ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері



Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
ретіндегі құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І.1. ҚР Қаржы Министрлігінің атқаратын функциялары ... ... ... ... ... ... ..9

II Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері ... ... ... 12
II.1 Салық комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
II.2. Қазынашылық комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
II.3. Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi ... ... ... 20
II.4. Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
II.5. Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi ... ... ... ... ... ... ..23
II.6. Кедендiк бақылау комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Мен курстық жұмысымды Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан менің ашқалы отырған тақырыбым үшін маңызды сөздерінен мысал келтіре отырып бастағым келіп отыр: «Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек.»
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

Нормативтік актілер:

1. «ҚР Қаржы министрлігi туралы ережe», ҚР Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысы;

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы ереже», ҚР Үкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127 қаулысы;

3. «ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1115 Қаулысы;

4. «ҚР Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi туралы ереже», ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы;

5. «ҚР Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi туралы
ереже», ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133 қаулысы;

6. «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi туралы ереже», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 Қаулысы;

7. «ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi туралы ереже», ҚРҮкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134 Қаулысы;

8. ҚР «Бюджетке төленетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі. 531-540 баптар;
9. «ҚазақстанРеспубликасында мемлекеттiк бағдарламаларәзiрлеу және iске асыру ережелерi» ҚР Президентiнiң 2003ж 2 маус. N 1099 Жарлығымен бекiтiлген.

Арнайы әдебиеттер:

10. www.minfin.kz
11. Горбунов О.Н. «Финансовое право». Москва, 1996.
12. Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан». А, 2001.
13. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» пәнінен «Салық – салу саясаты және қазіргі кездегі салық саясатының ерекшеліктері» тақырыбы бойынша 13.09.05ж. лекция, ҚазҰУ, 2005.
14. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары», Астана қаласы, 2005ж. 15 ақпан
15. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Мерзімдік басылымдар:

16. «ҚазАқпарат»., 13.12.2005ж. мәлімдесі. «ҚР Қаржы министірлігінің Баспасөз қызметі»,www.nationalfund.kz
17. «Казахстанская правда», 13.01.2006 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
ретіндегі
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..5

І.1. ҚР Қаржы Министрлігінің атқаратын
функциялары ... ... ... ... ... ... ..9

II Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған
комитеттері ... ... ... 12
II.1 Салық
комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .12
II.2. Қазынашылық
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..18
II.3. Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу
комитетi ... ... ... 20
II.4. Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
II.5. Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру
комитетi ... ... ... ... ... ... ..2 3
II.6. Кедендiк бақылау
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..29

