Қазақ тілі сөздіктері



I. ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАР МЕН АНЫҚТАМАЛЫҚТАР
1.1. Отырар
1.2. Солтүстік Қазақстан облысы
1.3. Қостанай облысы
ІІ. ТІЛ САЯСАТЫНА ҚОЛДАУ
2.1. Қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігі

2.2. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі
2.3. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі
ІІІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
3.1. «Тұлға» сериясы
3.1.1. Сұлтан Бейбарыс
3.1.2 Сарайшық . тарихи астана
3.1.3 Әбілхайыр хан
3.1.4. Сырым
3.1.5. Исатай мен Махамбет
3.1.6. Құрманғазы
3.1.7. Дина күйші
3.1.8. Мықтының бірі . Мақаш
3.1.9. Ағартушы Халел
«Арыс» қорының «Жаңа энциклопедиясы – Новая энциклопедия» сериясы бойынша «Батыс Қазақстан облысы», «Жетісу», «Северо-Казахстансая область», «Солтүстік Қазақстан облысы», «Костанайская область», «Отырар», аймақтық энциклопедиялары, «Народы Казахстана», «Спортивный Казахстан» энциклопедиялық анықтамалықтары, «Генералы Казахстана», «Наркомы Казахстана», «Қазақ батырлары» биографиялық анықтамалықтары жарық көрді. «Қазына» сериясы бойынша «Қырымның қырық батыры», 50 томдық «Атырау ақын-жазушылары кітапханасы», араб қарпімен (жәдитше) ондаған ескерткіш кітаптар (Ахмет Яссауи, Шәді Төе және т.б. мұралары дүниеге келді). 20 томдық «Махамбет әлемі – мир Махамбета кітаптар топтамасы да осы серияның ауыр жүгін арқалап тұр.

1.1. Отырар
«Отырар энциклопедиясы» атты көлемді кітаптың редакторы академик Өмірзақ Айтбайұлы.
Кітаптың беташары Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Қуаныш Айтақановтың алғысөзімен ашылған. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Қуаныш Айтақанов Отырардың төл перзенті. Бірнеше жыл осы Отырар ауданын басқарып, елдің еңсе көтеруіне, туған жердің қайта түлеуіне ақыл-қайратын жұмсаған азамат. Оның басшылығы тұсында Отырардағы тарихи орындар қайта жаңғыртылды.
Кітаптың «Отырар алқабының тарихы» атты бөліміндегі мағлұматтар, тас дәуірі, қола дәуірі ерте темір дәуірі, қаңлылар, батыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ мемлекеті, Оғыз мемлекеті, қыпшақтар, дамыған ортағасырлық мемлекеттер, VІ-ХІІІ-ғасырдың бас кезіндегі қалалық мәденит, Отырар алқабы, монғол дәуіріндегі ортағасырлық мемлекеттер қазақ Хандығы, Отырар өңірі Ресей империясы құрамында, Отырар өңірі Кеңес өкіметі тұсында дейтін тақырыпшалармен берілген.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
I. Энциклопедиялық басылымдар мен анықтамалықтар
Арыс қорының Жаңа энциклопедиясы – Новая энциклопедия сериясы
бойынша Батыс Қазақстан облысы, Жетісу, Северо-Казахстансая область,
Солтүстік Қазақстан облысы, Костанайская область, Отырар, аймақтық
энциклопедиялары, Народы Казахстана, Спортивный Казахстан
энциклопедиялық анықтамалықтары, Генералы Казахстана, Наркомы
Казахстана, Қазақ батырлары биографиялық анықтамалықтары жарық көрді.
Қазына сериясы бойынша Қырымның қырық батыры, 50 томдық Атырау ақын-
жазушылары кітапханасы, араб қарпімен (жәдитше) ондаған ескерткіш кітаптар
(Ахмет Яссауи, Шәді Төе және т.б. мұралары дүниеге келді). 20 томдық
Махамбет әлемі – мир Махамбета кітаптар топтамасы да осы серияның ауыр
жүгін арқалап тұр.

