Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

І Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым . қатынастың теориялық негіздері

1.1 Қарым . қатынас туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.11

1.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым . қатынастың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.17

ІІ Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым . қатынасты анықтау жолдары

2.1Оқушыларға қарым . қатынас өнерін меңгертудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.24

2.2 Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі мен беделі ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қазіргі қоғамымыздағы өзгерістер мен адамгершілік құндылықтары, оның ішінде қарым – қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым – қатынас проблемаларының шиеленісіп отырған шағында мұғалімнің оқушыға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді.
Психология ғылымында қарым – қатынас өзекті мәселе болып табылады. Өйткені психология ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен тығыз байланысты. Сондай – ақ қарым – қатынас мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс факторы екені белгілі.
Қарым – қатынас ұғымын педгогика мен психологияға алғаш рет енгізген А.Ф.Лазурский. Ол оқушының – сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Педагогика ғылымында адам - қоғамның басты құндылығы. Ол қоғамдық дамудың мәдени – рухани құндылықтарымен ашылады. Сонымен қатар жеке адам танымының, қарым – қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде беріледі. Олардың өмір сүруі тек қана қоғам талаптарына сай. Яғни, қарым – қатынас адамзат болмысының өмір сүру шарты деп есептелінеді.
Аталған еңбекті зерттеуде, қазіргі кезде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектің жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру, оны тәрбие үрдісіне ендіру деңгейінің төмендігі мен балалардың қарым – қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асыру қажеттілігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама – қайшылықтар туып отырғаны анықталды.
1. Хасанова А. Ұстаз бен шәкірт қарым – қатынасы. // Сынып
2. Сүлеймен А. Мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы. //Мектептегі психология. 2007. №1. 56-57б.
3. Сағынғалиева С. Қарым – қатынас шеберлігі. //Мектептегі психология. 2007. №3. 33б.
4. Ахметкәрімов Қ. Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой. // Қазақстан мектебі. 2001. №3. 48-52 б.
5. Тоқсанбаева Н.Қ. Педагогикалық ұжымдағы қарым – қатынастың психологиялық еркшеліктері. // Хабаршы. №14. 48-51б.
6. Манасбаева А.И. Педагогикалық қарым – қатынас өнерін меңгерудің психологиялық жолдары. // Хабаршы. №14. 52-56б.
7. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы., Білім. 1993.
8. Жарықбаев Қ. Психология негіздері. Алматы., 2004.
9. Сәбет Бап – Баба. Алматы 2005.
10. Өтебаева Г.К. Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттің әлемдік тәжірибесіндегі сипаты: тәрбие және қарым – қатынас. //Білім,2006,№3,Б.56-58.
11. Талдыбаева А. Ата – ана мен бала қарым – қатынасы. //Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003, №4,Б11-12.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -4

І Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың теориялық негіздері

1. Қарым – қатынас туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-11

1.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
-17

ІІ Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты анықтау жолдары

2.1Оқушыларға қарым – қатынас өнерін меңгертудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..18-24

2.2 Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі мен беделі
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5-30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Қазіргі қоғамымыздағы өзгерістер мен адамгершілік құндылықтары, оның
ішінде қарым – қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта
қарастыруды қажет етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым – қатынас
проблемаларының шиеленісіп отырған шағында мұғалімнің оқушыға қатынасын
ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі
байқалып келеді.
Психология ғылымында қарым – қатынас өзекті мәселе болып табылады.
Өйткені психология ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан
дүниесінің сырымен тығыз байланысты. Сондай – ақ қарым – қатынас мұғалім
мен оқушының арасындағы байланыс факторы екені белгілі.
Қарым – қатынас ұғымын педгогика мен психологияға алғаш рет
енгізген А.Ф.Лазурский. Ол оқушының – сыртқы объектіге, адамға, рухани
байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Педагогика ғылымында адам - қоғамның басты құндылығы. Ол қоғамдық
дамудың мәдени – рухани құндылықтарымен ашылады. Сонымен қатар жеке адам
танымының, қарым – қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде
беріледі. Олардың өмір сүруі тек қана қоғам талаптарына сай. Яғни, қарым –
қатынас адамзат болмысының өмір сүру шарты деп есептелінеді.
Аталған еңбекті зерттеуде, қазіргі кезде мұғалім мен оқушы
арасындағы қарым – қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған
еңбектің жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, мұғалім мен оқушы
арасындағы қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру, оны тәрбие үрдісіне
ендіру деңгейінің төмендігі мен балалардың қарым – қатынас мәдениетін
бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асыру
қажеттілігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік бағыттарының
жеткіліксіздігі аралығында қарама – қайшылықтар туып отырғаны анықталды.
Біз мұғалім мен оқушы аралығындағы оқушының тіл мәдениеті, айналасындағы
үлкендер, құрбыларымен жасаған қарым – қатынас ерекшеліктерін қарастыру
барысында, курстық жұмысымыздың тақырыбын: Мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым - қатынас деп белгіледік.
Зерттеудің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың
теориялық негіздері мен оны қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас мәселесі

