Ш.Айтматовтың “Қош бол, Гүлсары!” повесі және оның қазақша аудармасы



Андатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.5 бет


І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.8 бет

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:


І ТАРАУ. “Қош бол, Гүлсары!” повесінің көркемдік.идеялық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9.18 бет



ІІ ТАРАУ “Қош бол, Гүлсары!” повесінің аударылу әдіс.
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.29 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.32 бет



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ...33 бет
Қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұрғанын білеміз.
Әрине, осы мақсатқа жету жолында өнердің, оның ішінде әдебиетіміздің адам өміріндегі маңызы қандай екені айтпаса да түсінікті.
Осы орайда, 10 “а” сынып оқушысы Ш.Атматовтың “Қош бол, Гүлсары!” повесі және оның қазақша аудармасы еңбегін яғни ғылыми жобасын ұсынып отыр.
Онда “Адамзаттың Айтматовы” атанған, миллиондаған оқырманды табындырған, көркемсөз шебері – Шыңғыс Айтматов туралы сөз болады.

Біреуі үшін біреуі өтеп парызды,
Біреуі үшін бірі өтеп қарызды.
Қырғыз, қазақ
Көп халықтың ішінде
Бір-бірінің көшірмесі тәрізді, деп
Қ.Мырзалиев шумағындағы қырғыз, қазақ достығын растағандай әңгімелер айтылады.

Аудармада:
-заман шындығы;
-адам табиғаты;
-еңбек;
-адам тіршілігі;
-достық;
-аударма жанрының табиғаты сөз болды.

“Әңгімедегі адамзат дамуындағы өркениеттердің әдеби мұраларын біз аударма арқылы түсінеміз” деп келіп, осы “Қош бол, Гүлсары” повесі көтерген жүгі мен аудару шеберлігі талданады.
1. Ш.Айтматов “Қош бол, Гүлсары!” А., 1977.
2. Ч.Айтматов “Прощай, Гульсары!” Ф.1967.
3. Ш.Айтматов, М.Шаханов “Күз басындағы аңшының зары” А., 1977
4. Ч.Айтматов “Эхо мира” журнал. Повести, рассказы, публицистика. М. 1985.
5. Ч.Айтматов в Германии. Исследование, статьи, рецензии о творчестве. Б., 1991.
6. Ө.Айтбаев “Аудармадағы фразеологиялық құбылыс” А., 1975.
7. Қ.Алпысбаев “Көркем шығарманы талдау жолдары” А.,1995.
8. А.Н.Альмуратова, Г.К.Казибек Теоретические проблемы литературного перевода. А., 1998.
9. М.Әуезов “Әр жылдар ойлары”. А., 1959.
10. Г.Базаров “Прикосновение к личности” Ф., 1988.
11. Ж.Дадебаев “Өмір шындығы және көркем шешім”. А., 1991.
12. С.Жумабеков “Жұлдызы нұрлы суреткер” А., 1992.
13. Қ.Жұмалиев “Әдебиет теориясы” А., 1960.
14. З.Қабдолов “Сөз өнері” А., 1992.
15. М.Қаратаев “Туған әдебиет туралы ойлар” А., 1958.
16. Р.Мылтықбаев “Ш.Айтматов туралы” А., 1978.
17. Ғ.Мүсірепов “Замана және әдебиет” А., 1982.
18. Ғ.Мүсірепов “Суреткер парызы” А., 1970.
19. Ғ.Мұстафин “Ой әуендері” А., 1978.
20. С.Мұқанов “Өсу жолдарымыз” А., 1960.
21. Ә.Сатыбалдин “Рухани қазына” А., 1965.
22. С.Талжанов “Көркем аударма туралы” А., 1962.
23. С.Талжанов “Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері” А.,
1975.
24. Р.Хайруллин “Аударма сипаты” А., 1976.
25. Г.Цейтлин “Труд писателя” М.1968.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ш.АЙТМАТОВТЫҢ “ҚОШ БОЛ, ГҮЛСАРЫ!”
ПОВЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚША АУДАРМАСЫ.

Жұмыстың құрылысы: КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І ТАРАУ: “ҚОШ БОЛ, ГҮЛСАРЫ!”
ПОВЕСІНІҢ КӨРКЕМДІК-ИДЕЯЛЫҚ МӘНІ.
ІІ ТАРАУ: “ҚОШ БОЛ, ГҮЛСАРЫ!”
ПОВЕСІНІҢ АУДАРЫЛУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жұмыстың негізгі мақсаты:
“Қош бол, Гүлсары!” повесінің идеялық мәніне барлау жасап, қазақша
тәржіманың өзіндік ерекшелігін, әдіс-тәсілдерін айқындап көрсету мақсат
етілді.

Жұмыстың мазмұны:
“Қош бол, Гүлсары!” повесінің аударма жанрындағы маңдайы жарқыраған тәржіма
екендігіне тоқталып, образдар өміршеңдігін, идея құндылығын тұлпар
Гүлсарыға тіл бітіре отырып, Танабай бейнесімен астастыра қазақ тілінде
сөйлеткен жазушы, аудармашы - Шерхан Мұртаза шығармашылық тілін,
түпнұсқамен, Шыңғыс Айтматов шығармасы тілімен салыстыра отырып, қазақша
аудармасының көркемдік жайы мен сыр-сипаттарын баяндады.

Жұмыстың негізгі қорытындысы:
Жұмыс барысында Ш.Айтматов шығармасының қазақ тіліне аударылуындағы
жетістіктеріне тоқталып және Ш.Мұртаза тәржімалаған “Қош бол, Гүлсары!”
повесінің тәржімасын орысша нұсқасымен салыстыра отырып, психологиялық,
пәлсапалық, көркемдік жетістіктеріне шама-шарқымызша көз жеткіздік.

М А З М Ұ Н Ы

Андатпа---------------------------- ----------------------------------- ------
4-5 бет

І. КІРІСПЕ ----------------------------------- ------------------------------
6-8 бет

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І ТАРАУ. “Қош бол, Гүлсары!” повесінің көркемдік-идеялық
мәні ----------------------------------- -------------------------------
---- 9-18 бет

ІІ ТАРАУ “Қош бол, Гүлсары!” повесінің аударылу әдіс-
тәсілдері-------------------------- ----------------------------------- -
---19-29 бет

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------3 0-32
бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ----------------------------------- 33 бет

Андатпа

Қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру мәселесі тұрғанын білеміз.
Әрине, осы мақсатқа жету жолында өнердің, оның ішінде әдебиетіміздің
адам өміріндегі маңызы қандай екені айтпаса да түсінікті.
Осы орайда, 10 “а” сынып оқушысы Ш.Атматовтың “Қош бол, Гүлсары!”
повесі және оның қазақша аудармасы еңбегін яғни ғылыми жобасын ұсынып отыр.
Онда “Адамзаттың Айтматовы” атанған, миллиондаған оқырманды
табындырған, көркемсөз шебері – Шыңғыс Айтматов туралы сөз болады.

