Сот медицина орталығы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
«СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ» Алматы филиалы ұйымдастырушылық . экономикалық сипаттамасы
2.бөлім
«СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ» Алматы филиалы қаржы экономикалық талдауы
2.1 «СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ» Алматы филиалы табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері
2.2 Өндіріс және өнімді өткізу шығыны
2.3 Еңбек өнімділігі және оны есептеу
2.4 Өнеркәсіптің салалық құрылымын талдау және көрсеткіштерін есептеу
2.5 Негізгі капитал. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
2.6 Айналым капиталы, құрамы және құрылымы, олардың қаржыландыру көздері
2.7 Еңбек ресурстары: еңбек нарығы, мәні және қызмет ету механизмі
2.8 Шикізат, материалдық және отын.энергетикалық ресурстар
2.9 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
2.10 Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
2.11 Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
3.бөлім
«СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ» Алматы филиалы қаржылық көрсеткіштерін талдау:
3.1 Өтімділік коэффициенті;
3.2 Іскерлік белсенділік коэффициенті;
3.3 Рентабельділік коэффициенті;
3.4 Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
ІІІ. Қорытынды
Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.
Экономикалық талдау мен стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Дегенмен, қаржы-экономикалық құралдар мен әдістерді қолдану негізінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың мәселелері осы уақытқа дейін қазақстан ғылымында аз дәрежеде қаралған.
1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі
10. Ниязбекова «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2004ж

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы ұйымдастырушылық -
экономикалық сипаттамасы
2-бөлім
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы қаржы экономикалық талдауы
2.1 СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы табыстары мен шығыстарының
көрсеткіштері
2.2 Өндіріс және өнімді өткізу шығыны
2.3 Еңбек өнімділігі және оны есептеу
2.4 Өнеркәсіптің салалық құрылымын талдау және көрсеткіштерін есептеу
2.5 Негізгі капитал. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану
көрсеткіштері
2.6 Айналым капиталы, құрамы және құрылымы, олардың қаржыландыру
көздері
2.7 Еңбек ресурстары: еңбек нарығы, мәні және қызмет ету механизмі
2.8 Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
2.9 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
2.10 Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
2.11 Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
3-бөлім
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы қаржылық көрсеткіштерін
талдау:
3.1 Өтімділік коэффициенті;
3.2 Іскерлік белсенділік коэффициенті;
3.3 Рентабельділік коэффициенті;
3.4 Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
ІІІ. Қорытынды

КІРІСПЕ

Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық
үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген
қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты атты Жолдауындағы Бүгінгі әлемдік конъюнктура
нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің,
даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму
стратегияларын белсенді етуге тиіспіз-деп атауының мәні үлкен.
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының
экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің
экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек.
Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын
мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып
саналады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық
құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі
анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында
экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу
үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі
ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа
мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде
білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың
жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың
құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық
тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын
және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін
еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың
тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны
қолдану өте маңызды.
Экономикалық талдау мен стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің
негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық
стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді
қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Дегенмен, қаржы-экономикалық құралдар мен әдістерді қолдану негізінде
экономикалық стратегияны қалыптастырудың мәселелері осы уақытқа дейін
қазақстан ғылымында аз дәрежеде қаралған.
Менің практиканы өтудегі басты мақсатым : СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ
АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-ң жұмысын жан-жақты толықтай зерттеу және талдау. АЛМАТЫ
ФИЛИАЛЫ-ң қызметінің маңызын ашып көрсету және тиімді жұйесін ұсыну.
Практиканы өтудегі негізгі міндеттеріме келесілер жатады:
- СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы шығу тарихымен танысу;
- СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы негізгі қызыметімен танысу;
- СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы құрылымын зерттеу;
- СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы қаржы-экономикалық жағдайына
талдау жасау мәселелерін зерттеу

Негізгі бөлім
1.1 СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы ұйымдастырушылық -
экономикалық сипаттамасы
Нарық тұтынушының қажеттілігін дамыту мен қанағаттандыруға
бағытталған, бір жағынан өндіріс пен бөлістіру, екінші жағынан өндіріс және
тұтыну арасындағы байланыстыратын буын болады. Нарықтық тетіктің ең маңызды
құралдары – сұраныс пен ұсыныс, баға және бәсекелестік. Нарықты
қалыптастыру еңбектің қоғамдық бөлістірілуінің дамуы мен тереңдетілуі және
өндірушілердің шаруашылық жекеленушілігімен тығыз байланысты. Ол тауарларды
(өнімдерді) сатып алу-сату арқылы тауар өндірушілер мен тұтынушылар
байланысының билеуші және анықтаушы нысаны болып табылады. Нарық пен
еңбектің қоғамдық бөлістірілуі өзара ажыратылмайды, бұл үрдіс қаншалықты
тереңірек болса, соншалық нарық кеңірек таралған болады.
Өнімдер нарығының тепе-теңдігіне тауарлар, өндірістік ресурстар массасы
мен халықтың төлем қабілетті қаржылары сомасының тепе-тең шамаластығы
есебінен қол жеткізіледі. Мұнда нарықты білу бойынша ұйымдастыру,
тұтынушыға тауарларды жақындату жағдайлары мен мәселелерін дамыту есебімен
өнім өндіру – маркетинг жүйесі маңызды рөл ойнауы тиіс.
Ресурстарды тиімді пайдалануға жету негізінде нарықтық экономиканың
дамуындағы басты рөл шетелдік тәжірибеде экономиканың инновациялық дамуының
маңызды құралы ретінде өзін көрсеткен кластерлік тәсілге беріледі. Жетекші,
өзек құратын кластер кәсіпорындар, әдеттегінше, қызметін басты бағыттарға
шоғырландырып, аралық өнімдердің өндірісі мен қызметтер саласының дамуына
өкілеттік береді. Мұндай тәсіл әсіресе аумақтарға ұтымды болады, себебі
олардың пайдалылығының өсуі, жергілікті бизнестің дамуы, халықтың жұмыс
бастылық мәселелерін шешу және табиғи, маман мен үйлесімдік әлеуеттерді
толығырақ пайдалану үшін мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік өндіріс
көлемдерінің өсуі елдің экономикалық дамуының маңызды факторларының бірі
болып табылады. Бұл жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісінің құрылымында негізгі
үлесті өнеркәсіп құрайтындығымен түсіндіріледі.
АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ құрылыс компаниясы - алты
жылдан бері нарықтық Қазақстандағы құрылыс жұмысында жұмыс жасап келеді.
Алты жыл уақыт аралығында СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы
материалдық-техникалық базасы қалыптасып, белгілі ауқымдағы құрылыс пен
ремонттар жасауға мүмкіндік алды. СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ құрылыс фирмасы
өз ісінің маманы болды. Бұл уақыт пен құралдарды экономдауға мүмкіндік
берумен қатар, жақсы нәтиже көрсете білді.
Өз үйнің құрылысының жоспарлаған әрбір адамның сан түрлі сұрақтармен
кездесетіні белгілі.Ол сұрақтарға жоғары квалификациясы бар мамандар жауап
бере алады.Индивидуалды жоба құрастырған дұрыс па, әлде дайын тұрған жобаны
қолданған дұрыс па?Қай жерде экономдаған дұрыс,ал кай жерде экономдау
жасамау керек? Жәнеде ең басты сұрақ – қай компанияға үй құрылысын сеніп
тапсыруға болады. СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы мамандары сенімді
түрде осы сұрақтар мен жауаптарға жауап бере алады. Мұндай сенімділік
ремонт, құрылыс және де ландшафтық жобаларды жасауда ұзақ жылдық тәжірибе
береді. Жасап отқан СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы қадамы барлық
құрылыстық, ремонттық жұмыстары комплекстік болып табылады. Шағын қабатты
құрылыста СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-гі 2-3 деңгейлі коттедждер
ұсынады. Сонымен қатар СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-гі
коттедждерді ағашпен жабдықтаумен жұмыс жасайды. Ағаштан құрылыс жұмысын
жасау – жоғары деңгейлі және әртараптандырылған құрылыс ешқашан көзден
таса қалмаған.
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-і өзінің тапсырушыларының
сәттілігіне қызығушылық таныта отырып, жаңашаландырылған, сенімді және
тиімді шешім ұсынады.
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-і келесідей қызмет
көрсетеді
- Құрылыс-монтажды жұмыстардың негізгі түрлерін орындайды;
- Құрылыс алаңын, жерлі-тасты жұмыстар,бетон және темірбетон
құрастырмаларын монтаждарын дайындау, құрылыс қоршауларын көтеру, ішкі
және сыртқы инженерлік жүйелер мен құрылғыларын монтаждау, жұмыс
сапасын басқару.
- Жобалық-сметалық құжаттамаларды құрастыру
- Электромонтаж, вентиляция, жылу жүйесі, сантехникалық жұмыстар.
- Жалға беру және кәсібитехника: эксковатор Caterpillar, самосвал Howo
(25т), Камаз-самосвал (20т), Камаз (10т), Жүк газелдері.

2-бөлім
2.1 СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы табыстары мен шығыстарының
көрсеткіштері
Кәсіпорынның қалыптасуы мен даму тарихы, өндірістік және технологиялық
сипаттамасын қарастыра келіп оның өндірістік – шаруашылық қызметінің
тиімділігіне талдау жасайық. Ол үшін бірқатар көрсеткіштерге есептеулер
жүргізіп, соның нәтижелері негізінде тұжырымдар мен қорытындылар жасауға
болады. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін бағалауды алдымен
СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы табыстары мен шығыстарының
көрсеткіштерінен бастайық.
Кесте – 1 СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ Алматы филиалы табыстары мен
шығыстарының көрсеткіштері, мың теңге

Өсу немесе
Көрсеткіштер 2012 ж 2013 ж төмендеу
қарқыны
Өнім өткізуден түскен табыс 2 791 000 49 354 883 17,7 есе
Өткізілген өнімнің өзіндік --------- 17 503 361 -------
құны
Өнім өткізуден түскен жалпы 2 791 000 31 851 522 11,4 есе
табыс
Кезең шығындары -------- 18 165 178 -------
Негізгі қызметтен түскен түсім-2 691 747 5 408 975 3 есе
Негізгі емес қызметтен түскен -------- -------- -------
түсім
Төтенше пайдалар -------- -------- -------
Салық төлегенге дейін жиынтық -2 691 747 5 408 975 3 есе
табыс
Таза табыс -2 691 747 5 408 975 3 есе
Ескерту – ң СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-ң мәліметтері
негізінде автор құрастырған

1 - кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2012
жылмен салыстырғанда 2013 жылы СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-ң
қызмет нәтижелері жақсара түскен. Кәсіпорында өндірілген өнім көлемінің
және өткізу көлемінің артуына байланысты сатудан түскен табыстың көлемі
2012 жылы 2 791 000 теңге болса, 2013 жылы 49 354 883 теңге болған. Яғни,
2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 46 563 883 теңгеге немесе 17,7 есеге
артқан. Мұның басты себептері ретінде кәсіпорынның 2013 жылы нарыққа жаңа
өнім түрлерін шығаруын, өнім сапасының жақсаруын, сату көлемі көбеюін
атауға болады. Ал бұл көрсеткіштің мәнінің өсуі жалпы табысқа, таза
табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. Сонымен қатар
өткізілген өнімнің өзіндік құны 2013 жылы 17 503 361 теңгені құраған.

Кәсіпорынның жалпы табысы өнімді сатудан түскен табыс пен сатылған
өнімнің өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталады. Осыған байланысты бұл
көрсеткіштің мәні 2012 жылы 2 791 000 теңгені, ал 2013 жылы 31 851 522
теңгені құрады. Бұл жоғарыда айтып өткеніміздей сатудан түскен табыс
көлемінің 17,7 есеге дейін өсуімен байланысты болып отыр. Өнім өткізу
көлемінің артуы және кәсіпорынның өз шығындарын басқару мүмкіншілігінің
жақсаруы нәтижесінде кәсіпорынның жалпы табысы 2012 жылмен салыстырғанда
2013 жылы 11,4 есеге артқан. Кәсіпорынның негізгі қызметтен түскен
табысына, таза табысының көлеміне әсер ететін өзіндік құнға кіргізілмейтін
кезең шығындарын азайту барлық кәсіпорындар үшін маңызды міндеттердің бірі
болып табылады. 2012 жылы кезең шығындарының айтарлықтай үлкен көлемде
артуының нәтижесінде кәсіпорын зиянмен жұмыс істеген. Өткiзiлген өнiмнiң
өзiндiк құнына кiрмейтiн тұрақты шығындарды бiлдiретiн, кезең шығындарының
көлемі негiзгi қызметтен түскен табысқа тікелей әсер етеді. СОТ МЕДИЦИНА
ОРТАЛЫҒЫ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ-ң кезең шығындар көрсеткіші бойынша 2013 жылы
кәсіпорын өзінің жалпы және әкімшілік шығындарын азайтуға қол жеткізуінің
арқасында табыспен аяқтауға мүмкіндік алған. Яғни, жалпы табыстан кезең
шығындарын шегеру арқылы анықталады. Осыған байланысты 2013 жылы кезең
шығындарының көлемі 18 165 178 теңгені құраған.
