Үкімді шығару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 ҮКІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Үкімнің түсінігі, түрлері және негізгі талаптары ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Үкімді бұзу және өзгертудің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместілігі ... ... ... ... ... ...
1.4 Қылмыстық іс жүргізу заңының дұрыс қолданылмауы салдарынан бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ҮКІМДІ ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Үкім шығару кезінде анықталуға жататын мән.жайлар ... ... ... ... ... .
2.2 Сот үкімі мен жазалау шараларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шараларының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


3

6
6
14
16

25


36
36
43

51

63

66
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа мыңжылдықтың басталуымен Қазақстан, басқа да Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы субъектілері сияқты, өзінің дамуының жаңа белесіне көтерілді. Сондықтан, бүгінгі күні өткен жылдар тұрғысынан сот әділдігін жүзеге асыруға байланысты біздің жүйенің қалай өзгергендігі, оның ішінде, соттардың қабылдаған сот актілерінің қалай орындалып жатқандығы және ол таяу болашақта қалай болуы керек екендігі жайлы сөз қозғайтын уақыт жетті.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болған Қазақстан бүгінгі таңда дүние жүзі таныған мемлекеттке айналды. Қазақстан Республикасының егемендік пен тәуелсіздікке ие болуы, реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа экономикалық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Жаңа қоғамдық қатынастардың орнығуы олардың құқықтық қамтамасыз етілуінің мезгілінде түзетілуімен, сапалы заңның қабылдануымен, оның жоғары кәсіптік деңгейде құқықтық қолданылуымен қатар жүргізілуі керек.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңдық мүдделерін қорғау, Конституцияның орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау сот жүйесі қызметінің басты бағыты, ал соған байланысты атқарушылық іс жүргізу қызметінің тек заңдылық қана емес, саяси маңызы да артты.
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті алу жылдарындағы құқықтық реформаға талдау жасау барысы, оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындаған, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай – ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы болып табылады.
Өмірде қалыптасқан «қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту, оның қылмысын әшкерелеу» мәселесін жүзеге асыру барысындағы сот органдары қызметінің орны ерекше.
Қазіргі таңда қылмыстылықпен, әсіресе рецидивті қылмыстармен күресудің бір тәсілі ретінде – ескертушілік – тәрбиелік әсер етуші соттың үкімі табылады.
Сондықтан да, осы жоғарыда айтылғаннан, біз қылмыстылықпен күресудегі құқықтық құралдар кешені ішіндегі аса маңызды рөлді – үкім шығару институтына береміз.
Ғылыми жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
1 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы, 2007. – 40 б.
2. Фаткуллин Ф. Н. Общие проблемы процессуального доказывания. Науч. ред.: Аврах Я.С. - Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1973. - 176 c.
3. Курс уголовно-процессуального права: очерки по истории суда и уголовного процесса в рабовладельческих, феодальных и буржуазных государствах. - СПб.: Равена: Альфа, 1995. – 846 с.
4. Алауханов Е.О., Рахметов Е.Ш.. Жаза: практикалық оқу құралы. – Алматы, "Өркениет", 1999. - 248 с.
5. Төлеубекова Б.Х.Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу құқығы. Жалпы бөлiм. Алматы, 2000.- 416 c.
6. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. Санкт-Петербург, 1996 - 607 с.
7. Оганесян Р.М. Оправдательный приговор в Советском уголовном процессе. Ереван, 1972.
8. Строгович М.С. Право обвиняемого на защиту и презумпция невиновности.// Москва, 1984. С. 127—139
9. Кудрявцев В.Н. О правопонимании и законности // Государство и право, 1994 №3 - С. 3-5.
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 200 б.
11. Нұралиева А.С. Роль судебного следствия во всестороннем, полном, объективном исследований доказательств по уголовному делу: автореф. дис... канд. юрид. наук. 12.00.09. – Алматы, 1998. – 18 c.
12. Архив районного суда г.Кызылорда. Уголовное дело № 2- 167/00/
13. Перлов И.Д. Приговор в советском уголовном процессе. – М., 1960. – 167 с.
14. Голубева Л.М. Судебное рассмотрение дел о преступлениях несовершеннолетних. Вопросы теории и практики. – Фрунзе: Илим, 1981. – 330 с.
15. Давыдов П.М. Приговор // Предварительное расследование и судебное разбирательство уголовных дел. – Свердловск, 1990. – С. 37.
16. Лупинская П.А. Законность и обоснованность решений в уголовном судопроизводстве. – М., 1972. – 79 с.
17. Скрябин М.А. Общие начала назначения наказания и их применение к несовершеннолетним. – Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1980. – 124 с.
18. Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. – СПб.:Альфа, 1996. – 551 с.
19. Игошев К.Е. Правонарушения и ответственность несовершеннолетних. – Свердловск, 1973. – 153 с.
20. Мельникова Э. Б. Профилактика безнадзорности детей и подростков // Правозащитник. – 1999. – № 2. – С. 10-11.
21. Ткачев В. Восстановительное правосудие и ювенальное уголовное право // Российская юстиция. – 2002. – № 5. – С. 19-23.
22. Дудин Н.П., Луговцева С.А. Судебное разбирательство уголовных дел в отношении несовершеннолетних. – СПб., 2005. – 172 с.
23. 2004-2006 жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама // http://www.supcourt.kz/site/SupCourt.NSF/Document/0E05C35D3DEF3C824625732A001FECFF?OpenDocument
24. Трайнин А.Н. Учение о составе преступления. – М., 1946. – 160 с.
25. Кригер Г.А. Основание уголовной ответственности // Советская юстиция. – 1960. – №7. – С. 6-8.
26. Атжанов Т.Ж. Теория и практика освобождения несовершеннолетних от уголовной ответственности: учебное пособие. – Костанай, 1998. – 112 с.
27. Келина С.Г. Теоретические вопросы освобождения от уголовной ответственности. – М., 1974. – 232 с.
28. Наумов А.В. Правовые последствия освобождения виновного от уголовной ответственности // Советская юстиция. – 1976. – №20. – С. 23-26.
29. Бойцов А.И. Теоретические вопросы уголовной ответственности и освобождения от нее: автореф... канд. юрид. наук: 12.00.08. – Л., 1982. – 26 с.
30. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. – Алматы: Норма-К, 2004. – 647 б.
31. Виттенберг Г.Б. Вопросы освобождения от уголовной ответственности и наказания с применением мер общественного воздействия. – Иркутск, 1970. – 223 с.
32. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 200 б.
33. Чугаев А.П. Индивидуализация ответственности за преступления и её особенности по делеам несовершеннолетних. – Краснодар: Кубанский ун-т, 1979. – 96 с.
34. Курляндский В.И. Уголовная ответственность и меры общественного воздействия. – М., 1965. – 142 с.
35. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. – Алматы: Норма-К, 2004. – 647 б.
36. Каиржанов Е.И. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы, 2003. – 254 с.
37. Уголовное право. Общая часть / отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – М., 1999. – 567 с.
38. Атжанов Т.Ж. Теория и практика освобождения несовершеннолетних от уголовной ответственности: учебное пособие. – Костанай, 1998. – 112 с.
39. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Юрист, 2007. – 200 б.
40. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Часть общая. – М., 1994. – Т.1. – 476 с.
41. Виттенберг Г.Б. Вопросы освобождения от уголовной ответственности и наказания с применением мер общественного воздействия. – Иркутск, 1970. – 223 с
42. Филимонов В.Д. Понятие освобождения от уголовной ответственности и наказания. – Томск, 1963. – 227 с.
43. Горбатовская Е.Г. Освобождение от уголовной ответственности в связи с применением мер общественного воздействия или принудительных мер воспитатаельного характера. – М., 1976. – 96 с.
44. Гаухман Л.Д. О понятии оценочно-прогностического признака // Правоведение. – 1983. – № 3. – С. 86-88

