Экономикалық қауіпсіздік жайлы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Тарау. Экономикалық қауіпсіздік ұғымы
1.1 Экономикалық қауіпсіздіктің мәні мен маңызы ... ... ... ... ...4
1.2 Экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен құрылымы ... ... ... ... 7
ІІ Тарау. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерінің
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Халықаралық интеграция мен глобализация процесіне дүние жүзінің барлық елдері қатысып отыр. Бірақ бұл елдердің айтылған процестерге қосып отырған үлестері әртүрлі болып келеді. Дамыған елдер дамушы елдерге қарағанда халықаралық қатынасқа қатысудың жоғары деңгейімен, әлемдік нарықтағы күшті, салмақты әсерімен ерекшеленеді. Демек, дамыған елдердің дамушы елдерге әсері де едәуір күшті болады.
Осы жағдайда мемлекет үшін экономиканың жабық болуы ең тиімді жол болып көрінсе де, ол дұрыс емес. Себебі бүгнгі күні әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ол мемелекет экономикасының артта қалуына, тіпті құлдырауына да жеткізеді.
Алайда өзара қатынас орнату нәтижесінде елдер экономикаларының әлемдік нарыққа тәуелділігі артады. Сондықтан әлемдік нарықта мүмкін дағдарыстың елдердің экономикаларына теріс әсерін тигізеді. Бұл теріс әсерлер кейбір ел үшін байқалмайтын болса, басқалары үшін қиратушы фактор ролін атқаруы мүмкін. Бұл тәуелділік мөлшерін азайту, әлемдік нарықтағы күрт өзгерістер мен теріс әсерлерді бақылау, минималды шығынмен шығу, тіпті барлық әсерлердің алдын алу экономикалық қауіпсіздік ұғымына кіреді. Сондықтан да айтылған процестердің күн сайын өріс алуы экономикалық қауіпсіздікті өзекті мәселеге айналдырады.
Себебі экономикалық қауіпсіздіктің концептуалды негіздері мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен прторитетті бағыттарын анықтауға м¾мкіндік береді.
1. Абилова Ж. А. К проблеме экономической безопасности //Саясат.-2002.-№1.
2. Арыстанбеков К. Действия правительства и экономический рост 2000 – 2001 гг. //АльПари.-2002.-№2-3.
3. Есентугелов А. Стратегия безопасности экономического развития Казахстана в условиях глобализации. //АльПари.-2002.-№1.
4. Исингарин Н.К., Масакова С. Внешнеэкономические связи Казахстана. Предложения к перспективам развития. //Аналитик.-2002.-№4.
5. Кажымурат К., Спанов М.У. Концептуальные основы экономической безопасности Казахстана. //Саясат.-1999.-№11-12.
6. Күзембаев Б. Приоритеты социальной политики. //Казахстанская правда.-2003.-№96-97.
7. Курганбаева Г.А., Кажмуратова А.К. Новые параметры экономической безопасности. //Аналитик.-2002.-№3.
8. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы,2003.
9. Сенчагов В.К. Экономическая безопасность, геополитика, глобализация, самосохранение и развитие. Москва,2002.
10. Казахстанский Институт Стратегических Исследований. Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе. Алматы, 2002.
11. Агентство РК по статистике. Казахстан: 1991 – 2002 годы. Информационно-аналитический сборник. Алматы,2002.
12. Агентство РК по статистике. Статистический ежегодник Казахстана 2001. Алматы,2001.
13. ҚР-ның Статистика жөнiндегi агенттiгi. Қазақстан–цифрларда. Статистикалық жинақ. /Ред. Ә. А. Смаилов/Алматы,2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Тарау. Экономикалық қауіпсіздік ұғымы
1.1 Экономикалық қауіпсіздіктің мәні мен маңызы ... ... ... ... ...4
1.2 Экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен құрылымы ... ... ... ... 7
ІІ Тарау. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерінің
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

КІРІСПЕ
Халықаралық интеграция мен глобализация процесіне дүние жүзінің
барлық елдері қатысып отыр. Бірақ бұл елдердің айтылған процестерге қосып
отырған үлестері әртүрлі болып келеді. Дамыған елдер дамушы елдерге
қарағанда халықаралық қатынасқа қатысудың жоғары деңгейімен, әлемдік
нарықтағы күшті, салмақты әсерімен ерекшеленеді. Демек, дамыған елдердің
дамушы елдерге әсері де едәуір күшті болады.