1.1. Отырар
Отырар энциклопедиясы атты көлемді кітаптың редакторы академик
Өмірзақ Айтбайұлы.
Кітаптың беташары Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты
Қуаныш Айтақановтың алғысөзімен ашылған. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес.
Қуаныш Айтақанов Отырардың төл перзенті. Бірнеше жыл осы Отырар ауданын
басқарып, елдің еңсе көтеруіне, туған жердің қайта түлеуіне ақыл-қайратын
жұмсаған азамат. Оның басшылығы тұсында Отырардағы тарихи орындар қайта
жаңғыртылды.
Кітаптың Отырар алқабының тарихы атты бөліміндегі мағлұматтар, тас
дәуірі, қола дәуірі ерте темір дәуірі, қаңлылар, батыс түрік қағанаты,
Түргеш қағанаты, Қарлұқ мемлекеті, Оғыз мемлекеті, қыпшақтар, дамыған
ортағасырлық мемлекеттер, VІ-ХІІІ-ғасырдың бас кезіндегі қалалық мәденит,
Отырар алқабы, монғол дәуіріндегі ортағасырлық мемлекеттер қазақ Хандығы,
Отырар өңірі Ресей империясы құрамында, Отырар өңірі Кеңес өкіметі тұсында
дейтін тақырыпшалармен берілген.
Отырар энциклопедиясында Негізгі бөлім деген тарау бар. Ол ұлы
ақын Абайдың өмір жолымен шығармашылық еңбегінен мол мағлұмат береді. Қазақ
жазба әдебиетінің негізін қалаған, ойшыл, аудармашының 150 жылдық мерекесі
Отырар ауданында да аталып өтті.
Негізгі бөлімде талай тарихи атаулар, қазақ халқына аты мәшһүр
адамдар аз емес. Қазақ тарихында ел басқару ісіне ерте араласын, ақыл-
парасатымен көзге түскен көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі – Абылай
хан. Ол осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс өзені жағасында 1711
жылы дүниеге келген. Ата-тегін жіліктеп, жіктеп айтар болсақ Абылай Жәңгір
ханның бесінші ұрпағына жатады. Ол шын мәнінде қазақтың үш жүзінің басын
біріктіріп, бір шаңырақтың астына жиған ақылды, қайратты, жігерлі хан. 1771
жыыл Үш Жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтереді. Абылай іс
жүзінде жалғыз Орта Жүздің ғана емес, бүкіл қазақ ордасының Ұлы Ханы болды.
Еліміздің екі жағындағы қытай, орыс мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас
орнатты. Ол өресі биік-өнерлі жан болған. Онға тарта күй шығарғанын тарихи
жазбалардан жақсы білеміз. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір шаңырақтың,
бір тудың астына жинау оңайға түскен жоқ. Дегенмен ақылман Абылай тарихтың
қатал сыңынан сүрінбей өтті. Атақты ханның сүйегі қазіргі Түркістан
қаласындағы Қожа Ахме Иассауи кесенесіне жерленген.
Эниклопедияда Әбу Насыр әл Фараби бабамыздың есімі бірден көзге
түседі. Қазақ топырағында дүниеге келіп, жат жерде көз жұмған ұлы ғалымның
өмір жолын, ғылыми еңбектерін екінің бірі біледі десек артық болмас.
Отырар энциклопедиясына бір ғана Оңтүстік аймаққа аты белгілі адамдар
легі емес, елдің елдігін сақтап қалған сардарлардың, атақты ақын-
жазушылардың, ғалымдардың, өнердің, ғылымның озық ойлы адамдары көбірек
тартылыпты. Кесек тұлғалы, ақыл-ойлы, алысты болжайтын әскербасы және ел
билеген білгір басшының бірі Әбілхайыр хан жайлы да жазылған.
Оңтүстік өңірден талай талантты ақындар шыққан. Мысалы, Ергөбек
Құттыбайұлы, Айтбай Белгілайұлы, Қызыл Жырау, Сәдуақас, Байбосын т.б.
Олардың арасынан айтыс ақындары марқұм Тәушан Әбуованың, Әселхан
Қалыбекованың есімдерін өнер сүйер қауым жасы біледі. Мұхтар Шаханов,
Аманхан Әлімов та осы Отырар топырағының перзенттері.
Отырар энциклопедиясынан орын алған тағы бір танымал тұлға – Ақсақ
Темір. Оның есімі Азияға ғана емес, жарты әлемге жақсы мәлім. Түркінің
Барлас тайпасының биі Тарағай бидің баласы Әмір Темір аса дарынды
әскербасы, мемлекет қайраткері болған. Оның әскери даңқы еуропалықтарға
Темірлан деген атпен тарайды. Түркістан маңайындағы бір шайқаста аяғынан
жараланы, ақсақ болып қалған. Содан оны жанындағылар Ақсақ Темір атап
кеткен. Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек және Моңғол империясын
құрушы Бабыр сынды атақты адамдар шыққан.
Отырар энциклопедиясында Ұлы Жүздің түп атасы есептелетін көрнекті
бабамыз Бәйдібек Қарашаұлы жайында да жақсы мағлұматтар берілген. Бәйдібек
би өзінің ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген ақылман адам. Ол
айналасындағы кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көп кеңшілік жасаған жан.
Оған мәрмәр тастан зәулім ескерткіш қойылған.
Қазақтың көне саз аспаптарын іздеп табуды және сол аспаптардың қай
дәуірдікі екенін анықтап, атауын дұрыс айтуға ат салысқан білімді де
білікті азаматтың бірі – Өзбекәлі Жәнібеков болатын. Ол кісі қазақтың
байырғы киіз үйінің жабдықтарын, ыдыс-аяқтарын пайдалану және шығу тарихын
зерттеп, зерделеді. Қазақтың би өнерінің арғы-бергі тарихы жөнінде де
көптеген Құнды жазба деректер қалдырды. Өзекең өз дәуірінде Қазақстанда
басшылық қызметте болды. Әсіресе мәдениет саласын өркендетуге көп үлес
қосты. Торғай облысына хатшы болған тұста сол өңірдегі өнерлі жастардың
басын біріктіріп, Торғай толқындары ансамблін құрды. Ол артына Қазақ
киімі, Жаңғырық атты тарихи этнографилық кітаптар қалдырды. Марқұмның
сүйегі қазір Арыстанбап қорымында жатыр.
Отырар Энциклопедиясына көз жүгіртсеңіз, талай тарихи оқиғалардың
куәсі боласыз. Әсіресе, Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан
біздің рухани өмірімізге өлшеусіз шығындар келді. Солардың қатарына
қазақтың ауыз әдебиетін дамытуға үлес қосқан ақын-жыраулардың қуғын-
сүргінге ұшырауын жатқызар едік. Мәселен, Шортанбай Қанайұлы Ресей
империясының езгісіне ұшырап, қазақ Хандығындағы ел басқару жүйесінің
жойылып, халықтың саяси-экономикалық езгіге ұшыраған тұсында Зар заман
атты толғау шығарды. Ол елі ішіне тез тарады. Бұл тақырыпты Дулат
Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан Бәрменбекұлы және
басқалары толықтырып, дамытып жырлады. Бұл ақындардың шығармалары халықтың
салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, болмыс бітімінен
ажырамауға үндеп отырады.
Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі көне қала. Оның арғы-бергі
тарихы жөнінде осы энциклопедияда кеңінен сөз болады. Көп жылдардан бері
көне қалаға жүргізіліп келе жатқан зерттеу жұмыстары баспасөзде жарияланып
жүр.
Осы кітаптың қосымшасында тас дәуірінің, қола дәуірінің, ерте темір
дәуірінің бұйымдарының суреттері берілген. Отырар алқабынан табылған көне
қыш ыдыстардың және сол ыдыстарға түсірілген таңбаларды да осы кітаптан
табуға болады. Сонымен қатар, түркі тайпаларының таңбалары, сырлы
ыдыстардың шырақтары, темір бұйымдардың сыртқы бейнесі, егіншілік
құралдарының суреттері, Хандар мен Сұлтандардың ұстаған мөрлері, қолөнер
туындылары, алыста жатқан тарихтан сыр шертіп, көңілге көп ой салатыны
белгілі. Отырар қорғаны еліміздің егемендігінен кейін қайта жаңғырып,
жаңартылды деуге болады. Мұндағы тарихи орындар қайта қалпына келтірілді.
Қазақ халқы үшін киелі саналатын қасиетті орындар мемлекет қамқорлығына
алынды. Алыс-жақын шетелдерден келген тарихшылар, әдебиетшілер басқа да
өнер-ғылым қайраткерлері Отырарға бір соқпай өтпейді. Отырардың
айналасындағы көзден кетіп, көңілде ұмыт болмаған елді мекендердің, жер-
судың аттары бір жүйеге түсіріліп, кітапқа енгізіліп отыр. 2

1.2. Солтүстік Қазақстан облысы
Бұл энциклопедия Солтүстік Қазақстан бойынша ғылыми-көпішілік және
анықтамалық басылым болып табылады. Кітаптың бірінші бөлімінде әкімшілік-
аймақтық, тұрғылықты халық және олардың ораналсуын, табиғаты жайлы
мақалаларды таба аласыз. Энциклопедияның негізгі бөлімінде 2350 аса мақала,
1230 фотосуреттер мен иллюстарциялар, 21 Азамат және Ұлы Отан
соғыстарындағы ұрыс аудандарының картасы топтастырылған. 1120 мемлекеттік
және қоғам қайраткерлерінің, ғылым мен техника, мәдениеттің көрнекті
өкілдернің биографиялық анықтамалықтары берілген. Сонымен қатар облыс
тарихындағы белгілі оқиғалар жайлы қысқаша ақпараттар бар.
Бір басылымда жануарлар мен өсімдіктер әлемін кете алу мүмкін
болмағандықтан, бұл энциклопедияға Қазақстан Қызыл кітабына енген флора
мен фауна түрлері енгізілген.
Тарихи оқиғаларға тікелей қатысы бар ауыл орталықтарына, аудандарға
арналып мақалалар жазылған. Мазмұны бір-бірін толықтыратын және белгілі
бір тақырыпты толық ашуға көмектесетін мақалалар жиі кездеседі. Егер бір
мақалада тақырып толық ашылса, келесі бір мақалада толық ашылған мақалаға
сілтеме беріледі.
Ктіап соңындаҒы Қосымшалар бөлімінде анықтамалық сипаты бар
материалдар берілген: мемлекеттік премиялардың лауреаттарының тізімі, аймақ
туралы тарихи-археологиялық мәліметтер, облыстағы тарихи-мәдени
ескерткіштер тізімі, библиографиялық және есімдік көрсеткіштер,
мақалалардың авторларының тізімі және т.б.

1.3. Қостанай облысы
Бұл энциклопедия облыстың қазіргі өмірін, оның өткенін көрсететін
басылым болып табылады. Энциклопедияға материалдарды іздестіру 1997 жылы
басталып, 2002 жылы аяқталған еді.
Маңызды тарихи оқиғалар, мемлекеттік әкімшілік пен қоғамдық ұйымдар,
көшелер, алаңдар, тұрғын аудандар, өнеркісіпер, акционерлік қоғамдар мен
банктер, оқу орындары, ғылыми-ағарту орындары, ескерткіштер мен
құрылыстарға осы энциклопедияда орын беерілген. Мақалалардың көп бөлігі
ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда, денсаулық сақтау, дене
шынықтыру, спортқа бөлінген. Табиғи зоналар жайлы мәлімет береді – өзендер,
су қоймалары, қорықтар, санаторийлер, демалыс орындары. 1617 мақала аты
шыққан адамдарға арналып жазылған, олардың есімдерімен көше, алаң
өнеркісіп, оқу орындары аталған.
Энциклопедияда көптеген фотосуреттер, карта-схемалар берілген. Кітап
соңында Қостанай облысының тарихындағы белгілі оқиғалардың тізімі берілген.
Мақалаларды жазуда ғалымдар, білім жүйесінің кәсіпкер мамандары іске
қосылған.

