Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.10

II. Негізгі бөлім

1.1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.17

1.2 ТАРАУ. ҰЛТ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.26

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.30
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамының бар саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Көп бағытты реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты ұлт саясатындағы реформалар. Себебі, біріншіден, ұлт мәселесі адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан және ұлтаралық қатнастар қоғамда үнемі орын алатындықтан мұндай мәселелер күн тәртібінде тұрады; екіншіден , мемлекеттің ұлт саясаты халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Мемлекеттегі ұлт саясаты қоғамның бар саласына әсер ететін ықпалы мол. Сонымен бірге әлемдегі ұлт саясаты ең ауқымды қиындық туғызып отырған шешімсіз мәселеге айналып отыр. Этностар немесе ұлттар жер шарының түгелге жуық мемлекетінде болғандықтан бұл мәселенің Қазақстан Республикасы үшін де маңызы жоғары. Ғаламдану жағдайында этникалық және ұлттық болмысты сақтау мақсатындағы қозғалыстар күшейе түсуде. Көптеген этностардың өзін-өзі билеу, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күрестері де толастар емес. Осындай құбылыстар нәтежиесінде Жер шарының көптеген нүктелерінде ұлттық, этникалық қайшылықтар орын алуда. Ұлттардың араласуын, жақындасуын және біртіндеп жойылуын бастайтын әлемдік жаһандану үрдістеріне қарсы ұлттық өмірдің оянуының және жандануының күресі басталғаны байқалып отыр. Сондықтан, бұл жағдайда Қазақстан Республикасында сандаған этностар мен ұлттар мекен ететіндіктен елде ұлт саясатын жүргізу мәселелерінде тиімді реформалар мен үлкен жауапкершіліктің қажеттілігі сезіліп тұр.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының қалыптасуы мен жүзеге асыру тетіктері; ұлттық саяси институттар мен азаматтық ұйымдар мемлекеттің ұлт саясаты үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Жаһандану жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатнастардың бүгінгі ахуалын саралай отырып, көпұлтты Қазақстанның ұтымды ұлттық саясат жүргізуінің басым бағыттарын анықтау, демогра¬фиялық ахуал, этнос¬тардың тарихи ерекшеліктері, қадір-қасиеті мен азамат¬тық жауапкершілікке негізделген бірізді Қазақстандағы ұлт саясатының тұрақтылыққа негіз болатын мәселелерін қарастырамыз. Сонымен қатар біз өткенді бағамдай отырып ұлттық құндылықтардың, бүгінгі күннің ұлт саясатындағы жаңғырту жолдары мен бағыттарын көрсету арқылы ұлт саясатының мән-жайын талдауға тырсамыз және зертеудің негізгі бағытын айқандай түсеміз.
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы: Білім, 1997.
2. Безопасность: международная, региональная, национальная Алматы 2007 Издательство «Дайк-Пресс» 120,146,414,491 с
3. Нысанбаев Ә.Н. «Адам және ашық қоғам». «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 1998. Қойгелдиев М. Ұлтгық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХҮЩУ XX ғғ.). Зорттеулер- Алматы, 2004.
4. Бауэр О. Национальный вопрос и социал- демократия. М. Мысль 1995г I 1с 69-77
5. Каутский К. Национализм и интернационализм. П.Г 1918-107с
6. Ленин В.И. Ұлт саясаты туралы мәселе жөнінде. Шығармалар толық жинағы. 25 том 69-756
7. Тишков В.А. О новых подходах в теории и практике межнациональных отношений // Советская этнография. 1985, №5
8. 9№92-94 (25491) 07 НАУРЫЗ СЕНБІ 2009 ЖЫЛ Егемен Қазақстан ҰЛТ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫҚТАР МЕН МАҚСАТТАР. ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ
9. Назарбаев Н. А. Стратегии независимости. Алматы: Атамұра, 2003. 309 с.10.
10. Тасмагамбетов И. Н. Социальная политика и политическая трансформация. Алматы; Институт развития Казахстана, 1997. 250 с.
11. Бромлей Ю. В. Очерки истории этноса. М.: Наука, 1999. 234 с.
12. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.
13. Коротеева В. В. Теории национализма в зарубежных социальных науках.М., 1999.
14. Ашин Г. К. Основы элитологии. Алматы, 1996. 323 с.
15. Кисс Э. Национализм реальный и идеальный. Этническая политика этиические процессы // Зтничность и власть в полиэтничных государстваі Материалы междунаролной конферениии. М.: Наука, 1994- С. 137
16. Шицко В. Л. Специфика релнгиочного сознания и формы его проявления в условиях современного Казахстана // Казахстан как мировой центр межкультурного и межконфессионального согласия в развитии «диалога цивилизаций». Материалы Международной научно-практической конференция. 31 мая 2007 г. Алматы, 2007. С. 98.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЬ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі

Орындаған: ХҚ. II-К. Тортаев
А.Т.
Ғылыми жетекші: с.ғ.к.
Қайдарова Ә.С.

Алматы 2009 ж
ЖОСПАР

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...3-10

II. Негізгі бөлім

1.1 ТАРАУ. Қазақстандағы ұлт саясатының бүгінгі
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..11-17

1.2 ТАРАУ. Ұлт саясатын дамытудың басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..18-26

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .27-30

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда өркениетті даму жолына
түскен Қазақстан Республикасы қоғамының бар саласында аса маңызды
реформаларды жүзеге асыруда. Көп бағытты реформалардың ішіндегі ең
күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты ұлт саясатындағы
реформалар. Себебі, біріншіден, ұлт мәселесі адамдардың өмірі мен тұрмыс-
тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан және ұлтаралық қатнастар қоғамда
үнемі орын алатындықтан мұндай мәселелер күн тәртібінде тұрады; екіншіден
, мемлекеттің ұлт саясаты халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына
түсіп отырады. Мемлекеттегі ұлт саясаты қоғамның бар саласына әсер
ететін ықпалы мол. Сонымен бірге әлемдегі ұлт саясаты ең ауқымды қиындық
туғызып отырған шешімсіз мәселеге айналып отыр. Этностар немесе ұлттар жер
шарының түгелге жуық мемлекетінде болғандықтан бұл мәселенің Қазақстан
Республикасы үшін де маңызы жоғары. Ғаламдану жағдайында этникалық және
ұлттық болмысты сақтау мақсатындағы қозғалыстар күшейе түсуде. Көптеген
этностардың өзін-өзі билеу, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күрестері де
толастар емес. Осындай құбылыстар нәтежиесінде Жер шарының көптеген
нүктелерінде ұлттық, этникалық қайшылықтар орын алуда. Ұлттардың араласуын,
жақындасуын және біртіндеп жойылуын бастайтын әлемдік жаһандану үрдістеріне
қарсы ұлттық өмірдің оянуының және жандануының күресі басталғаны байқалып
отыр. Сондықтан, бұл жағдайда Қазақстан Республикасында сандаған этностар
мен ұлттар мекен ететіндіктен елде ұлт саясатын жүргізу мәселелерінде
тиімді реформалар мен үлкен жауапкершіліктің қажеттілігі сезіліп тұр.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының
қалыптасуы мен жүзеге асыру тетіктері; ұлттық саяси институттар мен
азаматтық ұйымдар мемлекеттің ұлт саясаты үрдісіндегі іс-әрекеттері мен
өзара байланысы.