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

1 ҮКІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 6
ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Үкімнің түсінігі, түрлері және негізгі 14
талаптары ... ... ... ... ... ... . ... .. 16
1.2 Үкімді бұзу және өзгертудің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 25
1.3 Сот тергеуінің біржақтылығы және толық
еместілігі ... ... ... ... ... ...
1.4 Қылмыстық іс жүргізу заңының дұрыс қолданылмауы салдарынан 36
бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 43

2 ҮКІМДІ ШЫҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ 51
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Үкім шығару кезінде анықталуға жататын 63
мән-жайлар ... ... ... ... ... .
2.2 Сот үкімі мен жазалау шараларының 66
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ...
2.3 Тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шараларының мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа мыңжылдықтың басталуымен
Қазақстан, басқа да Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы субъектілері сияқты,
өзінің дамуының жаңа белесіне көтерілді. Сондықтан, бүгінгі күні өткен
жылдар тұрғысынан сот әділдігін жүзеге асыруға байланысты біздің жүйенің
қалай өзгергендігі, оның ішінде, соттардың қабылдаған сот актілерінің қалай
орындалып жатқандығы және ол таяу болашақта қалай болуы керек екендігі
жайлы сөз қозғайтын уақыт жетті.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болған Қазақстан бүгінгі таңда дүние
жүзі таныған мемлекеттке айналды. Қазақстан Республикасының егемендік пен
тәуелсіздікке ие болуы, реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа
экономикалық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы
реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Жаңа қоғамдық қатынастардың
орнығуы олардың құқықтық қамтамасыз етілуінің мезгілінде түзетілуімен,
сапалы заңның қабылдануымен, оның жоғары кәсіптік деңгейде құқықтық
қолданылуымен қатар жүргізілуі керек.
Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңдық
мүдделерін қорғау, Конституцияның орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан
Республикасы заңдарын сақтау сот жүйесі қызметінің басты бағыты, ал соған
байланысты атқарушылық іс жүргізу қызметінің тек заңдылық қана емес, саяси
маңызы да артты.
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі
құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының
дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп
отырды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті алу жылдарындағы құқықтық
реформаға талдау жасау барысы, оның басты нәтижесі мемлекет дамуының
стратегиялық бағыттарын айқындаған, адамдардың және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай – ақ мемлекеттік органдардың
жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы
болып табылады.
Өмірде қалыптасқан қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке
тарту, оның қылмысын әшкерелеу мәселесін жүзеге асыру барысындағы сот
органдары қызметінің орны ерекше.
Қазіргі таңда қылмыстылықпен, әсіресе рецидивті қылмыстармен күресудің
бір тәсілі ретінде – ескертушілік – тәрбиелік әсер етуші соттың үкімі
табылады.
Сондықтан да, осы жоғарыда айтылғаннан, біз қылмыстылықпен күресудегі
құқықтық құралдар кешені ішіндегі аса маңызды рөлді – үкім шығару
институтына береміз.
Ғылыми жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты болып – сот үкімі заңның барлық талаптарын сақтай
отырып, заң негізінде шығарылуын, сондай-ақ сот отырысында сотқа ұсынылған
дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылуын,
үкімді бұзу мен өзгертудің негіздерін, оның проблемалық жақтарын жан –
жақты зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдыма төмендегідей міндеттерді
қойдым:
1) Үкімнің түсінігіне жалпы сипаттама беріп, оны бұзу және өзгерту
негіздерін толық көлемде ашып, апелляциялық сатыда істерді қараудың
тәртібіне тоқталу.
2) Үкімді заңды және негізді шығарудың маңыздылығын ашу.
3) Үкімдердің түрлері: айыптаушы және ақтаушы, осы сот үкімдерінің
негізді болып шығарылуын анықтау.
4) Үкім шығару, оны бұзу мен өзгертудегі Отандық қылмыстық іс жүргізу
заңдылығымен өзге де елдердің, соның ішінде ТМД елдерінің жаңа қылмыстық іс
жүргізушілік заңдарымен салыстыру.
5) Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орын алған қылмыстық іс жүргізу
заңымен қазіргі іс жүргізу заңындағы үкім мәселесіне арналған баптарды
салыстыру.
6) Үкім шығаруға, оны бұзуға және өзгертуге байланысты тәжірибеден,
соның ішінде Жоғары Сот Пленумы қаулылырынан мысалдар келтіру.
7) Үкім шығару, оны бұзу мен өзгерту институтын нығайту мақсатында өз
ұсыныстарымды енгізу көзделеді.
Менің таңдап алған өзекті мәселем Қазақстан Республикасында өз
көкейтестіліген жаңа Конституция және ҚІЖК қабылдаумен алады. Осы тақырыпты
таңдау себебімнің бірі – бұл институтты ғылыми тұрғыдан зерттеу болып
табылады.
Зерттеу пәні мен объектісі.
Бұл дипломдық ғылыми жұмыстың объектісі болып – үкім шығару, оны бұзу
мен өзгерту кезінде пайда болатын қылмыстық процесс субъектісі –
судьялармен азаматтардың арасындағы өзіндік қарым – қатынастар, сот
үкімдерінің түрлері, оларды жеке-жеке ашып көрсету болып табылады.
Зерттеу пәні болып – үкім шығару, оны бұзу мен өзгертудегі қылмыстық іс
жүргізу нормалардағы мазмұны мен маңыздылығы, айыптау мен ақтау үкімінің
негізділігі мен оның құрылымы, яғни сипаттамалы-дәлелді және қорытынды
бөлігін көрсету.
Зерттеудің әдістемелік негіздері:
Жұмыстың методологиялық зерттеу базасын заңға сай негіздейтін
диалектикалық жүйелі әдістеме құрайды. Негізгі жалпы ғылыми әдістер ретінде
бұл жұмыста логикалық, ғылыми, тарихи, жүйелі – аналитикалық, салыстырмалы,
әлеуметтік әдістер қолданылған.
Зерттеу жұмысымды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы
Конституциясы мен өзге де заңдылық нормаларын, ҚР Жоғары Сот Пленумының
қаулыларына, ведомствалық бағынысты өзге де актілерге сүйене отырып жазуды
жоспарлаймын. Сонымен қатар, зерттеу жұмысым бұрынғы Кеңес мемлекетінің
қылмыстық іс жүргізу заңдылығына, халықаралық – құқықтық құжаттарға, шетел
заңдылығына және өзге де ТМД қатарына кіретін елдердің құқықтық заңдылығына
сай жүзеге асырылуда. Зерттеу барысында тек отандық оқулық - әдебиеттер
ғана емес, сонымен қатар, Ресейдің, революцияға дейінгі орыс және шетел
ғалымдарының еңбектері оқылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы, ғылыми
негізі мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, жеті бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады, көлемі қойылатын талапқа сай келеді.

