Химия тілі



1. Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері.

2. Химиялық номенклатура мен символиканың өзара байланысын қалыптастыру.

3. Химия тілі ғылыми және оқу танымының құралы.

4. Мектеп химиясындағы тіл туралы білімнің игерілуіне қойылатын талаптар.
Таңбалар жүйесінің таным мен қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі анықталып, уақыт өткен сайын қолдану аясы . Таным объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол арқылы адам білмегенді білуге, жартылай білімнің толық және дәл білімге айналуына негіз алады. Оқушылар әлімнің шындық бейнесін белгілі бір ұғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нәтижесінде қубылысты бақылап, оның мән-мағынасына көніл аударады, бір мәннен екінші және одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртілдеп әрқайсысының алуан жақтарын және бір-бірімен байланысын аша түседі. Қоршаған ортадағы барлық заттар мен құблыстар өзара байланысты және олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді.
Бізді қоршаған орта табиғи және жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зерттейтін семиотика ілімінің негізін салған Америка ғалымы: Чарльз Сандерс Пирс. Дүние жүзінде қолданып жүрген тілдердің барлығы таңбаларға жататындықтан, таңба ретінде кез келген затты, шартты белгіні қолданұға болады. Шартты белгілер-материалдық жағынанда, білдіретін хабарының мазмұны, оны білу тәсілі мен таңбаның құрылымындық сипаты жағынан да алуан түрлі. Ол ғылым объектісі болұға әбден жарайтын мейлінші күрделі құбылыс. Философ ғалым Н.С. Нарский «Шығу тегі жағынан таңба дегеніміз-адамның практикалық және теориялық іс-әрекеті кезінде өзінен басқа бір нәрсені белгілейтін сезім мүшелері арқылы қабылдауға болатын нәрсе»-деп қарайды.
1. Аханбаев Қ. «Химия негіздері» Алматы. Мектеп 1987
2. Бірімжанов Б.А. «Жалпы химия» Алматы. Мектеп 1988
3. Жадрина М. «Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға дағдыландыру» Алматы. Рауан 1990
4. Кирюшкин Д. М., Полосин В.С. «Химияны оқыту методикасы» Алматы. Мектеп 1984
5. Нұғыманов И. «Химия символика мен номенклатураны оқыту» Алматы. Мектеп 1980
6. Нұғыманов И. «Химия тілі» Алматы. Қазақстан 1977
7. Онербаева З.О. «Номенклатура мен символиканың өзара байланысы арқылы оқушылардың химиялық білімің жетілдіру» Алматы. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1. Химия тілін түсінудің семиотикалық негіздері.

2. Химиялық номенклатура мен символиканың өзара байланысын қалыптастыру.

3. Химия тілі ғылыми және оқу танымының құралы.

4. Мектеп химиясындағы тіл туралы білімнің игерілуіне қойылатын талаптар.

Таңбалар жүйесінің таным мен қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі
анықталып, уақыт өткен сайын қолдану аясы . Таным объективті
шындықтың адам санасында бейнелену процесі. Ол арқылы адам білмегенді
білуге, жартылай білімнің толық және дәл білімге айналуына негіз алады.
Оқушылар әлімнің шындық бейнесін белгілі бір ұғымдар жүйесі арқылы игеріп,
ойлау нәтижесінде қубылысты бақылап, оның мән-мағынасына көніл аударады,
бір мәннен екінші және одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртілдеп
әрқайсысының алуан жақтарын және бір-бірімен байланысын аша түседі.
Қоршаған ортадағы барлық заттар мен құблыстар өзара байланысты және олар
адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде
бейнеленеді.
Бізді қоршаған орта табиғи және жасанды денелерден тұрады. Таңбалар жасанды
денелерге жатады. Осы таңбалар жүйесін зерттейтін семиотика ілімінің
негізін салған Америка ғалымы: Чарльз Сандерс Пирс. Дүние жүзінде қолданып
жүрген тілдердің барлығы таңбаларға жататындықтан, таңба ретінде кез келген
затты, шартты белгіні қолданұға болады. Шартты белгілер-материалдық
жағынанда, білдіретін хабарының мазмұны, оны білу тәсілі мен таңбаның
құрылымындық сипаты жағынан да алуан түрлі. Ол ғылым объектісі болұға әбден
жарайтын мейлінші күрделі құбылыс. Философ ғалым Н.С. Нарский Шығу тегі
жағынан таңба дегеніміз-адамның практикалық және теориялық іс-әрекеті
кезінде өзінен басқа бір нәрсені белгілейтін сезім мүшелері арқылы
қабылдауға болатын нәрсе-деп қарайды.
Бір қатар зерттеушілер өз еңбектерінде таңба ұғымы белгілерінің ішінен
мыналарды негізге алады:

1. Таңба екі жақты құбылыс, бір жағынан пішіні болатын, екінші жағынан
идеалды мәні бар.
2. Идеалды мәні өзінен басқа белгілейтін нәрсесі жөнінде информация
береді.
3. Мәні жоқ таңба болмайды.
4. Таңбаның мәні субъект қабылдайды және пайдаланады.
5. Оқыту үрдісінде таңбалар білімнің тасымалдайтын формасы болып
табылады.

Химиялық таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы-тіл. Басқа таңбалар осы тілдің
негізінде жасалады да, тіл арқылы тікелей іске қосылады. Философтардың
пікірлері бойынша, таңбаның мәні-белгілі бір нәрсе не зат туралы беретін
информация. Семиотикада таңбаларды негізгі таңба және көмекші таңба деп
екіге бөліп қарастырады. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады.
Сонымен қатар таңбаларды тәбиғи таңба, жасанды таңба, сигналдық, символдық,
тілдік, субституттық таңбала деп бөлу де кездеседі. Семиотикада химиялық
тілдін таңбаларын үш жағынан қарастырады. Таңба жеке күйінде қолданылмайды,
бір бірімен бірігіп, жүйе түзеді. Осы жүйедегі таңбалардың өзара қатынасын
синтактика саласы зерттейді.

Химия тілі семиотикасы

Таңбалар


Жасанды таңбалар


Тілдік таңбалар

↓ ↓
Жасанды тілдер Табиғи тіл


Химия тілі

Химиялық тілдің жіктелуі.

Химиялық тіл

Химиялық формулардың бірнеше түрі болады:
Эмпирикалық формула – заттың тәжірбие жүзінде табылған формуласы.
Құрылымдық химиялық формула – молекуладағы атомдардың қандай ретпен
біріккенін, химиялық қосылыстағы атомдар арасындағы байланыс ретін
көрсетеді.
Кеністіктік химиялық формула – молекуладағы атомдардың кеңістікте
орналасуының химиялық құрылысының бейнесі.
Иондық формула – бұл жоғарыда айтылғандардан басқа иондарды көрсетеді.
Электрондық химиялық формула – молекуладағы атомдар арасындағы химиялық
байланысты көрсетеді.
Кез келген ғылымның қалыптасу, даму тарихы оның тілі мен кәзіргі таңдағы
қалпын байқатады. Сондықтан да химия ғылымының тілі де оның тарихын
зерттеушілердің назарынан тыс қалған жоқ. Химия тілінің қалыптасуы мен
дамуының тарихы-логикалық және гносеологиялық талдауы, ондағы табиғаттың
химиялық суретін бейнелеу ерекшеліктері химик- философтар, тарихшылар Р.Б.
Добротин, Ю.А. Жданов, И.Н. Исполдский, Б.М. Кедров, В.И. Кузнецов, А.А.
Макареня, Ю.И. Соловьев, Э. Штрекер және т.б. еңбектерінде берілген. Олар
химиялық тілдің генезисі және оның дамуы жөнінде ғылыми зандарының ашылуы
түрлі теориялардың шығуымен тарихы байланысты болатындағын көрсетеді. Химия
тарихы оның ғылым ретінде дамуын, негізгі ұғымдарының қалыптасуын және
өзгеруін зерттейді. Қазақстанда химия тілімен жанжақты айналысқан ғалым И.
Нұғыманов химия ғылымының дамуын үш кезеңге бөледі:

1. Химия тілі қалыптасуының тәжірбиелік кезеңі;
2. Тілдік құралдар жинақталып, химия тілі негізінің қалануы;
3. Химия тілінің нағыз ғылым тілі болып қалыптасу кезеңі (XIX ғ).