Зерттеудің негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының
негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі
мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Жаһандану жағдайында Қазақстандағы
ұлтаралық қатнастардың бүгінгі ахуалын саралай отырып, көпұлтты
Қазақстанның ұтымды ұлттық саясат жүргізуінің басым бағыттарын анықтау,
демографиялық ахуал, этностардың тарихи ерекшеліктері, қадір-қасиеті мен
азаматтық жауапкершілікке негізделген бірізді Қазақстандағы ұлт саясатының
тұрақтылыққа негіз болатын мәселелерін қарастырамыз. Сонымен қатар біз
өткенді бағамдай отырып ұлттық құндылықтардың, бүгінгі күннің ұлт
саясатындағы жаңғырту жолдары мен бағыттарын көрсету арқылы ұлт саясатының
мән-жайын талдауға тырсамыз және зертеудің негізгі бағытын айқандай
түсеміз. Сонымен бірге елдегі жаңа ұлт саясатының бастауы, бүгінгі ұлттық
түсініктердің қарама-қайшылық тұстары мен ахуалы, елдегі ұлт саясатының
басым бағыттары мен мақсаты, мәні, Қазақстандағы ұлт саясатындағы ұлтаралық
келісім мәденитінің келешегі . Елбасы Н. Ә Назарбаевтың ұзақ жылдарға
бағытталған ұлт саясаты болашағының мәнін ашу оны жүзеге асыру
механизімдерін жаңғырту.
Ұлт саясатын нақтылауды жетілдіру― бұл тұрақтылық пен келісімді
нығайту мақсатын айқындаумен қатар ұлттық бірегейлену механизімдерімен
байланыстыру деп түсінгеніміз дұрыс. Демек, ұлттық бірегейліктің саяси мәні
де сол, ол бүгінде Қазақстанның бүкіл азаматтарының, ұлттарының,
этностарының, қауымдастықтарының мәдени, рухани ерекшеліктерін ескере
отырып, тұтас демократияның қалыпты дамуына әсер ету. Ұлт саясатында ұлттық
бірегейлену―бұл белгілі бір саяси, мәдени, діни т.б. құндылықтар негізінде
топтасып, елдегі ұлттық қамсыздандыруды әлеументтік қауымдастық
мүдделерімен ұштастыра отырып ортақ құндылықтарға қол жеткізу.
Қазақстандағы көптеген этностық топтардың құқы мен еркін сыйлау – біздің
басты ұстанымымыз болуы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің
негізгі бағыттарының бірі–ұлт саясатын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 14- бабы бойынша ешкімді ұлтына, нәсіліне, тіліне, дінге
көзқарасына байланысты кемсітуге болмайды. Сонымен бірге мемлекетіміздің
басты стратегиялық құжаты – Қазақстан 2030 бағдарламасына сәйкес елімізде
ұлт саясатын дамыту мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі басым
бағыттардың бірі болып табылады. Бір қарағанда, мемлекетте ұлт саясатын
жүзеге асыру деген мәселелердің күрделілігі байқалмай түсінікті болып
көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез˗келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі
қиын болады. Өйткені ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың өмірінде
қарапайым таралады және жағдайға байланысты кейде қыр көрсетулерден
сезіледі. Әлемде ұлт саясатын жүзеге асыруды тұрақтылықпен ұштастыру
мәселесі ескерілгенімен көбіне˗көп сақтала бермейді. Тіпті өркениетті
елдердің өзінде ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде қиындықтар туғызып
отыр. Осы тұста Қазақстан Республикасында ұлт саясатының тұрақтылыққа
негізделген тұжырымдарын айқындап, оны жүзеге асырудың тетіктерін жетілдіру
қажеттігі сезіліп тұр. Ұлт саясаты мәселелері бойынша тиімді ғылыми
ұсыныстар жасаудың маңызы зор. Мұнда ең алдымен жан˗жақты шет елдер
тәжрибелерін, елдің құрылымдық нысанын, көпұлты этностар мен диаспоралар
жағдайын, ұлттың тарихи қалыпы, рухани деңгейі мен экономикалық жағдайы,
тілі, ділі, діни ерекшеліктерінің тұтастай зертелуін басшылыққа алу керек.
Ғаламдану жағдайында этникалық және ұлттық болмысты сақтау
мақсатындағы қозғалыстар күшейе түсуде. Көптеген этностардың өзін-өзі
билеу, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күрестері де толастар емес. Осындай
құбылыстар нәтежиесінде Жер шарының көптеген нүктелерінде ұлттық, этникалық
қайшылықтар орын алуда. Ұлттардың араласуын, жақындасуын және біртіндеп
жойылуын бастайтын әлемдік жаһандану үрдістеріне қарсы ұлттық өмірдің
оянуының және жандануының күресі басталды,- деп есептейміз. Ұлттық,
этникалық жандану да әлемдік қозғаушы үрдістің біріне айналатын сыңайы бар.
Ақпараттық, шаруашылық, финанстық, мәдени ғаламдану үрдістері этникалық
өзін-өзі сақтау үрдісін басып тастай алмай отыр. Сол себепті ұлттық өмірді
танудың ғылыми-тәжірибелік  маңызы арта түсуде. Ол үшін ең алдымен ұлт
ұғымының мәнін бүгінгі саяси және әлеуметтік шындық тұрғысынан қайта
сараптауға деген зәрулік туды. Ұлт—ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті,
біріктіруші салт- дәстүрі мен ділі бар адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.
Ұлттың ұлы-кішісі жоқ. “Адамдардың ақыл-парасаты оның бойымен өлшенбейтіні
сияқты, ұлттың ұлылығы халқының санымен өлшенбейді”, деген француз жазушысы
Виктор Гюго. Бүгін небәрі жетпіс мың халқы бар оңтүстік осетиндер мен жүз
мыңға жуық абхаздардың тағдыры бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Жер жүзіндегі
ұрыс-соғыстардың 70 пайызы этносаралық сипат алады екен. Этностар араласқан
тұста оқшаулану, алалану, шеттетумен қатар жақындасу, жалғасу, тұтасу бірге
жүреді. Ұлт саясаты осы диалектикалық қарым-қатынастардан, қайшылықтардан
бастау алады Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ территориясы, ортақ
экономикасы сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт
қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық
тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талаптар тұрғысынан қарастырғанда ұлт
және этнос ұғымдары біріне — бірі өте жақын; екіншісінен біріншісі туып,
қалыптасады. Ұлт этникалық қасиеттердің және сапалардың толысқан, піскен
кезеңі деп бағалауға болады. Ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси,
экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Бірақта, әлемдік
философиялық және саяси- әлеуметтік ойда ұлт, этнос категориялары
туралы бір арнаға тоғысқан түсінік осы күнге дейін жоқ. Сондықтан ұлт,
этнос ұғымдарын дұрыс түсінудің ғылыми ғана емес саяси-практикалық маңызы
өте ауқымды. Бұл ұғымдар әлемде болып жатқан этникалық қайшылықтарды,
қақтығыстар мен соғыстар мәселесін шешуде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.
Себебі, этникалық қайшылықтар қазіргі әлемдік қатынастардағы жағдайда ең
күрделі қайшылықтар қатарында қалып отыр. Этникалық процесстер өте күрделі,
құпия құбылыстарға, және ланттеті субъективті факторларға тікелей қатысты.
