Экономикалық өсу жайлы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІДЕРІ

1.1 Экономикалық өсу мәні мен оның динамикасының көрсеткіштері ... 6
1.2 Экономикалық өсу типтері және оларға әсер етуші факторлар ... ... .. 8
1.3 Экономикалық өсудің негізгі модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ПРОЦЕСІ МЕН ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу сипаты және оған әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Тұрақты экономикалық даму және оның экономикалық өсумен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2.3 Экономикалық өсу мәселелері мен қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан экономикасын модернизациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33


ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі. Өсудің тұрақты тепе-теңдік шарттарын, яғни өндіріс факторларының жиынтық шамасы өндіріс
көлемі қарқынымен бірдей болғанда олардың толық жұмсалуын айқындау Солоу теориясының басты мәселесіне айналды.
Р. Солоу өз теориясында кейнсиандық үлгідердегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығы өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығының нәтижесі ретінде көрсетті. Ол Леонтьевтің өндірістік функциясының орнына субституттар болып табылатын капитал мен еңбек арқылы өрнектелген Кобба-Дуглас өндірістік функциясын қолданды. Солоу моделінде талдау жасау үшін келесідей алғышарттар қойылды:
1) капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;
2) масштабтың тұрақты әсері (қайтарымы);
3) ығысудың тұрақты нормасы;
4) инвестициялық лагтардың болмауы.
Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі экономикалық жүйенің тепе-теңдігінің қажетті шарты болып табылады. Ұсыныс масштабтың тұрақты әсерімен анықталатын Y=F(K,L) өндірістік функциясымен сипатталады. Kез келген оң z үшін келесідей теңдік орындалады:
F(K,L) =F(zK, zL) (6)
Егер z = 1/L болса, онда Y/L=F(K/L,1) болады. (Y/L)=y, (K/L)= k арқылы делгілеп алып, бастапқы функцияны өнімділік пен қор жарақтандырылуының (капитал жарақтандырылуының) өзара тәуелділігі түрінде жазуға болады:
y=f(k) (7)
3-суретте берілген өндірістік функцияның бұрышының тангенсі (k) қор сыйымдылығы өскен сайын кеміп отыратын (MPK) капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, 2007 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің интернет желісіндегі ресми сайты – www.akorda.kz
2. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы даму стратегиясы.- Алматы: ЮРИСТ,2006.-152 бет
3. Макконел К.Р., Брю С. Экономикс: Приципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ. 13-е изд., 1992
4. А.Р. Жапсарова. Основные модели экономического роста и экономическое развитие Республики Казахстан. Вестник КазНУ. Серия экономическая, №4 (16).1999. – стр. 23-27
5. Экономическая теория: Учебник.-Изд. испр. и доп. Под общей ред. акад. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича.- М.: Инфра-М, 2004. 672 стр.
6. Л.А. Бимендиева, Ш.П. Жылжақсынова. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №6 (46).2004. – 18-22 бет
7. Современная экономика.Общедоступный учебный курс. Ростов-на- Дону, издательство Реникс,1997-608с.
8. Кулекеев Ж.А. Экономический рост и расхады государства. Под редакцией доктора эк. Наук А.С. Серикбаева.-Астана:2004. 148 стр.
9. Экономика. Учебник. Под редакцией А.И. Архипова, А.Н. Нестеренко, А.К. Большакова.-М.: Проспек, 1998.-792 с.
10. Р.К. Андарова. Эволюция теорий экономического роста. Вестник КазНУ. Серия экономическая, №4 (16).1999. – стр. 19-23
11. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник Под общей ред. д.э.н., проф. А.В. Сидоровича; МГУ им. М.В. Ломоносова. 6-е изд., стереотип.- М.: Издательство. Дело и сервис, 2004. 448стр.
12. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика: Учебник. Общая редакция Л.С. Тарасевича. изд. 2-е, перераб. и доп. СПб: Изд-во СПбГУЭФ, 1997. 719с.
13. О.Курманов. Основные аспекты развития экономики Казахстана на современном этапе. Саясат №7, 2005 г. 4-7стр.
14. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің интернет желісіндегі ресми сайты - www.stat.kz
15. Д. Байтулинов.Устойчивое развитие экономики. Вестник КазНУ. Серия экономическая, №3 (49).2005. – стр. 83-86
16. Н. Жанакова. К вопросу об уровне эконоимческого развития Республики Казахстан в условиях глобализации. Саясат №6, 2004 г. стр. 62-65
17. Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің интернет желісіндегі ресми сайты – www.akorda.kz
18. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, Алматы, 19 ақпан 2005 жыл.
19. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің интернет желісіндегі ресми сайты – www.akorda.kz
20. Ж. Давильбекова. Пути повышения эффективности экономического роста Казахстана Аль-пари №2, 2006 г. стр. 7-10
21. О.В.Максимов. Проблемы экономического роста и модернизации экономики Казахстана. Экономический рост в Казахстане: источники, факторы, тенденции и прогноз на перспективу: Материалы 58 научной конференции студентов и молодых ученых КазНУ им. аль-Фараби, 22-23 апреля 2004 г. Часть-2 Под редакцией Р.Е. Елемесова, С.К. Джумамбаева.-Алматы: Қазақ Университеті, 2004. 421стр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІДЕРІ

1.1 Экономикалық өсу мәні мен оның динамикасының көрсеткіштері ... 6
1.2 Экономикалық өсу типтері және оларға әсер етуші факторлар
... ... .. 8
1.3 Экономикалық өсудің негізгі модельдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ПРОЦЕСІ МЕН ОНЫҢ
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу сипаты және оған
әсер етуші факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 19
2.2 Тұрақты экономикалық даму және оның экономикалық өсумен өзара
байланысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 22
2.3 Экономикалық өсу мәселелері мен қазіргі даму кезеңіндегі
Қазақстан экономикасын модернизациялау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 35

және шетелдік инвестицияларды тарту сынды шараларды жүзеге асырғанда
өсу қарқыны байқалады деп есептеген [4, 24 бет].
Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі. Өсудің тұрақты тепе-теңдік
шарттарын, яғни өндіріс факторларының жиынтық шамасы өндіріс
көлемі қарқынымен бірдей болғанда олардың толық жұмсалуын айқындау Солоу
теориясының басты мәселесіне айналды.
Р. Солоу өз теориясында кейнсиандық үлгідердегі динамикалық тепе-
теңдіктің тұрақсыздығы өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра
алмайтындығының нәтижесі ретінде көрсетті. Ол Леонтьевтің өндірістік
функциясының орнына субституттар болып табылатын капитал мен еңбек арқылы
өрнектелген Кобба-Дуглас өндірістік функциясын қолданды. Солоу моделінде
талдау жасау үшін келесідей алғышарттар қойылды:
1) капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;
2) масштабтың тұрақты әсері (қайтарымы);
3) ығысудың тұрақты нормасы;
4) инвестициялық лагтардың болмауы.
Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі экономикалық жүйенің тепе-
теңдігінің қажетті шарты болып табылады. Ұсыныс масштабтың тұрақты
әсерімен анықталатын Y=F(K,L) өндірістік функциясымен сипатталады. Kез
келген оң z үшін келесідей теңдік орындалады:
F(K,L) =F(zK, zL) (6)
Егер z = 1L болса, онда YL=F(KL,1) болады. (YL)=y, (KL)= k арқылы
делгілеп алып, бастапқы функцияны өнімділік пен қор жарақтандырылуының
(капитал жарақтандырылуының) өзара тәуелділігі түрінде жазуға болады:
y=f(k) (7)
3-суретте берілген өндірістік функцияның бұрышының тангенсі (k) қор
сыйымдылығы өскен сайын кеміп отыратын (MPK) капиталдың шекті өніміне
сәйкес келеді.