ІІ. Тіл саясатына қолдау
ХХ ғасыр тілшілері – Лингвисты ХХ века және Тілтаным сериялары
қазақ тіл білімі ғылымының тұтас антологиясын жасауды өз алдына мақсат етіп
отыр, Онда өткен ғасырлардаға орыс зерттеушілерінің қаламынан туған
грамматика, сөздіктерден бастап, алғашқы қазақ авторлары А. Байтұрсынұлы,
Қ. Жұбанұлы асыл мұралары, бүгінгі жас буын зерттеушілердің ғылыми
еңбектерге дейін қамтылмақ. Ал Мәдени мұра бағдарламасы аясында он бес
томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің алғашқы томдары,
орфографиялық, орфоэпиялық, аймақтық, этимологиялық және т.б. сөздіктер
жарық көре бастады. Сондай-ақ Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптары деген 2 томы да мәдени өміріндегі үлкен жаңалық болмақ.

2.1. Қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігі
Елбасының Қазақстан халқына жолдауы бойынша Мәдени мұра
бағдарламасына сәйкес 2005 жылы Арыс баспасынан жарық көрген Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігі жарық көрді. Сөздіктің көлемі – 616 бет,
таралымы – 3000 дана. Жауапты редакторы – емле мәселесімен ұзақ жылдар
айналысып келе жатқан білікті маман, ҚР ҰҒА академигі, прфессор Рәбиға
Ғалиқызы Сыдық. Сөздікте 53 000 сөз берілген. Орфографиялық сөздікті
құрастыру ісіне А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми
қызметкерлері – Р.Ғ.Сыздық, Н.Уәлиұлы, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова,
Қ.Есенова, С.Жапақов, Н.Әміржанова, А.Әмібекова қатысқан.
Бұл – орфографиялық сөздіктің өңделіп, толықтырылған 5-басылымы.
Аталған сөздіктің өзіне дейінгі басылымдардан бірқатар өзгешеліктері бар.
Ең алдымен, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңалықтарға
байланысты тіліміздегі терминжасам үрдісі негізінде жасалып жатқан жаңа
сөздер сөзтізбеде едәуір орын алған. Атап айтқанда, әуежай, зейнетақы,
зейнеткер, егемендік, ұшақ, дәйексөз, бейнетаспа, бағдарлама, әдістеме,
күнпарақ, тұсаукесер т.б. сөздердің дұрыс жазылу реті көрсетілген. Оның
есесіне бұрынғы орфографиялық сөздіктерде орыс тілі арқылы енген бірқатар
сөздер (программа, система, семья, архив, самолет, документ, протокол т.б.)
жаңа басылымда берілмеген. Оның себебі бұл сөздердің орнына бүгінгі әдеби
тілімізде қазақша баламасы (бағдарлама, жүйе, отбасы, мұрағат, ұшақ,
құжат,хаттама) қолданылуына байланысты.
Сөзтізбеде сөздерді беруде олардың тілімізде қолданылу, қалыптасу реті
де ескерілген. Мәселен, программа, система, семья, архив, самолет,
документ, протокол, проспект, вклад, вкладшы т.с.с. сөздер сөзтізбеден
алынып тасталып, орнына қазіргі әдеби тілімізде қолданылып жүрген нұсқалары
берілсе, енді бірқатар сөздердің орысша нұсқасы мен қазақша нұсқасы әлі де
жарыса, қатар қолданылуына байланысты екі нұсқасы да берілген. Мәселен:
лауреат – иегер, телевизия – теледидар т.б. Яғни тіліміздегі атаулардың
қалыптану деңгейі, терминжасам үрдісі ескерілген.
Сөздіктің бұрынғы басылымдарда негізгі өзгешеліктерінің бірі – бұрын
бөлек жазылып, тіркес түрінде берілген сөздер бұл сөздікте біріктіріліп
таңбаланған. Яғни бір ұғымды білдіретін атау ретінде қолданылуына
байланысты сөздер біріктірілген.
Бұрынғы басылымдарда товар, поезд, завод, майка, станция түрінде
таңбаланып келген сөздер жаңа басылымда тауар, пойыз, мәйкі, стансы болып
өзгертілген. Яғни аталған сөздердің көпшілік қазақ тіліндегі қолданысы,
тіліміздегі ертеректе кіріп, осы тұлғада қалыптасып кеткені әрі бірқатар
сөздердің (қарындаш, тауар, үтік) о баста түркілік сөз екендігі ескеріліп,
аталған сөздердің таңбалануы қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына сәйкес
өзгертілген.
Оқушылар арасында да, көпшілік қауым арасында да, тіпті дикторлардың
қолданысында да сөз қалай таңбаланса, солай дыбыстау үрдіске айналып бара
жатқаны ескеріліп, бірқатар біріккен сөздердің орфоэпиясы ескеріліп,
фонетикалық заңдылық негізінде таңбаланған. Атап айтқанда, шегара,
қыргүйек, көгөніс, көгет өздері 4-басылымда да осы нұсқада таңбаланған.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі сөздердің берілу реті,
таңбалануы жағынан болсын, сөзтізбеге алынған сөздердің сұрыпталуы жағынан
болсын қазақ лексикографиясына, қазақ тіл біліміне қосылған орын үлес болып
табылады. Ол сөздердің қалыптасу деңгейі, әдеби тіліміздің дамуы бойынша да
құнды дерек бере алады. Алғашқы емле сөздіктерінен бастап кейінгі жарық
көрген басылымдарды өзара салыстырар болсақ, сөздік қорымыздың баю, толығу
жолдарынан, тілдегі сөздердің кодификациялану деңгейінен хабардар болумен
қатар терминжасамдағы негізгі бағыттар мен ұстанымдар туралы, жаңа сөздер
мен көнерген сөздер туралы, жалпы қазақ әдеби тілінің даму жолдары жан-
жақты мәлімет алуға болады. Сөздік көпшілік қауымның дұрыс жазу дағдыларын
қалыптастыруға көмектесумен қатар зерттеушілер үшін әдеби тілдің айнасы
іспетті таптырмас құрал болып табылады. 3
Қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыруда, жұртшылықтың
жазу мәдениетін көтеруде орфографиялық сөздіктің алатын орны ерекше.
Осы күнге дейін орфографиялық сөздіктің бірнеше басылымы жарық көріп,
әр басылым сайын сөздік толықтырылып, жүйесі жетілдіре түсті. Қоғамдық
өмірдің сан алуан саласында қолданылатын сөздердің, сирек сөздердің,
салғырт қордағы байырғы сөздердің молынан мақсат еткен академиялық
сипаттағы үлкен орфографиялық сөздіктің бесінші басылымы жарық көріп,
қажетін өтеп жатуы, әрине игілікті іс. Бұл бағыттағы орфографиялық
сөздіктің толық корпусын жасау, әдеби тілдің сөз байлығын барынша молынан
қамтитын сөздіктің түрін дайындау жөніндегі жұмыстар әрі қарай да жалғаса
бермек. Мұндай сөздік кәсібі мен мамандығы жазумен байланысты, үнемі
қаламмен жұмыс істейтін жұртшылықтың белгілі бір тобына арналады. Алайда,
академиялық сипаттағы үлкен орфографиялық сөздіктің таралымы шектеулі
болғандықтан облыс, аудан көлеміндегі кітапханаларда, мектеп, жоғары мектеп
кітапханаларында бірен-саран ескі басылымдары ғана ұшырасады. Осымен
байланысты құрылым-құрылыс, мазмұны жағынан жалпы жұртшылықтың қолдануына
қолайлы, көлемі ықшам, таралымы жоғары, көпшілікқолды орфографиялық
сөздікті шығаруды қолға алу ісі қоғамдық қажеттіліктен туып отыр.
Осындай мақсатпен жұртшылық назарына үстіміздегі жылда Орфографиялық
сөздік 100 000 данамен жарық көріп отыр. Бұл сөздікте бұрын ресми түрде
бекітілген Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің ең соңғы
редакцияланған нұсқасы негізге алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш
реакцияланған нұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлкеттік терминология
комиссиясында бекітілді, сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда
басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі. Сөздік осы Ережеге
сүйеніп жасалғандықтан, күнделікті жазу тәжірибесінде оны басшылыққа алу,
онда көрсетілген нормаларды сақтау, жазудың қалыптасқан жүйесін әрі-сәрі
күйге түсірмеу – өз ана тілін құрметейтін мәдениетті азаматтың борышы.
Осылай деп түсінетін адам мұндай ортақ мүддеден меніңше былай дейтін жеке
бастың субъективті пікірін жоғары қоймақ емес.
Қазіргі кезде қоғамдағы саяси, экономикалық қатынастардың өзгеруімен
байланысты мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау жөнінде әр алуан
ой-пікір айтылып жатыр. Пікір алуандылығына жол беру демократиялық қоғамның
нышаны екені белгілі. Мұндай қоғамдық пікірлердің ең бір үлкен арнасы
қазіргі жазуымызды түбегейлі реформалау дегенге саяды. Бірнеше жылдан бері
мәдени-ғылыми жұртшылықтың көтерген бұл мәселелері егжей-тегжейлі
зерттеліп, қорытындысы мен нәтижесін шығару қазірдің өзінде қолға алынды.
Жазу-сызуды реформалау керек деп белгілі бір қорытындыға келгеннің өзінде
бұл әрекет ұзақ мерзімді қажет ететін әлеуметтік ауқымы аса зор іс болмақ.