Жаһаңдану заманында ұлттық өмірді сақтау, жандандыру үшін күрес бір сәт
толастамай отыр. Көптеген халықтар мен ұлттар тәуелсіз мемлекет құруға
ұмтылыс жасауда. Ұлттық өмірді күйретіп, біріккен жаңа ортақ ұлт жасауға
ұмтылған Кеңес Одағы, сияқты мемлекеттер ұлттық өмірдің табиғи жандануына
қарсы күресте дәрменсіздік көрсетіп күйреуге мәжбүр болды. Жер шарындағы
ұлттар мен этностар саны 2 мыңнан астам. Олар 5 мыңнан астам түрлі тілдерде
сөйлейді. Соның ішінде 330-дай этностың ғана 1 миллион және одан көп
өкілдері бар. Демек,1700 дей этносты 1 миллионға жетпейтін адамы бар аз
санды этностар қатарына жатқызуға болады. Осыншама көп санды ұлттар мен
этностар әлемде 200 ден астам мемлекеттерге біріккен. Әлемдік геосаясатта
көпұлтты мемлекеттер шешуші рөл атқарады. Себебі әлем мемлекеттерінің 90
пайызы көпұлтты, немесе, көпэтникалық мемлекеттер болып табылады. Көптеген
көпмиллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Олардың
қатарына курдтарды, ұйғырларды, палестиналық арабтарды т.б. Ұлттық өмір өте
күрделі екендігін осы деректерден ақ көруге болады. Мысалы, Таяу Шығыстағы
еврейлер мен арабтардың жер үшін таласы, ІПешен — халқының Ресейден бөлек
ел болу талабы сияқты этноқайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда.
Саны бірнеше мың ғана болатын этникалық топтар аса жылдам
ассимиляциялануда. Мысалы, 1939 жылы Кеңес Одағында 193 этностар
тіркелсе,1959 жылы 20 жыл мерзімінен кейін 135-тей ұлттар мен ұлыстар ресми
тіркелген. 60- қа жуық саны аз, немесе тым аз этникалық топтар жойылып,
ассимиляцияланып кеткен. Аз санды халықтарды жұтып алып оның жерімен қазба
байлықтарын иемдену ірі, көп санды ұлттар отаршылдық дәуірінен бірінен
қарай жүргізіп жатқан саясат. Ғаламдану заманында басым ұлттар бүл
саясаттың сыртқы формаларын өзгертіп жаңаша жүргізуде. Ірі титулды
этностардың көп этникалық мемлекттердегі аз санды этникалық топтарды
ассимиляциялау арқылы жұту, жоғалту саясаты толастар емес. Ұлт саясаты бір
жолға, болмаса төтенше жағдайларға байланысты қабылданатын шаралар емес,
оның мұқият қадағалайтын тұстары көп. Ұлт пен этнос ұғымдары туыстас,
жақын ұғымдар. Бір халыққа байланысты ұлт, этнос ұғымдарын алмастырып
қолдану объективті шындықты бұрмалау болмайды. Мысалы, қазақ ұлты- қазақ
этносы, орыс ұлты-орыс этносы деп айтсақ әлеуметтік шындықтан алшақ
кетпейміз. Сонымен бірге әлемдегі түрлі этностар қалыптасуы процесі әр
қилы, өте күрделі Жер шарындағы 2 мыңнан астам этностардың әр қайсының жеке
этнос ретінде өз болмысы мен ділін сезінуі әр түрлі жағдайда өтеді. Демек,
осы уақытқа дейін үстем болып келген ұлт белгілерін айқындайтын универсалды
схемаға ұмтылу дұрыс емес. Әлем халықтары қаншама әр түрлі болса,
этносжасаушы факторлар да соншалықты көп. Әр халық тарихи тағдырға, ішкі
саяси ахуалға, экономикалық даму талаптарына сәйкес ұлт болып қалыптасады.
Кейбір ұлттар қалыптасуыңда шешуші рөлді ортақ экономика, ортақ территория,
ортақ мемлекет атқарса, келесі этностың өмірге келуінде ортақ тіл, ортақ
тағдыр, ортақ психология мен діл (менталитет) шешуші маңызға ие. Үшінші
этностық дүниеге келуі ортақ тіл, ортақ тағдыр, ортақ тарих пен бір
тамырдан шығаратын ортақ этногенетикалық тек болады. Төртінші топтағы
этностар қалыптасуы адамдардың жаңа өмірлік кеңістік, жаңа жер іздеуі
барсында болғаны анық. Этнос деп ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті,
біріктіруші салт-дәстүрі мен ділі бар адамдардын әлеуметтік қауымдастығын
атайды. Сонымен бірге көптеген этностардың ортақ аймағы, ортақ
экономикасы, сол этнос өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Этнос
қалыптасуында адамдар бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалык тегі
де маңызды рөл атқарады. Осындай талаптар тұрғысынан карастырғанда, ұлт
және этнос ұғымдары бір-біріне өте жақын; екіншісінен біріншісі туып,
калыптасады. Этнос этностық касиеттердің және сапалардың толысқан, піскен
кезеңі деп бағалауға болады. Этностар этностық белгілерге қоса, саяси,
экономикалық және әлеумнттік белгілерге ие болады. Қазақ этносын
қалыптастыратын этножасаушы белгілерге келетін болсақ, шешуші белгілер
ретінде қазақтың ортақ атамекені, ортақ мемлекетін, ортақ тілі мен ділі,
ортақ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ортақ менталитет, ортақ тарихи тағдыры
мен психологиялық ерекшелігі, ортақ этногенетикалық тегінің болуын атауға
болады. Қазак этносының кейбір белгілері өте нақты, айқын болса, кейбір
белгілері әлі де әлсіз, даму мен қалыптасу жағдайында. Қазақ ұлтының
тілдік, мәдени, дәстүрлік, ділдік дағдарысы осы Кеңес Одағы кезеңінде
тамырланып кетті. Қазақ ұлты тілдік дағдарысын осы уақытқа дейін шыға алмай
келеді. Оның дәлелі 2006жылы Қазақстан халқының 60 пайызын құрған 9 миллион
қазақтың 2 миллионға жуығының, ол қазақтардың 17 пайызының ана тілін осы
уақытқа дейін білмейтін жағдайда болуы. Қазақ ұлтының тарихи тағдыры
көпұлтты біріктіретін бір ұлт өкілі басым мемлекеттерде аз халықтардың
тілдік және мәдени дамуына үлкен кедергілер болатындығын толық дәлелдеді.
Біздің пікірімізше ұлт дегеніміз этнос негізінде пайда болатын
әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этникалық белгілерден туындайды.
