Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы



Алғы сөз
Кіріспе
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Салыстырмалы фонетика
Дауыссыз жыбыстаржүйесі
Салыстырмалы морфология
Түркі тілдерінің фонетикасы
Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
Лексика
Фонетика
Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.
Дауыссыз дыбыстар
Морфология
Тіл дамуының маңызы шарттарының бірі – тілдерді оқыту мен қызмет аясын кеңейту бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Мемлекет тарапынан тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, онда нақты іс-шаралардың жолдары мен бағыт-бағдары айқындалған. Бағдарламада Қазақстан халықтарының тілдерін оқып үйренумен дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігі айтылған. Осы құжаттың түркі тектес халықтар тілдерінің ғылыми айтылған. Осы құжаттың түркі тектес халықтар тілдерінің ғылыми негізде дамуына, зерттелуіне үлкен бағыт берері сөзсіз. Бұл іс-шараның жоғары оқу орындарында пән ретінде жүретін салыстырмалы грамматикаға да қатысты бар.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы арнайы пән болып, жоғары оқу орындарында ғылыми курс ретінде өтіліп жатқанына да біраз жылдың шамасы болды. Университеттің қазақ филологиясы факультетінің, қазақ, түрік, азербайжан бөлімдерінде оқу жоспарына сәйкес арнайы сағат бөлініп өткізіліп келеді. Бірақ осы кезге дейін оларға бөлінген сағатқа сәйкестендіріліп жасалын ған арнайы бағдарламасы жоқ. Осы уақытқа дейін жалпы бағдарлама болғандықтан, дәріс жұмыс жоспарының негізінде жүргізіп келді. Сол себепті де университеттің қазақ филологиясы факультетінің бөлімдерінде осы пәнге бөлінген сағатқа лайықталып, бағдарлама жасау мақсат етілді.
Салыстырмалы грамматиканың мақсаты – түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерің өіндік ерекшеліктерің жанжақты, терең қарастыру. Студенттерге түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет ауларына жағдай туғызу. Ол тіл біліміне қатысты басқа пәндер секілді болашақ білімді де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қарулануына мүмкіндік береді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Алғы сөз
Тіл дамуының маңызы шарттарының бірі – тілдерді оқыту мен қызмет аясын
кеңейту бүгінгі заман талабынан туындап отыр. Мемлекет тарапынан тілдерді
қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, онда нақты іс-
шаралардың жолдары мен бағыт-бағдары айқындалған. Бағдарламада Қазақстан
халықтарының тілдерін оқып үйренумен дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігі
айтылған. Осы құжаттың түркі тектес халықтар тілдерінің ғылыми айтылған.
Осы құжаттың түркі тектес халықтар тілдерінің ғылыми негізде дамуына,
зерттелуіне үлкен бағыт берері сөзсіз. Бұл іс-шараның жоғары оқу
орындарында пән ретінде жүретін салыстырмалы грамматикаға да қатысты бар.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы арнайы пән болып, жоғары
оқу орындарында ғылыми курс ретінде өтіліп жатқанына да біраз жылдың шамасы
болды. Университеттің қазақ филологиясы факультетінің, қазақ, түрік,
азербайжан бөлімдерінде оқу жоспарына сәйкес арнайы сағат бөлініп өткізіліп
келеді. Бірақ осы кезге дейін оларға бөлінген сағатқа сәйкестендіріліп
жасалын ған арнайы бағдарламасы жоқ. Осы уақытқа дейін жалпы бағдарлама
болғандықтан, дәріс жұмыс жоспарының негізінде жүргізіп келді. Сол себепті
де университеттің қазақ филологиясы факультетінің бөлімдерінде осы пәнге
бөлінген сағатқа лайықталып, бағдарлама жасау мақсат етілді.
Салыстырмалы грамматиканың мақсаты – түркі тілдері, олардың жалпы
сипаты, жеке түркі тілдерің өіндік ерекшеліктерің жанжақты, терең
қарастыру. Студенттерге түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының
тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт
беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет ауларына
жағдай туғызу. Ол тіл біліміне қатысты басқа пәндер секілді болашақ білімді
де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қарулануына
мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама – түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы бойынша
лекция, семинар және өзіндік сабақтарды жүргізудің жүйелі бастамасы.