2.5 Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері және оларды бағалау
жолдары.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры - кез-келген өндірістік
кәсіпорынның материалдық техникалық базасын сипаттайды. Кәсіпорынның
өндірістік қуаты, еңбектің техникалық жарақтану деңгейі олардың көлеміне
байланысты. Негізгі құралдардың жиынтығы және еңбектің жоғары техникалық
жарақтануы еңбек процесін байытады, еңбекке шығармашылық сипат бере отырып,
қоғамның мәдени-техникалық деңгейін көтереді.
Сонымен, негізгі құралдар - өндіріс процесінде жасалған, тауар өндіру,
нарықтық және нарықтық емес қызметтер көрсету үшін өзгермейтін табиғи
заттай нысанда уақыттың ұзақ кезеңі ішінде бірнеше рет немесе үнемі
қолданылып, біртіндеп өз құнын жасалынатын өнімдер мен қызметтерге
көшіретін кәсіпорын байлығының аса маңызды бөлігі.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың әрбір
теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс
тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану,
біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екіншіден,
еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды.
Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді
пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;
2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;
3. негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.
Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың шығуы
коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі өндірістік
қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері.
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (Ко) – белгілі кезең (жыл)
аралығында жаңадан түскен негізгі құралдарды және олардың интенсивтілігін
сипаттайды. Жаңару коэффициенті бір жылда келіп түскен негізгі құралдар
сомасының (Фн) жыл аяғындағы негізгі құралдар сомасына қатынасымен
анықталады.(Фкг): Ко =Фн Фкг
Негізгі құралдардың шығу коэффициенті (Квыб):- негізгі құралдардың
берілген кезеңдегі жойылу және шығу процесін сипаттайды. Бұл коэффициент
негізгі құралдардың берілген кезеңдегі шыққан құнының (Фвыб) берілген кезең
басындағы негізгі құралдардың құнына (Фнг) қатынасымен табылады: Квыб =
Фвыб Фнг
Негізгі құралдардың өсу коэффициенті (Крост) – негізгі құралдардың
жаңаруы есебінен салыстырмалы өсуін бейнелейді: Крост = (Фн - Фвыб) Фкг
Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес салмағы негізгі
өндірістік қор құрылымының прогрессивтілігін сипаттайды, негізгі өндірістік
қордың жалпы сомасындағы олардың актив бөлігінің үлесі (машиналар, құрал-
жабдықтар, технологиялық қондырғылар) процент түрінде беріледі.
Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы,
қормен қарулануы жатады.
Қор қайтарымдылығы (Фо) – негізгі қорларды тиімділік деңгейін
бейнелейтін жалпылма көрсеткіш. Ол негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылған
өнім көлемін (немесе тауарлық өнімді) көрсетеді.
Қор сыйымдылығы (Фе) – бұл натуралды немесе құндық түрдегі шығарылған
тауалық өнімнің бір теңгесіне немесе шығарылған өнімнің бір данасына
келетін негізгі қорлардың құны. Фе = Фсг Q
Қормен қарулануы (Фв) негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін
бейнелейді және негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өнеркәсіп-
өндірістік персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен табылады. Фв =
Фсг Ч ( Ч – персоналдардың орташа тізімі.)
Еңбектің техникалық қарулануы : Ф тех = Факт Ч
Мұнда Фтех - негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құны.
Бұл топтағы көрсеткіштер динамикасы кәсіпорында жүргізілген ұдайы
өндіріс процесі жағдайын көрсетеді.
Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану
деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту
мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды
интенсивті, экстенсивті және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді.
Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану
деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың
күнтізбелік уақытына қатынасы(Тк): Кэ =Тф Тф
Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке
жақындауы тиіс.
Кез-келген кәсіпорында амортизация аударымының дәлдігі, өнімнің өзіндік
құны, оған белгіленген баға, мүлікке есептелетін салық сомасының және де
басқа көрсеткіштер негізгі өндірістік қордың бағалануының дұрыстығы мен
нақтылығына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы және пайдалануы натуралды
және құндық көрсеткіштермен есептеледі.
Натуралдық көрсеткіштер өндірістік қордың техникалық құрамын анықтауға
кәсіпорын обьектілерінің және саланың жалпы өндірістік құрылымын анықтауға,
құрал-жабдық балансын беруге мүмкіндік береді.
Натуралды көрсеткіштегі әрбір обьектінің мінездемесі техникалық
паспортта бейнеленеді, өндірістік қуатының тозу дәрежесі және негізгі
құралдардың құрамы мен жағдайындағы барлық болған өзгерістер көрсетіледі.
Негізгі қорлардың сақталуын бақылау мақсатында негізгі қорларды тізімдеу
жасалып отырады, бұл олардың жағдайын және түгелдігін бақылап отырады.
Негізгі қорларды құндық бағалау бұл олардың жалпы көлемін, құрылымын,
динамикасын, амортизациялық аударымдарын анықтау үшін және олардың ұдайы
өндірісін жоспарлау үшін қажет.
Бухгалтерлік есепте, негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды
бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен,
баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен
бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу
барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану
үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың
жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша бастапқы құнға мына
шығындар кіреді:
жер учаскесінің бастапқы құнына: жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын
мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату
жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен алымдар,
жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі;
құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны, оны
тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау
кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын
тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.
Кәсіпорынға келіп түскен негізгі қорлардың бастапқы құны келесі
жағдайларда анықталады:
1.Екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық
капиталға салған салымдарымен;
2.Кәсіпорынның өзінде шығарылған немесе басқа кәсіпорын және басқа
тұлғалардан жалға алынған – бұл объектілерді иеленуге жеткізу, монтаждау
және қондыруға кеткен нақты өндірістік шығындар.
3.Басқа кәсіпорын заңды немесе жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде
тегін алынған, сонымен бірге үкімет орындарынан сарапшылық жолмен немесе
басқа құжаттар мәліметтері бойынша субсидиялар беру;
4.Екі жақ келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алу.