Біреуі үшін біреуі өтеп парызды,
Біреуі үшін бірі өтеп қарызды.
Қырғыз, қазақ
Көп халықтың ішінде
Бір-бірінің көшірмесі тәрізді, деп
Қ.Мырзалиев шумағындағы қырғыз, қазақ достығын растағандай әңгімелер
айтылады.

Аудармада:
-заман шындығы;
-адам табиғаты;
-еңбек;
-адам тіршілігі;
-достық;
-аударма жанрының табиғаты сөз болды.

“Әңгімедегі адамзат дамуындағы өркениеттердің әдеби мұраларын біз
аударма арқылы түсінеміз” деп келіп, осы “Қош бол, Гүлсары” повесі
көтерген жүгі мен аудару шеберлігі талданады.

Annotation

The purpose of our country is to be among 50 competitive countries
of the world. Certainly to achieve our aim, art mainly, literature also
plays main role in the life of humanity.
So, the pupil of the 10”a” form presents her scientific work based
on the translation of Sh.Aitmatov’s story “Goodbye bye, Gulsary!”
It is about Sh.Aitmatov, who was very famous and amazed millions
of people by his stories and got the name “Mankind’s Aitmatov”.
One does another’s duty,
One pays another’s debt.
As if duplicate of each other
Among other nations
Kazakh and Kirghiz, -says K.Myrzaliev. And this poem attracts the
meaning of the scientific work which has stories about friendship of Kazakh
and Kirghiz.

In the translation we can see
-true life;
-nature of a person;
-labour;
-person’s life;
-friendship;
-genre of translation.

“We are able to understand the literary heritage of others through
translations” –is said in the work.

К І Р І С П Е

Тәуелсіз Қазақстанда мақсат-мүддесі бір, арман-тілегі орайлас алуан
тілде сөйлейтін ұлттар қазақ халқының төңірегіне берік топтасып,
ынтымақтаса жұмыла қимылдап, жарқын болашаққа сеніммен қадам басып келеді.
Сол ұшан-теңіз өмір дамуының барысында республикамызда тұрып жатқан әр
тілде сөйлейтін халықтар мәдениетінен, қала берді дүниежүзілік ауқымдағы
ұлт-ұлыстардың бір-бірінен ойдағыдай түсінісуі үшін көркем тәржіма
жұмысының атқаратын ролі өте зор. Сондықтан аударма жұмысы біздің
күнделікті өмірімізден үлкен орын алады. Қазақстанда күн сайын сан алуан
материалдар орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға және өзге де тілдерге
аударылып жатады. Олар түр жағынан да, мазмұны жағынан да алуан түрлі және
өмірдің барлық саласын, бүгінгі адам баласының күллі ой-өрісін мол қамтиды.
Олар жанр жағынан да аса күрделі болып келеді.
Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін,
үйлесімділігін, бейнелеу қабілетінің шексіздігін көрсетеді. Тәржіма ісі
біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді ұлғайтты.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл
қазынасы кеңінен қолданылады, өсіп отырады, сонымен қатар ескіріп бара
жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі уақыттағы әдеби тіліміздің қатарына
қосылып жатады.
Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн
сайын аударылып жатқан сансыз көп материалдарды орын-орнымен бұлжытпай
қолдану арқылы тұрақтандыруға, халықтың ойы мен тіл байлығын аңғартып,
үйретіп сол ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болып отырады.
Аударма саласы қазір көпшіліктің ісіне айналып барады. Қалада болсын,
далада болсын, тек баспа орындарында, немесе мәдениет мекемелерінде ғана
емес, барлық жерде керек десе өндіріс алаңдары мен егіс қостарында да
орысшадан қазақшаға аударылмай тұрмайды.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше
алуан тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Қазақ тілінде жазылған қандай
бір шығарма болмасын шындап үңіле келгенде, орыс мәдениетінің ықпалын
көрмеу мүмкін емес. Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниеге жаңа
өмірмен, жаңа ортамен таныстырып отырады. Аудармашы өзі аударып отырған
автордың ойын түсініп, шеберлік сырларын дәл жеткізуі үшін аянбай еңбек
етеді, махнат шегеді. Яғни ол аударылатын кітаптағы сол дүниені, сол
өмірді, сол ортаны, ең әуелі көзімен көріп тұрғандай ойша қабылдап, оның
әрбір ұсақ деталіне дейін бойына сіңіріп алуы керек те, тек сонан соң ғана
ана тілінің бар мүмкіншілігімен оқушыларына айтып беруге күш салуы шарт.
Қазақ халқының ұлы жазушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев
өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен өткен ғасырдың
жетпісінші жылдарында орыс мәдениетіне жол ашты. Сондай-ақ көркем аударма
тарихының алғашқы сүрлеу-соқпақтарын салды.
Негізінен аударманың үш әдісі бар:
1) Еркін аударма;
2) Сөзбе-сөз аударма ;
3) Балама аударма ;
Біздің ойымызша, еркін аударма түпнұсқаның тілін білмеуден немесе сол
түпнұсқаның (оригиналдың) ұғымды болуынан гөрі өзіне тиімділігін-оңайлығын
көбірек көздеуден туады.
Сөзбе-сөз аудару көбінесе түпнұсқаның тілін түсінбеуден болады, соның
әуеніне еріп, құл болудан шығады. Бұл әдіс осы кейінгі кезде күшейді. Ал
балама аударма - осының ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар,
сол алдында тұрған түпнұсқаның түпкі ойын сарқа түсінетіндер, дыбыс
ырғағын, тіл әдемілігін, автордың сөз қолдану мәнерін зерттеп, жетік