1 ҮКІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Үкімнің түсінігі, түрлері және негізгі талаптары

Қазақстан Республикасында әділ соттылық тек сотпен ғана жүзеге
асырылады. Құқық қорғау органдарының функциялары мемлекет қызметінің бір
бағытын құрайды. Осы бағыт шеңберінде әртүрлі органдар: сот, прокуратура,
ішкі істер органдары, адвокатура құқық қорғаушылық қызметті жүзеге асырып
отырады.
Сот - әділ сотты жүзеге асыратын мемлекеттік қызметті атқарады.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарында көрсетілгендей қылмыстылықпен күрескенде
біз ешбір қылмыскерді жазасыз жібермеуіміз керек деген сөз осы сот органы
қызметкерлеріне арналып айтылған.
Құқықтық мемлекетті әділ сотсыз елестету мүмкін емес. Сот рөлі құқықтық
мемлекет құру және оның идеясын таратуға орай күшейе түседі. Соттар істер
мен дау – дамайларды қарай отырып, үкім мен өзге де шешімдерді шығарып қана
қоймайды, сонымен қатар, олардың қызметі ең алдымен құқыққа негізделген заң
үстемдігі мен салтанат құруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сот билігін жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен мемлекеттік
қадағалау әділ сот деп аталатын ерекше мазмұнға, беделге және рөлге ие. Сот
кез – келген істе, дау – жанжалда соңғы саты ретінде қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей әділ соттылық
тек сотпен ғана жүзеге асырылады және ешкім соттың үкімінсіз қандай да бір
қылмысқа кінәлі деп қылмыстық жазаға тартылмайды. Кеңестік қылмыстық іс
жүргізу құқығының ғылымында үкім Кеңестік әділ соттың актісі ретінде
танылған. Кеңес республикаларының қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде үкім
сот отырысындағы соттың сотталушыға қатысты, оның қылмысқа кінәлі не кінәлі
еместігін шешетін және оған жаза қолдану, қолданбау мәселесін қарастыратын
соттың шешімі деп көрсетілген.
Сот үкімі – қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы
шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады.
Конституцияның қағидаларына сәйкес, жоғарыда айтып өткендей, үкім ҚР – сы
атынан шығарылады, әрі заңды және негізді болуға тиіс.
Кейбір Кеңестік республикалардың қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде
үкім терминына былай сипаттама береді. Ол бірінші сатыдағы сот отырысында
шығарылған, қылмыстың бар не жоқтығын айқындайтын, сотталушының кінәлі не
кінәсіздігін көрсететін және егер де кінәлілігі сотпен анықталса, оған
жазаны белгілейтін соттың шешімі.
Ф.Н. Фаткуллин: үкімді құқық нормаларын қолданудағы жеке акт ретінде
қарастырады. Онда мәні бойынша айыптау мәселесі, сотталушының қылмысқа
кінәлі не кінәсіздігі, жазаны тағайындау не одан босату және заңда
көрсетілген өзге де сұрақтарды қарастырады, дейді [2, 23 б.].
Осы тұжырым бір естігенен жағымды болғанымен, кейін біз оның да
кемшіліктерін көріп жатырмыз. Мұнда үкімнің мемлекет атынан шығарылатыны
айтылмаған.
Қазақстан Республикасының үкімі әділ сотты жүзеге асыратын негізгі акт
болып табылады. Ал, өзге де іс жүргізушілік құжаттар үкімге қарағанда
қосалқы, қосымша мағынада болады. Олар әділ сотты үкімнің шығуына дайындық
жағдайларын жасайды (айыптау қорытындысы, сотқа беру жөніндегі ұйғарым) не
үкімнің заңдылығы мен негізділігінің қосымша кепілі болып табылады.
Жоғарыда айтқан айыптау қорытындысы тергеу органы қызметкерлерінің
белгілі бір қылмыстық іс бойынша шығарған соңғы іс – жүргізушілік актісі
болып табылады. Онда тергеушінің айыптау тұжырымы және айыпталушыны сотқа
беру туралы дәлелді қорытындысы көрсетіледі. Айыптау сот талқылауының
көлемі мен шегін белгілеп, сот қызметінің жемісті болуына қажетті жағдайлар
жасайды.
Айыптау қорытындысы сот талқылауының ірге тасы, негізі бола отырып,
айыпталушыға қорғану құқығын береді. Мұның өзі үкімнің дұрыстығына,
заңдылығына кепіл бола алады.
Айыптау қорытындысының үлкен рөлді атқаруына қарамастан, істі толық
шешетін актісіз өзінің жекешелік мағынасын жоғалтады. Айыптау қорытындысы
үкім шығады – ау деген болжаумен шығарылады.
Бұл екі актінің айырмашылығы тек үкімнің кінәлілік мәселесін шешумен
ғана ерекшеленбейді. Айыптау қорытындысында тергеу органы да, прокурор да
кінәлілік мәселесін шеше алады, бірақ олардың өкілеттіктері осы акті
парағында жазылып, көрсетумен ғана шектеледі. Ал, сот өз үкімінде барлық
іске қатысты мән – жайды зерттегеннен кейін сотталушыға қатысты жаза
мәселесін белгілейді.
Үкімге көмекші құрал ретінде соттың ұйғарымы мен қаулысын да айтуға
болады. Үкім сотталушының кінәлі не кінәлі еместігі және егер кінәлі болса,
әділ жаза қолдану мәселелері қарастырылады. Өзге актілердің ішінен басым
дәрежені ала тұрып, үкім Қазақстан Республикасы сотының актісі болып
табылады. Сот өз үкімдерінде мемлекеттің қылмысқа қатысты көзқарасын
білдіре отырып, бүкіл қазақстандықтардың еркін білдіреді. Өйткені, заңдылық
Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмысты тануымен мемлекттің қылмыстық
әрекеттерді тануы деп бөлмейді.
Сондықтан да барлық соттың үкімдері ҚР-сы атынан деп шығарылады. Бұл
жайлы нақты ҚІЖК-де айтылған.
Кеңес Одағы кезінде де үкім міндетті түрде Социалистік Республикалар
атынан жеке не бүкіл Кеңес Одағы атынан шығарылған. Заңға сүйене отырып,
қылмыстық істерді шешкенде сот бүкіл Кеңес халқының еркін көрсеткен.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың Қылмыстық іс жүргізу
негіздерінің 2-бабына сәйкес, Кеңестік қылмыстық сот өндірісінің екі
әшкерелеу, сонымен қатар, қылмыс жасаған адамды әділ жазаға тарту үшін
негізгі мақсаты көрсетілген: қылмысты толық және тез ашу, кінәлілерді заңды
дұрыс қолдануды қамтамасыз етіп, кінәлі еместерді қылмыстық жауаптылыққа
тартпау керек деп көрсетілген.
Ал, осы Заңның 4 - бабына сәйкес, қылмыстық істер бойынша Әділ Кеңес
Одағында қылмыстық істерді қарау мен кінәлі адамға жазалау шараларын
қолданып, ал кінәлі еместі ақтапшығару арқылы жүзеге асырылады делінген.
