Көлік инфрақұрылымы



СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК.КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ.КҮЙІН ТАЛДАУ
2. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР
3. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.2. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3.3. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ
3.4. КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ӨҢІРЛІК ДАМЫТУ
3.5. КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ
3.6. ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.7. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
3.8. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КАДР ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ
4. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4.1. ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ
4.1.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.1.2. Көлік қызметі нарығын дамыту
4.1.3 Транзиттік әлеуетті іске асыру
4.1.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.2. АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ
4.2.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.2.2 Автокөлік қызметі нарығын дамыту4.2.3. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.2.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.3. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНДЕ
4.3.1. Дамытуды жоспарлау
4.3.2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.3.3. Инвестициялық және қаржылық саясат
4.4. ӘУЕ КӨЛІГІНДЕ
4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
4.4.3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және сертификаттау
4.4.4 Әуе тасымалдары нарығын дамыту және реттеу
4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту
4.4.6. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.4.7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.5. СУ КӨЛІГІНДЕ
4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.5.2. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.5.3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
5. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ
5.1. I . КЕЗЕҢ: 2006.2010 ЖЫЛДАР
5.1.1. Темір жол көлігі саласында
5.1.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
5.1.3. Әуе көлігі саласында
5.1.4. Ішкі су көлігі саласында
5.1.5. Теңіз көлігі саласында
5.2. II . КЕЗЕҢ: 2011.2015 ЖЫЛДАР
5.2.1. Темір жол көлігі саласында
5.2.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
5.2.3. Әуе көлігі саласында
5.2.4. Ішкі су көлігі саласында
5.2.5. Теңіз көлігі саласында
5.3. І СКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ.
6.1. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
6.2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 1 (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.
Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
Негізгі стратегиялық құжаттарды дамытуға әзірленген, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитік тасымалдардың тиімділігін арттыру, көлік қызметтеріне қазіргі және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын жақсарту үшін көлік кешенін озыңқы дамытуды басты мақсат етіп айқындаған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының 2008 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы 2 көлік кешенін дамытудың бастамасы болды.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯ КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН
ТАЛДАУ
2. МАҚСАТ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР МЕН ҚАҒИДАТТАР
3. СТРАТЕГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.2. КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3.3. КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ
3.4. КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ӨҢІРЛІК ДАМЫТУ
3.5. КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ
3.6. ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.7. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
3.8. КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ КАДР ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ
4. КӨЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНДЕ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4.1. ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ
4.1.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.1.2. Көлік қызметі нарығын дамыту
4.1.3 Транзиттік әлеуетті іске асыру
4.1.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.2. АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНДЕ
4.2.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.2.2 Автокөлік қызметі нарығын дамыту4.2.3. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.2.4. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.3. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНДЕ
4.3.1. Дамытуды жоспарлау
4.3.2. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.3.3. Инвестициялық және қаржылық саясат
4.4. ӘУЕ КӨЛІГІНДЕ
4.4.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.4.2. Ұшулардың қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
4.4.3. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және сертификаттау
4.4.4 Әуе тасымалдары нарығын дамыту және реттеу
4.4.5. Аэронавигациялық кешенді дамыту
4.4.6. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.4.7. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
4.5. СУ КӨЛІГІНДЕ
4.5.1. Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
4.5.2. Транзиттік әлеуетті пайдалану
4.5.3. Инновациялық даму және кадр әлеуетін қалыптастыру
5. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІ
5.1. I - КЕЗЕҢ: 2006-2010 ЖЫЛДАР
5.1.1. Темір жол көлігі саласында
5.1.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
5.1.3. Әуе көлігі саласында
5.1.4. Ішкі су көлігі саласында
5.1.5. Теңіз көлігі саласында
5.2. II – КЕЗЕҢ: 2011-2015 ЖЫЛДАР
5.2.1. Темір жол көлігі саласында
5.2.2. Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласында
5.2.3. Әуе көлігі саласында
5.2.4.  Ішкі су көлігі саласында
5.2.5.  Теңіз көлігі саласында
5.3. І СКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ.
6.1. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
6.2. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
 
СТРАТЕГИЯНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
көлік стратегиясы
 
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына
Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің
қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген
отырысының 2005 жылғы 21 қарашадағы № 01-7.8
хаттамасына сәйкес әзірленді
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
 
Мақсат ы Экономика мен халықтың көлік қызметіндегі
қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға
қабілетті көлік-коммуникация кешенін озыңқы
дамыту
Стратегиялық міндеттер Қазақстанның көлік жүйесінің әлемдік көлік
мен қағидаттар жүйесіне кірігуі;
сыртпен кіріктірілген бірыңғай көлік кеңістігін
қалыптастыру;
қазіргі заманғы перспективалы ұлттық көлік
инфрақұрылымын құру;
транзиттік әлеуетті дамыту және тиімді
пайдалану;
көлік процестерінің ең жоғары тиімділігіне қол
жеткізу және ішкі, транзиттік және
экспорттық-импорттық қатынаста түпкі өнім
құнындағы көлік құрамдасын төмендету;
ұлттық көлік заңнамасын өңірлік және
халықаралық ұйымдар шеңберінде халықаралық
құқық нормаларының, стандарттарының
талаптарымен үйлесімді ету;
бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және
өңіраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ
көліктік қол жетімділікті экономикалық даму мен
әлеуметтік тұрлаулылыққа кепілдік беретін
деңгейде қамтамасыз ету;
инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды
кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік
жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету, көліктегі оқиғалардың санын және
ауыртпалығын төмендету;
экологиялық қауіпсіздікті және энергетикалық
ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды
қалыптастыру
 
Іске асыру мерзімі 200 6 -20 15 жылдар
1 кезең – 200 6 -201 0 жылдар
2 кезең – 2011-201 5 жылдар
 
Қ ажетті ресурстар Қ ажетті ресурстар және қ аржыландыру көздері
және қ аржыландыру көлік тің әрбір түрі бойынша салалық
көздері бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту кезінде а
йқындалатын болады
Күтілетін Көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалық жаңа
нәтижелер деңгейіне көшіру жүзеге асырылатын, оңтайлы
көлік жүйесі қалыптастырылатын болады.
Қазақстанның көлік кешені әлемдік көлік
жүйесіне үйлесімді кірігетін болады.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы көлік
кешенінің барлық ұзақ мерзімді активтері
жаңартылады, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістік
процестің прогрессивтік технологиялары
енгізіледі, отандық салалық өндірістер
құрылады.
Көліктің барлық түрі өзара үйлесімді жұмыс
істейтін болады. Интермодальдық тасымалдардың
көліктік-логистикалық орталықтар жүйесі
жасалады.
Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру оны
қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілетті
элементіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Экономика мен халықтың қажеттіліктерін сенімді
де қауіпсіз көлік қызметтерімен қамтамасыз
етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізілетін
болады. Көліктің техногенді және экологиялық
қауіпі төмендейді. Қоршаған ортаны ластаудағы
көліктің үлесі 2,5 есе төмендейді.
 
  Көліктегі технологиялық және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
жетілдірілетін болады, бұл Қазақстан
Республикасы экономикасының тартымдылығы мен
бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ететін
болады.
Отандық жүк тасымалдаушылар мен елдің көлік
дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігі артады.
Көлік жүйесінде және көлік саласымен аралас
салаларда қосымша жұмыс орындары құрылатын
болады.
Түпкі өнім мен қызметтер құнындағы көлік
құрамдасы 6,9 %-ға төмендейді, отандық
экспорттың бәсекеге қабілеттілігі артады.
ІЖӨ-дегі көліктің үлесі (жеке автомобильдерді
қоспағанда) 7,9 %-ды құрайды (2005 жылы – 11
%). Индустрияық-инновациялық даму стратегиясын
іске асыруды және аумақтық даму
перспективаларын ескере отырып, экономиканың
жүк қажеттілігін 5 тонна – километр доллар
ІЖӨ-ге дейін төмендету жоспарлануда.
Жолаушы (1,5 есе) және жүк (2 есе) айналымының
елеулі өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Республиканың елді мекендерінің (1,1 мың
бірліктен астам) тұрақты көлік қатынасымен
қамтамасыз етілуі артады.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзиттің көлемі:
9, 364 млн. тонна жүктен (2005 жылы) 32,2 млн.
тонна жүкке дейін;
84,7 млн. ұшақ-километрден (2005 жылы) 190,0
млн. ұшақ-километрге дейін,
сондай-ақ транзиттік қозғалыстан кіріс 3 есе –
46,3 млрд. теңгеден (2005 жылы) 136,3 млрд.
теңгеге дейін ұлғаяды.
Стратегияны іске асыру Қазақстан экономикасын
дамытуда жалпы оң әлеуметтік-экономикалық
нәтижеге ие болады және Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы және Қазақстан Республикасының
ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы секілді
бағдарламалық құжаттарды іске асыруға
айтарлықтай жәрдемдесетін болады