Сурет 3. [10, 21-22 бет].

Солоу моделінде жиынтық сұраныс инвестиция мен тұтыну арқылы
анықталады: , мұндағы c және i - бір жұмысбасты адам басына
шаққандағы тұтыну мен инвестиция. Табыс жинақ нормасына сәйкес, тұтыну мен
жинақтың арасында бөлінеді. Енді тұтынуды келесідей өрнектеуге болады:
, мұндағы s - жинақ нормасы.

(8)
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарты немесе
функциясы түрінде өрнектелуі мүмкін. Өндірістік функция тауарлар
нарығындағы ұсынысты, ал капиталдың жинақталуы өндірістік өнімге деген
сұранысты анықтайды.
Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі
инвестиция мен ығысудың әсер етуінің нәтижесінде өзгереді, яғни
инвестициялар капитал қорын өсіреді, ал ығысу азайтады. Инвестиция
экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шартынан туындайтын,
қордың жарақтандырылуы мен жинақ нормасына тәуелді:
(9)
Жинақ нормасы кез келген к мәнінде өнімнің тұтыну мен инвестицияға
бөлінуін айқындайды:
, , (10)
Амортизация келесідей жағдайларда ескеріледі: егер жыл сайын капитал
тозуының нәтижесінде оның тіркелген d бөлігі (ығысу нормасы) шығарылытын
болса, онда ығысу мөлшері капитал көлеміне пропорционалды және тең
болады. 4-сурет сызбасында бұл байланыс координат басынан шығатын d
бұрыштық коэффициентімен берілген түзумен бейнеленген.

Сурет 4. Ығысу мөлшері мен капитал көлемі арасындағы байланыс. [10, 21-
22 бет].

Инвестиция мен ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін
келесідеі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
(11) немесе инвестиция мен жинақтың теңдігін пайдалануға
болады:

(12)
(k) капитал қоры инвестиция ығысу шамасына тең болатындай деңгейге
дейін өседі, яғни
(13)
Бұдан кейін бір жұмысбастыға есептелген капитал қоры уақыт бойынша
есептелмейді, себебі оған әсер етуші күштер өзара теңеледі .
Инвестициялар ығысуға тең болатындай капитал қорының деңгейі еңбектің
қормен жарақтандырылуының тепе-теңдік (тұрақты) деңгейі () деп
аталады. деңгейге жеткенде экономика ұзақ мерзімді тепе-теңдік
жағдайда болады.
Тепе-теңдік тұрақты болып есептелінеді, себебі бастапқы
мәніне қарамастан, экономика тепе-теңдік жағдайына ұмтылады. Егер
бастапқы болса, онда жалпы инвестициялар ығысудан артық
болады, яғни және капитал қоры таза инвестиция мөлшеріне өсіп
отырады. Егер болса, инвестиция тозудан аз болады, демек
капитал қоры деңгейіне жақындап, азая бастайды (4-сурет).
Жинақ нормасы қор жарақтандырылуының тұрақты деңгейіне әсер етеді.
Жинақ нормасының -ден -ге дейін өсуі инвестиция қисығын -
ден -ге дейін жоғары қарай жылжытыды (5-сурет).

Сурет 5. Жинақ нормасының инвестиция қисығына әсері [10, 21-22 бет].