Негізгі құралдардың сандық сипаты баланста толық бастапқы құн бойынша
келесі формуламен көрінеді:
Фк = Фн + Фв – Фл,
Мұнда: Фк – негізгі қордың жыл аяғындағы құны;
Фн- негізгі қордың жыл басындығы құны;
Фв – бір жыл ішінде кірген негізгі қор құны;
Фг – бір жыл ішінде жойылған негізгі құралдар құны.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық субъектісінің
белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күндегі негізгі құралдың нарықтық
бағасы болып табылады .
Негізгі құралдардың баланстық құны - шаруашылық субьектінің
бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетілген
негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып
тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің
құнынан объектіні есептен шығыруға байланысты жұмсалатын келешектегі
шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі қорларды қалдық құнымен есептеу ең алдымен олардың сапалық
жағдайын, жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін
немесе бухгалтерлік баланс құру үшін қажет.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез-келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып
табылады.
Негізгі қорлардың нақты құны - кәсіпорында негізгі қорларды тұрғызуға,
қалыптастыруға кеткен, яғни оларды сатып алуға, жеткізуге, қондыруға және
басқа да берілген объектіні негізгі мақсатта пайдалануға дайын болған
жағдайға дейін жеткізуге кеткен барлық шығындар құны.
Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны – бұл олардың қазіргі жағдайда
ұдайы өндірісінің құны. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру құнының олардың
бастапқы құнынан ауытқуы деңгейі ҒТП қарқының жеделдеуінен, инфляция
деңгейінен және т.б. негізгі қорларды өз уақытында объективті қайта бағалау
олардың жәй және ұдайы өндірісінде маңызды орын алады.
Инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалаудың оңтайлы жағы
негізгі қорлардың нақты дәл құнын объективті түрде бағалайды; өнім өндіруге
және өткізуге кеткен шығындарды дәл анықтайды; негізгі қорлардың жәй ұдайы
өндірісіндегі амортизациялық аударымдар шамасын нақты анықтайды; жалға
берілетін (жалға берілген жағдайда) немесе өткізілетін негізгі қорларға
сату бағасын объективті түрде белгілейді.
Негізгі қорларды құндық бағалау олардың есебіне, талдау және
жоспарлауға, сонымен қатар, капитал салымдарының көлемін, құрылымын анықтау
үшін керек. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып оларды үнемі
пайдалану және табиғи тозу салдарынан өзінің бастапқы қалпын біртіндеп
жоғалта бастайды. Негізгі қорлардың тозуы физикалық және моральды түрде
болады. Уақыт өте келе негізгі қорлар тоза отырып, өзінің бастапқы жұмыс
істеу қабілетінінен арыла бастайды. Бұл процесс негізгі қорлардың физикалық
тозуы деп аталады. Ол келесідей факторлардың әсерінен болады: құрылыс және
дайындаудың сапасы, негізгі қорлардың бастапқы сапасы, оларды пайдалану
дәрежесі және интенсивтілігі, қызмет көрсету деңгейі, негізгі қорлар қызмет
ететін ортаның белсенділік деңгейі, қызмет көрсетуші персоналдардың
деңгейі, ППР дер кезінде өткізіп отыру және т.б. жағдайлар. Физикалық
тозудың басты себебі – коррозиялық және құрал–жабдықтардың немесе
бөлшектердің механикалық тозуы.
Физикалық тозу пайдалану сапасын нашарлатады да оның әсерінен құрал-
жабдықтарды пайдаланумен байланысты шығындарды көбейтеді. Бұл негізгі
құралдың экономикалық тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Құрал-
жабдықтардың физикалық тозуынан кейін оларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Өзінің бастапқы сапасын жоғалтып және жаңа басқа аналогтық құралдар
талаптарын қанағаттандырмаған кезде негізгі құрал толық физикалық тозған
деп есептеледі.
Негізгі қорлардың физикалық тозу коэффициенті(К ф.т.):
К ф.т =(ИПс)* 100;
Мұнда: И- негізгі қорларды барлық пайдалану кезеңіндегі тозу
сомасы(аударылған амортизация);
Пс – негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны;
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті олардың белгілі уақыттағы
физикалық жағдайын сипаттайды және мына формуламен есептеледі:
К г.ф. =((Пс-И)Пс)*100
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу коэффициенті
негізінде де анықталуы мүмкін:
К г.ф. = 100-К ф.т.
Бұл формулалардың негізгі кемшілігі негізгі қорлардың бірдей физикалық
тозуын болжайтындықтан үнемі нақты бола бермейді.
Құрал-жабдықтар физикалық тозумен қатар, техникалық прогресс әсерінен
моральдық тозуға ұшырайды. Техникалық прогрестің жоғарғы қарқында өсуі
негізгі қорларды олардың моральдық тозуы салдарынан ауыстыру қажеттілігі
туады. Моралдық тозудың экономикалық маңызы - бұл еңбек құралдарының өз
маңыздылығын, құнын олардың физикалық тозуына дейін, өзінің физикалық
қызметінің мерзімі біткенге шейін жоғалтуы.
Моральдық тозу екі түрлі формада болады. Бірінші формада негізгі
қорлардың ұдайы өндірісінің қымбаттауы (арзандауы) нәтижесінде (инфляция
әсерінен немесе еңбек өнімділігінің өсуі, техниканың жетілуі есебінен
олардың қалпына келтіру құнының көбеюі немесе төмендеуі әсерінен) болады;
екінші форма конструктивті жетілдірілген және өндірістік машиналардың
қалыптасуы салдарынаан болады.
Кәсіпорындарда моральды тозған құрал-жабдықтарды жаңалармен үнемі
ауыстырып отыру бұл соңғы нәтижеде өнім шығаруды көбейту және оның
өндірісіне кеткен шығындардың азаюы есебінен өндіріс тиімділігінің
көтерілуіне әкеп соғады.
Жаңа техниканы ендіре отырып, моралдық тозудан кейінгі жоғалтуларды
азайтатын негізгі қорлардың модернизациясына баса көңіл аудару қажет. Құрал-
жабдықтарды модернизациялау жаңа техникалық деңгейде ұстап және оның
моральдық тозуын болдырмайды.