ұғынатындар жасайды. Соңғы аталған түрі бізде жиі кездеседі. Қазіргі
уақыттағы ғалымдарымыздың, әдебиетшілеріміздің бір ауыздан қабылдап
отырғаны да осы кейінгі түрі.
Аудармашыға қойылатын талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуі
тиіс. Оның үстіне, өзі тіл сырын, өзі мәнін, көркемдіктің қадірін білетін,
өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық
тұрғысынан ұғына салатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал,
ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек. Қосымша аудармашыға ауадай
қажет нәрсе - нағыз энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет. Ол
түпнұсқаның тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс салтынан, әдет-
ғұрпынан, қоғамдық қалыбынан мол хабардар болуға тиіс. Тіпті жалғыз сол
халықтың ғана емес, жалпы адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп
нәрселерден мағлұматсыз болмауы қажет. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні
қайдан шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды.
Бұл тұрғыдан аудармашыға ғылымдық ізденімпаздық, әр алуан сөздіктер мен
энциклопедияларға үйірсектіктің мәні өте зор.
Аудармашы қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына
қанықтығымен қатар автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-
жақты білім иесі болмаса, екінші тілде оқушыларға түпнұсқаны бар қасиетімен
ашып бере де алмас еді.
Көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және қайта жазу
негізінде дамылсыз машықтана беруден бірте-бірте ашылатын нағыз
өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылса, әр автордың әуеніне, үніне
айнытпай салып, автор боп күліп, автор боп жылап, автор боп қатулана
білетін артистік құбылымпаздық, өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып
ұстап, әр мақамға бұра алатын, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтере алатын
қабілеті болса; мұның бәрін істегендегі өзінің ең ардақты борышы – қасиетті
ана тілінің өткірлігі, көріктілігін, икемді орамдылығын, мағыналығын, күллі
сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себеп тигізу екенін, ана тілінде
оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екенін нағыз азаматша
түсінсе, міне аудармашылық өнердің қонғаны деп осыны айтуға болады.
Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр
қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Одан
аударылатын еңбекті өз ыңғайына, қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына
қарай таңдап алудан бастап, ақыры кітап болып шығып, көпке таратылуына
дейінгі бар ауыртпалығын мойнына алу талап етіледі. Негізінен аудармашы
түпнұсқаның екінші авторы болып саналады. Кітаптың жаңа тілде қайта тууына
байланысты қуаныш, реніштің бәрін ол өзі көтеруі қажет. Сонымен бірге
творчестволық толғану үстінде өзегін жарып шыққандай болып туған әрбір
бейнелі сөзге оның шын авторша жаны ашиды, редакциялау кезінде туындылардың
қалай өзгертілуіне енжар боп елеусіз қалуы мүмкін емес.
Кейде көптеген шығармалардың аудармасы нашар болады. Оның себебі –
кейбір аудармашылар өздері әдебиетші бола тұрып, екі тілді жақсы біле
тұрып, аударма еңбегіне жоғары қарайды, тиісінше мән бермейді, аударылатын
шығармада суреттелген халықтың өмірін, салтын, тұрмысын, әдет-ғұрпын
жақсылап зерттемейді, шығарманың идеялық-көркемдік өзгешеліктерін айқын
аңғармайды. Сондықтан олардың аудармасында түпнұсқаның рухы сақталмайды.
Тағы да ешқандай принципті қолданбайтын, мәдениетсіздіктің, шалағайлықтың
туындылары болып табылатын аудармалар да бар. Түпнұсқаның жігін жақсы
білмейтін, көркем әдебиетке ешқандай қатысы жоқ екенін былай қойғанда,
тіпті өзінің ана тілін жақсы білмейтін басқа тілдің көркем шығармасын өз
ана тіліне қайта туғызу сияқты аса қиын өнерпаздық міндетті орындаймын
дейтін аудармашылардың ұшырасып қалатындығы шындық.
Асылы, талантты туынды, оның рухани әлемі көпке ортақ. Аудармасы төрт
аяғынан тең түсіп жатса, оның өзі – кенен ырысы. Бұл орайда, Шыңғыс
Айтматовты бағы жанған жазушы суреткер десек әсте артық емес! Міне,
өздеріңіз-ақ төрелігін айта беріңіз. “Жәмиланы”, “Құс жолын”, “Бетпе-
бетті”, “Алғашқы ұстазды” қырғызшадан аударған белгілі сыншы Қалжан
Нұрмаханов, “Шынарым менің”, “Шырайлым менің, шырайлым меніңді” орысшадан
аударған белгілі сыншы, көрнекті ғалым Айқын Нұрқатов “Қызыл алманы”
орысшадан аударған белгілі жазушы академик Зейнолла Қабдолов, “Ақ кемені”
орысшадан аударған аса көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев, “Қош бол, Гүлсары!”,
“Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет”, “Боранды бекет”, “Жан пиданы”
орысшадан аударған майталман жазушымыз Шерхан Мұртаза. Біз Шыңғыс
Айтматовтың “Қош бол, Гүлсары!” повесі және оның қазақша аудармасы” деген
ғылыми жұмысымда алдымен повестің оқиғалық мазмұндық желісін, оның түпкі
идеялық мәнін және бұл шығарманың қазақ тіліне аударылуының жай-жапсарын
сөз етеміз.
Сондықтан да жұмысымыз кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады.