Түркітану – тіл білімнің бір ғылыми саласы. Түркі тілінің салыстыра
зерттеу дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге
келген ғылым саласы екенін студенттерге түсіндіре отырып, оларға оны
меңгертудің жолдарын үйрету. Бұл студенттердің шығармашыфлық тұрғыда..
ізденуіне, ғылыми жұмыстың әдіс-тәсілін меңгертуге көмектеседі,
лингвистикалық талдауға, оны игеруге мүмкіндік туғызады. Тарихи тілдік
деректердің қалыптасуын, жасалуын, дамуын салыстыра зерделеу арқылы
қазіргі түркі тілдерінің даму жолдарын, жағдайын игереді.
Ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде түркі тілдерін
зерттеу – сол халықтардың тарихымен тығыз байланыста жүргізулуге тиіс. Қай
халық болмасын өзінің тілін, әдебиетін, этникалық тарихын жете білуді
мақсат етеді. Соны танып – білудің бір жолы-тілдерді салыфстыра отырып
тану.
Студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың
топтастырылуынан (классификация), жіктелуінен, әр түркі тілінің өзіндік
ерекшеліктерінен мәлімет беру. Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Тілдік туыстық ерекшеліктерін анықтау – салыстыра оқу, зерделеу арқылы іске
асады. Салыстырыла оқу, зерттеу қатаң заңдылыққа бағынады. Сонымен қатар
жалпы түркі тілдерінің ортақ заңдылықтарымен бірге, оларды басқа тілдік
жүйедегі тілдерден ерекшелейтін белгілерін жан-жақты қарап, талдау.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының негізгі нысаны-түркі
тілдерінің грамматикалық құрылысы Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы
Түркі тілдерінің жүйесіне тән оларды өз алдында жеке топтастыру ретінде
ерекшелейтін белгілер:1.Фонологиялық ерекшеліктері. 2. Морфологиялық
құрылысы. 3. Лексикалық қабаты. 4. Синтаксистік құрылысы.
Түркі тілдерінің сылыстырмалы грамматикасының өзіндік ерекшеліктері
бар. Ең алдымен қазіргі түркі тілдерінің синхитипі мен архисемасына талдау
жасалынып, оның бүгінгі қалыптасу жағдайындағы себебін (мотивін) шешу үшін,
міндетті түрде түптөркін зернделеуді тарихи-салыстырма әдіс негізінде
түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы курсында сөздердің дыбыстар жүйесінде болған тарихи
өзгерістерді, тілдің лексикалық қабатындағы ерекшеліктерді, грамматикалық
құрылысындағы өзгерістерді тексеру керек болады. Студенттерге жоғарыда
аталған туыстас тілдердің тарихи дамуы мен ерекшеліктерінен,
заңдылықтарынан хабардар болады. Ол тілдік деректерді салыстыру арқылы
жүреді.. Түркі тілдерінің тілдік деректер міндетті түрде қазақ тілініңғ
тілдік деректерімен салыстырылып берілуі тиіс.
Ұсынылып отырған бағдарлама осы курсты жүргізу тәжірибесі негізінде
түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеулері мен туыстас түркі тілдерінің
грамматикалары бойынша соңғы кезеңде жарық көрген еңбектергше сүйеніп
жазылады. Бағдарлама соңғы типтік ұстанымдардың негізінде жасалады. Түркі
тілдерінің салыстырмалы грамматикасы – жоғары оқу орындарында оқылатын
түркі тілдерінің тілдік деректерінен ғылыми тұрғыдан терең білім алуына,
меңгеруіне және білікті мамаң даярлауға жәрдемін тигізеді сөзсіз.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні бойынша өтетін лекция
(20), семинар (16), СӨЖ (4)
Кіріспе
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы – тіл білімінің бір саласы.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының курсының мақсатымен міндеті,
оның зерттеу нысаны. Түркі тілдерінің зерттелуі. Түркі тілдерінің дамуы мен
қалыптасу кезеңдері: а) Түркі тілдерінің қалыптасуындағы алтай дәуірі;
ә)Хун дәуірі; б) Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі дәуірі (Ү-ХХғғ); в)
Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасырдәуірі (Х-ХҮғғ); г) Жаңа дәуір жеке
түркі тілдерінің қалыптасуы (ХҮ-ХХғғ); д) Ең Жаңа түркі дәуірі. (Қазан
төңкерісінен кейінгі дәуірді қамтиды).

Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Тілдік жіктелулер, топтастырулар жайында жалпы мәлімет. І. Батысхун
тілі: 1. Бұлғар тобы (көне бұлғар, хазар, чуваш); 2. Оғыз тобы (түркмен,
селжүк: әзербайжан, түрік; бұлғар: гагауыз); 3. Қыпшақ тобы (қыпшақ-
половец: қарапайым, қарашай, балқар, құмық, қырым-татары; қыпшақ-бұлғар:
татар, башқұрт; қыпшақ-ноғай, ноғай, қазақ, қарақалпақ); 4. Қарлұқ тобы
(қарлұқ-ұйғыр, қарлұқ-хорезм, өзбек);
ІІ. Шығыс хун тілі: 1. Ұйғыр-оғыз тобы (ұйғыр-тува, тува, тофа, яқұт,
хахас: хахас, шор, чұлым, алтай); 2. қырғыз-қыпшақтобы (қырғыз, алтай
тілдері). Түркі тілдерінің бұлай бөлудің лингвистикалық негіздері. Тілдер
туысқандық жағынан жіктеу (классификация) жасау тіл білімі үшін маңызы зор.
Тілдерді туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақындығын
көрсететін салыстырмалы зерттеу. (қазақ-қарақалпақ, ноғай немесе қазақ-
чуваш т.б.) әлем тілдеріндегі тілдерді салыстыра зерттеулер негізінде іштей
бірнеше туыстас топтарға бөліп қарай – лингвистикада бар ғылыми дәстүр. Бұл
– тіл білімінде туысқандық жіктеудің ғылыми ұстанымдары негізінен
анықталған. Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық т.б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі дұрыс
шешілсе де, ғылымда әлі зерттелетін қырлары бар екені даусыз. Сондықтан бұл
тұста да салыстырмалы зерттеудің маңызы үлкен. Осымен байланысты
студенттермен жеке тапсырма-жұмыстар (СӨЖ) жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Сол арқылы уақыт үнемделеді. Әсіресе, қыпшақ тобы тілдерінің салыстырмалы
тілдік деректерінің негізінде, оның қолдану ерекшеліктерімен байланысты
жұмыстар жүргізілу көзделеді. Сонымен бірге туысқан тілдердің өзіне тән
тілдік заңдылықтарына ерекше мән берілу – практикалық және өзіндік жұмыстар
арқылы жүзеге асады. Пәннің көздейтін мақсаты да осында.
Салыстырмалы фонетика
Фонетикалық жүйе бойынша салыстырмалы зерттеудің нысаны, мақсаты,
әдісі. Қазіргі түркі тілдерінің лексикалық құрамы мен грамматикалық
құрылысында фонетикалық өзгеріске ұшырағаны анық байқалады. Сол дыбыстық
(фонетикалық) өзгерістер арқылы бірі екіншісінен ажыратылады. Бұл – түркі
тілдерін ұқсастықтары мен айырмашылықтарына, ерекшеліктеріне қарай
жіктегенде ескерілетін негізгі ұстанымдардың (критерий) бірі. Түркі
тілдеріндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы міселе. Дауысты дыбыстардың
қалыптасуы туралы пікірлер. Түркі тілдеріндегі дауыстылардың
ерекшеліктері. Жеке дауыстиылардың дамуындағы ерекшеліктер (оу, деи, ц
ү т.б.). Дауыстылардың 1. ашық-қысаң, 2 жуан-жіңішке, 3. еріндік-езулік
болып жұптасуындағы заңдылықтар. Түркі тілдеріндегі сингармонизм
заңдылықтарының ерекшеліктері: 1. қысқа: а, ә, о, ө, у ү, ы, и. * ат,
көнетүр.ат, түр. ат, ұйғ. ат, ноғ. ат; 2 Созылыңқы:а:, ә:, о:, ө:, у:, ұ:,
ы:, и:, * қа:з, түрк, га:з, якут ха:с; ататілдегі (праязык) *ө дауыстиы
дыбысы ізі әзербайжан, түрік, түркімен, қазақ, ноғай, құмық, тува, шор,
якут (саха) тілдерінде сөздің басқы буынында сақталған. Бұл тілдерде сол
алғашқы қалпын сақтап қалса, ал башқұрт, татар тілдерінде өү айналса, ал
шуваш тілінде өуъ і бірнеше ьаламада келеді. Жеке дауыстылардың сипаты
*а, ә (д), е (э), о-ө. Басқа тілдерімен салыстырғанда ерекше байқалатын
жайт қазақ тіліндегі сөздің екінші буындарында немесе қосымшалардың
құрамында еріндік дауыстылардың кездеспеуі: қырғ. токум, қаз. тоқым т.б.
Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстарды жіктеудің негізгі ұстанымдары
жалпы бірдей болғанмен, әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері барлығы және
олардың сапасы бірдей еместігінде.

Дауыссыз жыбыстаржүйесі
Қазіргі түркі тілдеріндегі барлық тілдерге ортақ 23-25 фонема барлығы.
Дауыссыздардың қазіргі тілдерде мұншалықты үлкен топ құрауы – ұзақ дамудың
нәтижесі. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, топталуы, олардың қандай белгіге
сүйеніп топтаситырылатыны. Көне жазба ескерткіштер тілінде дауыссыздар
саны 16-17 –ден аспайды. Жаңа фонемалардың пайда болуы тілдің ішкі дамуымен
немесе басқа тілдермен қарым-қатынастың ықпалымен болуы мүмкін. Дауыссыз
дыбыстарды салыстырып зерттегенде, екі жақты құбылысқа назар аударылады:
а) қазіргі тілдердегі дауыссыздар; ә) көне түркі тілдеріндегі
дауыссыздардың ұқсастығы мен өзгешеліктері. Мәселен, оғыз тобындағы
тілдерде д, г, ғ дыбыстары басым қолданылса, қыпшақ тобындағы тілдерде
керісінше, қазақ тілінде сөздің басында ж қолданылса, өзбек тілінде й
қолдаеылады немесе с~ ш, д ~т, қ ~ ғ сәйкестіктері т.б. Жеке
дауыссыздардың қолданылу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстардың үндесу
заңдылықтарының (ассимиляция) дамуы. Түбір мен қосымша, сөз бен сөз
арасындағы дыбыстардың бір-біріне әсері ететіні.

Салыстырмалы морфология
Сөздің морфологиялық құрамы. Сөздің өзі морфологиялық бөлшектерден
тұратыны. Олардың басты ерекшеліктері. Түбір морфема. Алғашқы түбірлеодің
сипаты. Түбір морфеманың басты ерекшелігі – мағыналық дербестігінің
болатындығы. Түбірлердің синкректизмі жайлы мәселе. Синкретизм – ононимдес
түбірлердің қалыптасуының негізгі көзі екендігі. Сөздің морфемдік санының
көбейіп, күрделенуі түркі тілдерінің құрылымдық ерекшелігі екендігі. Ол
түркі тілдерінің негізгі ерекшелігі – жалғамалы тілдердің қатарына
жататындығы. Морфемалардың жігі анық, ашық келуі. Көмекші морфема, оның
түрлері. Сөз – күрделі тілдік бірлік. Ол - әрі лексикалық мағынаны, әрі
граматикалық мағынаны білдіреді. Сөз білдіретін грамматикалық мағыналарына
қарай бірнеше морфемдік бөлшектерден тұрады. Грамматикалық мәннің берілу
тәсілдері Әр бөлшекте белгілі мән-мағына болады. Көмекші морфемалардың
жіктелуі. Олардың мағыналық, қызметтік сипаты. Сөз тұлғаларының түрлену
жүйесі, оның сөз таптарына қатыстылығы. Осымен байланысты грамматикалық
мағына мен грамматиикалық тұлға (форма) жайлы, олардың байланысы.