Белгілі бір халықтар топтарын ұлтқа, этносқа, халыққа, тайпаға бөліп қатаң
иеархия жасау қателік. Бұл идеялар марксистік әлеуметтік-экономикалық
формациялар теориясына иек артқан. Сонымен жаһандану заманында “дүние жүзі
– бір ел” деген қағида жиі қайталанады. Бұл пікірмен келісуге де, таласуға
да негіз көп. Әлем халықтарының мидай араласып, өзара ықпалдасып,
байланысып, ортақ тіл табысып жатқаны анық. Сонымен бірге, тегі, тілі,
діні, басқа да ортақ құндылықтар адамдарды жақындататыны соншалықты,
басқалардың “бөтендігі” көзге ұрып тұрғандай. Кеңес одағын дүр
сілкіндірген, Югославияны қанды жанжалдардың майданына айналдырған, жер
жүзінде талай қайшылықтар туғызатын – ұлттық қозғалыстар. Мемлекеттің басқа
салалары сияқты ұлт саясаты да реттеуші, бақылаушы қызмет атқарып,
ұлтішілік, ұлтаралық қатынастарды белгілі бір арнаға – келісімге,
көндіруге, үстемдікке – бағыттап отырады. Демократиялық бағыттағы саясат –
әртүрлі ұлттар мен этностық топтардың экономика, билік, мәдениет, тіл,
дәстүр, басқа да мүдделерін үйлестіруге арналған іс-әрекеттер, амал, әдіс-
тәсілдер мен жолдар. “Кішкене кілт үлкен сандықты ашады”, дейді намысқой
кавказ халықтары. Әр ұлт ерекше құндылықтардың иесі, бір кілтпен барлық
ұлттардың жүрегіне жол табу мүмкін емес. Ұлт саясатының негізгі бағыттары
ұлтаралық ахуалды талдау, оның алаңдататын тұстарын саралау, қауіп-
қатерлердің алдын алу, саяси, әлеуметтік, рухани өмірдің маңызды тұстарын
қадағалау, болашақ үдерістерді болжаудан тұрады. Ал жанжалдар мен
қақтығыстарға себеп көп. Этноәлеуметтанушылардың тұжырымына қарағанда,
ұлтаралық араздық қоздыратын 150-ден астам себептер бар екен. Ұлт
мәселесінің төңірегінде қаптаған ақылшылар, кеңесші-арандатушылар да
жүреді. Көрші Ресейде ұлтаралық қақтығыста бірнеше жүздеген мың адам құрбан
болғанымен, небәрі 15 қана қылмыстық іс қаралып, олардың бірқатары аяқсыз
қалған. Сонымен бірге біздің сот әлі де ұлттардың құқына кепіл бола алмай
тұрған тұстары байқалады. Ұлтаралық қатынастарды реттейтін заң әлі
қабылданған жоқ. Демократияның шынайы не жасанды екенін ұлт мәселесі
көрсетеді. Еліміздегі ұлт саясатын жаңадан ой елегінен өткізетін уақыт
келді. Осы күнге дейін ұлт саясатын жүзеге асыруды көбіне тек барлық
диаспоралардың қамын ойлау деп түсініп, қазақ ұлтына көп ұлттың бірі
ретінде қарап келдік. Бүгін елімізде немістердің – 49, кәрістердің – 36,
татарлардың – 29, славяндардың – 29, чешен мен ингуштардың – 26,
әзірбайжандықтардың – 23, ұйғырлардың – 21, орыстардың – 20,
украиндықтардың – 19, еврейлердің – 18, поляктардың – 16, түріктердің – 14,
гректердің – 12, армяндардың – 11, белорустардың – 10, дүнгендердің – 10,
күрдтер мен өзбектердің 8, казачествоның – 6, түрік пен болғар,
дағыстандықтардың – 4, қырғыз бен тәжіктердің – 3, қарашай мен
балқарлардың, қытайлық пен шуаш, қарақалпақтардың – 2, ассириялық, чех,
балтық жағалауындағы халықтар, грузиндер, осетиндер, лезгиндер, ирандықтар,
бұйраттар, венгрлер, румындардың – 1-ден ұлттық бірлестіктері бар. Ал енді
Қазақстанда қазақтардың да 40 этнобірлестіктері бар деп жар салу, байырғы
ұлттың мәртебесін төмендетпесе, көтермейді. Көптеген мемлекеттерде
ассамблеяны кіші ұлттардың ассамблеясы деп атайды, ал мемлекет құрушы
ұлттың мүддесі жоғары тұрады. Қазақ ұлтының қоғамдағы орны мен мәртебесін
терең түсінбей, тиімді ұлт саясатын айқындау мүмкін емес. Еліміздегі
күрделі демографиялық өзгерістер де осыған итермелеп отыр. 1897 жылғы
Бүкілресейлік санақ бойынша бүгінгі Қазақстан территориясында қазақтар
81,7%-ды құраған. Белгілі себептерге байланысты 1959 жылы қазақтардың үлес
салмағы 30%-ға дейін төмендеді. Тәуелсіздік алған тұста қазақтар еліміздің
40%-ын ғана, орыстар 37,4%-ын құраса, 20%-дан астамын басқа ұлттар құрады.
Қазақстанда қазақтарға белгілі бір тілдің, мәдениеттің, діннің, дәстүрдің
иесі ретінде көзқарас қалыптаспады, қазақты сыйласа орысша білетін маман,
ғалым ретінде сыйлады. Бүгін жағдай өзгерді. Қазақ ұлты еліміздің 60%-ын
құрайды, сонымен бірге, басқа ұлттардың үлес салмағы азаюда. 1999-2005
жылдар аралығында түрліше себептерге байланысты еліміздегі орыс,
украиндардың, немістердің саны 4,86%-ға кеміген, ал қазақтар мен түркітілді
этностардың саны 5,55%-ға өскен. Жуырда қазақтар 70%-дан, тегі бір
түркітілді этностармен ел халқының 75%-дан астамын құрайды. Ұлт саясатын
бүгінгі демографиялық жағдайға бейімдейтін қажеттілік туды.Қазақстандағы әр
адам өз жеке басының қамын көбірек ойлайды, ал қазақтарды қазақ ұлтының
жағдайы ойландырады. Социологиялық зерттеулер қазақ халқының 15%-ы ғана
ұлттың жағдайына қанағат ететінін білдірсе, қалғандардың әр түрлі деңгейде
ұлттың жағдайына көңілі толмайды, олардың ішінен 30-33%-ы қазақ мәселесін
шешуге белсенді араласуға дайын және бұл топ өсе беруде. Қазақты
ойландыратын кедейшілік, тілінің, мәдениетінің жағдайы, сондықтан ішкі
саясатты ұлттық тұрғыдан саралау маңызды болып отыр. Ауыл мәселесі қазақтың
мәселесіне айналды. 5-6 жылда бұл ішкі энергия сыртқа теуіп, белсенді бағыт
алады. Қазақ ұлтшылдығы сөздің жағымды мағынасына ие болып келеді. Ұлт
саясатына конъюнктуралық, болмашы мән беріп, мемлекеттің даму стратегиясы
деп қарамаған елдер ұлтаралық жанжалдарға жиі ұшырап отырған, себебі
қайшылықтардың шешу жолын іздемеген. Осы тарихи тәжірибеден біз де ғибрат
алғанымыз дұрыс. Ұлтаралық ахуалға еліміздегі тарихи ағарту жұмыстарының
мардымсыздығы, тарихи білімнің тайыздығы, әсіресе Ресейден тонналап келіп
жатқан әдебиеттердегі шындықтың бұрмалануы, ақиқаттан аңыздың басым болуы
жағымсыз әсерін тигізуде. Сондай-ақ бүгін патша өкіметінің жазалаушы
саясаты туралы шындықты айту ұлтаралық қатынастарды шиеленістіреді деген
пікір тарауда. Ол қиянатты оқулықтардан алып тастауға болар, ал халық
жадынан қалай алып тастаймыз? Кейбір оқулықтарда (профессор З.В.Сикевич
“Социология и психология национальных отношений”. Санкт-Петербург, 1999)
ұлттарды әр түрлі топтарға бөліп, біреуін ұқыпты, ақылды, еңбекқор, таза,
тиянақты десе, екінші біреулерін фанатик, діншіл, террорист, соғысқұмар деп
көрсетеді. Мейірімді және мейірімсіз, ақылды да ашушаң, қызба да
байсалдылар әр ұлттың арасында кездеседі. Дегенмен, осындай стереотиптер
күнделікті тұрмыстық санада кең тараған. Ресей бұқаралық ақпарат
құралдарында, ғылыми еңбектерінде бүгін чешендерді жағымсыз етіп көрсетсе,
ертең Ресейге ұнамайтын украиндықтарды, грузиндерді, эстондықтарды және
басқаларды да ұнамсыз етіп көрсететіндігін қазақстандықтар білуі тиісті.