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да
тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына
тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама
қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан
әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Мен курстық жұмысымды Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан
менің ашқалы отырған тақырыбым үшін маңызды сөздерінен мысал келтіре отырып
бастағым келіп отыр: Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі
халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде
қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз
және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер
жұмсауымыз керек.[1]
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық
салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы
мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай
өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым
тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы
мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік
қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап
беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с.
жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі
мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік
органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға
қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын
орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет
саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды
уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші,
реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол
себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган,
яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен
функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің
құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің
құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене
отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау
болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі
құзыреті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк)
басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған
қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады[2].
Мемлекет өз алдына дербес мемлекет болып өмір сүру барысындағы
атқарылатын функцияларды арнайы құрған және оған белгілі бір құзырет беріп
сол арқылы белгілі бір саланы басқарушы, реттеуші әрі қадағалаушы орган
арқылы жүзеге асырады.
Республикамыздың негізгі, әрі мәнді саласы қаржы саласында қызмет
жасаушы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкi
тектес атқарушы органдар жүйесіндегі орны Министрліктің атқаратын
функциялары мен негізгі міндеттерінен-ақ айқындалады. Оған дәлел
Министрліктің мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын, мұнда тиiсті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Мемлекеттің өмір сүруінде
бюджеттің алатын рөлі ерекше, оған көз жеткізу үшін мына мәліметтерге көңіл
аударсақ, Бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджет шығыстарының негізгі
бір бөлігі болып саналатын әлеуметтік блокқа - білім, денсаулық, мәдениет
және спорт салаларын, әлеуметтік төлемдерді қоса есептегенде 426 миллиард
теңге жұмсау көзделген. Ал, мемлекеттік даму институттарының жарғылық
капиталдарын ұлғайтуға 4,6 миллиард теңге, Астананы дамытуға 72,6 миллиард
теңге, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасына 60,5 миллиард теңге бөлу жоспарлаған, соған сай
    2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы
желтоқсанның 1-іне дейін қабылдануы тиіс. 2005 жылы республикалық бюджет