Бастапқы жағдайда экономика ығысу инвестицияға тең болатындай
тұрақты капитал қорын иемденетін. Жинақ нормасын өсіргеннен кейін
инвесициялар мөлшеріне өсті, ал () капитал қоры мен ығысу
тұрақты болып қалды. Мұндай жағдайда инвестициялар ығысу көлемінен артады,
сәйкесінше капитал қоры жаңа тепе-теңдік деңгейге дейін өседі.
Жинақ нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұрақты тепе-
теңдік жағдайында өнім көлемі мен капитал қоры жоғары деңгейге жетуі
мүмкін. Жинақ нормасының жоғарлауы, экономикада жаңа тұрақты тепе-теңдік
орнағанға дейін қысқа мерзімді кезеңде экономикалық өсуді жеделдетеді [11,
229-232 бет].
Посткейнсиандық бағыттың өзіндік ерекшелігі өнімді бөлу мен
экономикалық өсу теориясын өңдеу барысында қалыптасты. Осының негізінде
қоғамдық өнімнің өсу қарқыны капиталды жинақтау функциясы болып табылатын
ұлттық табысты бөлуге тәуелді деп қарстыруға болады.
Посткейнсиандық бағыт бойынша, пайда бір мезгілде бастама ретінде
де, нәтиже ретінде де қарастырылып, кәсіпкерлердің инвестициялық
қызметінің себебі болып табылады. Тепе-теңдік кәсіпкерлік өсу моделінде
пайда нормасы жинаққа бейімділік пен капитал салудың өсу қарқынымен
анықталады. Егер кәсіпкер үміті ақталатын болса, онда экономика тепе-теңдік
сипат алып, капитал мен жұмыс күшін толық жұмсайды. Дегенмен, кейбір
жағдайда жоспарланған мақсаттар жүзеге аспайды, себебі оларды құру
барысында қолданылған мәліметтер алдағы кезеңге сай келмеуі мүмкін [10, 21-
22 бет].
Н. Калдордың экономикалық өсу моделі. Н. Калдор кәсіпкерлер
мен үй шаруашылықтарының жинаққа шекті бейімділігінің теңсіздігін
ескерді. Оның моделіндегі жинақ функциясы келесідей түрде өрнектелген:

+,
(14)

мұндағы - ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлесі;
- үй шаруашылықтарының үлесі.
Теңдіктің екі жағын у бөлсек, онда ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлес
салмағының функциясынан жинақтардың орташа нормасын табамыз:

(15)
Кәсіпкерлер үй шаруашылықтарына қарағанда жинаққа шекті
бейімділікті көбірек иемденгендіктен, олардың ұлттық табыстағы үлесі
өскен сайын жинақ нормасы да өседі.
Н. Калдор моделіндегі инвестицияға сұраныс капиталдың нақты және
оптималды шамаларының арасындағы айырма ретінде анықталады. Бірақ капитал
көлемі ағымдағы кезең барысында оптималды мөлшерге жеткізіледі деп
жорамалданады. Сондықтан кәсіпкерлер t кезеңінің басына дейін t-1
кезеңі үшін оптималды болып табылатын капитал мөлшерін иемденеді. Н.
Калдор концепциясы бойынша, капиталдың оптималды шамасы екі факторға, яғни
ұлттық табыс көлемі мен капитал рентабельдігіне тәуелді:
(16)
Онда t кезеңіндегі инвестициялар көлемі мына формула бойынша
анықталады:
(17)
Теңдіктің екі жағын бөліп, ұлттық табыстағы пайданың
үлесінен функция түріндегі инвестицияның орташа нормасын анықтаймыз:

(18)

Егер және болса,
онда және графиктері -суретте көрсетілгендей болады.
Мұндай жағдайда олардың қиылысу нүктесі динамикалық тепе-теңдік шарты
ретінде көрсетіледі, яғни ұлттық табыстағы кәсіпкерлердің үлесі тең
болғанда, бағалар икемділігінде динамикалық тепе-теңдік тұрақты болады.
Егер кәсіпкерлер үлесі тепе-теңдік мәнінен артатын болса, онда жинақ
инвестициядан көп болып шығады. Игіліктер нарығында артықшылық пайда болып,
бағалар төмендейді, сөйтіп ұлттық табыстағы кәсіпкерлер үлесі азаяды.
Олардың үлесі азайған жағдайда, игіліктер нарығында дефицит туындайды,
бағалар деңгейі көтеріліп, ұлттық табыстағы кәсіпкерлердің үлесі көбее
түседі [12, 527-528 бет].

0

Сурет 6. Калдор моделіндегі тепе-теңдік өсудің тұрақтылығы [12, 528 бет].