Біз ол ақпараттың жетегінде қалмауымыз керек. Кезінде әйгілі Махатма Ганди:
“Кек адамдарды топас етеді” деген. Біздің қоғам кекшілдіктен, жағымсыз
стереотиптерден аулақ болуы керек.
Тарихи тұрғыдан қарасақ, тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда ұлт
саясаты империялық мүддеге негізделді: патша заманында бұратана халық
болдық, кеңес заманында да орталық биліктің нысанына айналдық. Стратегиялық
тұрғыдан терең сараланған демократиялық ұлт саясаты болған емес. Патшалық
Ресейде де, Кеңес одағында да ұлт саясаты ұлттарды қылт еткізбей құрсауда
ұстап, ұлтсыздануды қолдады. Патша үкіметі басқа ұлттарды “инородец”,
бұратана халық десе, кеңес үкіметі “нацмен” мәртебесін берді, ұлттарға
көбірек назар аударғансып, автономия беріп, орыс бұғауында ұстады.
Дегенмен, кеңес заманындағы ұлт саясатын түгелдей кемсітіп жоққа шығару да,
бір кездегідей көкке сыйғызбай мақтау да орынсыз. Ұлттардың еркіндігі,
дамуы империялық идеяның тар шеңберінде ғана болды. Империяның
экономикалық, мәдени дамуы ұлттардың білім алуы, кәсіби жетілуіне
байланысты болғандықтан, ұлт мамандары даярланды, мәдениеті дамыды.
Сондықтан ұлттар, әрине, әр түрлі деңгейде өз құндылықтарын сақтап қалды.
Тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастарды реттейтін жүйелі тетік
бірден қалыптасуы мүмкін емес еді. Сонымен бірге қалыптасқан тарихи,
демографиялық жағдайлармен есептеспеуге болмады. Елдегі ұлтаралық ахуал да
күрделі еді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, әр түрлі саяси мақсаттар
көздейтін ұлттық қозғалыстар өз бағдарламаларын жүзеге асыруға тырысты.
Оған қоса демократия, сөз бостандығы ұлт өкілдерінің шешіліп сөйлеуіне жол
ашты. Әртүрлі шовинистік нәсілшілдік топтар ұлтаралық қатынастарды
шиеленістіріп, ұлттардың арасына от тастауға тырысты. Ұлттық сана-сезім
оянғанмен, шыдамдылық, төзімділік әлі бойымызға терең дарымаған еді. Ұлттық
жаңару басқаны жатсыну, өзін бөтенге қарсы қоюмен қатар жүрді. Оны ұлттық-
радикалдық топтар да, империялық пиғылда тәрбиеленгендер де өз мақсаттарына
пайдалануға тырысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлтаралық ахуалдың
бір ерекшелігі – бұрынғы тілі, жалпы мәртебесі жоғары орыс, славян текті
диаспоралардың қатардағы диаспора мәртебесіне икемденуі психологиялық
жағынан қандай қиын болса, тәуелсіздік алған қазақ ұлтының енді еркіндікке,
бостандыққа бейімделуі, өз тағдырына өзі қожа екенін де сезіну оңай
болмады. Тәуелсіздікті кімнен алуды білгенімізбен, не үшін алғанымызды жете
түсіну қажеттігі болмады. Біз ұлттық саясатты азаматтық қоғам құру арнасына
қарай бұрып, отарлау саясатына ешқандай да ұлт жауапты емес, барлық
халықтар тоталитарлық ұлт саясатының құрбаны дедік. Кеңестік ұлт саясаты
орыс халқы, оның тілін орыстандырудың, ұлтсызданудың құралына айналдырғаны
үшін орыс халқы кінәлі емес. Осы байсалды саясаттың арқасында біздің елде
экстремизмге, эгоизмге, менмендікке, басқа ұлттардың мүддесін
кемсітушілікке жол берілмеді. Еліміздегі диаспоралардың саяси,
психологиялық ұстанымдары бірдей емес. Кәріс, әзірбайжан, басқа диаспоралар
өздерін қатардағы этностық топтар ретінде сезінсе, орыстарға бірден
қатардағы ұлттық диаспора қауымдастық мәртебесі аздық етті. Сондықтан да
олардың көңіл-күйінде панасыздық, шарасыздық, үрей басқалардан гөрі басым
болды. Ал 1993 жылғы бүкілресейлік сауалнама бойынша, төрт ресейліктің
біреуі Қазақстанды жартылай орыс елі деп есептеген (“Общественные науки и
современность”, 2003, №5, 123-бет) Еліміздегі диаспоралардың психологиялық,
демографиялық жағдайларын ескере отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
орыс диаспорасының, басқа да этностық топтардың көңіл-күйіне зор мән
берілді. Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болғанымен де, көп халықтың бірі
ретінде қабылданды. Ол демографиялық жағдайға да байланысты еді.
Тәуелсіздік жариялағанда қазақ Қазақстанда 42 пайыз болатын. Нұрсұлтан
Әбішұлы “ішімнен тынып, жағдай қалай болып кетер екен деген ұсыныспен
шыққанмын”, – деп еске алады. Қазақ мәселесін ұлттық эгоизм деп
қабылдаушылар да аз болмады. Бұл тұста қазақ ұлты байсалдылық және
ұстамдылық танытты бұл біздің сындарлы саясатымыз болды.

I - ТАРАУ ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық
тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді “бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті
қазақстандық “ноу-хау” деді. Күрделі кезеңнен өткеніміз анық, бірақ бұдан
қиындықтар артта қалды деген ой тумаса керек. Ұлтаралық қатынастардың
астары терең және ол ұстараның жүзіндей өткір де нәзік, үзілді-кесілді,
біржола шешілмейді. XX ғасырдың 20-жылдары америкалық социолог Р.Парк
ұлттар араласқан ортада қандай да бәсекелестік, болмаса келісім ахуалы
қалыптасқанына қарамастан, ұнату не ұнатпау, сену немесе сенімсіздік, тіпті
жиіркену сияқты жағдайлар үнемі көрініс алып отырады. Себебі, бір ұлттың
болмысы, дәстүрі, мінез-құлқы екінші бір ұлттың өкілдеріне тек қызығушылық
қана емес, үрей де туғызып, ұлтаралық байланыстарға жағымсыз әсер етіп
отырады. Ал енді ұлттар араласқан ортада әр түрлі қате түсініктер, өткен
тарихқа байланысты жөнсіз ой-пікірлер, жағымсыз стереотиптер, өкпе, қыжыл,
кикілжіңдер кейде бірігуге емес, бөлінуге итермелейді. Ұлт саясатын сөз
жүзінде, үстіртін қолдағанмен, қайшылықтар болған тұста тұрмыстық
шовинизмнің ықпалы өсіп, жабайы қылықтарға баратындығына да мысалдар бар.
