Орталық азиядағы исламның радикалдану үрдісі



Ислам дінінің практика жүзінде радикалдану процесі 18 ғ-да Араб түбегінде өмір сүрген Мұхамет Әбд әл-Уаххабтың есімімен тікелей байланысты. Діни отбасында дүниеге келген Мұхамет Әбд әл-Уаххаб ерте жастан ислам догматтарына қызығып, бірқатар ислам оқу орталықтарында оқыды. Ислам дініндегі ең қатал ханбалиттік мазхаб идеологтары еңбектерін оқып-өскен ол ең алдымен, замандастарына Мұхамет пайғамбар заманынан бері ислам дінінің қатты бұрмаланғанын айтып, ислам дінін «жаңартулардан тазартуға» шақырды. Ол әулиелердің бейіттеріне барып зиярат ету (оның ішінде Мұхаммет пайғамбардың да), адамдардың оларды құдай алдында қамқорлықққа шақыру және т. б. ислам дінімен біте қайнасып кеткен салт-дәстүрлерді ауыр күнәлардың қатарына жатқызды. Діни сауаты төмен араб тайпалары арасында қолдау тапқан Әбд әл-Уаххабтың насихаттары сондай-ақ, мақсатқа жетудің тәсілі ретінде халықты «жиһатқа», яғни қасиеттті соғысқа шақырды. Көптеген ғылыми әдебиеттерде «реформатор» деп есептелінетін, алайда ислам дінінің дамуына, көркеюіне ешбір үлес қоспаған оның идеяларында алғашқы кезден-ақ саяси реңк байқалды. Өйткені Әбд әл-Уаххаб шынайы діни емес, араб халықтарының басын біріктіріп, Осман империясының боданынан шығу сияқты саяси мәселелермен шұғылданып кетті. Мұны байқаған Недж мемлекетінің (Орталық Арабия) әмірі Сауд Әбд әл-Уаххабтың соңынан ергендерге (ары қарай уаххабшыларға) үлкен қолдау көрсететіндігін білдіріп, оларды сол кезде саяси жағынан бытыраңқы болған арабтарды бірлесіп, біріктіруге шақырды. Екі жақ арасындағы уағдаластық шамамен 1750 жылы жасалды.
Мұнан кейінгі 15 жылда Саудтың басшылығымен уаххабшылар Орталық Арабияны түгел өздеріне бағындырып, 1786 ж. мұнда Саудтың әулеті билік құрған ірі мемлекет пайда болды. Ал 1787ж. (1791) Әбд әл-Уаххаб қайтыс болғаннан соң Саудтар мемлекетіндегі рухани билік те осы әулеттің қолына өтті. Ал Сауд өмірден озған соң Араб түбегін біріктіру ісі оның ұрпақтары – ұлы Әбд әл-Әзиз бен немересі Саудқа қалды. Уаххаб ілімін өз мемлекетінің идеологиясы қылып алған Саудтықтар кейінгі жылдары да өздерінің жаулап алушылық соғыстарында бірталай жетістіктерге жетті. Мысалы, ұзақ соғыстардан кейін уаххабшылар 1804ж. Араб түбегінің көп бөлігін, оның ішінде мұсылмандар үшін ең қасиетті екі қала Мекке мен Мединені де басып алды. Алайда Ирак пен Сирияға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. Қайда барса да өз идеологияларын өзгелерге күштеп таңбақ болған уаххабшыларды жергілікті халықтар қолдамады.
Ал 19 ғасырдың басында уаххабшылардың күшейіп бара жатқанын көрген Осман империясы Саудтар мемлекетіне қарсы шықты. Түрік сұлтаны бұйрығымен Египет билеушісі Мұхаммет Әли 1818-1819жж. Саудтар мемлекетіне қарсы жорыққа шығып, уаххабшыларды жеңіліске ұшыратты. Алайда жеңілістен мойымаған уаххабшылар радикалды исламды шетелдерге таратуды одан ары жалғастырып, 19 ғ-дың 20-шы жж. Үндістанға да жетті. Осы жылдары Мұхаммет Исмаил мен Саид Ахмет Барелви деген екі уаххабшының басшылығымен Солтүстік Үндістан мұсылмандарының жергілікті билікке қарсы қозғалысы болып өтті.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Азиядағы исламның радикалдану үрдісі

Ислам дінінің практика жүзінде радикалдану процесі 18 ғ-да Араб
түбегінде өмір сүрген Мұхамет Әбд әл-Уаххабтың есімімен тікелей байланысты.