Осы жағдайда мемлекет үшін экономиканың жабық болуы ең тиімді жол
болып көрінсе де, ол дұрыс емес. Себебі бүгнгі күні әлемдік тәжірибе
көрсетіп отырғандай ол мемелекет экономикасының артта қалуына, тіпті
құлдырауына да жеткізеді.
Алайда өзара қатынас орнату нәтижесінде елдер экономикаларының әлемдік
нарыққа тәуелділігі артады. Сондықтан әлемдік нарықта мүмкін дағдарыстың
елдердің экономикаларына теріс әсерін тигізеді. Бұл теріс әсерлер кейбір
ел үшін байқалмайтын болса, басқалары үшін қиратушы фактор ролін атқаруы
мүмкін. Бұл тәуелділік мөлшерін азайту, әлемдік нарықтағы күрт өзгерістер
мен теріс әсерлерді бақылау, минималды шығынмен шығу, тіпті барлық
әсерлердің алдын алу экономикалық қауіпсіздік ұғымына кіреді. Сондықтан да
айтылған процестердің күн сайын өріс алуы экономикалық қауіпсіздікті өзекті
мәселеге айналдырады.
Себебі экономикалық қауіпсіздіктің концептуалды негіздері мемлекеттік
саясаттың жалпы стратегиясы мен прторитетті бағыттарын анықтауға м¾мкіндік
береді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ
Экономикалық қауіпсіздіктің мәні мен маңызы
20-шы ғасырдың соңынан бастап адамзаттың қарқынды және күрделi
дамуымен, техника мен технологияның кемелiне жетiп, ядролық және
биологиялық қару–жарақтың пайда болуымен, ақша-тауар айналысының, сондай-ақ
капитал қозғалысының жылдамдылығымен байланысты қауiпсiздiк және ұлттық
қауiпсiздiк категориялары маңызды мәнге ие болды. Айтылмыш процестер
экономикалық өсуге негiз болғанымен, тәуекелдiк фактордың мәнiн арттырып,
тек кәсiпорын деңгейiнде ғана емес, сондайөақ мемлекеттiң қызмет етуiнде
қауiп көлемiн көбейтедi.
Өзiнiң “Сындарлы он жыл” кiтабында Н.Назарбаев: “Ұлттық қауiпсiздiктiң
мiндетi елдiң негiзгi, өмiрлiк аса маңызды мүдделерi – ұлттық дербестiкті,
аумақтық тұтастықты, халықтың өмiрiн қорғауды кепiлдi түрде қамтамасыз ету
болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір
сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған
жерде мемлекеттің өзі де жоқ.”1, – деп жазған.
Қазiргi күнде ұлттық қауiпсiздiк экономикалық қауiпсiздiкке
негiзделедi. Өйткенi экономикалық қауiпсiздiк елдiң сыртқы саясаты, яғни
мемлекеттiк тәуелсiздiгi және iшкi саясатыө қоғамның әлеуметтiкөсаяси
тұрақтылығы деңгейлерiнде параөпар қарастырылады. Сонымен қатар, кезөкелген
мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен тұтастығы ұлттық экономиканың тұрақты дамуында
көрiнiс тауып, оған тiкелей байланысты болады.
Демек, экономикалық қауiпсiздiктi ұлттық қауiпсiздiк шеңберiнде
өзiнөөзi басқаратын, ұлттық қауiпсiздiктiң бөлiнбейтiн бiрегей бөлiгi
ретiнде сипаттауға болады. Осында өзiнөөзi басқару экономиканың сыртқы және
iшкi қауiптерден сақтануы, шектi (критикалық) нормаларды ұстануы арқылы
жүзеге асады.
Сөйтiп экономикалық қауiпсiздiктi экономиканың ұзақ мерзiмде тұрақты
дамуын қамтамасыз ететiн жағдайы деп анықтауға болады.
Экономиканың тұрақты дамуынсыз экономикалық қаупсiздiкке жету мүмкiн
емес. Өйткенi экономикалық дамуға халықтың табыс деңгейi, оның өмiр деңгейi
мен сапасы, мемлекеттiң қаржы ресурстары мен халықтың әлеуметтiк қорғаныс
қабiлеттiлiгi және т. б. факторлар тәуелдi болады. Бүгiнгi таңда
экономиканың тұрақты дамуына жетуде әлемдiк экономикалық процестердiң
глобализациясы экономикалық саясатты жүзеге асыру механизмдерiне,
әдiстерiне және принциптерiне өз түзетулерiн енгiзедi.
