Қазақстан банк ісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Пайыздық тәуекелдің теориялық аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Пайыздық тәуекелдің мәні,құрылымы және оның ерекшеліктері ... ...5
1.2. Тәуекелдің табыстылықпен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ. Қазақстан банк жүйесіндегі тұтыну несиелерін талдау ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Қазақстан банк жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2.Банк жүйесіндегі тұтыну несиесін қайтару мәселелері ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Реферат Қазақстан банк ісі тақырыбына арналған. Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады.
Банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен, әрі қарқынды дамып келе жатқан саласы болып саналады.Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптасуы мен қарқынды түрде дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі, әрі көпқырлы процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банк жүйесінің ахуалы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте маңызды. Ұлттық Банк әр түрлі әдістермен қысқа мерзімді өтімділік беру жолымен банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады (РЕПО операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі резервтік талап кепілдігімен қаражат беру). Қаржы Қадағалау Агенттігі мен Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің акционерлерін қоса алғанда, транспаренттілік пен нарыққа қатысушылардың барлықтарының арасында тәуекелдерді адал бөлу қағидаттарын қатаң ұстанатын болады.
АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарысқа байланысты халықаралық қаржы нарығындағы тұрақсыздық белгілі бір мөлшерде қазақстандық қаржы секторына әсер етті. Екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігіне проблемалар туындатты.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрімен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субьектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады. Нарықтық экономикалы елдер халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды.
Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуекелділікпен жүргізіледі.
1. М Есенжол. Пайыз тәуекелділігі.ҚазҰУ хабаршысы.-Экономика сериясы.-№5 (51),2005.-105бет
2. С.Б Мақыш.Коммерциялық банктер опрациялары. –Алматы: 2004ж.-44бет
3. «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік Қоғамынан алынған мәлімет.64бет
4.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы, 2008 ж ақпан
5. Ұлттық Банк төрағасы Ә.Сейтенов .Өзгерістер инфляцияның өсуіне ықпал жасауы мүмкін, бірақ ...Егемен Қазақстан,2008. - №3, 13 бет
6. Ә.Д Шелекбай, Н.А Әлмереков.Банк ісіндегі тәуекел менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі. -Алматы: Экономика,2007ж.-24бет.
7. Нурпейсова Л.С. Финансовый риск как объект управления.ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.№4 (44),2007.-32бет.
8. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері.Негізгі заң актілері,2007-27бет.
9. Банк жүйесінің қазіргі жағдайы.Банки Казахстана. –Алматы,№ 3 , 2008 ж 5б
10. Қазақстан цифрларда.Статистикалық журнал.Қазақстан Республикасы. Алматы: Статистика агенттігі, 2008ж.- 45 бет
11. Г.С Сейтқасымов.Ақша.Несие.Банк.- Алматы:Экономика,2001 ж.-23бет
12. Н.Н Хамитов.Банк ісі . - Алматы :Оқу құралы, 2006 ж. - 68 бет
13. В.Э Тищенкова. Потребительское кредитование в Республике Казахстан: перснективы развития.Актуальные проблемы современности.№1,2007.-77бет
14. Р.Ж Қалғұлова.Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп.-Алматы:Оқу құралы,2005 ж.- 67бет
15.Қаржы менеджменті/ Под.ред.г.Алматы №10.2008г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Пайыздық тәуекелдің теориялық
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5
1.1.Пайыздық тәуекелдің мәні,құрылымы және оның ерекшеліктері ... ...5

1.2. Тәуекелдің табыстылықпен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...8

ІІ. Қазақстан банк жүйесіндегі тұтыну несиелерін
талдау ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Қазақстан банк жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2.Банк жүйесіндегі тұтыну несиесін қайтару
мәселелері ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

