Тікелей эфир аудиториясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Рейтинг үшін күрес: Журналист міндеті мен аудитория мүддесі...8

ІІ тарау. Тікелей эфирде хабар таратудың ерекшелігі: Отандық және шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...16

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Санаға салмақ салатын саланы телевизия деп түсінемін. Бірақ оның мүмкіндігі көп болғанмен, кемшілігі де кетіп жатыр. Әсіресе, ана тіліндегі арналарды айтпаймыз (өйткені олар жоқ) бірақ қазақша хабарлардың рейтинг санағында төмен тұруы редакциялық ұжымның жұмысын ұлғайтып, көрермен үшін күресін күшейтеді. Телевизияның тікелей эфир түрі - аудиторияны тартудың табысты тәсілі. Осы орайда, журналист жұмысы орасан роль атқарады. Оның талабымен таланты, тәжірибедегі білген тәлімі бағдарламаның бағын ашады.
Бітіру жұмысымда тікелей эфирдегі журналист міндетімен аудитория мүддесін қозғап, мәселенің кемшіліктерін көрдім. Тақырыпты талқылау барысында журналистке қажет қарекеттерді айтып, амалдарды ұсынуға ұмтылдым.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ телевизиясы әр жылдары жарқ етіп көрінгенмен ғұмыры ұзаққа барған жоқ. Себебі, қазақша хабарлар қатары рейтинг күресінде қалып отыр. Көрерменнің сұранысын тудырмайды. Бірақ бағдарламадағы бірінші адам журналист болғандықтан сынның салмағы оның жұмысына түседі. Көгілдір арнада көрінетін бірлі жарым журналистер болмаса, олардың басым дені мамандығының міндетін сезінбейді. Өйткені продюсерлердің пайымы өзгерді. Олар осы салада оқыған мамандардың мүмкіндігін шектеп, экрандағы орынды әртістерге арнайды. Шығармашылықтың басқа шекпенінен шыққан әлгі әртістер журналистикаға жақын болмағандықтан телевизиядағы мамандықтың қадірін кетірді. Әсіресе, тікелей эфирдегі журналист емес жүргізушінің жұмысы аудиторияға екі түрлі әсер етеді. Көрерменнің көңілін қалдырады болмаса талғамын төмен түсіреді. Сондықтан «ақылды ақылдылар айтып, істі ақымақтар шешедінің» кері болмас үшін төртінші биліктің заңды тұлғаларына әртісте бар өнерді үйреніп, қызметін өз қолына алу керек.
Тікелей эфирде табысқа жеткісі келетін журналист ерінбей еңбек етіп, өзін өмір бойы дамытып отыруы шарт. Сондықтан бітіру жұмысымда жеңіске жетудің жолдарын журналистік, психологиялық тілмен талқылауға тырыстым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тікелей эфирдегі журналистің жұмысымен аудиторияның талғамын тану үшін отандық арналардағы әріптестердің тәжірибесімен қатар шетел арналарындағы атақты жүргізушілердің шығармашылық ізденістерін назарға алдым.
1 «Қазақ әдебиеті» газеті, « Тілімізде жаман сөз жоқ...» мақаласы, 5-бет, 2001;
2 Владимир Познер «Прощание с иллюзиями», 2-бет, Москва, Эксмо, 1990
3 В. Соловьев «Манипуляции: атакуй и защищайся», 55-бет, Москва, Эксмо 2011;
4 Сауық Жақанова « Сөйлеу техникасы», 3-бет, Алматы, Қазақ университеті, 2002;
5 Нұрсұлтан Назарбаев, 1995-жылғы Ассамблеяның тұңғыш сессиясында сөйлеген сөзінде;
6 «Жизнь регионов» газеті, « Прямой эфир- живая рыба», 7-бет, 29-наурыз, 2007;
7 Владимир Парфенов, «Влидислав Листьевтің 55-жылдығына орай тағайындалған сыйлықты алған кезінде сөйлеген сөзінен...» 25.11.2010, http://www.youtube.com;
8 Жасұлан Әбдіхалық, «Ақжол» газеті, « С. Торайғыров» мақаласы, 3-бет; 2005ж.
9 «Ар-Ай» газеті, «Әуе толқынында Әнуарбек Байжанбаве» очеркі, 7-бет, 2007жыл;
10 Ахмет Байтұрсынов « Тіл құралы», 37- бет;
11 Зейнолла Қабдолов, «Сөз өнері», 52-бет, 2003-жыл;
12 Ерлан Әбдірұлы, «Жұлдыздар отбасы» журналы, 5-бет,
13 Серік Абас-шах, «Халық сөзі» газеті, 4-бет, 04.02.2011 жыл;
14 Андрей Малахов, «Пусть говорят» бағдарламасында айтатын жаттанды сөзі;
15 BAQ.KZ акпараттык порталы, « Есте сақтаудың мүмкіндігі», 04.02.2011 жыл;
16 Михаил Марозов, « Умение говорить», 59-бет, Москва, Эксмо, 2001ж;
17 «Әдеби әлем» -әдебиет порталы, «Кеңестік кезеңдегі әдебиет»;
18 Нұрбол Мейірханұлы, «Ана-тілі» газеті, «Астана арнасының алар асуы алда» мақаласы, Нұрбол Мейірханұлы, «Ана-тілі» газеті, «Астана арнасының алар асуы алда» мақаласы, 3-бет, 2005-ж;
19 Сонда. 3, 18-бет;
20 Сонда. 3, 41-бет;
21 Ларри Кинг, «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно», 51-бет;
22 «Біздің арнаның жетістіктері», http://www.ktk.kz;
23 Сонда;
24 Сонда. 13;
25 Сонда;
26 Cонда;

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Зейнолла Қабдолов: « Сөз өнері» екінші том, «Сөз өнеріндегі бет пен бағыт».
2 Владимир Соловьев: «Монипуляции: атакуй и защищайся!», «Голос как инстурмент манипуляции» 59 бет, « Искусство упарвлять ожиданиями» 74- бет. « Управление толпой» 173- бет, «Особенности публичных дискуссий» 97- бет.
3 Ларри Кинг: « Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно». « Как выжить в эфире?» 179 бет, « Мой подход к общению в эфире» 181- бет, « Познай свою аудиторию» 167- бет, «Общение это искусство возможного» 164- бет.
4 Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1977. 221 бет. Зарва М.З. Слово в эфире. – Москва: Исскуство, 1971. стр.127.
5 Жолдыбай К. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. //Егемен Қазақстан, 2002. 5 сәуір.
6 Тұрсын Қ, Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. Алматы. Білім; 2003. – 380 бет.
7 Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.
8 Мұқатай Ж. Қазақ телережиссурасы қай деңгейде? // Қазақ әдебиеті. 2004. 27 тамыз.
9 Ықсан А. Қазақ теледидарының үні неге құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті
10 . Ворошилов В.В. Журналистика. Санкт-Петербург. 2000. стр.121.
11 Барманқұлов М. Телевидение: Деньги или власть? – Алматы. Санат 1997. стр.268.
12 Жолдыбай К. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. //Егемен Қазақстан, 2002. 5 сәуір.
13 Броватая Л. Психологический фактор в работе ведущих прямого эфира. //Хабаршы. Журналистика сериясы. №5. Алматы, 1999. стр.
14 Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы. Қазақ университеті, 1998. 265 бет
15 Егоров В. Телевидение и зритель. Москва. МГУ, 1977, стр. 69.
16 Сәрсенов Қ. Тележурналистка терең тамырлы өнер. //Егемен Қазақстан 2004. 28 желтоқсан.
17 Әшімбаев с. Парасатқа құштарлық. Алматы: Қазақ университеті. 1985. 38-44 бет.
18 Бетпе-бет. Хабар агенттігінің интернеттегі сайты: www.khabar.kz

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Рейтинг үшін күрес: Журналист міндеті мен аудитория мүддесі...8

ІІ тарау. Тікелей эфирде хабар таратудың ерекшелігі: Отандық және шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 48

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ...16

Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .50

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
51

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Санаға салмақ салатын саланы телевизия
деп түсінемін. Бірақ оның мүмкіндігі көп болғанмен, кемшілігі де кетіп
жатыр. Әсіресе, ана тіліндегі арналарды айтпаймыз (өйткені олар жоқ) бірақ
қазақша хабарлардың рейтинг санағында төмен тұруы редакциялық ұжымның
жұмысын ұлғайтып, көрермен үшін күресін күшейтеді. Телевизияның тікелей
эфир түрі - аудиторияны тартудың табысты тәсілі. Осы орайда, журналист
жұмысы орасан роль атқарады. Оның талабымен таланты, тәжірибедегі білген
тәлімі бағдарламаның бағын ашады.