Ғылыми-техникалық прогреске, экономиканың либералдануы мен бәсекенiң
күшеюiне негiзделген глобализация экономикалық өсудi жылдамдатуға және
өндiрiстiк эффективтiлiктi арттыруға мүмкiндiк бередi. Бiрақ, сонымен
қатар, мемлекет экономикасының тұрақты, қауiпсiз дамуына қатер төндіредi.
Глобализация нәтижесiнде мемлекет экономикасының сыртқы әсерлерге
сезгiштiгi артады және ұлттық экономикалардың өзара тәуелдiлiгiн күшейтiп,
оларды әлемдiк нарықтағы түрлi негативтi процестер үшiн төзiмсiз жасайды.
Оны 1997 ж. соңында болған Оңт.-Шығыс Азия дағдарысының әсерiнен Ресейде
басталған дағдарыс мысалынан көруге болады.
Осыны ескере отырып, көптеген елдер ұлттық қауiпсiздiк стратегияларын
дамытуда. Экономикалық қауiпсiздiк стратегиясы мемлекеттiк және ұлттық
мүдделердi бiлдiретiн мемлекет саясатының құрамдас бөлiгi болып,
экономиканың тұрақты дамуын, сыртқы және iшкi қауiптерден қорғану мен
оларды жоюды қамтамасыз ететiн экономикалық жүйенiң жағдайын бiлдiредi. Бұл
жағдай, өз кезегiнде, жалпы ұлттық даму үшiн әлеуметтiк-экономикалық
дамудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлген
“Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы Заңға” негiзделе
отырып, президенттiң жарлығымен 2001 ж. 3 ақпанында “2001-2005 ж.
Қазақстанның экономикалық қауiпсiздiк стратегиясы” бекiтiлдi. Бұл
стратегияның негiзгi мiндеттерiне :
- потенциалды және нақты қауiптi анықтау
- экономикалық қауiпсiздiк көрсеткiштерi мен шектiк мәндер жүйесiн
анықтау
- экономикалық қауiпсiздiктi бақылау және мүмкiн қауiптердi болжау
мен оларды болдырмауға әрекет қолдану
- экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру
жатады.2
Экономикалық қаупсiздiк экономиканың тұрақты дамуында көрiнiс тапса,
мемлекеттiң экономикалық мүдделерiне экономикалық қауiп керi әсерiн
тигiзедi. Сондықтан егер мемлекет өндiрiске қажеттi экономикалық
ресурстармен қамтамасыз етiлуiне, қосымша жоғары құнды бәсеке қаблеттi өнiм
өндiруге мүмкiндiк бермейтiн қауiптерден қорғаныс қамтамасыз етiлмесе,
экономианың тұрақты дамуы туралы сөз де болмайды. Экономикалық қауiп
экономика жүйесiндегi негiзгi байланыстарға, басқару жүйесiне, ұлттық
байлыққа, қаржы және валюта жүйесiне терiс әсерiн тигiзiп, түбінде қоғамның
ыдырауына дейін жеткізуі мүмкін.
Экономикалық қауiптi эндогендi (iшкi) және экзогендi (сыртқы) деп
классификациялауға болады.
Экзогендi экономикалық қауiпке жататындар:
• әлемдiк нарықтағы өзгерiстерге мемлекеттiң тәуелдiлiгi;
• шетел компанияларының белгiлi бiр тауар бойынша ұлттық нарықты жаулап
алуы;
• мемлекет үшiн стратегиялық мәнi бар таурларға экспорт бағасының азаюы;
• мемлекет экспортында шикiзат көлемiнiң жоғары болуы;
• транзиттiк инфрақұрылымның дамымауы;
• мемлекеттiң импорттайтын көптеген өнiмдерге тәуелдi болуы;
Эндогендi экономикалық қауiпке жататындар:
• экономикалық кризистiң ұзақ мерзiмге созылуы;
• бюджет дефицитiнiң және сыртқы қарыздың ұлғаюы;
• шаруашылықтың техникоөтехнологиялық базасының құлдырауы;
• экономиканың монополизациясы;
• қоғам және экономианың криминалдануы;
• бағалы қағаз қор нарығының дамуының баяулауы;
• өндiрiстiк шығындар мен инфляцияның өсуi;
• банкiлiк және қаржылық жүйесiнiң деградациясы;
• регионалды дамуда дисбаланстың артуы;3

Экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен құрылымы
Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы түрлі сыртқы әсерлерге ашық және
сезімтал екені белгілі. Осыны ескере келе, экономикалық қауіпсіздік
стратегиясын тиімді әрі дұрыс жүзеге асыру арқылы ұлттық қауіпсіздік
жұйесін қалыптастыру қажет.
