Капиталдар туралы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Капитал туралы түсінік
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі
Қайтарылып алынған капитал есебі
Резервтік капитал есебі
Бөлінбеген пайда есебі
Капитал қоғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Менің жазған бұл курстық жұмысым меншікті капитал туралы түсінік беріп, оның ұйымдастырылуы, сонымен қатар банктің меншікті капиталы туралы толық мағлұмат береді. Бұл тақырыпқа бухгалтерлік есеп пәні тұрғысынан мағлұмат беру.Бұндағы бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесіндегі ең маңызды орындардың бірін иеленеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” заңға негізделеді.
Меншікті капитал – субьектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері. Кез келген кәсіпорын бухгалтерлік есептілікті жүргізу жұмысын жүзеге асырады, яғни кәсіпорын, оның мүліктерінің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субьектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты.
Меншікті капиталдың ерекшелігі - ол шаруашылық жүргізуші субьектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.
1. Шарушылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп

В.Л. Назарова Алматы– 2005ж
2. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері

Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов Алматы - 2006ж
3. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері

Б.С. Мырзалиев
Р.С. Әбдішүкіров Алматы - 2006ж
4. Банктегі бухгалтерлік есеп

С.Т. Міржақыпорва Алматы -2006ж

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Капитал туралы түсінік

Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі

Қайтарылып алынған капитал есебі

Резервтік капитал есебі

Бөлінбеген пайда есебі

Капитал қоғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің жазған бұл курстық жұмысым меншікті капитал туралы түсінік беріп,
оның ұйымдастырылуы, сонымен қатар банктің меншікті капиталы туралы толық
мағлұмат береді. Бұл тақырыпқа бухгалтерлік есеп пәні тұрғысынан мағлұмат
беру.Бұндағы бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесіндегі ең маңызды
орындардың бірін иеленеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік
есеп жұмысы толығымен “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы”
заңға негізделеді.
Меншікті капитал – субьектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі
активтері. Кез келген кәсіпорын бухгалтерлік есептілікті жүргізу жұмысын
жүзеге асырады, яғни кәсіпорын, оның мүліктерінің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық
жүргізуші субьектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды
бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік
баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға
байланысты.
Меншікті капиталдың ерекшелігі - ол шаруашылық жүргізуші субьектінің актив
көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.
Бұл курстық жұмыста қарастырылған жайттарға қысқаша түсінік:
1- Капитал туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің
құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір
мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің
ақшалай мөлшерге айналдырғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы
болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы
Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс
және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай,
заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады.
2-Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.
Бұл шаруашылық операциялар меншікті капитал тарауының пассивті
шоттарында бейнеленеді.Жарғылық капитал құрылтайшылар мен
қатысушылардың салымдары есебінен жарияланатындықтан, шаруашылық
операциялар №5011-5013 шоттардың кредитінен №5020 шоттың дебетіне
жасалады.
3- Қайтарылып алынған капитал есебі.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Акционерлік қоғам
жарғылық капиталды оның жалпы санын қарастыру мақсатында акцияның бір
бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, алайда заң актілерінде
қарастырылған (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 28-бабы) ең аз
деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек.Акцияны сатып алу, қайта бөлу,
әйтпесе оның күшін жою мақсатында және директорлар кеңесінің шешімі
бойынша қоғам жарғысында қарастырылған басқа себептермен жүзеге
асырылады.Шешімде акция түрлерінің саны мен категориялары, сатып алу
бағасы, төлем мерзімі көрсетіледі.
4- Резервтік капитал есебі.
Акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының
есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.Акционерлік
қоғамдармен басқада ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен
жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік
капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.Резервтік
капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған, төтенше
жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады.
5-Бөлінбеген пайда есебі.
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және
табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегенннен қалған
сомасы есепті жылдың бөлінбеген пайдасы болып табылады.
6- Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі.
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің
маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады.Сол себепті осы
өзіндік жұмыста Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебіне
толығырақ тоқталдым.
7-Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі.
Банктің меншік капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі
болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның
өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Банкті
ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы
қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе
қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді.
Банктің меншікті капиталы құрамында банктің жарғылық капиталының
маңызды үлес салмағы бар екені бізге белгілі. Ол өзінің бағалы
қағаздарын шығару жолымен қалыптасады және сол себептен оны жиі
акционерлік капитал деп атайды. Банктің акционерлік капиталының көлемі
қатысушы- акционерлер – жабық немесе ашық тәсілмен үлестірілген
акция ұстаушыларының салымдары есебінен қалыптасады.