Зерттеу пәні: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты
қалыптастыру үрдісі
Зерттеудің міндеттері:
1. Қарым – қатынас мәселесінің психологиялық – педагогикалық негіздерін
анықтау.
2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты ерекшеліктерін
анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.
Зерттеу болжамы: егер, мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым –
қатынас ғылыми негізделген бағытта ұйымдастырылса, онда мұғалім мен оқушы
арасындағы қарым – қатынас мәдениетін дамыту мүмкіндіктері туындайды.

І Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың теориялық негіздері
1.1 Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік
Қарым – қатынас дегеніміз – біріккен әрекеттестіктің қажеттілігінен
туындайтын адамдар арасындағы контактілердің дамуының көп жоспарлы үлгісі.
Қарым – қатынас барысында бірігіп әрекеттесушілер өзара ақпарат алмасады.
Қарым – қатынастың бұл жағы коммуникативті деп аталады. Қарым – қатынасқа
түсу барысында табылады. Ал мұғалім осы процессті жүзеге асырушы және
басқарушы.
Қарым – қатынасқа түсу барысында мақсат болады. Осы мақсатқа жету
барысында олар басқа адамдарға әсер етеді. Оған сұрау береді, әмір береді,
түсіндіреді, бейнелейді және тағы басқа. Қарым – қатынастың мақсаты
адамның қажеттілігін бейнелейді. Қарым – қатынас жүзеге асқанда адамдардың
да әрекеті өзгереді. Бұл тұлға аралық әрекеттестік болады. Біріккен әрекет
барысында адамдардың өзара бір – бірін түсіну байланыстар бірлігі болып,
табылады. Біріккен әрекет және қарым – қатынас әлеуметтік бақылау барысында
жүзеге асады, ал әлеуметтік бақылау әлеуметтік нормаға сәйкес келуі керек.
Әлеуметтік норма дегеніміз – қоғамда пайдаланған тәртіп үлгілері
адамдар әрекетімен қарым – қатынастарын реттейді. Әлеуметтік норма
диопазоны өте кең.
- еңбек тәртібіне сәйкес келу.
- әскери борышын өтеу
- патриотизм
- сыпайылық ережелері
1. Өзара әрекеттестік барысында мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы
өзара құрметтеуді тудыру қажет. Мұндай қарым – қатынас екі жақты болу
қажет. Ұлы педагог адамдар тілді басты құрал ретінде қолданады.
2. Қарым – қатынас барысында қарым – қатынасқа түсушілердің бірін –
бірі қабылдауы, мысалы: Қарым – қатынасқа түскен адамдардың бірін – бір
дұрыс түсінуі немесе бір– біріне сенімділігін, ақылдылығын, түсінушілігі
мол адам ретінде қабылдай ма?, жоқ па? алдын ала біле білмеуі. Осылайша
қарым – қатынас процесінің 3 жағын анықтауға болады.
1. Комуникативті (ақпарат алмасу)
2. Интерактивті (өзара әрекеттесті)
3. Перцептивтік (өзара қабылдау)
Осы үш деңгейді біріктірген кезде қарым – қатынас өзара әрекеттестікті
ұйымдастыру құралы ретінде көрінеді. Қарым – қатынас заңдылықтарын дағды
мен қабілетті дамыта білуде мұғалім басты қызмет атқарады. Өзара қарым –
қатынасты және әрекетті дұрыс құрай алу және оқушылардың әрекетін,
нәтижесін құрастыра алуда толық қанды педагогикалық процесс жүзеге асады.
Педагогикалық қарым – қатынас дегеніміз – мұғаліммен оқушылар
ұжымының өзара әрекеттестігінің дағдысы мен жүзеге асыру формасы оның
мазмұнының ақпарат алмасу және оқу тәрбиелік әсер ету өзара түсіністікті
ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Ал мұғалім осы процесті жүзеге асырушы
және басқарушы.
Егерде мұғалім оқушыға қатысты барынша құрмет және талап қоя білсе
онда оның ескертулері оқушымен қабылданады. Ал егерде оқушы мұғалім
талабынан өзіне деген құрметтерді сезінбесе онда мұғалім қалайда ескерту