қоржынына мемлекеттік займдарды қоспағанда түсетін түсімдердің жалпы көлемі
1 триллион 135,8 миллиард теңге болады. Бұл 2004 жылғы межеден 200,5
миллион теңге артық болса, шығыстар 1 триллион 223,6 миллиард теңгені
құрап, ағымдағы жылмен салыстырғанда 196,6 миллион теңгеге өседі.[3]
Бюджетті жоспарлау кезінде бастапқы сатыда Қаржы министрлігі және
жергілікті қаржы органдары бюджеттік өтінімдердің олардың Президент
жолдауына, елдің даму стратегиясына, индикативтік жоспарға және қабылданған
даму бағдарламаларына сәйкестігін талдайды. Тиісті бюджеттің құрамына
енгізу үшін басымдықтары бойынша оларды реттейді. Атқару сатысында
шығыстарды жоспарлау кезінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан
бағдарламалардың іске асырылуын сандық және сапалық бағалау жүргізіледі.[4]
Мұндағы үнемі болатын алға қойылған маңызды бағдарламаларды жүзеге
асыруға, мақсаттарға жетуге қажетті қаржы қаражаттарын тартып, оларды
жинақтап, теңестіріп, қайта салаларға тарату және сол қаражаттардың
мақсатты әрі дұрыс жұмсалуын қадағалау процестері қарастырылады.
Республикамызда кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын
қамтамасыз етеді, кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау
функцияларын арнайы құрылған Кедендiк бақылау комитетi арқылы жүзеге
асырады. Мемлекет болудың белгілерінің бірі өзіне тән аумағының болуы,
яғни басқа да мемлекеттерден тәуелсіздігін, дербестігін және қол
сұғылмаушылығын дәлелдейтін шекарасының болуы. Ал шекарадан халқымыздың
өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін заттардың өтіп кетпеуін немесе
олардың көлемін шектеп, мөлшерлейтін, елімізде тыныштықты бұзып, алауыздық
тудыратын және т.б. келеңсіздіктердің еларасына жіберілмеуін қадағалайтын
маңызды да әрі қажетті орган Министрлік болмақ.
Сондай – ақ Министрлік салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдердiң толық түсуiн, Қазақстан Республикасының экономикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салықтық бақылау қызметін арнайы
құрылған мамандандырылған Салық комитеті арқылы салық саясатын жүзеге
асырады.
Салық саясаты дегеніміз – қоғамның нақты даму ерекшеліктерін ескере
отырып, мемлекеттің салық салу саласында жүргізетін іс – шараларының
жиынтығы. Салық саясатының субьектісі – мемлекет. Мақсаттары: мемлекетті
қаржымен қамтамасыз ету; ел экономикасын реттеуге әсер ету.[5] Бұл
анықтамалар жоғарыда атағанымыздай мемлекет маңызды қызметтерін дәл осы
Министрлік арқылы жүргізетінін таңбалай түседі.
Жалпы мемлекеттің бірден – бір қалтасы әрі қоймасы болып табылатын
бюджет көлемінің 90% - дан асатын бөлігі ҚР – ғы тоғыз салық түрімен
қамтамасыз етіледі. Яғни мемлекет өзін толығымен осы салықтар арқылы
қаржыландырады десем артық болмас. Сондықтан да салықтардың дер кезінде
жинақталып, әрі мөлшерлі түрде бюджетке келіп түсуінің маңыздылығы
халқымыздың ұрпақ жалғастырып, дамуында ерекше орын алатыны сөзсіз.
Ал келесі бір Министрліктің басқа да мемлекеттік атқарушы органдар
арасындағы ерекшелігін айқындайтын негізгі міндеттерінің бірі Ішкі қаржылық
бақылау болып табылады.
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас бөлігі,
экономиканың және қаржылық жүйенің толық қанды қызмет етуіне тікелей әсер
етуші құрал болып табылады. Экономиканы реттеуші дербес функция ретінде
бақылау реттеу циклының маңызды кезеңінде көрініс табады, яғни реттелу
объектісіне әсер етуші нақты нәтижелер нормативтік жарлықтардың және
қалбылданған шешімдердің талаптарымен салыстырылады, ал тәртіп бұзушылық
анықталған жағдайда оларды жоюға байланысты қажетті шаралар жүргізіледі[6].

