Шаянтәрізділер класы-Crustacea



1.Желбезекаяқтылар.Branchiopoda
2.Цефалокаридалар.Cephalocarida
3.Максиллоподалар.Maxillopoda
4.Бақалшақты шаяндар.Ostracoda
5.Жоғарғы сатыдағы шаяндар.Malacostraca
Шаянтәрізділердің үш мыңға жуық түрі белгілі,негізінен тұщы су қоймаларында және теңіздерде кең таралған. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді. Денелерінің ұзындығы 1-2мм-ден 80см-ге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері- антеннуллалары және денесінің біріншші сегменттің түрі өзгерген аяқтары-антенналары болады.Соған орай оларды антенна бір және антенна екі деп атайды.Екіншіден,тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысысақталған.Мұндай аяқ екі буыннан проподит пен базиподит және екі буындалған бұтақтан экзоподит және эндоподиттен тұрады.Сонымен қатар,протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері бар.
Құрылысы мен физиологиясы.Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас,кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады,бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне айналған.Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған:баскеуде және құрсақ.
Дене құрамына кіретін сегмент саны басқа буынаяқтылармен салыстырғанда алуан түрлі:5-8 ден 5гн дейін.
Бас бөліміндегі сегменттердің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және төрт сегменттен құралған.Акрон арғы тегінің простимум бөлігі, ал оның өсіндісі антеннулалары. Антеннула мұртшалардың бірніші жұбының алдыңғы бөлімінде , ауыз тесігінің алдында орналасады.
Антеннуллалар-сезу және иіс сезу мүшелері , бірақ кейде жүзу үшін де жұмсалады. Акроннан кейінгі төрт сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды ж2не антенна екі деп аталады.Олар әр түрлі қызмет атқарады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Шаянтәрізділер класы-Crustacea

Түрлері

1.Желбезекаяқтылар-Branchiopoda

2.Цефалокаридалар-Cephalocarida

3.Максиллоподалар-Maxillopoda

4.Бақалшақты шаяндар-Ostracoda

5.Жоғарғы сатыдағы шаяндар-Malacostraca

Құрылысы:

Өзен шаянының қан айналу жүйесі: 1 - жүрек, 2 - остия, 3 -
перикардия, 4 – көз артериясы, 5 - антеннальды артерия, 6 – құрсақ
вена синусы, 7 - желбезек қан тамырлары, 8 - кеуде артериясы 9 -
жоғарғы құрсақ артериясы 10 - жүрек қан тамырлары

Шаянтәрізділердің үш мыңға жуық түрі белгілі,негізінен тұщы су
қоймаларында және теңіздерде кең таралған. Олардың арасында бентосты,
планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар.
Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде мекендейді
және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік
ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді. Денелерінің ұзындығы 1-2мм-
ден 80см-ге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша
белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның
өсінділері- антеннуллалары және денесінің біріншші сегменттің түрі
өзгерген аяқтары-антенналары болады.Соған орай оларды антенна бір
және антенна екі деп атайды.Екіншіден,тек шаянтәрізділерде ғана
аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысысақталған.Мұндай аяқ екі
буыннан проподит пен базиподит және екі буындалған бұтақтан-экзоподит және
эндоподиттен тұрады.Сонымен қатар,протоподитте тыныс алу қызметін
атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері бар.

Құрылысы мен физиологиясы.Шаянтәрізділердің денесі негізінен
бас,кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады,бірақ бас бөлімі келесі кеуде
бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне айналған.Сондықтан
шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі
бөлімнен құралған:баскеуде және құрсақ.

Дене құрамына кіретін сегмент саны басқа буынаяқтылармен салыстырғанда
алуан түрлі:5-8 ден 5гн дейін.

Бас бөліміндегі сегменттердің саны тұрақты, яғни барлық
шаянтәрізділердің басы акрон және төрт сегменттен құралған.Акрон
арғы тегінің простимум бөлігі, ал оның өсіндісі антеннулалары.
Антеннула мұртшалардың бірніші жұбының алдыңғы бөлімінде , ауыз
тесігінің алдында орналасады.