айтса да оқушылар ол ескертулерді байқамағандай отыра беруі мүмкі. Оқушыға
қатысты қолайлы психологиялық климатты талап қоюшылықпен және құрметпен
біріктіре алған мұғалім тәрбие мақсатына жетті деп есептеуге болады.
Кез – келген қарым – қатынас қақтығысты тудыру мүмкін. Әлеуметтік
топта пайда болған қақтығыс әртүрлі құдылықтарға, себептерге байланысты
болады. Себептері:
Заттық – іскерлік және тұлғалық – прагматикалық қызығушылықтарының
сәйкес келмеуі.
Заттық іскерлік қақтығыста адамдар белгілі бір іс барысында өткір
диспут, пікір – талас өткізіп, қақтығысып қалады. Бірақ бұл тек іскерлік
байланыстарға ғана емес тұлғаның қарым – қатынасына әсерін тигізбейді.
Тұлғалық – парагматикалық қақтығыс жеккөрушілікпен ашық қарама – қайшылыққа
әкеледі.
Қарым – қатынас адамдар арасында өзара білім, тәжірибе ақпарат алмасу
құралы болып табылады.
Адам қатынас жасау барысында еңбек етіп, өзінің материалды және
рухани қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандырады. Адам өмірге келген
алғаш сәттерден бастап, қарым – қатынас психикалық дамуының негізгі факторы
болып табылады. Бүгінгі таңда қарым – қатынас мәселесі психология мен
педагогикада ең өзекті проблемалар қатарына жатады.
Психолог М.И.Лисина қарым – қатынас дегеніміз ортақ нәтижемен шешуге
жету мақсатында орындалған екі немесе одан да көп адамдардың орындалған
өзара байланысы.
Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды құралы. Педагогтар
еңбектерінде, В.Н. Мясечев тұжырымдамасы бойынша қарым-қатынас өзара
байланысқан үш компоненттер бірлігі ретінде көрсетілген:
1) Қарым - қатынас қатысушылардың бір-бірінің психикалық танымдылығы.
2) Бір-біріне деген қарым-қатынасы.
3) Бір-біріне деген үн қатысуы.
Тілді іс - әрекеттің қарым – қатынастың түрі ретінде қарастыруға
болады. Қарым-қатынас коммуникативтік іс-әрекет ретінде,тұлға аралық
қатынастың құрастырылатын әдістерімен тәсілдері болып саналады. Тұлғааралық
қарым – қатынас тек сөздің мағынасына тәуелді емес және оның эмоциясына
ғана байланысты. Адам қарым – қатынастың объектісі және субъектісі
Объект – пасивті адам. Субъект - активті адам.
Ұлы педагогтар қарым – қатынас туралы көптеген мәселелер көтерген.
Мысалы Н.К. Крупская, С.Т.Щатцин, А.В.Луначарскй, П.П.Булунский мұғалім
мен оқушының қарым – қатынасы қызметтесу, жолдастық қарым – қатынасты
силастықпен талап етуге негізделуі тиіс делінген. Сухомлинский 50 - 60 жж.
педагогикалық қарым – қатынас мәселелерін көтерген.
Педагогикалық қарым – қатынастың құрылымы
В.В Кан Калидің педагогикалық қарым – қатынас кітабы бойынша кәсіптік
педагогикалық қарым – қатынас үрдісінің құрылымы:
- Педагогтың сыныппен алдын – ала болатын қарым – қатынасты
үлгілендіру.
- Болжалау кезеңі (жоспар құру)
- Алғашқы іс - әрекеттесу сәтіндегі тікелей қарым – қатынасты
ұйымдастыру
- Комуникативті (шабуылға шығу)
- Педагогикалық үрдіс барысында қарым – қатынасты басқара алу
- Іске асырылған қарым – қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс -
әрекетке үлгілендіру (анализдеу)
1. Үлгілендіру кезеңі сынып ерекшелігін білуді талап етеді. Оның
танымдылық іс - әрекетінің мінезін, кездесетін қиыншылықтар жұмыс
динамикасын, жоспарланған сабақ материалдары оқытушының көз алдында ғана
емес оқушының да көзқарасы ретінде сабақты елестете алуы керек.
2. Комуникативті шабуыл, сыныпты жұмысқа тез арада қосу техникасы
қажет, өзін - өзі ұстай алу әдістері мен динамикалық әсер етуді білген жөн.

