Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. ҚР Конституциялық құрылымы мен жүйесі.
1.1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі
1.2Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі

2. ҚР Конституциясы . мемлекеттің негізгі заңы
2.1 Ата Заң еркіндігіміздің тұғыры
2.2 Конституция . мемлекет тұрақтылығының кепілі

3.ҚР Конституциялық дамуының бірқатар мәселелері
3.1Қазақстанның Конституциялық дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады. Конституциялық реформа үздіксіз, созылмалы құбылыс.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конститутциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конститутциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Қазіргі уақытта құқықтың ұлттық жүйесін құрау процесі қызу жүріп жатыр, сондықтан да осы барыста республиканың конституциялық құқығының негізі институттарын зерттеп тану айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасы жаңа Конститутциясының республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беру жолымен қабылдануы қазақстан мемлекеттігінің қазіргі кезеңіне сай келетін конститутциялық құрылыстың жаңа санаттарын жан-жақты зерттеу міндетін де жүктейді. Қазақстан Республикасының Конститутциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қазақстан қоғамын демократияландыру процесінде қарышты бір қадам болды.
Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін анықтау, егемендікті республиканың конститутциялық құрылысында қалыптастыру- конститутциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы. Осы орайда жазылған осы курстық жұмыстың мақсаты да конститутциялық құқықтық дәрежелер мен құбылыстарды талдау, сондай-ақ Қазақстанның Конститутциялық даму процесін зерттеу болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. "Жеті жарғы" - мемлекет
және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы,мәтіні)[Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті .2004.- 150 б.

2. Асанбаева, Л. Азамат құқығы Ата Заңмен қорғалады:
[Қазақтан Конституциясына 10жыл]//Арқа ажары.2005-30шілде.-2б.

3. Ашитов, Заирқан Омарұлы, Ашитов, Бауыржан Заирқанұлы.
Қазақстан Республикасының құқық негіздері [Мәтін]: оқу құралы /
рец. Б. Базарбайўлы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

4. Баққұлов, Сатыбалды Досжанұлы. Құқық негіздері [Мәтін]: оқулық.- 2-ші бас.- Алматы, 2004.- 248 б.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл [Мәтін]=10 лет Конституции Республики Казахстан:(заң актілерінің жинағы) / құраст. Ғ. Сапарғалиев.- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 376 б.


6. Нарбинова, М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық
құқық [Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс Қазақстан мемлекет- тік ун-ті.- Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.

7. Нормативтік құқықтық актілер туралы [Мәтін]: Қазақстан Респуб-
ликасының заңы.- Алматы: Юрист, 2004.- 26 б.

8. Оғалбаев, Т. Ата заң қағидаларын толық жүзеге асыру- басты мақсат: [Қазақстан Конституциясына - 10 жыл]// Жетісу.- 2005.-7 шілде.- 4 б.

9. Садырова, Толқын. Ата Заң-еркіндігіміздің тұғыры:
[Қазақстан Конституциясына -10 жыл]// Дала мен қала.-
2005.- 2 қыркүйек.- 1-6 б.

10. Табанов, Социал Ағысұлы. Салыстырмалы құқықтану
негіздері [Мәтін]: оқулық/ ред. М. Қаймолдинова.-
Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 464 б.

11. Шаханов, Мұхтар. Конституциялық кеңестің мазмұнсыз кеңесі [Мәтін]: [Депутаттық мәлімдеме]// Қазақ әдебиеті.- 2006.- 3-9 қараша.- 2 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1. ҚР Конституциялық құрылымы мен жүйесі.
1.1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі
1.2Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі

2. ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
2.1 Ата Заң еркіндігіміздің тұғыры
2.2 Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі

3.ҚР Конституциялық дамуының бірқатар мәселелері
3.1Қазақстанның Конституциялық дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:
Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу
барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру
міндетін алдыға тартады. Конституциялық реформа үздіксіз, созылмалы
құбылыс.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер
конститутциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда.
Ол өз кезегінде көптеген конститутциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен
қарап, талдауды талап етеді. Қазіргі уақытта құқықтың ұлттық жүйесін құрау
процесі қызу жүріп жатыр, сондықтан да осы барыста республиканың
конституциялық құқығының негізі институттарын зерттеп тану айрықша маңызға
ие болып отыр. Қазақстан Республикасы жаңа Конститутциясының республикалық
референдумда жалпыхалықтық дауыс беру жолымен қабылдануы қазақстан
мемлекеттігінің қазіргі кезеңіне сай келетін конститутциялық құрылыстың
жаңа санаттарын жан-жақты зерттеу міндетін де жүктейді. Қазақстан
Республикасының Конститутциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
қазақстан қоғамын демократияландыру процесінде қарышты бір қадам болды.
Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың
құқықтық мәртебесін анықтау, егемендікті республиканың конститутциялық
құрылысында қалыптастыру- конститутциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу
тақырыбы. Осы орайда жазылған осы курстық жұмыстың мақсаты да
конститутциялық құқықтық дәрежелер мен құбылыстарды талдау, сондай-ақ
Қазақстанның Конститутциялық даму процесін зерттеу болып табылады.

1.1 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституцтциясында
Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай
мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық
Кеңестің Конституцияда белгіленген өкілеттігінен Конституциялық Кеңестің
негізгі көзейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі туралы конституциялық заң күші бар Жарлығы осы
органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнелеген. Онда Конституциялық
Кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі
айтылған. Қазақ КСР-ның бірде-бір Конституциясында , сондай-ақ Қазақстан
Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында мұндай ереже
болған жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі туралы
Ереже бірінші рет Президенттің жоғарыда көрсетілген Жарлығында баянды
етілді. Осы ережеде ең алдымен Қазақстанда конституциялық құрылыстың
белгіленгені, құқықтық мемлекет құрғысы келетіндігі, мемлекеттің
Конституцияға бағынуға тиістігі идеясы көрініс тапқан. Міне осыған сүйене
отырып, Конституциялық Кеңес Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуі
тиіс. Бұл Конституциялық Кеңестің өз қызметінде:
олардың бұлжымастығын, яғни нормативтік құқықтық актілерді қабылдау,
ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру (сайлау және т.б.) кезінде жоғары
мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын
қамтамасыз ететін конституциялық нормаларды;
мемлекеттің белгілі бір жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің
біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықтыратын , т.б. конституциялық
қағидаларды;
конституциялық идеяларды , принциптерді, мысалы әлеуметтік мемлекет,
қазақстандық патриотизм, т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.
Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің
конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық
Кеңес қызметінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және
Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы болып табылады. Осы екі
акт Конституциялық Кеңестің өкілеттігін, құрамын, қалыптасу тәртібін,
мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін,
конституциялық іс жүргізуді айқындайды. өз қызметінің аталған актілерімен
реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес
Регламент қабылдайды.
Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар , жеті адамнан тұрады.
Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық
Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке
Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық
Кеңестің екі мүшесін- Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы , екі
мүшесін - Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттілігі -6 жыл. Конституциялық Кеңес
мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс;
жасы отыздан төмен болмауы керек;
Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
Жоғары заң білімі болуы тиіс;
Заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы
керек.
Конституциялық Кеңестің Төреағасы мен мүшелері Парламент палаталарының
бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында
ант береді. Ант мәтіні: Өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кенесінің Төреағасы (мүшесі) міндеттін адал атқаруға, әділ
болуға және басқа ешкімге, ешнәрсеге емес, Қазақстан Республикасының
Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін.
Конституциялық Кеңестің Төреағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды
тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің
Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына қоса алағашқы екеуінде реттелмеген
бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді.
Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушілікке байланысты мүшелігі
Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық ғылыми және өзге шығармашылық
қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдарды
немесе комерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруіне жол
берілмейді. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған
тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратындығы туралы
жазылған.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігін
тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белгілі
болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың
өкілеттігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатыла
әкеліп соқтырады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттігі
мынадай, егер:
орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;
Жоғарғы Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
ол қайтыс болған жағдайда;
атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпама;
антын бұзса, Конституцияның , Президенттің Конституциялық Кеңес туралы
Жарлығы талаптарын орындамаған , оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын
өрескел теріс қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;
оның қайтыс болғандығы туралы сот шешімі заңдық күшіне енген;
қызметінің Конституция бойынша белгіленген мерзімі біткен;
алпыс жасқа, ерекше жағдайларда – алпыс бес жасқа толған (мұның экс-
Президенттерге қатысы жоқ); саяси мақсаттарды көздейтін саяси партияларға
немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерге кірген жағдайларда тоқтатылуы
мүмкін.