Ішкі бақылауда бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы
жүйенің бір буыны болады. Осыған орай Министрлік өзіне бағынышты
кәсіпорынның қаржылық операцияларын тексереді. Маңыздылығы -
Республикамыздың қаржы қызметінің толық қанды және оперативті жұмыс
жасауына және барынша тиімді болуына себепкер болуында.   
Министрлiк өз қызметiн ҚР  Конституциясы мен заңдарына, ҚР
Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық
кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы
ережeге сәйкес жүзеге асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-
құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.[7]
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзіне жүктелген міндеттерді
атқару және ҚР – ғы қаржы саласын ұйымдастырып, реттеп және бақылау
қызметтерін, құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi
жүзеге асыруды неғұрлым тиімдірек, нақтырақ, жедел, жүйелі әрі нәтижелі
түрде басқару мақсатында келесідей арнайы мамандандырылған органдар құрған.
     Министрлiктiң ведомстволары:
– Қазынашылық комитеті;
– Кедендiк бақылау комитетi;
– Салық комитетi;
– Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
– Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
– Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

ҚР Қаржы министрлігінің атқаратын функциялары
 Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк саясатты
қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды, яғни
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлеуге қатысуды жүзеге
асырады.
Мемлекеттiк бағдарламалар неғұрлым ауқымды әрi маңызды экономикалық,
әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты
шаралар кешенiн айқындайды, мақсаттарды нақты айқындауға негiзделедi және
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған Даму
стратегиясында, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
стратегиялық және индикативтiк жоспарларында айқындалған ұзақ мерзiмдi
басымдықтарды ескере отырып, алға қойған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз
ететiн күтiлетiн нәтижелер көрсетiлiп, мерзiмдерi, ресурстары және
орындаушылары бойынша келiсiлген iс-шаралар жүйесiн қамтиды.[8]
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзақ мерзімді перспективада
экономикалық дамуды және елдің әлемдік экономика жүйесіндегі мамандануын
айқындайтын басымды салалар іріктелуі тиіс.[9]
Менің ойымша, әрине, мұндай салалардың басымы ретінде қаржы саласын
қарастырып, соған орай осы салада ұзақ мерзімге жоспарлар құрып, сол
жоспарлардың уақытылы әрі толық көлемде орындалуын қадағалап отырған жөн.
Министрліктің функциялары қатарына заңнамалармен белгіленіп жүктелген ҚР
стратегиялық жоспарларын және ҚР әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта
мерзiмдi жоспарларын әзiрлеуге қатысады. Осыған орай ағымдағы жылдың 15
ақпанында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ҚР
әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
жоспарын әзірлеу жөніндегі республикалық кеңес өтті.      Ұзақ мерзімді
тұрғыдан бәсекеге қабілетті экономика негізін қалау адами, өндірістік және
табиғи капиталдардың барлық түрін сапалы жаңартуға бағытталған кешенді әрі
икемді мемлекеттік саясат жүргізуді талап етеді. Ал аталған бағыттағы
мемлекеттік саясаттың икемді, әрі нетижелі болуы мемлекеттік органдардың
жүктелген міндеттерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты.
Зайырлы мемлекетімізді әлемге таныту кезінде әрине қаржы сеторына
үлкен көңіл бөлінетіні сөзсіз. Президентіміздің халыққа жолдауында атай
кеткеніндей Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығы
мен 2005 – 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамытуымыз керек.
Мұндағы аталған мақсатқа барынша тиімді жолдармен жетудегі Қаржы
министрлігінің алатын ролі банктер мен қаржылық ұйымдарды бақылауды күшейту
арқылы сипатталады. Жақында өткен Қаржыгерлер Конгресінде Қаржы министрі
Арман Дунаев "Қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
агенттіктің ниетін ескере отырып, еліміздегі Өндірістік-қаржылық топтар мен
холдингтерді біріге отырып бақылауға алу керек деп санаймын. Біздің
ойымызша, түрлі тәуекелдің пайда болуына олар да ықпал етеді" деді.[10]
Бұл ұсынысты іске асыру үшін әрине заңнама қолдану практикасын талдай
отырып ондағы болып отырған жетіспеушіліктер мен кемшіліктерді толықтырып,
аталған қаржылық топтар мен холдингтердің қызметіне кедергі келтіруші
мемлекет тарапынан артықшылықтарды алып тастауы керек, соған сәйкес
Министрлік өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын
әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды) қамтамасыз етеді. Толықтыра
кетсем аталған қаржы секторының қалыптасып, дұрыс қызмет жасауына тікелей
әсер етуші қаржы ұйымдарының қызметін бақылауда қаржылық шараларды іске
асырудан кейінгі қаржылық бақылау есептерді және баланстарды талдауы,
сонымен қатар тексерулер және ревизиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл
құбылыс барысында қаржылық операцияның заңдылығы тексеріледі. Соған сәйкес
қаржы саласындағы қызмет етуші субъектілердің ара – қатынасын барынша
тиімді басқаруға негізделген тиісті нормативтік актілерді шығарып, сол
заңнаманың жүзеге асырылуын үнемі қадағалап отыруға тиіс. Қаржылық
бақылаудың мақсаты – қаржылық міндеттемелердің сапасыз өтелуін және
қаржылық құқықбұзушылықтардың болғанын анықтау және бақылау нәтижесін
негізге ала отырып шешім қабылдап, жұмысты неғұрлым жемісті болдыру.
Мұндағы Министрліктің бақылауға қатысуы мамандандырылған бақылау, яғни
мемлекеттің арнайы мамандандырылған органдарымен атқарылатын бақылау.
Мысалы, Қаржы Министрлігінің, ҚР Ұлттық Банктің, Қаржы Нарығын реттеу
Агенттігінің және т.б. бақылауы.
Сонымен қатар, қаржылық бақылау ішкі (ішкі ведомствалық) және сыртқы
(ведомства үсті) болып бөлінеді.
Ішкі бақылауда бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы
жүйенің бір буыны болады. Мысалы, Министрлік өзіне бағынышты кәсіпорынның
қаржылық операцияларын тексереді.
Сыртқы бақылау бағынышты емес ұйымдастырылған объектілерге байланысты
атқарылады. Мысалы, Қаржы Министрлігі Ауылшарушылық Министрлігінің
қарамағындағы кәсіпорынды тексереді.