3. Басқара алу – оқушының құлшынуын демеу қажет, диалогты қарым –
қатынасты ұйымдастыра алу, шынайы жағдайға байланысты тиісті жерде түзету.
4. Талдау мақсаттылығы, құралдардың нәтижесінің үйлесімділігін табу.
Психолог К.К.Левин қарым – қатынастың мынандай тәсілдерін
көрсетті:
1. авторитарлық – яғни басқарудағы қатал тәртіп.
2.демократиялық – бұл әріптестік, әркімнің белсенділігін арттыру
қабілетін ескеруде қолданылатын тәртіп. Бүгінгі таңда жалпы оқушы мен
мұғалім, ата – ана мен бала арасында қарым – қатынастың мынандай тәсілдері
бары анықталды. (Бұл тәсіл В.С. Мухина бойынша).
Демократиялық стиль – бұнда басшылық ұжым пікіріне сүйенетіні
байқалады. Бұнда іс - әрекет мақсатын әр баланың сана сезіміне жеткізуге
тырысады. Барлығын жұмыс барысын белсенді бақылауға шақырады. Өзінің
мақсатын тек басқару мен бағыттаудан бөлек тәрбиелеу деп есептейді. Әр
оқушыны марапаттайды. Сонда балада сенім өзін - өзі басқарушылық дами
түседі. Демократиялық бағытты барлық мұғалім жұмыс көлемін неғұрлым оңтайлы
бөлуге тырысады. Әр баланың дербестік қабілетін ескереді, ықыласын
қолдайды. Осындай мұғалімнің қарым – қатынасының негізгі тәсілі кеңес,
сұрау, ақпарат.
1. Авторитарлы қарым – қатынас
2. Демократиялы қарым – қатынас
3. Либералды қарым – қатынас
1. Авторитарлы қарым – қатынас үлкендер талабына шартсыз түрде бағыну.
Бұл жағдайда бала пассив күйде болады. Мұғалім балаларды манипуляция
барысында сыныпта оқушылырға психикалық қысым көрсете отырып, бәрін бір
тәртіпке бағындырады. Бұл жағдайда бала мұғалімнен сескеніп қорқа бастайды.
Нәтижесінде бала өз тәртібін реттеп менгеруде қиналады. Жаңа ортада тәртіп
бұзуға икемді келеді.
2.Демократиялы қарым – қатынас өзара достық сипаттағы қарым –
қатынас. Бұл тәсіл мұғалім мен оқушыны бір жағдайға қойып, ортақ әрекетке
жұмылдырады. Оларда біз сезім пайда болады. Демократиялық тәсіл балаларда
өзіне деген сезім, жағымды көңіл күй тудырады, ондай бала түрлі жағдайларда
өз тәтібіне дұрыс жауап беріп, кез келген ортаға бейімделгісі келеді.
3.Либералды қарым – қатынас мұғалімнің оқушыға оқу әрекетіне деген
немқұрайлы шала қатынас. Бұл жағдайда әр оқушы өзінше бейберекетсіз әрекет
жасайды. Бала өзінің мідеттерін толық түсінбейді. Ондай балаларда
ұйымдастырушылық қабілет өте төмен болады.
4.Либералды стиль – ол анархиялық стиль. Мұнда мұғалім ұжым өміріне
араласпайды, белсенділік танытпайды. Мәселелердің бәріне үстірт қарайды.
Болып жатқан жағдайлардың барлығына жауапкершілік сезінбейді, ол мұғалім
беделі туралы сөз қозғаудың орыны жоқ.
Педагог М.И. Юсупов қарым – қатынастағы мұғалімнің өзіндік тәртібіне
сәйкес төмендегідей қарым қатынас модельдерін белгілейді.
1. Қытай керегесі - 1 модельге сәйкес оқушының мұғалімге деген
немқұрайлы көзқарасы, мұғаліммен оқушылар арасында түрлі кедергілер пайда
болады. Нәтижесінде оқушыда мұғалімге деген немұқрайлы, суық қатынас туады.
2.Локатор. Оқушыға деген таңдаулы қатынас негізінде құралады.
Мұғалім оқу үрдісі барысында аудиториядағы тыңдаушылардың біраз ғана
бөлігіне бағыттала қатынас жүргізіледі. Бұл жағдайда Мұғалім – ұжым
деген жүйе бұзылуы мүмкін.
3.Тетерьев модельдерінде мұғалімнің қатынастағы сөзі көбінесе
монологты сипатта болады. Мұғалімнің сөзі, ойы тек өзіне бағытталғандықтан
ол тыңдаушыларға ешбір әсер етпейді. Бұл жағдайда педагогтық ваккум пайда
болады.
4.Одақ модельдерінде педагог оқушылар мен көбінесе диалогты можорлы
көңіл күйде болады. Оқушы белсенділігімен инициативасын мадақтау мақсатында
қатынас жүргізеді. Оқу әрекетіне қатысты түрлі мәселелер ортақ әрекеттер
барысында шешімді.
Адамға қарым – қатынасын реттеуге бағытталған.
Адамгершілік категориясы.
Гуманизм қағидасына сүйене келе әр түрлі күрделі қарама -қайшылықты
жағдайларды адамға, құрметті сақтап қарым – қатынас жасау, такті болу. Әр
адамға, соның ішінде мұғалімге қойылатын талап.
Педагогикалық қарым – қатынас стильдері.
1. Әуестікпен атқарылатын шығармашылық іс - әрекет негізінде қойылған қарым
қатынас.
2. Достық араласу негізінде қатынас
3. Ара қашықтық қатынас
4. Ойнақтасу қатынасы
5. Қорқыту қатынасы
6. диалогтық қарым – қатынас
Тұлғааралық қатынас адамның тұлға болып қалыптасуы мен тұрмысының
қажетті шарты. Тұлғааралық қатынас - адамның іс-әрекетінің түрі ретінде
адамның адаммен іс-әрекеттесуі оның мағынасы. Тұлғааралық қарым-қатынастың
шығармашылық (ұйымдастыру) қалыптастыруы негізгі педагогикалық міндеті.

