Қазіргі қоғамның демографиялық жағдайы



Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Қазіргі қоғамның демографиялық жағдайы.
ә) Отбасының материалдық.экономикалық, щаруашылық.тұрмыстық қызметтері.
б) Еліміздегі некелесу мен ажырасудың себептері. Олардың алғы шарттары.
Қорытынды.
Отбасының қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық- әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Сонымен қазіргі отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.
1. Отбасының міндеті ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болуы кешегі қоғамның қай кезеңінде болмасын оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазірде солай. Қызметіне әсер етпейді деуге болмайды.
Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық-саяси, әлеуметтік жағдайларын жасап отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегіне көп немесе аз баласы болуына итермелейді. Мысалы Қытайда отбасында бір ғана баланың болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси-экономикалық жағдайларға байланысты ұлт өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістік қызмет атқарады. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюі, әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаға айналды. Олай болса ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес, саяси-экономикалық проблема болып табылады.
2. Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызметі. Бұл отбасының табысы мен шығысы, өмір сүру мүмкіндігін қорландыру, үй шаруашылығын жүргізу т.б мәселелер. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта маңызды орын алады. Отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқару қажет. Қазақта: ,,Үйлену оңай, үй болу қиын,, ,,бас екеу болмай, мал екеу болмайды,, деген нақыл сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы мүшелерін экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы отбасының беріктігі осыған байланысты.
Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді. Отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер де ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық тұрмысты бірігіп жүргізу өмір талабына айналды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Қазіргі қоғамның демографиялық жағдайы.
ә) Отбасының материалдық-экономикалық, щаруашылық-тұрмыстық қызметтері.
б) Еліміздегі некелесу мен ажырасудың себептері. Олардың алғы шарттары.
Қорытынды.

Отбасының қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының
жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының
жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық- әлеуметтік
құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік
қызметтерді атқарады.
Сонымен қазіргі отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.
1. Отбасының міндеті ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи
кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді.
Бірақ жұбайлардың балалы болуы кешегі қоғамның қай кезеңінде болмасын оны
қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазірде
солай. Қызметіне әсер етпейді деуге болмайды.
Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге
адам әкелудің экономикалық-саяси, әлеуметтік жағдайларын жасап отырып, ерлі-
зайыптылардың өз тілегіне көп немесе аз баласы болуына итермелейді. Мысалы
Қытайда отбасында бір ғана баланың болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи
факт. Мұның зиянды жағы отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына,
халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси-экономикалық
жағдайларға байланысты ұлт өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістік қызмет
атқарады. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюі, әлеуметтік, саяси-экономикалық
проблемаға айналды. Олай болса ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес, саяси-
экономикалық проблема болып табылады.
2. Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызметі.
Бұл отбасының табысы мен шығысы, өмір сүру мүмкіндігін қорландыру, үй
шаруашылығын жүргізу т.б мәселелер. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта
маңызды орын алады. Отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты,
әсіресе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар
бірігіп атқару қажет. Қазақта: ,,Үйлену оңай, үй болу қиын,, ,,бас екеу
болмай, мал екеу болмайды,, деген нақыл сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық
өндірісті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу
қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы мүшелерін экономикалық-материалдық
жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы отбасының беріктігі
осыған байланысты.
Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тәрбиеледі,
ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді. Отбасының экономикалық дербестігіне
жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер де ерлермен бірдей жұмыс
істейді. Сондықтан шаруашылық тұрмысты бірігіп жүргізу өмір талабына
айналды.
3. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті; оны
қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізі-
баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени
ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа
жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және
қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Отбасынан тыс та тәрбие бар. ,,Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе
қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол,,- дейді. Мұның да үлкен тәрбиелік мәні
бар.
Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы - оның
дамушылық қызметі. Оның мәнісі мынада: Ата-аналар балаларының жеке
ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек. Сонда ғана балалар өздерінің
табиғи қабілеті мен дарынын көрсете алады. Жас күнінен бастап балалардың
қабілетін танып, соған сәйкес тәрбие, бағыт-бағдар берудің маңызы айрықша.
Балалардың ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыру отбасында
қалыптасады. Бұл балаға да, отбасының басқа мүшелеріне де тікелей қатысты.
Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер.
4. Сексуалды- эротикалық қызмет- бұл қажеттілікті қанағаттандыру қоғамның
көз қарасымен қарағанда маңызды болып, сонымен қатар отбасы мүшелерінің
сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы
өсуін қамтумен іске асырады. Зерттеудің қорытындысына қарағанда, сексуалды
сәйкестік, рухани сәйкестіктен кейінгі маңызды орын алады.

Ел президентінің биылғы жолдауының ерекшелігі халық өмірінің барлық
саласын қамтитындығында. Соның бірі еліміздегі ең өзекті мәселе-
мемлекеттің демографиялық саясатының қалыптасуы.
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен сәттен бастап Елбасымыздың бастауымен біз
еліміздің демографиялық мәселесіне мән бере бастадық. Өтпелі кезеңнің аса
ауыр қиыншылықтарына қарамастан, халықтың әл-ауқатын арттыру, ана мен
балаға қамқорлық жасау күн тәртібінен түскен жоқ. Еліміздің халық санын
арттыру үшін табиғи өсімнің бірден- бір қайнар көзі бала тууды көбейту
керек. Бізде 530-540мың немесе бүгінгіден екі есе көп сәби дүниеге келіп
отыруы тиіс.
Бүгінгі күні жас, алға қарқынды дамып келе жатқан еліміз үшін белсенді
демографиялық саясат ұстану қажет. Кез келген елдің экономикалық дамуының
ең маңызды құрамдас бөлігі адам факторы.
Халық санының өсуіне тікелей ықпал ететін мәселе- баспана жайы.
Баспанасыз өмір сүру мүмкін емес. Ал алдағы жылда 2008-2010 жылдары 27 млн.
шаршы метр үй салыну жоспарда бар. Бұл жағдайда 300 мың отбасы немесе 1,5
млн. адам жаңа пәтерге ие болады екен. Сонда 2009-2010 жылдар аралығында
500 мың отбасы немесе 2,5 млн. қазақстандық жаңа үйлерде тұратын болады.
Бұл республика халқының 16,4%-ы немесе 6\1 алты жыл ішінде жаңа пәтерге ие
болады деген сөз. Бұндай құрылыс Қазақстан тарихында бұрын-соңды болған
емес.
Жалпы ажырасу, ажыраспау адамның болмыс-бітіміне, мінез
ерекшелігіне, жеке тұлғалық қасиетіне қатысты мәселе болғандықтан, отбасын
сақтап қалудың да талай жолдарының барлығын естен шығармаған жөн. Заң
бойынша ажырасуға арыз берген ерлі-зайыптыларды бұл ниеттерінен қайтаруға
бағытталған бір ай мерзімде ойлану шарасы қарастырылған.
Бүгін үйленіп, ертең ажырасқанша асықпай үйленіп, өмір-бақи бақытты
ғұмыр кешкен артық емес пе? Қазіргі жастар керісінше бір-бірін толық
білмей, асығып үйлене салады. Жаңа үйленген екі жас бір-бірін қанық
түсінбей, жағдайларына немқұрайлы қарайды. Сондықтан отбасындағы байланыс
әлсіреп, ажырасуға мәжбүр болады. Дүниеде не жаман? деген сауалға халық
даналығы ,,қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман,, деп жауап
қайырған. Демек, қыздың төркініне қайтып келуі бұрын өлім саналған. Казір
өкінішке орай ол үйреншікті жағдайға айналып кетті, ерсі болмай қалды.