 

ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Салық комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi
- Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық
және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және
бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Комитет өз қызметiн ҚР  Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан
Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік
құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi
туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады[11].
Жалпы атап өткенімдей Республиканық өсмір сүруінде салықтардың алатын
орны ерекше. Бұл сипатқа бюджет түсімдерінің 90% - н аса бөлігі ҚР - ғы 9
салық түрінен қамтамасыз етіледі. Мұндағы Комитеттің ережеде аталған
функцияларына сай атқарылған істері аз емес, оған дәлел, жақында еліміздегі
екінші деңгейдегі 35 банктің қызметін кешенді тексерудің нәтижесінде жалпы
көлемі 10 миллиард теңгеден астам салық қосымша төленді. Арман Дунаевтың
айтуынша, бұған дейін екінші деңгейдегі бір де –бір банк салық органдары
тарапынан кешенді тексеруге тартылмаған екен. Қазіргі кезде елдегі 35
банктің барлығы түгел тексеріліп бітті. Нәтижесінде салық заңнамаларын бұзу
деректері анықталып, өзге де міндетті төлемдердің айыппұлдар мен өсімдерін
қоса алғанда, тағы 10 миллиард теңгеден астам салық қайта төленді. Мұндағы
салық заңнамаларын бұзу деректеріне провизия құру шығыстарын артық
көрсетіп, провизия көлемін азайтудан түскен табыс көлемін негізсіз кеміту,
резидент емес тұлғалар мен банк қызметкерлеріне еңбекақы қорынан төленетін
табыстарына ұсталатын салықтарды заңсыз азайту әрекеттері жатады. салық
комитеті осы жолы банктердің 1999 жыл мен 2001 жыл аралығындағы қызметтерін
ғана тексерген. Ал бұдан кейінгі жылдар ішіндегі басқада қаржы саласындағы
қаржы ұйымдарының қызметін тексерсе көптеген заң бұзушылықтардың
анықталатыны сөзсіз. Міне, бұл келтірілген мысалдан байқайтынымыз,
республикамызға, жалпы ондағы өмір сүруші халыққа аталған
заңбұзушылықтардың әкелетін зияндары біршама көп. Салықтардың бюджетке
уақытылы әрі толық түспеуі мемлекетпен қаржыландырылатын салалардың жұмысын
бәсеңдетіп, қызметкерлердің тұрмыстық жағдайын нашарлатып, жұмысқа деген
қызығушылықты жойып, адам көргісіз қылмыстардың болуына себепкер болатыны
айдан анық. Жоғарыда аталған мемлекет қабылдаған бағдарламалардың ойдағыдай
болуына да үлкен әсерін тигізетін нақ осы қаражат болып табылады. Оның
әрқашан жеткілікті әрі қажет болуы мемлекеттің дамуына халықтың өркендеп
өсуіне үлкен үлесін қосады. Атай берсек бұл салықтардың өмірдегі орнын
білдіретін жайттар өте көп.
Мұндағы Салық комитетінің басқа да мемлекеттік органдар арасында
Министрліктің ерекшеленуіне тигізетін әсері ерекше. Сондықтан Комитеттің
қызметін жақсартуға мемлекет тарапынан көбірек қолдауларға көңіл бөлінуі
қажет. Мысалы, қызмет жасаушы мамандардың кәсіби біліктілігін үнемі
арттырып, олардың жалақыларын қазіргі заман талаптарына сәйкестендіріп,
мөлшерлеу, басқа да атқарушы органдармен қарым – қатынастарды жақсарту
мақсатында заңнамаларды жетілдіру, құзыреттілігін арттырып мемлекет
алдындағы есептілігін қадағалап, қаталдандыру және т.с.с.
Комитетке мемлекетпен жүктелген тағы бір оның құзыреттілігін
анықтайтын, маңыздылығын ашатын міндеттердің бірі "Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық
бақылауын жүзеге асыру болып табылады.
Салықтық бақылау дегеніміз – салық қызметі органдарының салық
заңнамасының орындалуын, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің толық және уақытылы төленуін, ҚР заңнамаларының қадағалануын,
жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті аударымдардың толық және дер кезінде
аударылуын бақылауын айтады.[12]
Салық заңнамасына сәйкес ҚР мынадай тоғыз салық түрлері бар:
корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құнға салынған
салық, мүлік салығы, әлеуметтік салық, көлік салығы, жер салығы, жер
қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары және акциз салығы.
Ал міндетті төлемдерге: жер учаскесін, жануарлар дүниесін, орман қорды
пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны үшін және кеден төлемдері: кеден
бажы, кедендік рәсімдеу, тауар сақтағаны үшін кедендік, кедендік шығарып
салу, алдын – ала шешім үшін және т.б. алымдары бар.
Міне, бұдан байқайтынымыз Комитеттің түрлі салалармен және түрлі
деңгейдегі заңды және жеке тұлғалалармен қарым – қатынаста болатынын
байқап, соларды тиімді әрі дұрыс реттейтін заңнаманың қаншалықты
қажеттілігін көре аламыз. Бұл қарым – қатынастар кезінде пайда болатын
салықтар мен төлемдерді төлеумен сипатталатын қатынастардың неғұрлым
қарапайым, тез әрі сапалы болуы жалпы мемлекеттің өмір сүріп, даму сапасын
білдіретіні сөзсіз.
Салық органдарына салық төлеушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін
және салықытық міндеттемелерін уақытылы және толық түрде төлеулерін
қамтамасыз ету тапсырмалары жүктеледі.
Салықтық тексеру – салық органдарының салық міндеттемелерінің жүзеге
асуын тексеру.
Салықтық тексерулер келесідей түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру; 2) рейдтік тексеру.
Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру – салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
2) мазмұндық тексеру - салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
3) қарсы тексеру - салықтық тексеру барысында салық органына үшінші
тұлғаларға байланысты салық төлеушінің орындаған операцияларын салықтық
есепте дұрыс көрсетілуі туралы ақпарат қажет болған жағдайда аталған
тұлғаларды тексеру.
Рейдтік тексеру бұл салық қызметі органдарымен заңнамалардың жекелеген
талаптарын сақту мәселелері бойынша жекелеген салық төлеушілерге байланысты
жүргізіледі.
Тексеру негізі бұйрық болып табылады.
Салықтық тексеру аяқталуымен салық органының лауазымды тұлғасы
мыналарды көрсете отыра салықтық тексеру актісі толтырылады:
1) салықытық тексеру орнын, акт толтыру күнін;
2) тексеру түрін;
3) тексеруді жүргізген салық органының лауазымды тұлғасының қызметін,
тегін, аты, және әкесінің атын;
4) салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын немесе толық атауын;
5) салық төлеушінің банктік реквизиттерінің және регистрациялық
нөмірінің орналасқан жерін;
6) салық төлеушінің салықтық және бухгалтерлік есептілікті және
салықты төлеуді жүргізуге жауапты басшысының және лауазымды тұлғаларының
тектерін, аттарын және әкесінің аттарын;
7) алдыңғы тексеру туралы мәліметтерді;
8) салық органдарына табыс етілген құжаттар жайлы жалпы мәліметтерді;
9) заңнамаға нұсқау жасай отырып салықтық құқық бұзушылықты нақтырақ
сипаттауды;
10) салықтық тексерулер нәтижелерін.
Салықтық тексеру аяқталысымен салық органы салықтық тексеру актісінде
көрсетілген нәтижелер негізінде хабарлама хат жазып беріледі, ол салықтық
тексеру актісін тіркеумен қатар орындалады.
Салық төлеуші хабарлама хатты ала салысымен онда көрсетілген
есептелген сомалар, айыппұлдар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерін
бекітілген уақыт аралығында орындауға міндетті.
Салықтық тексеру барысында салықтық заңнамаларды бұзушылық
анықталмаса, салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарлама хат
жазылмайды[13].

Жалпы салық салу саласында мемлекеттің салықтық саясатта қолданатын
мынадай типтері бар:
- максималды, мұнда мемлекет мүмкіншілігінше бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Салықтық бақылау
Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қызмет ету жағдайына талдау
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы
Тікелей салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Пәндер