Алғашқы химия тілінің негізін француз ғалымы Лавуазье жасады. Ол химия
саласында елеулі еңбек етіп өшпестей із қалдырды. Оның айтуынша, әрбір
жаратылыстану ғылымының үш жағы бар: ғылыми деректері, теориялық
көзқарастары және тілі. 1786 жылы француздың Ғылым академиясының
тапсырмасымен номенклатура жасауды көрнекті ғалымдар А. Лавуазье, Л. Гитон
де Морво, К. Бертолле және А. Фуркура жүзеге асырды. Олар номенклатура
жасаудың мынадай ұстанымдарын белгіледі:

1. Әр қосылыстың бір ғана аты болуы тиіс;
2. Затқа оқымысты есімі берілмей, оның құрамына кіретін бөліктерінің
атымен аталғаны жөн;
3. Атаулар жасауда жорамал пікір қолданылмауы керек;
4. Атаудың түбірі грек және латын тілдерінен аталғаны дұрыс;
5. Күрделі қосылыстың аты екі сөзден тұрып, біріншісінде заттың қай
классқа жататыны, екіншісінде өзіне тәуелді аты берілуге тиіс;
6. Екі элемент бірнеше қосылыс түзсе, әр қосылыстың аты сөз қосымшасы
арқылы даралануы керек;

Жанадан құрылған номенклатура заттарды екі үлкен топқа біріктірді: жай
заттар және күрделі заттар. Күрделі заттарды оксидтер, қышқылдар, негіздер
және тұздар деп жіктеу осы кезден басталды. Жай эаттар номенклатурасын
берген кезде негізгі ұстанымы олардың ең басты қасиетін ескерді. Химиялық
тілдің негізгі бөлігінің бірі-химиялық символиканың тарихы қалыптасуында
жазба тілдің дамуындағы сияқты, жалпыға тән заңдылықтардың бары байқалды.
Мұнда да алдымен сурет таңбалар, одан соң сызықты пішіндегі таңбалар,
ақырында әріп таңбалар жасалынғандығы аңғарылды. Химиялық ғылымның дамуында
терминология мен номенклатура, ұлттық тілге тәуелді болғандықтан,
халықаралық деңгейге жету үшін химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық
символика қажет болды. Химиялық символиканың қалыптасып, даму тарихы
ертеден басталғандығы байқалады. Күрделі заттарды белгілеу үшін сызықша (-
), жарты дөңгелек (U), үшбұрыш (∆) және шаршы түрінде квадрат () таңбалар
қолданылды. 1787 жылы А. Лавуазье жоғарыда көрсетілген таңбалардың жеке
заттар жөнінде нақтылы түсінік берудегі маңызына тоқталды. Сонымен химиялық
номенклатура мен символиканың қалыптасуы мен дамуы арқасында кәзіргі кезде
қолданылып жүрген жүйеге дейін жетті. Химиялық тілдің құрамдас бөлігі болып
табылатын номенклатура мен символиканың даму тарихын беру арқылы
оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіндік туады.
Химия тілінің қалыптасуы оның теориясының дамуымен тікелей байланысты.
Химияның тарихы мен әдіснамасында химиялық тілдің қалыптасуының тарихы
кезеңдері мен даму тенденциялары аздап берілгенімен, тілдің құрам
бөліктеріне байланысты мәселелер жеткіліксіз түрде берілген. Өз
еңбектерінде И. Нуғыманов химия тілін үш жағынан қарастырды:

1. Химия тілінің тарихы қалыптасуы;
2. Химия тілінің таңбалар жүйесі қатынасы мен табиғи тіл;
3. Химия тілінің химияны оқыту үрдісіндегі атқаратын функциялары.

Химия тілі тек заттардың реакцияға түсуін түсіндірудің құралы ғана болып
қоймай, ол оқушының қоршаған дүниені тануына негіз болатын басты құрал.
Себебі химия – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия тілі және оның маңызы
Xимия пәнін үш тілде үндестіре оқыту
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
ХИМИЯ ШЕТЕЛІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҒАЛІМДАРДЫҢ ІС - ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Үштілділік-заман талабы
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Пәндер