1.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық
ерекшеліктері
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым – қатынастары – ересек
адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі. Мұғалім негізінен
мұндай қарым – қатынасты ұйымдастыру және қолдануға біршама даяр, ол
оқушыны істің негізгі өрісінде – мектепте көреді, оның жолдастары мен
достарын біледі. Бұл бір жағынан, араласу үшін көп материал береді,
екіншіден, мұғалімнің тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді, себебі
оқушылармен араласа отырып, оның өміріндегі көптеген факторларды ескере
алады және соған сәйкес күнделікті тіршілікте туатын проблемаларды шешуге
көмектесе отырып, шәкірттерге ықпалын тигізеді, олай болуы бұл
проблемалардың көпшілігі оқудан, жолдастарымен араласудан, қоғам
жұмысынан, яғни басқа ересек адамдарға қарағанда мұғалімге әжептеуір
таныс шәкірттер өмірінің өрістерінен туындайды.
Алайда практикада мұғалімнің оқушыларымен қарым – қатынасы әрдайым
ұтымды қалыптаспайды. Көп жағдайда бұл әрбір педагогтың басқару стиліне
тәуелді, басқаша айтқанда, оның оқушыларымен өзара ықпалы құрылатын
функцияларды тәрбиешінің орындау мәнерлері және тәсілдерінің түріне
байланысты. Қолда бар зерттеушілерді негізге алсақ мұғалімдерде неғұрлым
жиі кездесетін оқушыларды басқару стилінің бес түрін сипаттауға болады.
Басқарудың автократтық (өзі билейтін) стилінде мұғалім активке
сүйенбей – ақ, ұжымды жалғыз өзі басқаруды іске асырады. Оқушыларға
өзінің көзқарасын, сын ескертпелерін айтуға, инициатива көрсетуге оларға
қатысты мәселелерді шешуге қатыстырылмайды. Мұғалім оқушыларға дәйекті
талап қойып, оның орындалуын қатаң бақылап отырады.
Басқарудың өктемдік стиліне автократтықтың негізгі белгілері тән.
Бірақ, мұнда оқушыларға қатысы бар ұжымдық өмірдің проблемаларын
талқылауға мүмкіндік береді. Алайда мұғалім әрқашан да өзінің бағдарларына
сәйкес соңғы шешім қбылдайды.
Басқарудың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға сүйенеді, оқушыдарды
дербестікке ынталандырады. Оқушылар коллективтік өмір проблемаларын
талқылайды да нәтижесінде белгілі бір талғамға ие болады. Бірақ соңғы
шешімді мұғалім тұжырымдайды немесе оның мақұлдауы керек. Мұғалім
оқушылардың сын ескертпелеріне белгілі шыдамдылықты көрсетіп, оларды
түсінуге, олардың жеке істері мен проблемаларын жете түсінуге тырысады.