Осы мақсаттарды ұстанған Кеңестік заңдылық былай дейді: Сот үкімі
айыптаушы не ақтаушы болуы мүмкін [3, 73 б.].
Қазіргі Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 374-бабында үкімдердің түрлері
ретінде осы айыптаушы және ақтаушы үкімдер көрсетілген. Ал, енді осы
үкімнің әрқайсысына жеке – жеке тоқталып, анықтама бере кетейін.
Айыптаушы үкім – бұл соттың сот талқылауы нәтижесіндегі мемлекет атынан
шығарылған сотталушының кінәлілігін бекітетін және айқындайтын, сонымен
қатар, оған қатысты жаза қолдану не қолданбау туралы шешімі.
Ал, ақтаушы үкім дегеніміз – бұл соттың сот талқылауы нәтижесіндегі
мемлекет атынан шығарылған сотталушының кінәлі еместігі анықталып,
бекітілген және ақталуы туралы шешімі.
Қазақстан Республикасының әділ сотын жүзеге асыру үшін сот қылмыстық
істі қарап, қылмысқа кінәліге қатысты айыптау үкімін қаулы етіп немесе егер
оған кінә негізсіз тағылса, онда сотталушыға қатысты ақтау үкімін шығарады.
Үкімнің өзгеше үшінші түрін Кеңес заңдылығы да тәуелсіз мемлекет те
белгілемейді.
Айыптау не дәлелденеді (егер сотталушы кінәлі деп саналса) не
дәлелденбейді (сотталушы кінәлі емес деп саналып, ақталып шыққан жағдайда).
Бұл екі шешімнің ортасындағы жағдай болмайды және болуы мүмкін емес.
Осындай категориялық тұжырым қылмыстық іс бойынша әділеттілікті жүзеге
асырудағы соңғы нүктені белгілейді.
Қылмыстық іс жүргізу заңының әр қылмыстық іске қатысты сотталушының
кінәлілік не кінәлі еместігін шешу, үкімдердің негізгі қасиеттері:
анықтылығы мен тұжырымдылығын (категоричность) қамтамасыз етеді. Бұл
дегеніміз соттың үкімдегі сотталушының кінәлі не кінәлі еместігін сот
қорытындысында анық, ешқандай екі мағынасыз көрсетілетінін білдіреді.
Сот үкімінің анықтылығы мен тұжырымдылығы – бұл соттың сот талқылауы
кезінде объективті шындыққа жету үшін жан – жақты сот зерттеуін жүргізуі,
мұнда ешқандай түсініспеушілік немесе күмән болмауы тиіс. Сотталушының
кінәлі не кінәсіздігін анықтамайтын, жалтармалы жауап қылмыстық сот
өндірісінің қағидаларының қатаң түрде бұзылуына әкеп соқтырады.
Мысалы: Егапов өз жолдастарымен мейманханада бұзақылық әрекеттер жасап,
мейманхана қонақтарын ұрып – соққаны және сол іс бойынша сотталған
Баратишвилиге Натанадзені өлтіруіне көмек көрсеткені үшін сотталған.
Егаповтың адама өлтіруіне қатысуын сот мынадай күдікті сот үкімінде орын
алған жауабында көрсетті: Егапов Бараташвилидің қолында пышақ болғанын
байқаған шығар [4, 25 б.].
Мұндай анықталмаған, болжамды түйін кінәлілік туралы сұрақты ашық
қалдырады. Осыған байланысты, үкім ҚР – ның Жоғарғы Сотының қылмыстық істер
бойынша Сот алқасымен бұзылған болатын. Үкім күмәнді, айқын емес болғанда
ол өзінің мақсатына жете алмай, мемлекеттің әділ сотының актісі болу
қасиетін жоғалтады.
Осы айыптау үкімі жайлы кеңірек айтпас бұрын, мен жалпы айыптаудың жеке
түсігіне тоқталғанды жөн көріп отырмын. Айыптау – бұрыннан келе жатқан және
ең маңызды іс жүргізушілік құбылыстардың бірі. Ол тіпті, қылмыстық сот
өндірісінің пайда болуына өз септігін тигізді десем қателеспеймін. Өйткені,
соңғысы адамның қылмыстық әрекетін бағалау үшін қажет болған.
Айытау – бұл әрбір қылмыстық сот өндірісінің қажетті элементі, оның
нысаны мен түріне тәуелсіз белгісі.
Айыптау үкімі, егер де сот мына төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап
қатқанда ғана қаулы етіледі:
1) Жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді
ме;
2) Бұл әрекет қылмыс болып табылама және ол нақты қай қылмыстық заңда
көрсетілген ( бабы, бөлігі, тармағы);
3) Сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
4) Сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме, яғни оның әрекеттерінде
кінә бар ма .
Осы сұрақтардың бәрінде сот өзінің айыптау қорытындысында тұжырымды
және дұрыс анықталған жауап беруі тиіс. Заң көрсетіп отырғандай, айыптау
үкімі тек қана сотталушының кінәсі толық көлемде анықталып, зерттеліп,
дәлелденгеннен кейін ғана шығарылуы тиіс. Ал, болжамға негізделіп
шығарылған үкім өз заңдылық күшін жояды.
Сонымен, сотпен шығарылатын айыптау үкімінде міндетті түрде айыптаудың
күмән тудырмайтын дәлелділігі, сотталушының толық көлемде кінәлі екендігі
анықталуы тиіс. Бұл сұрақты шешуге байланысты айыптау үкімі:
1) жаза тағайындаумен;
2) жаза тағайындамай;
3) жаза тағайындап, бірақ одан босатып шығаруы мүмкін.
Айыптау үкімін жаза тағайындаумен шығарғанда сот сотталушының қылмыс
істегені үшін жазаға тартылуына жағымды жауап бергенде қаулы етеді. Барлық
жағдайларда үкімді қаулы еткенге дейін кінәлінің іс - әрекеті мән – жайдың
өзгеруіне байланысты қоғамдық қауіптілік дәрежесін жоғалтса немесе
сотталушы енді қоғамға қауіпті емес деп саналса сотпен жаза
тағайындалмайтын үкім шығарылады. Осындай жазадан босатудағы айыптау үкімін
қаулы етудің негіздері болып – мерзімнің өтуі немесе амнистия табылады.
Осы жоғарыда айтып өткен негізсіз үкімдерден қорғану тәсілдерінің,
құқықтарының бірі Ата Заңда көрсетілген нормада орын алады. Оған сәйкес,
айыпталушының қорғануға деген құқығы осындай негізсіз айыптаудан қорғауды
қамтамасыз ететін конституциялық кепілдігі болып табылады. Айыпталушының
қорғануға деген конституциялық құқығы болып – ең алдымен оның қылмыстық
процессуалдық қызметтің субъектісі ретіндегі құқықтық іс-жүргізушілік
жағдайы табылады [5, 15 б.].
Қылмыстық процессуалдық қызметтің субъектісі ретіндегі айыпталушының
қорғануға деген конституциялық құқығы тікелей оның объективті құқық
жағдайымен тығыз байланысты, яғни қылмыстық іс – жүргізушілік заңында
тікелей орын алған кінәсіздік презумпциясымен байланыста болады. Соңғы
институтсыз айыпталушының қорғануға деген құқығы формалды болып қалар еді.
Кінәсіздік презумпциясы Ата Заңның 77-бабына және ҚІЖК-нің 19-бабына
сәйкесбылай деп көрсетілген: Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін осы
Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген
үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Бұл қағида Кеңес