Жоғарыда баяндалған теориялар мен экономикалық өсу модельдерің
әрқайсысының тәжірибеде қолдануға тұрарлықтай өзіндік ерекшелігі бар. Мысал
үшін, Домар моделі ұзақ мерзімді қарқынды өсудегі инвестициялар мен
жинақтың басты рөлін сипаттайды. Құрылымдық өзгерістер моделі дәстүрлі ауыл
шаруашылығы мен қазіргі заманға сай өнеркәсіптің өзара байланысын
зерттеудің маңызын айқындайды. Домар моделінде жинақтың (инвестицияның)
жалпы ұлттық өнім деңгейінің қанша пайызын құрау керек екендігіне назар
аударылады. Қазақстандық жағдайда инвестиция мен жинақтың сандық
құрылымы ғана маңызды емес, сонымен қатар жинақтан инвестицияға,
инвестицияның жинақталуынан адамдық капиталға транформациялану мәселесі
маңызды болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда инвестициялар мен жинақты
қалыптастыруда біраз жетістіктерге қол жеткізілді, дегенмен оларды тиімді
қолданудың, экономикаға салудың мәселесі толық қанды шешілмей отыр [12,
528 бет].

Қазақстан экономикасындағы айтарлықтай нәтижеге жету үшін үкімет
тарапынан келесідей шешімдер қабылданды:
1) “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін он жылдық стратегиялық жоспар, индустриалды-инновациялық
бағдарлама сынды экономикалық жоспарлы құжаттар жүйесінің өңделуі
мен қабылдануы;
2) Ақша құралдарының лигализациясының жүргізілуі;
3) Мемлекеттік экономикалық және ұлттық қауіпсіздік стратегияларының
қабылдануы;
4) Қазақстан Республикасының даму Банкі мен Қазақстан Ұлттық Қорының
құрылуы;
5) Қаржы лизингі, құрылыс жинақтары, ипотекалық несие беру, сақтандыру
қызметі туралы бірқатар заңдардың, сонымен қатар жаңа салық
кодексінің қабылдануы [8, 71-72бет].
Қазақстанның 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында өндірілген жалпы ішкі
өнімінің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынша 7453,0 млрд.теңгені
құраса, 2006 жылдың қаңтар-желтоқсанында 9738,8 млрд.теңге болып
белгіленді. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2005 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 110,6% құрады.
2008 жылдың мәліметтеріне сәйкес, ЖІӨ көлемінің 10%-ға өсуі
экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің: өнеркәсіпте – 4,6%-ға, ауыл
шаруашылығында – 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік пен байланыстағы қызмет
көрсету – 10%, саудада – 9,3% өсуіне байланысты болса, 2007 жылы ЖІӨ
көлемінің 9,4%-ға өсуі экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің:
өнеркәсіпте – 6,9%-ға, ауыл шаруашылығында – 7,0%, құрылыста – 35,6%,
көлікте – 7,0% байланыста – 20,4%, саудада – 9,8% өсуіне байланысты болып
отыр.
2008 жылдың қаңтар-қазанында дефлятор-индекс жалпы экономика бойынша
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,1% құрады, соның ішінде
тауарлар өндіруде – 118,7%, қызмет көрсетуде – 113,1% жетіп, 2007 жылдың
қаңтар-желтоқсанында 116,0% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде –
114,6%, қызмет көрсетуде – 116,9% жетті.
Құрылымдық өзгерістер соңғы тұтынуға жұмсалатын шығындар үлесінің 4,5
пайызға, соның ішінде үй шаруашылықтарының 3,5 пайызға қысқаруынан және
жалпы жинақ үлесінің 2,4 пайызға, сонымен қатар таза экспорт көлемінің 2,1
пайызға көбеюінен туындады.
Қазақстандағы экономикалық өсу айтарлықтай дәрежеде экспорт пен