Бітіру жұмысымда тікелей эфирдегі журналист міндетімен аудитория
мүддесін қозғап, мәселенің кемшіліктерін көрдім. Тақырыпты талқылау
барысында журналистке қажет қарекеттерді айтып, амалдарды ұсынуға ұмтылдым.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ телевизиясы әр жылдары жарқ етіп
көрінгенмен ғұмыры ұзаққа барған жоқ. Себебі, қазақша хабарлар қатары
рейтинг күресінде қалып отыр. Көрерменнің сұранысын тудырмайды. Бірақ
бағдарламадағы бірінші адам журналист болғандықтан сынның салмағы оның
жұмысына түседі. Көгілдір арнада көрінетін бірлі жарым журналистер
болмаса, олардың басым дені мамандығының міндетін сезінбейді. Өйткені
продюсерлердің пайымы өзгерді. Олар осы салада оқыған мамандардың
мүмкіндігін шектеп, экрандағы орынды әртістерге арнайды. Шығармашылықтың
басқа шекпенінен шыққан әлгі әртістер журналистикаға жақын болмағандықтан
телевизиядағы мамандықтың қадірін кетірді. Әсіресе, тікелей эфирдегі
журналист емес жүргізушінің жұмысы аудиторияға екі түрлі әсер етеді.
Көрерменнің көңілін қалдырады болмаса талғамын төмен түсіреді. Сондықтан
ақылды ақылдылар айтып, істі ақымақтар шешедінің кері болмас үшін
төртінші биліктің заңды тұлғаларына әртісте бар өнерді үйреніп,
қызметін өз қолына алу керек.
Тікелей эфирде табысқа жеткісі келетін журналист ерінбей еңбек
етіп, өзін өмір бойы дамытып отыруы шарт. Сондықтан бітіру жұмысымда
жеңіске жетудің жолдарын журналистік, психологиялық тілмен талқылауға
тырыстым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тікелей эфирдегі журналистің жұмысымен
аудиторияның талғамын тану үшін отандық арналардағы әріптестердің
тәжірибесімен қатар шетел арналарындағы атақты жүргізушілердің шығармашылық
ізденістерін назарға алдым. Америка журналистикасында сұхбат жүргізудің
өзіндік стилін тудырған танымал журналист Ларри Кинг кітабын Как
разговаривать с кем угодно, когда угодно, где угодно , көрші Ресейдің
қызыл көмей жүргізушісі Владимир Соловьевтың Монипуляции: атакуй и
защищайся еңбегін, жеке сайтындағы мамандығы жайында жазған мақалаларын
қолданып, жан жақты талқылауға тырыстым. Сонымен қатар, Құдайберген
Тұрсынның Көгілдір сынды еңбектеріндегі елеулі ойларын ескеріп, санамның
сүзгісінен өткіздім.
Зерттеудің мақсаттары мен мүмкіндіктері. Бітіру жұмысымның әр
бөлімінде тікелей эфирдегі бағдарлама жүргізетін маманның бойында болуға
міндет қасиеттерді қарастырып, жолдарын ашып айттым. Журналистің шын
мәнінде қоғамдық ойды қалыптастыра алатын қуатымен қаруы бар екендігі
белгілі. Мәселе, қуатты дұрыс жұмсап, қаруды тиімді қолдануда. Осы орайда
журналист аз аудиторияны миллионға жеткізіп, жеңіске жете алады. Бітіру
жұмысымда
✓ жеңімпаз журналистке қажет жеті қасиет
✓ рейтинг үшін күрес кезінде журналистің міндеті мен аудиторияның
мүддесі;
✓ журналистік монипуляцияның мүмкіндігі;
✓ отандық және шетелдік журналистердің тікелей эфирдегі тәжіриберлері
жайында талдадым.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысымда қазақ журналистерінің
тікелей эфирдегі кемшіліктерін көріп, білімімнің жеткенінше шешімдерін
белгілі еттім.
Зерттеу тәсілдері: Отандық және шетел журналистерінің жұмысымен танысып,
тәжірибелерін түсініп, кешенді талдау әдістерін қолдандым.
Зерттеу жұмысымның нысаны: Қазақстандағы тікелей эфирдегі бағдарламалармен
жазба арқылы жарыққа шығатын хабарларды салыстыра отырып, бірінші сатыдағы
жолдың аудиторияны тартудағы тиімдігін таныдым. Қазақстан ұлттық
арнасындағы Таңшолпан интерактивті ақпараттық сазды көңілашар
бағдарламасы, жаңалықтар қызметі, Хабар телеарнасындағы Бетпе бет
бағдарламасы, КТК арнасындағы жаңалықтар қызметі және Қазақстан ұлттық
телерадиокорпорациясы АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан-Тараз
арнасында берілетін Рауан интерактивті бағдарламасы. Сонымен қатар
Ресейдің НТВ арнасынан көрсетілетін К борьеру, Поединок бағдарламалары,
Американың атақты СНН арнасындағы Larry King Live хабары.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысымның тақырыбына
қатысты бірнеше еңбектер пайдаландым. Сонымен бірге, Н.Омашев, Құдайберген
Тұрсын, Б.Жақып сынды журналистика теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми
теориялық еңбектерін қолдандым.
Бітіру жұмысымның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
Егемен елдің еркін ақпарат беретін билігі болады. Төрдегі төртінші
билігі. Оның техникалық хәм электронды үлгідегі үздік саласы телевизия
болып қалыптасты. Қазір Қазақстан мемлекетінде қазақстандық арналар көп
болғанмен, қазақ телевизиясы құрылмаған. Алпыс жеті пайыз қазақпен қалған
қазақша сөйлейтін қазақстандықтардың барлығы қазақ аудиториясының
орнағанын білдіреді. Рейтингтің көрсеткіші төл тіліміздегі телевизиялық
туындыларды көтеруі керек еді. Бірақ он төрт аймаққа тарайтын он төрт
телеарнаның бірде бірі тек ана тілімізде ақпарат айтып, бағдарлама
бермейді. Осы кемшілік кесірінен жоғалған аудиторияны жоқтап отырмыз.
Бағдарламаның сапасы жағынан батыс телевиязиясынан кейін қалсақ, ана
тілімізді қолдану аясында туыс елдерден артта тұрмыз.
Журналист алдымен жауынгер, содан соң жеңімпаз болуы керек. Оның
мамандығының мақсаты қазақ журналисі атанып, миллионер хабар жүргізу
арқылы ана тіліндегі арналардың ашылуына атсалысу. Ал телевизияның тікелей
эфирдегі қызметі журналистің халық алдындағы қарызымен парызын, мақсатымен
мүддесін адал атқаруға мүмкіндік береді. Биік тұғырға шығу үшін
мамандығыңның міндетін білу керек. Осы тұрғыда оңтайлы әдістермен тиімді
тәсілдерді қарастырып, тақырыпты ашуға тырыстым.
Журналисті өсіретін де, өшіретін де көрермен. Ол көрерменмен емес,
көрермен үшін күреседі. Басын бәйгеге тігіп, бәсекеде бәрінен озуы тиіс. Ең
бастысы, халықтың қамын, елдің еңсесін, мемлекеттің мүддесін ойлайды. Бүгін
білуімізше, телевизия саласында журналистер саны көп. Тілшілер тұрса таяқ
тастайтын жер жоқ. Бірақ солардың барлығы бірдей ақиқатты айтатын батыр
емес, қара сөздің қадірін білетін ақын емес, журналист боп жүретін қара
халыққа жақын емес. Жеңімпаз журналист бірінші көгілдір экранның көрерменін
жақсы көреді. Өнердегі өзін емес, өзіндегі өнерді сүйіп, оны көретін
аудиторияны ардақтау керек. Тыңдатады, тыңдарман бола білген деп белгілі
ақын әріптесіміз Бекжан Әшірбаев айтқандай, жақсы журналист елдің қажетіне
құлақ асады, оның мұқтажын біледі, мүддесін есітеді. Естігенін еркін
жеткізеді. Қай жанрда бағдарлама жүргізсе де журналистің жүрегінде елдік,
ерлік сезімі сақталады. Оның бойында сенім болады. Алдымен өзіне,
өзіндегі өнеріне, екінші еліне, елінің түсінігіне, және бүгінінде бақытты
болашағына сенеді. Бірақ, жұмысын ертеңге жылжытпай, мезетінде бітіруге
тырысады. Ол күн сайын тікелей эфирге соңғы рет шығып, сәтін салып,
салмақты сөз айтып, барын беріп қалуға талпынады. Келесі күні тағы да сол
соңғы эфир қайталанады. Бірақ жеңімпаз журналист ешқашан эфирге дайындықсыз
шығып, даңғаза сөз айтпайды. Ол аудиториясының алтын уақытын ақтайды.