дәуірінде де орын алған.
Сонымен қатар, айыпталушымен оның кінәлі еместігін көрсететін
дәлелдемелерді ұсынбауы оның кінәлілігін білдірмейді.
Үкімнің келесі түрі – ақтаушы болып табылады. Қазіргі таңдағы отандық
қоғам тұлғаның дамуына барлық жағдайлар жасай отырып, өз азаматтарын адал
еңбек етуге, өз азаматтық борышын дұрыс атқаруға шақырады.
Қазақстан Республикасы тұлғаның абыройы мен адамгершілігінің дамуына
жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар, оның қорғалуын өз қамқорына
алады.
Адамның аты мен абыройын қорлаған әр адам қоғаммен айыпталуға жатады.
Қылмыстық істер бойынша әділ сотты жүзеге асыратын сот абыройдың – азамат
не адамның жағымды, моралды беделі, оның жақсы аты деген сананы ұстанады.
Әділ сотты жүзеге асыра отырып, сот тұлғаның – абстрактілі категория емес,
тірі адам екенін, оның қолында біреудің тағдыры шешіліп жатқанын түсінуі
тиіс.
Үкім - әділ соттың алдында тұрған қылмыстық істі шешуіне байланысьы
негізгі және маңызды актісі болып табылады. Үкім арқылы сот тек қана бір
белгілі қылмыстық істі шешіп қана қоймай, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың
алдын – алып, азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауына көмектеседі.
Үкім сот актісі ретінде сот отырысы аяқталғаннан кейін шығарылады. Ол
айыпталушының тағдырын шеше отырып, қылмысты жасаған адам осы ма, ол кінәлі
ма және оған қандай жаза қолдану керек деген сұрақтарға жауап береді.
Сот қызметінің ерекшелігінің бірі – ол судьялардың тек қана заңға
бағынып, тәуелсіздік қағидасын ұстануы. Бұл жерден шығатын мәселе, ол өзге
органдардың сотқа белгілі бір үкім шығаруға қатысты ықпал ете алмауы.
Сонымен қатар, шешім шығарар алдында соттың өзге мемлекеттік органдар мен
мекемелердің шешімдерін ұстануы міндетті емес. Ешқандай дәлелдер сот үшін
алдын – ала белгіленген дәлелдемелік күшті білдірмейді. Заңмен анықталған
осындай судьялардың тәуелсіздігі, оның тек қана заңға бағыныштылығы
судьялардың құқықтық сана – сезімдеріне, біліктілігіне, өнегелік ұстамына
жоғары талаптар қояды.
Әділ сотты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тағы бір жайт – ол сот
өндірісіндегі соттың алқалылығы. Кейбір қылмыстық істерде алқалы түрде
судьялардың қатысуы міндетті болатындықтан (мысалы адамды өлім жазасына
кесу мәселесін шешкенде) олардың құрамының сақталуы маңызды болып табылады.
Сот құрамы өзгерген жағдайлар туындағанда істі талқылау қайтадан басталады.
Сот өндірісі сот талқылауы түрінде жүзеге асырылып, келесі негізгі
қағидаттарды ұстанады: жариялылық, сот өндірісінің ауызшалылығы,
тікелелейлігі, үзілмелілігі.
Үкім мемлекет атынан шығарылатындықтан, ол әлеуметтік, әділдік
талаптарына сай болуы тиіс. Үкім жарияланғаннан кейін сот отырысының
қатысушылары, сот отырысы залында отырған өзге де адамдар үкімді
әлеуметтік, әділдік ұстанымдарымен бағалайды.
Кәсіби заңгерлер үкімді міндетті түрде әділдік тарапынан және де оған
қойылатын заңдылық, негізділік, дәлелділік қағидалары негізінде қарайды.
Р.М. Оганесян айтқандай: Әділдік құқықтық шешімнің құрылымдық элементі
ретінде адамға эстетикалық қанағат, рухани ләззәт әкеледі. Ең алдымен бұл
соттың юрисдикциялық қызметіндегі актісіне қатысты айтылған пікір [7, 47
б.].
Сонымен үкімге қойылатын талаптар мынадай:
1) Соттың үкімі заңды және негізді болуы керек.
2) Сот үкімі әділ және сендірерлік болуы тиіс.
3) Қылмыстық іс жүргізу заңдылығының негізгі талабы – үкімнің
дәлелділігінде.
4) Сот отырысында қаралған дәлелдемелердің негізінде үкімнің
шығарылуы.
Соттың үкімі заңды және негізді болуы тиіс. Бұл қазіргі қолданылып
жүрген қылмыстық іс жүргізу заңдылығында да, бұрынғы Кеңестік заңдылықтарда
да айқындалған.
Заңдылық пен негізділік арқылы үкімнің әділеттілігі айқындалады. Ал,
әділетті үкім ретінде біз әділ соттың талаптарын орындаған шешімді ғана
көрсете аламыз.
Үкімнің негізділігін дұрыс анықтау теориялық және практикалық мағынасын
дұрыс ашуды білдіреді. Үкімнің негізділігін теориялық мағынада қарау, оны
өзге салалас түсініктерден бөлуді көрсетеді.
Қабылданған шешімнің негізділігі дәлелділікпен белгіленеді. Осы дәлелді
шешім шығару туралы міндеттеме - заңдағы бұлтартпау шарасын қолдану үшін
шығарылған қаулысы мен ұйғарымына, айыпталушы ретінде тану туралы қаулыға,
тінту туралы қаулыға, алдын – ала тергеуді жандандыруға және үкімге
қойылады.
Бұрынғы Кеңестік және қазіргі қылмыстық іс жүргізушілік заңдылықта да
дәлелді шешімге қатысты толық анықтама белгіленбеген. Шешімге қатысты
дәлелділік толық көлемде үкімге ғана қатысты көрсетілген. Заңда
көрсетілгендей соттың тұжырымдары сипаттама бөліміндегі сияқты қорытынды
бөлімінде де дәлелді болуы тиіс. Бұл жерде соттың дәлелдемені не үшін
қабылдамағаны жайлы себебі немесе айыптауды өзгерту себебі, бұлтартпау
шарасын таңдау себебінің дәлелдері көрсетілуі тиіс.
Шешімдердегі себептердің әрқилы болуы, заңмен шешімге белгілі бір мән –
жайларды және дәлелдемелерді сілтеме жасауға міндеттейді ме, әлде
міндеттемейді ме соған байланысты болады. Үкім өзге шешімдерге қарағанда ең
ауыры болғандықтан, заң міндетті түрде осы үкімге қатысты дәлелді
себептерді көрсетуді жүктейді.
Заң нормаларына жүгіне отырып, дәлелдердің бірнеше анықтамасын
көрсетуге болады. Осыған орай, кей нормалар шешімнің фактілік негіздерін
көрсетуді міндеттесе, екіншілері - іс бойынша жиналған дәлелдемелердің
анализіне және анықталған мән – жайларға сілтеме жасайды, ал үшіншілері –
фактілік шешім негіздері мен себептерін көрсете отырып, неге осы шешімді
қабылдағанын тұжырымдайды.
Заңмен шешімнің мазмұнына қатысты талап қоюды зерттеу барысында
шешімнің сипаттама бөліміндегі дәлелдер шешімнің қандай тәртіп ережелерін
ұстануына байланысты екенін көрдім. Шешімнің дәлелділігі - өзіне қатысты
анықталған фактілерді келтіруді кіргізеді. Осы фактілердің гносеологиялық
маңызы олардың тұжырым шығару үшін негізгі материал екендігін көрсетеді.