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы өсуінің жоғары қарқыны ұзақ мерзімді жоспарлауға
негізделген дамуының өз моделін құру мен іске асырудың тиімділігін
дәлелдейді.
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат
Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ
мерзімді стратегиясын айқындап берген Қазақстан-2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Жолдауы болып табылады.
Қазақстанда қабылданған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 1 (бұдан әрі –
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) бәсекеге қабілетті экономиканы
және жоғары технологиялар индустриясын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауда.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының іске асырылуы мемлекеттен
экономиканың барлық саласын қарқынды да сапалы дамытуға және кадр әлеуетін
арттыруға бағытталған кешенді күш-жігерді талап етеді.
Елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін дамыту көп жағдайда әр өңірдің көлік
инфрақұрылымы дамуының дәрежесіне байланысты. Осыған орай, өңірлердің көлік
жүйесін теңгерімді дамыту және орталықсыздандыру үрдісінің сақталуымен
көлік қызметін мемлекеттік реттеу мәселелерінде орталық және жергілікті
органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттілігі барынша өзекті болып
табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының (бұдан
әрі - Стратегия) жалпы мемлекеттік маңызы бар, бұл Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында" Қазақстан халқына Жолдауында өз көрінісін тапты.

Көлік қызметтері оларды алушыларға, атап айтқанда халықтың, экономиканың
мұқтаждықтарына, сондай-ақ елдің бірлігін, қорғанысы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
Негізгі стратегиялық құжаттарды дамытуға әзірленген, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша транзитік тасымалдардың тиімділігін арттыру,
көлік қызметтеріне қазіргі және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру,
олардың сапасын жақсарту үшін көлік кешенін озыңқы дамытуды басты мақсат
етіп айқындаған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының 2008
жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы 2 көлік кешенін дамытудың
бастамасы болды.
Сонымен бірге, қол жеткізілген нәтижелер көрсетілген құжаттың қолданыстағы
салалық дамыту бағдармалары үшін негіз құра және бірқатар салалық заңдарды
әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ете отырып, негізінен өз
миссиясын орындағанын куәландырады. Таяу жылдарда дағдарыстық шекке
жеткізуі мүмкін, көліктің барлық түрлері негізгі қорларының тозу қарқыны
мемлекеттен оларды жедел қалпына келтіру мен жаңғыртуға бағытталған жаңаша
жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.
Жаһандану жағдайында Қазақстанның кеңбайтақ аумағын ескере отырып,
экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-
коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты болады. Мемлекеттік
көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялы көлік
инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және тұтас
экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады.
Стратегия дамуы мен тиімді жұмыс істеуі елеулі дәрежеде мемлекеттің
саясатына байланысты болатын көліктің темір жол, автомобиль, қалалық
жолаушылар, әуе және су көлігі түрлерін қамтиды. Қазіргі жағдайда көлік
Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады.
Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік
мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын қамтамасыз етуде, оның
қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде негізгі рөл атқарады.
Стратегия елдер арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын пайдалы,
сенімді және қол жетімді транзиттік бағыттармен қамтамасыз етуге
бағытталған. Стратегия шеңберінде негізгі көліктік магистралдар мен
байланыстырушы бағыттардың меридиандық және ендік орналасуының жаңартылған
моделі қолданылатын болады.
Стратегия қолданыстағы және жаңа түзетуші көлік жолдары мен
инфрақұрылымдық объектілерді көлік құралдарының барлық түрін бір мезгілде
жаңарта отырып, жаңғырту мен құруды көздейді.
Мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып, құбыр көлігін дамыту
қолданыстағы Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік
бағдарламасы 3 және Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін
дамыту тұжырымдамасы 4 шеңберінде жүзеге асырылады.
Стратегия мемлекеттік көлік саясатының 2015 жылға дейінгі басым бағыттарын
белгілейді және көлік жүйесінің кешенділігі мен біртұтастығын қамтамасыз
етуге және тиісті салалық бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз қалауға тиіс
саяси-экономикалық және ұйымдастыру-құқықтық шаралардың, принциптердің,
көлік инфрақұрылымы мен транзиттік саясатты дамыту басымдықтарының
жиынтығын білдіреді.
___________________________________ __