Әрбір кәсіпорында негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы
басқарылып отырылуы тиіс. Мұны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорын үшін
құрал-жабдықтардың тозуы теріс экономикалық әсерге соқтыратындықтан негізгі
қорлардың, әсіресе, актив бөлігінің моральды және физикалық тозуын
болдырмаудың алдын алу.
Бұл процестерді басқару негізгі қорлардың ұдайы өндірісі саясатын
жүргізу арқылы болады.
Бұл саясаттың негізгі мақсаты шаруашылық субъектілер үшін жай және
кеңейтілген ұдайы өндірісте өндірістік қайта техникалық жарақтануына
қолайлы жағдай туғызады. Бұл мәселе амортизациялық, инвестициялық және
салықтық заңдарды жүзеге асыру арқылы шешіледі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – бұл реконструкция, техникалық қайта
жарақтануы, модернизация және капиталды жөндеу жолымен олардың үздіксіз
жаңарылу процесі.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің негізгі мақсаты – кәсіпорынды
сапалы және санды негізгі капиталдар құрамымен қамтамасыз ету, сонымен
қатар оларды жұмыс істеу қабілетін сақтап тұру. Ұдайы өндіріс процесінің
әртүрлі себеп салдарынан істен шыққан негізгі қорлардың орнын толтыру,
өндіріс көлемін кеңейту мақсатында негізгі қорлар массасын көбейту, негізгі
қорлардың технологиялық, жас жөлшерін және сырқы келбетінің құрылымын
жетілдіру, яғни өндірістің техникалық деңгейін көтеруіндегі алатын орны
ерекше.
Кәсіпорынға негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне арналған негізгі
құралдар кәсіпорынның жарғылық капиталына салым түрінде, капитал салымы
нәтижесінде, қайтарымсыз берілген, жалға алу немесе беру нәтижесінде келіп
түсуі мүмкін.
Тозу мәселесімен бірге бұл қорларды әр түрлі пайдалану жағдайларымен,
қызмет көрсетуші персоналдардың кәсіби біліктілігімен, жүргізілетін жөндеу
жұмыстарының сапасымен байланысты негізгі қорлардың пайдалану мерзімін
анықтау мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты. Жаңа құрал-жабдықтардың
пайдалану мерзімі олардың физикалық және моральдық тозу уақытын қарастыра
отырып, сарапшылық әдіс негізінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі –
негізгі құралдарды белгілі бір уақыт аралығында пайдаланудан экономикалық
түсім алуды болжау.
Негізгі құралдарға үлкен капитал салымдары салынатындықтан әрбір
кәсіпорын оларды өндірістік процесте пайдалы қызмет ету мерзіміне
қызығушылық танытады. Негізгі қорлардың пайдалы қызмет мерзімі - олар
қандай материалдан дайындалғандығына, олар пайдаланылатын жағдайларына,
оларды пайдаланатын жұмысшылардың техникалық білімділігіне, жұмыс
ауысымына, өткізілетін жөндеу жұмыстарының уақыттылығы мен сапасына
байланысты болады.
Негізгі құралдар табиғи және моральды тоза отырып, қызмет ету мерзімі
ішінде бастапқы құны толығымен өзінің қатысуымен шығарылған өнімге
берілуі қажет. Негізгі құралдардың құнының өнімге бұлай берілуі амортизация
деп аталады, осы өнімнің өзіндік құнына кіретін бұл өнімді өткізгеннен
кейін ақша түрінде оралатын құралдар сомасын амортизациялық аударым деп
атайды. Бұдан құралдарды толық қалпына келтіруге арналған амортизациялық
қор қалыптасады. Бұл қор кәсіпорында өндірісті жетілдіру және
модернизациялауға жұмсалады.
Амортизация - бұл активтің қызмет ету мерзімі ішінде активтің
амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі.
Амортизациялық құн бастапқы құн мен жойылу құны арасындағы айырманы
білдіреді, жойылу құны негізгі құралдар түскен кезде қосалқы бөлшектердің,
металл қалдықтарының, пайдалы қызмет біткен кезде пайда болатын
қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.
Жылдық амортизациялық аударымдар (Аг) негізгі қордың жалпы құнына және
амортизациялық уақыт ұзақтығына (Та) байланысты болады:
Аг =(Сп - Сл)Та
Негізгі қорлардың жалпы құны бастапқы құн(Сп) мен жойылу құны(Сл)
айырмасынан құралады.
Амортизациялық кезең – бұл негізгі қорлардың құнының орнын толтыру
мерзімі, яғни оларды пайдалану мерзімі. Мерзімі қаншалықты ұзақ болған
сайын, жылдық амортизациялық аударым сомасы соншалықты аз болады және
керісінше.
Жойылу құны – құрал -жабдықты пайдаланудан жұмысқа жарамай істен
шыққаннан кейін алуға болатын құралдар.
Бастапқы құнға жатқызылған және процентпен берілген, жылдық
амортизациялық аударымдар амортизация нормасын анықтайды.(На):
На = (Аг Сп )*100

Мұнда: Сп - қайта бағалаудан кейінгі пайдалануға берілген құрал-
жабдықтың бастапқы құны немесе қайта бағалауға дейінгі
пайдаланудағы құрал-
жабдықтың қалпына келтіру құны.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептеледі. Ол экономикалық тұрғыда негізделіп, негізгі қорлардың өз
уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін келесідей факторларға сай дұрыс
анықтау қажет: негізгі қорлардың төзімділігі; сапалық тозу; техникамен
қайта жарақтанудағы келешекке арналған жоспар; жабдықтау балансы; жаңғырту
және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорын экономикасына елеулі септігін тигізеді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан амортизациялық
аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының
айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына соғады. Міне
осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы бәсеңдеп, өздерінің нарықтағы орны
төмен болады.
Амортизация мөлшерін дұрыс белгілеудің кәсіпорынның барлық шаруашылық
қызметіндегі маңызы зор. Амортизациялық аударым көлемін негізгі
құралдардың әрбір түрі бойынша тікелей есептеу жолымен анықтайды.
Амортизация объектілері болып шаруашылық жүргізу және оперативті
басқару үшін ұйым меншігіндегі негізгі құралдар табылады. Амортизация ұйым
қорындағы (резервте, қоймада) тұрған негізгі құралдар объектілеріне
есептеледі. Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіреді. Өндіріс
шығындарына кірген амортизациялық аударымдар сомасы осылай ұйым табысын
азайтады.