Басқарудың елемеушілік стилінде мұғалім шамасы келгенше оқушылардың
тірлігіне көп араласпауға, міндеттері мен басшылық ету нұсқауларын
формальды орындаумен шектеле отырып, іс жүзінде оларды басқарудан шет
қалуға тырысады.
Айнымалы стильге тән мұғалім сыртқы жағдайға немесе өзіндік
эмоциялық күй – жайға байланысты жоғарыда сипатталған басқару стилінің
кез келгенін іске асырады, ол мұғалімнің оқушылармен өзара қарым –
қатынас жасау жүйесін шатастырып, жағдайға қарай жетелейді.
Басқару стилі мұғалімнің оқушылармен қарым – қатынас жүйесінің
барлығына: мұғалімнің өз оқушыларын қалай қабылдайтынына, шәкірттерімен
келіспеушілігінің жиілігіне, балалар ұжымындағы психологиялық жағдайға
т.б. әсерін тигізеді. Ол неғұрлым айқын, мысалы, көптеген мұғалімдердің
мектеп оқушыларымен тығыз қарым – қатынас жасауына әсер етеді. Зерттеу,
оқушылармен тығыз қарым – қатынас жасауына қарай мұғалімді шартты түрде
төрт топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Бірінші топқа балалармен тұрақты араласатын мұғалімдерді жатқызуға
болады және бұл қатынас оқытушының күнделікті тәлімгерлік міндеттерінің
шеңберінен анағұрлым кеңейіп, қарқындылық пен сенімділіктің үлкен
дәрежесімен ерекшеленеді. Мұндай мұғалімдер өте жиі кездеседі.
Оларға басшылықтың демократиялық стилі тән.
Екінші топты оқушыларға сыйластықпен қарайтын, олардың сенімі мен
сүйіспеншілігіне ие болған мұғалімдер құрайды. Бірақ түрлі себептермен
оқытушылардың балалармен қатынасының оқу процесінен тыс тұрақты сипаты
болмайды. Алайда қайсы – бір мектеп оқушылардың өздері ажырата алмайтын
қиындықтар туған жағдайда, шәкірт осы мұғалімге барады, сонда қатынас шын
көңілдік пен сенушіліктің ең жоғарғы деңгейінде әдеттегідей өтеді. Бұл
топта сондай – ақ демократиялық басқару стиліндегі мұғалімдер басым
болады, бірақ аздаған өктемдік стильдегі мұғалімдер де бар.
Үшінші топта мектеп оқушыларымен жақын араласуға ашық тырысатын,
алайда араласы жоқ мұғалімдерді енгізуге болады. Бұл әр түрлі себептермен
өтеді. Біреуінің уақыты жетпегендіктен, екіншісінің оқушының олармен
сенімді араласа алмайтындығынан, себебі бұл мұғалімдер я тәрбиешілік
кейіп қана білдіреді; не оларға сеніп айтылған сырларды сақтауды
білмейді, не балалар оны жақсы көрмейді. Мұндай мұғалімдердің арасында
айнымалы және демократиялық стильдер кездескенімен, басқарудың өқктемдік
стилі бар мұғалімдер көбірек ұшырасады.
Төртінші топқа оқушылармен араласатын іс мәселелерінің тар
шеңберімен шектелетін мұғалімдер жатады. Бұлар көбінесе басқарудың
автократтық және елемеушілік стиліндегі мұғалімдер.
Мұғалімдерге өзінің ересектігін мойындата алмай, олармен қарым –
қатынас жасауда мектеп оқушыларының бір бөлігі өздерінің шынайы ниетін
жасыруға тырысады. Кейде балалар өздерін мұғалімдердің талабына сәйкес
ұстайды. Осылайша жағымпаздық пен жалғандық пайда болады. Кейбір оқушылар
өздерінің жеке басының кейбір белгілері мен қасиеттерін жасыруға
көмектесетін қатынастың стилін ұғынып алады, сайқымазақ, сәби т.б.
күйінде қалады. Бұл оқушыларға мұғалімдердің ықпалын қиындатады, мектеп
оқушыларына оларды толғандыратын мәселелерді шешуге көмектесу
мүмкіндігін айырады.
Оқушылардың пікірі бойынша, мұғалімдермен қарым – қатынасты ересек
адамдардың сенбеушілік, түсінбеушілік, әділетсіздік, ашуланғыштық, аз я
артық талап қою, педантизм, өз пікірімен мезі қылу, әдепсіздік, ісі мен
сөзінің арасындағы алшақтық, арамзалық, сабақ берудегі кемшілік сияқты
мінездері бұзады.
Оқушылардың мұғалімдермен өзара сенімділік қатынастарының пайда
болуының міндетті психологиялық шарты – мектеп оқушысының жеке басын
тәрбиешілердің сыйлауы. Әйтпесе оқушылардың мұғалімдермен сан алуан
келіспеушілігі туады. Оқушылармен келіспеушілік көптеген мұғалімдерде
болады, бірақ басқарудың автократтық, өктем я айнымалы стильдері барларда
бұл жиі ұшырасады. Міне, сегізінші және тоғызыншы класс оқушыларының
басым көпшілігі кей кездерде мұғалімдермен келіспеушілікке барғанмен,
жоғары класс оқушыларында, жалпы алғанда келіспеушілік, жеткіншектерге
қарағанда сирек. Олардың мазмұндық негізі өзгеріп отырады. 4-5