Антеннуллалар-сезу және иіс сезу мүшелері , бірақ кейде
жүзу үшін де жұмсалады. Акроннан кейінгі төрт сегменттердің
әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде
бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға
айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды ж2не антенна екі
деп аталады.Олар әр түрлі қызмет атқарады.

Бас аяқтарының екінші жұбы мандибулалары негізгі тамақ үгіту
қызметін атқарады. Көптеген шаянтәрізділердің личинкасы науплиуста
ол екі бұтақты және ерекше шайнағыш өсіндісі бар. Ересек түрлерінде
мандибулалардың осындай түрлері ерекше түрлері сақталады. Негізінен
екі бұтағы редукцияға ұшырайды. Мандибулалардан кейін бастың үшінші
және төртінші сегменттерінде екі жұп астыңғы жақтары орналасқан.Олар
негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсінділері бар нәзік
жапырақ тәрізді аяқтар түрінде болады.

Шаянтәрізділердің басым көпшілігінде акрон және төрт
сегменттері бір-бірімен тұтасып бас қалқаншасында гнатоцефалонға
айналған.

Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде акрон тек антенналды
сегментпен тұтас қосылып протоцефалон деп аталатын алғашқы бас
бөлімін құрайды.Қалған үш жақты сегменттері басымен қозғалмалы
түрде байналысқан. Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде
және құрсақ сегменттердің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы
шаяндарда сегменттер саны тұрақты:кеуде бөлімінде сегіз,құрсақ
бөлімінде алты.Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны ге
тең.Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе
тельсоны бар.Кейбіреулерінің тельсонында айрықша немесе фурка

Шаянтәрізділердің кәуде аяқтары негізінде қозғалыс мүшелері
(локомоторлық) мүшелері, сондайақ қорегін ұстау,тыныс алу процесіне
қатысады.Құрсақ аяқтары тек жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділерге ғана
тән және олар екі бұтақты, аталықтарында түтікше тәрізді шағылыс,
ал аналықтарында жұмыртқаларын құрсағына жинап, бекітіп қоятын
мүшеге арналған. Онаяқты шаяндарда құрсақ аяқтарының соңғы жұбы
тельсонмен байланысты және артымен алға қарай қозғалыста маңызды
қызмет атқаратын күшті тақталы құйрық аяқтарына уроподаларға
айналған .

Жабыны. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қаңқа
түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында
гипедермальды эпителий қабаты және базальды мембрана жатады.Төменгі
сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір,ал
жоғарғыларының құрамында кальций карбонатының тұзының көптігінен ол
қалың және мықты.Кутикула қабаты сыртқы қаңқаның қызметін атқарады.
Өзен шаянның басының желке және бүйір шеттері бас қалқаны немесе
карапакс деп аталатын жалпақ өскіндерді береді. Ол дененің бүкіл
дене бөлімін арқа және бүйір жағынан қаптап жатады. Маңдайы ірі
рострумға айналған . Ол мұртшаларды және сабақшалы қозғалғыш күрделі
екі көзін бүркейді. Бұлшықеттері басқа буынаяқтылардағыдай
көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі
нүктелерін байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне,
екіншісі басқа сегменттіне қабырғасына бекінеді. Қосжақтаулы
бақалшағы бар шаяндарда бір жақтаудан екіншіге көлденеңнен өтетін
ерекше тұйықтағыш бұлшықеті болады. Ас қорыту жүйесі жақсы
жетілген. Ішегі тек немесе аздап иілген түтік түрінде болады,
алдыңғы және ортаңғы, артқы ішектерден тұрады.Аналь тесегі
тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.

Ішекті алдыңғы, артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың
жалғасымен қапталған, яғни эктодермальды.Түлеу кезінде осы
кутикулаларда жаңарып және аналь тесігі түтік түрінде
шығады.Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің алдыңғы ішегі кеңейіп
қарынға айналған.Ол кардиальды және пирокалық бөлімдерге ажыраған.
Қарынның кардиалды және пилорикалық бөліміндерге ажыраған. Қарынның
кардиалды бөлімінің арқа және бүйір қабырғаларындағы кутикуласы
қалыңдап, ізбест сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш
тақталарына айналған. Солар арқылы үгіттіледі. Ал пироликалық
бөліміндегі жіңішке кутикулалары өсінділер ұсақталған қоректік
заттарды нығыздап және сүзіп келесі ортаңғы ішекке шығарады.