КІРІСПЕ

Реферат Қазақстан банк ісі тақырыбына арналған. Қазақстан Республикасы
алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді
экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық
тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету,
аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық
орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып
табылады.
Банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен, әрі қарқынды дамып келе жатқан
саласы болып саналады.Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптасуы мен
қарқынды түрде дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі, әрі
көпқырлы процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Қазіргі
қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық
шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу - сату, кей
жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер
жүзеге асырылады.
Банк жүйесінің ахуалы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы үшін өте
маңызды. Ұлттық Банк әр түрлі әдістермен қысқа мерзімді өтімділік беру
жолымен банк жүйесіне қолдау көрсетуді жалғастыратын болады (РЕПО
операциялары, валюталық СВОП-тар мен ең төменгі резервтік талап
кепілдігімен қаражат беру). Қаржы Қадағалау Агенттігі мен Ұлттық Банк
екінші деңгейдегі банктердің акционерлерін қоса алғанда, транспаренттілік
пен нарыққа қатысушылардың барлықтарының арасында тәуекелдерді адал бөлу
қағидаттарын қатаң ұстанатын болады.
АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарысқа байланысты халықаралық қаржы
нарығындағы тұрақсыздық белгілі бір мөлшерде қазақстандық қаржы секторына
әсер етті. Екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігіне
проблемалар туындатты.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің
сенімділігіне көп байланысты. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында
несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін
несиенің әр түрімен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік
қатынастың субьектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және
банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік
қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.
Нарықтық экономикалы елдер халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы
формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды.
Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуекелділікпен жүргізіледі.
Тәуекел деп – банк қызметінің операциясын өткізу жөніндегі қабылданған
шешімі кезіндегі болжанған нәтижелерден теріс жағына ауытқу мүмкіндіктерін
түсінеміз. Тәуекел табысты жоғалтуға, едәуір шығындарға, ресурстық
базалардың қысқаруына, өтімділіктен айырылуына, тіпті қиынырақ жағдайда
банкроттыққа алып келуі мүмкін, банкіге қолайсыз сыртқы және ішкі
жағдайлардың әсер етуі мен жиналуының ықтималдығымен көрінеді.
АҚШ ипотекалық нарығындағы дағдарыс Қазақстан қаржы нарығына да әсер
етті.Осы себепке байланысты несие пайыз сыйақысы да өсті. Қазіргі таңда
банктер несие операциялары кезінде тәуекелдерге көп ұшырайды, яғни
тәуекелдер өзекті мәселелердің біріне айналды. Сондықтан, бұл реферат
тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып – Қазақстан Республикасының
коммерциялық банктердегі тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және банк
тәуекелдері, соның ішінде пайыздық тәуекел болып табылады.
Зерттеу пәні – коммерциялық банктердің несиелік операцияларды жүргізу
процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Рефераттың мақсаты- Қазақстан банк жүйесіндегі тұтыну несиесінің
теориясы мен практикасына талдау жүргізу, банктің несие операцияларында
кездесетін тәуекелдерді, соның ішінде пайыздық тәуекелді ашып қарастыру.Осы
мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан банк жүйесінің құрылымын қарастыру;
- Қазіргі кездегі елімізде өзекті мәселелердің бірі, яғни АҚШ
ипотекалық дағдарысының елімізге тигізген әсеріне тоқталып өту;
- Тұтыну несиесінің ерекшеліктерін және екінші деңгейлі банктердің
тұтыну мақсатында берген несиелерді ұсыну;
- Банктік қызметке тән тәуекелдер түрлерін, соның ішінде пайыздық
тәуекелді ашып талдау;
- Пайыздық тәуекелді басқару және оны төмендетуге бағытталған
шаралар көрсету;
- Тәуекел мен табыстылық арасындағы байланысты қарастыру;
Рефераттың құрылымына тоқталсақ, онда кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Рефератты жазу барысында статистикалық, аналитикалық зерттеу әдісі
қолданылды.

1. ПАЙЫЗДЫҚ ТӘУЕКЕЛДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1.1. Пайыздық тәуекелдің мәні,құрылымы және ерекшеліктері

Банк қызметі өзінің табиғатымен тәуекелдер жүйесінің ортасы болып
табылады. Банк өнімдері күрделенген сайын, тәуекел түрлері де көбейеді.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз
мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі
көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою
емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып
табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты,
ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру
керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы
көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік
деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара
тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану
арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының
дамуы үшін негіз болып табылады.
Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те
жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін. Банк үшін негізгі
тәуекелдік түрлері оның портфельінің құрылымымен байланысты болып келеді,
яғни банк ресурстарына салынған қаржылық активтердің жиынымен байланысты
болады.Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін
толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. Тәуекелді
сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол
мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Оның басты
міндеті - жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін
анықтау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелді сандық талдау - бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай
шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.