І ТАРАУ

“ҚОШ БОЛ, ГҮЛСАРЫ!” ПОВЕСІНІҢ
КӨРКЕМДІК-ИДЕЯЛЫҚ МӘНІ.

Ежелден туыс, етене жақын, түбі бірге туысқан қырғыз халқының
талантты ұлы – заманымыздың көрнекті жазушысы әрі қоғам қайраткері – Шыңғыс
Айтматов. Жазушы шығармашылығы – телегей-теңіз, ол жан-жақты, терең байыпты
талдауды қажет ететін сан қырлы құпиясы бар ғажайып дүние. Шыңғыс
Айтматовтың әңгімелері, повестері, романдары - адам жан дүниесіне терең
бойлайтын, оқырмандардың ішкі сезім күйлерін сырлы сазды, үнді шығармалар
арқылы жеткізетін мол қазына.
Асылында жазушының қай шығармасында болмасын халықтың өмірімен, тыныс
тірлігімен тығыз байланысып, біте қайнасып жатады. Сондай көркем
шығармаларының бірі - “Қош бол, Гүлсары!”.
Шыңғыс Айтматовтың барлық шығармаларында адамның ішкі жан-дүниесі, ой-
сезімі, қоғамдағы орны барынша терең де өте әсерлі бейнеленген. Жазушы
басты кейіпкер арқылы қоғам өмірінің белгілі бір құбылыстарын ашып
көрсетуді көздейді. Жазушының өмір сырларын жете білетіндігі соншалықты ол
жеке адамдардың психологиясын өмір танымын, философиялық пайымдарын шынайы
суреттеген. Әр жазушының өзіндік көркем стилінің ерекшелігі, типтік
характерлер жасаумен бірге кейіпкердің ішкі жан дүниесін ашуы арқылы
көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда “Қош бол, Гүлсары!” повесі - ұлттық, өз
тұсындағы әлеуметтік ахуалды бойына сіңірген шығарма. Бұл шығармада қырғыз
колхозшыларының соғыстан кейінгі өміріне батыл талдау жасалған. “Қош бол,
Гүлсары!” повесінің басталуының өзі айрықша қызық, жатқан бір сурет.
“Қаусаған арбаның үстінде қарт адам келеді. Тайпалма жорға Гүлсары да
ыңыршағы айналған кәрі жылқы еді”. Жазушы шығарманы басты кейіпкер
Танабайдың ішкі монологы, оның ойлау, қабылдау, түйсінуі арқылы өрбітеді,
көркем суреттейді, ғажап баяндайды.Осының өзі Шыңғыстың көркем сөздің
шебері екендігін айқындай түседі. Бұл шығармада Танабайдан өзге де бірнеше
кейіпкерлер бар. Атап айтсақ, Жайдар, Шора, Гүлсары, Бүбіжан және басқа да
бір көрініп кететін образдар ұшырасады. Шыңғыс Айтматов кейіпкердің
портретін жасау арқылы, оның кеудесінде қандай ойлар жатқанын, сол адамның
өз тұсындағы болмыс-бітімін өте дәл көрсетеді. Сондай-ақ осы повесте
халықтың қоғамдық өмірдегі тұрмыс күйі айрықша орын алған.
Қырғыз қазақ халықтары үшін ер серігі ат-тұлпар аса дәстүрлі орынға
ие. Автор жануар Гүлсары арқылы тұтас бір кезеңнің аумалы-төкпелі қиын
тағдырын, адамдар бастан кешкен тауқыметті көз алдымызға елестетеді. Жануар
Гүлсарыны адамша толғандыра отырып, оны табиғат жайында ойлайтын,
күрсінетін, қайғыратын, қаһарланатын тірі адамдай бейнелеуінің өзі ғажап
құбылыс. Мәселен, Гүлсарының құлдыраңдаған құлыншағын еске алуын жазушы
былай баяндаған:
“Енесінің емшегі тырсылдап, тәп-тәтті боп кететін, құлыншақтың аузын
ақ көбік көміп, бұлақтай иіп аққан сүтке шашалып та қалушы еді. Апырай
неткен кәусар, неткен желікті саумал сүті еді сол! Бір жұтым саумал сүттің
ішіне күллі дүние – күн де, жер де, өзінің енесі де кіріп кеткендей
көрінетін”. Әттең, бұл Гүлсарының басынан қас-қаққанша өте шығады. Алдында
айтқандай жазушының тапқырлығы жануарға адамша тіл бітірді. Жануар да
анасының ақ сүтін қадірлейді, құрметтейді. Осыны оқи отырып, оқырман қауым
бұл құбылысты адам емес, Гүлсары, яғни тұлпар Гүлсары өмірінің ақырғы
сәтінде есіне түсіріп тұрғанын сезбеуі әбден мүмкін. Міне жазушының қиыннан
қиыстырып, оқырманына ұсынуында үлкен мән, пәлсапалық байлам жатыр десе де
артық емес. Бір үлкен ойды қозғап, ата-ана мен перзент арасындағы бір-
біріне деген шексіз сүйіспеншілікті ашып тастады десе де болғандай. Шешуі –
ана. Анаға деген махаббаттың шарықтауы мен мәңгілігі болып шығады.
Аталған повесте жылқышы Танабай мен ат бейнесі бір-бірімен қабыса
байланысып, нағыз толыққанды образға айналған. Гүлсары туа жорға еді, сол
даңқы асқан жорғалығына өз өмірінің ішінде көп рахат күндер кешті, көп жапа
да шекті. Бұрын оны арбаға жегу ешкімнің ойына келмеген, олай ету күпірлік
болар. “Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса етігімен
су кешер” деген осы еді. “Тұяғының астынан тұрақсыз жылжып, сусыған қара
жердің әсері Гүлсарының өлеусіреген шамдай сөніп бара жатқан санасында
көмескі бір көріністерді оятты: алыста қалған жадыра жаздың күндері, тау
ішінің шың басқан “көкорай шалғын” түс көргендей көз алдына келе берді”,
сонда бұл Гүлсары деген ақымақ құлыншақ күнді қуып жеткен болып үйірдегі
айғыр құлағын жымитып қайырып тастағанша шалғыннан, асау өзеннен, аршалы
алқаптан айнала шауып өтіп, бара жататын. Сол бір сағымдай боп қалған
сағынышты күндерде үйірдегі жылқылар көл түбіндегі сурет құсап, аяқтары
аспанға қарап жүрер еді”. Повесте жорға жүрісі, табиғат көрінісімен,
лиризмге толы сыршыл, шынайы көркемділігімен оқырманға әсер қалдырары
сөзсіз.
“Кім мінбеді бұл Гүлсарыға? Кім қызығын көрмеді? Ал, сол Гүлсары
қартайып еді, лезде бәрі ұмытты. Ендігі келе жатысы мынау. Шіркін, қандай
ат еді!” – деп ойлады Танабай. Жастық шақтағы келеңсіз қылықтар мен әр
жылдың әрбір белестері, Танабайдың кәрілікке бой алған шағында санасындағы
сүбелі ойларды қозғайтын халге жеткені де сол еді. Кезіндегі қол жетпес,
кез-келгеннің тақымы тие бермес жорға Гүлсары, асау Гүлсары, бүгінде міне
көрінгеннен сескенген, жуасыған қалпын көргенде кемеліне келген кәрі
тұлғаны елестетеді. Танабайға Гүлсары тел өскен кәрі құрдасындай, енді
ешкімге де керегі болмай қалған “асылдың сынығына” аянышты да ойлы көзбен