Экономикалық қауіпсіздік жүйесі мемлекеттің ішкі және сыртқы
қауіптерге жол бермейтін, экономиканың тұрақты дамуына қауіп төндіретін
процестер мен факторларға қарсы күресетін, механизмдер мен принциптер
жиынтығы.
Экономикалық қауіпсіздік ұғымы кең әрі ауқымды болып табылады.
Экономикалық қауіпсіздіктің мәні оның әртараптылығында. Ол экономиканың
барлық салаларын жанап өткендіктен бұл саладар бөлек болып қарастырылады.
Сондықтан қауіпсіздік объектісіне тек ұлттық экономика емес, экономиканың
басқа салаларымен жанасу нәтижелерінде пайда болған жүйелер де жатады. Бұл
өзгешелігі бойынша экономикалық қауіпсіздік жүйесін келесідей жүйешіктерге
бөлуле болады:
1. Қаржы - несиелік қауіпсіздік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен, ұлттық
валюта бағамының бірқалыпты болуымен, алтынвалюталық қорлардың
тұрақты болуымен анықталады. Қаржы - несиелік қауіпсіздік - өзінің
ұлттық мүдделеріне сай қаржы - экономикалық саясатын жүзеге
асырудың негізгі қабілеті. Қаржы - несиелік қауіпсіздік тұрақты
қаржы жүйесін қалыптастыру, шетелден тартылған ресурстарды және
ішкі несиелерді тиімді пайдалану мен әлемдік экономикалық дағдарыс
әсерлерін жою жатады. Сондай-ақ, қаржымен байланысты шиеленесулер
мен заңбұзушылықтарды шектеу кіреді.
2. Технологиялық қауіпсіздік бәсеке қабілетті ғылыми-техникалық
өнімдерді өндіру негізінде халықаралық технология нарығына әрдайым
қатысуымен аиықталады. Әлемдік бәсекеде технологиялық
артықшылықтардың ролі үлкен. Технологиялық қауіпсіздіктің дайын
өнім өндіру үшін және индустриялды мемлекет болып қалыптасудағы
маңызы зор.
3. Энергетикалық қауіпсіздік - ішкі өндірісті жүзеге асыруға қажетті
энергияның өндірілуі мен өзініңі энерготасығыштығын қамтамасыз ету
қабілеті. Өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін физикалық
энергетикалық көздер болуы керек. Экономика салаларының дамуын
қамтамасыз ететін, ішкі тұтынуға керекті жеткілікті мөлшерде
электроэнергияның өндірілуі және күшті баға ауытқуларына жол бермеу
немесе төтеп беретін жағдай жасау.
4. Азық - түлік қауіпсіздігі – сапалы азық - түлік өнімдерін өндіретін
табиғи шикізат ресурстарының болуы мен қолдануын және оның тұтынушы
тарапынан қолдана білуін білдіреді. Азық - түлік қауіпсіздігі
халықты тиісті мөлшердегі азықөтулікпен қамтамасыз етілуімен
түсіндіріледі. Потенциалды азық-түлік қаупі төлем қабілетінің
төменділігімен немесе өнімнің дефицитімен түсіндірілетін азық-
түлікті тұтынуда қиыншылықтардың туындауымен анықталады. Азық -
түліктің ішкі тұтынуда импорт үлесінің жоғары болуы елдің шетел
азық - түлік өнімдеріне тәуелділігін көрсетеді. Осындай
тәуелділіктен құтылу үшін стандартқа сай отандық азық - түлік
өндірісін дамыту керек.
5. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікке кедейлік деңгейінен төмен
өмір сүретін халық үлесі, жұмыссыздықтың өсуі, қоғамда жоғары және
төмен табыс алатын топтардың арасында бөлінушілік жатады.