1.тәуекелдің нақты түрін ұлғайтатын және
азайтатын ішкі және сыртқы факорларды анықтау

2.анықталған факторларды талдау

3.екі амалды пайдалану арқылы қаржылық жағынан тәуекелдің нақты
түрін бағалау

4а.қаржылық жағдайын анықтау(жобаның4ә.Экономикалық мақсаттылықты
өтімділігі) анықтау(салынған ресустардың
тиімділігі)

5.тәуекел деңгейінің мүмкін шегін
белгілеу

6.таңдалған тәуекел деңгейі бойынша жеке
операцияларды талдау

Сурет1-Тәуекел талдауының блок нобайы.

Тәжірибеде 3 басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік,
пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
Банк тәуекелділігі - бұл несие мекемелері жүзеге асыратын банк
операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері.
Несие тәуекелдігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін
орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын
немесе оған есептелген сыйақысы өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуіне сипаттайды. [2]
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз
міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Валюталық тәуекел - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты
бағамның өзгеруімен байланысты валюталық ысырап қатері. Валюта қатері,
әсіресе, бір ғана валюта бағамының әр түрлі валюта нарықтарында
сәйкеспеуінен немесе уақыттың әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының
айырмашылығынан пайда болатын алып –сатарлық табысты алуға ұмтылатын
банктерде жоғары болады.
Пайыздық тәуекелдер – бұл пайыздық мөлшерлемелердің болжанбаған
ауытқуынан ысырапқа ұшыраудың болу мүмкіндігі.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге
бөледі.

Сурет 2-Банктік тәуекелдіктің пайда болу көздері

Банк басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу
себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (2-сурет).Тәуекелдің пайда болуының үш
көзін атап айтып кетуге болады.Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни
банктің іс әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады.Ал, үшінші түрі
субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуекелді болып келеді.
Банк тәуекелдері, соның ішінде пайыздық тәуекелі бүгінгі таңда өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.Сондықтан пайыздық тәуекелді ашып, зерттеп
қарастырдым.
Пайыз тәуекелділігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының
табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес
бірте – бірте үлкен мән артып келе жатыр.Олардың қатысушылары нарықтық
қағидаларға сүйенген жұмыс жасайын қаржы нарықтарында, яғни несиелік
ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пайда
болады.Пайыз тәуекелділігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар пайыз
мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменің өзгеруіне икемді
келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен пассивтерінің құрылымы және
де уақыт мерзіміне байланысты актив пен пассивтің теңгерілім деңгейі болып
табылады. Пайыз тәуекелділігі қарыз алушыға, несие берушіге де әсер етеді.
Қазіргі жағдайда пайыз тәуекелділігін реттеудегі өзекті мәселе – жалпы
нарықтық жағдайға мониторинг жүргізу қажеттілігі өсе түседі. Пайыз
мөлшерлемесін қалыпқа келтіру қажеттілігі, олардың шамадан тыс қозғалуы
банктік жүйе операцияларының тиімділігіне кедергі, әрі жоғары пайыз
тәуекелділігінің тууына себепкер болуы мүмкінділігінен шығады.
Пайыз тәуекелділігің деңгейін бақылау және басқару үшін нақты
стратегиясы жасалады. Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты
банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және
қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа
проценттік мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Проценттік тәуекел
тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың
(несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни,
банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша
өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса. Бірақ, іс жүзінде кез келген
уақытта барлық кредиттерді осылайша теңестіру мүмкін емес және банктердің
өздері де осындай саясатты ылғи да жүргізуге мүдделі емес. Сондықтан
банктер ылғи проценттік тәуекелге ұшырайды, бірақ, бұл проценттік
тәуекелді басқаруды болжайды.
Міндеттемелерді басқару банк өзінің салымшылары мен басқа да
кредиторлар арасында уақыттың кез келген мерзімінде табысты орналастыра
алатын қарыздық инструменттерді таңдау мен көлемінің шектеулілігімен
күрделенеді, яғни несие беру және қолдағы бар қаражаттары есебінен басқа
банктер немесе банктік емес несиелік мекемелер тарапынан бағалық
бәсекелестікке қажетті қаражаттардың қол жетімділігімен шектелген. Пайыздық
тәуекелді басқару міндетті банктің табыстылығы және өтімділігінң мақсаты
шегінде осы тәуекелді минимизациялауды кіріктіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік
сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет,
Қаржылық Бақылау Агенттігі және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді
де сенімді жүйесін құруы керек деп жолдаған болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасын
қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай өз
операциялары бойынша ставкаларды реттейтін болады. Ставкалар дәлізін
белгілеу жолымен сыйақының нарықтық ставкаларына Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің әсер етуін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