тесіле қарайды. Танабай болса жорғамен қоштасып, ақырғы сөздерін арнап
отыр. “Сен, жануар жылқыда асқан тұлпар едің, Гүлсары. Менің ең жарқын
жылдарым, өмірімнің ең шұрайлы кезеңі сенімен бірге кетіп барады, Гүлсары.
Сен менің есімде мәңгі сақталасың, Гүлсары. Сен менің көз алдымда сөніп
барасың, тұлпар туған Гүлсары” Танабай осыны айтып, өмірінің мына жорғаның
шабысындай болып көзді ашып-жұмғанша өте шыққанына өкінді. Өзінің тым ерте
қартайып қалғанына мұңайды. Өлейін деп жатқан жорғаның қасында отырып,
Танабай бүкіл өз өмірін көңіл елегінен қайта бір өткізіп шықты да,
кәрілікке мұнша тез берілгеніне өкінді.
Кәрілік жастық шақты сағындыратын, аңсатпай қоймайтын мұңлы шақ.
Бірақ кәріліктен құтылмайтындығымыз хақ. Сол әр өмір кезеңін дұрыс, өз
мәнінде қолдана білу керек деген шығар жазушы. Танабайдың өмірінің өткенін
есіне алып отырғанына қарағанда, жазушының талантының шексіздігі соншалықты
- ол оқырманының тереңнен ойлауына талап қояды әрі мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар, повесте монолог пен диалог кейіпкер болмысын бейнелеуде
маңызды роль атқаратындығын байқаймыз. Көркемдік құралдардың бұл түрлері
әлдеқайда бұрын дүниеге келгенін де жақсы білеміз. Алайда, қазіргі проза
жанрында осы бір бейнелеу құралдарын барынша толық пайдалануда Айтматовпен
теңесер жазушы көп емес шығар. Ол диалог пен монологты басқа да көркемдік
тәсілдермен үнемі байытып отырады. Мысалға, Танабай мен Жайдар диалогын
алайықшы. Жайдар - Танабайдың жан жары, қуанышы мен қайғысын бөлісетін
өмірлік серігі.
“Ыбырайым күрсініп салып, Жайдарға қарап жалынғандай сөйледі. -
Өзіңіз айтыңызшы, Жайдар бәйбіше, бір ат деген не ол, жарайды, жорға
болсын?
- Е, сен неменеңе сонша өзеуреп отырсың? – деп қалды Жайдар.
- Ыбырайым аузына сөз түспей, екі қолын жайды:
- Енді кәйт дейсіз? Тәртіп Маған тапсырды, мен кішік адаммын.
Өзім мінбеймін.
Мен Шораға айтам, сол шешсін,- деді Танабай.
- Шора берме деп айтады деп ойлайсыз ба? Шорамен
келісілген бұл мәселе.
Әңгіме Шора туралы боп кеткен соң Танабай ләм деген жоқ.
- Бер, - деді ол күйеуіне. – Кісілерді жолынан қалдырма.
- Міне, ақыл сөз, әлдақашан өсту керек еді, рахмет сізге,
Жайдар бәйбіше.”
Осы көріністе Танабай мен Жайдар арасындағы диалог тікелей
жүргізілмейді, олар іштей ұғысып отырғандай сезімде боламыз. Жорғаны
сұраушылар алып бара жатқан кезде ғана біз осы үнсіз диалогтың мәнін
түсінеміз.
Танабай астындағы атын тебініп қуа жөнелейін дегенде...
- Тоқта, барма! – деп Жайдар үйден жүгіріп шықты. Шауып бара
жатып кенет бір зымиян ой басына сап
ете қалды: әлгі бір жігітшілік түндер үшін Жайдар жорғадан өшін алды-ау.
Міне, осы диалог арқылы біз әрбір кейіпкердің болмыс-бітімін, оның
өмірге, басқа адамдарға көзқарасын білеміз. Ыбырайым да, Танабай мен Жайдар
да әр қайсысы өзіндік ерекшелігімен біздің көз алдымызға келеді.
Ш.Айтматов жеке адамның психологиясын көрсетумен бірге, әлеуметтік
әрі типтік психологияны бейнелеуге ұмтылады. Әр кейіпкердің психологиялық
ерекшелігі оның өмірдегі орны арқылы екшеледі.
Өмір өтер, көңіл өсер. Танабай осынау бір тез өтіп кеткен өмір
белесіне көз тоқтатқандай. Осынау өмірде не істеді, не тындырды. Көз
ұшындағы партияға шын берілген шақтары мен шопандық күйі, жалықтырған
тексеріс үстінде басшыны “манапқа” теңеп, басқа ұрған кездері, ашынғанда
жан дәрмен еткен, бойкүйездікке салындырған сол бір елестер қарт бурадай
болған, еңсегей бойлы Танабайды ерекше бір серпіліс кезіндей ашып
көрсетеді.
Танабайдың ішкі монологынан кейбір жағымсыз бейнелердің адамдар
өміріне қаншалықты әсер ететінін байқаймыз. Мысалы: “Ал, ендігі жиналыс –
бір ғана боссөзділік. Сенімен ешкімнің ісі жоқ. Колхозды колхозшылардың
өздері басқармайтын сияқты, біреулер сырттан билеп-төстейді. Не істеу
керек, жұмысты қалай істеуге болады, шаруашылықты қалай басқару керек,
осының бәрін сырттан көруге бола ма? Шаруашылықты олай бір бұлтақтатады,
былай бір бұлтақтатады: - Мұнда автор Танабайдың сөзімен селодағы
шаруашылыққа, өмірге, жерге байланысты мәселенің бәрін партия мүшесі шешуі
керектігі туралы идеяны берген. Сол кезде-ақ, ол басшылықта белең алған
әкімшілік - әміршілдікті аяусыз сынап қоғамға пайдасынан зияны көп,
шенқұмар, мансапқор, өзімшіл, әкіреңбай чиновниктердің жер-жебіріне жеткен.
Мысалға прокурор Сегізбаев – аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
болудан дәмелі. Сол Сегізбаев көктем аласапыранында қой төлдетіп жатқан
Танабайдың отарына уәкіл болып келеді. Келсе қой-қора алқам-салқам, жаңа
туған төл қырылып жатыр, жем-шөп жоқ.
- Мұның қалай, жолдас, - деді ол Танабай өлген қозыларды апарып
тастаған жақты иегімен нұсқап, - өзің коммунист шопансың,
қозыларың болса өліп жатыр?
- Қозылар, сірә, менің коммунист екенімді білмейтін
болуы керек, - деп шағып алды Танабай.
- Социалистік міндеттеме қабылдап па едің? – деп қойып қалды.
- Қабылдадым.
- Онда не айтылған?
- Есімде жоқ.
- Әне қозылардың өліп жатқаны сондықтан! –деді Сегізбаев
қамшының сабымен қайтадан өлімтік үйіндісін нұсқап қойды. Мына көргенсіз
қойшыны тәубесіне келтіруге мүмкіндік туғанына масаттана үзеңгіге аяғын
тіреп, ердің үстінен көтеріліп кетті. Бірақ әуелі Шораға шүйлікті: - Не
бітіріп жүрсіңдер? Адамдарың өз міндеттемелерін де білмейді. Жоспарды
орындамай, малды қырады! Не бітіріп жүрсіңдер мұнда? Өз коммунистеріңді
қалай тәрбиелегенсіңдер? Мынау қандай коммунист? Мен сізден сұрап тұрмын!
Шора төмен қарап, үндемейді. Тізімнің қайысын уқалай береді.