сауда көлемінің ұлғаюына, яғни әлемдік нарыққа мұнай, газ, уран және
әртүрлі металдарды өткізуге негізделген. Сонымен қатар экспорт көлемінің
кеңеюі нәтижесінде, мемлекеттің төлем балансында тіркелетін капиталдың көп
мөлшерде шетелге ағылуы байқалады. Республикадағы нақты жалақы деңгейінің
өсуі халықтың нақты табысы мен тұтыну көлемінің интенсивті түрде ұлғаюы
елдегі экономикалық өсудің ерекше белгісі болып табылады.
Экономикалық өсудің экспортқа бағытталған шикізаттық моделі орта
мерзімді перспективада мемлекеттің экономикалық даму параметрлерін
анықтайды. Өсудің сандық көрсеткіштері экономика тұрақсыздығының негізгі
белгісі болып табылады. Өндіріс көлемінің өсуі өнім санының көбеюімен
ғана емес, сонымен қатар өндіріс факторлары сапасының жақсаруына
тәуелді [13, 5-7бет].
Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс,
негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық
технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты. Қазақстан
Республикасында экономикалық өсуге әсер етуші факторлардың мазмұны мен
құрылымы:
Біріншіден, ескі технологияларға негізделген резервтік қуат есебінен
жүргізілген өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының қарқынды дамуы 1999
жылдың екінші жартысында байқала бастаған Қазақстандағы экономикалық өсу
процесінің алғышарты болды. Өндірістік өнім экспортының өсуі әлемдік
тауар нарықтарындағы жағдайдың айтарлықтай жақсаруына және жекелеген
өндірістік өнім түрлерін өндіруге кеткен шығындардағы жалақы үлесінің
төмендеуіне байланысты болды.
Экономиканың жоғары өсу қарқының бірқалыпты деңгейде сақталынуы
негізгі өндірістік қорлардың тозуына байланысты болып отыр. Өсу көздерінің
жойылуы жаңа өндірістік қуат құруға, негізгі қорларды жаңартуға және
мамандандырылған жұмыс күшін тартуға бағытталған экономикалық өсу сапасы
туралы мәселені қозғайды.
Екіншіден, жалпы ішкі өнімнің құндық көлемінде шикізаттар мен аралық
өнімдердің басымдылығы күшеюде.
Үшіншіден, шикізаттық өнім салалары ұлттық экономиканың салалық
құрылымдарына қарағанда, өзінің жеке жинақтарын қолдану және қосымша
қаражат тарту арқылы инвестициялық процестегі басымдылыққа ие, яғни дайын
өнім шығаратын салалардың инвестициялық нарықтан алшақтауы байқалып отыр.
Сондықтан экономикада аралық өнім мен шикізаттық сектордың басымдылығы
арта түсуде [8, 36-37бет].
Қазіргі таңда экономикалық өсудің төмен сапасынан және экономикаға
теріс әсер етуші тенденциялардың күшеюінен туындайтын Қазақстанның даму
бағыты туралы мәселе өзекті болып отыр. Қалыптасқан жағдайда Қазақстан
Республикасы шикізаттық экономикаға немесе қазіргі заман талабына сай
технологиялық база негізінде құрылған экономикасы бәсекеге қабілетті
индустриалды дамыған мемлекет қалыптастыруға негізделген бағытттардың
бірін таңдау міндетті.
Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үкімет тарапынан
жүргізілетін экономикалық саясаттың басымды бағытына айналуы керек.
Сондықтан қазіргі кезде экономиканы модернизациялау негізінде жүргізілетін
оны дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін экономикалық өсу мен қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуын өзара байланыстыратын саяси-әлеуметтік
бағыттағы саясат жүргізілуі керек.

