Азаматтық құқық бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІІ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.1. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.3. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
1) Ерлі зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі
2) Шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі
3) Жекшелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығы.
ІV. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Екі немесе оданда көп тұлғалардың ортақ меншік құқығындағы мүлікті бірлесіп және өздерінің қалауы бойынша иелеуі, пайдалануы және оған билік етуі ортақ меншк құқығы болып табылады.
Ортақ меншік құқығына тән басты ерекшелік - ол бір мүлікке бірнеше құқық субъектілерінің құқықтарының болуы. Егер мүлік екі немесе оданда көп тұлғалардың меншік құқығында болса ол ортақ меншік болып табылады.Ортақ меншік құығы әр түрлі заңды маңызы бар фактілер негізінде пайда болады Мысалы, мәмле бойынша, заңды некеге отыру нәтижесінде ,шаруа (фермер) қожалықтарын құрғанда және т.б жағдайларда. Ортақ меншіктің қатысушылары болып азаматтар мен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және оның әкімшілік-аймақтық бөліністері табылады .Ортақ меншікке қатысушылардың саны заңмен шектелмеген. Ортақ меншікке қатысушылар өздеріне тиесілі мүлікке байланысты кез-келген өкілеттікті жүзеге асыра алады, яғни олар бірлесе отырып ортақ меншіктеріндегі мүлікті иемденеді, пайдаланады және оған билік етуді жүзеге асырады , сондай-ақ аталған құзреттер ортақ меншіктің барлық бөлігіне теңдей тарайды.
Азаматтық айналымнан алынып тасталынбаған кез-келген зат ортақ меншік құқығының объектісі бола алады. Ортақ меншік Қазақстан Республикасы заңдарымен танылған меншік нысаны шегінде болғандықтан, ол меншіктің жаңа бір нысаны ретінде қарастырлмайды.
Ортақ меншік құқығы объктивті тұрғыда бір мүліктің екі немесе оданда көп тұлғағалардың меншік құқығында болуына байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық нормалары жиынтығы түрінде көрніс табады. Азаматтық құқықта ортақ меншікке қатысты нормалар ортақ меншік құқығы институтын құрайды .Ортақ меншікке қатысушылардың әрқайсысының ортақ меншіктегі мүлікте үлесінің мөлшері алдын ала белгіленуі немесе белгілнбеуі мүмкін.
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж.
3. ҚР Заңы «ҚР Азаматтық кодексін /Ерекше бөлім/ күшіне енгізу туралы” 1999ж. 27 желтоқсан.
4. Ғ. Төлеуғалиев. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы, 2001 ж.
5. ҚР Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. І-том. – Алматы: «Жеті жарғы”, 2001.
6. Гражданское право. Том І. Учебник для вузов (академический курс). Отв. ред.: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2000.
7. Гражданское право РК. Учебное пособие.Толеугалиев, Мауленов К.С., Сарсембаева М.А.,
8. Гражданское право Республики Казахстан. (Под ред.Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие(часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы,1999г.
9. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. Төлеуғалиев Гражданское право т. 1,2и3.М., 1997-1998 г.г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5

ІІ. ОРТАҚ МЕНШІК
ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..9

ІІІ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3.1. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК
МЕНШІК ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.2. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... . ...18
3.3. ОРТАҚ БІРЛЕСКЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
1) Ерлі зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі
2) Шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі
3) Жекшелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен
меншік құқығы.
ІV. ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН
ТОҚТАТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29