Қазақстандағы кәсіпорындарда негізгі құралдар амортизациясы
бухгалтерлік есеп стандартының 6 бөліміне сәйкес үш әдістің бірі арқылы
жүзеге асырылады:
1. бірқалыпты әдіс (амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне
байланысты бірқалыпты бөлінеді);
2. өндірістік әдіс ( амортизация негізгі құралдардың өндірістік қуатына
байланысты есептеледі);
3. жеделдетілген әдіс:
• қалдықты азайту әдісі (амортизация негізгі құралдардың қалдықты құны
бойынша есептеледі);
• кумулятивті әдіс (амортизация сан сомасы бойынша есептеледі).
1. бірқалыпты есептеу әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады. Бұл
объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептеп
шығарылады. Бірқалыпты есептеу әдісі кезінде амортизациялық аударым сомасы
- пайдалы қызмет ету мерзіміне, Қазақстан Республикасының "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" туралы заңдық күші бар
жарлығында белгіленген амортизацияның шекті нормасына сүйеніп анықталады.
2. амортизацияны өндірістік әдіс арқылы есептеу кезінде амортизация
сомасымен өндірістік қуат арасында тура байланыстылық болады. Өндірістік
қуат өнім шығару бірлігімен, пайдалану сағатымен, жүру бірлігімен, және
т.б. көрсетілуі мүмкін. Бұл әдіс пайдалану мерзімі көбінесе техникалық
көрсеткіштерге немесе субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістерге
байланысты шектеулі болған жағдайларда қолайлы болып келеді.
3. негізгі құралдардың жекелеген түрлері пайдалану мерзімінің бас
кезінде барынша тиімді іс-әрекет жасайды. Бұдан басқа, технологиялық жетілу
жағдайында құрал-жабдық моральдық жағынан тез ескіреді, сондықтан өндіріске
ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жылдамдату және негізгі
құралдарды жаңартуға мүдделікті арттыру үшін қаржылық жағдай тудыру
мақсатында субъектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін -
қалдықты азайту әдісін немесе кумулятивті әдісін қолданады. Кумулятивті
әдіс бойынша есептеп шығару әдісі есептік коэффициенті арқылы шығарылады.
коэффициент алымы пайдалы қызмет ету мерзіміне тең, ал бөлімі қызмет ету
мерзімінің аяғына дейін қалған кері тәртіптегі жыл санын білдіреді. Бұл
коэффициент пайдаланудың түрлі кезеңдерінде әртүрлі болып келеді, бірақ
амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолдану
кезінде амортизациялық аударым сомасы пайдаланудың алғашқы жылдарында
кейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда болады.
Кумулятывті санды анықтау үшін мына формула қолданылады:
N * [ N + 1]
S = -------------------
2
мұнда S - сандар сомасы, ал N - болжамды пайдалы қызмет ету мерзімі.
Қалдықты азайту әдісі кезінде тура жолды әдіс кезінде қолданылатын
амортизация нормасы екі еселенеді және әрқашан тек қалдық құнға ғана
қолданылады. Бұл ретте амортизация сомасы жылдан-жылға кеми береді, әрі ол
алғашқы жылдарда едәуір жоғары болады. Амортизация сомасы қалдық құнды
жойылу құнына дейін кемітуге қажетті мөлшерге дейін шектелген соңғы жылдан
басқа кезде болжанып отырған жойылу құны амортизацияны есептеу кезінде
есепке алынбайды.

Кесте - 3
Негізгі құралдар амортизациясының әдістерін салыстыру
Әдістер Сипаттамасы
1. бірқалыпты әдіс Отандық есептеу тәжірибесі үшін
қалыпты және түсініктілеу әдіс.
өзінің әмбебаптылығы арқасында
қазақстанда және басқа шет елдерде
кең таралған.
Тозу шығындарға бірдей беріледі,
сондықтан,негізгі қорлардың қалдық
құны бірқалыпты азаяды.
2. өндірістік әдіс Тозу көбейеді, ал қалдық құн тікелей
орындалған жұмыс көлеміне байланысты
азаяды,яғни негізгі қорлардың
өндірістік қуатына пропорционалды.
Бұл әдіс негізгі құралдарды
пайдалану техникалық көрсеткіштермен
шектелген жағдайда
қолайлы.(мысалы,мұнай және газ
өндіруге тікелей қатысты
құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде)
3.Жеделдетілген әдіс: Пайдаланудың алғашқы жылдарында тозу
- қалдықты азайту әдісі келесі жылдарға қарағанда
- куммулятивті әдіс айтарлықтай көп, сондықтан бұл
әдістер көбінесе тез моралды тозатын
негізгі құралдарға сәкес келеді
(мыс,компъютерлер үшін).
Бұл әдістер құрал-жабдықтардың жаңа
түрлерін ендіруді жетілдіруге
бағытталады.

Пайдалануға жаңадан берілген негізгі құралдардың амортизициясы
келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі, ал істен шыққан негізгі
құралдар амортизациясы істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен
бастап тоқтатылады
Амортизацияны есептеу негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық
қайта жарақтау кезінде ол толық тоқтап тұрған жағдайда олардың толық
қалыптасуына дейінгі уақытта жүргізілмейді. Бұдан басқа, кәсіпорын
меншігіндегі жер, азықтық мал, кітапхана қоры, мұражай қалдықтары, сәулет
және өнер ескерткіштері, көпшілік пайдаланатын көлік жолдары
амортизациялауға жатпайды.
2.9 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
Инновациялар, фирма стратегиясының даму негізі ретінде тек қана
техникалық немесе технологиялық зерттемелер емес, бизнестің жаңа нысандары,
нарықтағы жұмыстың жаңа әдістері, жаңа тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ
жаңа қаржылық құралдарды іздеу және пайдалануын да енгізеді. Олар алдыңғы
өніммен салыстырғанда тауарлар мен қызметтердің жоғарылау тұтынушылық
сапасымен, биіктеу технологиялық деңгейімен сипатталады.
Инновациялар, олардың экономикалық өсуі мен бәсекелестік қабілеттілігін
қамтамасыз ететін кәсіпкерлік, қаржы, несие және кез келген басқа
құрылымдардың тұрақты етуінің маңызды факторы болып табылады.
Бүкіл әлемде экономикалық дамудың ең маңызды факторы ретінде танылған
ғылыми-техникалық ілгерілеуді (ҒТІ) қазіргі уақытта жиі-жиі инновациялық
үрдістің түсінігімен байланыстырады.