2. Тұрақты экономикалық даму және оның экономикалық өсумен өзара
байланысы

Ғаламдану процесінің тереңдеуі мен кеңеюі кезеңіне елдер арасындағы
тұрмыс деңгейі мен оның сапасының айырмашылығынан туындайтын жалпы әлемдік
экономика мен өтпелі экономикалы мемлекеттер дамуындағы тұрақсыздықтың өсуі
тән.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылдың
қыркүйегінде Йоханессбургте болып өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының
Халықаралық конференциясында елдің тұрақты дамуын мемлекеттің қызмет
етуінің негізі ретінде атап өткен болатын. Сондықтан соңғы жылдарда
Қазақстанда жүргізілген нарықтық реформалардың нәтижесінде байқалған
өндіріс көлемінің өсуі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуде
маңызды алғышарттардың бірі ретінде қарастырылды. Қазақстандағы тұрақты
экономикалық даму мәселесі экологиялық фактор, технологиялық даму,
құрылымдық реформалар, әлеуметтік тұрақтылық, жұмысбастылық саласындағы
өзгертулер, ғаламдану жағдайындағы халықаралық еңбек бөлінісінде
республиканың жетекші орын алуы сынды факторларды қамтиды.
Экономикалық даму капитал мен еңбек өнімділігінің өсуіне негізделген
халықтың рухани және материалдық жағдайының жүйелі,кең ауқымды және
ұзақ мерзімді жақсаруы. Тұрақты экономикалық даму бірқатар элементтердің
негізінде құралады:
Біріншіден, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орташа және
жоғары өсу қарқынымен сипатталатын, ұлттық шаруашылықтың ұзақ мерзімді
дағдарыссыз даму кезеңіндегі тұрақты экономикалық өсу;
Екіншіден, барлық меншік түрлерінің тиімді қызмет етуін, факторлардың
тұрақсыздығын шектейтін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға бағытталған
берік шарттар мен кепілдіктердің құрылуын қамтитын ұлттық экономиканың
тұрақтылығы;
Үшіншіден, инвестициялар мен инновациялар үшін жағымды жағдайдың
қалыптасуы, өндірісті жетілдіру мен оның бәсекелестік қабілетінің өсуі,
адамдық капитал сапасының жоғарлауы және сыртқы экономикалық қатынастарға
қатысуы арқылы кол жеткізілетін ұлттық экономиканың өзін-өзі дамыту
қабілетінің кеңеюі [15, 83-84бет].
Тәуелсіздікке қол жеткізген алған алғашқы күннен бастап, әлеуметтік
салаға бағытталған либералды экономикасы бар құқықтық мемлекет құру
мақсатымен Қазақстан Республикасында әлеуметтік және экономикалық дамудың
негізі қалыптасуда. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі жағдайда жүргізілді. Нарықтық
экономика шарттарына халықтың көпшілік бөлігінің қалыптаса алмауынан пайда
болған жалпы ұлттық өнім көлемінің төмендеуі, гиперинфляция, ұлттық
табыстың күрт төмендеуі салдарынан Қазақстандағы адамдық даму жағдайының
айтарлықтай нашарлауы байқала бастады.
Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстанның
интеграциялық процестерге араласуынан бастап, ұлттық экономиканың
трансформациялануы нәтижесінде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өту үрдісі басталды және ол келесідей кезеңдерден қалыптасты:
1-кезең. Қазақстанның экономикалық дамуының алғашқы кезеңі 1993
жылдың қараша айында ұлттық валюта-теңгенің айналымға енгізілуінен
басталды. Ол тұрақтандырушы несиелер мен жүйелі өзгертулердің бағдарламасы
аясында халықаралық және қаржы ұйымдарының кең ауқымды көмегін тартуға
септігін тигізді.
Осы кезеңде, яғни 1992-1996 жылдар аралығында адамдық ресурстарды
дамыту, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес, халықтың тұрмыс деңгейінің
нашарлау қарқынын төмендету қолға алынды. Халықты әлеуметтік қорғауға
бағытталған құқықтық заң шығарушы база қалыптасты және осыған сәйкес
