Макроэкономикалық даму



1. Макроэкономикалық тұрақтылық ұлттық экономика дамуының негізі
2. Макроэкономикалық даму экономикалық өсудің негізі ретінде
3. Ұлттық экономикадағы инфляцияға қарсы саясат
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесi және оны шешу жолдары
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
• экономикалық өсудегi дағдарыс;
• инфляциялық дағдарыс;
• төлем қабiлетi дағдарысы;
• инвестициялық дағдарыс;
• әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Жоғарыдағы аталған дағдарыстардың барлығы макроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуының көрінісі болып табылады. Сондықтан мемлекет және экономика алдында осы тұрақсыздықтан құтылып мақкоэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу деген алдына міндет алды. Сонымен қатар осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан макроэкономикалық саясаттар өзінің жалғасын тауып, олар ендігі жерде өздерінің әдістері мен құралдарын дамыған елдердің стандарттары бойынша өзгертуге кірісті.
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін тиімді мемлекеттік шаралардың алатын орны зор, сонымен қатар жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
1. Бибатырова И.А. Государственный регулирование национальный экономики / Учеб. пособ. – Алматы: Қазақ Университеті. 2004 г. – 106 стр.
2. Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
3. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
4. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
5. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
6. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
7. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 2-3 стр.
8. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
9. «Қазақстан Республикасының Инновациялық қызмет туралы» Заңы. – Алматы, 2002ж.
10. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
11. Статистика Казахстана. Алматы, - 2004 г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
1. Макроэкономикалық тұрақтылық ұлттық экономика дамуының негізі

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде
ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi
демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы
– ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға
толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:

• экономикалық өсудегi дағдарыс;
• инфляциялық дағдарыс;
• төлем қабiлетi дағдарысы;
• инвестициялық дағдарыс;
• әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Жоғарыдағы аталған дағдарыстардың барлығы макроэкономикалық
тұрақтылықтың бұзылуының көрінісі болып табылады. Сондықтан мемлекет және
экономика алдында осы тұрақсыздықтан құтылып мақкоэкономикалық тұрақтылыққа
қол жеткізу деген алдына міндет алды. Сонымен қатар осы уақытқа дейінгі
жүргізіліп келе жатқан макроэкономикалық саясаттар өзінің жалғасын тауып,
олар ендігі жерде өздерінің әдістері мен құралдарын дамыған елдердің
стандарттары бойынша өзгертуге кірісті.

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар
негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде
әлем таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді
стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін тиімді мемлекеттік
шаралардың алатын орны зор, сонымен қатар жалпы экономиканы жоспарлауда
еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.

Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң
тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану
заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады.
Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика
салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың
қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң
халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз
азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын
қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен
көрiнiс табады.

Еліміз бүгінгі таңға дейін көптеген макроэкономикалық саясаттарды,
реттеу құралдарын басқа да макроэкономикалық тетіктерді қолдана отырып,
ұлттық экономика және жалпы қоғамның дамуына айтарлықтай қадамдар жасады.
Бір сөзбен айтқанда мүлдем дағдарысқа ұшыраған экономиканы тығырықтан алып
шығып, ендігі жерде әлемдегі дамыған елдердің алғашқы 50 елінің қатарына
қосылуға үлкен талпыныстарды бастап кетті. Ол өз кезегінде жан-жақты
зерттелінген, ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлес қосатындай
макроэкономикалық шараларды мемлекеттің тікелей немесе жанама қатысуы
арқылы орындалып отырады.

Осындай макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін мемлекет
экономиканың даму сатылары және әр саланы, әлеуметтік жағдайды көтеруге
байланысты макросаясаттарды жүргізіп, бақылап отырады. Осыған байланысты
сакросаясат аймақтары қалыптасады және макроэкономикалық құралдардың
қолданысы орын алады. 1, 87бет.

Сурет-1 – Аймақтық және экономикалық бақылау құралдары

2. Макроэкономикалық даму экономикалық өсудің негізі ретінде
Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi
кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар
аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде
экономикалық өсудiң дағдарысы , яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе
экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң
көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар
аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл
шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты
орындардамыз. 11



















Сурет-2 – Елiмiздегi 1996-2005 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң өсу
динамикасы

Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске
өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен
даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы
атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және
экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты
экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп,
әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп
және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты
дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге
интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты
көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған
өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану
“Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың
жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық
түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда
экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда
есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық
танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде
айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне
енді. 9
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда,
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру,
нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар
қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін
шешумен айналысады;
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына
қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын
шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық
түрде жариялау
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну. 5
2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге
қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа
кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн
көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде,
қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен,
экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де
түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге
қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi
жеттi. 2
Экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң
барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып табылады.
Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi
дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп
тұрған мәселелер одан көп.
Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты
дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы.
Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын
жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн
күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-
индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш
бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi
анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс.
Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып
немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз. 3
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға
барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек
ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа
өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу
тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар –
мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын
кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, отандық
өнеркәсiптiң қарқынды дамуына терiс әсерiн тигiзер факторлар мен кедергiлер
жоқ емес.

Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
• Өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген
қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
• Кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың
үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
• Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын
импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның
салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
• Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру
саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
• Өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға
мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан
құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра
алмай отырғандығы;
• Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен
фирмалардың аздығы;
• Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпке
қызмет көрсетушi әр түрлi инновациялық, инжинирингтiк, маркетингтiк,
консалтингтiк құрылымдардың ұсақ түрдегi қызметтерден аса алмауы;
• Iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы
(шағын экономика);
• Өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
• Мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында
негiзгi қорлардың тез тозуы;
Сондықтан да президенттiң 2004 жылы 19 наурызындағы Қазақстан халқына
жолдауында “мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы ролi, бiр жағынан, экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуге, екiншi жағынан –
инфрақұрылымды жасау және басты салаларды дамытуға жеке меншiк секторды
тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн” деп атап өткен.

Қазақстан бүгiн әлемдiк рынокта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар
арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының
құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге
түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық
жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Ал мұндай тұрақты экономикаға қол жеткiзу үшiн жоғары бәсекеге
қабiлеттi ұлттық экономиканы құру үшiн елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған
Индустриялық-Инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

Бұл стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын,
импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер
құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi,
оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс
iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық
саясаттың басымдықтары болып табылады. 4

Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажеттi
болып отырған бәсекелiк ортаны тиiмдi қалыатастыру үшiн және оны дамуының
мәселелерiн келесiдей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жеткiзуге болады.
Сонымен, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн келесi
шараларды жүзеге асыруымыз керек:

• Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн жоғарлатуды мемлекет өз қызметi
деп алуы керек;
• Отандық өнеркәсiптердiң арасында өзара бәсекелестiктi дамытып, олардың
әлемдiк деңгейдегi бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Өнеркәсiп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;
• Әр түрлi дамыған елдердiң компанияларының стратегиялық альянстарына
кiруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Макроэкономикалық есептеу
Макроэкономика
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Ұлттық байлықты актив пен пассив арқылы есептеу
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу
Пәндер