Өнім сапасын бақылау



І. Кiрiспе
ІІ. Өнім сапасын бақылау
2.1 Сапаны бақылау
2.2 Бақылау түрлері
2.3 Бақыланатын белгілердің бақылау объектісіне тәуелділігі
2.4 Бұйымның өндірілу процесі
ІІІ. Сапаны бақылау әдістері
3.1 Техникалық тексеру және сынақтар
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Бұйымның сапасы оның жобалануы мен өндірілуін қамтамасыз ету кезінде белгіленеді.
Өндірілу процесіндегі сапаны қамтамасыз ету кезінде, алдыңғы қатарлы технология, технологиялық тәртіп, өндірілу ырғағы мен өндіру мәдениетінің тиісті деңгейі қолданылып, шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер, дайын өнімдер құжаттарының стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі, сондай – ақ барлық сатыларында технологиялық процестің бақылауға алынуын ұйымдастыру қамтамасыз етіледі. Бақылау жүргізу өнім сапасын қамтамасыз етудің айнымас бір бөлігі болып табылады.
Сапаны бақылау дегенде - белгіленген талапқа сәйкес, өнімнің сапасына қатысты, өнімнің немесе процесс сипатының тексеруге сандық немесе сапалық жағынан сәйкес келуін айтамыз.
Сапаны бақылауды ұйымдастыру – нормативті - техникалық құжаттары бойынша толықтай талапқа сәйкес келетін, өндірістік өнімді қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық және әкімшілік шаралар жүйесі.
Бақылау жүргізудің мәні - бақылауға алынатын объектінің жағдайы, белгілері мен оның қасиеттерінің көрсеткіштері және белгіленген талап бойынша алынған нәтижелерді салыстыруда, жобалау – конструкторлау құжатында, нормалау құжаттарында, өнімді жеткізу жөніндегі келісімде және басқа да құжаттарда болып табылады.
Өнім немесе оның пайда болу процесі, сақталуы, тасымалдануы, жөндеу жүргізілуі және технологиялық құжаттардың дәлдігі- бақылау объектілері болуы мүмкін.
Бұйымның өндірілу процесі барысында сапаға бақылау жүргізу схемасы 39 суретте көрсетілген.
Бақылау жүргізілетін объект жекелеген белгілері арқылы сипатталады, яғни онда объекті қасиетінің сандық және сапалық сипаты болады және олар бақылауға алынады.
1. Нүрпейісова М. М. «Сапа басқарудың негіздері»
2. Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций.-М. ЭКМОС, 2000-320 с.
3. Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие-М: Изд-во МГИ, 1991-84 с.
4. Смағүлов А.К., Жамурова В.С. Практикум «ИСО халықаралық стандарттары» пәніне арналған (оқу құралы) – Алматы: ЖШС «Нур-Принт», 2005, 102 бет.
5. Мырзая М.М. «Основы СМС (учебн.пособия)» 2003г.,г. Алматы. Казахстанская ассоциация маркетинга.
6. Никифоров А.Д. и др. Инженерные методы обеспечения качества в машиностроении: Учебное пособие.-М. Изд-во стандартов, 1987-384 с.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кiрiспе
ІІ. Өнім сапасын бақылау
1. Сапаны бақылау
2. Бақылау түрлері
3. Бақыланатын белгілердің бақылау объектісіне тәуелділігі
4. Бұйымның өндірілу процесі
ІІІ. Сапаны бақылау әдістері
3.1 Техникалық тексеру және сынақтар
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Өнім сапасын бақылау

Бұйымның сапасы оның жобалануы мен өндірілуін қамтамасыз ету кезінде
белгіленеді.

Өндірілу процесіндегі сапаны қамтамасыз ету кезінде, алдыңғы қатарлы
технология, технологиялық тәртіп, өндірілу ырғағы мен өндіру мәдениетінің
тиісті деңгейі қолданылып, шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер,
дайын өнімдер құжаттарының стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі, сондай
– ақ барлық сатыларында технологиялық процестің бақылауға алынуын
ұйымдастыру қамтамасыз етіледі. Бақылау жүргізу өнім сапасын қамтамасыз
етудің айнымас бір бөлігі болып табылады.

Сапаны бақылау дегенде - белгіленген талапқа сәйкес, өнімнің
сапасына қатысты, өнімнің немесе процесс сипатының тексеруге сандық
немесе сапалық жағынан сәйкес келуін айтамыз.

Сапаны бақылауды ұйымдастыру – нормативті - техникалық құжаттары
бойынша толықтай талапқа сәйкес келетін, өндірістік өнімді қамтамасыз
етуге бағытталған, техникалық және әкімшілік шаралар жүйесі.

Бақылау жүргізудің мәні - бақылауға алынатын объектінің жағдайы,
белгілері мен оның қасиеттерінің көрсеткіштері және белгіленген талап
бойынша алынған нәтижелерді салыстыруда, жобалау – конструкторлау
құжатында, нормалау құжаттарында, өнімді жеткізу жөніндегі келісімде және
басқа да құжаттарда болып табылады.