Конститутциялық Кеңестің құрау тәртібі

Конститутциялық Кеңестің құрау тәртібі

Төраға мен екі мүшесін Президент
тағайындайды

Екі мүшесін СенатТөрағасы
тағайындайды

Екі мүшесін Мәжіліс Төрағасы
тағайындайды

Конститутциялық Кеңеске жүгіну
құқығына мыналар ие

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттары жалпы санының 51 бөлігі

Қазақстан Республикасының
Премьер-Минисрі

Қазақстан Республикасы Конститутциясының
78-бабында белгіленген жағдайларда
Қазақстан Республикасының соттары

1.2 Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл
орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар
ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты
бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары
(бастаулары) аталады. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің , халықаралық шарттың және өзге де Республиканың
міндеттемелерінің , сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (Қазақстан
Республикасы Конституциясы 4-бабының 1 тармағы).
Көрсетілген Конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай
сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің
нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас
алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтудың себебі,
ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде те Конституцияның
құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері:
принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді.
Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес
халықтық сипатын ұғынуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің
барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша
кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың
бәрі тиісті заңдардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды
әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні
қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің
принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың
қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің
мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық
құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан бұрын,
олприциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті
нормативтік құқықтық актілерімен бекітілуі тиіс.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың
тура және тікелей қайнар көзі ретінде сипатталады.
1.Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық
заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша
айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық
қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру
мен дамытудың негізі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет
пен қоғам өмірінің барлық салаларының саяси, экономикалық, әлеуметтік
мәдени-салаларын қамтиды. Әрине, конституцияның құқықтық нормалары аталған
салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді.
Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа
салаларының құқықтық нормаларымен осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және
Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында
қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау
алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар конституцияға қайшы келсе,
онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан
Республикасы Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін
қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек Конституциялық құқықтың
ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні
мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықты демократиялық
мемлекет құру , дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде
қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің
ғана емес сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңның екендігінен
ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген
тараптарын қамтиды. Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары,
принциптері, құқықтың нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді
бағыттарын реттейді: жекелеген адамды , азаматты, қоғамдық қызметтің барлық
субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі басқару органдарын
және басқаларын ) қамтиды.
6. Сондай-ақ Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан
өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де
ерекешеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі
заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігінен
туындайтын мәнімен сипатталады.

