұлттық экономиканың күшті қаржылық
инфрақұрылымын құруға және ұлттық қаржы жүйесіне сенімінің молаюына ықпал
етуі тиіс, оған пруденциалдық қадағалау, қаржы институттарын жеткілікті
капиталдандыру және тәуекелдерді бара-бар басқару жөніндегі жұмыстар жағдай
жасайтын болады. 2007 жылга қарай Еуроодақтың стандарттарын және отандық
бағалы қағаздар рыногының ерекшеліктерін ескере отырып, аралық қадағалау
тетіктерінің негізгі өлшемдерін қайта қараған жөн.
Бұдан басқа, жүйелік тәуекел ұғгайған жәненемесе бүкіл қаржы рыногында
немесе оның жеке бөліктерінде дағдарыстар пайда болған кезде қаржы
рыногының ірі қатысушылары банкрот болған кездегі жедел іс-қимылдар сызбасы
әзірленуі тиіс. Жоғарыда аталған міндеттерді іске асырғаннан кейін және
қаржы рыногының дамуына орай 2007 жылы қаржы рыногын реттеушінің қаржы
рыногы субъектілерінен жыл сайынғы алымдар арқылы кезең-кезеңмен өзін-өзі
қаржыландыру (ішінара қаржыландыру) мәселесі қаралсын.
Қаржы рыногының тетіктері мен рәсімдерін қадағалауды жетілдіру
мақсатында банк жүйесі үшін Базель Комитетінің қағидаттары, сақтандыру
рыногы үшін Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығының (IAIS)
талаптары, Бағалы қағаздар бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымының
(ISОСО) бағалы қағаздарды реттеу қағидаттары сияқты қаржы рыногының
жекелеген бөліктерінде реттеудің халықаралық стандарттарын одан әрі енгізу
жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады. Бұдан басқа, қаржы рыногының дұрыс
және толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Еуропалық одақтың
қаржы рыногына қатысушылардың пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша
жекелеген нормалары мен директиваларын кезең-кезеңмен бейімдеу жүзеге
асырылады.

1.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы

Ақшаның металдық теориясы. Бұл теорияның өкілдіктеріне капиталдың
алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қоғамның
байлығы ақшамен өлшеуге сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп
санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс
яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның
металдық теориясы фетишистік сипатта, себебі, бұл теорияның пайымдауынша
ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал
адамдардың тауар шаруашылығында өндірістік қатынастарын аттайтын ақша
екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты
мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады.[11] Ақша туралы оның
теориясының барлық пайымдауларының негізі ақшаға тек нағыз бір ғана ақша
деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы
күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы XIX ғ.
теоритиктерімен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша
жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын
айналысының тар мағынада қолданылуы XX ғ. Дүниежүзілік экономикасының
шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын
талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем
әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделеді. Металдық
теорияның қайта жандануы XIX ғ. екінші жартысында алтын-монета
стандарттарының Германияда 1871-1873 жж. енгізілуімен байланысты болды.
Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ
металға айырбасталатын Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол
кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және
М.Дебре ағылшын экономисі Р.Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын
енгізу идеясын ұсынады. Себебі, ақшаның өндіргіш күштер мен тауар
қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен
бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғандығы, ол,
оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе
айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы
ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі,
тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын
қайшылықтар айырбас құнының әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір
тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді.
Мұнда тауарлардың баламалылығын ( мал = бидай = балта), яғни, тауардың
түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап
етеді.
Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз
болуы кажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл
тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек
әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу кажеттігі туындап,
айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу кабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының
қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны касиетіне ие болды. Тауар
өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте
құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырады. Егер, тауардың тұтыну құны
болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
- Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі
екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бір мал
бір қап бидайға айырбасталды.
Екінші формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады.
Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар
саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген
балама тауарлардың айырбасында жүрген.
Үшінші формасы - бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші
өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға
тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан
жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға
тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар -ақшалай формасы
қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс аткарды.
Сонымен, ақша дегеніміз- бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға
балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына
сәйкес калыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып
табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі акша айналысынсыз
тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол ерекше тауар болып қала береді.
Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі.
Сондыктан да, алтынның баска тауарлардың құнын бейнелеуі бұл оның табиғи
қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи
сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілілігі және
таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай ақ,
оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары
болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы
қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория
болып табылады.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш
қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
1) жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
2)айырбас қүнының дербес формасы;
3) еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.[12]
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті,
ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын
сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек
қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған.
Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату
мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері,
акшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл
формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен
қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге
сату барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен
өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы)
ақшалар және құндық белгілер (толық бағалы емес ақшалар).
Нағыз ақшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл
ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып
табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-
Х ғ.ғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да қоса жүрді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша
қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері
себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі,
сақталғыштығы, өндіру және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы
арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті де бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы
ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
Жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып,
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын
айналыстан шыға бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
құнның металдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінеді: қағаз ақшаларға және несие ақшаларға.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығын жабу мақсатында
қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-мемлекет
белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атқарады.
Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың қүнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің
төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын
икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасалуымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және
несиелік карточкалар.[13]
Вексель - белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады: жай вексель және аудармалы вексель. Жай
вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) қарызды
алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға
(ремитентке) төлеу туралы бұйрығын білдіреді. Трассат тратта бойынша
төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы
вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы
қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардың көбеюіне
байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант, вексель
бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай вексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері
болып табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель - белгілі бір соманың қарызға беруден туындайтын
қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель - бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық
вексель бойынша мемлекет борышқор болып табылады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін
тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге
тиістілігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы
(индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік
міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Банкнота - қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталық
банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса
(3-6 айлық), ал банкнота - мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде Орталық банк
шығаратын болғандықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Жалпы банкнотаны екі түрге бөлуге болады: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде металға еркін алмастырылатын, яғни металлмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билетін білдіреді.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан айырмашылығы бар:
- жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі
қызметінен, ал банкнота - ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
эмиссиялау әдісі бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық
шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
қайтарылуына қарай - классикалық банкноттар вексель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Қазақстандағы экономикалық ілімдердің негізгі бағыттарының даму тарихы
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Меркантилизмнің экономика ілімінің тарихындағы орны
Банк және банк жүйесіне сипаттамма
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Пәндер