КІРІСПЕ

Екі немесе оданда көп тұлғалардың ортақ меншік құқығындағы мүлікті
бірлесіп және өздерінің қалауы бойынша иелеуі, пайдалануы және оған билік
етуі ортақ меншк құқығы болып табылады.
Ортақ меншік құқығына тән басты ерекшелік - ол бір мүлікке бірнеше
құқық субъектілерінің құқықтарының болуы. Егер мүлік екі немесе оданда
көп тұлғалардың меншік құқығында болса ол ортақ меншік болып
табылады.Ортақ меншік құығы әр түрлі заңды маңызы бар фактілер
негізінде пайда болады Мысалы, мәмле бойынша, заңды некеге отыру
нәтижесінде ,шаруа (фермер) қожалықтарын құрғанда және т.б жағдайларда.
Ортақ меншіктің қатысушылары болып азаматтар мен заңды тұлғалар, Қазақстан
Республикасы және оның әкімшілік-аймақтық бөліністері табылады .Ортақ
меншікке қатысушылардың саны заңмен шектелмеген. Ортақ меншікке
қатысушылар өздеріне тиесілі мүлікке байланысты кез-келген өкілеттікті
жүзеге асыра алады, яғни олар бірлесе отырып ортақ меншіктеріндегі
мүлікті иемденеді, пайдаланады және оған билік етуді жүзеге асырады ,
сондай-ақ аталған құзреттер ортақ меншіктің барлық бөлігіне теңдей
тарайды.
Азаматтық айналымнан алынып тасталынбаған кез-келген зат ортақ
меншік құқығының объектісі бола алады. Ортақ меншік Қазақстан
Республикасы заңдарымен танылған меншік нысаны шегінде болғандықтан, ол
меншіктің жаңа бір нысаны ретінде қарастырлмайды.
Ортақ меншік құқығы объктивті тұрғыда бір мүліктің екі немесе оданда
көп тұлғағалардың меншік құқығында болуына байланысты пайда болатын
қатынастарды реттейтін құқық нормалары жиынтығы түрінде көрніс табады.
Азаматтық құқықта ортақ меншікке қатысты нормалар ортақ меншік құқығы
институтын құрайды .Ортақ меншікке қатысушылардың әрқайсысының ортақ
меншіктегі мүлікте үлесінің мөлшері алдын ала белгіленуі немесе
белгілнбеуі мүмкін. Осыған сәйкес, ортақ меншік; ортақ үлестік меншік
және ортақ бірлескен меншік болып екіге бөлінеді.Заңмен немесе шартпен
ортақ меншіктегі үлестің мөлшері анықталмаған болса үлестер теңдей деп
саналады. Егер заңда тікелей өзгеше белгіленбесе кез-келген ортақ меншік
ортақ үлестік меншік деп қарастырылады, яғни ортақ бірлескен меншік тек
заңда тікелей көзделген реттерде ғана пайда болады.

1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады," — деп жазылған.
"Игілік" пен "ауыртпалық' тіркесінің өзі, —дейді КА.Сухашов, — нағыз
меншік иесін сипаттайды және осы екі элементтің біреуінің болмауы
иеленушіні шын мәніндегі қожайын етуге мүмкіндік бермейді". Суханов Е.Л.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда — жеке (191-бап) және
мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке
меншік құкығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне
орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып
саналады. Егер меншік кұқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе
тиісті мемлекетгік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде
болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп
танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Сонымен, меншікке субъектілер:
мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола
алады. Заң меншікті түрлергеде бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес
мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-
бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті
атқару орындарының қарауына жатады делінген. Мемлекет өкілеттігін жүзеге
асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды
тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдар мен
реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қаты-сушыларымен тең
негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары
өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында,
ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан
Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік
ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Казақстан
Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік
органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (А к-тің бабының 1
және2 тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі
ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке
меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп
қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты,
мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың
жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық
мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның
акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны
мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала
береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік
ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың
меншігіне деген жекедара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі
дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану
және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі
мүмкін. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 40-
бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны
нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта
жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады.
Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да ("Тұрғын үй қатынастары
туралы" Заңының 33-бабы І-тармақ) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік
ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы
өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы
бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс,
баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге
ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде
көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-
жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі)
үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің
мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек
(өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың
пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды, Кондоминиумның әр алуан
түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң кұжаттарымен айқындалады, ал
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда тұрғын үй коңдоминиумы жайында
айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ, меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық
тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына
байланысты келеді.
Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар:
жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке
меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
ұйымдастыру - құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық
Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен екі топқа
бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлға-
лардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға
келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық
серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік коорпаративтер
жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардан қатары да заңда нақты анықтала
отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке
негізделеді.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі
Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену,
пайдалану жөне билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан
белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын
Үкіметке беруі мумкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді, Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан
Республикасының қазынасын құрайды. Сонымсн қатар, Республика қазынасының
катарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджст қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеге өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік кәсіпорындарға
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығына негіздеп жүзеге асыруы
мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық кұқық болғандықтан оны жүзеге
асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген
мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайлалану
және билік ету құқығын жүзеге асыра алады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мүліктің меншік иесі мен құжаттарын сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің
мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін
шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен
сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заң
күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына сәйкес аталған
кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген
және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту
мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымсн қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген
мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін
жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және
кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге,
айырбастауға, ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін
пайдалануға беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар құруға, жеке
кәсіпорындармен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға,
өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз
беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен
процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға; басқа тұлғаның
міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын
мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз кызметінің мақсатына меншік
иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен
белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын
жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер
мыналар болуы мүмкін; қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік
нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып
бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын
мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік
иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен
белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын
жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер
мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік
нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып
бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық
жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден,
қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан
қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да, мекеме де өз
жабдықтарын сметалық көлемінде жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік
иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару,
әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет
тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құкықтық құдіреті заң
құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң
күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар" туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық
кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол мүліктің
меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен
билік етуге құқылы. Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорынның
жарғысында анықталады. Сонымен қатар, қазыналық кәсіпорын меншік иесінің
келісімінсіз негізгі қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық
келісімдердің негізінде алуға тыйым салынған ("Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы" Жарлықтың 35-ші бабының 2-тармағы).
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша
белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімсн иеліктен
айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ. Егер құрылтай
құжаттарына сәйкес мекемеге табыс келтіретін қызмстті жүзеге асыру құқығы
берілсе, ондай қызметтен алынған табыстар және сол табыстардың есебінен
сатып алынған мүлік мекеменің дербес билігінс беріледі және жеке баланста
тексерілуі қажет.