2.1 Ата Заң еркіндігіміздің тұғыры.
Бүгінгі таңда Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет деген пікірлерде
айтылуда. Сол себепті, Ата Заңымызда жазылғанымен әлі қолданысқа
енбегендіктен жергілікті өзін-өзі басқару , сайлауды демократияландыру
сияқты мәселелерге байланысты қазіргі кезде оған жаңа өзгерістер мен
толықтырулар енгізу қажеттілігі айтылып жүр. Конституциямызда барлық
мүмкіндіктер қарастырылған. Бірақ, олар толығымен жүзеге аспай отыр. Үшінші
шақырылған палаталары депутаттарының алдында ҚР Коституциялық Кеңесінің
Республикалық конституциялық заңдылықтың жай күйі туралы жолдауына
байланысты Кеңес Төрағасы Игорь Рогов баяндама жасаған болатын. Онда
Конституция Кеңес төрағасы еліміздегі негізгі Заң ережелері және заңнаманың
қолдану тәртіптерінің тиімді түрде және өз уақытында орындалмауы
Конституцияның атына сын айтуына әкеп соқтыратынын баса айтты. Сондай-ақ
төрағаның пайымдауынша, мемлекеттік органдар мен олардың өкілдері
Конституцияға атүсті қарауда. Мәселен, Конституцияның 7-бабының 1-тармағы
қазақ тілінде мемлекеттік тіл мәртебесін бнреді. Негізгі заңдарға сәйкес
жергілікті өкілдер, атқарушы органдар Қазақстан Республикасының
азаматтарына мемлекеттік тілді еркін әрі тең меңгеруі үшін қажетті
материалдық жағдайлардың бәрін жасауға міндетті болатын. Алайда,
Конституцияның осы ережелерінің орындалуы тиісті емес. Конституция: тұлға,
қоғам және мемлекет. Біздің борышымыз, ең алдымен, өзіміздің Ата Заңымызды
елімізді, өз тарихымызды, өз жетістіктерімізді құрметтеу. Конституция
біздің еркіндігіміздің тұғыры болды, ол біздің жемістеріміз бен
жетістіктеріміздің біртұтас кешенін бекітеді- дейді Астанада өткен
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеген Елбасы
Н.Назарбаев. Үстіміздегі жылдың ақпанындағы Халыққа Жолдауында Президент
Біздің Конституциямыздың әлемде демократиялық қоғамның негізгі
міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе
оның ережелерінің орындалуына қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия
мен заңды сақтау ажырағысыз болып табылады- деген еді. Қазақстан
Республикасының демократиялы құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып бұдан
әрі дами беру үшін де бүгінгі қолданыстағы Конституциямыздың әлеуметтік
мүмкіндіктері толығымен жетеді.
Осыған дейінгі 1993 және 1995 жылдарда қабылданған Конституция -
өтпелі кезең Конституциясы. Міне, биыл Конституцияның дүниеге келгеніне он
бір жыл толып отыр. Мысалы, адам да он жыл бұрынғы киген киімін ауыстырады
ғой. Ескірген нәрсені уақытында алмастыру қажет. Біз қазақстандықтар алты
Конституцияны бастан кешіріп отырмыз. Ол- Кеңес дәуіріндегі 1918, 1924,
1936, 1977 жылдар мен кейінгі 1993 пен 1995 жылдардағы қабылданған
Конституция. Ол кезде дамыған социализм Конституциясы деп айтылатын. Алайда
аттың жемін жеп, тайдың жүрісін жүргенмен бірдей болдық.
Бүгін Ата Заңымызға он бір жыл толып отырған кезеңде оған байланысты
таластар көбейіп жатыр. Азаматтық қоғам қалыптасып келе жатқан заманда
саяси белсенділік, саяси мәдениет өсті. Бұл Ата Заңымыздың осы уақыт
ішіндегі жақсы жақтары аз емес. Дегенмен де көптеген баптар іс жүзінде
атқарылып жатқан жоқ. Ата Заңда қарастырылған көп дүниелер қағаз жүзінде
ғана қалып қойып жатыр. Сондықтан , ішінара бола ма, әлде ашық түрде ме,
Конституцияның жаңа нұсқасы қабылдануы тиіс. Бұл биліктің де оппозицияның
да емес, халықтың Ата Заңы болғандықтан, халықтың еркін білдіретін Ата Заң
қабылдануы керек. Құқықтық мемлекет деп жатамыз. Ол-заңға бағынатын
мемлекет деген сөз. Азаматтық қоғам құрылмай жатып, құқықтық мемлекет құру
мүмкін емес. Ата Заңымыздың халыққа бергені мол. Десек те заман талабына,
уақыт талабына сай етіп, өркениетті елдер қатарына жету үшін
Конституциямызды қайта қарағанымыз жөн .
Осы жерде айта кететін жайт , Конституцияда көрсетілгенімен, өз орнын
таба алмай жүрген мемлекеттік тіл туралы айту керек. Қазақстан мемлекетінде
тұратын халықтар мемлекеттік тілді білуі тиіс. Тіл туралы мәселені әркім
әртүрлі айламен шешкісі келетін сияқты. Тілді үйренуді жылға бөліп, бәлен
жылдан кейін болады деп созбақтаудың қажеті жоқ. Біреулер қажеттілік туған
жоқ десе, енді бірі басшылар сөйлесін деп ысырып тастайды. Мұның барлығы
сылтау.біз өз тілімізде, өз дәрежесінде сөйлемесек, ертең кешіктіріп
аламыз. Қазірдің өзінде таза қазақша сөйлейді дегендердің өздері әңгіме
арасында бір-екі орыс сөзін қосып алады. Біртіндеп тіліміз қойыртпақталып
келеді. Бұл тарихи шындық. Заң арқылы тілді қалпына келтіру керек деп
ойлаймын.
Кезінде, тарихқа көз жүгіртсек, қазақтандыру саясаты жүргізілген.
Сондағысы қазақтар бар деген аты ғана, кеңсе жұмысында еден жуушы, ат
айдаушылар қазақтар болса, негізгі жұмыстарды атқаратын, құжатпен жұмыс
жасайтындар орыстар болған екен. Бұл нағыз көзбояушылық. Бұл әдет осы күнге
дейін қалмаған сияқты.