Діни отбасында дүниеге келген Мұхамет Әбд әл-Уаххаб ерте жастан ислам
догматтарына қызығып, бірқатар ислам оқу орталықтарында оқыды. Ислам
дініндегі ең қатал ханбалиттік мазхаб идеологтары еңбектерін оқып-өскен ол
ең алдымен, замандастарына Мұхамет пайғамбар заманынан бері ислам дінінің
қатты бұрмаланғанын айтып, ислам дінін жаңартулардан тазартуға шақырды.
Ол әулиелердің бейіттеріне барып зиярат ету (оның ішінде Мұхаммет
пайғамбардың да), адамдардың оларды құдай алдында қамқорлықққа шақыру және
т. б. ислам дінімен біте қайнасып кеткен салт-дәстүрлерді ауыр күнәлардың
қатарына жатқызды. Діни сауаты төмен араб тайпалары арасында қолдау тапқан
Әбд әл-Уаххабтың насихаттары сондай-ақ, мақсатқа жетудің тәсілі ретінде
халықты жиһатқа, яғни қасиеттті соғысқа шақырды. Көптеген ғылыми
әдебиеттерде реформатор деп есептелінетін, алайда ислам дінінің дамуына,
көркеюіне ешбір үлес қоспаған оның идеяларында алғашқы кезден-ақ саяси реңк
байқалды. Өйткені Әбд әл-Уаххаб шынайы діни емес, араб халықтарының басын
біріктіріп, Осман империясының боданынан шығу сияқты саяси мәселелермен
шұғылданып кетті. Мұны байқаған Недж мемлекетінің (Орталық Арабия) әмірі
Сауд Әбд әл-Уаххабтың соңынан ергендерге (ары қарай уаххабшыларға) үлкен
қолдау көрсететіндігін білдіріп, оларды сол кезде саяси жағынан бытыраңқы
болған арабтарды бірлесіп, біріктіруге шақырды. Екі жақ арасындағы
уағдаластық шамамен 1750 жылы жасалды.
Мұнан кейінгі 15 жылда Саудтың басшылығымен уаххабшылар Орталық
Арабияны түгел өздеріне бағындырып, 1786 ж. мұнда Саудтың әулеті билік
құрған ірі мемлекет пайда болды. Ал 1787ж. (1791) Әбд әл-Уаххаб қайтыс
болғаннан соң Саудтар мемлекетіндегі рухани билік те осы әулеттің қолына
өтті. Ал Сауд өмірден озған соң Араб түбегін біріктіру ісі оның ұрпақтары –
ұлы Әбд әл-Әзиз бен немересі Саудқа қалды. Уаххаб ілімін өз мемлекетінің
идеологиясы қылып алған Саудтықтар кейінгі жылдары да өздерінің жаулап
алушылық соғыстарында бірталай жетістіктерге жетті. Мысалы, ұзақ
соғыстардан кейін уаххабшылар 1804ж. Араб түбегінің көп бөлігін, оның
ішінде мұсылмандар үшін ең қасиетті екі қала Мекке мен Мединені де басып
алды. Алайда Ирак пен Сирияға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. Қайда
барса да өз идеологияларын өзгелерге күштеп таңбақ болған уаххабшыларды
жергілікті халықтар қолдамады.
Ал 19 ғасырдың басында уаххабшылардың күшейіп бара жатқанын көрген
Осман империясы Саудтар мемлекетіне қарсы шықты. Түрік сұлтаны бұйрығымен
Египет билеушісі Мұхаммет Әли 1818-1819жж. Саудтар мемлекетіне қарсы
жорыққа шығып, уаххабшыларды жеңіліске ұшыратты. Алайда жеңілістен
мойымаған уаххабшылар радикалды исламды шетелдерге таратуды одан ары
жалғастырып, 19 ғ-дың 20-шы жж. Үндістанға да жетті. Осы жылдары Мұхаммет
Исмаил мен Саид Ахмет Барелви деген екі уаххабшының басшылығымен Солтүстік
Үндістан мұсылмандарының жергілікті билікке қарсы қозғалысы болып өтті. Бас
көтерушілер өзге уаххабшылар тәрізді мұсылман қауымын Мұхаммет пайғамбар
заманындағы исламға оралуға шақырып, халықты билікті басып алуға
жұмылдыруға тырысты. Егер мұсылман елдеріндегі уаххабшыларға исламды пұтқа
табынушылықтан тазарту ұраны тән болса, үндістандық уаххабшылар исламды
индуизм дінінің сарқыншақтарынан тазартуға шақырды. Алайда бұл қозғалыс
жеңіліспен аяқталды. Уаххабшылар Үндістанда бірбеткей қатігездіктерімен
өздеріне тек үнділер мен сикхтарды ғана емес, өз пікірлерімен келіспеген
мұсылмандарды да қарсы қойды.