ІІ. ОРТАҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ.

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал
мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік
құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше
адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты
өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңа
сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің
жатпайды (АК-тің 225-бабы, 2-тармағы).

Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады (АК-тің 209-бабы 4 тармағы).
Мұндай жағдайда жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды
жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана сурет галериясы, және т.б.
жатады). Айталық кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге
адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен
айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бір қатар заңдық ерекшеліктерге ие
болады. Меншік құқықтың қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір-
біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа
иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас
емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың
қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушылардың аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктік бәріне ортақ болуы дәлел, демек
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл
жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ қатысушыларды несие беруші не
борышқор деп те айта алмайсың ал олардың арасындағы келісім тек ортақ
мақсатқа бағытталған. мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір- біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты
иеленген меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады.
Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ
меншігіне жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар ролін
атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъктілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-
аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер,
атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда көзделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады (“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 3-бабы, 3-
тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен
де туындайды.
АК-тің 230 –бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай
немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі
нәтижесінде жасалаған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті
меншігі болып табылады.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект
ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және
қорғайтын құқық нормалардың жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті
белгіленгіен тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған
шарттармен қамтамасыз ету деп түсіну керек.1
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен
бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін
белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп
пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде,
сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.

ІІІ. ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік
болады. (АК-тің 209-бабы, 2 тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің
көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің
шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да ортақ келісім негізінде бірлесіп
шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының
ортақ меншігі; 3) жекешелендірген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін
(АК-тің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді. Бірлескен
ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ жалпы мүліктегі
көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан
мүліктеріне де қатысты („Неке және отбасы туралы” Заңның 32-бабы). Сонымен
бірге келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуге
құқылы.