Негізгі бөлім
Капитал туралы түсінік

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің
құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір
мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің
ақшалай мөлшерге айналдырғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы
болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы
Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс
және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай,
заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл
сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан
таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен
ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп
тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның
құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ал
капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы
активтер болып екіге бөлінеді.Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне
қарай негізгі активтер және айналымдағы активтер деп екіге
бөлінеді.
Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық инвестициалардан, аяқталмаған құрылыстан
құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-
техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында
пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша
қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық- материалдық
қорлар, дебиторлық борыштар
және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің құралу көздері

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы
қаржылар құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып
мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- Бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті
қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың
қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған
аванстар және басқада кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың соммасы
болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай
ұйымның жарғылық қоры мынандай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың ( толық сеіктестік, сенім серіктестігі,
жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық
және
ашық акционерлік қоғам ) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері ).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да
құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы
органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға
тиісті өзгерістер енгізіленнен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал- қоғамның өзінің акцияларын олардың
атаулары құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі
негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы
олардың құнының өскен соммасынан және тағы да басқа жағдайлардан
туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен
шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза
пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік
капиталдың мөлшерімен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының
заңдары мен ұйымның жарғасында қаралады.
Бөлінбеген пайда- кәсіпорынның жалпы кірісінен салық сомаларын
шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

1.2. Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық
серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі
анықталған. АК 58- бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал
құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде
сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған
мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық
капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар,
мүліктік құқық, оның ішінде ақыл- ой меншігі және басқа нәрселер жатуы
мүмкін.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін
құрылтайшылық құжаттары болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар
нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден
өтеді.Жарғыда субъект
серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық
капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі
бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:

- Толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын
анықтайды, алайда заң актісімен (АК 64-бап) белгіленген ең аз
деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
- Командиттік серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен
белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы
керек.Салымшылардың жиынтық мөлшері коммандиттік серіктестіктің (АК 74-
бап) жарғылық капиталдың 50 % құрауы мүмкін;
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін
серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген (АК 78-
бап) ең аз мөлшерден кем болмауы керек
- Қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл
серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым
ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл
сомманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде
өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84-бабы);
- Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акцилар
шығарылымының жиынтық атаулы құнына тең, алайда заң қарастырған ең
аз деңгейдегі кем болмауы керек. Акцияларға ашық жазылыс жарғылық
капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88- бап);
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз
деңгейдегі көлемі- бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50000 есе
мөлшерін құрайды(13.05.03ж. №415 Акционерлік қоғамдар туралы заңның
10- бабы) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің
ішінде төленуі керек (11- бап, 2- тармақ). Артықшылықты акцияны шығару
барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы
керек(13- бап, 2- тармақ).
- Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі- жарғылық капитал
акционерлік қоғамдардың бір-бірімен өзара қатысумен қалыптасады;
- өндірістік капитал – жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай
салу есебінен қалыптасады (АК 97- бап);
- мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық меншік құқына немесе
оперативтік басқаруға негізделеді (АК 105- бап)
- коммерциялық емес ұйымда - басқарушылық, әлеуметтік- мәдени
немесе коммерциялық емес сиппаттағы меншіктенушілермен құрылатын және
қаржыландырылатын ұйым.
Шаруашылық жүргізуші субъекті жарғылық капиталға мүліктік және
ақыл ой қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа
субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу
мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау
жүргізеді. Мұндай салуды инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің
13 Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік және еншілес
серіктестіктегі инвестиция есебі стандартына және оның әдістемелік
ұсынысына сәйкес – егер дауыс беру құқымен инвестрленген объектінің 50%
акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге
мүмкіндік береді.
Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп
танылады, ал инвестицияланатын объект – еншілес шаруашылық серіктестік
болады.
Егер басқа заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20%
көбіне ие болса (АК 95- бап ), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық
серіктестігі деп танылады. Басқа субъектінің дауыс беру акциясының
20% - тен азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүргізіледі.
Салым ақшаға кез келген актив (ақшалай қаражаттар, негізгі
құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы- материалдық қорлар жатады.
Мұнда мына бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:
а) жарияланған жарғылық капитал соммасына
5100 Төленбеген капитал шот дебеті
5020 Қарапайым акциялар,
5010 Артықшылықты акциялар,
5030 Салымдар мен пайлар шоттар кредиті
ә) Салым ақша сомасына:

2700-2750 Материалдық емес активтер,

2400-2430 Негізгі құралдар, шоттар дебеті.
5100 Төленбеген капитал шот кредиті
Сондай- ақ серіктестіктердің қоғамдық жарғылық қорға қосқан
үлестері мен жарналарының сомасына:
Д- т: Материалдық емес активтер;
Негізгі құралдар;
Материалдық құндылықтар
Ақшалар және тағы да басқа шоттардың тиістісі.
К- т: Салымдар мен жарналар шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылуға тиіс.
Қайтарылып алынған капитал деп аталатын шот акционерлік
қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін
арналған.Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып
алған уақытында бухгалтерлік есепте:
Д- т: Қайтарылып алынған капитал шоты;
К- т: Ақшалар шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Егер акционерлік қоғам өз акциларын айналымнан алып тастаған
уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына:
Д- т: Қарапайым акциялар немесе Артыықшылығы бар акциялар
шоттарының тиістісі,
К- т: Қайтарылып алынған капитал шоты түрінде бухгалтерлік
жазу жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда Қосымша төленген
капитал деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы бағасынан
жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал қосымша
төленбеген капитал деп аталатын шотта ақшаның құнсыздануына және
тағыда басқа жағдайларға байланысты ұйымның негізгі құралдарын,
инвестицияларын, сондай- ақ басқада активтерін қайта бағалау нәтижесінде
пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып
өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен
сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай :
Д- т: Ақшалар шоты ;
К- т: Қосымша төленген капитал шот түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның акционерледен акцияларды олардың атаулы бағасынан
төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д- т: Қайтарылып алынған капитал шоты ;
К- т: Қосымша төленген капитал шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да
активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д- т: Негізгі құралдар;
Материалды құндылықтар;
Инвестициялар және тағы басқа шоттардың тиістісі.
К- т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал
Басқа да қосымша төленбеген капитал шоттарының тиістілері
түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д- т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал шоты;
К- т: Негізгі құралдардың тозуы шоты түрінде;
- негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша
бағаланған сомалары және есептен шығарылған негізгі қорлардың
пайдланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған
қосымша бағасының сомасына:
Д- т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал шоты,
К- т: Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)
шоты түрінде;
- Негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған
қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының
азаю сомасысына:
Д- т: Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал шоты;
К- т: Негізгі құралдар шоты түрінде бухгалтерлік жазулар
жазылады.
Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал шоты бойынша шарушылық субъектінің бухгалтерлік
есебінде:
- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы
шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:
Д- т: Инвестициларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал шоты;
К- т: Қаржылық инвестициялар шоты түрінде;
- қабылдаған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған
сомасына:
Д- т: Инветицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал шоты;
К- т: Бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян) немесе Бағалы
қағаздарды сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде
жазулар жазылады.

Бухгалтерлік жазулардың құжаттық ресімделуі салынған қаражат
түріне байланысты. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар
түгендеу карточкасын ашудағы негізгі құралдар қабылдау- табыстау
актінің негізіне кірістеледі. Тауарлы материалдық қорлар – материалдың
қоймалық есеп
карточкаларына кіріс ордерімен енгізілетін фактура- шотының негізіне
кірістеледі. Ақшалай қаражат есеп айырысу, валюталық шоттар
көшірмесінің негізіне, қолда бар ақша қаражаты- кіріс кассасы
ордерінің негізіне кірістеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық капиталы есептік
кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.
Басқа субъектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын
салушы жақ
бұл обектіге инвестицилар жүргізеді.Олар былай болуы мүмкін.
- Қаржылық - инвестициялық капиталдан табыс, өсім алу немесе басқа
пайдалар алу мақсатында субъект иемденетін активтер, сондай-ақ
пайдаланудағы жылжымайтын мүліктегі инвестициялар (БЕС (СБУ) 8 Қаржылық
инвестициялар есебі);
- Еншілес,тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестицилар-
оған бақылау жүргізуді жүзеге асырады, яғни оның қызметінен пайда
алу мақсатында инвестицияланған субъектінің қаржылық және басқа
саясатын белгілеу құқы (БЕС 13 Шоғырландырылған қаржылық есеп беру
және еншілес серіктестіктегі инвестиция есеб, БЕС 14 Тәуелді
шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі, БЕС 15 Қаржылық есеп
берудегі біріккен қызмет бойынша қатысу үлесінің көрінісі).
Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субъектінің қайта
тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар
бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Кодекстің (27.12.94ж.) 42-бап, 6-
тармақ; 74-бап, 3- тармақ; 78-бап, 2-тармақ; 89, 90-баптар және
Акционерлік қоғамдар туралы (№415-11 ҚРЗ 30.05.2003ж) Заңның 11-бабы, 3-
тармағы.