Грамматикалық көрсеткіш пен грамматикалық мағынаның сәйкес келіп отыруы.
Осымен байланысты олардың қалыптасқан орны мен қызметі, мәні айқын болуы.
Түркі тілдеріндегі аналитикалық формалар, олардың граматикалық мағынаны
берудегі ерекшеліктері: -а, ып ®қал, - а, ып ® сал, -а, ып ® бер, -а, -ып
®түс т.б. Жалғаулар, олардың түрлері. Есім сөз тұлғаның өзгерту тәсілдері.
Студенттердің жеке сөз таптарының грамматикалық құрылысынан хабар бар және
олардың теориялық жағынан мәліметтері болғандықтан, салыстырмалы
морфологияның бүкіл жалғауларын жүйелей беріп, кейбір тілдердегі
ерекшелікке тоқталған жөн. Мәселен ілік септігін кейіннен қалыптасқандығы
жөнінде, 1 ның, -ның. 2. –ның, -нуң, -лун, - дөн, - тың, - төң, - тын, -
тун дауысты дыбыстардың бірде еріндік, бірде езулік болып өзгеруі. (-ың)
қалыптасу мерзімі жағынан бұрынырақ болғандығы. Зерттеушілердің пікірлері.
Түркі тілдерінде тек якут тілінде ілік септігі кездеспейді. Тек – та
қосымшасы арқылы ілік пен табыс септіктерінің жасырын мағыналары беріледі.
Бұл ерекшелік монғол тілдерінің ықпалы деп түсіндірілуі. Барыс септігі
түркі тілдерінде әртүрлі сипатта көрінеді: -ха- хо, -а - йа, - ған
- ғар. Т.б. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Грамматикалық
және көлемдік септіктер болып бөлінуі. Тіл ғылымындағы түрлі пікірлер.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сандық, көптік ұғымды арнаулы мофологиялық тәсіл
арқылы берілуі: - лар - лер (-ләр). Өзбек тілінде – лар бір ғана
вариантының қолданылуы. Ал, керсінше , якут тілінде 16 варианты
қалыптасқан: -лар - лер, - дар - дер, - тар тер, дор - дөр, -
тор - төр, - нар - нер, - нор - нөр т.б. Алтай тілінде 12
варианты, башқұрт тілңнде 8 варианттары бар. Тек , чуваш тілінде - лар
көрсеткіші жоқ, оның орнына - сем (сен) көптік жалғау айтылады.
Көпшілік түркі тілдерінде сингармонизм заңдылығы сақталатындығы. Түркі
тілдерінде көптік-жинақтық ұғымды берудің жолдары ататілден қалған
көрсметкіштердің қалдықтары барлығы: з, к, л, р, с, ч, ш.
Тәуелдік жалғауы. Тәуелдік жалғауының түркі тілдеріндегі
ерекшеліктері. Тілдік көрсеткіштері: м, -ым -им; - ң, ың - иң, -ы
-и, - сы- си барлық түркі тілдерінде негізінен сақталған. Тарихи
тұрғыдан тәуелдік жалғауының шығуын жіктеу есімдіктерінің қолданысымен
байланыстыратын көзқарастар. –быз - биз көне формасы құмық тілінде
сақталған. Якут тіліндегі тәуелдік жалғауының басқа тілдердегі
варианттарынан өзгешелігі: жекеше: - ум, -уң, - ао. көпше –быт- бит, -
пыт - мут, - қыт - хут - нут, -а.
Сан есім. Түркі тілдеріндегі сандық ұғымды білдіретін бірліктер.
Бірліктер. Ондықтар. Жүздіктер. Бұл жайында ғалымдардың пікірлер. Санау
жүйесі. Есімдік. Түркі тілдеріндегі есімдіктің қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеушілердің пікірі. Түркі тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары.