3.1. ОРТАҚ ҮЛЕСТІК МЕНШІК.
Ортақ меншік иелерінің әр қайысының меншік құқығындағы үлестері
айқындалған түрі ортақ үлестік меншік болып табылады. Ортақ үлестік
меншіктің пайда болу негіздері сан түрлі. Мысалы,бірнеше тұлға білесіп
сату-сатып алу шарты бойынша қандайда бір мүлік сатып алғанда , бірлескен
қызмет туралы шартқа сәйкес табыс табыуға, қандайда бір мүлікке қол
жеткізуге бірелесіп әрект жасағанда, бірнеше адам мұраға бөлінбейтін мүлік
қабылдағанда, Қандайда бір заттарды бірнеше адам бірлесіп алғаш рет
жасағанда пайда болады.Сондай-ақ ортақ мүлікті пайдаланудан алынатын
жемістер, өнімдер және табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі.
Ортақ мүліктегі үлес болып сол ортақ мүліктегі мүліктің бөлігі
емес меншік құқығындағы үлес қарастырылады.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың ортақ мүліктегі үлестерінің
мөлшері егер шартта өзгеше белгіленбесе теңдей деп саналады, осыған сәйкес
барлық қатысушылардың мүлікті иелену, пайдалану немесе оған билік етіу
құқықтары бірдей болады.
ҚР АК-нің 215 бабына сәйкес, үлестік меншіктің барлық қатысушысы
ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де
төлемдер төлемге, сонда-ақ сол мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты
шығындарға қатысуға міндетті.Ортақ үлестік меншіктің қатысушылары өзара
келісіп бұл міндетті өзгеше белгілеуге құқылы, мысалы ол бір адамға ғана
немесе әрбір қатысушыға кезекпен жүктелуі мүмкін.
Ортақ меншіктегі үлестің мөлшері бөліктермен есептеледі, мысалы ортақ
меншіктің 14; 23; 810 бөлігі т.с.с.
Егер ортақ үлестік меншіктің қатысушысы ортақ мүлікті пайдаланудың
белгіленген тәртібін бұзбай өз есебінен бөлінбейтін жақсартулар жасаса ол
ортақ мүлікке қатысты өз құқығының үлесін тиісінше өзгертуге құқылы.
Бөлінбейтін жақсарту болып мүлікті шаруашылық мақсатта пайдалануға
мүмкіндік беретін, бірақ ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс зиян
келтірмейінше он бөліп алу мүмкін болмайтын жақсартуларды айтамыз.Мысалы,
ортақ меншіктегі тұрғын үйдің еденін немесе есік терезелерін жаңалау
бөлінбейтін жақсартуларға жатады.
Бөліп алуға болатын жақсартулар жасаған ортақ үлестік меншіктің
қатысушысы, егер шартта өзгеше көзделмесе , осы жақсартуды жасаған
тұлғаның меншігіне түседі және оны ол өз қалауы бойынша иемденеді ,
пайдаланады және оған билік етеді. Мысалы, бөліп алуға болатын жақсартуға
ортақ меншіктегі үйге күзет дабылын (сигнализация) орнату,люстра іліу
т.б. жатқызуға болады.
Ортақ үлестік меншіктегі мүлікті иелену мен пайдалануды ортақ
меншіктің барлық қатысушылары өзара келісіп жүзеге асырады, ал олар осы
мәселе бойынша келісімге келе алмаса үлестік меншікке қатысушылардың кез-
келгенінің талабы бойынша бұл дау сотта қаралып, осыдан кейін мүлікті
иелену мен пайдалану сот белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мысалы:үлестік меншіктегі тұрғын үйдің қай бөлігі кімнің иеленуі мен
пайдалануында болатыны туралы шығарылған соттың шешімі.
Үлестік меншіктің әрбір қатысушысы ортақ меншіктегі өзінің үлесін өз
қалауы бойынша сатуға ,сыйға тартуға,өсиет етуге, кепілге беруге құқылы,
ол үшін өзге қатысушылырдың келісімі қажет емес.
Ортақ меншіктегі өзінің үлесін сатқысы келген тұлға үлесті меншіктің
басқа қатысушыларына өз үлесін бөтен адамға сату ниеті туралы жазбаша
түрде хабарлауы тиіс, себебі сатылатын үлеске ортақ меншіктің қалған
қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады. [1]
ҚР АК-нің 216 бабының 3 тармағына сәйкес үлес, сатып алудың басым
құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлесті меншіктің кез келген басқа
қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен
міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.Егер сатылатын үлес қозғалмайтын
мүлік түрінде болса сату үшін хабардар ету мерзімі 30 күн, ал басқадай
мүліктер үшін 10 күн.
Үлесті меншіктің өзге қатысушылары осы мерзім аралығында үлесті сатып
алудан бас тартса ғана сатушы өз үлесін үшінші тұлғаға сатуға құқылы. .(ҚР
АК 216 б. 2 т.)
Ортақ үлестік меншіктегі мүлік барлық қатысушылардың өзара келісімі
бойынша өздерінің арасында бөлініуі мүмкін, сондай-ақ үлесті меншіктің
әрбір қатысушысы ортақ мүліктен өз үлесін бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының пайда болу негіздері
Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Шаруашылық жүргізу құқығы туралы
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Азаматтық құқыққа, жеке меншікке қатысты сұрақтар
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Пәндер