3. Қайтарылып алынған капитал есебі

Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Акционерлік
қоғам жарғылық капиталды оның жалпы санын қарастыру мақсатында
акцияның бір бөлігін сатып алу жолымен кемітуге құқылы, алайда заң
актілерінде қарастырылған (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 28-бабы)
ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек.Акцияны сатып алу, қайта
бөлу, әйтпесе оның күшін жою мақсатында және директорлар кеңесінің
шешімі бойынша қоғам жарғысында қарастырылған басқа себептермен
жүзеге асырылады.Шешімде акция түрлерінің саны мен категориялары, сатып
алу бағасы, төлем мерзімі көрсетіледі.
Акционерлік қоғам барлық барлық кредит берушілерге акцияның
сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз
жұмысын азайтуда немесе тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың
орнын толтыруды талап етуге құқылы.
№ Шаруашылық Дебет Кредит Сома
рс операцилардың мазмұны
1 Бухгалтерлік есепте 5210 Қайтарылынып1040 Карт- 50 000
номиналдық құн алынған капитал шоттардағы ақша
бойынша айналыстан қаражаты,1010
акцияны алу Кассадағы ақша
барысында мына қаражаты
жазулар жүргізіледі
2 Егер сатып алынған 1040 Карт- 5210 Қайтарылып 40 000
акцияның нақты құны шоттардағы ақша алынған капитал
номиналдық болса, қаражаты, 1010
онда Кассадағы ақша
қаржаты 10 000
3 Номиналдыдан жоғары 1040 Карт- 5210 Қайтарылып 50 000
құн бойынша акцияны шоттардағы ақша алынған капитал 20 000
сатып алуда қаражаты 1010
Кассадағы ақша
қаражаты
4 Күшін жою мақсатында5020 Қарапайым 5110 Қайтарылып 40 000
сатып алынған акциныакциялар алынған капитал
алуда: 5010 Артықшылығы Қосымша төленген
а)сатып алынған бар акциялар капитал
акцияның нақты құны
алғашқы орналастыру
құнынан төмен ( сатып
алынған акциның
нақты құны 40000, ал 5210 Қайтарылып
алғашқы орналастыру 5020 Қарапайым алынған капитал
құны 50000 теңге ); акциялар 5010
ә) алуға жататын Артықшылығы бар 50 000
сатып алынған акциялар
акцияның нақты құны 15 000
алғашқы шығару
құнынан жоғары (
алғашқы шығару құны 5410 Бөлінбеген
50000 теңге, табыс (жабылмаған
орналастырудың нақты зиян)
құны 70000 теңге);
б)егер қосымша 5000
төленген капитал
алғашқы шығару
құнынан нақты құнды
асыру сомасын жабуға
жеткіліксіз болса

Заңға сәйкес сатып алынған акция саны қоғам шығарған акцияның жалпы
санының 25% -інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам
бағыттаған қаражат қоғамның өзіндік капиталынан аспауы керек.