Ортаңғы ішек түтік тәрізді оның екі жақ бүйірінде
төмпешіктері болады. Осы өсінділерден ас қорыту ферменттері бөлініп,
ас ботқасы қорытылады. Бұларды бауыр қосалқысы деп атайды. Өзен
шаянның екі қалқанды бауыры әрбір жақтан ортаңғы ішекке ашылатын,
бір өзекке құйылатын көптеген ұсақ түтікшелерінен құралған .
Бауыр сөлі ортаңғы ішектен шайнағыш қарынға барады.Шаяндардың бауыр
секреттері органикалық заттарды май, белок көмірсуларды ыдыратады.
Безді қызметінен басқа шаяндардың бауыры фагацитозға да қабілетті,
яғни бауыр клеткалары ұсақ қоректік заттарды қармап, алып клетка
ішінде қорытады.Шаянтәрізділер әр түрлі ұсақ организмдермен және
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен
қоректенеді.Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жұп безден
тұрады антенниальды, максиллярлы. Антенниальды бездер жоғары сатыдағы
шаяндарда болады , ал қалғандарында максиллярлы түбіңде ашылады.

Тыныс алу жүйесі көптеген шаянтәрізділерде арнайы
тыныс алу мүшелері жоқ. Басқаларында тыныс алу мүшелері
желбезектер. Олар аяқтарындағы прототиптері басталатын тақталы
эпиподиттер. Негізінен олар кеуде аяқтарында прототиптерінде
дамиды. Бірінші қатардағы желбезектердің аяқтары прототиптеріндегі
алғашқы тәртібін сақтайды. Ал екінші қатардаіы прототиптердің денмен
байланысқан жерлерінде, үшінші қатардағы дененің бүйір қабырғасына
орналасады.

Қан айналу жүйесі ашық типті. Гемолимфа қан
тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғаларымен
шектелмеген дене қуысының бөлімдері синустарға құйылады. Аса
қарапайым құрлысында жүрегі метамерліол, әрбір сегментінде жұп
остиясы бар бүкіл дененің арқа жағымен ұзына бойына созылатын
түтік. Бірақ жүректің қанды араластыруға ғана қабілеті бар,
қапшық деңгейіне дейін қысқаруы байқалады,жоғары сатыдағы шаяндарда
ұзын түтікті жүрегі бар формалары болады.Жүректің алдыңғы кеіде
артқы шетінең де алдыңғы және аорталар деп аталатын ірі
қан тамырлары басталады.Перекардия қуысындағы жүректен бірнеше ірі
қан тамырлары тарайды, алдыңғы аорта, антенниальды артериялар ,
жоғарғы және төменгі құрсақ артериялары, нерв асты артериясы. Осы
қан тарамдары тарамдалып, кейін үзіледі де, ішіндегі гемолимфа
сұйықтығы микоцель қуысына құйылып, ішкі мүшелердің арасымен
өтіп, оттегіні таратады. Дене қуысынан веналық қан венозды қан
тамырлары арқылы желбезектерге барады, сол жеріне гемолимфа
оттегіне қанығады да, желбезек қан тамырлары арқылы
перекардийге,одан әрі остий арқылы жүрекке құйылады.

Шаянтәрізділердің нерв жүйесі жұп мидан, жұтқыншақ
асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективадан және
құрсақ нерв тізбегінен құралған.Төменгі сатыдағы (желбезекаяқтылар)
түрдерінің құрсағында екі нерв бағанасы болады,олардың ганглиялары бір
бірімен көлденең комиссураларамен жалғасқан сатылы нерв тізбегін
құрайды,ал жоғарғы сатыдағыларда екі нерв бағаналары,сонымен қатар
ганглиялары да бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу және күресу шаралары
Шаянтәрізділер туралы
“Зоология” курсының кіріспесі
Қазақстан суқоймаларындағы (Балқаш көлі, Арал (Кіші Арал) теңізі, Жайық өзені) кәсіптік маңызы бар тұқы балықтардың қазіргі жағдайдағы гельминтофаунасы
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Буынаяқтылар типі
Буынаяқтылар типі жайлы
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Пәндер