класстарда келіспеушілік көбіне мұғалімдердің тәртіптік және оқу
талаптарын оқушылардың орындамауынан пайда болады. Үлкендерге құнды
бағдарлар деп аталатын, мінез – құлық үлгілеріндегі қайшылықтардың
немесе көзқарастардың тура келмеуінен туындайтын келіспеушіліктер пайда
болады.
Келіспеудің өту формаларында да өзгешеліктер байқалады. Бастауыш
кластарда олар әдетте мұғалімнің шәкіртіне қанағаттанбағанынан шығады.
Жеткіншектерде мұғалімдермен сирек ашық қарсыласады. Жоғары кластарда
келіспеушілік оқушылардың қанағаттанбауынан, жабық түрі, мұғалімнің ісі
мен көзқарасына тұрақты келіспеушілік формасын қабыдайды.
Мұғалімдермен келіспеушілік оқушылардың эмоциялық сезім – күйіне,
ақырында, олардың бүкіл және басын қалыптастыру процесіне де зиян
тигізетіндігі табиғи. Оқушылардың сезім күйі, А.А.Бодалев пен оның
қызметкерлерінің зерттеулері көрсеткендей, көп жағдайда жалпы мұғалім
басшылығының стиліне тәуелді болады. Бұл, алдымен мұғалімнің оқушыларға
деген бағдарына байланысты. Мысалы, өктемдік стиліндегі мұғалімдердің
оқушыларға ұжымшылдықтың, инициативалықтың, дербестіктің дамуын ашық
жете бағалай алмайды да, көбіне шәкірттерді жалқау, албырт, салғырт т.б.
деп санайды. Басқарудың демократиялық стиліндегі мұғалімдер өзінің
оқушыларына неғұрлым сан алуан, жекелеген сипаттама береді. Сондықтан да
басқарудың демократиялық стиліндегі мұғалімдер қызмет істейтін кластарда
сабырлы қанағаттану, көңілділік жағдай жиі болатыны кездейсоқтық емес.
Керісінше, өктем стильді мұғалімдер оқушыларға жиі сұс көрсетеді, ал ыза
мен кекке булығу айнымалы стильдегі мұғалімдер басқаратын шәкірттерде
көбірек байқалады. Бұл мәліметтер мектеп оқушыларының эмоциялық
тербеністерінің әр келкі тәжірибесін жасай отырып, басқарудың әр түрлі
стиліндегі мұғалімдер оқушылардың мінез – құлық белгілерін
қалыптастыруға өзінше ықпал жасайды.
Мұғалімнің басқару стилі сан алуан субьективті және обьективті
факторлардың ықпалымен жасалады. Бұл жерде субьективті деп оқытушының
жеке басының мінез – құлық ерекшеліктерін (темпераментін, ерік – жігер
қасиеттерін, эмоциясын, шыдамдылығын т.б.), сондай – ақ жалпы мәдениетінің
мөлшері, талабының дәрежесі, өзіндік бағалау ерекшелігі, өзіндік сыйлау
деңгейі әлеумтеттік бағдары сияқты көрсеткіштерін түсінуге болады.
обьективтік факторларға мектеп әкімшілігінің басқару стилін, мұғалім
ұжымындағы өзара қарым – қатынас сипаты, бірнеше басқа да факторларды
жатқыза аламыз.
Мұғалімнің кәсіби бейімделуі. Мұғалімнің кәсіби бейімделуі деп
мектепке жұмысқа келген жас мұғалімнің педагогикалық оқу орнын
бітірушінің педагогикалық қызметтің нақтылы жағдайларға лайықтану және
дағдылану процестерін түсінеміз.
Мұғалімнің кәсіби бейімделуінің табысты болуы жеке адамға ғана емес,
көптеген обьективті жағдайларға байланысты. Кәсіби бейімделудің жемісті
ықпал ететін обьективті факторларының неғұрлым елеулісі – жас маман келіп
түскен педагогикалық ұжымның атмосферасы, мектептің материалдық базасы
болып есептеледі. Қызметтің алғашқы жылдарындағы оқу көлемінің мөлшері,
сабақтарға даярлану саны, сабақ кестесі әріптестерінің сабақтарына
қатысу, мүмкіншілігіне тәуелді болады және зор маңызға ие. Мұғалімнің
денсаулығына оның отбасы жағдайы, тұрмыс күйі де әсер етеді.
Мұғалімнің кәсіби бейімделуінің субьективтік факторларының ішінде
алдымен жеке адам үшін кәсіптің субьективті тартымдылығын атау керек.
Ол көбірек бой көрсеткен сәттерде бейімделу тез әрі жемісті өтеді. Жас
мұғалімдерде әдептілік, өзіне, басқаға да талап қоюшылық, оқушылармен
жақындаса білу, жұмысқа шығармашылықпен қарау т.б. сияқты кәсіптік
қасиеттердің зор маңызы бар.
Мұғалімнің кәсіби бейімделуінің табыстылығы көбіне өзі процесте
қаншалықты белсенді субьект ретінде көрінді, яғни ол күнделікті
мұғалімдік қызметте қандай дәрежеде өзін - өзі жетілдіруге тырысады, соған
байланысты. Табысты кәсіби дағдылануға бұл қасиеттердің дамымауымен
қатар жаңа бастаған мұғалімде, өзінің мектептік балалық шағынан алған
алғашқы сәтсіздіктен пайда болған, не, өзі тәрбиеленген ортадағы
мұғалімге деген пара – пар әлеуметтік үміттер ықпалынан қалыптасқан
стереотиптердің болуы да кедергі жасайды.