Бұл өзінше ғылым, техника, экономика, кәсіпкерлік пен басқаруды
бірлестіретін жалғыз үрдіс. Ол жаңалықтарды даярлау мен жүзеге асырудан
тұрады және сонымен бірге өндіріс, айырбастау мен тұтыну қатынастарының
толық кешенін қамти отырып, ойдың пайда болуынан оның коммерциялық іске
асырылуына дейін жайылады.
Бір ізді және жүйелі инновациялық қызметті қамтамасыз ету үшін аз емес
қаржылар, яғни инвесторлар керек. Инвестициялық операциялар – бұл бір
жылдан астам кезеңдер ішінде табыстар алуды қамтамасыз ететін бизнес
жобаларды жүзеге асыруға ақша қаржыларын салумен байланысты операциялар деп
қабылданған. Тәжірибеде сол тәрізді инвестициялардың келесі түрлерін
ажыратады:
-табиғи (материалдық) активтерге - өндірістік жайлар мен
ғимараттар, жабдықтар, машиналар;
-қаржылық активтерге – банктердегі депозиттер, облигациялар,
акциялар мен және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға басқа құқықтар;
-материалдық емес активтерге – қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу
немесе персоналдың біліктілігін жоғарылату, сауда белгілерін даярлау,
лицензиялар алу және т.б. нәтижесінде фирмамен алынатын құндылықтар.
Фирмалардың дамуы үшін күшті түрткі жасауға қабілетті инвестицияларды
тарту мәселесі бүгін көп отандық кәсіпкерлерді алаңдатады.
Инвестициялар баршаға қажет, алайда оларды әрбіреу ала бермейді.
Фирмаларға, олар инвестициялар алатын шарттарды толық дәрежеде есепке алуға
тура келеді. Олай болмаған жағдайда олардың залал шегу, ал жағдайлардың бір
қатарында банкроттыққа ұшырауға да қауіпі бар. Ақша қаржыларын беретінді –
инвесторды – ол алуға шамасы келетін пайда, сондай-ақ салымдар тәуекелінің
дәрежесі қызықтырады.
Кәсіпорынның барлық нысандарындағы инвестициялық қызметті шаруашылық
қызметтің көлемі мен құрылымының болып жатқан өзгерістерімен байланысты
шығыс етілетін активтерді алмастыру немесе олардың өсімінің қажеттілігімен
анықталатын ағымдағы инвестициялық талапты қамтамасыз етуге саюы мүмкін
емес.
Қазіргі кезеңде кәсіпорындардың көбісі сыртқы инвестициялық ортаның
өзгермелі жағдайлары мен кәсіпорын дамуының жалпы мақсаттарына бейімделу,
олардың бағыттары және нысандарын алдын ала болжамдаудың ғылыми әдістемесі
негізіндегі инвестициялық қызметті сапалы болашақты басқару қажеттілігін
мойындайды.
Макроэкономикалық көрсеткіштер, нарықтық үрдістерді мемлекеттік
реттеудің жүйесі, инвестициялық нарықтың жағдай және солармен байланысты
белгісіздіктің елеулі өзгерістері болып жатқан жағдайларындағы оның жалпы
дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға бағынатын, кәсіпорын инвестициялық
қызметін болашақты басқарудың тиімді құралы инвестициялық стратегия болып
саналады.
Инвестициялық стратегия оның дамуының жалпы міндеттері және
инвестициялық идеологиясымен анықталатын кәсіпорын инвестициялық қызметінің
ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесі, сондай-ақ оларға жетудің ең тиімді жолдарын
таңдау болып табылады.
Инвестициялық стратегияны ұзақ мерзімді болашақта оған ілесу
инвестициялық мақсаттарға жету және күтілген инвестициялық әсер алу үшін
жетелеуге тиісті болған кәсіпорын инвестициялық қызметінің бас бағыты
(бағдарламасы, жоспары) ретінде көз алдына келтіруге болады.
Мұндай жағдайларда сыртқы инвестициялық ортаның факторының өзгеру
мүмкіндіктеріне бейімделген даярланған инвестициялық стратегияның болмауы
кәсіпорынның жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің инвестициялық шешімдері
түрлі-түрлі бағыттағы сипатта болып, қайшылықтардың пайда болуы және тұтас
инвестициялық қызмет тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Ұйымның инвестициялық стратегиясын даярлаудың өзектілігін анықтайтын
шарттардың бірі оның өмірлік кезеңінің алдағы уақыттағы жоспары. Ұйымның
өмірлік кезеңдерінің әрбіріне өзгеше инвестициялық белсенділік,
инвестициялық қызметтің бағыттары мен нысандары, инвестициялық ресурстарды
қалыптастырудың ерекшеліктері тән.
Даярланатын инвестициялық стратегия ұйымның инвестициялық қызметін оның
экономикалық даму мүмкіндіктерінің алдағы уақыттағы түбегейлі өзгерістеріне
күні бұрын бейімдеуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық стратегияны даярлаудың өзектілігін анықтайтын тағы бір
шарт, жаңадан ашылатын коммерциялық мүмкіндіктер байланысты болатын ұйым
операциялық қызметі мақсаттарының түбегейлі өзгеруі. Мұндай мақсаттардың
жүзеге асырылуы өндірістік ассортиментінің өзгеруі, жаңа өндірістік
технологияларды еңгізу мен өнімнің жаңа өтім нарықтарын игеруін және т.б.
талап етеді. Мұндай жағдайларда ұйымның инвестициялық белсенділігінің
елеулі артуы және оның инвестициялық қызметі нысандарының диверсификациясы,
анық қалыптасқан инвестициялық стратегияның даярлаумен қамтамасыз етілген
болжамның сипатталуы тиіс.
2.10 Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Қызмет көрсету немесе өндіру - кәсіпорынның басты мақсаттары, нарықтағы
оның күнелту және қызмет етуінің уәжі. Жарияланған жылдық есептерден
алынған ең ірі корпорациялардың қызметтерін тұжырымдап айтулардың бір қатар
мысалдарын келтіреміз. Кәсіпорынның қызметі – бұл әлеуметтік бағытталудағы,
яғни қоғамның қажеттігін қамтамасыз ету көзқарасынан кәсіпорынның негізгі
жалпы мақсаты. Басқаша айтқанда, қызметтің тұжырымдылап айтылуы
бәсекелестік артықшылықтары бар кезіндегі сипаттаманың, нарықтық
қажеттіліктердің есебімен оның бағытталуын сипаттайтын бизнестің
тұжырымдамасы.