Шешімдегі фактілерді келтіру оларды белгілеумен (фиксация), топтастырумен,
олардың құқықтық түсініктермен байланысын анықтаумен ерекшеленеді. Бұл осы
шешімнің негізін ашуға, мағынасын, құқықтық табиғатын дұрыс түсінуге
көмектеседі. Жалпы осы фактіні түсіну дегеніміз – бұл осы фактіні өзге
фактімен объективті, себепті, заңдылық байланыстыру болып табылады. Тек
қана осы жолмен фактіні объективтік шындық тілімен сөйлетуге болады.
Фактілер құбылысты түсіндірулері тиіс. Егер де фактілер әр түрлі мысал
түрінде кездейсоқ алынса, олар тек қана ойдың иллюстрациясын көрсетіп, оның
шындығын дәлелдей алмайды.
Жалпы негіз бойынша фактілерді ашудағы ең негізгі мәселе – ол
судьялардың белгілі бір іс бойынша анықтаған факті бойынша бір қорытынды,
тұжырым бетерін ой – қызметінде.
Дәлелділік мәселесін шешімнің табиғатына қатысты белгілеріне сай қарау,
соның ішінде психологиялық табиғатын қоса отырып қарастыру осы дәлелді
шешімнің маңызын және мазмұнын толық көлемде ашуға өз септігін тигізеді.
Шешімнің дәлелділігі судьялардың құқықты қолданудағы қызметін, олардың
бүкіл іс бойынша туындаған сұрақтарын тек заң негізінде шешуін көрсетеді.
Шешімнің, әсіресе үкімнің психологиялық, еріктілік жағы нандыру,
сендірудің қалыптасу себебіне байланысты. Осылар заңдағы белгілі бір
мақсатқа қол жеткізу үшін таңдаған қозғаушы күш болып табылады. Үкімді
таңдау актісі – бұл мүдде нысанындағы мұқтаждықты түсіну процесі мен өз
әрекетінің мотивациясы мен мақсатын анықтау болып табылады.
Заңның дәлелді шешім шығару туралы талабы белгілі бір құжаттағы
қозғаушы күштердің қабылданған шешімге сәйкестігін қарастырады.
Осы көзқарас тұрғысынан шешімнің дәлелдігін қарай отырып, әрине, біз
заң нормаларынан шығатын шешімнің нұсқауларын таңдаудың шектеулерін де есте
сақтауларымыз керек. Заң шешімнің қабылдануын негіздейтін талаптарды
анықтайды. Сондықтан да, шешім шығарған тұлғаның осы жоғарғы негіздер
анықталды деп сенуі оның заң талаптарына сай әрекет етуіне себепші болады.
Сонымен, үкімнің дәлелді болуы – шешу қызметінің логикалық
дәлелдемелерді бағалауын, оның шындыққа сай келу – келмеуін анықтап,
белгілі бір құқықтық қорытындыға әкеледі. Үкім бойынша дәлелдердің
нандырушылық қасиеті тәрбиелік және ескертушілік маңызын көрсетеді. Толық
мағынада – үкімнің дәлелділігі өз тарапынан аргументтердің, дәлелдердің
фактілік, логикалық, құқықтық көзқарастағы түсінігінің іс бойынша белгілі
бір қорытынды тұжырымға келу жүйесін білдіреді.
Үкімнің заңдылығы мен негізділігі бір – бірімен тығыз байланысты, олар
әділдік актісінің әртүрлі жақтарын көрсетеді.Үкімнің заңдылығы – бұл оның
қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына нақты тура сәйкес
келуі. Заңды үкім ретінде біз тек қана Қылмыстық кодекстің Жалпы және
Ерекше бөлімінің және өзге де Кодекстардың талаптары сақталған шешімді
айта аламыз. Сондықтан да заңсыз үкім болып, мысалы, қоғамдық қауіптілігі
жоқ әрекетті жасағаны үшін шығарған айыптау үкімін айта аламыз. Сонымен
қатар, үкім заңсыз деп табылады, егер де қылмыстық іс жүргізу заңы
ережелерінің бұзылуы сотпен емес, алдынғы сатыдағы алдын – ала тергеу
барысында айыпталушының қорғануға деген құқығының бұзылуы салдарынан болса.
Үкімнің заңдылығының талабы жалпы қоғамда қалыптасқан заңдылық
қағидасынан туындайды. Бұл қағидаға барлық қылмыстық процестің сатылары
бағынышты.
Жалпы, осы үкім заңдылығы жоғарыда айтылғандармен қатар, барлық тергеу
әрекеттерінде процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері сақталып,
барлық сот өндірісі этаптарында барлық құқық нормалары орындалып, барлық
мән - жайлар толық және объективті шешіліп қаралғанда ғана орын алады.
М.С. Строгович үкімнің негізділігі жайлы былай дейді: Үкімнің
негізділігі – ол істің фактілік мән – жайына сәйкестігі, яғни негізі
бойынша шындыққа, дұрыстылыққа сәйкестігі. Бұл жердегі үкімнің
негізділігінің негізгі мақсаты сотталушының кінәлі, кінәсіздігін айқындау
еді [8, 155 б.].
Сот үкімінің әділ және сендірерлік болуы тиіс.
Сот үкімі тек қана негізді ғана емес, сонымен қатар, әділ де болуы
тиіс. Үкімнің әділдігі дегеніміз – сотталушының кінәсінің нақты анықталып,
оның істеген қылмысының түріне және тұлғасына байланысты жазаның шығарылуы.
Қылмыстық істі қарау барысында сот қылмысқа қатысушылардың бәрін
анықтап, олардың жауаптылығы мен кінәсін анықтайды, ауырлатылатын және
жеңілдетілетін мән – жайларды да қарастырып, ең соңында шешім шығарады. Сот
үкімі әділетсіз деп саналады, егер де, мысалы іс бойынша барлық қатысушылар
анықталмай, олардың кінәсі анықталған сотталушыларға жүктелсе. Әділ жаза
тағайындаудың міндетті шарты болып – оның жекелігі танылады. Сондықтан да,
соттар жаза тағайындағанда заңда көзделген жекелілік талабын сақтап,
қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, барлық ауырлатылатын және
жеңілдетілетін мән – жайларды ұмытпауы тиіс. Әсіресе, алғаш рет қылмыс
жасаған тұлғаның және жеке тұлғалардың тағдырын шешкенде осы мәселеге көп
көңіл бөлуі тиіс. Сонымен қатар, жазаның тиімділігі – оның тәрбиелік және
жазалаушылық әсерімен тығыз байланысты екенін ұмытпаған жөн. Ал, осының
бәрі тиімді іске асуы үшін әділдік қағидасын да назардан шығармау керек.
Үкімге тән қасиеттің келесісі – сендірерлік қасиет болып табылады.
Яғни, бұл дегеніміз – шығарылған үкімнің қоғаммен дұрыс, әділ шешім ретінде
қабылдануы.
Үкімнің дәлелділігі, әділдігі сияқты оның сотталушыға әсер ету және
өзге де азаматтарға сотты құрметтеуін үйретуде ықпалын тигізеді.
Сот отырысында қаралған дәлелдемелердің негізінде үкімнің шығарылуы.
Бұл талап ҚР ҚІЖК-де орын алған ауызшалық және тікелейлік қағидаларынан
туындауда. Осы қағидалардың талап етуіне байланысты сот отырысында
қаралмаған дәлелдемелерді үкімде негіздеуге жол берілмейді. Сот үкімде
көрсетіп, негіздеген барлық дәлелдемелерін тікелей өзі зерттеуі тиіс. Осы
айтылған талаптарды орындап қана біз әділ, негізді, дұрыс шешімді шығара
аламыз.