Қазақша ойлап, сол тілде сөйлейтін журналистердің жарты пайызы
сөзін байыппен салмақтағысы келіп, көп кідіреді. Ойын тез түсіндіре алмай
жатады. Суырып салатын сөзшең журналистермен қатар сценаримен сөйлейтін
жүргізушілердің басында бар індет. Тіпті, жаңалықтағы тілшілердің
сюжетіндегі мәтіндер де баяу баяндалады. Ғарыштық жылдамдықпен дамыған
заманда уақыт секунтпен өлшенеді. Сегіз күндік өмірде тоғыз күндік тірлік
жасағысы келетін еті тірі адамның темпі де жылдам болады. Сондықтан
ақпаратын асықпай айтатын арнаның аудиториясы болуға шыдамы жетпейді.
Әсіресе, тікелей эфир кезінде жүз ойды бір сөзбен жеткізетін нақтылық,
сәтті синонимдермен сөйлейтін анықтық, тақырыпты тура танытатын нұсқалық
талап етіледі. Осы үш қасиетті ғұлама ғалым Аристотель тілдің тірегі деп
таныпты. Қаламы қарымды, болмысы дарынды жазушы Қабдеш Жұмаділев те қалып
айтпаған. Тілімізде жаман сөз жоқ, кінә сөзді орнына қолдана
білмейтіндердің өзінде, әр сөзге сөйлемдегі өзінің таңдаулы, талғаулы
орындарын дұрыс тауып бере білсе, жай сөздің өзі де поэтик тілдің ролін
атқарады [1]. Міне, журналисте жеті сөйлеммен жіті пікірін жеткізуі
керек. Кейде көгілдір экранда көп сөйлеп, аз айтатын жүргізушілерді көзіміз
көреді. Көп сөйлегендік-көп айтқандықты білдірмейді[2]. Олар шешендік
өнерді мылжың әңгімеге теліп, аудиторияны арзан сөзбен алдайды.
Ақпаратты айтып, пікірін пайымдаудың да талаптары болады. Сол
арқылы журналистің стилі қалыптасып, бағдарламада қолтаңбасы қалады. Қазақ
журналистикасында бір қағида қалыптасқан. Қағида бойынша журналист эмоцияға
берілмей, салмақты қалпынан айнымау керек. Ел тағдыры тақырып болып,
талқыланып жатқанда журналист қалай аталмыш қағидаға бағынуы мүмкін?
Орыстар ойланып былай деген екен: Туралық эмоциямен түсіндіріледі .
Мықты сатушы тауарын сатпайды, эмоция-сезімін сатады, ең бастысы эмоция,
одан шындық шығады- деп осы елдің жеңіске жеткен журналисі Владимир
Соловьев айтқан [3]. Бітіру жұмысымның мазмұнында шешеннің эмоциясының
тоқтар шегін, қойылар нүктесін белгілі еттім.
Аудиторияның өзі жік-жікке бөлінеді. Кейде көрермен өзіне керек пен
өміріне қажетті қателесіп таниды. Көзқарасына әсер етіп, рухани әлемін
өзгерту тағы да журналистің жұмысы. Ол білімді эрудициясымен интеллекті
байыған болып, сол биікке аудиториясын көтеру керек.
Тікелей эфир- табиғаты кәсіби-шығармашылық процесс, құрылымы
күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл,
ешнәрсені түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз қалпында айналымға түсетін,
қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние болғандықтан журналист
бес аспап, кемінде бес саланы ( психология, актерлық өнер, тарих,
экономика, саясат) меңгерген маман болуы міндет. Әсіресе, бүгінгі
продюсерлердің заманауи пайымдары бойынша әдемі әртіске айналу керек.
Ақылды журналистпен сұлу актердың бақталасында, таразы басы актерға ауады.
Бірақ, психология тұжырымында келбеті көрікті адам сымбатына сеніп, көп
еңбектенбейтін көрінеді. Шынында, мемлекеттік арналарда шоу жүргізетін
әртістердің шеберліктері шикі шығып, хабар сапасы сан соқтыратыны өтірік
емес. Дегенмен, өресі өскен журналист актерлық өнерді де қоса үйреніп,
аудиториясына үлгі болатындай деңгейге жетеді. Актер тележурналист болуға
тиісті емес, ал тележурналист актер болуға міндетті деп айтқан атақты
Сауық Жақанованың сөзі ақиқатқа жақындайды [4].
Журналист мамандығы тиіс пен міндеттен, қажетпен керектен, парызбен
қарыздан тұрады. Әсіресе, тікелей эфир ерінбейтін еңбекпен екінің бірінде
болмайтын ерлікті талап етеді. Қызығы мен қиындығы қосылған үкіметтік
емес, мемлекеттік қызметте көп ақылмен аз асаулық керек. Өзіңді өмір бойы
жетілдіріп, келер жеңісті бағындырып отырасың. Қиялыңа қимылың сай кеп,
көрерменіңді бірнеше миллионға байыту жеңімпаз журналист міндеті. Бітіру
жұмысымда осы талаптарды тереңінен талқылап, жеңімпаз журналистің жеті
қасиетін тану арқылы аудиторияның көңілін баураудың жолдарын жаздым.
Қысқасы қазақ журналисінің әрбір жеңісі таза қазақ телевизиясының
қалыптасып, қоғамның оған сұранысын тудыруға түрткі болады деп сенемін.

І тарау. Рейтинг үшін күрес: Журналист міндеті мен аудитория мүддесі

Кезінде аузы батыр Бұқар бабамыз шаршы топ алдында сөз бастаудан
асқан қиындық әсте жоқ шығар деп асыл әңгіменің қадірін барынша биікке
көтерген еді. Міне, бүгін өзімде сол биікті сезе отырып, жыраудың сөзіне
сене отырып, бітіру жұмыстағы бірінші тараудың азат жолын, алғашқы ойын
батыл қарқынмен бастамақпын. Азаматтық қоғамы бар озат елдің әділ
демократиясын күзететін, оған қол сұққандармен күресетін сара жолдың
сарбаздары журналистер екені біреуге шын, басқаға өтірік. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев тілшілер қауымына қарасты қағида нұсқады. Бұқаралық
ақпарат құралдары санаға сақ, халыққа жақ болулары керек [5]. Керемет ойға
көңіл бөлмеу күпірлік болар еді. Сондықтан Конституцияда көрсетілген
мемлекеттің негізгі байлығы БАҚ-тың да бірінші басшысына айналады. Осы
орайда, есімі елге белгілі ақын ағамыздың жыр шумағы еріксіз еске түседі.
Халық күн ғой, күннен биік бола ма, күннен биік болам деп күйіп қалма.
Ендеше, ен байтақ ел аумағындағы барлық телеарналардың бағыты бірдей.
Қалаулы ханымыз айтқандай, олар халыққа жақ болулары керек. Жақ болу
үшін, алдымен, жақын болу қажет. Журналистік терминнің түсінігімен
айтқанда, телеарна қызметкерлері аудитория саны үшін сапалы дүние жасауға
ұмтылады. Сапалы жұмыс сарсаңға түсірмей қоймайды, әрине. Біздің әріптестер
рейтингтің биік көрсеткішін көзі көруі, көңіл қуануы үшін экспромдық һәм
экстремальды қалыпқа бағынуы тиіс. Ақпараттық жанрға жататын жаңалықтар
бөліміндегі еті тірі, еңбекқор азаматтар айтпақшы: журналист от үстімен
қайнаған қазан ішінде жүретін (іш пыспайтын) жұмысты жақсы көру керек.