Өнім немесе оның пайда болу процесі, сақталуы, тасымалдануы,
жөндеу жүргізілуі және технологиялық құжаттардың дәлдігі- бақылау
объектілері болуы мүмкін.

Бұйымның өндірілу процесі барысында сапаға бақылау жүргізу схемасы
39 суретте көрсетілген.

Бақылау жүргізілетін объект жекелеген белгілері арқылы сипатталады, яғни
онда объекті қасиетінің сандық және сапалық сипаты болады және олар
бақылауға алынады. Бақылауға алынатын белгілер құрамы бақыланатын
объектігі байланысты (кесте 21).

Сурет 1. Бұйымды өндіру процесіндегі сапаны бақылау схемасы
Бақылау жүргізу кезінде бақылау объектісін, бақылау әдісін (бақылау
жүргізу технологиясын, бақылауға алынатын белгілерін, құралдары мен
әдістерін, бақылау нақтылығын), бақылау жүргізушілерді және бақылау
жүргізуге арналған нормативті құжаттарды анықтап алу қажет.

Кесте 1

Бақыланатын белгілердің бақылау объектісіне тәуелділігі

Бақылау объектісі Бақыланатын белгілер
Материал Материалдың маркасы,
геометикалық параметрлері,
физика –химиялық
параметрлері, сыртындағы ақау
Жартылай дайын өнім Геометикалық параметрлер,
Дайындау физика- химиялық параметрлер,
Бөлшек сыртқы және ішкі ақаулар,
клейма
Жинақтау бірлігі Геометриялық параметрлер,
Комплекс функционалдық параметрлер,
Технологиялық процесс сыртқы және ішкі ақаулар,
клейма. Сапалық және сандық
сипаттар

Сапаны бақылауға қойылатын талаптар төмендегіше белгіленеді:

• өнімді тексеріп қарайтын, сынақ түрлері;
• сынақтың өткізілу мерзімі;
• жекелеген бақылау жүргізу кезінде сынақ үшін өнімді іріктеу тәртібі
және байқап көруге дайындау;
• бақылаудың жүргізілу тәртібі;
• өнім сапасының нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келуі туралы
бақылау процесінің параметрлері мен талқылау критерийлері;
• тиісті нақтылығы көрсетілген бақылау -өлшеу аппаратураларына,
құралдары мен саймандарына қойылатын талаптар; сондай – ақ сынақ
жүргізілетін стендалар мен қондырғылар талаптары;
• бақылау нәтижесін өңдеу тәсілдері;
• бақылау нәтижесі хаттамасының формасы.

Жүргізілетін бақылаудың жекелеген тәсілдерінің қолданылу шарттарын
қарастырамыз.

Бақылаудың екі түрі бар, ол өнімнің кеңінен қолданылуы бойынша – жаппай
және іріктеме болып бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде бақылауға алынған партиядағы өнімдердің бәрі
тексеруден өткізіледі, ал іріктеме бақылау кезінде тек бақылауға алынған
партия бұйымдарының бір бөлігі ғана, сұрыпталған партиясы тексеріледі.

Жаппай тексерудің қолданылу тәртібі:

• жаңа өнімді игеру кезінде, егер технологиялық операцияның орындалу
сапасы келесі этаптарда жүргізілмейтін болса;
• өндірілетін өнім сапасына жоғары талап қойылған кезде;
• егер бақылаудағы объектілер саны өндіруші мен тұтынушының белгілеген
тәуекеліне қарағанда, сұрыптау немесе сынақ жүргізу үшін аз болатын
болса, мысалы, жалғыз түйірден, аз сериямен өндірілген жағдайда.
Іріктемелі бақылаудың жаппай бақылаудан гөрі экономикалық мәні жоғары.
Көптеген жағдайда жаппай бақылау тіптен қолданылмай қалып жатады.
Сенімділік пен төзімділікке жүргізілетін бақылау, көп жағдайда өнімді одан
әрі пайдалануға жарамсыз күйге шалдықтырып жатады, сондықтан да
мүмкіндігіне қарай іріктемелі бақылау жүргізілген жөн.

Іріктемелі бақылау бақылаудың статистикалық әдістерімен негізделген, сол
бойынша реттеліп, қолданысқа түседі:

• егер жалпылама және ірі сериялы өндірісте, өнім бірліктерінің саны
өндіруші мен тұтынушының белгілеген тәуекеліне қарағанда, сұрыптау
немесе сынақ жүргізу үшін жеткілікті болатын болса;
• егер өнімнің бақыланатын бірліктері автоматтарда және жартылай
автоматтарда орындалған кезде бұзылатын болса немесе қасиетін
шамамен жоятын болса;
• үлкен еңбек сіңіруді қажет қылатын бақылаудың кезінде.
Бақылауға келіп түскен өнімнің сипаты бойынша бақылаудың
төмендегідей түрлері қаралған.

Үздіксіз бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат түскен
бойда үздіксіз жүргізілетін бақылау.

Үздіксіз бақылау тұрақсыздық танытқан кезде технологиялық процеске
бақылау жүргізуді білдіреді, ол кезде оның сандық және сапалық сипаттары
қамтамасыз етілуі тиіс. Ол бақылау автоматтандырылған жабдықтар арқылы
жүзеге асырылады.