1.2 Үкімді бұзу және өзгертудің жалпы сипаттамасы

Қылмыстық істер бойынша заң бұзушылықты табу және оны жою, апелляциялық
және қадағалау өндірісінің негізгі мақсаты болып табылады. Осы жоғарыда
айтылған қылмыстық процестің сатылары процессуалдық әдебиеттерде
спецификалық қадағалаушы бағытты ұстанушылар деп нұсқалады. Олардың
процессуалдық нормаларын реттеуші жиынтығы, әрине, процестің алдыңғы
сатысына қарағанда құқық қорғаушы болып табылып, әділ соттылықты жүзеге
асырады.
Бірінші сатыдағы сот актілерін тексеріп, бағалау- барлық сот жүйесі
алдында тұрған басты мақсатқа жетуді көздейді.
Қылмыстық процессуалдық процедураны бағалау процесі заңда көрсетілген
процессуалдық қызмет үлгілерін қаралған және шешілген қылмыстық іс
нәтижелерімен салыстыру болып табылады. Осындай салыстыру барысында
атқарылған қылмыстық процессуалдық қызметтің тек заң нормаларына сәкестігі
ғана емес, сонымен қатар, әділ сот актісі - үкімнің осы заң тәртібінің
сәйкестігі тексеріледі.
В.Н. Кудрявцев осы сот тәжірибесіндегі дұрыс және қате шешім бұзылған
және өзгертілген шешім деген түсініктердің болуын әділ деп санайды [9,
155].
Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қортындысы
шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады.
Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан
шығарылады, әрі заңды және негізді болуға тиіс.
Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына
сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді
дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң
талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Оның өзі үкімдердің өзгертілуіне және
бұзылуына әкеп соғуда.
Өзім жоғарыда айтып кеткендей үкім – Қазақстан Республикасы
Конституциясының 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тарауында көрсетілген әділ сот
принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе
кінәлі еместігі қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы I-
сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған
қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады.
Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судъялардан оның
заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілікті сезінуді талап етеді.
Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға
дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле
отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің
негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының
талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып, соттың заңды
құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн.
Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық
жан- жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген
дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып
табылады.
Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін
үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары
аударылуы қажет. Ол нысаны мен мазмұны бойынша Қылмыстық іс жүргізу
кодксінің 377, 383-баптарына сәйкес келуі тиіс.
Егер де осы айтқан талаптар судъялармен орындалмаса, онда I-сатыдағы
сот үкімін бұзу мен өзгерту негіздерін жүзеге асыруға тура келеді.
Үкімді бұзу мен өзгертудің апелляциялық негізі дегеніміз - бұл белгілі
қылмыстық іс бойынша үкімнің заңсыздығы мен негізсіздігін көрсететін және
оны өзгерту мен бұзуға міндеттейтін негіздер болып табылады. Яғни
апелляциялық негіздер апелляциялық өндірістің мазмұны мен шегін анықтайды.
Жоғарыда айтылған сот үкіміне қойылатын талаптармен бірге Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодксінің 412- бабы үкімді бұзу мен
өзгертудің нақты мынадай бес негізін белгілейді:
1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
2) соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән
жайына сәйкес келмеуі;
3) қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес
келмеуі I сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып
табылады [10, 119 б.].