Психологиялық тілге салсақ, сол саламен ауырған жақсы. Ал мұндай ессіз
мүмкіндіктің есесі тек тікелей эфир кезінде жүзеге асады. Өйткені, тікелей
эфир тележурналисті экран алдында телміріп отырған халықпен жақын
байланыстыратын жалқы жол. Монтаждың қайшысынан қашатын, басшының
цензурасын басатын батыл қаруың болады, қолыңда. Бір сөзбен айтқанда,
журналист жұмысы сол журналистің ғана билігіне бағынады. Хабар берудің
басқа тәсілінде жүргізуші жұмысы телеарнаның, монтажер, оператор,
режиссермен басшылықтың ақылымен жасалады. Көлденең көк атты адамдардың
ақылының аз пайызы ғана журналист пайдасына асып, еркін ерлікке шабыт
береді. Бірақ басқаның саусақ нұсқауы болмаса да, тікелей эфирдің тілін
тапқан журналист редакторлық міндетін де ұмытпай, мінезді сөзін ретке
келтіріп, қоғам мүддесін қориды.
Жазба арқылы жарыққа шығатын хабарлар уақыты көп, уайымы жоқ
тележүргізушіге арналған жеңіл әдіс. Журналистің ой мен бой жинақылығын
жазып, жауапсыз, бейқам болуға ыңғай береді. Ойланбай он сұрақ қойып, оның
монтаж арқылы сегізін кесуге жол ашық. Сөзін жаттамай, ұмытқанда қайталай
салу түкке де тұрмайды. Осындай жеңіл ой жүгізуші талабын таусып, талантын
танытпайды.
Осыдан жыл бұрын Қазақстан ұлттық арнасының бағдарламалар бөлімінен
тәжірибеден өтудің жолы түсті. Сол кезде байқағаным, жұлдыз жүргізушілер
тұрмақ, танымал болып тіс қаққан журналистердің біразы тікелей эфир
жұмысынан айналып өтеді. Жазба арқылы жүзеге асатын хабарды жүргізгенде
жүйрік болып шапқанымен халыққа бетпе бет (тікелей эфирде) көрінуге жігері
жетпейді. Өйткені санамызға ес білгеннен бері орыс тілдің сөздік қоры
сақталғанының себебінен ойымыздың айтары аузымызға сол мезет түспей қалып,
баяу байыптауға тура келеді. Аталмыш арнадан Қазақстан шетел
жаңалықтарын жоғары деңгейде жеткізетін журналист Қанат Әуесбай қазақ
тілшілерінің орыс әріптестеріне қарағанда баяу сөйлеп, стэнд -ап-ты ұзақ
жазатындарын мойындайды. Журналистік ойыңды оқиға орнында жинақтап,
жаңалығыңды дайындықсыз жеткізер тұста ойыңа орысша сөз оралып, оны
қаперінде қазақшаға аударамыз. Бұл қалада өсіп, орыс ортасынан ойыспаған
қазақ журналистерінің осал қырлары. Бәлкім сондықтан болар, білімі жетік
журналистердің өзі эфир жұмысында өз биіктерінен көрінбей жатады.
Көрші Ресейдің көрнекті тілшісі Владимир Мукусов бағдарлама
жасаудың екі әдісін көрермен көзімен көріп, әдемі мысалға теңеп берген.
Оның ойынша: тікелей эфирдегі хабарды көрген кезде теңіздің тірі балығын
аулап алып, оны жаңадан қуырып жегендей боласың. Ал жазбадан өткен өнімге
қараған уақта дүкен ішіндегі тұрып қалған консерві килькиін аузыңа амалсыз
салғандай әсерге түсесің [6]. Бес минутсыз журналист ретінде Мукусов
мырзаның мысалын толығымен қолдаймын. Тікелей эфирде жол тартқан хабардың
халыққа берері ұшан теңіз. Ең бастысы, мұнда таза табиғи тартымдылық
болады. Жұртты жауыр қылған жасандылықтың жаттанды көрінісі қырағы көзге
сүйел болмайды. Бұл қағиданы қазақ телевизиясының негізін қалаған
қайраткерлер де жақсы білген. Тұңғыш журналист болып танылған ақсақал
әріптестер тікелей эфирдің таңсық жұмысына тартынбай кіріскен. Себебі,
Қазақстан арнасының алғаш құрылған жылдарында қажет техникалық жарақтардың
түгел болмауы салдарынан әрі уақытты ұтымды пайдалану мақсатымен
хабарлардың басым дені тікелей эфирде берілетін болған. Журналист
дикторлар суфлерға сенім артпай-ақ, қағазға қарап, айтар сөзін сезіммен
жеткізетін. Бүгінгі техниканың мол мүмкіндіктері ол заманда кәдеге
аспағанмен, Сағат Әшімбаев сынды сайып қыран саңлақтардың ұрпағын ұтқан
жеңісі бар. Олар жаңа ғасырдың журналистерін шынайы болмысымен басып
озды.
Бүгінгі шарайнадағы шынайылық бүлінді. Сынауымның сенімді себебі
бар. Бұрын балғын жасымда экрандағы журналистердің жаттап алу қабілеттеріне
қайран қалатынмын. Бір ойды жүз сөзбен жаңылмай жеткізеді. Бірақ неге екені
түсініксіз, қазақтың сөзінің екпінін дұрыс түсірмейді, болмаса, қарапайым
анықтаманы айта алмай қалады. Сонда олар мәтіннің мәнін білмейді ме деп
ойлайтынмын. Сөйтсем, суфлер арқылы сүрінбей жүр екен. Бес бет мәліметті
бір мәнермен оқып береді. Суфлердің сенімді досқа айналғаны сондай, тіпті
танымал жүргізушілер дайын мәтінді эфир алдында қарап алмайды. Көгілдір
экранда көздері алақтап, ауыз екі тілдің оңай сөздерін кері айтып, күлкіге
қалып жатады. (Қазақстан ұлттық арнасының тікелей эфирінде Астана
аруларын ауруларға балап, ақымақ көрінген айташыны ұмытқан жоқпыз).
Жұмбақ жолмен шешен қылатын теледидар технологиясын көрермен көзі көрмесе
де, түйсігі сезді. Қазір оларға жүргізушінің шынайы бейнесі беймәлім.
Суфлердің қызметі ғана анық көрінеді. Оның үстіне технологияның таңсық
мүмкіндігін тәжірибелі тілшілер аудиториясына ашық айтып, сүйінші
сұрайтынын да естіп қалдық. Таң шолпанның танымал жүргізушісі Кенже
Жұманұлы жаңалықтар қызметіне кезек берген кезде: бүгін жаңалықтарды
оқып беретін Пәленшеұлы Түгенше деп ақиқатын аңдамай айтып қойды( 27.
05. шыққан эфирде) . Сірә, суфлерға қарамай, бір сәттік суырып салма
өнерімен сөйлеген кезде аузына түскен сөзді сақтай алмаған болар. Әйтпесе,
алты сөздің бесеуін біреудің жазғанынан оқып беретіні белгілі. Алдында
айтып өткен аға апаларымыз суфлердың қызметі болмаған соң, мәтінін жаттап,
көкейіне сақтап алатын. Тікелей эфир кезінде қағазына қараса да сөйлем
екпінін қайда түсіруді сезетін еді.
Қазақстандық арналардың эфир қоржынында қызыл жасыл жазба хабарлар
көп болған соң, олардың сырт әлемге әсері тимей қоймайды. Сырт әлем деп
қалың көрермен қауымын санаймыз. О, заман да бұ заман, теледидар құралы
қоғамдық ойды қалыптастырып, сананы салмақтайтын соны сала екендігіне
ешкімнің күмәні болмаған. Оның әсері игі әрекетке жол бастайтын. Бірақ
бүгінгі отандық арналардағы бір қалыптылық бара - бара бір сарыңдылыққа
жалғасып, жамағат жұрттың жалын жанарын жоғалтып алған сияқты. Хабар
мазмұнына салмақты ой салынбаған соң, көрермен еріксіз екі жармаққа
бөлінді. Бірінші жармақтың жаны жаңалыққа жақ болған соң, жеңіл хабарларға
жауыр болды. Олар көрінген дүниені көрмейтін болып байкот жариялағандар.