Етістік және оны грамматикалық категориялары. Етістік – лексика-
семантикалық жағынан қимыл-қозғалыс, бағыт-бағдар, амал іс-әрекет, көңіл-
күй, қалып т.б. етістіктері болып бөлінуі. Есім –етістік синкретизмі туралы
ғалымдардың пікірлері. Етіс категориясы, көсемше, есімше, тұйық етістік
түрлері. Олардың түрлері, мағынасы, жасалуы. Етістік – рай, шақ, жақ
категорияларын арнайы морфологиялық көрсеткіштер жүйесі арқылы білдіре
алатын сөз табы. Ашық райдағы іс-әрекеттің шақтық ұғыммен байланыстылығы,
арнайы грамматикалық көрсеткішінің болмайтындығы. Шақ категориясы етістікті
өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категориясы
екендігі. Шақтың түрлері жайла ғалымдардың пікірлері. Олардың мағанасы,
мағананы білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақ. Келер шақ – ачак - әчек
көрсеткіштері сақталған түркі тілдері. Чуваш тілінде – ар -ыр
көрсеткішінің болмауы. Кейбір тілдерде – ғу+ т.ж. немесе –ғай+ ж.ж.
форманттарының сақталуы. (кейбір түркі тілдерінде шақтың бес түрі барлығы).
Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары. Шартты рай, оның білдіретін
мағынасы, көрсеткіштері: -са, сар, - сан. Қалау рай, білдіретін мағынасы,
олардың берілу жолдары. – ғай, ай, -асы, -а. Етістіктің жіктелуі,
етістіктің жақ категориясы. Жіктік жалғауының жалғану ерекшеліктері.

Салыстырмалы синтаксис
Сөз тіркестері. Сөздердің тіркесі тәсілдері. Сөз тіркестерінің
түрлері. Есімді тіркесте.: қабыса байланысу, матаса байланысу, меңгеріле
байланысу. Етістікті сөз тіркестері: қабыса байланысу, меңгеріле
байланысу. Жай сөйлем, оның түрлері. Құрмалас сөйлем, оның түрлері.

Семинар сабақтар
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы бойынша лекциямен бірге
практикалық сабақтар жүргізу жоспарланған. Негізгі мақсат студенттердің
ғылыми курстан меңгерген ғылыми-теориялық білімін жүйелеп, оны практикалық
тұрғыдан салыстырып-талдай білу дағдысын қалыптастыру және тұрақтандыру.
Сонымен қатар студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу және
білімін толықтыру мақсатында қосымша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей
білу дағдысын қалыптастыру.

Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының
зерттеу нысаны
Түркі тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдері. Түркі тілдерін жіктелуі.
Олардың ортақ заңдылықтары, ерекшеліктері.

Түркі тілдерінің фонетикасы
Дауысты дыбыстар жүйесі. Олардың ерекшеліктері. Түркі тілдерінің
арасындағы дыбыстық айырмашылықтарына көңіл бөлгізу. Дауыссыз дыбыстар
жүйесі. Түркі тілдеріндегі көрінісі. Олардың жіктелуі, топталуы, топтау
белгілері, қолданылу орындарын, қалыптасу кезеңдерін тіл мамандарынығ
пікірлерімен ұштастыру. Әр тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерін,
сәйкестікетерін студенттердің өздік жұмыстар арқылы игерту. (р-з-д-т, й-д-
ж, к-г, ш-с т.б) Түркі тілдерінің топтық жіктеу бойынша дыбыстардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарына толық сипаттама беру. Түркі тілдеріндегі
сингармонизм заңғдылықтары жайында. Дыбыстардыңғ үндестік (дауыстылар мен
дауыстылардың , дауыссыздар мен дауыссыздардың (ассимиляция))
заңдылықтарының дамуы. Семантикалық ерекшеліктері.
Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы
Түркі тілдеріндегі морфологиялық құрылысындағы ерекшеліктер.
Морфемалар жүйесі. Олардың ерекшеліктері, қалыптасуы, дамуы.
Лингвистикадағы пікірлер, тұжырымдамалар. Көмекші морфемалар жөнінде. Түркі
тілдеріндегі септік, тәуелдік, көптік жалғаулары, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары. Грамматикалық функциясы. Жалғаулардың дамуы мен
қалыптасуына өзгерістеріне сипаттама.