Ұрпақ тәрбиесіне, әсіресе қыз бала тәрбиесіне бұрын халқымыз қатты мән
берген. ,,Қызға қырық жерден -тыю, бір үйден жию,, десе, осының ішінде қыз
тәрбиесіне байланысты қаншама әңгіме жатыр.
Отбасындағы жанжалға кім кінәлі?
Қазақта ,,Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды,, деген сөз тіркесі
бар. Бірақ оның сылдырлауы әр үйде әрқалай және біреуінде жиі, енді бірінде
сирек. Негізі ашуды ақылға жеңдіріп, бір-біріне кешіріммен, түсіністікпен
қарай білетін ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керістің аз болатыны, тіпті
кейбірі бірін-бірі қабағынан түсініп, артық сөзге бармайтыны да рас.
Дегенмен бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді әрбір жаратылған жанның
мінез-құлқы да сан алуан. Ажырасудың басты себебі не? деген сұраққа жауап
іздеп көргендер спирттік ішімдікке құмарлық , тұрғын үй мәселесінің
шешілмеуі, жұмыссыздық және отбасылық өмір сүруге деген жауапкершіліктің
аздығы деген.
Жанжалдың шығу себептері:
1. Билікке талас. Негізі, өзінің дегенімен жүргізуге ұмтылушылық қазіргі
кезде өте жиі кездесетін жағдайға айналып отыр. Кезінде отбасының
асыраушысы, яғни ақша табатын тек ер кісілер болды да, әйелдер тек бала
табу, оның тәрбиесімен айналысумен шектелді. Қазіргі заман басқа. Әйелдер
де оқыған, іскер, қызметпен айналысады. Сондықтан отбасын ұстауда да
олардың кейбірі еріне есе жібергісі келмейді.
2. Қызғаншақтық. Бұл ері немесе әйелі қызметкер жақсы жалақы табатындар,
сондай-ақ ері немесе әйелі көз тартарлықтай келбетті жұптардың арасында
кездеседі. Олар үнемі қосағымнан айырылып қалам ба? деген үреймен жүреді.
Сондықтан да кешке жұмыстан кейінгі мезгілде ұрыс-жанжал шығаруға бейім
тұрады. Не болса соны қазбалап, сұрақтың астына алу екіншісінің де ызасын
келтіріп, қалай жанжалға бой алдырып қойғанын өздері де сезбей қалады.
3. Ішімдікке, түрлі құмар ойындарына салынушылық. Ерік-жігері осал жандар
кез келген проблеманы шешуге келгенде тығырықтан шығар жол таба алмай,
бірте-бірте ішімдікке үйір бола бастайды. Бұл өзі жұмыстан шаршап келіп,
одан үй-ішінің күйбеңімен жүрген келіншекке ұнамайды. Жігерсіз жандар құмар
ойындарына да бейім келеді. Олар өздерінің басындағы проблеманы бір сәт
ұмытпақ болып, бұл ойынды бастайды да одан қайта шыға алмай қалады.
4. Әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы. Тұрмыстағы жетіспеушілік ер мен әйелді
бірте-бірте қажытады да, оның соңы ,,сен неге молырақ табыс таппайсың?,,
деп бірін-бірі түртпектеуге алып келеді.
Отбасы мүшесінің бірі екіншісін қайта тәрбиелегісі келетіні де бар.
Туа біткен мінез жүре келе өзгермейді. Дегенмен аздап өмірге, ортаға
бейімделу болады. Осындай адамның бойға біткен мінез-құлқын өзгертуге
екінші бір адамның ықпал жасағысы келгені.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі
болады:
1. Демократиялық.
2. Традициялық немесе авторитарлық.
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрге бөлінеді:
1. Дәстүрлі отбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы
отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты
бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальды
болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;
2. Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның
дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады,
мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға,
спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады;
3. Жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те
өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық- тұрмыстық қажеттіліктер тең
іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Қазақстандағы демографиялық процестер
Қоғамдағы демографиялық процестер
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Қазіргі таңдағы демографилық ахуал
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығы
Пәндер