Екінші топқа еріншектердің (жеңіл хабар жүргізушілердің) еңбегіне
(ермегіне) еріп, ой талғамы ортайғандар жатады. Осы екі жармақты
жақындататын бір ортақ сипат бар. Ол бейқам көзқарас. Көрерменнің екі
бөлігі де журналист жұмысына селқос қарайды. Яғни, бүгінгі аудиторияның
мінезі өзгерген. Ер журналистің де, ез журналистің де жұмысына көзінің
қиығын салып қана көреді. Мамандығына адал азаматтар еңбегіне сай
еленбейді. Бұл індет Ресей БАҚ-ын да айналып өтпеген. Сюжетті сұлу сурет
қылып жасайтын жаңашыл журналист Леонид Парфенов басын бәйгеге тіккен батыр
журналистердің бағаланбауын былай деп сынаған еді: журналисті газетте
жазғаны үшін, экранда шыққаны үшін, тікелей эфирде сөйлегені үшін ұрмайды,
өлтірмейді. Журналисті оқырман оқығаны үшін, көрермен көргені үшін,
аудитория естігені үшін ұрады, өлтіреді [7]. Ауыз күйсе де айтылатын
ақиқат осы. Атам қазақтың жақсының жақсылығын айт деген ақылын алып,
журналистердің жақсылығын айтса, көрерменнің көрегендігі болар еді.
Қазір журналистке көрерменнің кемшілігімен күресу керек. Анығы,
журналист қалғып бара жатқан қоғамды жылы орнынан қозғап, жалқау ойынан
ояту керек. Аты да, заты да, газеті де ҚАЗАҚ Ахмет Байтұрсынов
айтқандай, маса сияқты беймаза күн кешуге тура келеді. Жүрегінің түгі бар
жауынгер журналистке тікелей эфир қалтқысыз қызмет ететінін айтқан
болатынмын. Жүргізуші журналист эфир арқылы жалпақ жұртты өзіне қаратып,
сөзіне ұйытып, ойлаған межесіне сүрінбей жетуіне жол ашылады. Әрине, сұлу
сөзбен айтқан арманды ақылмен істеу анағұрлым күрделі. Масаның міндетін
атқару үшін де үлкен еңбекпен зор ізденіс, Қадір ақынның өлеңінде
жазылғандай, аз асаулық пен көп ақыл керек. Бұрын баспасөз бетінде көзім
шалған сыншы ағамыздың талабы да туралықты нұсқайды. Ол кісі жақсы
журналист Абайдың сөзімен жазып, Маханбеттің тілінде сөйлей алады дейді. Ал
сөз сұлтанын теріп, ұйқас дәнін сеуіп айтатын адуынды ақын Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлең патшасы жайындағы пайымы шешендік сөздің де сыр сипатын
дәл ашады. С.Торайғыров түсінігінде: Өлең (сөз) жанға қуат, көңілге
көрік беріп, алды түзеуге қарай бастайтын болсын, бұзылған қанымызды түзеп,
қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа болуға тиіс.
Дәмі бар, маңызы бар, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің,
толғанған жүректің сығындысы болсын делінген [8]. Таланты ғаламат Ғабит
Мүсірепов те тіл құдіретін қозғағанда мүдірмеді. Классик жазушы: Күн
шалмаған қараңғы көңілді сөз шалады деп сеніп айтқан. Шынында тікелей
эфирдің екі тізгін бір шылбырын қолына алған журналист жамағат жұрттың
алдында шешен сөйлеп, шебер сөзін жеткізе білсе, адал кәсібінің игі нәсібін
татпақ. Мамандығының мақсатына төте жолмен жылдам жетпек. Шәкен Айманов
атамыз әуе толқынының дүлділі Әнуарбек Байжанбаевтың адал еңбегін елей
отырып, халық алдындағы жауапкершілігін түсіне келіп, былай кеңес берген
екен: Дауыстың әр діріліне, дыбыстың әр үніне, сұлу сөздің сиқырлығына
ғажап мән бере біл. Оған қоса, өзіңнің табиғилығыңды таныта біл. Қазақтың
шетсіз де шексіз дариядай толқын сөзінің нақышын, бай ойнақылығын,
қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат [9].
Менің ойымша, тікелей эфирдегі журналистің бойында болатын қасиеттің барлық
атауы атамыз айтқан ақыл қоржынына сыйып тұр.
Әдебиет тарихының төрінен ойып тұрып орын алған ойлы ақын
жазушыларымыздың ақылды афоризмдері журналист жұмысына сипат береді.
Дегенмен отандық арналардағы тележүргізушілердің кәсіби деңгейіне қарап
қалпағымызды аспанға ата алмаймыз. Қателіктің бар екендігін айтамын, бірақ
одан шығар жолды нұсқауға міндетті емеспін дейтін неміс ұстанымын ұмытып,
бітіру жұмысымда журналистердің кемшін кетіп жатқан тұстарын анықтап,
оның шешілу жолын қарастыратын боламын.
Жеңімпаз журналистің жеті қасиеті: Кезінде Хабар агенттігінің белгілі
тележүргізушісі Қымбат Досжан тікелей эфир табиғатын қызып тұрған майданға
теңеген еді. Анық айтылған сипат. Алайда, бірлі жарым жарыған бағдарламалар
болмаса, тікелей эфирде шығатын хабарлардың басым дені аузыңды аштырып,
көзінді жұмдырмайды. Біздің көпшілік эфирлеріміз бейбіт, кейде бейқам
майданға ұқсайды. Одан қызып тұрған жалынды емес, өшіп қалған шоқты
байқайсың, артынша басыңды шайқайсың. Ақылды ақылдылар айтып, істі
ақымақтар шешедінің керін қазақ тілді бағдарламалар көріп отыр. Қазақтың
бай сөзінің байыбына бармайтын ерке тотай қыз-жігіттер редактор жазған
шимай шатпақты шатасып жатып, жамағат алдында оқығандай болады. Суфлердан
сүрініп айтылған сөздерді көңіліне тоқыған көрерменнің бар екені, бар болса
да көп екені күман туғызады. . Олардың далбаса дайындығының нәтижесі
даңғаза хабардың таралуына алып келеді. Сондықтан да сойылы мықты
сыншылардың сойыпсал сынына ұшырайды. Ақиқат сөздің қаймағы тұрмайды
шықпай бетіне деп шындықты басып айтқан Қадір ағаның шумағы теле
сыншылардың отты тілі мен ашты сөзін ақтағандай. Психология ғылымы тағы да
бір шындықтың бетін ашады. Көбінше беті сұлу қыз жігіттер басқа
жолдастарына қарағанда анағұрлым аз дайындалады, жеңіске жетудің жеңіл
жолын таңдайды екен. Тап басып айту қиын, әйтседе экран ішіндегі сұлу
қыздармен сымбатты жігіттердің кәсіби деңгейіне қарап, психология
пайымдаған тұжырымға келісесің. Қасым Аманжолов айтпақшы, қазақ
телеиндустриясының өнімі саналатын қызыл жасыл әлем барлық көрерменнің,
әсіресе, балғын көрерменнің талғамын төмен түсіріп, енжар әрі жалқау
қалыпқа үйретіп жатыр... Қасым ағаның ашты мысалына Қазақстан ұлттық
арнасының Таңшолпан бағдарламасы-ақ сұранып тұр. Басқасы басқа,
журналистика факультетін бітіріп, БАҚ әлемінде өзге мамандардан бір бас
биік тұрарлық жөні бар Кенже Жұманның жүргізушілік жұмысы мін айтуға
мәжбүр етеді. Тәжірибе арқылы шыңдалатын кәсібилік деңгейінің көлеңкесі де
көрінбейді. Қайта, телеарнаның былайғы жұрт біле қоймаған құпияларын
аңдамай болса да ашып жатқаны белгілі. Ол кісінің оқуындағы мағынасыз
мәнері жүгіртпе жолдың бар екендігін ел назарына көрсетіп қояды. Даусындағы
дикциясының әлсіз болуы, қосымша сыңғыр дыбыстарының, жағымды вибрация
дірілінің, табиғи әуенінің құлаққа жетпеуі көңіліңді көтермек түгілі кері
мақсатты көздеуі де әбден мүмкін. Журналистің эфирдегі жұмысы есінеген
көрерменді елітіп, ұйқысын бір жола ашып жібереді. Бағдарлама біткенде
де көрерменнің көзі ілінбей ой елегінде жатуы керек. Эфир уақытын уысында
ұстайтын басшылар қазақ тілді бағдарламаларды түннің бір мезгілінде беріп,
журналистерге ұйқыашар міндетін жүктеп отыр.