Ал Орталық Азияға уаххабизмнің енуі жайындағы дерекдер, бізге оның Кеңес
үкіметінің құрылуымен бірге келгенін көрсетеді. Ол 20 ғасырдың басында
Осман империясынан уаххабшыл көзқарасына байланысты қуылған Саид ибн
Мұхаммет ашШами ат-Тараблуси немесе Шами-дамулла (1867-1932) деген сириялық
арабтың есімімен тығыз байланысты. Каирдің әл-Азхар университетінде білім
алған ол щафииттік мазхабтың өкілі болды. Осман империясынан жер
аударылғаннан кейін ол Иран, Ауғанстан, Үндістан елдерін аралап, 20ғасырдың
басында Шығыс Түркістанға келеді. Ал Шами-дамулланың 1919ж. Шығыс
Түркістаннан (Қашғар) Орталық Азияға (Ташкент) келуіне кеңестік
коммунистердің тікелей әсері болд. Ол уаххабизм ілімін тарату арқылы
жергілікті мұсылмандар арасына жік салып, кеңес үкіметінің Орталық Азиядағы
отаршылдық езгісін күшейтуге жәрдемші рөлін атқаруы тиіс болды.
Коммунистердің келісімен миссионерлік қызмет атқарған Шами-дамулла өзінің
шафииттік көзқарасына байланысты ханафиттік мазхабты ұстанатын жергілікті
қауым, дәлірек айтқанда дін ғұламалары тарапынан үнемі қарсылыққа ұшырап
отырды. Жергілікті халық ұстанатын исламның формасын, салт-дәстүрді қатты
сынға алуы оның жат ілімнің немесе уаххабизм ағымынан екендігін көрсетіп
тұрды. Ол да өзге исламның радикалды тармағын ұстанушылар тәрізді
фундаменталистік көзқарасты жақтап, ортағасырлық дін ғұламаларының мұрасын
қабылдамай, мұсылмандар негізгі тірек ретінде тек Құран мен Мұхаммет
пайғамбардың хадистеріне ғана сүйенуі керек деген көзқараста болды.
Алайда бірнеше тілді жетік меңгерген (араб, парсы, түркі), діндар көпшілік
жиналған жерлерде Құран мен хадистерден көптеген мысалдар немесе сілтемелер
келтіріп, негізінен қарапайым халықтың арасында абырой жинап, кейіннен
Ташкент төңірегінде танымал діндар саналды.
Ол өзінің Ташкенттегі эмиграциясы кезінде қоғамдық-саясимен қатар, діни-
ағарту ісімен де айналысты. Одан тәлім алған шәкірттердің жалпы саны аз
болғанымен (шамамен 20-30), олар кейіннен Орталық Азияда радикалды исламның
насихатталып, таралуына өзіндік үлес қосты. Шами-дамулла шәкірттерінің
қатарындағы ең танымалы 1957-1982жж. САДУМ-ның (Орта Азия мұсылмандары діни
басқармасы) мүфтиі қызметін атқарған Зияутдин Бабаханов болды. Алайда бұл
кезде уаххабизмнің жергілікті исламды ығыстырып шығарып, аймақта үстемдік
етуі мүмкін емес еді. Бұған бір жағынан Кеңес Одағының саясиланған исламға
аса сақтықпен қарауы себепші болса, екінші жағынан жергілікті радикалды
ислам мен шетелдік өкілдер арасында тығыз байланыстың орнауына КСРО-ның
жүргізген оқшаулану саясаты кедергі болды.
Орталық Азияда ислам дінін реформалау мен тазартуға бағытталған
саяси белсенділіктің онан кейінгі кезеңі 60-шы жж.-дың аяғы мен 70-ші жж.-
дың басына тура келді. Осы кезде араб-израиль жанжалының ушығуы, араб
елдерінде діни топтардың қаптап кетуі, Ирандағы ислам төңкерісі Орталық
Азиядағы исламның радикалдану процесіне үлкен серпін берді. КСРО-ның
социалистік бағытты таңдаған араб елдерімен тығыз байланыс орнатып, арадағы
алыс-берісті кеңейтуі жағдайды одан ары шиеленістірді.
Бұл кезеңде де жергілікті радикалды исламды қолдаушылардың көтерген
тақырыптары негізінен Орта Азия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Дипломатиялық қызметтің қалыптасуы
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер
Пәндер