- Қандай болсам, сондаймын, - деп Шора үшін саспастан Танабай
жауап берді.
- Міне, сондайсың. Ей, сен зиянкессің! Колхоздың
малын құртып жатырсың. Сен халық жауысың. Сенің орның партияда емес,
түрмеде! Социалистік жарысты келеке еткің келеді”.
Міне, ауданнан келген, арнайы келген уәкілдің сықпыты. Ау, қоражай
неге алқа-салқа? Жем шөп қайда? Осынша қойға неге жалғыз адамды қойған?
Көмекшілері, сақманшылары неге жоқ?- деп уәкіл әкіреңбай болмаса, әуелі
колхоздың қырсыз басшыларынан сұрау керек қой. Шопан өмірінің сол кездегі
қиыншылығын, қыстың қақаған аязынан енді бас көтеріп, осынау қиын, көктем
шыға басталатын нәубет, шопан нәубеті, қой қоздатудың қандай екенін ол
елестете де алмайды. Осындай сөздерден ашынған Танабай “Мына былғары киген
манапқа қолым бір ілінсін, кет былай!- деген бір ауыз сөзі өзіне кейін бәле
болып жабысарын қайдан білсін. Ашу дұшпан деген осы.
Бірде досы Шора:
- “Неге жолың болмайтынын білесің бе, Танабай?- деуші еді ол. –
Тағатсыздығыңнан. Құдай ақына. Бір сәтте “аспандағыны арбап,
жердегіні жалмағың келеді” – деген еді. (1,7) Танабай
қызуқанды, ойындағысын бетке тура айтатын өмір қиыншылығына
қарсы тұрған абзал жан. Ол – еліне беріліп, өзіне жүктелген
жұмысқа білек сыбана кіріскен адам. Белгілі шопан, коммунист
еді. Сол бір “манап” деген сөз дерттей жабысып түбіне жетті
десек болады. Біз бұл жерде білімі таяз, түсінігі аз
Сегізбаевтың ашынғанда айтқан “Манап” деген бір ауыз сөзіне
кенеше жабысқанын көреміз. Ол сөзді қазбалап, мені қанаушы бай
деді, яғни совет адамы партияның өкілін – деп күйінгендей
болды. Түймедей нәрсені, түйедей қылып өсірді дегеніміз осы
емей немене. Бюрода Партиядан шығарылғаны жөнінде шешім
қабылданды. Танабай үшін бұл ауыр соққы болды Сол кездегі
халықтың соқыр саясаттың ықпалынан шыға алмай, коммунистік
партия құрған темір тордың шырмауында болғанын осыдан-ақ
көруімізге болады. Әрбір адам өз партбилетін құрандай,
қастерлеп, жанындай сақтаған. Оған дәлел ретінде мына мысалды
келтіруге болады.
“Танабай партбилетті алып шықпақ болып қойнына қол салды. Өлік
шығарғандай тым-тырыс тыныштықта Танабай құнжыңдап қойнын көпке дейін
тінткіледі. Ал партбилет болса Жайдардың қолымен тігілген былғары қалтаға
салынып, күпәйкенің ар жағында, бешпеттің де ар жағында, қылует жайда жатыр
еді Қалтаға бау тағып, Танабай бауды иығына асынып жүруші еді. Әйтеуір бір
шамада, әлгі былғары қалтаны қойнынан алып шықты-ау. Кеудесінің қызуы
жылытқан өзінің тері сіңген партбилетті шығарып алып, жып-жылы күйінде
Қашқатаевтың сұп-суық жылтыр столының үстіне қойды”. Бұл фрагментпен
Ш.Айтматов коммунистік партия билеген кезеңнің қыр-сырын, Танабай секілді
қарапайым шаруалардың азапты өмірін жан-тәнімен сезінген сұңғыла суреткер
екенін танимыз. Сондай-ақ Ш.Айтматов – осы повесінде әйел баласының нәзік,
сырлы, назды, құпия жан дүниесіне үңіліп олардың өнеге боларлық асыл
қасиеттерін көркем де бейнелі тілмен айтып берді. Жайдар мен Бүбіжан
образынан біз жаны жайсаң, ізгі жүректі, адал сезімді әйелдердің келбетін
көреміз. Олар бізге тым жақын, өте ыстық көрінеді. Жаңа бастық келгендіктен
оған сай тұлпар деп оның шабармандары Гүлсарыны ұсынады. Сол мақсатпен
Танабайдан Гүлсарыны сұрады. Біз Танабай мен Гүлсарының арасындағы
қалыптасқан қимастықты білеміз. Тұлпарға соншалықты бауыр басқан Танабай,
Гүлсарыны қалай ғана қияды, өзіңіз-ақ таразылап көріңіз. Міне сондай кезде
қырғыз, қазақ әйеліне тән, ақылды, сабырлы жан-жарыңның қасында болғаны
қандай абзал десеңші!
Повесте ерекше назар аударылған көркем шыққан әйел бейнелерінің бірі
– Жайдар образы. Өйткені Жайдар ақылды да салмақты, қырғыз әйелдерінің
қанына сіңген әдет инабаттылықпен әрдайым көк аттының алдына кесе көлденең
өтпейтін мінездерімен ерекшеленеді.
Мәселен: “-Бер, - деді ол күйеуіне. – Кісілерді жолынан қалдырма” –
деген бір ауыз сөзімен күйеуінің ойланбастан істейін деген әрекетіне тыйым
салды. Жайдардың “мықтымен күреспе, мықтымен күрессең жығылсаң да, жықсаң
да жара түсер денеңе” деген халық мақалын есіне алып, өкіметке жұмыс істеп,
колхоздың малын бағып, Гүлсары жеке меншік емес, ерте ме, кеш пе әйтеуір
осы сәттің боларын сезгендігін байқаймыз.
Танабайдың бірге өскен досы Шора қатты науқастанып, хал үстінде жатыр
деген хабар келеді. Бірақ Танабайды өкпе, ашу деген тұман шырмап, алға
ұмтылуына кедергі болады. Айтпасқа болмайды, тағы да Жайдар себепші болды.
Осыған орай шығармадан үзінді келтіргенді жөн көрдік. Мәселен: “- Әй
Танабай, сенен мен еш уақытта ештеңе өтінген емеспін. Енді өтінемін.
Ашуыңды да, басыңа түскен ауыртпалықты да маған қи. Бар енді. Кісілікті
ұмытпа. Ел не дейді?”
- Рас еркек емес, рас адам емес, аузы ырбиған қатын болсаң, онда
сен үшін мен-ақ барайын. Мен қазір кетем, тез бар да атты
ертте?” Жайдар осындай намысқа тиіп, шапқа түртетін сөздерімен
дегеніне жеткенін көреміз. Жазушы шығармасында асау Танабайды
жөнге салатын осындай әйел жандардың керек екенін басып
айтады. Міне, осы жерде Танабай өзінің шадыр-шотпақ мінезіне
өкінеді.
Сондай-ақ Жайдардың Гүлсарыға қырына қарайтын себебі тұлпардың нағыз
деген шағында, ел аузында дүрілдеп тұрған жүйрік тұлпарына мініп алып,
Танабайдың жастау күнінде жігітшілік құрған кездері есіне түсетін. Осыдан
барып Бүбіжан образы өрістейді. Бүбіжан мен Танабайдың махаббатының куәгері
бір болса, осы Гүлсары болар еді. Осыған орай Танабай мен Бүбіжан
арасындағы сүйіспеншілік повесте былай баяндалған.
“- Тыңдашы, Бүбіжан!