Жүрек сезімі, көңіл сөзімен жазылмаған сценариді (редакторлар жазып
берген) өз баландай жақсы көріп, жалпақ жұртқа жеткізу әр бір жанның
маңдайына бұйыра бермейді. Әлбетте журналист мамандығы оқуы көп, ізденісі
мол күрделі кәсіп. Жұмсаған ерік жігер, қажыр қайрат, еңбегіңнің есесін
халықтың ақ алғысы қайтарады. Бірақ кей журналистің жұмысын көргенде бұлай
еңбек еткенінен гөрі мүлде тірлік етпей-ақ қойғаны дұрыс па еді деген екі
ұшты ойға қаласың.
Әдетте суфлерсыз салемдесе алмайтын тележүргізушілер өз әлдерін
жақсы біледі. Сондықтан олимпиада сияқты айтулы шараларда болмаса, күн
құрғатпай тікелей эфирге шыққанын әсте көрмейсің. Оларға жайбарақат жазба
түрінде өтетін бағдарламалар жанына жақын. Бұрын екі сөздің басын әрең
құрайтын әншілер бүгін монтаж құралының құдіреті арқасында бақандай бір
хабардың жүргізушісі болып алған. Ел арнаның ерекше жобасы саналатын Солай
болған! бағдарламасын жүргізу Жанболат пен Жазираға оңай болғандығы
байқалып-ақ тұр. Сөзге сараң болса да сценариге сеніп, сағыздай созылған
уақытта жұмыстарын бітіреді. Қанша дегенмен, біткен іске сыншы көп.
Әсіресе, біткен ісіңде тиянақтық болмаса. Қысқасы, Солай болған
бағдарламасы қасқыр журналистердің көзқарасы тұрмақ, қарапайым
көрермендердің көңілінен шықпайды. Қос әншінің әртістік те, айташылық та
өнер атауынан алыс екендіктері елге мәлім. Және қазақ әншілеріне топырық
шашқымыз келмесе де шындықтың бетін жасыра алмаймыз. Экраннан жүргізуші боп
көрінуге құмар эстрада өкілдерінің сөз өнері Жанболатпен Жазираның
деңгейінен әрі аспайды. Ал жетелі елдің жетекші арналарын басқаратын
продюсерлер хабар жүргізу құқығын журналистен аттап, әншіге береді.
Ал әдемі әншілеріміздің әлі тікелей эфирге жетпейтіндіктен мұндай
тірі хабарлар тауыққа бидай сепкендей сирек беріледі. Бірлі жарымы ғана
көзге түседі, бірақ сол аздың өзі патша көңілді күпті қылады.
Тікелей эфирде айтар сөзіңнен шатаспай, таңдаған бағыттыңнан
адаспай жөні түзу, жұрт көңілінен шығатын бағдарлама жүргізу екінің бірі,
егіздің сыңарының қолынан келе бермейді. Журналистика факультетінің үшінші
курсын тәмамдаған тұсымда менің студенттік еншіме дәл осы эфир майданында
тәжірибеден өту бақыты бұйырды. Редактор жүрзізуші болып қызмет жасаған
Қазақстан Тараз телеарнасы мен үшін бес айлық үлкен білім мектебі болды
десем өтірік айтқаным емес. Мемлекеттік тілді мәртебе еткен бұл арна менің
кейпімдегі болашақ журналистің танымын кеңейтіп, тәлімін тереңдетті. Таң
шолпанның Жамбыл жұртына арналған аналогы-РАУАН бағдарламасы. Ақпараттық
сазды әрі танымдық сипаты бар бұл хабардың екі сағат эфирі төрт журналист
жұпқа сеніп тапсырылды. Солардың бірі мен болғандықтан абыройлы жұмысқа
білек сыбана, барымды салып кірістім. Сен тұр мен атайын деген үздік
журналистерден үлгі алып, мол тәжірибе жинауға мүмкіндік болды. Ең бастысы
естіген таңсық, көрген анық дегендей тікелей эфирдің табиғатын көзбен
қарап, қолмен ұстаудың керемет сәті түсті.
Рауан интерактивті бағдарламасын жүргізу барысында бір ұққаным
журналистің бойында жауынгерлік қасиет болуы керек. Тікелей эфир жұмысын
тура мағынасында майдан деп түсіну қажет. Сол майданның жеңімпазы болғың
келсе, төрт сайманынды түгел сайлап, жинақы жүресің. Алмас сөзді алдаспан
қару етіп, абыройынды асқақ етуге де мүмкіндік бар. Алайда, майданда
болатын күресті көрермендермен емес, көрермендер үшін жасау қажет.
Республикалық арналардың базбір журналистері кейде көрерменмен бәсекеге
түсіп, мәдениет әдебінен алыс кеткен тұстарын атап өтпеске болмайды. Хабар
арнасындағы Бетпе бет бағдарламасы қалың көпке әу бастан белгілі. Саяси
бағыттағы хабардың жүргізушісі Берік Уәлидің болмысы өз басыма түсініксіз.
Жақсы журналист үшін ең басты кейіпкер қонақ емес, көрермен болуы тиіс.
(Мансапты қонағынды мақтап жеке басыңның мұқтажын өтеуден өткен сорақылық
жоқ. Жақ ашпас қонаққа жайлы жалпақ шешей болып, жағымпаз күйде көрінетін
жүргізушілерге күйінесің... бірақ бұл басқа әңгіме...) Он алты миллион
отандасыңның мүддесі сенің санаңда сақталып, сөзіңмен ісіңде көрініс табуы
міндет. Өйткені журналист қанша атағы шығып, жолы жуандаса да, ол ең
алдымен қара халықтың қарапайым өкілі болып табылады. Берік Уәли болса,
мұндай бекіген ұстанымды білмейтін сияқты. Оның Бетпе бетті жүргізген бет
болмысы салқын салмақтылықпен танылады. Себебін журналистің стиліне сілтеп
келдік. Бірақ бағдарламаның бір эфирінде салқындықтың салдары көрермен
жағына ауды. Қоңырау шалған қарт кісінің қойған сұрағы Берік Уәлиге ұнамаса
керек, іле шала сөзін қағып, ауыр күрсінген кейпін көрсетті.Демек, бұл
журналист президенттің пәрменді нұсқауын орындап жатқан жоқ. Халыққа жақ,
санаға сақ емес. Шын жүзінде, журналистің қараша еліне жақтығы мен сақтығы
айтар сөзді сүзгіден өткізіп барып сөйлеуімен ғана шектелмейді ғой. Халық
журналист жұмысынан жан ашитын қадамдар күтеді. Ал Берік Уәли сияқты
ақылгөй айташылардың маңғаз, өркөкірек кейіптерін көргенде олардың көңілі
қалып, үміті өшеді. Жоғарыда айтқанымдай бейқам қалыпқа қайта оралады.
Рауан бағдарламасында жүргізген азын аулақ тәжірибеммен төрт жыл
оқыған тәліміме сүйене отырып, жеңімпаз журналистің ең бірінші қасиеті
өз аудиториясын жанындай жақсы көруінде дер едім. Адамдармен араласқан
кезде екінші тынысы ашылып, бақыттан басы айналып кетуі керек. Рауанның
алғашқы эфирлерін шығаруға атсалысқан әріптесім, әрі арнадағы алғашқы
ақылшым Мөлдір Анарбайқызы дайындық кезінде алтын кеңестерін аямаған еді.
Ол кісі көрерменмен сөйлесу үшін жүргізуші сол көрерменнің бірі болып
кеткені дұрыс дейтін. Әрбір адам диолог құрғанда құрдасының өзімен тең
болғанын ұнататынын айтқан. Тікелей эфир жағдайында Тараз жұртын тірі
әңгімеге тартқанымда Мөлдір танытқан пікірдің растығына көзім жетті.
Алайда, бұл қағиданы қайшы түсінетін жүргізушілер де жоқ емес. Бояушыға
боя десең, сақалын бояптының жаңсақ жолымен жүретін журналистерге не
дерсіз. Олар Көрермен қарапайымдылықты қалайды деген сылтаумен артық
дайындалуды жөн көрмейді. Қазақтың жалпақ тілін жұқартып, жұтаң сөзбен
жұртқа жұлдыз болғысы келетіндер әлгі қарапайымдылықты қарабайырлыққа
айналдырған. Мәдениет пен өнердің биік эстетикасы тоғысқан телеарна тілі
көшенің сөзіне былғанбауы тиіс. Сөйлеушінің мақамымен мәнері, әдемі әдебі
таңдай қағарлық қалыпта болуы міндет деп ойлаймын. Әйтпесе журналистің
қара жаяу жүргіншіден қандай айырмашылығы байқалады?! Ахмет Байтұрсыновтың
тіл қисыны хақындағы қағидалары сөйлеуші міндетін қалыптастырады. Тіл
қисыны дегеніміз - асыл сөздің болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.