ІІ Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты анықтау жолдары
2.1 Оқушыларға қарым – қатынас өнерін меңгертудің жолдары
Қарым – қатынас өнері - өте көне және қиын, бірақ бұл өткен
қарапайымнан басталады. М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты ғылыми мәнді,
публицистикалық еңбегінде, ... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең
... Қазақтың қаны бір, жаны бір, жол басшысы - мұғалім, - деп ерекше
ескере отырып, алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдердікі
деген өте жоғары баға берді.
Мұғалім мен оқушылардың арақатынасы әрқашан көптеген күтпеген
жайларға толы. Үнемі болатын рухани өсу, мінездің қалыптаса бастауы (мектеп
жастағы байсалдылықтан жасөспірім жасындағы күрт өзгерістерге дейін),
көңіл – күйдегі ауытқулар (өзін еркін сезінуден ызыланғанға дейін) лезде
талдауға келмейтіндіктен ұстазға бір қарағанда оқушылармен жақсы қарым –
қатынасы өзін тыныштандыруға мүмкіндік бермейді, себебі, нақты әр
жағдайда мұғалім қарым – қатынаста тура бағытты табуы керек.
Мұғалім мен оқушы қарым – қатынасы өз алдына бір – бірімен байланысқан
және өзара шартты тізбек болып, түрлі формалар мен жағдайларда жүзеге
асады. Бұл тізбекте мұғалім ерекше роль атқарады.
Кез келген пән тәрбиеге негіз бола алады, бірақ сабақ мазмұнының
есте қаларлықтай мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына ұласуы үшін,
үнемі сабақ берудің сапасын арттырып отыру керек. Пәнді меңгеру барысында
мұғаліммен тіл табысу үрдісі ортақ бір негізде қарым – қатынас
мүддесіне байланысты болады.
Педагогика мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас
мәдениетінің төмен екенін көрсетеді. Мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері
Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау
Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым - қатынас нәтижесі
Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез - құлық моделдері туралы
Пәндер