2.2. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, қолданыс аясының кеңеюіне
байланысты оның қоғамның түрлі саласындағы қатынас құралы қызметін атқару
сапасына ерекше назар аударылып отыр. Яғни тіліміздің лексикасының
әлеуетін, оның қолданылу сапасын, қоғамымыздың тілтанымдық мәдениетін
арттыру мәселелері тек қана тіл мамандарының емес, сонымен бірге жалпы
республика зиялы жұртшылығының алдына тартылғаны мәлім.
Осы орайда қазақ тілінің әдеби және бейәдеби қолданыстарын ажырату,
соңғысындағы жергілікті ерекшеліктерін саралауға көмекші бола алатын әдеби
нормадағы қолданыстардың баю көздерінің мол қазынасын жинақтаушы
диалектологиялық сөздіктер шығару қоғам сұранысына жауап береді.
Қай тіл болмасын оның құрамында үйреншікті норма болып қалыптасқан
жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын баршаға мәлім түсінікті әдеби сөздермен
қатар сөйлеу тілінде көне тілдің көрінісі ретінде сақталып қалған ертедегі
тайпа тілдерінің қалдықтары, қазақ халқының әр дәуірде іргелес, көрші
жатқан халықтармен қарым-қатынасын көрсететін ауыс-түйіс сөздер де
кездеседі. Бұлардың ішінде ескі жазба ескерткіштерде кездеспейтін, әдеби
тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақ тұрғындары тілінде ғана сақталып,
сол өңірге тән тілдік ерекшеліктер ретінде көнеден қалыптасқан және кейінгі
кезде пайда болған бірліктер бар. Жинақталып сараланған мұндай тілдік
ерекшеліктер қазақ тілі тарихының маңызды мәселелерін айқындауға, сондай-ақ
туыстас түркі тілдері мен өзге де тілдердің тарихына қатысты кейбір
мәселелерді шешуге бай материал бола алады.
Осы материалдарды жинақтау мақсатымен Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 1950 жылдан
бері диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырып келеді. Сол
экспедицияларда зерттеушілердің жиып-терген материалдары негізінде
диалектологиялық жинақтар, монографиялық еңбектер, мақалалар мен сөздіктер
жарық көрді.
Аймақтық ерекшеліктерді сөз еткенде ең алдымен қазақ
диалектологиясының, оның ішінде аймақтық лексикографиясының негізін қалап,
әрі қарай дамуына зор үлес қосқан проф. С.Аманжолов мен Ж.Досқараевтың
есімдері ерекше аталуы керек. С.Аманжоловтың 1959 жылы орыс тілінде баслып
шыққан Вопросы диалектологии и истории казахского языка деген
монографиясының соңына тіркеліп берілген 4000-ға жуық сөзді қамтитын
сөздігі мен Ж.Досқараевтың 1955 жылы жарық көрген 1500-ге жуық сөзді
қамтитын Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (Лексика) атты еңбегі
қазақ диалектологиясы саласы бойынша құрастырылған алғашқы сөздіктер еді.
1969 жылы Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі деген атпен 6000 сөзді
қамтитын бір томдық ұжымдық еңбек жарық көрді. Бұдан кейін де іздестіру
жұмыстарының нәтижесінде үш томдық сөздік шығару жоспарланып, оның бірінші
және екінші кітаптары басылып шықты. Жоғарыда айтылған сөздіктердің
негізінде және соңғы 10-15 жылдарда жүргізілген диалектологиялық
зерттеулердегі, жарияланған мақалалардағы материалдардың басын қосып,
толықтырудың нәтижесінде жаңадан 22 мыңнан асатын сөз бен сөз тіркестерін
қамтитын Қазақ тілінің аймақтық сөздігі тұтас бір кітап түрінде оқырман
назарына ұсынылып отыр.
Сөздікті құрастыруда көп жылдар бойы диалектологиялық экспедицияларға
қатысып Тіл білімі институты жанындағы диалектология бөлімінің картотекалық
қорын үнемі толықтырып диалектологтардың, жоғары оқу орындарының қызмет
істеп жүріп диалектология саласы бойынша диссертациялық еңбек жазған,
сондай-ақ шет ел қазақтарының тілін зерттеген ғалымдардың зерттеулері де
пайдаланылды.
Сөздікте Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжіктсан, Ресей
федерациясындағы, сонымен қатар алыс шет елдер Монғолия, Қытай, Ауғанстан,
Иран елдерінде оранласқан қазақтардың тілі бойынша едәуір көлемді материал
енгізілді. Бұрын жарық көрген диалектологиялық сөздіктерде Қазақстан
территориясынан тыс жерлерде қоныстанған қазақтардың тілдік ерекшеліктер аз
қамтылған еді. Ал ұсынылып отырған аймақтық сөздікте шет елдердегі қазақ
диаспорасы бойынша материалдар тыңнан қосылып отыр. Сөздіктің атының да
Диалектологиялық емес, Аймақтық сөздік болуы осымен байланысты. Өйткені
Қазақстан жеріндегі сөйленістермен қатар, белгілі бір тілдік жағдайда өзге
аймақтарда, өзге тілдік ортада өзіндік жазбаша және ауызша да әдеби
нормаларын қалыптастырып, өз бетінше дамып келе жатқан қазақтардың тілінің
мәртебесін тек сөйленіс, диалект дегеннен гөрі аймақтық тіл деп атауға туар
келеді. Мұның мысалы ретінде өз жазу-сызуы, сөйлеу тілі негізінде
нормаланған аймақтық әдеби тілі қалыптасқан Монғолиядағы, Қытайдағы
қазақтардың тілін келтіруге боады.
Әдеби тілде қолданылмайтын сөздердің бәрін диалектиз, аймақтық сөздер,
жергілікті ерекшеліктер қатарына жатқызуға болмайтыны белгілі. Өйткені
олардың ішінде кітаби сөздерге, қарапайым, тосын (окказионализмдер)
сөздерге, варваризмдерге жататындары кездеседі. Аймақтық сөздерге әдеби тіл
нормасына жатпайтын таралу шегі белгілі бір аймақ шеңберімен шектелетін
бейәдеби қолданыстар жатады. Бұлар, яғни, аймақтық сөздер, жергілікті
ерекшеліктер әдеби тілді байытудың сөзжасам арқылы жаңа сөз тудыру, көрші
тілдерден сөз алу және т.б. сияқты бірнеше жолдарының бірі. Қазақ
диалектологиясы бойына тұңғыш мақала жазып, жергілікті ерекшеліктер деген
атауды алғаш ұсынған Ж.Аймауытұлы әдеби тілді байыту үшін көрші тілдерден
сөз алудан бұрын оларды өз тілімізден іздеп табу жағына ерекше көңіл
бөлген. Автор жетек, тәрте тұрғанда әғлөтті (ор. оглобля), ершік тұрғанда
сөделкені немесе мая, шөмеле тұрғанда іскіртті (ор. скирда) қолдануды
теріс деп есептеген (Ж.Аймауытұлы. Тіл туралы Еңбекші қазақ,
09.03.1926). Әрине, жергілікті ерекшеліктерді бет алды әдеби тілге тоғыта
бермей, белгілі бір принципті ұстану керек. Диалектілік сөздердің әдеби
тілді байытатын немесе байытпайтын, керісінше бұлардың құрамында әдеби
тілге ену мүмкіндігі шектеулі сөздер де бар.
Осы жағынан Ж.Аймауытұлының ұсынған принципін ұстана отырып,
диалектілердің құрамындағы әдеби тілді шұбарлайтын сөздермен қатар оны
байыта түсетін сөздердің де молдығын назардан шығармаған жөн. Бұларға
аймақтық сипат алғанымен әдеби тіл құрамына ене қоймаған түрлі шаруашылық
салаларында қолданылып жүрген кәсіби сөздерді жатқызуға болады. Олардың
ішінде мақта, балық, бай-бақша, мал, диқаншылық, т.б. шаруашылық, кәсіппен
байланысты әдеби тілде баламасы жоқ көптеген сөздер кезддеседі. Мәселен,
оңтүстік аймақтарда әдеби тілге ену әлеуеті жоғары қауынның 20, арық-
атыздың 15 түрлі атаулары бар. Тек түйенің өзіне ғана байланысты
қолданылатын жалпыхалықтық сипатқа ие болмаған оңдаған атаулар кездеседі.
Мысалы, күні кеше ғана белігілі бәр аймақ көлемінде қолданылаған шабандоз,
диқан, мұрат, дуал, зембіл, арасан суы, дәліз сияқты сөздер әдеби тіл
қорына еніп отыр. Сол себепті көсек – мақта түйнегі; өттік – қармақтың
тілі; жұтпа – үлкен қармақ; гүлше – гүл шығара бстаған мақтаның шанағы;
күләбі, болбол, қызық ұрық (қауын атары) т.б. көптеген сөздер жалпы
халықтың игілігіне айналдыру мақсатымен сөздікке енгізілді. Олардың
көпшілігі қазіргі қазақ әдеби тіліне ене бастаған келешегі мол сөздер.
Мұндай сөздерді жиып-теріп әдеби тілдің қажетіне, кәдесіне жаратпаса, олар
не аймақтық, не әдеби тіл сөздіктеріне енгізілмесе, онда бара-бара
ұмытылып, тілдік қордан шығып қалуы мүмкін.
Сондықтан Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, сонымен бірге қазақ жұрты
тараған басқа мемлекет территориясындағы бір аудан не бір облыс көлеміне
ғана айтылатын, көпшілікке беймәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын
байытуға қажетті сөздерді жарыққа шығарып, әдеби тілге енгізу арқылы
көпшілік қауымның игілігіне айналдыруда бұл сөздіктің пайдасы мол.
Сөздікте тіл білімпаздарына, әсіресе тіл тарихы, тіл мәдениеті,
этимология, лингвогеография, текстология мәселелерімен шұғылданып жүрген
мамандарға, сөздікші-лексикографтарға қажетті тың, соны материал ұсынылған.