1Сөз дұрыстығы - әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалу айтылады.
1. Тіл тазалығы - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.

а) ескірген сөздерге жоламау
ә) жаңадан шыққан сөздерден қашқан.
б) өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.
2. Тіл анықтылығы - айтылған сөз мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді
күдіктендірмейтін болса.
3. Тіл дәлдігі - сөз мағынсы сәйкес келу. Тіл дәлдігін көбінесе
мәндес сөздер бұзады.
Тіл көрнектілігі. Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде
талғау сөздің көрнекі болуы да керек қылады. Кітап қазынасынан жинаған
жуйелі сөзінді сценарииге кіргізіп, аудиториянды аузына қарататындай
қадірлі сөйлесең, жеңісін жақындайды [10].
Мөлдір айтқан кеңестің түпкі түсінігі эфирге дайындықсыз келіп,
көрерменмен арзан сөйлесу дегенді білдірмейді. Ол: әр жастағы, мінезі
алуан, пікірі түрлі аудиторияңның әрбір мүшесіне жеке жол тауып, көңілін
қалайда арбау керек екенін меңзеген. Баламен бал тілде, заңгермен заң
жүзінде, жазушымен әдеби тілде, ақынмен өлең ұйқасында әңгіме ұйыту от
ауыз, орақ тілді оратордың өнеріне тән.
Рауан бағдарламасы менің бұрын бойымда болмаған психологиялық
танымымды қалыптастырды. Отбасымда көп баланың бірі болып, есігі ілінбейтін
ауыл аймағында тұрмаған соң, көпшіл болғанмын деп кеудемді қаға алмаймын.
Қалада тұрсам да қызын қырық үйден тыятын ата ананың тәрбиесінде өстім.
Күніне жүз адаммен танысып жүрмегенім белгілі. Жақын адамдарыммен жасты
құрбылардың ортасынан шықтым. Бейтаныс жандармен лезде тіл табысып кететін
қасиет болмаған. Бірақ, журналист жұмысына кіріскен соң, қасиет жоқ деп
қол қусырып отырғаның осалдығынды білдіреді. Сондықтан жұмысымның ең басты
қаруын меңгеріп, онымен қамдануды үйрендім.
Әдетте, әр адамның әлсіз тұстары болады. Сол әлсіздік әңгіме
барысында байқалса, оны теріс әдетке телиміз. Сөзге сараң адамдар көп
сөйлегенді ұнатпайды. Оларға бөтен адаммен танысу ерлік жасағанмен бірдей.
Америка елінің атақты психологы сөйлесудегі сенімсіздік жайында
студенттерге арнап, тест жасаған екен. Тест нәтижесі бойынша жоғары
білімді оқымысты жастардың алпыс төрт пайызы сөйлескен кезде
қобалжитындықтарын жасырмады. Тіпті кейбіреулері ұшақта отырып, қасындағы
адаммен танысқаннан гөрі терезеден секіріп кеткен оңай көрінеді деген.
Сөйлеу өнері ерінбейтін еңбекті талап етеді. Әсіресе, теле
жургізушілер сөз табиғатын терең танып, адам психологиясын жақсы білулері
керек. Олар ойлы сөйлеумен қатар, келген қонақтың ашық болуына мүмкіндік
жасауы қажет. Алдындағы адамның ашылып сөйлеуі үшін онымен эфирден бұрын
тіл табысып, дос болып үлгергенің дұрыс. Осы тұста Тараз телеарнасындағы
тәжірибеммен бөліскім келеді. Эфирден бір күн бұрын бағдарламаға шақыратын
қонақтармен хабарласып қоятынбыз. Біз отыратын редакцияға қаланың құрметті
азаматы Асембек Жолдасұлы келді. Студияға келетін екі қонақ табылып, үшінші
адамды шақырып үлгермегендіктен Асембек ағаға қолқа салдық. Ол кісі қуана
келісті. Ертеңгілік эфирді әріптесім Данияр Әлімқұлмен бірге жүргіздім.
Тақырыбымыз қызық, телефон тұтқасымен талқылап жатқан көрермен саны көп.
Қысқасы, эфиріміз сәтімен өтіп жатты. Бірақ соңғы қонақ Әсембек аға
кіргенде әріптесім Данияр Әлімқұлға қараған суық қабағын байқадым. Эфирге
келген адам жүргізушіні ұнатпайтын болса, оған оғаш мінез танытуы әбден
мүмкін. Сондықтан жарнама уағында ауыр сұрақтарды өзіме алып, Даниярға
жеңіл сауалдарды қоюын сұрадым. Эфир басталды. Әсембек аға әріптесімнің
алғашқы сұрағынан бастап сын тағып, қолайлы сәтте қағып тастап отырды.
Тіпті, кейінгі сұрақтарын қойған кезде естімеген сыңай танытып, үңсіз отыра
беретін күйге көшті. Сол сұрақты мен қайталап айтқанда ағамыздың өңі лезде
өзгеріп, жадыраған қалпымен жауап береді. Бұл сәтсіз өткен сұхбатқа
Даниярды кінәлауға әсте болмайды. Ол қонақтын шамына тиетіндей әрекет еткен
жоқ. Мәселе, Асембек ағайдың адамдармен араласу психологиясында жатыр.
Байқағаным, кейбір ер азаматтар бөтен ойы болмаса да сұхбат құрғанда қыз
баламен ашыла сөйлеседі. Әйел адамдар жігіт жүргізушіге көп көңіл бөліп,
ақылды әңгіме айтуға дайын болады. Бұл заңдылықта өрескел әдет бар деп
ойламаймын. Олардың табиғаты осындай ыңғайға тартады.Қазақстан ұлттық
арнасының жаңалықтар бөлімінде тілші болып істейтін ұстазымыз Қанат Әуесбай
да менің пікірімді растаған. Алматылық әріптестеріміз де ақпарат алатын
тұста сұхбат беруші адамдарға қарай бөлінеді екен. Егер, ер кісінің пікірі
керек болса, оған мүмкіндігінше әйел журналистер барады. Тіпті,
журналистің сұлу жүзі мен тәтті қылығына қарап, шынын айтып қоятын сыршыл
серілер аз болмаған деп әзілдейді, Қанат ағамыз. Ал кейде керісінше
болады. Рауан бағдарламасының екінші жұбы Айбол Қарашев пен Меруерт
Алдарбекқызы өз бастарынан басқа оқиғаны кешті. Олар да біз сияқты жұма
күнгі эфирге мешіт имамын шақырып қойған. Біздің студиядағы отыратын
орынның белгіленген реті бар. Камераға қарсы екі жүргізуші отырады да,
оған жалғасқан сәл қиғаш креслоға құрметті қонақ жайғасады. Әдетте, диван
үстіне алдымен жігіт журналист, содан соң, сұлу жүргізуші, үшінші болып
қиғаш жаққа қонағымыз аяқ жазады. Сыртқы көрініс бойынша жүргізуші қыз
ортада отырады. Бірақ, жұма күнгі эфирде бірбет қонағымыз Меруерттің
қасына отырмайтындығын алдыға тартып, эфир алдында байбалам салды. Сөйтіп,
Имам ағамыз Асембек мырза сияқты қыз баласына ашылмақ түгілі оның қасына
отырмай, дикорация көркін кетірді. Егер, біздің эфирге дәл осы
кейіпкеріміз келгенде Даниярға дайын дос болар еді. Өйткені оның табиғаты
қыз баладан гөрі ер жігітпен сөйлескенді ұнатады. Яғни имам молда
Меруерттің, Асембек аға Даниярдың конағы емес. Оған алдында айтқанымдай,
журналистердің кінәсі бар деу негізсіз. Қырсық қонақтарға жақпағаны,
Меруерттің бойжеткен болып, Даниярдың жігіт екендігі. Бірақ бұдан біз
жігерімізді жасытып, жұмысымыздан жалықпауымыз керек. Ақыл бесеу, айла
алтау, ақылмен айла қосылса алдырмайтын екеу екендігін қаперде сақтап
алуымыз қажет.