институционалды өзгерістер жүргізілді. Әлеуметтік сала объектілері
біртіндеп жергілікті атқарушы билік органдарының құзырына беріле бастады.
Осыған қарамастан, әлеуметтік қорғау жүйесінде бірқатар қиыншылықтар
қалыптасты. 1994-1996 жылдардағы зейнетақы бойынша төлемдер әрбір тоқсан
сайын жинақталып, нәтижесінде әлеуметтік төлемақылар бойынша ірі қарыздар
қалыптасты. Әлеуметтік салада қалыптасқан шиеліністі төмендету үшін
халықтың жұмысбастылық, азаматтарды әлеуметтік кепілдендіру, халықтың
әлжуаз топтарын әлеуметтік қорғау мәселелерін қарастыратын әлеуметтік
әріптестіктің құқықтық негізі мен еңбек қатынастарын реттеудің келісімді-
ұжымдық жолының негізі қаланды.
2-кезең. Экономикада жүргізілетін институционалдық реформаларды
жүзеге асыру барысында туындаған кейбір мәселелерге қарамастан, 1997-1999
жылдар аралығында оң макроэкономикалық тенденцияларды құру мен тұрақтандыру
үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Осы кезең негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер динамикасының салыстырмалы түрде тұрақтылығымен сипатталды,
яғни мұнда жалпы ұлттық өнімнің, өнеркәсіптік өндірістің, инвестиция
көлемінің және басқа да маңызды көрсеткіштердің өсуі байқалды.
Осы жылдары қалыптаса бастаған экономикалық өсу процесі белсенді
әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік берді. 1997 жылы қабылданған
Қазақстан-2030 даму стратегиясы елдегі әлеуметтік саясатты
қалыптастыратын негізгі құжат болып табылады. Қазақстан азаматтарының әл-
ауқаты, денсаулығы және білімі, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес
жолдаудағы қазақстандық қоғамды дамытудың негізгі стратегиялық міндеті
ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жаңарту процесі халықты
әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесін қалыптастыру барысында байқалды. 1999
жылдың сәуір айында азаматтардың жекелеген топтары үшін жеңілдіктерді
қарастыратын заң шығару жүйесінің унификациясы жүргізіліп, нәтижесінде
бұрын берілетін жеңілдіктер арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен
ауыстырылды.
3-кезең. Соңғы жылдары Қазақстанда қалыптасқан макроэкономикалық
тұрақтылық нәтижесінде орташа жылдық инфляцияның төмен деңгейі, ұлттық
валютаның тұрақты айырбас бағамы, Қазақстанның Ұлттық банкі мен екінші
деңгейлі коммерциялық банктердің реқаржыландыру қойылымының жылдан жылға
төмендеуі байқалды. Қазіргі кезде елде салықтардың қойылымы мен құрамы,
салықтық әкімшілік жүргізу тәсілдері бойынша әлемдік стандарттардан кем
түспейтін салық жүйесі қызмет етуде [16, 62-63бет].
Қазіргі кезде жалпы ішкі өнім ұлттық экономиканың әлеуметтік-
экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Қазақстанда жан
басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 7,8 мың долларды құрайды.

2-кесте. Қазақстан экономиканың жекелеген салаларының 1998-2008 жылдар
аралығындағы жалпы ішкі өнімнің физикалық көлемінің индексі.
  1998 1999
2008 2007
жылдың жылдың
қырқүйегі қазаны
Барлық өнеркәсіп 104,6 102,1 102,9
 Кен өндіру өнеркәсібі: 108,5 107,0 105,2
-көмір - барлығы 120,6 117,3 116,5
-шикі мұнай 108,3 111,7 106,0
 -темір кендері 87,3 81,8 96,9
Өңдеу өнеркәсібі: 97,3 96,1 99,2
  -ет және тағамдық қосымша өнімдер 88,2 110,3 111,0
  -өңделген сұйық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Түркия салық жүйесі
Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары
Азаматтардың табысына салынатын салық
Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері
Жоспарлау жүйесі: малайзия тәжірибесі
Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер