Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру



Білім беру сапасы
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі
XX ғасырдың 80.жылдары Ресейде жаңашыл . мұғалімдер топтары
Проблемалық оқу технологиясы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006. - №5. 3-5 бет.
2. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері / К.Абдрахманова // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. 10 бет.
3. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / М.Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1982. -182 бет.
4. Ә. Қабдешова. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Алматы, 2006 жыл
5.Т.С. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері» А, 1993 ж.:
6.Байсейтова А. Шығармашылық белсендікті арттыру.
// Қазақстан мұғалімі. 2008. 5 наурыз. 6б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БОЛАШАҚ АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТА МЕКТЕБІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды тиімді пайдалану,
білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру.

ОРЫНДАҒАН: тарих пәні мұғалімі Өиірова Н.

АЛМАТЫ 2010
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды
тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық
пен ізденістерді іске асыру.

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын,
нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму
болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы
білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің
әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы
мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі
де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруы болып отыр.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (1999) білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды
қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық
қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл
технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі
әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік
тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.
Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл
бөлінуі тиіс.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика
жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушыларға
өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы
оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны
жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға
мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде
де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім
алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс
атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал
етеді
“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік,
кәсіп және logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан..
Еліміздің білім беру жүйесінде жаңа технологиялардың біршама қатары
өсіп келеді. Бұл білім саласындағы жан-жақты ізденістің өркен жайып, үлкен
шығармашылық ізденіске ұласу бағытын көрсетеді.
Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер,
жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін, ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық
ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту педагог қауымның басты
міндетіне айналуда.
XX ғасырдың 80-жылдары Ресейде жаңашыл – мұғалімдер топтары
қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда
өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге
олардың жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы
тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті ( сүйеніш
кескіндер, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса
айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын бағытын
авторитарлықтан демократиялыққа ізгілік бағытқа ауыстыруға деген
ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген
бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амонашвилиді
– бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды жаңашалап оқытуды атау керек.
Ш.А.Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық
педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы іспеті
оқытудың бір реттік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік
қорытындысы, оның негізгі идеясы “О начальной ступений образования,
построенного на принципах гуманно-лияностной педагогики” деген еңбегінде
баяндалған.
Академик М.П.Иванов – коммунарлық тәрбие әдістемесінің ұжымдық істің
әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта
түскен жаңашыл педагог. Жаңашыл – педагогтың тәжірибесіндегі басты
әдістемелік ерекшелігі ұжымдық еңбек ісіндегі тұлғаның субъективтік
позициясы.
Санкт-Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин
әдебиет сабағын өнер және адамгершілік-этикалық курс ретіндегі берудің
жүргізудің бірегейлі тұжырымдамасын жасады, ол идея әрбір оқушыға адам
болып қалыптасуына көмектеседі. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып жас
өспірімге өз күшін тексеруге оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін
айтуға, гуманизммен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н.Ильиннің
әдебиет сабақтары – ол адамды қалыптастыру процесі, ол тек өмір, өнер оқу
сабағы, ол оқу ғана емес кестедегі сағат емес.
СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс-сабақ тәсілімен
оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың
интенсивтендірудің технологиясын жасап, практикаға енгізеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі
белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке
оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне
сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагог И.П.Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың
технологиясын жасап жүзеге асырды, осыған сай тұлғаның қабілеттері баланың
оқудан тыс іс-әрекетін еркін алу негізінде бірізді қалыптасады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қ.О.Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады.
Ынтымақтастық педагогикасын адамгершілік педагогикасы ретінде қарастырады.
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу
технологияларын көрсеткен жөн (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков және
т.б.).
Республика мектептерінде 1989 жылдан бастап атаулы мектептерді ашу
кезеңі басталады. Олардың ішінде, СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен
әдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина
Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена
Афанасьеваның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлеваның
мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет
пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық
деңгейдегі атаулы мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге,
оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдау жасау
болады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл–ойды саусақтардың өте
нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті
сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап
Алматыда жекеменшік “Элко” корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс
істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр.
Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу
мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерімен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер
макеттендіру, моделдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері, молдау
жүргізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке
бағаланады.
С.Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің
республикамызда әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде
қолданылады. С.Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесініне
негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілетті оның өзі, өз
бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде
жүзеге асуына “ерікті тестер” мен “мектеп типографиясы” қызмет етеді.
Жалпы оқытудың типтерін, стильдерін (яғни технологияларын) таңдап алу
білім беру саласына, білім беру парадигмасынан дидактикалық
тұжырымдамалардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен
міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың
бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
Мұғалім қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық
ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады.
Қазіргі білім саласы қызметкерлерінің білімі мен біліктілігінің деңгейі
педагогикалық технологияны қаншалықты игерумен анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру саласында өзіндік ұлттық үлгі
қалыптасуда, яғни педагогикалық лексиконға педагогикалық технология
түсінігі енді. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа
білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,
оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын алдыңғы орынға қойып отыр.
Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу
“индустриалдық” технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген
идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен
байланысты. Бұл бағытта бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында
ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру
саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалдарын
талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін (Т.А.Ильина)
ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар
мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап тиімді принциптері мен әдістерін
анықтауға бағытталған.
Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы түрлі мағынада
түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық
технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру
барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен
жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті
мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған
оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика
принциптерінде қалыптасқан. Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін
дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақтық
ұйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық үрдістің одан
әрі жетіліп ұйымдатырылған дайындау қажеттіліген байланысты пайда болған,
себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне
байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтала бастады.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кеңістігінде жаңаша білім
берудің мақсаты — өзін-өзі тұлғалық болмысқа бағыттау үрдісі тек қоғамның
кажеттілігі мен сұранымынан туатын қабілет пен іскерлікті ұштау, оның
әлеуметтік сипаттағы белсенділігі мен құлшынысы — өздігінен жұмыс жүргізуге
қозғаушы күш болып табылады.
Мектепте кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дамыта
оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов) дамыта оқыту
жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-
жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов)
оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік
технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта
белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық
оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема,
тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру,
үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып – оза оқыту
(С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту,
деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және
жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.), шоғырландырып – қарқынды
оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.), блоктық-модульдық
технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда. Қазіргі таңда
Қазақстан мектептеріндегі қолданылып жүрген 50 – ден аса технология түрлері
бар.
1. В. Шаталов технологисы. Тірек - сызбалары арқылы оқыту.
2. С. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып оқыту
3. В. Выготский дамыта оқытуы
4. Ж. Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту
5. М. Махмұдовтың проблемалық оқыту технологиясы
6. М. Жанпейісованың блоктық – оқыту технологиясы т.б.
В. Выготскийдің дамыта оқыту технологиясы – оқуды жоғары деңгейлі қиын
тапсырмалармен жүргізу арқылы баланы дамыту. Оқу материалы мазмұны ұлғаяды,
тереңдейді, жетекші роль теориялық білімге беріледі. Оқу жедел қарқында
жүреді, жиі қайталау оқу процесіне кедергі келтіреді деп есептеледі. Алайда
бұл технологияның да кейбір тұжырымдары талас тудырады. Себебі оқушылардың
барлығы дерлік қиыншылықты деңгей оқуын игере алмайды.
Проблемалық оқу технологиясы – мұғалім басшылығымен оқушылардың
өзіндік ізденіс іс - әрекетін ұйымдастыру. Оқу ізденістері барысында
оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері,
танымдық белсенділігі, қызығуы ой - өрісі шығармашыл ойы т.б. тұлғалық
сапалары дамиды. Жалпы түрінде проблемды технология сипаты мынандай:
оқушылар алдына міндет қойылады, оның шешу әдіс – тәсілдері табуға
ынталандырады. Оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетімен
олардың шешімін табуға тырысады, болжам түзеді, талқылайды, нәтижелерін
талдайды, дәлелдейді. Оның тиімділігі – оқушыларға тек қажетті білім
берумен қатар ақыл – ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатын берік
білім қалыптастыруға көмектеседі. Кемшілігі – жоспарланған нәтижеге жетуге
көп уақытты талап етеді.
Модульдік оқыту технологисы АҚШ пен Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі
оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл оқушылардың
өздігінен білім алуына негізделген. Мысалы М. Жанпейісованың блоктік –
модулдік оқыту жүйесі. Ол үш кезеңнен тұрады:
1. Кіріспе.Мұғалім дәріс оқиды. Дәріс оқушылардың жас ерекшелігіне қарай
бірнеше нұсқада болуы мүмкін. (лекция – консультация- оқу мазмұны
оқушылардың сұранысы, сауалдары бойынша оқылады; лекция - өзара сөйлесу –
оқушылардың өздері сұрақтарға тікелей жауап таба отырып қатынас жасауы
арқылы беріледі; проблемалық лекция – мұнда бірнеше қарама – қайшы
теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.)
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.
Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында
болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын,
ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз
халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық
қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған,
толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ
өз тілегін,өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім –
тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе
жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық
енгізуде шешуші рөл атқарады.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады, - деп тұжырымдайды.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен
танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын
толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары
талап қоюды қажет етеді.
Әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие
мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндерін, оқушылардың белсенділігі
мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндерін іріктеп алуға байланысты.

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде
болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы
жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі
шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып
төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
1. мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым
тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
2. мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете
біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
3. мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
4. мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.
5. мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде
топтай білуі.
6. балалардың есте сақтау қабілеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үрдісте жаңа техпологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Жаңа педагогикалық технологиялар
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Мұғалімнің шеберлігін жетілдіру жолдары
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Мұғалім атқаратын қызметі
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Компьтерлік окыту технологиясы
Пәндер