1.4. Резервтік капиталдың есебі

Акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза
табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір
бөлігі.Акционерлік
қоғамдармен басқада ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен
жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік
капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.Резервтік
капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған, төтенше
жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік
капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік
қоғамның жарғысында бекітіледі.Резервтік капиталдың жұмсалуына
байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында
көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді.
Резервтік капитал жарғылық капиталымен және басқа да қаражаттармен
бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол
кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады. Кәсіпорындарда резервтік
капиталдың есебі Резервтік капитал бөлімінің
Заңмен белгіленген резервтік капитал,
Басқадай резервтік капитал
деп аталатын шоттарда есептеледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі.
Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік
капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың
шарттарында) белгіленеді, сондай- ақ белгіленген тәртіп бойынша
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып
отыру акционерлердің жалпы жиыналысында белгіленеді. Оның мөлшері
жарияланған жарғылық капиталының 15% -нен кем болмауы керек.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5340- ші Басқа да
резервтік капитал шотында жүргізіледі.Бұл шотта заң тәртібімен
көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар
есептелінеді.
5340- шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар
корреспонденциясы 5310 – шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай
резерв кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен
қалыптасқан уақыттта бухгалтерлік есепте:
Д- т: Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы шоты;
К- т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе
Басқадай резервтік капитал деп аталатын шоттар түрінде жазу
жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы
жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д- т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе
Басқадай резервтік капитал шоттарының тиістісі;
К- т: Есепті жылдың бөлінбеген табысы
Өткен жылдардағы бөлінбеген табысАртықшылығы бар акциялар бойынша
есеп айырысу немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі
жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің
тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар
құруына болады.Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында

жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып
саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі Басқадай резервтік капитал
деп аталатын шотта жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша

жүргізілетін операциялар

№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін шотКредиттелетін шот
1 2 3 4
1 Акционерлік қоғамның жарғысында 5410 5310
белгіленген мөлшерде резервтік
капитал сомасының қалыптасуы
2 Акционерлік қоғамның жарғысында 5410 5340
белгіленген мөлшерден артық
резервтік капитал сомасының
қалыптасуы
3 Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда 5310,5340 3031,3032,4430
таппауына немесе тапқан пайдасының
жетіспеуіне байланысты артықшылығы
бар акциялар бойынша дивидент төлеу
үшін жұмсалған резервтік капитал
сомасы
4 Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе 5310,5340 5410,5430
алдыңғы жылдардағы жабылмаған
зияндарын жабуға жұмсалған резервтік
капитал сомасы
5 Ағымдағы жылғы зиянды жабуға 5310,5340 5410
бағытталған резервтік капитал сомасы
6 Өткен жылдың жабылмаған зиянын 5310,5340 5430
өтеуге бағытталған резервтік капитал
сомасы
7 Акционерлердің қабылдаған қаулысына 5340 5011,5012,5013
сәйкес резервтік капиталдың сомасы
есебінен субъектінің жарғылық
капиталын арттыруға бағытталған сома

1.5. Бөлінбеген пайда есебі

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін
салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды
төлегенннен қалған сомасы есепті жылдың бөлінбеген пайдасы болып
табылады. Ұйымдарда
бөлінбеген табыстың есебі:
- Есепті жылдың бөлінбеген табысы
- Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы деп аталатын шоттарда
жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде Есепті жылдың бөлінбеген
табысы шоты
кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы
жылғы шеккен зиян Есепті жылдың бөлінбеген табысы шотының дебитіне
жазылады.
Мысалы:
Есеп беретін жылғы шаруашылық субъектісінің шеккен
қорытынды зиянының сомасына:
Д- т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі шоты;
К- т: Жиынтық кіріс (зиян) шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған
тиісті сомаға:
Д- т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты;
К- т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе Басқадай резервтік
капитал шотының тиісті түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлік қоғамның акционерлерге дивиденд ретінде
төлейтін немесе төленген сомасына:
Д- т: Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)
шоты;
К- т: Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу;
Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған
аванс және тағы басқа да шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік
жазу жазылады.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандай да бір кәсіпорынның
құрылғаннан бастап жұмсалмаған таза пайдасы оның капиталы болып
саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы
сомасы,яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан
міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы
кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп
белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер
баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық
қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельдігінің төмен
екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының
мөлшері қайта қаралуы тиіс.
Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың
бухгалтериясында жетінші кірістер және сегізінші шығыстар деп
аталатын шотпен жабылуы тиіс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛ ФОРМАЛАРЫ
Төлем балансы жайлы
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Меншікті капитал кәсіпорынның экономикалық негізі ретінде
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Капитал мен табыс ілімі, капиталдың формалары
Капитал нарығы экономикалық негізгі нарықтың бірі ретiнде
Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы
Кәсіпкерлік және кәсіпорын
Капитал нарығы
Пәндер