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қиратушы экономикалық
шиеленістің болмауын, әлеуметтік қызушылықтың төмен деңгейі мен
халықтың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қорғаныс
жағдайын білдіреді. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін өмір деңгейін көтеру мен жұмыссыздықпен күресу
қажет.
6. Сыртқы экономикалық қауіпсіздік халықаралық еңбек бөлінісі және
ашық экономика жағдайында ішкі нарықтың сыртқы экономикалық
әсерлерден қорғануын білдіреді.4
Жоғарыдағы жүйешіктердің маңызы соңғы күндерде артуда. Өйткені
қауіпсіздікті дамытуда белгілі бір сфераны бөлек зерттеу арқылы сол сфераға
тиісінше ырғақ жасап дамытуға жағдай туғызады. Өз кезегінде, бұл
экономикалық қауіпсіздік стратегиясын тиімді асыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық қауiпсiздiк стратегиясын орындау барысында қауiпсiздiк
деңгейiн анықтау үшiн көрсеткiштердiң шектiк мәнiн қолданамыз. Экономикалық
қауiпсiздiк көрсеткiштерi мен олардың шектiк мәндерi халықаралық
экономикалық қоғамдастықпен қабылданған болатын. Көрсеткiштердiң шектiк
мәнi шекаралық, критикалық нүктелер қызметiн атқаратындықтан экономикалық
көрсеткiштердiң олардан ауытқуы экономикада қауiптi және құлдыраушы
факторлардың болуын бiлдiредi.
Шаруашылықтың нарықтық жүйесiн қалыптастырып отырған Қазақстан үшiн
бұл көрсеткiштерге мән берiп назар аудару, бақылау және салыстырудын маңызы
үлкен. Өйткенi бұл көрсеткiштер экономикалық қауiпсiздiктiң деңгейiн ғана
анықтап қоймай, сондайөақ жүргiзiлген экономикалық саясаттың нәтижелерiн
салыстыру, экономикалық климаттың өзгеруiн бақылау арқылы қауiп мөлшерiн
төмендетуге, онымен тиiмдi күресуге мүмкiндiк бередi. Бұл, өз кезегiнде,
қауiптiң немесе оның салдарымен емес, оны туғызатын факторлармен күресуге
жол ашады.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiк көрсеткiштерiн
талдау нәтижесiнде алынған мәлiметтер 1-шi кестеде көрсетiлген. Кестеде
көрсетiлген мәлiметтер ҚР экономикасының 1997 – 2002 ж. арасындағы нақты
көрсеткiштер тобына жатады. Экономиткалық қауiпсiздiктiң шектiк мәндерi
1992 ж. Басқаруды дамытудың Халықаралық Институты мен Бүкiләлемдiк
Экономикалық Форуммен қабылданған болатын.5

1-шi кесте*
Экономикалық қауiпсiздiктiң Шектi 1997 1998 1999 2000 2002
көрсеткiштерi мән 2001
ЖIӨ-нiң көлемi, млрд. долл. 21,88 22,32 15,84 17,8 22,2
Халық басына шаққандағы ЖIӨ 100% 101,7 98,1 102,7 109,8 113,5
-нiң нақты көлем индексi,
алдынғы жылға %
Инфляция деңгейi 20% 11,2 1,9 17,8 9,8 6,4 6,1
ЖIӨ бойынша (М2) ақша массасы, 164151133447 237260290643
млн. тг.
Жалпы сыртқы қарыздың ЖIӨ-ге %25% 43,9 71,4 68,6
пен қатынасы
Iшкi қарыздың ЖIӨ-ге % пен 30% 6,8 4,8
қатынасы
ЖIӨ бойынша бюджет дефицитi,% 5% 3,7 3,9 3,5 0,1 0,4 +1
Өнеркәсiптiк өндiрiсте өңдеу 70-50% 55,1 50,6 46,5 44,2
өнеркәсiбiнң үлесi,%
Импорт көлемi, млрд. долл. 7,1 6,6 5,6 6,8 8,1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Ұйымға мүше мемлекеттер
АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАУІПТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Aқпaрaттық қорғaныс ұғымы. Қaзaқстaнның aқпaрaттық қорғaныс жaғдaйы
Жалпы қауіпсіздік концепциясы
Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін объектіге бағытталған бағдарламалау көмегімен жобалау
Мұнайға серік газдарды утилизациялау кезіндегі ГТҚ - ның өртеу камерасындағы үрдісті басқару жүйесін құру
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Пәндер