2.2 Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі.
Қазақ елінің тәуелсіздігін әлемге жария еткен Ата Заңымыз –аса
қасиетті, құдіретті құжат. Мұны естен шығармаған ләзім.
Ал, Конституцияның латынша мағынасы құрылым, мемлекеттің негізгі заңы,
сайлау тәртібі, азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттері, мемлекеттің
органдары болып табылады. Конституциясыз бірде-бір мемлекет өмір сүрген
емес.
Декларация- латын сөзі, мағынасы, жариялау, ресми мәлімдеме. Біздің
еліміздің бірінші декларациясы 1920 жылы 6- қазанда жарияланды. Содан 70
жыл өткен соң яғни 1990 жылы қазанның 25- жұлдызында республикамыздың
Жоғарғы Кеңесі мемлекетіміздің егемендігін (суверенитет) жариялады.
Суверенитет деген – француз сөзі. Мағынасы мемлекеттің жоғарғы билігі,
Оның сыртқы және ішкі істеріндегі тәуелсіздігі.
1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданған Конституциялық Заң бойынша
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде
бекітті. Бұл күн тарихи және мемлекеттік мереке күні болып отыр. 1993 жылғы
Конституция Қазақстан халқының өзекті проблемаларын шешу үшін құқықтық
негіз бола алмайтыны түсінікті еді. Осы жағдайда елбасымыз Н.Назарбаевтың
тікелей басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы жасалды. Елбасы тарихи
процестің заңдылықтарына сәйкес және халық еркі мен заңдылығына сүйене
отырып, оны қабылдауды бүкілхалықтық референдумға (дауыс беруге) шығарды.
Осының нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды.
Ата Заңымыз -өсетін, өркендейтін елдің өрелі заңы.
Бұл Ата Заң – халық ойының , халық өмірінің айнасы. Өйткені, мұндай
ел тәуелсіздігі де, азамат құқығы да, табиғат құты да , ананың ақ тілегі
де, баланың пәк жүрегі де толық қамтылған. Бұл заң ата-бабаларымыздың аңса-
біліктігі ұстаздар мен бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебелі борышы
саналады. Бұл орайда, қазіргі қолданыстағы Конституциямыздың он жылдығы
қарсаңындағы ғылыми практикалық конфоеренциялар дөңгелек үстел ,
отырыстары өткізіліп , ақпарат құралдарында Ата Заңның артықшылықтары
мәртебесі қоғамдық дамуды реттеп , заңдастырудағы рөлі жайында кеңінен
насихатталуының өзін түсіністікпен қабылдап, қолдау көрсету керек.
Қазіргі кезде Ата Заңның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КАУШСІЗДІПНЕ еҚАРСЫ КЫЛМЫСТАР
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Пәндер