Қиын қонақпен арадағы әңгімеде түрлі әдіс қолданып, керек нәтижеге
қолың жетсе, жеңімпаз журналист болғаның. Қонағың ең қатал, аузынан сөз
шықпайтын әйел азаматшасы болса да, сен оның үйіндегі еркетотай қызына,
болмаса ауылда тұратын сүйікті сіңлісіне, немесе сырын ақтаратын құрбысына
ұқсауың керек. Келесі жолы Данияр Асембек ағаның бетіне жел тизізбейтін
ұлына ұқсап, іштегі жақтырмаған мінезді ұмыттырып жіберетініне сенемін.
Меруерт құрбым да имам молданың көзіне инабаттылығын танытып, иманды
жолмен жақсы көрінуге тырысатыны түсінікті.
Бұдан басқа, журналист сөзін қарауылға, бет әлпетіндегі
белгілермен көз қарасын бақылауға алу керек. Менің табиғи мінезім тік
болғандықтан тура көз қарасым көп адамға ұнамайтынын білемін. Кейде сырт
адам ойыңа кіріп шықпайтын кінәні сенің болмысыңа артып қояды. Мәселен,
камера алдында әдемі көріну үшін,кеуденді тік ұстап, мойнынды туралап,
басынды көтеріп отыруың міндет. Мен осындай қалпымды бейтаныс адамдар
көкіректікке балайтын болып шықты. Бір күні қонақжай студиямызға танымал
ақын жігіт келді. Мен басымды көтеріп, салмақты сәлемдескенім ол жігітке
суық естілсе керек, эфир кезінде сұрағымды қысқа қайырып, әңгімеге ашыла
қоймады. Кейін ортақ таныстарымызға менің өр көкірек мінезімді айтып шағым
жасағаны белгілі болды. Келген ақынға керемет болып көрінбеуім, менің
кәсібилік кемшілігім екенін мойындау керек. Кез келген адам баласы бейтаныс
жанды бірінші рет көргенде ол жайында жақсы ойлауға бейім болады. Бейтаныс
адам андамай әлде әдейі жағымсыз қылығын ашып қойса, жек көрудің алғашқы
симптондары пайда болады. Бара - бара бұл ұлғайып, қастық әрекетке
ұласады. Менің жағдайымда, ақын жігіттің өзім жайында жағымсыз ойда
болуына жол бердім. Адам жайындағы алғашқы пікірдің әдетте жалған болып
шығатынын дәлелдей алмағаным, (ойламағаным) сол күнгі сұхбатымның дұрыс
шықпауына әсер етті. Сондықтан кеткен қателікті келесіде қайталамай, жылы
жүзіммен суық жүзді нұрландыру керектігін түсіндім.
Тәжірибе мектебінде тағы да бір мамандығымның міндетін ұғындым.
Жеңімпаз журналист көрерменді жақсы көруі үшін (2) ең алдымен өзіне жақсы
қарауы керек. Жақсы жүргізуші өз бағдарламасының паспорты, шет ел тілімен
айтқанда флагманы болады. Флагман болған журналист бағдарламасын
телеарнаның брэнды қылуғы қауқары бар. Мұндай жеңісті жағдайда, кейінірек
сөз ететін, рейтинг үлесі де үлкен болады. Бастысы, телеарнаға табыс келіп,
билікке тәуелділік азаяды. Бұл белес журналист жеңісінің асқар шыңы десек,
дәл айтамыз.
Журналистің өзін жақсы көруі мен өзімшілдік қасиетін алшақ етіп
қарастырған дұрыс деп ойлаймын. Өзіндік мені бар, өзін сыйлайтын сезімі
бар азамат сырт көзге де сол қалыппен көріне алады. Мұндай адамды көрермен
қауым жақсы көріп, жылы қарайды. Осыған орай, Қазақстан Тараз арнасындағы
тағы бір азаматты аузыма алғым келеді. Әнші әріптесім Руслан Шүңірек жайына
қатысты. Оның тікелей эфирдегі жүргізушілік жұмысы көп жылға созылса да
журналистік қабілетін сынаушылар жетіп артылатын. Расында Русланның хабарды
жүргізу сапасына сын көзбен қарасаң, алдыңғы буын ағалардың айтқанына
келісесің. Өкінішке орай, айтулы әріптесімнің бойында өзін жақсы көрумен
қатар, қатты өзімшілдік қасиеті байқалатын. Бұған қоса, білімінің таяздығы
білікті маман болуға бөгет етеді. Арна аудиториясының да әлгі азаматтан
ақылды сөз күтетіні күмән туғызады. Сондықтан сөзіңе елді еліткің келсе,
әуелі абыройынды көтеріп, өзінді мойындатуың міндет. Сонда ғана
журналистік салмағың артып, соны жетістікке жете аласың.
Өзімен өзгені (аудиторияны) сүйе алатын журналистің бойында тағы да
бір ең қымбат қасиет болады. Оның атауы СЕНІМДІЛІК. Жинаған біліміне,
істеген ісіне, ерік, жігер күшіне, ақиқатпен әділдік және жарқын болашаққа
деген сенімділік баянды жеңіске жол бастайды. Мұндай сенімді сеп еткен
журналистердің қолынан ерлік істер келеді. Еткен еңбегі ел игілігіне жарап,
елеулі орынға ие болады. Әсіресе, тікелей эфирге шыққанда сәттілікке жол
бастайтын сезімің –сенімділік. Камерадан таныс көрерменге жеке басыңның
жақындығын сезінуің шарт. Аудиторияның журналистке айнымас адал дос
болатындығына жүз пайыз сену керек. Оған еш дәлелің болмаса да соқыр сенім
артқан дұрыс. Бұл қағиданы қатаң ұстануыма сенімді себеп бар. Мектептің үш
айлық жазғы демалысы кезінде теледидардың тұрақты көрермені болатынмын.
Әсіресе, түн ортасына дейін көк жәшікке телміріп, ұйқымен алысқан сәттер
көп болды. КТК арнасы ҚҰДАЙдың құтты түнінде Шамшырақ хабарын беруден
шаршамайтын. Бір қызығы, түннен таңға дейін жалғасатын бағдарлама тікелей
эфирде өтеді. Жобаның мақсаты жүргізуші мен көрермендердің ортақ тақырып
таңдап, әңгіме дүкен құруына арналған. Аталмыш Шамшырақты аттары әлі
шықпаған Ескендір Серкебаев пен Ұлпан Құрайысова кезегімен жүргізетін.
Ескендір Серкебаев тізгін ұстаған эфир кезінде бір көрермен қоңырау шалып,
жүргізушінің жеке басына, кәсіби білігімен азаматтық болмысына қатысты
қатты сындар айтып, келесі жолы хабарды жүргізбеуін талап еткен. Тасадан
тас атқан көрерменге жүргізушінің көңілі түсіп, ақталғандай сыңай танытты.
Алайда, Серкебаев мырзаға сол түнгі түсірілім сәтсіз болғанмен келесі
эфирлерді түк болмаған әдетпен жүргізе берді. Жүргізуші өзін жек көретін
көрермендер барын білсе де, жұлдыздық ролін сомдап, жұмысынан сасқан жоқ.
Нәтижесі жағымсыз кейіптегі жүргізушіге жаман болмады. Көп ұзамай Ескендір
мырзаның сомдаған ролі өзіне бұйырып, шын мәнінде жұрт жақсы көретін
жұлдызға айналды. Оған Миллион кімге бұйырады бағдарламасы мен мансапты
қызметі дәлел. Сондықтан жұлдыз болғысы келетін журналист жау көрерменді де
жақсы көріп, оның күмәнді махаббатына сену керек. Телеарна тарихында біз
айтқан сенімді сезбей, көрермен сынына сағы сынған жүргізушілер, жұлдыздар
жоқ болмаған.
Тақырыбымызды талқылау барысында тікелей эфирдің табиғатына анықтама
бергім келеді. Сонымен, тікелей эфир дегеніміз кәсіби шығармашылық процесс,
құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторияның зерттелу тарихы
Балапан телеарнасының бағдарламаларына талдау
Радиохабар таратудың міндеттері
Ток - шоу тақырыптары
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
Радио және интернет арқылы хабар тарату
Онлайн көрсетілімдерді дамыту
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
Радио жайлы
Ражиожурналистиканың функциялары
Пәндер