Төле би жайлы ақпарат



1.Кіріспе.
1.1. Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Төле бидің өмір дерегі
2.2. Төле бидің саясаттағы орны.
2.3. Төле би шығармашылығы.
2.4. Төле бидің “Қарлығаш би” атануы
2.5. Төле би жайындағы аңыз бен ақиқат.
3. Қорытынды.
Төле би сияқты халқымыздың бақ –тілегіне туған. Ұлы бидің көкірегінде жалғыз шырақтай бір ғана арманы болған. Ол күндіз күлмей, түнде көз ілмей ел-жұрт ел-жұрт бірлігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған әлеумет бүтіндігін ойлапты. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» сияқты жаугершілік кезіне жалпыға демеу, сүйеу,тіреу болса, бейбітшілік жайма шуақ уақытта сол көптің арасына дәнекер, жыртылған жерін жамаушы, ыдыраған жерін бүтіндеуші болып қызмет атқарған.
Үлкен философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының айтуы бойынша “Башырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ,” біз де осы пікірге қосыламыз.
Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігінде Төле ақылды әділ шешен әрі , халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған.
Төле би Әлібекұлы (1663 ж, қазіргі Жамбыл облысы ,Шу өзені,Жайсан жайлауы, 1756 ж Қазіргі Шымкент облысы, Ленгер ауданын, Ақбұрхан-Орда) – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен,Ұлы жүздің төбе биі, “Жеті жарғы” әдеп заңын шығарушылардың бірі. Төле би Дулат тайпасының Жаныс руынан. Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған, олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған.Төле би оқыған сауатты, жастайынан халқының ақындық –шешендік өнерінен тәлім алған адам. Ол 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен, елге танылады. Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылықтарына уақытша тәуелді болды. Оларға алым-салық төлеп тұрғанымен Төле би саяси билікті өзінше атқарған. Қазақ қауымдарын біріктіріп,оларды жоңғар фоедалдары езгісінен азат етудегі оның қызметі айтарлықтай.Кейбір деректерге қарағанда Абылай сұлтанның көтерілуіне Төле би ықпал жасаған.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен,Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, Ұлы жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар- ойрат шапқыншыларына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ,қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Ол Ресей мен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға, және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.
I. Қазақ совет энциклопедиясы.
11-том.Алматы . 123- бет.

II. Жолдасбекұлы М.Ақселеу Сейдімбек.
Қойшығара Салғараұлы.
«Елтұтқа » «Kul TEGIN» астана 2001. 110-бет.

III. Төле би
Араб харкінен көшірген,құрастырған,алғы сөзін жазған – Сәрсенбі Дәуітов. Алматы.»Мұраттас »1991ж

IV. «Билер сөзі» Шешендік толғау,арнау,дау.
Алматы.»Қазақ университеті» 1992 ж.

V. Сәрсенбі Дәуітұлы
« Төле би» Алматы. .»Дәуір» 1992 ж

VI. «Үш пайғамбар» Алматы.»Дәуір» 1992 ж

VII. Бекбосынұлы а
«Төле би туралы»
Кемеңгермен кеңесу. Алматы 1994 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

1.Кіріспе.
1.1. Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Төле бидің өмір дерегі
2.2. Төле бидің саясаттағы орны.
2.3. Төле би шығармашылығы.
2.4. Төле бидің “Қарлығаш би” атануы
2.5. Төле би жайындағы аңыз бен ақиқат.

3. Қорытынды.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төле би сияқты халқымыздың бақ –тілегіне туған. Ұлы бидің көкірегінде
жалғыз шырақтай бір ғана арманы болған. Ол күндіз күлмей, түнде көз ілмей
ел-жұрт ел-жұрт бірлігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған әлеумет
бүтіндігін ойлапты. Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама сияқты жаугершілік
кезіне жалпыға демеу, сүйеу,тіреу болса, бейбітшілік жайма шуақ уақытта
сол көптің арасына дәнекер, жыртылған жерін жамаушы, ыдыраған жерін
бүтіндеуші болып қызмет атқарған.
Үлкен философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының айтуы бойынша “Башырда
Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін Төле биден асқан би жоқ,”
біз де осы пікірге қосыламыз.
Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
көп. Олардың көпшілігінде Төле ақылды әділ шешен әрі , халық қамын ойлаған
қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды,
білімді, парасатты адамы болған.
Төле би Әлібекұлы (1663 ж, қазіргі Жамбыл облысы ,Шу өзені,Жайсан
жайлауы, 1756 ж Қазіргі Шымкент облысы, Ленгер ауданын, Ақбұрхан-Орда) –
қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен,Ұлы жүздің төбе биі, “Жеті
жарғы” әдеп заңын шығарушылардың бірі. Төле би Дулат тайпасының Жаныс
руынан. Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де
шықпаған, олар қарашоғыр атанған қара шаруа болған.Төле би оқыған
сауатты, жастайынан халқының ақындық –шешендік өнерінен тәлім алған адам.
Ол 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен, елге
танылады. Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке
ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі
жерде Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылықтарына уақытша тәуелді болды.
Оларға алым-салық төлеп тұрғанымен Төле би саяси билікті өзінше атқарған.
Қазақ қауымдарын біріктіріп,оларды жоңғар фоедалдары езгісінен азат етудегі
оның қызметі айтарлықтай.Кейбір деректерге қарағанда Абылай сұлтанның
көтерілуіне Төле би ықпал жасаған.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен,Кіші жүздің аға биі
Әйтеке Бәйбекұлымен бірге әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Тәукенің
Түркістан қаласын орталық етіп, Ұлы жүз ұлыстарын бір орталыққа
бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар- ойрат
шапқыншыларына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ,қырғыз және өзбек
халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға
қатынасады. Ол Ресей мен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды
қалыптастыруға, және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.