- Ал, не айтасың? Қой, Танабай. Қайтесің. Сен есті адамсың ғой. Менің
сенсіз де шекем қызып жүрген жоқ” Бүбіжан Танабай екеуі бірін-бірі сүюге
болмайтынын ойлайды. Танабай үйлі-баранды адам, оның жасында біреуге ғашық
болу да жараспайтын әңгіме”. Әр нәрсе өз мезгілімен, Танабайдың әйелі жақсы
кісі, күйеуі оны менсінбей басқа біреуге көз салатындай жазығы жоқ. Қырғыз
әйеліне тән сезімталдылық, жесір әйелге ерер сөзді ескерген, одан өзін
алдын-ала сақтандыра білген Бүбіжан образы оқырман жанын тебірентер десек
артық болмас. Осыдан барып, Бүбіжанның ақылды, алды-артын болжай білген,
үлкен көрегендігін байқаймыз.
Шора өлімінде Танабай көзіне Бүбіжан түседі. Мысалға “Бұл жылауда көп
қасірет қамалып жатқан. Соның бәрі енді көз салып көре алмаған, қатесін
қайтып дер кезінде түзете алмағанына жылайды. Қасында тұрған Бүбіжан үшін,
тағдыр екеуін қоспағаны үшін, арманда кеткен асыл махаббат үшін, сонау бір
сұрапыл нөсерлі түн үшін, Бүбіжанның жарсыз, жалғыз қалып, жар қызығын
көрместен қартайғаны үшін жылайды. Осы жылауда жазушы қаншама қайғы-
қасірет, арманда кеткен махаббат дертіне шалдыққан, адал махаббат иелерін
айқындап оқырманға тереңнен таныта білген.
Бағанадан бері әңгімелегеніміз, Танабайдың Гүлсарымен бірге
өткен өмірінің ащы-тұщысына басты себепкер болған Шора бейнесі.
Жарықшақ оқ кеудесін жаралап, госпитальда екі ай жатып ефрейтор
Танабай Батыс майданында да, Шығыс шайқасында да болып, Квантун армиясы
талқандалғаннан кейін елге оралды. Алты жылдай майдан жолын жүріп өтті.
Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген. Мұны да құдай сақтады.
Соғыстан жеңіспен қайтып келе жатқан жолда Танабайға нағыз өмір деген енді
басталған сияқты болып көрініп еді. Осы бір рахат ғұмыр кешу үшін бүкіл
өмірі күреспен өтті, сол үшін соғыстың оты мен суына түсті. Сөйтсе Танабай
асыққан екен, болашақ үшін әлі талай-талай тер төгілуі керек екен. Әуелі
ұста дүкенінде балғашы болып жүрді. Баяғыда жас кезінде темір-терсекпен
айналысқаны бар еді, енді ертеден кешке дейін баланың басындай балғамен
теміртөсті солқылдата соққылайды да тұрады, қарулылығы соншалық ұста
жолдасы қызған темірді әрең аударыстырып үлгеруші еді. Содан Танабай
жылқышы болып, тау жайлап кетті. Шора жанын қоймады. Шора ол кезде колхозда
бастық болатын. Соғыстың басынан аяғына дейін, соғыстан кейін де сол бастық
болды. Жүрегі ауру деп әскерге алған жоқ. Соғыстың бетін көрмесе де, қатты
қартайып кеткен еді. Сол Шораның шөгіп кеткені әскерден қайтқанда
Танабайдың көзіне бірден түсті.
Шора болмаса ұста дүкенді тастап, жылқышы болып кетуге Танабайды,
ешкім көндіре алмас еді. Шора екеуі жастарынан дос болып өсті. Екеуі сонау
комсомол күндерінен бастап жұртты колхозға кіруге үгіттеп, бай-құлақтың
зәресін ұшырды. Әсіресе, мұндайға Танабай құлшына кірісті.
Бірде екеуі дүкеннің жанындағы арықтың жағасында отырып әңгімеге
көшті. Танабай Шораның жас кезіндегі келбетін есіне алып отыр. Кезінде Шора
ауылдың бетке ұстары, көрікті десең- көрікті, білімді десең- білімді жігіт
еді. Қайырымды, мейірімді мінезіне бола жұртқа сыйлы болды. Ал, оның бұл
қайырымдылығы Танабайға ұнамайтын. Жауларға қарсы тап күресінде Шораның
болаттай берік болмай, аяушылық таныта бергені үшін жиналыстарда Танабай
шыдай алмай орнынан атып-атып тұрып, досын қатаң сынға алатын. Сөйлеген
сөзі кітап тіліндей әсерлі шығар еді. Мұның бәрі - Танабай саяси оқуды
тыңдап, жаттап алған зеректігінің нәтижесі. Кей-кейде өз айтқанынан өзі
шошып кететін. Дегенмен, сөзі әсерлі шығатын.
“- Осыдан екі күн бұрын тауға барып қайтып едім,- деді Шора. -
Әскерден жігіттер түгел келді ме деп сұрады шалдар. Тірі қалғандарының бәрі
келді дедім мен. “Жөн-жөн”,- десті шалдар, - енді олар жұмысқа қашан
кіріспек? Кірісіп жатыр, дедім мен, біразы егінде, енді бірі құрылыста,
қалғандары әр түрлі жұмыста жүріп жатыр. Оны білеміз ғой- дейді шалдар. –
Жылқыны кім бағады? Біздің ақырымызды күтіп жүр ме? Біздің онсыз да
төрімізден көріміз жақын. Мен қатты қысылдым. Түсініп отырсың ба, әңгіменің
әуселесін? Бұл шалдарды біз тауға жылқы бағуға соғыс жылдары жіберіп едік.
Содан бері сонда. Жылқы бағу қарт адамның жұмысы емес екенін өзің түсінесің
ғой. Күндіз-түні ат үстінде. Рахмет шалдарға, шыдап баққан! Ал енді біздің
майданнан қайтқан жігіттер жылқы бағуға арланатын сияқты, қанша айтқанмен
сыртта жүріп мәдениетке үйреніп қалған ғой. Тауда жылқы бағып қаңғырып нем
бар дейді. Көрдің бе қалай. Сен түсін, Танабай, сен барсаң, басқаларды да
көндіреміз.
- Жарайды, Шора, бәйбішемен кеңесіп көрейін,- деді
Танабай. Ішінен: “Басымыздан нелер дауыл сұрапыл өтіп кетті,- деді. – Сен
болсаң, сол қалпыңда қалыпсың-ау, Шора. Жұртқа істеген жақсылығыңның
жалынына күйіп кетпесең нетті. Мұның бәрі бір есептен дұрыс та шығар.
Соғыстан не көрмедік, сенің қайырымдылығыңды бізге берер ме еді. Бәлкім
өмірдегі хақ тіршілік қайырымдылық осы шығар?”.
Шора досының келісім бергеніне риза болды. Ол Танабайға: “Мен сені
балғамен біте қайнасып кетіп, дүкеннен шықпайтын шығар деп қорқып едім,”-
деп ойындағысын айтып салды. Шора дімкәс еді, қырым ет жоқ, мойны қылқиып,
бетінің әжімдері қыртыс-қыртыс боп тұратын. Күн жылы, бірақ Шора шілденің
ыстығында да үстінен күпәйкесін тастамайтын. Сөйтіп сол әңгімеден кейін
Танабай тауға барып, Торғай шал бағып жүрген жылқының ішінен сары тайды
тұңғыш рет көрді.
“- Маған не мұра қалдырып бара жатырсыз, ақсақал? Жылқыларыңыз онша
емес қой, а ?”- деп тиісті Танабай.