1.3 Сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместілігі

Сот тергеуі - бұл сот талқылауының орталық бөлігі болып табылады,
осында сот қылмыстық процестің қағидаларын толық көлемде пайдалана отырып,
қылмыстық фактілік мән- жайларын анықтау мақсатында іске қатысты қолда бар
дәлелдемелерді зерттейді.
Сот пен тараптардың дәлелдемелерді зерттеудегі қызметі сот тергеуінің
маңызын құрап, кейінгі сот жарыссөздері мен сот үкіміне, ықпалын тигізеді.
Сондықтан да үкімнің заңдылығы мен негізділігі көптеген жағдайда сот
тергеуінің сапалылығымен анықталады.
Сот тергеуі алдын ала тергеудің қайталамасы болып табылмайды. Ол істің
фактілік деректерін өзіндік зерттеп, алдын - ала тергеуде зерттеліп
жиналған іс материалдарынан тәуелсіз болып табылады. Сонымен қатар, алдын-
ала тергеудің сот тергеуінен айырмашылығы – оны, жүргізу субъектілерінде.
Яғни, сот тергеуі- тараптардың белсенді қатысуын және өзге де процеске
қатысушылар мен сотпен жүзеге асырылады.
Сот тергеуі ерекше процессуалдық нысанда – жариялылық, ауызшалылық,
тікелейлілік, дәлелдемелерді зерттеуде үзілмелілікпен ерекшеленеді. Сонымен
қатар, сот тергеуші мен прокурордың және олар алған дәлелдемелердің
тұжырымдары мен келісуге міндетті емес. Сот тергеуіндегі дәлелдеу
процесінде оқиғаның мүмкін болатын барлық жағдайлары ескеріліп, сот айыптау
қорытындысында көрсетілген мән- жайларға ермей-ақ, өзіндік сот отырысында
қаралып дәлелдемелерге негізделген өз шешімін қабылдауға міндетті [11, 15
б.].
Дәлелдемелерді сот тергеуінде зерттеудің алдын-ала тергеуде зерттеуден
айырмашылығы бар. Заң сот тергеуінде әрбір тергеу әрекеттерін жүргізуге
мүмкіндік бергенімен тәжірибе жүзінде сот тергеуінде тінту, алу және
мәйітке эксгумация өткізу көп дамымаған. Сот процесінде тану мен беттестіру
әрекеттері шектеліп, көбінесе сотта беттестірудің орнына анықталған
тұлғалардан жауап алынады. Сот тергеуіне тән дәлелдеу процесіндегі негізгі
сот әрекетіне Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы сотталушыдан, жәбірленушіден,
куәдан жауап алуды сараптама өндірісін, заттай дәлелдемелерді қарауды,
құжаттарды жариялап, іс болған орынды және үй-жайды қарауды келтіреді.
Бірақ, сотта тергеу экспериментін жүргізу, куәландыру, зерттеу үшін үлгілер
алу сияқты әрекеттердің орын алуы да ықтимал. Жалпы, осы сот тергеуі
айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке
айыптау істері бойынша - арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар
болмағанда сот отырысы хатшысының шағымды баяндауымен басталады.
Сот тергеуінде дәлелдемелерді зерттеу айыптауды құрайтын құжаттарды
жариялаудан, сонымен қатар дәлелдемелерді зерттеу тәртібін анықтап,
талқылаудан өтеді. Айыптау қорытындысын жариялау - сот талқылауында қандай
айыптаудың пәні ретінде қарастырылуын белгілейді. Судъямен айыптау
өзгертілсе, сот отырысын тағайындау сұрағын шешу барысында судъяның
қаулысында жарияланады.
Егер іс бойынша алдын ала тргеу немесе анықтау жүргізілмеген жағдайда
сот тергеуі жәбірленушінің арызын жариялаудан басталады. Егер іс бойынша
азаматтық талап қойылса, онда азаматтық талап та қоса жарияланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі осы жоғарыдағы
құжаттардың кіммен жарияланатыны жайлы айтпаған. Бірақ, тәжірибеде
көбінесе, ол төрағалық етушімен жүзеге асырылады.
Айыптау қортындысы жарияланғаннан кейін сот айыпталушының айыпқа деген
қатынасын анықтайды. Ал, оны анықтау үшін істі талқылау қажет. Төрағалық
етуші сотталушыға айыптаудың мәнін түсінгендігін сұрап, қажет болған
жағдайда айыптаудың негізін түсіндіріп, одан тағылған айыпты мойыедайтынын
не мойындамайтынын сұрайды. Сотталушының өтініші бойынша сот оған өз
жауабын дәлелдеуге мүмкіндік беріп, оның айыпқа қатысты не қатыссыздығын
толық көлемде ашуға рұқсат береді.
Кейін дәлелдерді зерттеу тәртібін анықтау мен талқылау жүзеге
асырылады. Яғни, сот пен және іске қатысушылар мен істе бар дәлелдерді және
жаңадан келіп түскен дәлелдерді қарау кезектілігі анықталады. Әрбір сот
әрекетінің процессуалдық тәртібін реттей отырып, заң олардың қаралу
керектігін белгілейді. Ол тек қана сотқа сот тергеуі басында дәлелдемелерді
зерттеудің және қараудың ең тиімді жағын пайдалануды ұсынады. Осы мақсатпен
сот айыптаушының, сотталушының, қорғаушының, жәбірленушінің, азаматтық
талапкер мен жауапкердің және олардың өкілдерінің сотталушылардан,
жәбірленушілерден, куәлардан, сарапшылардан жауап алу кезектілігі туралы
ұсыныстарын тыңдап, дәлелдемелерді зерттеу тәртібі туралы ұйғарым шығарады.
Сот тергеуінің кез келген уақытында сот басында таңдап алынған тәртіпті
өзгертіп, ол тураолы шешім шығаруға құқылы.
Сот әртүрлі дәлелдеме қайнар көздерінің кезектілігін анықтайды. Мысалы:
сотталушыдан, куәдан, жәбірленушіден қашан жауап алу керек, сонымен қатар,
сотталушыларды қандай кезектілікте сұрау мәселесін де шешеді. Сонымен
қатар, сот сотталушының тағылған айыпқа қатыстылығын ескеріп, оның
көрсетпелерінің өзге жауап алынатын тұлғаларға әсерін, бір дәлелдемені
екіншісімен тексеруді көздейді.
Тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, бұл ең алдымен айыпталушыдан жауап
алынып, кейін жәбірленуші, куәлардан жауап алынады. Сот және өзге де сот
талқылауына қатысушылар істің мән - жайына кіріп, сотталушы өзін қорғау
құқығын жүзеге асырады. Егер де сотталушылар саны көп болса, ең алдымен
айыпты мойындаған сотталушыдан жауап алынып, кейін қалғандары сұралынады.
Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес, жәбірленушіден
куәлардан бұрын жауап алынады. Өйткені, жәбірленуші істің аяқталуына
мүдделі тұлға табылып, өзге куәлардан жауап алынғанда ол сот отырысы
залында отырып, барлық мән-жайды тыңдап, өз ұсыныстарын жасап, өтініштерін
келтіре алады. Куәлардан жауап алу реті олардың көрсетпелерінің
маңыздылығына байланысты болып, сонымен қатар қылмыстың және оның
эпизодтарының дамуының хронологиялық ретіне байланысты болады.
Сотта сараптама өзге дәлелдемелердің зерттелуіне негізделуі тиіс.
Бірақ, оның өндірісін бостан-бос созудың қажеті жоқ, өйткені ол оның
тұжырымдарының нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл сараптама тараптардың
өтініші бойынша немесе соттың өз бастамасымен тағайындалады. Оны алдын ала
тергеу кезінде жүргізген не сот тағайындаған өзге сарапшы жүргізуі мүмкін.
Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына
алады. Мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тыңдап, сот өз
қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзіретіне
жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.
Заттай дәлелдемелерді, іс болған орынды және үй-жайды қарау, сот
тергеуінің аяғына қалдыратын құжаттарды жариалау іс бойынша сотталушыдан,
жәбірленушіден және куәдан жауап алу процесінде тиімдірек болады.
Күрделі, үлкен көлемді істердің әр эпизодына байланысты арнайы тәртіп
анықтаған жөн. Бұл сот пен өзге де іске қатысушыларға айыптаудың әр бөлігін
дұрыс түсіну мен онымен байланысты өзге мән-жайларды толық көлемде
анықтауға септігін тигізеді. Кейде істің ауырлық деңгейіне байланысты және
дәлелдемелердің санына орай эпизодты түрде тек қана айыптаушылардың немесе
айыптаушылар мен куәлердің көрсетпелері бөлек қаралып, ал өзге дәлелдемелер
барлық эпизодқа қатысты зерттеледі.
Міне, егер де осы айтылған мән-жайлар толық көлемде қарастырылып
зерттелмесе сот тергеуі біржақты және толық емес қаралған болып табылады.
Жан - жақтылылық, толықтылылық және объективтік қағидалары іс бойынша
барлық дәлелдемелердің жиынтығын толық көлемде қолданып, белгілі бір
мақсатқа жетуді белгілейді.
Сот тергеуінің біржақтылығы мен толық еместігі дегеніміз- бұл
анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-
жайлардың ашылмаған күйде қалуын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 413-ші
бабының 2-ші бөлігіне сәкес, сот тергеуінің біржақтылығы келесі төмендегі
мән-жайлар арқылы орын алады: соттың кінәсінен дұрыс бағаланбаса, үкім
бұзылуға жатады. Жоғарыда өзім айтып өткен арнайы және қажетті сараптама
түрін тағайындамау, белгілі бір мән - жайларды жоққа шығаратын
дәлелдемелердің жоқтығын растайтын құжаттар немесе заттай дәлелдемелер
сұратып алынбағанда іс біржақты қаралды деп саналады.
Жалпы, осы “біржақтылық” терминінің түсінігі өзі айтып отырғандай ол
қылмыстық процестегі “жан-жақтылық” қағидасына қарама-қайшылылықты
білдіргендіктен қылмыстық іс жүргізу нормасында жағымды жағынан орын алмауы
тиіс. Осы айтып өткен дәлелдемелерді іске тартпау істің мән-жайы бойынша
жан-жақты және толық зерттеудің есігін жауып, шығарылған үкімнің әділдігіне
күмән келтіреді.
Заң мазмұны бойынша сот тергеуіндегі кез- келген біржақтылылық пен
толық еместілік үкімді бұзудың негізі бола бермейді, бұл жерде тек
шығарылатын үкімнің мазмұнын құрайтын, соның негізін салушысы ғана үкімді
бұзу мен өзгертудің негізі болып табылады.
Үкімді бұзу - істің қайта сот тергеуіне немесе алдын-ала тергеуге
кетуімен ерекшеленеді.
Енді, осы сот тергеуінің біржақтылығына байланысты үкімнің бұзылуына
мысал келтіре кетейін.
Қызылорда облыстық сотының 2002 жылы 6 мамырда шығарған үкімімен Ж.
Қалыбаев (бұрын сотталмаған) ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің д тармағымен
қылмысқа қатыстылығы дәлелденбеуіне байланысты ақталған. Бас шарасы қамауда
қалдырылған.
Апелляциялық наразылықта бірінші сатыдағы сот ақталған Қалыбаевтың
жауаптарындағы қарама - айшылықтарға баға бермеген. Сонымен қатар, куә Пак,
Әбдіқалықов сот айыпкердің әкесінің берген жауаптарын негізге алмай, оны
заңсыз атаған деп, үкімді бұзып, істі қайтадан басқа сот құрамында қарау
керектігін көрсеткен.
Жоғарғы Сот судьясының іс бойынша жасаған баяндамасын, прокурордың
апелляциялық наразылықты қолдаған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысқан
алқа сот үкімі төмендегі негіздерге байланысты бұзылуға жатады, деп
есептейді.
ҚР ҚІЖК-нің 24-бабының талабына сай сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы
істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән - жайларды жан – жақты толық
және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға
міндетті.
Бірақ, осы іс бойынша сот тарапынан аталған заңның талаптары толық
сақталмаған. 2001 жылы 30 қарашада Қалыбаев жөнінде шыққан облыстық соттың
айыптау үкімі Жоғарғы соттың қылмыстық істер қарайтын алқасының 2002 жылғы
30 қаңтардағы шыққан қаулысымен істегі орын алған қайшылықтар
жойылмағандықтан және көптеген мән – жайлар жан – жақты зеттелмегендіктен
бұзылған.
Ал, істі қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері
Айыптау және ақтау үкімі
Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында
Соттардың үкімдерді орындау кезінде мәселелерді қарауы
“Сот үкімі - сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі актісі ретінде”
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Үкімді бұзу мен өзгертудің негіздері
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау институты
Пәндер