Өндіріс кәсіпорынның қызметін дәлелдеу сияқты идеологиялық көзқарастан
маңызды. Кәсіпорынның қызметі біреу, яғни қаржылық немесе өндірістік болуы
мүмкін емес. Керісінше, кәсіпорынның қаржылық, маркетингтік, инновациялық
және басқа стратегиялары қалыптастырылып, нақты кәсіпорынның қоғам алдында
жалғыз қызметін қолдау мен сақтап қалу үшін іске асырылады.
Дүниежүзілік тәжірибеде стратегиялық менеджменттің әдістері мен
әдістемелері зерттеліп дайындалған. Біз үшін қазақстан экономикасы
жағдайларындағы бұл әдістер мен әдістемелердің өміршеңдігін анықтау қажет.
Дүниежүзілік тәжірибе стратегиялық менеджменттің әдістерін дайындау мен
қолданудың ғасырлық дағдысына ие болғандығын есепке ала отырып, бұл құнды
мұраны барынша пайдалану керек.
Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылатын стратегиялық менеджменттің
әдістері мен әдістемелері әрқалай.
Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген
әдістері мен жолдары бар, бірақ олардың ішінен қайсы біреулері өзгерулер
жолында тұрған біздің экономика үшін жарамды емес. Сондықтан, дүниежүзілік
тәжірибеге сүйене отырып, экономикалық даму деңгейіне сәйкес келетін
кәсіпорынның экономикалық стратегиясын реттеудің әдістерін іздестіруіміз
керек.

Кесте 4 - Стратегиялық менеджменттің әдістері мен әдістемелері

Жұмыстардың (операциялардың, Әдістер, тәсілдер, технологиялар
іс-әрекеттердің) түрлері
1 2
Ситуациялық талдау - шолулар, ақпараттық тұжырымдар,
Ұйымның микроортасы: жобалар, есептер, библиографиялық
- экономика мен саясат анықтамалар, статистикалық рефераттар
- технология мен экология - кабинетті зерттеулер, мәліметтерді
- құқықтық камтамасыз етілу жинау, талдау мен сегменттеудің
-демография. Қоғам әртүрлі әдістері
- PEST – талдау
Тікелей орта (сыртқы байланыстар, - нарықтағы орын, сауда маркасына
нарық нысанылері): қатынастар мен ұйымның абыройын талдау
- тапсырысшылар - бәсекелестік пен басқа да әсерлерді
- делдардар (кабинетті зерттеулер және тікелей
- бәсекелестер байқаулар) талдау
- сыртқы әсерлер
Тікелей ұйым: - мақсаттар – жоспар-орындау-
- бұрыңғы стратегияның мақсаттарын оптимизациялау - ауытқуларды
іске асыру нәтижелері салыстырмалы талдау
- маркетингтік жиынтықтың жағдайын - себепті талдау, пирамида тәрізді
бағалау құрылым
- мүмкіндіктер, ресурстар - талдау, мүмкіндіктер мен
- маркетингтік инфрақұрылым қабілеттерді балл бойынша бағалау
- ақпараттық қызмет, бухгалтерлік және
шұғыл есеп
Конфронтациялық талдау [ұйым – - SWOT талдау
бәсекелестік): - салыстырмалы талдау әдістері
-маркетингтік жиынтықтың құралдарын
сәйкестендіру
Маркетингтік жиынтықтың -тапсырыстар портфелін талдау (Boston
параметрлерін толық талдау: Consulting Group, Mc Kinsey әдістемесі
- нарықтық бағалар саласындағы бойынша), (тапсырыстар портфелі мен
стратегиялық бірліктердің орнын ақша қаражаттарының келуінің талдауын
талдау үйлестіру)
- бұйымның өмірлік кезеңі барысындағы- П. Дракер бойынша өнімді жіктеу
өнімді сату, шығындар мен пайда - бұйымның өмірлік кезеңі барысындағы
үрдісін талдау өтімді талдау әдісі
- сауда шығыстарының үлесін талдау - АВС – талдау, Парето оптимумы
Синтез: тәуекелдер, қауіптер, - себепті талдау
үміттер, шектеулер, қиын жерлер мен - SWOT талдау, тапсырыстар портфелін
өзекті проблемалы салаларды белгілеу талдау
Мақсаттарды жоспарлау - тапсырыстар портфелі [жоспар)
- ұйымның миссиясы, оны ұқсату, даму - SWOT [жоспар)
жолы - шешімдер қабылдау үлгілері,
- мақсатты нарық таңдау [сегменттер нұсқаларды бағалау әдістері
мен жергілікті нарықтар) - операциялық зерттеулер, үлгілеу
- ұсыныстарды бейімдеу - тәуекелді талдау
- мақсатты басымдылықтар, мақсатты - құндылық түрінде талдау кезіндегі
траекториялар шығармашылық ойлау әдісі
- мақсаттардың ауқымы [техникалық – - сараптамалық бағалау әдістері
экономикалық бағалау
1-кестенің жалғасы
1 2
Стратегиялық операциялар жоспары - тапсырыстар портфелі [жоспар)
- стратегиялық кәсіпкерлік - SWOT [жоспар)
бөлімшелерді белгілеу - операциялық зерттеулер, үлгілеу
- өсудің типтік стратегиясы, - қорлар теориясы, жаппай қызмет ету
бәсекелестік стратегиясы [кезектер) теориясы әдістері
- маркетингтік жиынтықтың құралдары - жүйелі талдау әдістері
жәрдемімен орындалатын стратегиялық - тәуекелді талдау
операциялар - ми шабуылы әдіс, құндылық түрінде
- стратегиялық нұсқаларды тұжырымдап талдаудың басқа да әдістері
айту - сараптамалық бағалау әдістері
- ықтимал болатын түйінді проблемалар
мен тәуекелдерді бағалау және ұқсату
- кері байланыс негізінде түзетулер
жасау
Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

2.11 Өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету
Бәсекелестіктің теориялық тұжырымдамалары елеулі даму сатыларынан өтті.
Бәсекелестік теориясының дамуына айтарлықтай үлесті саяси экономияның
неоклассикалық мектебінің өкілдері алып келді. Дж. Гэлбрейт өзінің Біздің
уақыттағы өмір атты кітабында неоклассикалық мектептің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру негіздері
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Дәрігердің коммуникативті компетенттіліксізділігіне құқықты жауаптылығы
Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтырған нәрестелердiң санын азайтып көрсетiп отыр
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Медицина қызметкерінің мәденилігі
ӘБУ НАСЫР ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Пәндер