Сөз таптарының таптастыру заңдылықтары. Оның мәні мен сипаты. Түркі
тілдеріндегі сөз таптарының шығуы мен дамуы. Түркі тілдеріндегі сөз
таптары: Есімдер: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік. Етістік: үстеу,
етістік. Шақ, Рай, Жақ категориялары. Мағынасы, жасалуы, қызметі. Олардың
ерекшеліктері.

Салыстырмалы синтаксис
Түркі тілдеріндегі сөз тіркестері. Сөз тіркесінің табиғаты және оған
тән белгілер. Түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің тарихи даму сипаты. Сөз
тіркестерінің түркі тілдеріндегі үлгілері (модель). Сөз тіркесінің
түрлері. Есім тіркестері: Түркі тілдеріндегі изафеттік тіркестер. (Изафет-
1, изафет-ІІІ). Етістікті тіркестер. Түркі тілдеріндегі жай сөйлемдер, оның
түрлері. Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Одлардың құрылымдық ерекшеліктері.

Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жүйе мен
грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл
дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып
тануға негізделеді. Тіл дамуының барысында болған өзгерістер әдетте бір
сипатты болып келе бермейді. Белгілі бір заңдылық бір тілде жүйелі түрде
орнықса, екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды, немесе керісінше
болып отырады. Сондықтан ескі мұралар тілі мен қазіргі қазақ тілі
фактілерін ғана салыстыру әлі грамматикалық категория жүріп өткен жолды
түгел көрсете алмайды. Осыдан келіп туыс тілдер фактілерін салыстыру
қажеттігі шығады. Алайда, туыс тілдер фактілерін де белгілі бір жүйе,
принципке лайық пайдаланғанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Қазақ тілінің
тарихи фонетикасы мен грамматикасының жеке мәселелерін анықтау ыңғайында ең
алдымен қыпшақ-ноғай тобындағы тілдердің, сонан соң жалпы қыпшақ тобындағы
тілдердің фактілерін зерттеу, солармен салыстыру жемісті болмақ. Ежелгі
ескерткіштер мен қазіргі қазақ тілі, туыс тілдер материалдарын өзара
салыстырудың нәтижелерін қосымша дәлелдеу үшін чуваш, якут тілдері
фактілерінің де үлкен мәні бар. Бұл жерде чуваш, якут, караим тілдері ескі
дәуірдегі жалпы түркілік сипаттың негізгі белгілерін сақтаған тілдер екені
еске алынады.
4. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін
жіктеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталудың мәні зор. Түркітанушылық
жіктеулердің негізіне алынған ұстанымдарға байланысты қазақ тілі түркі
тілдерінің әр түрлі тобында қарастырылып отырған.
Қазақ тілін С.Е.Маловтың жас тіл деп қарауына басты себеп болған
оның фонетикалық жүйесінде түркі тілдері фонетикалық жүйесіндегі соңғы
өзгерістердің бірі – сөз ортасындағы, сөз соңындағы ескі түркілік ағ, ег
дыбыс тіркестерінің орнына дифтонгтардың қалыптасқандығы. Алайда, осы
жаңалықтар жайлы айтқанда, бұл процесті бір жақты қарастыруға болмайды.
Тілдің басынан өткен қандай бір процесс болмасын тіл құрамында тарихи
варианттардың шығуына алып келеді. Дифтонгтардың қалыптасуы да қазақ
тілінде сондай өздердің пайда болуына алып келді. Осыны ескерсек, қазақ
тіліндегі бақ пен бау, сақ пен сау, бақ пен бай, т.б. сөздердің сонындағы
дыбыстар тарихи тұрғыдан бір ғана дыбыстың екі түрлі көріністері екені
айқындалады. Екінші жағынан, олай болса қатты, қызыл сын есімдердің, қал,
қайт, етістіктерінің анлаутында айтылатын қ алдыңғы сөздер құрамындағы қ-
мен әсте бірдей емес, арғы тегі тұрғысынан екі басқа дыбыстар болып шығады.
Сөйтіп, бұл ыңғайда бір процестің екі түрлі қырын көреміз: бірде
дифтонгтардың шығуы, екіншіден ғ,г, дыбыстарының қатаңдап кетуі.