1.2. Тәуекелдің табыстылықпен байланысы

Тәуекел және табыстылық бір бағытта өзгереді: табыстылық көп болған
сайын, тәуекел де жоғарлайды.Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара
пропорционал болып келеді.Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса,
табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады.Керісінше тәуекел деңгейі
төмен болса, табыс та төмен болады.Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен
тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты
таңдайды.
Кәсіпкер шығын тәуекеліне қосымша табыс табу ықтималдығы бар болғасын
белгісіздік жағдайда тәуекелге барады.Бірақ ол кепілдендірілмеген.Бұл
жағдай табысқа немесе шығынға әкеледі.
табыс
П3

П2

П1

0 r2 r3
Тәуекел

Сурет 4-Табыстың тәуекелге тәуелділігі.

Бұл суретте тәуекелдің аз түрі (r1=0), бірақ мұнда табыс төмен (П1),
ал ең жоғарғы тәуекел r3 көбірек табыс әкеледі П3. Тәуекелге бармаған,
ұтпайды деген тұжырым еске түседі.Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпкер
экономикалық табыс алу үшін, саналы түрде тәуекел шешім қабылдау керек.
Банкілік қызметтердің мақсаттарының бірі – мүмкін болғанша төменгі
(минималды) тәуекелмен жоғары (максималды) табыс алу.Біздің көзқарасымыз
бойынша, тәуекел – табыстылық ара қатынасы үшін минимумға қол жеткізілгені
немесе соған эквивалентті табыстылық тәуекел арақатынасы үшін максимумға
қол жеткізгені оңтайлы жағдай болып табылады.
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып
келеді.Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де
соғұрлым жоғары болады.Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та
төмен болады.Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің
арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
2007 жылы 1-ші желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, табыс салығын
өтегеннен кейін екінші деңгейлі банктердің табысы 207,4 млрд.тг
құрады.Табыстылықтың жиынтық көлемі 1618,1 млрд.тг, ал шығындары 1410,7
млрд.тг құрады.
2008 жылы 1-ші ақпандағы көрсеткіш бойынша, табыс салығын өтегеннен
кейін екінші деңгейлі банктердің табысы 7,1 млрд.тг құрады. Табыстылықтың
жиынтық көлемі 211,8 млрд.тг, ал шығындары 204,7 млрд.тг құрады.

01.02.07 01.02.08
Банк секторының табыстылығын көрсететін тұтас
көрсеткіштері
Таза табыстың табыс салығын төлегенге дейінгі 2,13 2,47
тұтас активтарға (RAO) қатысы
таза табысың табыс салығын төлегенге дейінгі 21,07 21,62
жеке капиталға (ROE) қатысы 21,62% құрады
Сыйақыны алумен байланысты табыстардың тұтас 10,04 12,41
активтерге қатысы
Несиені алумен байланысы табыстардың тұтас 6,57 1,26
ссудалық портфелін қатысы

Кесте 1- Банк секторының табыстылығын көрсететін тұтас көрсеткіштері.[13]

2 . ҚАЗАҚСТАН БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТҰТЫНУ НЕСИЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1.Қазақстан банк жүйесінің қазіргі жағдайы

Банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен әрі қарқынды дамып келе жатқан
саласы болып саналады. Соңғы бірнеше жылда банк жүйесі ТМД елдеріндегі ең
үлкен екпінмен дамып келе жатқан сала болды. Бұған аңдампаз салық және
бюджет саясаты, мұнай сатудан түскен табыс, елдің қаржылық жүйеде шешуші
реформаларға бару ұмтылысы, нормативтік-құқықтық базадағы жетістіктер және
оның тиімділігінің артуы, банктердің өз несиелік және операциялық жүйелерін
жетілдіруі түрткі болды.
Банк секторы соңғы жылдары жалпы экономикаға қарағанда жылдам дамып
келеді. ЖІӨ орташа есеппен жылына 9-10% өссе, банк секторы - 50-60%-ға өсіп
отыр. Нәтижесінде, банк жүйесінің активтері ЖІӨ-нің 90%-ына жетті, бұл
Орталық Еуропа елдеріндегі көрсеткіштен де жоғары, оларда бұл көрсеткіш 60-
70 пайызды құрайды. Батыс Еуропа елдерінде ол ЖІӨ-нің 100 пайызынан асып
түседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың ақпан
айындағы Қазақстан халқына жолдауында Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк
секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің
Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты
міндеті болуға тиіс деп жариялаған болатын.[9]
2008 жылдың желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының
банк секторында екінші дәрежедегі 34 банк бар (олардың ішінде 2 банктің
жарғылық қорының 100 пайызы мемлекеттің қолында болса, 14 банк шетелдік
қаржы ұйымдарының қатысуымен құрылған).
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.Ұлттық Банк
мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің бірінші
деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген
ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда,өзге
банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады.
Елдегі банк нарығы тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елдің банк
жүйесінің қалыптасуы 10 өте ірі банктің дамуымен тікелей байланысты, 2007
жылдың соңында бұлардың үлесінде жалпы банк жүйесіндегі активтердің 90
пайызы кірді. 10 ірі банктің қарқынды дамуының арқасында жалпы банк
секторындағы актив көлемінің өсімі қамтамасыз етіліп отыр. Ең ірі үш
банктің активтерінің үлесі шамамен 58 пайызды құрайды.
Банктердің капиталдану және ресурстық базасының өсуі жағдайында
банктің активтері де өсіп отырады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
жалпы активі (Қазақстан Даму Банкін қоспағанда) 2007 жылдың 1 қаңтарында
4,4 триллион теңгеге, яғни 97 пайызға өсіп, 8,9 триллион теңге болды
(валюталық баламасы 69,9 миллиард АҚШ доллары). Тартылған қаражатты банктер
негізінен несиелік нарыққа, қор нарығына және банкаралық нарыққа салды. Осы
күні банк іс-әрекетіндегі ең өзекті мәселе – банктердің капиталдануын
өсірудің жайы. Капиталдың өсімі активтердің ұлғаюынан баяу болғандықтан,
бұл банк секторына қауіп төндіреді. Ірі банктердің көпшілігі жеке
капиталынан активтердің жылдамырақ өсу тенденциясын өзгерте алмады. Әрине,
мұның бәрі жалпы банк жүйесіне әсер етпей қойған жоқ. 2006 жылдың
қорытындылары бойынша банк жүйесінің жалпы алғандағы жеке капиталы
(Қазақстан Даму Банкін қоспағанда) 1,2 триллион теңге (валюталық баламасы
9,2 миллиард АҚШ доллары). Бұл көрсеткіш 2006 жылы 99,8 пайызға немесе 584
миллиард теңгеге өсті. Нәтижесінде, 2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет
бойынша банк секторы жеке капиталының лайықтылығы айтарлықтай өзгермеді.
Банктердің ресурстық базасы да дәстүр бойынша өсіп келеді. Оның өсімі
негізінен сырттан қарыз алудың, депозиттік клиенттердің ағылуынан және жеке
капиталды ұлғайтудан, сондай-ақ банктердің құнды қағаздар нарығынан
тартатын қаражатының арқасында мүмкін болды. 2006 жылы банк жүйесінің жалпы
алғандағы міндеттемелері 3,9 триллион теңгеге (немесе 69,4 пайызға) өсіп,
2007 жылдың 1 қаңтарында 8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банк қызметін бақылау мен қадағалаудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Банк банктік жүйенің элементі ретінде
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Жеке тұтынушыларға Негізгі банктік қызметтерді ұсыну
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Банк және банк жүйесіне сипаттамма
Пәндер