Мерзімдік бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат түскеннен
кейін белгілі бір уақыт интервалы өткен соң жүргізілетін бақылау. Өнім
бірліктері мен технологиялық процестерге жүргізілетін мерзімдік бақылау,
өндірісте белгіленген және тұрақты технологиялық процестер кезінде жүзеге
асырылады.

Жедел бақылау – фирма стандарттарында белгіленген жағдайда және
уақыттың сәті түсуіне қарай жүргізіледі. Ол жүргізілген бақылау
операциясының, технологиялық тәртіптің дұрыс жүргізілгендігін тексеру үшін
тағайындалуы мүмкін. Жедел бақылаудың тиімділігі оның аяқ астынан
болатындығымен ерекшеленеді. Жедел бақылау тікелей өнімнің дайындалып,
жөнделіп жатқан немесе сақтаулы тұрған жерінде жүзеге асырылады.

Кірісті бақылау - бұл жеткізушінің тұтынушыға (тапсырыс берушіге)
жеткізген өнімін тексеруі. Өнімді өндіріліп жатқан, жөндеу жүргізіліп
жатқан, тұтынушы кәсіпорын пайдаланып жатқан кезде жүргізілетін бақылаудың
бір түрі. Бақылаудың бұл түріне жеткізушіден келіп түскен шикізатты,
материалдарды, жартылай дайын өнімді, дайын өнімді, олардың техникалық
құжаттарын тексеру жатады. Кірісті бақылау міндетті болып саналмайды,
бірақ кейбір жағдайларда ол өте пайдалы әрі қажет. Мысалы, өнімнің
сапасы сақтау және тасымалдану кезінде өз көрсеткішін өзгертіп алуы
мүмкін.

Операциялық бақылау - бақылаудың бұл түрі өнімнің немесе процестің
орындалуы кезінде немесе белгілі бір операция аяқталған соң жүзеге
асырылады. Мұндай бақылау үздіксіз жүргізілуі әрі өнім сапасын анықтайтын
барлық технологиялық операцияларды қамтуы тиіс. Бақылау операциялық бақылау
жүргізіліп жатқан кездегі немесе ол аяқталғаннан кейінгі технологиялық
операциялар көрсетіліп, алдын ала дайындалған схема бойынша жүзеге
асырылады. Операциялық бақылау бұйымның ақауы болуы мүмкін – ау деген
технологиялық, аса жауапты процестер барысында міндетті түрде
жүргізіледі. Жаппай өндіру кезінде бұл мәселе технологиялық процесті
реттеу әдістерінің статистикалық базасы негізінде шешіледі.

Қабылдау үшін бақылау - бұл бақылаудың өндіріс процесіндегі соңғы
сатысы, бұл кезде ол кешенді түрде тексеруден өткізіледі. Сонымен,
өнімнің қабылдануына жүргізілетін бақылау нәтижесінде өнімді тұтынушыға
жеткізуге және оның тұтынуға жарамдылығы жөнінде шешім қабылданады.

Бақылаудың бақылаушы объектіге ықпал ететін екі түрі қаралған:
бұзылғыш және бұзылмайтын бақылау.

Өнімнің пайда болуы және қолданысқа түсу сатысына қарай бақылаудың
екі түрі жүргізіледі: өндірістік және пайдалану. Өндірістік бақылау,
бүкіл қосалқы, дайындық жүргізетін және технологиялық операцияларды
қамтиды. Пайдалануға жіберілген бұйымдар мен пайдаланылу процесі
пайдалануды бақылау объектілерінің қызметін атқара алады.

Бақылаудың негізгі міндеттерінің бірі – сапа көрсеткіштерін анықтау
болып табылады.

Сапа көрсеткіштерін анықтау - қарапайым өлшеу міндеті, ол құралдар
- сайман арқылы немесе сараптық түрде шешілуі мүмкін. Соңғысына – тіркеу,
органолептикалық және социологиялық әдістер жатады.

Құрал – саймандық әдіс техникалық өлшегіш жабдықтарды пайдалануға
негізделген. Бұл әдіспен бұйымның көлемі мен салмағы, ток күші, көлік
жылдамдығы т. б. анықталады. Бұл әдіс өндірістің қай саласында да кеңінен
қолданылады (электроника саласында өлшегіш құралдар бүкіл еңбек шығынының
90 % құрайды). Автоматтандырылған өлшегіш әдісі әрдайым да қолданыстан
қалмайтын және экономикалық тұрғыдн дәлелденген әдіс.

Сапа көрсеткіштерін өлшеудің эксперттік әдісі - егер техникалық
жабдықтарды өлшеу мүмкін болмаған немесе экономикалық тұрғыдан нақты
болмаған жағдайда (мысалы, эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштерді
анықтау кезінде).

Тіркеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны статистикалық бақылау
Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Өнім сапасын жоғарылатудың қажеттілігі
Сапаны бақылау және басқару
Сапаны басқару және бақылау
Өнім сапасын басқару жөніндегі Еуропалық тәжірибесі
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Пәндер