Ал елімізде уақытша, тек табыс табу үшін келетіндердің кейбіреулерінің жат
қылықтары, қылмысқа бейімділігі оларға оңды көзқарас тудырмайтындығы
белгілі. Ұлт мәселенің күрделілігі қоғамдық санада. Саяси жүйе,
экономикалық қатынастар, меншік түрлері өзгергенімен, ғасырлар бойы
адамдардың бойына сіңген тарихи сана, дәстүр, ойлау жүйесі аяқ астынан
өзгере салмайды, керісінше, қарсылық білдіреді, келешек туралы алаңдаушылық
туғызады. Еліміздің болашағы ұлт мәселесімен байланысты бола береді.
Әлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелер әр кезде де ұлттық сипат алып,
барлық іс-әрекеттердің шешілуіне не қолдау, не тосқауыл болатыны да
белгілі. Дегенмен, ұлтаралық ахуал әлі де тоталитарлық жүйенің ұлтсыздану
саясатының ызғарынан толық арылмағандығы сезіледі. Әлі де ұлт десе үркіп,
тосырқап қарайтындар, ашық болмаса да іштей қарсылық білдірушілер жетерлік.
Ұлттық мәселелердің барлығы мойындалса да, оларды өзінен өзі шешілетін
сияқты көретіндер кездесе береді. Ұлт саясатын белгілі бір шараларға,
жиындарға теңеу орын алған. Елімізде ұлт саясатымен Қазақстан халқы
Ассамблеясы ғана айналысады деген пікір қалыптасқан. Ұлт мәселесін
Ассамблеяға ғана жүктеу ұлт саясатының аясын тарылтып, көптеген құзырлы
мемлекеттік органдардың ұлт мәселесінен сырт айналып кетуіне әкеледі. Әрине
расында, Президент, Ассамблеяның төрағасы Конституция бойынша ұлт
саясатының негізін айқындайды, ұлт өкілдерінің құқықтары мен бостандығының
кепілі. Сонымен бірге ұлтаралық ахуалға Ассамблея ғана емес, атқарушы, заң
шығарушы, сот билігі, әр деңгейдегі әкімдіктер, мәслихаттар, саяси
партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, әр азамат жауапты. Бүгін барлық
министрліктер мен ведомстволар өз қызметтерін ұлт саясатына әлі икемдей
алмай жатыр. Мемлекеттік басқару академиясында да мамандарды дайындау және
олардың біліктілігін жетілдіру саласында ұлт мәселелеріне терең мән
берілмейінше, мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметкерлердің меңгеруіне
назар аудармайынша, ұлт саясатының дамуы бәсеңдейді . Көпэтностық
мемлекетте ел басқарудың этнопсихологиялық, діни ерекшеліктерін ескеру –
бүгін өткір мәселе. Еліміздегі келісім мен тұрақтылық мемлекетіміздің,
мемлекет құрушы қазақ ұлтының, барлық диаспоралардың стратегиялық мақсаты,
биліктің барлық институттары, тармақтары мен деңгейлерінің ортақ мәселесі
екеніне елдің көзін әрдайым жеткізуге тиіспіз. Эксперименттік және
теориялық зерттеулер ұлтаралық келісімді мойындаудың қилы психологиялық
деңгейлерінің барлығын дәлелдейді. Сақтану түйсігі, көңіл-күйге байланысты
ат үсті ойланбай жасалатын әрекеттер, шешім-тоқтамдар жиі кездеседі.
Келісімнің ең биік деңгейі ақыл-парасатта көрініс алады. Ұлт саясаты қоғам
өмірінің әр саласымен байланысты, бірақ оны жүзеге асыруда ведомстволық
бытыраңқылық басым. Білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, көлік,
қаржы, басқа да салалар ұлт мәселесімен айналысады, бірақ олардың жұмысын
реттейтін мемлекеттік орган жоқ. Мысалы, Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Тіл комитетімен көптеген министрліктер есептесуі қажет
секілді. Елімізге ұлт мәселелерін реттейтін дербес ведомство керек-ақ. Оның
жанындағы ғылыми-ақпараттық орталығы ұлтаралық ахуалды талдап, күрделі
қайшылықтардың алдын алатын болжамдар, кеңестер, шешімдер ұсынуы қажет.
Ұлтаралық қатынастардың табиғатына терең үңіле алмағандықтан, еліміздің
кейбір аймақтарындағы орын алған қақтығыстарға сараптама беруге келгенде
лауазымды адамдардың бірі оларды әлеуметтік мәселелерге, жер - суға
байланысты дау десе, екіншілері – жемқорлықпен байланыстырады, үшіншілері –
бұзақылардың қылығы деді. Диагноз дәл қойылмағаннан кейін, оның емдеу жолын
табу, алдын алу да қиын болатыны түсінікті. Халқының басым көпшілігі орыс
тілінде сөйлеп, ойлап дағдыланған Қазақстан орыстілді қауымдастыққа жақын.
Бұл сөзді ресейлік ғалым В.Тишков мемлекеттік тілден гөрі орыс тілінде көп
сөйлейтін, жазатын, оқитын Қазақстан, Латвия, Украина орыстілді ұлтқа
айналуға Ресейден гөрі жақынырақ дейді: “в правительственных кабинетах и
президентских семьях, а также большинство населения столиц разговаривают не
на том языке, который объявлен “национальным” или “государственным”
(аталған мақала, 21-бет). Бұл жерде автормен келіспеске амал жоқ. Сырт көз
сыншы деген осы. Ал іштен де ұлтқа төнген қауіпті қазақтар әртүрлі деңгейде
сезініп отыр. Өзбекстанда да өзбекстандық қауымдастық идеясы туралы сөз
қозғалып жатыр, бірақ қазақтардай ерін бауырына алып ренжіп жатқан өзбектер
жоқ. Себебі, Өзбекстан тұрғындарының 97,7%-ы мемлекеттік тілді әртүрлі
деңгейде меңгерген, соның ішінде славяндардың 74,4%-ы өзбек тілін біледі.
Ел тұрғындарының 80%-ы – өзбектер. Сондықтан Өзбекстан мемлекеті мен өзбек
этнос ұғымы синоним деуге болар, орыстану қаупі тіпті жоқ. Сөйте тұра
Өзбекстан азаматтарының 81,1%-ы паспортта ұлтын көрсетуді қолдаған, соның
ішінде қырғыздар – 100%, өзбектер – 84,2%, татарлар – 75%, орыстар – 74,3%.
(“Социологические исследования” 2008 жыл, №1, 93-бет). Бұл салыстыру тағы
да қазақтардың ұлт болашағына алаңдауға негіз барлығын көрсетеді.
Қайшылықтар мен қақтығыстар туралы
Қайшылықтар ұлт табиғатына тән, себебі “біз” бен “олар”, “өзіміз” бен
“өзгелер”, “бөтендер” ұлт психологиясына тән қайшылықтар. Оның үстіне біз
күрделі, тарихи қайшылыққа толы елдің мұрагеріміз. Орыс тілі, мысалы, бір
жағынан, қазақтарды әлемдік ғылым мен мәдениет жетістіктеріне жеткізсе,
екінші жағынан, оларды ана тілінен алыстатты, оқшауландырды. Тың және
тыңайған жерлерді игеру, бір жағынан, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді
шешсе, екінші жағынан, өз елінде қазақтарды азшылық ұлтқа айналдырып,
тілдік ортаны ыдыратты. Осы және басқа қайшылықтарды күнделікті санада ақыл-
парасат таразысына салып саралаудан гөрі біржақты түсіну орын алады.
Сондықтан ұлтаралық қатынастар талассыз, тартыссыз дамиды деу – утопия.
Шындығында, ұлтаралық қатынастар ахуалы қоғамдық қатынастардан туындап,
әртүрлі қайшылықтардың пайда болуына, олардың шиеленісуіне де, шешілуіне де
негіз болады. Қайшылықтар әсіресе әлеуметтік, экономикалық салаларда
көрініс алады. Мысалы, ел экономикасында ұлттық фактор әртүрлі қырынан
көзге түсіп отырады. Сонымен қатар, нарықтық экономиканың ұлтаралық
қатынастарға әртүрлі ықпалына әлі назар аудара алмай жатырмыз. Елді меншік
иелігіне қарай әр түрлі топқа бөлу нарықтың заңдылығы: жер, қаржы,
кәсіпорындар, жалпы байлықтың ұлттар арасында әділ бөлінбеуі араздық
туғызады. Ұлттардың білімінің деңгейі, өмір жасының ұзақтығы, материалдық
игіліктерге қол жеткізуі, демографиялық жағдайы, тіпті қылмыстылығы да
халық арасында әр түрлі ахуалға негіз болады. Қалалық жерде, көлікте, сауда
және оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде ұлтаралық кикілжіңдер,
реніштер байқалып жатады, кейде тіпті ұлтаралық араздықты әдейі
қоздырушылар да бар. Ұлтаралық келісімге сыртқы көші-қонның ықпалы зор.
Сұрапыл көші-қон тасқыны демократияны, мемлекеттілікті, этномәдени
құндылықтарды мойындамайтын факторларға айналдыруы мүмкін. Оны орыс тілінде
“теория диффузии расс и этносов” дейді. Испан тілді қоныс аударушылардан
сескенген АҚШ бүгін мемлекеттік тіл туралы мәселе көтеріп, өз тілін қорғай
бастады. Арабтар жайлаған Еуропада бара-бара еуропалық халифат болады деп
үрейленушілер көбейді. Көші-қон мәселесінде либералды-демократиялық
көзқарас елге қауіп төңдіретін жағдайға жеттіп отыр. Қазақстанға да қоныс
аударушылардың (өз тарихи отанына оралған қазақтардан басқа) саны жылдан-
жылға көбеюде. Лек-легімен келіп жатқан қоныс аударушылар еліміздегі
ұлтаралық қатынастарды одан әрі күрделендіреді. Ұлтаралық қайшылықтар бірте-
бірте қақтығыстарға ұласуы да мүмкін. Егер жанжалға қатысушылар екі ұлт
өкілі болса, оның жаңғырығы сол ұлттардың арасына тарап, ұлттық намысты
қоздырады. Ұлтаралық жанжалдарға бейім аймақтарда алдын ала этносаяси
мониторинг жүргізіліп отырса, артық болмас еді. Қылмыстық топтар, діни
бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар мен саяси ұйымдардың ықпалын
қадағалап, этностық топтардың саны мен демографиялық ахуалы, әлеуметтік
жағдайын да есепке алу жөн. Бір сөзбен айтқанда, сол елді мекеннің,
ауданның дау-дамайға бейімділігін білу керек. Кейбір ауылдық аймақтарда
социологиялық, психологиялық сауалдар жүргізу жанжалдардың алдын алуға
себеп болады. Әр ұлттың өкілі өзін қақтығыстың құрбанымыз деп есептейді,
өздерінің іс-әрекеттерін қорғану мақсатымен түсіндіреді, олардың өз
ақиқаттары мен болжамдары бар. Олармен өктем үнмен сөйлесуге болмайды.
Мемлекеттік органдардың міндеті – екі жақты да тыңдап, намыстарына тимей,
терең түсініп, керістірмей келістіруге ұмтылу. Бұл үлкен өнер, шеберлік,
кәсіби психологиялық білімді де талап етеді. Сондықтан да болар, кейбір
көпұлтты мемлекеттердің университеттері кәсіби этнопсихолог, этносоциолог,
этнополитологтар дайындай бастады, “Этноконфликтология” пәні енгізілуде.
Қазақстандағы көпұлтты мемлекет саясатының болашағы
Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың (этностар мен этникалық)
топтардын оның ішінде елдің жалпы халық санының ең үлкен үлес сапмағы
қазақтардың еншісінде - 59,2%. Орыстар 25,6%, қалған этностар мен эникалық
топтар республика хылқының 15,2% құрайды.2007 жылдың 1 қаңтарында
қазақтардың саны 9109,9 мың, орыстар - 3945,1 мың, украиндықтар - 440,5
мың, өзбекгер - 439,6 мың, ұйғырлар - 233,2 мың, татарлар - 228,6 мың,
немістер - 222,3 мың болды. 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда қазақтар
196,6 мың, өзбектер 10,7 мың, ұйғырлар 3,5 мың, қырғыздар 1,7 мың адамға
көбейсе, керісінше орыстар 34,2 мың, украиндықтар 8,3 мың, татарлар 1 мың,
немістер 0,4 мың адамға кеміген 127.Бұл сауал төңірегінде де әр түрлі
пікірлер айтылуда. Елімізде ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша
2007 жылы 123 этнос, сонымен бірге 1212 адам әр түрлі этностардан
тіркелген. 116 этностық топтардың әрқайсысының саны 1 пайызға жетпейді, ал
жеті этностың саны 1 пайыздан астам, оның ішінде елдің байырғы халқы –
қазақтар 60 пайыздан жоғары, орыс диаспорасы ел халқының 22, татарлар –
1,48, өзбектер – 2,84, ұйғырлар – 1,5, украиндықтар – 2,86 пайызын құрайды.