Төле би 1743 жылы Орынбор губернаторы Н.И.Неплюевке жиені Айтбай бастаған
елшілік жіберіп, Россияның қол астына қарауға дайын екендігін білдірді.
Неплюев Төле биге жолдаған жауап хатында ( 1749 ж 26 сентябрь) оның
Россияға қосылу ниетін мақұлдап, екі елдің арасындағы сауда-саттық
байланыстарын дамытуға күш салуын өтінген. Төле бидің басшылық, шешендік
дарыны қазақ хандығы ыдырап, соны пайдаланған жоңғар хандығы жойқын қолмен
шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын Ақтабан шұбырындыға
ұшыратқан кезде айқын көрінді.ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр,Жәнібек
батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады.
Қазақ жерін бсқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би
туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып
жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған. Төле
би өзі билік еткен Шымкент, ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ТАШКЕНТ қалаларында көпшілік
пайдаланылатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. ТӨЛЕ БИДІҢ есімі
тек Ұлы жүзде ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи
оқиғалармен де тығыз бйланысты. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырын
қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің
замандасы,тағдырласы- қаз дауысты Қазыбек бидің: Төле би дүиеден өтті,
деген суық хабарды естігенде: Төле өлді дегенше, дүниеден әділет кетті
десенші.Бүтін билікке Төле жеткен бүтін халыққа Есім жеткен бұл екеуіне кім
жеткен? – деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа
тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып,
жеріне жеткізіп айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір-
бірінің қадір-қасиетін жете таныған алыптар ғой!
Төле бидің денесі ол 12 жыл бойы билеген ташкент қаласына, Бабырдың
нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған.Онда Төле биге үлкен ескерткіш
орнатылған.
1743 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыс қайтыс болған соң, оның орнына алты жыл
бойы , яғни,1749 жылға дейін Ташкенттегі билікті Төле өз қолына алады.
Көмей әулие атанған Бұхар жырау, Абылай ханға құлақққағыс ретінде:
Ай,Абылайғабылай
Сені мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып жүр едің
Қалтаңшап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің,- дейді.
Асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен , биік парасатымен үш жүзге
аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұхар сияқты ұлы жыраудың
мадақтауы, Қаз дауысты Қазыбек ,Әйтеке сынды алты алашқа қадірлі, жалпақ
жұртты аузына қаратқан билердің аға тұтынуы тегін емес. Төле өзінің
астындағы түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би делініп ел арасына
мақал болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-
кембағалға пана, қамқор болған Майқы би , Сыпыра жырау, Асан қайғы,Жиренше
шешендердің сарқыты еді.
Төленің атақ-абыройы әз Тәуке ханның тұсынд ‘Жеті жарғы”
заңының ел ішінде таралуымен көтерілсе, “Ақтабан шұбырынды, алқа көл
сұламадан” кейін елге егін салдыру мәселесімен де асқақтап биіктеген.
Атақты би болумен бірге,Төле би ән мен күйді, өнерді, ақындарды қатты
жақсы көріпті. Осы себепті өз кезінде даңқты ақын Жанкелдіні қасынан
тастамай алып жүріпті.
Төле би баласының азамат болып, ер жеткенін Қазыбек пен Әйтекеге хабарлап,
оған отау көтеру жайлы кеңесіп отырғанда, Қазыбек жақын ағайындарының бір
қызын айтыпты. Бұл бойжеткенді жақсы білетін Ниязбек деген кісі Жанкел
ақынға сол өсіп отырған бала жайлы өсек сөздің бар екенін білдіріпті. Қалың
топтың алдында Жанкел ақын суырылып шығып;
Тобылғының түбінде торғай да бар,
Бір жаман мен бір жақсы әрқайда бар,
Екі жаман қосылса күнде керіс,
Екі жақсы қосылар күн қайда бар?
Жаман қатын, жаман ат, жаман тазы,
Мұңайтады жігітті малдың азы
Бейнет болар жігітке өмір-сауда
Келдің сәйкес келмесе қоңыр қазы,
Әйел, еркек әр істі дана қылар
Іс болар ма жаманға шара қылар,
Қандай еркек ақылды болғанменен,
Бірақ әйел өмірін ада қылар!
Ақынның өлеңінен бойжеткеннің қандай екенін көкірегі сезіп отырған данышпан
Төле би халқы халқы бата сұрағанда: Мінгені шайқыдан, көкірегі қайқыдан ,
аузы берік,ерні түрік, көзі сарыдан, шашы қарадан сақта депті. Сонда
Қазыбек барып қызды көзімен көріп келіп: Сылтауыңыз сұңқар , қаз бен
үйрек дегмар екен деп күліпті. Сөйтіп, Жанкел ақынның жүйрік ақылы мен
зеректігінің арқасында Төле би баласына басқа жерден жақсы әйел алып
беріпті.
Жаңыл ақын жайлы да Қазанқапта әжептеуір айтылған. Төле би әл
үстінде жатып, Ел –жұртын хбар бергізеді, мол жиылған халықпен қоштасып:

Дәулет деген бір сөзді
Екі мәндеп айтады
Әуелінде дау болып,
Ағайынның жау болып
Көбігіндей теңіздің
Толқып кері қайтады
Осылай деп Төле би
Аударылып жатады
Етіп хабар алыстан
Сұрай келіп көңілін
Жаңылдың мынау айтқаны:
-Жан аға, сұрамақпын аманыңды-ай,
Естіп тұра алмадым хабарыңды-ай
Жатырсың биік нардай енді көлбеп
Тоздырдың қарсы жуды табаныңды-ай
Төле би,ер Қазыбек, тілді әйтеке
Асқартау Қазығұрттай білімді еді
Бірі күн, бірі туған айдай болып
Заманға сійкесімен келіп еді
Қазақтың алатаудай ай серкесі
Дүние-ай көшетұғын көрінеді...
Жалған-ай бір көшкен соң шолу қайда,
Әділ би Төле бидей болу қайда?!
Дегенде Төле би жастығынан аударылып жатып: Қарағым, Жаңыл!
Ақыретің мамыр болсын депті. Сәлден кейін Жаңыл ақын биге былайша
сұрақ қойыпты:
Көргелі келдік сізді біз
Жалпағынан дүниені
Әбден басып жүрдіңіз
Сізсіз шылбыр бермеді
Түгел қазақ еліңіз.
Мал менен бас бара бар
Сайлық дәуір сүрдіңіз
Әділетке салғанда
Жаман да жоқ мініңіз
Сұрайтын бір сырымыз
Сізде де арман бар ма екен,
Cұрайықшы соны біз,-
деп Жаңыл ақын толқып тоқтағанда, Төле би жауап беріпті: Шырағым,Жаңыл,
баласың-ау,өзгелерден менде арман көп, себебі қырғыз- қазақтың бір туғандай
күнінде туылып, енді алаң ашық болып, шілдей бытырап, тозған күндерінде
қайтіп өшіп барамын - депті.
Тура биде туған тжоқ, туғанды биде иман жоқ деп қарақылды қақ
жаратын Төле көзінің тірісінде –ақ Абыз,Қарлығаш әулие Қарлығаш би
атанған. Жастайынан халықтың мақал-мәтел,аңыз-ертегі дастандарымен сусындап
өскен қарияның сөйлесе аузынан маржан төгіледі:
Мақтаншақ жігіт,
Ұрыншақ ат.
Жаз болса ,
Жарға жығар.
Қыс болса ,
Қырға жығар
Тұмау түбі- құрт,
Тұман түбі- жұт.
Ақыл түбі –құт
Қабырғадан қар жауса
Атан менен нарға күш.
Ел шетіне жау келсе,
Батыр менен ерге күш,- дейтін таудай асқар, теңіздей
терең Төле бидің бейнесі жоғарыда айтқан Төле би тарихы атты дастанда
жан-жақты бейнеленген. Автор осы еңбегінің соңында:
Мың жылдық асыл сөздер деп ойлаймын,
Кезіктім кең дәуірге осы тұста
Тайдай сөзге тарыдай түйін деген,
Доғарттым енд аяғын айтып қысқа, - дей келіп
1941 жылы, марттың 28- күні, жұмада бітірдім - депті
Төле ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген .Үйсін елінен шыққан би. Төле
бидің атымен ел аузында, халық жадында мол мұра қалды.
Төле би бала кезінен ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып,
тіпті ұсқ-түйек дау-дамайғ кесім айтып отырған. Кейіннен оның үлкен
мемлекеттік істерге, ел тағдырын қатысты жайларға бел шешіп кірісіп,
бәтуалы істер тындырғанын ел біледі, тарих айтады.
Төле Тәуке ханның атақты Жеті жарғысын жасасқан бас биінің бірі.
Төле ел тұрмысын,, арғы-бергі тарихты, оның сабақтарын ой көзімен барлаған,
алғыр шешен, көреген көсем саналған.
Төле бидің туған әкесі -Әлібек.Төлені халық Үйсін Төле би деп атаған.
Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыздар бойынша, Төле орта бойлы,
сымбатты болған деседі.
Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйтеке би
ҚАЗЫБЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ
Әйтеке Байбекұлы (Әйтеке би)
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Шешендік сөздер жайлы
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Әнет шешеннің халық жадында сақталған өнегелі сөздері
Қазақ даласының ұлы билері
Пәндер