Сөзтізбеде берілген жер ерекшеліктерінің, ладшафт, өсімдік пен жануар,
ауру түрлерінің және халықтық атаулары тіл мамандарына ғана емес,
жаратылыстану ғылымдарының мамандарына да, сонымен бірге ақын-жазушылар мен
публицистерге, тарихшы-этнографтар мен өнертанушыларға да қызықты дерек
бола алады. Сондай-ақ сөздікті жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп
оқушылары мен тіл үйренушілерге көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға
болады.

2.3. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі
Сөздікте кейінгі жылдары баспасөзде қолданыла бастаған, әдеби тілге
сұранып тұрған бірлі-жарым жерігілікті ерекшелігі бар, көнерген және кәсіби
сөздер де берілді. Синонимдік қатарға байланысты түсініктемелерде сөздердің
әр алуан мағыналық реңктері түгел қайталанбай, басты мағыналық ерекшелігіне
ғана сипаттама берілді. Өйткені сөздің көп мағыналығын анықтау түсіндірме
сөздікке жүктелетіні белгілі.
Сөздік мәтінін түзуде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институнда
жиналған картотека қоры пайдаланылды. Сондай-ақ жұмыс барысында Қазақ
тілінің түсіндірме сөздіктері, Абай тілі сөздігі, Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі, Вариант сөздер сөздігі, Қазақ тілінің
далектологиялық сөздігі, энциклопедиялық сөздіктер пайдаланылды.
Қазіргі әдеби тілдің қалыптасып, ғылым мен техниканың қанат жайып
өскен уақытында сөздікке деген сұраныс та арта түспек. Сөздіктер бір емес,
әлденеше рет жасалып, қолдан-қолға өтіп өңделеді, толығады. Мәселен, 1962
жылы шыққан сөздікте синонимдік қатар құрайтын төрт мыңдай сөз ғана болса,
соңғы басылымда оның көлемін әлденеше рет арттырып, өңдеп, жетілдіріп
оқырман қауымның кәдесіне жарату мақсат тұтылды. Бүгінде егеменді, іргелі,
өркениетті ел дәрежесіне қол созған кезімізде лексикографиялық жұмыстар,
түрлі жаңа сөздіктер, анықтамалықтар тіл мәдениетіндегі табыстарды, оның
жүйелі қалыптасқан нормаларын жұртшылыққа дер кезінде күнде-күн жеткізудің,
білім берудің көрінісі ретінде маңызын арттыра түсуде. Олай болса, қазақ
тілін кең ауқымда дамытамыз десек, барлық күшті, мүмкіншілікті әлі де сан
алуан, түрлі-түрлі, сапалы сөздіктер жасауға жұмылдыруыз қажет. Бұл –
бүгінгі заман талабы. Бүкіл баспасөз, мектеп, радио, теледидар
хабарларының, оқытылатын лекциялардың бәрі де ана тілінің жүйеленген
сөздіктеріне сүйене отырып жасалуға тиіс. Сөздіктер тілді жүйелендіріп, ауа
жайылушылықтан сақтандырады, әдеби тілдің баршаға ортақ болып, әрі тіл
тазалығы арта түсуіне тікелей ықпал етеді. Бүгіндері төл тілімізде
күнделікті газет-журналдармен қатар, көркем әдебиет, саяси әдебиет, ғылыми,
педагогикалық және ғылыми-техникалық әдебиеттер көптеп шығарылуда, сонымен
бірге тілді алдағы кезде бұдан да бай, әрі оралымды ету үшін оның шексіз
мүмкіншіліктерін барынша іздестіріп, кәдеге жарата білуіміз қажет.
Күнделікті тәжірибеде синонимдердің қолдану аясын орнықтырып, саралап бір
ізге келтіру қажет.
Синонимдер сөздігі мектеп оқушылары мен студенттер, филологтарға,
жазушылар мен аудармашыларға, баспасөз қызметкерлері мен журналистерге,
мұғалімдер мен оқытушыларға, қазақ тілін тереңдеп үйренуді мақсат тұтқан
барша оқырман қауымға арналған. Сөздік синонимдердің реңктік айырмашылығын
айқын сезініп, дұрыс қодануға дағдыладыратын көмекші оқулық қызметін
атқаруға тиіс.
Сөздік Арыс баспасы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жарық көріп
отыр. Сөздікті баспаға дайындауға белсене қатыстандар Арыс қорының
тәжірибелі редакторлары Ғ.Молдамұратов пен Ш.Әлдибекұлы.

ІІІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
1. Тұлға сериясы

Арыс қоры сан ғасырлық тарих тасқынында өшпес, аттары ХХ, ХХІ ғасыр
санасына жеткен ардақтыларды барынша толық мағлұматтармен жаңғырта ұлықтау
мақсатында Тұлға атты жаңа жобаны жүзеге асыруды бастаған еді. Бұл
топтаманың 10 кітабы жарық көрген, баспа ұжымы әлі 100-ін шығарсақ деген
ойда. Болашақта ол өзінше атақты ЖЗЛ кітаптары секілді елдің көз
қуанышына айналады ма деген үміт бар.

3.1.1. Сұлтан Бейбарыс
Топтама Сұлтан Бейбарыстан басталып, Сарайшық хандарымен
жалғасқан, содан кейінгі томдар атаулары: Әбілқайыр хан, Сырым батыр,
Исатай батыр, Махамбет батыр, Құрманғазы, Дина күйші, Құрманғазы,
Ағартушы Халел. Аталған тұлғалар – қазақ тарихының қақ төрінде отырып,
есімдері алтын әріптермен жазылатындар. Олардың есімдері Қазақстанның
батысындағы тарихтың бір-бір қомақты тараулары болса да, бүкіл қазақ елінің
тарихын бұларсыз көзге елестету мүмкін емес. Бәрінің тарихи симфониясының
бөлінбес ноталары болатын себебі, қазаққа ортақ тармақ-тармақ болмыстардың
бір-бірімен байланысып жатқан табиғи тіндері. Қазаққа ортақ осы тұлғалардың
бар екенін және олардың қандай тарихи істер атқарғандарын әр тұрғыласымыз
жатқа біледі. Бірақ қандай дәрежеде білетіндігі басты мәселе. Біреулер
дақпыртпен өзгелерден естулері арқылы білсе, біреулері әр жерде, әр кезде
жарияланған шағын мақалаларды оқу нәтижесінде шашырандылау ғана көздеріне
елестетсе, молырақ білгісі келетіндері тіпті тарихи, әдеби, мәдени
зерттеулерге ұмтылыс жасап жүргендері де бар екендігі әркімге аян.
Мәселен, Бейбарысты алайық. Бұдан 20-30 жыл бұрын Бейбарысты
білетіндер өте аз болғандығы шындық. Осындай даңқты бабамыз болғандығын тек
тарихшылар ғана болмаса, жалпы жұртшылық ол туралы Мансуров түсірген фильм
арқылы біліп, таңқалысты. Қазақ өмірінің соңғы жылдарында ғана Бейбарыс
бабамыз туралы терең үңілуге құштарлық артқандығы ғылыми мақалалар мен ол
туралы ғылыми еңбектердің дүниеге келуімен, осы арқылы оның тарихи тұлғасы
да, өнердегі тұлғасы да жасалып жатқандығы шындық. Осы материалдар әр
баспадан шыққан күйлерінде шашырап, әр жақта жүрді.
Тұлға жобасының Сұлтан Бейбарыс атты бабамызға арналған жинағы ол
туралы барлық материалдардың басын біріктірген. Мұнда ағылшын жазушысы Д.
Ольдридж, М. Симашко, Ә Кекілбайұлы, М, Есламғалиев, Қ. Сәки, Мұхтар Кұл-
Мұхамед т.б. көркем шығармалары, тарихтық мақалалары мен монографиялық
еңбектерінен үзінділер бар. Бұлар бәрі бірігіп, Сұлтан Бейбарыс кім, оның
қазақ тарихындағы, әлем тарихындағы орны қандай болғандығы туралы
мағлұматтар береді. 4

3.1.2 Сарайшық – тарихи астана
Халқымыздың ежелгі өмірі туралы көп мағлұмат беретін нәрсе – Атырау
территориясында ғұмыр кешкен сәулетті қала Сарайшыққа байланысты ғылыми
еңбектер мен қаланы ертеде көзімен көрген саяхатшылардың жазбалары мен
қазба ескерткіштердің негізінде жазылған зерттеулер. Сарайшық мәселесінің
де халықты қызықтыра бастаған тұсы – еліміз егемендік алғананнан кейінгі
жылдар, әсіресе осы тарихи ескерткішті көз алдымызға елестететін қазіргі
Сарайшық селосындағы мемориал мен мұражай. Тарихи қаланың тағдыры жайлы
Ресей ғалымдары өткен ғасырлардан қызығушылық тудырса, өз ғалымымыз
Ә.Марғұлан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында ғана қолға алыпты. Бұл қаланың
тарих үшін маңыздылығы қисапсыз. Әттең, замандар бойына Жайықтың табиғи
көшпелі арнасының аяусыз кеміре беруінің нәтижесінде су астына кетуі
тарихшыларымызды үлкен өкінішке қалдыруда. Әйткенмен, қазіргі қалған
жұрнақтарының өзі көңілімізге медеу. Ғалым Ә.Марғұланның жергілікті
өлкетанушы М.Намазғалиевтің, археолог З.Самашевтің қазба жұмыстарының,
тірнектеп жинаған өткеннің белгісі асыл сынықтарды көздің қарашығындай
аялаудың нәтижесі біздің қиял көзіміздің өткен ғасырларға үңілтуге қызмет
етуде. Қолымыздағы Сарайшық хандары атты 300 беттік кітап өткеніміздің
өшпес қазынасы Сарайшық қаласы туралы сырлар шертеді. Әп дегеннен Сарайшық
– тарихи астана атты Иманғали Тасмағамбетов пен Зейнолла Самашевтің
қомақты мақаласы көзімізге түседі. Бұл ғылыми еңбек қазақ және орыс
тілдерінде беріліпті. Оқырманды содан кейін ілестіріп алып кететін тарих
ғылымдарының докторы, профессор Бейімбет Ермұқановтың Сарайшық – қазақ
хандығының тұңғыш астанасы, өлкетанушы Жанұзақ Ғизатовтың Алтын Орда
билеушілері атты еңбегінде Бату хан, Жәнібек хан, Ноғай батыр, Ер
Едігелердің ғұмырнамалары туралы қызықты мағлұматтар берілген. Жергілікті
журналист, өлкетанушы-ғалым Өтепберген Әлімгереевтің Тарихи қорымда
жерленген тұлғалар атты үлкен материалында ғалымдар атап жүрген, осы
Сарайшықта жерленген жеті хан Меңке Темір, Ғийас-ад-дин Тоқа, Жәнібек, Әмір
Охас, Ших-Мамай, Қасым хан, Жүсіптер туралы деректер ұсынады. Сонымен қатар
Ерлан Абеннің орыс тілінде Керей және Жәнібек хандар, Асқар Шомашевтің
Қасым хан, Асқар Төлеғұловтың Хақназар хан атты ғұмырнамалық
мақалалары, Вадим Трипавловтың Ногайская орда және Сарайчук: переправа,
некрополь, столица, развалина атты мәнді еңбектері жарияланған. Кітаптағы
үш үлкен тараумен берген жазбалар Сарайшық жайын білгісі келген талай
оқырмандарға терең ғылыми мағлұматтар алуына мүмкіндік береді.
Осы кітап баспаға дайындалып жатқанда, наурыз айында Х.Досмұхамедов
атынағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымы Жеңісбек Мұстафин
Сарайшық қаласының тарихы мен тағдыры атты тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғаған. Бұл Сарайшық мәселесінің ғылыми айналымға түсуінің
басы болса керек. Зерттеуді көптен бері жүргізіп келе жатқан ғалымның
пікірінше, қазір айтылып жүргендей, Сарайышықта жерленген жеті хан ғана
емес, одан әлдеқайда көп сияқты. Бұл пікірдің дәлелденуі әлі алда деп
білеміз. Еліміздің бұрынғы астанасы Сарайшық талай ғылыми зерттеулерге азық
болады деген ойдамыз. 5