Ішінде іліп алар біреуі бар,- деді Торғай көзіне түскен сеңсең бөрікті
түріп қойып, аттың үстінде үзеңгіге аяғын тіреп көтеріле беріп, қамшының
сабымен: - Әне, анау оң жақ қанатта жайылып жүрген сары тайды көрдің бе?
Содан шығады әлі.
- Ол қайсысы, әне бір доп – домалақ келтек пе? Көзге қораш екен,
тұрқы қып-қысқа.
- Кеш туған ғой. Өсе келе жетіліп кетеді.
- Е, оның қандай қасиеті бар?
- Туасы жорға.
- Е, жорға аз ба?
- Мұндайды көп көрмедім. Бұрынғы заман болса, бұған
баға жетпес еді. Бұрын жорға жарыста мұндай жылқы үшін атам қырғыз қан
төгісті.
- Торғай аға, көп-көп рахмет сізге! Тамаша тай өсіріпсіз.
- Тамаша, - деді шал да қостап. – Тек сен байқа,- деп кенет
қатулана қалды. Тіл-көз тимесін. Күні-бұрын дабыра қылып
жүрме. Жақсы жорға сұлу қыз сияқты, құлқын қаққан құмарлар көп
болады. Қыз байғұстың күнін білесің ғой: жақсы адам жолықса -
жадырай түсіп, гүл-гүл жайнайды; жаман адам жолықса - шөлдеген
шөптей суалады. Одан қайтып шарапатыңды тигізе алмайсың. Жақсы
ат та сондай. Жақсы атты жайрату оп-оңай. Шауып келе жатып,
зорығып жығылады.
- Қам жемеңіз, ақсақал. Мен де бірдеңе білемін, бала емеспін
ғой.
- Е, солай болсын. Аты – Гүлсары. Ұмытпа”.
Ертеде қазақ, қырғыз халқында әйгілі ат бегілері, ат сыншылары көп
болған. Міне, Торғай ақсақал да содан қалған тұяқ болып шықты. Гүлсарының
тай күнінде-ақ даңқы ел аузына тарар әйгілі тұлпар боларын білді.
Жазушы өз шығармасында осындай ұрпақтан-ұрпаққа тараған қасиетті
сыншыларын мақтан тұта білген, тартымды бейнесін жасаған.
Міне Шораның тілегімен жылқыға шығып, Торғай шалдан Гүлсарыны тай
күнінде қабылдап алған еді.
Өмір деген зымыран. Зу етіп өте шыққанын Танабай байқамай да қалды.
Кезінде Торғай шал сары тайды көрсеткенде, өмірінің мәні мен сәні, осы
таймен ұштасып жататыны сірә оның ойына да келмеген шығар. Өмірдің
жұмбақтығы сол - адам өмірінің алғашқы күндерін болжау мүмкін емес.
Жазушының талантының шексіздігі соншалық, оқырман қауымды тереңнен,
пәлсапалық тұрғыда ойлауын талап етеді. Сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың қазақ
халқына деген сүйіспеншілігі әрқашан да шексіз, жомарт. Біз жазушының
шығармаларына табиғат көріністерін “қазақтың кең даласындай”, “қазақтың
әніндей”, “домбыраның күйіндей” деп ақжарыла суреттегенін байқаймыз. Бұл
суреттегенін байқаймыз. Бұл да Шыңғыстың қазақ халқына деген
сүйіспеншілігін аңғартса керек. Бұның нақты мысалын жазушының Шора өлімін,
оған жиналған қазақ, қырғыздардың қайғысын сипаттауынан байқауымызға
болады.
“Қазақтар келген екен”- деді ішінен Танабай. Күркіреуік өзінің арғы
бетінде жатқан қазақтар Шораны өзінікіндей көріп, әмме аймаққа сыйлы,
қадірлі кісі ретінде құрметпен, қазасына қайғырып, судан өтіп, ертемен
жетіп келген екен. “Рахмет, сендерге, қазақ туғандар,- деді сонда Танабай.
Ата-бабамыздан бері қайғырсақ – қайғымыз ортақ; той-томалақ; бәйге жарыс,
көкпар ортақ. Жылаңдар, туғандар, жылаңдар мына Шорасыз қалған бізбен
бірге” – деп толғанды.
Сондай-ақ жазушы шығармаларында қазақ, қырғыз халқында болған,
қуанышты той жиындар, шаттық шалқыған шілдеханалар, аламан бәйге ұлттық
мереке ретінде өтетіндігінің қызғылықты көріністері бар. “Қырғыздар мен
қазақтар андыздар, шауып келе жатып, ер үстінен еңкейіп, жерде жатқан
көкпарды іліп алып, бірінен-бірі тартып, қатарласып, қақтығысып,
айқайласып, қайтадан қанат жазып, кең даланың төсінде тарыша шашырап
кетеді”.
Жазушының қай шығармасынан болсын осы сияқты, қазақ, қырғыз
халықтарына байланысты ортақ жайды көре аламыз. Екі елдің әдет-ғұрып, салт-
дәстүрін жасынан санасына сіңіріп, өзіне жақын тартқанын байқаймыз.
Шығармада халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі нанымды бейнеленген.
Жазушы шығармасындағы осынау бір қарапайым сыр етіп айтылған
сөздерінде трагедия, өмірдің өзек жарды шындығы жатқандығына күмәніміз жоқ.
Жазушы әрқашан қарапайым сөйлегенді ұнатады. Бұл оның сүтпен сіңіп,
сүйекпен біткен мінезінен болар. Барша жұрт жазушы мүсіндеп жасаған
бейнелерге ынтызар, олардан әрдайым тағылым алады, өнеге тұтады. Себебі,
жазушы кейіпкерлері жасық емес, олар әрқашан да күрескер, іс қимыл үстінде
көрінеді. Бұдан Шыңғыс Айтматов шығармасындағы образдардың өміршеңдігін
аңғарамыз.
Қорыта келгенде, осы повесті оқып отырғанда суреткердің творчестволық
мүмкіндіктері мен ғажайып құдіретінің шексіз жұмбақтығына, қарапайым әрі
күрделі екендігіне тағы бір көз жеткіземіз, тағы бір бас иеміз! Барша
халықтардың өсіп-өнген, әлі де солай жалғаса беретін ортақ бесігі – жер
бетіндегі ұлы тіршіліктің жалпы адамзаттың мұраттары мен трагедиялық
дерттерін шынайы реалистік қуатпен жеткізе білгендігі суреткерлік құдірет
әрі соған лайық кемел ойшылдық, сирек қасиеттердің ғасырлар бойындағы
жалғасқан сабақтастығынан, үндестігінен көрінеді. Жүрекке етене жақын осы
шығарманы оқығанымызда еріксіз таңданбасқа, сүйсінбеске амалыңыз қалмайды.
Тарихы терең, көнеден келе жатқан түркі тілдес әдебиеттер өрісінде және
әлемдік деңгейдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма дәл аударма
Қалтай Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі
Ш.Айтматов шығармашылығы
Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі
Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс
Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары
Шыңғыс Айтматов
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Жазушы өзінің туған жері туралы бір сөзінде
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Пәндер