123 этностың 89-ының саны өсуде, қалғандарының, әсіресе, орыс, татар,
неміс, украиндықтар мен белорустардың саны азаюда. Қазақтардың өсу қарқыны
1,13 есе болып отыр (Этнографическая карта Казахстана (этнодемографический
аспект). Астана 2007 ж. 4-6-беттер). Посткеңестік кеңістікте ұлттық сана-
сезімнің өсуі көрініс алып отырғаны белгілі. 1926 жылы Кеңес Одағында 190
этнос тіркелсе, олар 1979 жылы – 100-ге дейін азайып, 1989 жылы – 126, 1994
жылы – 160, 2002 жылы 1926 жылдың деңгейіне жетті. Этносқа жатқызудың ең
басты өлшемі – әр адамның өзінің тілін, мәдениетін білуі емес, ұлттық тек
пен сана-сезім. Қазақстан көпұлтты дегенімізбен, 116 этностық топтар
негізінен ұлттың сана-сезімі бойынша ғана өздерін ерекше сезінетін,
ассимиляцияға ұшыраған топтар, көбінің жалпы саны жүзден, мыңнан аспайды,
аралас некедегілері басым. Орыстанғаннан кейін олар ана тілдерінде әдеби
шығармашылыққа да мүдделі емес. Елдегі ұлт саясаты мемлекет құрушы қазақ
ұлтының көңіл-күйіне, ықыласына, ыңғайына байланысты. Қазақ бүгін
бұрынғыдай көнбіс, құлдыққа мойынсұнатын халық емес. 20 мен 45 жастың
арасындағы қазақтар халқымыздың 70-тен астам пайызын құрайды, олар
негізінен белсенді жастар, әділетсіздікке қызу қарсылық білдіреді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлтының мәселесі өзінен-өзі шешіледі деу
жөнсіз. Қазақ – отарланған ұлт, тәуелсіздік алумен сыртқы отаршылдық,
метрополияға тәуелділік, орталыққа кіріптарлықтан ғана арылдық. Сыртқы
саясатта өзара тәуелділікке бет алдық, бір Мәскеу емес, көптеген
мәскеулермен өзара қарым-қатынас қалыптаса бастады, оның да өз қиындықтары
мен әділ шешімін табатын мәселелері бар. Сонымен бірге ғасырлар бойы
қордаланған ішкі отаршылдықтың зардабынан бірден арылу мүмкін емес. Ғылыми
әдебиетте отаршылдықтың бір-бірімен байланысты төмендегідей классикалық
ортақ белгілерін атайды. Олар мыналар:
– байырғы халықтың негізінен ауыл шаруашылығымен айналысуы;
– жергілікті ұлттың ауылдық жерде шоғырлануы;
– ұлттың кәсіби деңгейі жоғары жұмысшы табы мен инженерлік-техникалық
мамандардың тапшылығы;
– рушылдық, жікшілдік, жершілдік психологияның терең тарауы;
– ұлттық тілін, мәдениетін құрсауда ұстау, тежеу;
– орталықты азық-түлікпен қамтамасыз ету;
– ұлттың жиі апатқа ұшырап, санының азайып отыруы.
Бүгін отаршылдық саясаттың салдарынан арылған жоқпыз, әлі де ішкі
отаршылдық зардабы басым. Мысалы, ауылдық жерде тұратын төрт миллионнан
астам қазақтың интеллектуалдық және кәсіби деңгейі төмен. “Байырғы қазақ
жерінде” деп Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай, біздің
мемлекетіміз табиғатынан бірұлттық мемлекет. Құрамы жағынан онда көп
этностық топтар мекендегенмен, біз диаспоралардың мемлекеті емеспіз. Әлемде
тек бір ғана ұлт мекендейтін мемлекет жоқтың-қасы. Бүгінгі көші-қон толқыны
ұлттардың араласуының қарқынын одан әрі өсіреді. Сондықтан мемлекеттердің
барлығы көпұлтты мемлекет деген пікір тарады. Дегенмен, көпұлтты
мемлекеттің өлшемдері даулы, олармен келісу мүмкін емес, болмаса шартты
түрде ғана келісуге болар. Себебі, мемлекетте басқа ұлттардың өмір сүруі
оларды көпұлтты деуге негіз емес. Германия, Франция, басқа да мемлекеттерде
ұлттар көптеп тұрып жатыр, олардың үлес салмағы өсуде, бірақ олар өздерін
көпұлтты мемлекет деп есептемейді, немістердің, француздардың мемлекеті
болып саналады. Тағдырдың бұйрығымен келіп қоныстанып, ғасырлар бойы
байырғы халықпен өмір сүретін халықтар бар екендігіне байланысты ол елді
көпұлтты деу қисынсыз деген тұжырымды этноәлеуметтану ғылымы қолдайды
(“Социологические исследования”, 1998 ж., №6, 63-бет). Этноәлеуметтанушы
ғалымдармен келісуге де, таласуға болар, бірақ ақиқат мынада: көпұлтты
мемлекетпіз деп, байырғы ұлттың, бірұлттық мемлекетпіз деп диаспоралардың
мүдделеріне үстіртін қарауға болмайды. Бізге сыйластық пен келісімнен басқа
жол жоқ. Қазақстан халқы деп ел халқын бір сөзбен айтқанымызбен, еліміздегі
этностардың ерекшеліктері елеулі, олар ұлтаралық қатынастарға да өз ықпалын
тигізеді. Бұл – психологиялық, конфессиялық ерекшеліктерді айтпағанда,
тарихи, әлеуметтік ерекшеліктер. Ұлт саясатын жүзеге асыруда диаспоралар
мен қазақ ұлтының мүдделерін саралау, жіктеу – келісімнің негізі. Соңғы
кезде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдардың кейбір
қызметкерлері еліміздегі халықтардың достығы, олардың бір-бірімен сіңісіп
кеткендігі соншалықты, тіпті диаспора жоқ деуге болады дейді. Бұл қате
пікір. Диаспора – қырық құрау, ұлттың тарихи отанынан тыс жерде
тұратындардың кездейсоқ бірлігі емес. Диаспора – ортақ мүдделерімен
айқындалған, ұйымдасқан, тұрақты қауымдастық. Ұлт саясатын тиянақтағанда,
біздің елімізге қоныс аударған этностардың саны мен сапасы бірдей
еместігін, бірінің диаспора мәртебесіне сай, екіншісінің этнографиялық топ
екендігін анықтаған жөн.Қай елде де диаспора күрделі жағдайда өмір кешеді.
Бір жағынан, ешкімге есесін жібермеу үшін өмір сүріп жатқан елдің заңын
сыйлап, тілін, мәдениетін бойына сіңіруге тырысады. Екінші жағынан, өз
ұлттық құндылықтарын сақтауды мақсат етеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
кейін диаспоралар талай тарихи ақиқатты ой елегінен өткізіп, қайта туды
десе де болар. Еліміздегі ұлттық саясат, ұлттық мәселелер төңірегіндегі
ахуал олардың еркін өмір сүруіне жағдай жасауда. Қазақстан халқы
Ассамблеясы диаспоралар мәселелеріне зор көңіл бөледі. Қазақ ұлты өзіне
бұра тартпай, жанашырлық танытып келсе, диаспоралар еліміздің экономикалық
дамуына, саяси тұрақтылығына үлкен үлес қосуда. Дегенмен, диаспоралардың
психологиялық ерекшеліктері де күрделі, олармен тіл табысу онай деуге
болмас: талаптары қанағаттандырылған сайын өсе түседі, өкпешіл, көңілі
жарым адамдай, кінә таққыш, тарихи отандарына шағымданғыш келетіндері де
бар. Бір кезде оқыған мектебіне оралып, ескі достарын таба алмай, ренжіген
сияқты, бүгін заманмен санаспай, ескіні көксейтіндер де жоқ емес.
Диаспоралардың мінез-құлқына оқшаулану мен бірігуге ұмтылу тән. Олардың
этностық ортасы бүгін тек мәдени қауымдастық қана емес, әлеуметтік,
экономикалық орталыққа айналуда. Олар өз ұлты мен дініндегілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Жастар әлеуметтануы
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттік тіл саясаты
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Пәндер