3.1.3 Әбілхайыр хан
Тарихымыздағы даңқты хандардың бірі – Әбілхайыр. Оның даңқы Абылайдан
еш те кем емес. Екеуі де ел үшін бастарын талай өлімге тікті. Ел
сүйгіштігі, патриоттығы жөнінен екеуі бір-бірімен үндесіп жатады, бірақ
екеуінің ел үшін арпалыс кезеңдері екі басқа еді. Соның нәтижесіне саяси
әрекеттерінде әрқилылықтар болды.
Қазақ тарихындағы үлкен трагедия Әбілхайыр ханға байланысты оқиғалар.
Трагедия болатындығы сол – ханның көзі тірі кезіндегі тағылған кінәнің ол
өлгеннен кейін де бірнеше ғасыр бойына рухының артынан ілесіп қалмауы.
Әбілхайырдың тарихтағы үлкен ісі – елі мен жерін айнала қамаған оттан аман
алып қалып, кейінгі ұрпаққа табыс ету еді. Оны өз заманындағы хандар мен
сұлтандар қалай ұғынбаса, ол заман қайтпаққа кетті, жаңа замандар ғұмыры
басталса да, ғалымдар әлі дұрыс түсіне алмай келеді. Әр билеуші сол кезде
Әбілхайыр орнында болса не істер еді? Қазақтың жауы көп болды. Оның жауы
бауырлас татарлар да, башқұрттар да болғандығы қандай өкінішті, алайда
оларды орыстардың айдап салып отырғанын Әбілхайыр білді. Жоңғар қалмақтары
200 жылға дейін шапқыншылығын тоқтатпаған, еліміздің ата жауы болатын. Оны
да астыртын қаруландырып, қазақ еліне айдап салып оырған Ресей екенін
білді. Қара қалмақтарды бір жағынан азғырушы орыстар екенін тағы сезді.
Орыстың түпкі мақсаты Иван Грозный, Бірінші Петр салған бағдарламананы
жүзеге асыру еді. Қайткенде де, қазақтың кең даласына, байлығына ие болу –
армандары болды. Қоқан, Хиуа хандықтары да елдің тынышын алды. Қазақ
сұлтандарының алауыздықтары бір жағынан ызаға булықтырды. Әбілхайыр осындай
оттың ортасынан елін аман алып қалуды ойлады. Сондықтан Ресейден достық,
одақтастық сұрады, бодандық емес. Ресей бодандыққа қанша итермелесе де,
Әілхайыр оны қабылдамайтындығын сөзімен де, ісімен де дәлелдеді.
Әбілхайырдың Ресейден қамқорлық қолтығына алуды сұрауының қазақтың аман
қалуында үлкен ролі болғандығын әлі күнге дейін қазақты бөлушілер еш
түсінгісі келмейді. Әбілхайырдың тарихи істеріне арналған талантты жазушы
Әбіш Кекілбаевтың Үркер, Елең-алаң атты романдарын әдеби қауым
әдебиеттегі ерекше құбылыс екенін мойындағысы келмейді. Әбілхайыр әрекетін
сатқындық деп есептейтін ғалымдар мен әдебиетшілер бодандықты дәріптеген
туынды дер жазушының басынан әлі дай-дамай айырмай келе жатқандығы әмбеге
аян. Эпопеяны жалғастыруды жазушының 20 жыл бойына үзіп тастауына осы да
себеп болған шығар. Бірақ Ит үреді, керуен көшеді дегендей, Әбілхайырды
тарихшылардың бірқатары арашалап бағуда. Оны алдымыздағы Әбілхайыр хан
атты тұлғалық жинақтан, тарих ғылымынаң докторы, профессор Көшім
Есмағанбетовтің, тарих ғылымының докторы, профессор Әбілсейіт Мұхтардың,
жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиевтің,
тарих ғылымының докторы, профессор Серік Мешімбаевтың, тарих ғылымының
докторы профессор Б.Кемеков пен тарих ғылымының кандидаты С.Өтенияздың
ғылыми еңбектерінен және сонымен бірге 1736 жылы кіші жүз ханы Әбілхайырға
барып қайтқан сапары туралы ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің күнделігінен
үзінді кітаптың қазақ тілінде құрастырған бірінші бөлімінде жарияланған.
Ал кітаптың екінші бөлімі ылғи орыс тіліндегі материалдардан тұрады.
Мұнда тарих ғылымының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың, тарих
ғылымының докторы, профессор Мұрат Әбдіровтыің, тарихшы Санат Көшімбаевтың,
тарихшы И. Ерофееваның, тарихшы Серік Әжіғалидың еңбектеріне орын берілген.

Бұл ғылыми еңбектердің Әбілхайыр ханның тарихындағы өшпес орын, оның
атқарған ұлы әрекеттері туралы тарихи деректерге сүйеніп жазылған терең
меңді туындылар деп бағалалған дұрыс. 6

3.1.4. Сырым
Қазақ тарихында ХVІІІ ғасырдағы шаруалар көтерілісін басқарған ел
басқаушысы, би, шешен, батыр Сырым Датұлы (1712-1802) ерекше орын алды.
Алайда Сырымның халық арсындағы даңқы шешендігімен, билік сөздерімен
тараған. Батыр туралы Кеңес үкіметі кезінде қазақ тарихын жазушылар ол
басқарған көтерілісті аттап өте алмағандықтан, кіші жүз шаруаларының
көтерілісі ретінде аз ғана атап өтеді. Бұл туралы тек Қазақстан тарихымен
айналысып, дәріс оқитын оқытушылар ғана біледі. Ал мектептерде қысқаша атап
өтілетін еді. Тап өту – әдейі тоқтатылып өту емес. Жалпы халықтың санасына,
мектепте тарихтан, әсіресе Махамбетке байланысты әдебиеттен Исатай Тайманов
бастаған шаруалар көтерілісінің көбірек ұялағаны шындық. Қазақ тарихының
тереңдеу ғасырында жатқан, 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған шаруалар
көтерілісі әр адам ойында Иә, солай болыпты деген бұлдыр сағым ретінде
қалды. Мұның себебі, Сырымның батырлығы, көтерілісті ұйымдастырушылығы
туралы орыс тарихшысы М. П. Вяткиннің Сырым батыр атты кітабының қазақша
аудармасы 1947 жылы басылды да, кейін қайталанып басылмады, ал қазақ
тарихшылары батырға арналған зерттеулермен айналыспады. Жазушылар Сырым
туралы тарихи көркем шығармаларды аз жазды. Басшылықтың қас-қабағына
қарағандықтың салдарынан осылай болғандығы да рас еді.
Қазақ халқы Сырымның батыр екендігін атайды да, оның батырлығы қандай
көтерілісте көрінгендігін шала білді. Есесіне, Сырымның шешендігін жақсы
біледі әрі оның шешендік сөздерін жиындарда айтып, өмір тәжірибесіне
пайдаланып, ұлағат алумен келеді. Оның шешендік сөздерінің халық арасына
кең тарауына ауыз әдебиетінің зерттешілері елеулі роль атқарды. 7
Сырым туралы ертеде жазылған Вяткиннің тарихи очеркі 50 жыл өткенде,
әрең дегенде 1998 жылы қайта басылды, ғалымдар ғылыми еңбектер жазып,
диссертациялар қорғай бастады, әр жағдайда мақалалар, ғылыми тұжырымдар
көрініс берді. Ертеде шығай-тоғайда жазылғандары бар, қазіргі жазбалар бар,
әрбіреуі әр жақта шашылып жүрген ғылыми, әдеби еңбектердің басы
біріктіріліп, Сырым Датұлының кім екендігі жөнінде толық мағлұмат Сырым
батыр атты тұлғалық бейне беретін жинақ алдымызда жатыр. Бұл жинаққа,
әрине, М.П. Вяткиннің қомақты ғылыми еңбегі енген жоқ. Бірақ Сырмның барлық
тарихи іс-әрекеттеріне, өміріне тарихи және әдеби бейне беретін еңбектер
бар. Кітап бес бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде ұлы жазушы Сәбит Мұқановтың
Сырым туралы мақаласы; ғалымдар Ә.Мұхтар, С.Ысмайыловтың,
М.Жолдасбековтың, Қ.Мұхамбетқалиұлының, Ә. Әлімгереевтің, Ж.Мұратбаев, Ә.
Қойшиевтердің ғылыми мақалалары берілсе, екінші бөлімде Сырымның шежіресі,
шешендігі жайында ғылыми зерттеу; үшінші бөлімде Сырымның шешендік
сөздерінің жинағына тап боласыз; төртінші бөлімде Сырым жайлы көркем
шығармалардан тарихи дастан, Ғ.Мүсіреповтың Болашаққа аманат атты тарихи
драмасы, Ғ.Қараштың, Қ.Мырза Әлінің Сырым туралы өлең-жырлары енген.
Бесінші бөлімде ылғи орыс орыс тіліндегі Сырымға байланысты еңбектер мен
құжаттар топтастырылған. Зерттеушілердің батыр жайлы еңбектерінен үзіндіні
берейік:

Cырым Датұлы жайында. Батыр туралы ойлар.
Ресей патша үкіметінің отарлау саясатынан Бұқар жыраудың жаны жайдан-
жай түршіккен жоқ. Бұл кезде Әбілқайыр хан билеген Кіші жүз елі отаршылдық
саясаттың улы дәмін тата бастады. Орта жүзді бағындыру туралы Абылаймен
саяси арбасуға кіріскен патша үкіметінің орта жүзге де ұсынар дәмі – у
екенін Бұқар жырау көрді, оның жанын түршіктірген осы уақиға еді.
Кіші жүз де патша үкіметіне бағынғысы келіп бағынған жоқ, Ақтабан
шұбырынды оқиғасынан кейін олар азып-тозып, бытырап, жан-жаққа қоныстана
бастады. Бір бөлігі Ресейге тақау көшіп барып қоныстанды. Осындай
дағдарысты пайдаланған Ресей патшасы – Анна Иванова кіші жүздің ханы
Әбілқайырға арнайы елші жіберіп, оның өзіне бағынуын өтінді. Басқа амалы
қалмаған хан бұған келіседі.
Сол-ақ екен, Әбілқайырдан рұқсат алып, патша үкіметі 1737 жылы Ор
өзенінің бойына Оренбург крепосын орнатты. Сонан кейін оны Жайық өзенінің
жағасына көшірді де, Оренбург пен Орск крепостарына әскер төгіп, күш
алғаннан кейін, қазақ халқын әлдилеуді доғарып, күшпен жуасыту әдісіне
көшті. Бұған Әбілқайыр туласа да, оны құлағынан ұстап тұқыртып, тырп
еткізбеді.
Әбілқайыр өз хандығынан айырылмас үшін, патшамен бірде шын, бірде
өтірік жанжалдасып жүре берді, бірақ ол қазақтың өзге жүздерінен кеудесін
жоғары ұстап, оларға үстемдік еткісі келді де, соларға шабуыл жасады. Бұған
шыдамаған орта жүздің мықты бір сұлтаны Әбілқайырды өлтірді. Оның орнына
Әбілқайырдың өз баласы қайтадан хан болып сайланды. Ол Ресей патшасының
айтқанын бұлжытпай орындады.
1773 жылы патша үкіметінен қысым көрген орыс шаруалары мен алым-
салықтан ауырлық түскен қазақтар көтеріліске шықты. Осы кезде Нұралы хан
мен оның жақтаушылары патшаның сойылын соқты.
1775 жылы патша үкіметі Жайық бойына Уральск (Теке) қаласын салдырды.
Ондағы ойы, отарлау саясатына қарсы бас көтерген қазақ пен пугачевшылардың
қалдығын біржола басу үшін, әскер қоятын орнын кеңіту; қазақ халқы мен орыс
казактарының еңсесін баса түсу еді.
Уральскіде, Гурьевте, Оренбургте, Орскіде тұратын шекара әскері Кіші
жүз халқына өте тынышсыз болды. Ханға, ханды жақтаған қазақ феодалдарына
сүйенген патша үкіметі, бағынған кіші жүз еліне алым-салықты ауырлата
салды. Екі жақты талау жанына батқан қазақ ашынды; ашынған, көтеріліске
көңілі ауған халық басшы іздеді, батылды басшы – ол Сырым Датұлы.
Сырым қазақтың Байұлы дейтін руының Байбақты дейтін бұтағынан. Оның
нақты қай жылы туғанын тарих әлі анықтаған жоқ. Халық аузында сақталған
әңгімелерге қарағанда, Сырым елдің биі, атақты шешені болған. Бір кеңесте,
Нұралы хан Сырымның қарындасын алған күйеуі еді дейді.
Сырым заманынан сақталған құжаттарға, халық аузындағы әңгімелерге
қарағанда, хан ордасында да, халық арасында да Сырым батыр беделді болған.
Бір деректерде Сырымды хан ордасындағы ықпалды бидің біреуі еді дейді.
Осындай хан ордасындағы беделіне, дәрежесіне қарамай, 1783 жылдан бастап
Сырым батыр хан ордасына да, патша үкіметіне де қарсы шықты. Ханның,
патшаның саясатына наразы халық Сырымның соңынан ерді. Сырым бастаған халық
көтерілісі қимылға кірісті, 1783-1797 жылдар арасында Сырым бастаған
көтерілісшілер бірнеше рет хан ордасына, патша үкіметінің крепостарына
шабуыл жасап, соғысты.
Профессор А. В. Шестаковтың редакциясымен 1941 жылы шыққан СССР
тарихы дейтін кітапта Сырым бастаған халық көтерілісі былай сипатталады:
Қазақтың ақсақалдары мен байлары Россиямен, Қоқанмен, Бұқара хандығымен,
Қытаймен сауда жасады, осы мемлекеттердің бәрі қазақты өзіне бағындыруға
тырысты.
Қазаққа, әсіресе, шабуыл жасаған – Ресей. 2 Екатерина патшалық құрған
заманда Кіші жүздің көп жері Ресейге бағынды. Бұл жүздің хандары қазақ
халқын сатып, Ресей патшасына қазақ жерін алуға көмек етті.
Халықты сатушы хандарға, қазақ халқын бағындырушы орыс патшасына
қарсы әлденеше рет көтеріліс болды.
1783 жылы көтеріліс жасаушы қазақтарды ер Сырым Датов басқарды.
Халқының батары аталған, қорқынышты білмейтін көсем Сырымның бастауымен
қазақ халқы жауларымен он төрт жыл бойы алысты. Сырымды жаулар өлтірді.
Көтеріліс басылды. Сырым бастаған халықтың бұлай көтерілуіне бір себеп,
патша үкіметінің отарлық-құлдану саясатын қатты жүргізуі болса, екінші
жақтан, өзі талаумен қоймай, көршілес елдерді жауықтырып, бірін-біріне
шаптыруы еді.
Сырым батыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Лексикография жайлы
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сөз тарихы
Топтастырушы сөздіктер
Орфография
Пәндер