2007 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің алқа мәжілісі өткізілді
             Алқа мәжілісіне Қазақстан Республикасы премьер-Министрі
К.Мәсімов, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары,
облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ККМ-нің
құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың басшылары
қатысты.
             Алқа мәжілісін ҚР Көлік және коммуникация министрі С.Ахметов
ашты. Мәжілісте ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы
қызметінің қорытындылары мен 2007 жылдағы міндеттері талқыланды.
             2006 жыл ККК-нің дамуындағы нәтижелі кезең болып, қомақты
жұмыс көлемі атқарылды, соның арқасында негізгі көрсеткіштерді арттыруға
мүмкіндік туды. Атқарылған жұмысты талдау салада 2005 жылмен салыстырғанда
негізгі көрсеткіштердің арта түскендігі аңғарылады, оның ішінде жүк
айналымы 11 %–ға, тасымалданған жүк көлемі 6 %–ға, жолаушылар тасымалы 7
%–ға, ал жолаушы айналымы 9 %–дан астамға артқан.
             Жолаушыларды тасымалдауда  ең жоғарғы өсу қарқыны әуе
көлігінде — 18%-ға жуық (екі миллионға таяу адам), жүк айналымы бойынша
автомобиль көлігінде — 14 % (53 млрд. тоннакм), жүк тасымалының көлемі
жөнінде теміржол көлігі — 10%-дан астам (247 млн. тонна).
             Министрліктің негізгі көрсеткіштерінің бірі—бюджеттік қаржының
игерілуі. Есеп беріліп отырған бұл көрсеткіш 99,5% болды—жоспардағы 122,2
млрд. теңгенің 121,6 млрд. теңгесі игерілді.
             Салада атқарылған істерде жалпы нәтижелерге жеткенмен, біраз
өзекті мәселелер әлі де толығымен өз шешімін тапқан жоқ.Олардың негізгілері
мыналар: көлік инфрақұрылымыныңғ жеткіліксіз дамуы; негізгі қорлар мен
көлік құралдарының тозу деңгейінің жоғарылығы; орындалатын жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтің сапасының төмендігі. Бұл кемшіліктер көлік
инфрақұрылымының барлық саласына тән деп атап көрсетті министр С.Ахметов өз
баяндамасында.
             Аталған көкейкесті мәселелерді шешу үшін Министрлік 2006 жылы
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеп, оны мемлекет
Басшысы бекіткен болатын.
             Стратегияның мақсаты — қазақстандық өнімнің бәсекелестікке
қабілеттілігін арттыруға септесетін тиімді көлік инфрақұрылымын
қалыптастыру, сонымен бірге еліміздің геостратегиялық орналасуын ескере
отырып, оның транзиттік әлеуетін барынша жүзеге асыру.
             Көлік саласын одан әрі дамытудың басым бағыттары болып мыналар
белгіленді:
             -Қазақстаннның көлік кешенін еуразиялық көлік жүйесіне
кіріктіру;
             -көлік саласын мемлекеттің экономикасының дамуына
сәйкестендіре дамыту;
             -көлік дәліздерін ендік-меридианальдік жүйесін қалыптастыру;
             -Қазақстанның көлік жүйесінің тиімділігін ел Президентінің
Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына
енуі жөнінде қойған міндеттеріне сай арттыру.
             Көлік стратегиясының аясында 3,4 триллион теңге сомасында
бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде шамамен 500
млрд. теңгені құрайтын 16 жоба инвестициялық негізде жүзеге асыру
жоспарлануда.
             Қазақстанның көлік жүйесін кешенді дамыту үшін барлығы 1 600
км жаңа темір жол салынады, 2 700 км қолданыстағы темір жол учаскелері
электрлендіріледі, 50 мың километрдей автомобиль жолдары жаңадан  салынады,
жөндеуден өткізіледі өткіледі және қалпына келтіріледі, порт инфрақұрылымы
кеңейтіледі және жаңартылады және де азаматтық авиация одан әрі дамытылады.

             Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі шарттарының
бірі —  жекеменшік инвестициялардың түрлі институттар мен инвестициялық
қорларды тарту механизмі арқылы, яғни зейнетақы қорлары, даму институттары
мен ірі инвестициялық компанияларды тарту арқылы қатысуы болып табылады.
             Стратегияны жүзеге асырудан мынадай нәтижелер күтілуде:
             -Қазақстан экономикасының дамуына жалпы оң әлеуметтік-
экономикалық әсер етуі;
             -бәсекелестікке қабілеттілігінің артуы және ел дің көлік
жүйесінің жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеру және оны әлемдік жүйеге
кіріктіру, өнім мен қызмет етудің өзіндік құнының көліктік бөлігін азайту.
             Теміржол көлігін қайта құрылымдау Бағдарламасын жүзеге асыру
жұмысы аяқталды.
             Саланы реформалардың  және жекеменшік тасымалдаушылардың пайда
болуына жағдай жасаудың нәтижесінде жылжымалы құрам санының көбейгені
аңғарылады. Бүгін Қазақстанда вагондар паркінің жалпы санының 35% жеке
меншікте. Есепті жылда жылжымалы паркті жаңарту жөнінде жұмыстар
жалғастырылды.
             Жолаушы тасымалдау саласында алғашқы жеке тасымалдаушылардың
пайда болуы көлік қызметінің осы бөлігінде таза бәселестіктікті одан әрі
дамытуға оң ықпал жасауда.
             2005-2006 жылдары жеке жолаушы тасымалдаушылар тек облысішілік
қатынаста ғана болса, 2007 жылдан бастап облысаралық қатынастарды
ұйымдастыруда.
             Бұған дейін бар инфрақұрылымды жаңарту аясында Екібастұз-
Павлодар темір жол желісін электрлендіру нысандары пайдалануға берілді.
Даму институттары мен зейнетақы қорларының қатысуымен концессиялық негізде
Шар станциясы-Өскемен жаңа  теміржолы құрылысы жалғастырылуда.  Бейнеу-
Жезқазған және Қорғас-Сарыөзек жаңа теміржол желілерін салу жобаларын
зерттеу, құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды. Үкіметтің тапсырмаларына
сәйкес Достық станциясының және Ақтоғай-Достық учаскесінің өткізу
қабілетін ұлғайтып 2011 жылға дейін жылына 25 млн. тоннаға жеткізу шаралары
жүзеге асырылуда.
 
Автомобиль жолдары саласы

             Жалпы қолданыстағы жолдар желісіндегі жөндеу жұмыстары 3 мың
км. астам қашықтықты қамтыды.
             Сала бойынша сапаны арттыру және оны жүргізудің 5 сатылы
қадағалау жүйелі шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтың көлік желісінің даму деңгейін және көлік желісін құру кезеңдерін анықтау
Халықаралық автомобиль жолдары және негізгі автомобиль коридорлары
Қазақстанның көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдай
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстандағы туризм саласы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Автожол саласы
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Көлік саласы қызметтерін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Пәндер