Дауысты дыбыстардың ішінде айрықша көзге түсетіні - ә дыбысы. Ә
дыбысының қолданылу позициясы ерекше, оның фонемалық мәні аздаған сөздердің
басқы шенінде ғана көрінеді: Әли-ғали, Әбдірахман – Қабдырахман. Мұндай
сөздер құрамында ә дыбысының айтылуы әдетте шығыс тілдерінің ықпалы деп
түсіндіріледі. Осы пікірді жалпы қостай отырып, дегенмен бұрын бір тілден
екінші ауысу құбылысы еместігін ескеру қажет. Жәй, шәй, сөздерінің
құрамындағы ә алдыңғыдан мүлдем басқаша, фонетикалық қоршаудың нәтижесі.
Ал, әкел, әпер тәрізді кіріккен сөздер құрамындағы ә - кейінді ықпал
нәтижесі.
Дауысты дыбыстар жүйесінің тарихи дамуы жайлы айтқанда, қазақ тілінің,
басқа да қыпшақ-ноғай тілдері сияқты, басты ерекшеліктерінің бірі – ескі
түркілік, о, ә, е дыбыстарының негізінен осы сапасын сақтап қалғандығы
ескерілу керек.
Сонымен қатар, қазақ тілінде кездесетін дыбыс сәйкестіктері (о-ү, ы-і,
ө-ү, т.б.) қазақ тілінің негізін құраған тайпа тілдері ерекшеліктерімен,
түркі тілдері даму барысында пайда болған ерекшеліктермен ұштасып
жататындығына, солардың ізі екендігіне баса назар аудару қажет.
5. Дауыссыз дыбыстар жүйесі тарихи дамуының ерекшелігі жайында
айтқанда, ең алдымен ескі түркі тілінің дауыссыздар жүйесінің ерекшелігі
еске алынады. Сонда қазақ тіліндегі байырғы түркілік дауыссыздар мен
кейін пайда болған жаңа дауыссыздардың ара жігі ашылады. Алайда, қазақ
тілінің қалыптасу, даму барысында қалыптасқан дауыссыздар дегенде, олардың
екі тобы барлығы айрықша аталуға тиіс: біріншіден, басқа тілдерден ауысқан
дыбыстар, екіншіден, жалпы түркі тілдерінде болған дыбыстардың тарихи
ауысуының нәтижесі.
Басқа тілдерден дыбыс ауысу қазақ тілінде позициялық шектеліске
ұшырады. Айталық, ғ,г,х дыбыстары осы сапасында тек сөздің басқы шенінде,
онда да белгілі бір сөздер құрамында ғана айтылады.
Батыс тілдерінен ауысты деп қаралатын в,ф, дыбыстары да тек белгілі
сөздер құрамында ғана қолданылады.
Бірсыпыра дауыссыздар, осыдан бұрын айтылғандай, тілдің даму барысында
тарихи өзгеріске түсті. Бұған сөз ортасындағы ескі түркілік д,з-ның орнына
й, сондай-ақ протоалтайлық р орнына айтылатын з дыбыстарын жатқызуға
болады.
Қазақ тілі консонантизмі құрамында болған өзгерістерді салыстыру арқылы
айқындағанда: түркі тілдері тарихында белгілі р-д m-з -й ауысуы, жүйе-
жүйісімен емес, үзік-үзік із қалдырғаны байқалады. Қазақ тіліндегі р-з, р-
й, д-й, з-й сәйкестіктері жоғарғы жүйенің эпизодтық көріністері болып
табылады. Кейде р-з сәйкестігінің соңғы звеносы -з қазақ тілінде қараңдап
кеткені байқалады. Қазақ тіліндегі қайыс етістігімен салыстыр сөздің
құрамындағы с, сондай-ақ болымсыздық қосымшасының құрамындағы с сондай
құбылыстың нәтижесі.
Дауыссыздардың ішінде айрықша тоқталуды қажет ететіндері: ж. қазіргі
қазақ тілінде жалаң ж (әдеби норма) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашқари өмірі
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Түркі тілдерінің жіктелуі жолдары
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Түркі тілдері жайында
Ғүн дәуірі
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Пәндер