Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі



Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.8
1.1. Ғылыми.техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.10
1.2. Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновацияның қосатын үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.13

2. Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялаудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.17
2.1. Экономикадағы бәсекелестік қабілеттің негізгі сатылары ... ... ... 18.19
2.2. Экономикадағы бәсекелестік қабілеттің негізгі факторлары ... ... 20.21
2.3.Технология класстерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23

3. Қостанай облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының инновациялық белсенділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26
3.1. «Агромаш.Холдинг» сәтті қадам жасады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28.29

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3
I. Кіріспе.

Соңғы жылдары экономикада маңызды өзгерістер болып жатыр. Олар жаңа қажеттіліктерің, сонымен қатар оларды қанағаттандыратын технологиялар мен техникалық құралдарының пайда болуымен тығыз байланысты. Инновациялар басқару сипаты, және әдістері бойынша әр түрлі шаруашылық іс - әрекеттерді – ғылым, өндіріс, қаржы – қаражатты байланыстырады.
«Инновация» жаңалық енгізу немесе жаңалық терминдерінің синонимі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3-шілдеде жарық көрген «Инновациялық іс туралы» Заңы бойынша инно-вация жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде таралатын инновациялық іс нәтижесі.
Инновациялар ғылыми – техникалық прогреспен тығыз байланысты. Инновациялық іс – нәтижелері экономикалық өсім және бәсекелестік үшін қолданылатын, түрлі өндіріс салалары мен басқару сфераларында жаңа ой- пікірлерді, ғылым – білімді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге бағытталған инновациялық іс.
Инновацияға капитал салымдарын жұмылдырумен байланысты инновациялық іс инвестициялық – инновациялық іс деп аталады.
Инновациялық іс объектілері ретінде ел территориясында және меншікті формадан тәуелсіз ұйымдасқан ғылыми кәсіпорындардың техникалары және технологиялары, зерттеу жұмыстары қатысады.
Қазақстан Республикасының «Инновациялық іс туралы» Заңы бойынша инновациялық іс субъектілері: 1) инновацияны құрушы және таратушы жеке заңды тұлғалар; 2) арнайы инновациялық іс субъектілері (технолистер, технологиялық, өнеркәсіптік парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар); 3) инновациялық істі реттеуге қатысатын мемлекеттік істі реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; 4) инновацияны тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер т.б.
Инновациялық іс субъектілері – ұйымдастырушы – құқықтық формадан және меншік түрлерінен тәуелсіз заңды тұлға, инновациялық іске қатысатын жеке тұлғалар, шетелдік ұйымдар және азаматтар.
Әдебиеттерде инновацияның негізгі үш түрі бөліп көрсетіледі. Олар: өнімдік, техникалық – технологиялық және ұйымдастырушы – басқарушылық. [4; 12-13 бб.]


4
Өнімдік инновациялар – іс жүзінде барлық кәсіпорындарда кең таралған инновация түрі. Біреулер үшін бұл толық ассортиментін өзгерту немесе дәстүрлі кәсіптен тыс кететін номенклатураның маңызды дәрежеде кеңеюі болса, тұтынушылар талаптарын ескере отырып, дәстүрлі өнімнің, тұтынушылық сапасын жоғарылату болып табылады. Нарық талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа өнім өндіру кәсіпорындар үшін технологиялық жаңалық енгізудің шарты болып саналады. Барлық кәсіпорындарда технологиялық жаңалықтар енгізудің мақсаты өнім сапасын жақсарту, оның өзіндік құнын төмендету және шығарылатын өнімдердің ассортиментін және номенклатурасын кеңейту есебінде бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату болды. Техникалық инновациялар, яғни жаңа құрал – жабдықтарды қолданысқа енгізу не жаңа өнімдерді шығаруға өтуге немесе шығарылатын өнімдердің саласын жоғарылату қажеттілігіне негізделген. Жаңа өнімдерді меңгеру ұйымдастырушылық – басқару инновациясымен қатар жүреді. Олар кәсіпорындардың барлық басқару деңгейінде жаңа бөлімдерін, бөлімшелерін және қызметтерін ұйымдастырумен сипатталады.
Инновация нарыққа, нақты тұтынушыға бейімделуі керек. Кәсіпорындарда инновацияны меңгеруге кедергі жасайтын факторларға ең алдымен кәсіпорынның меншікті қаражаттар ресурстарының жетіспеуі, коммерциялық банктердің инновацияны жете бағаламауы, жаңа өнімдерді меңгерудің экономикалық тәуелділігі жатады.
Енді инновацияның географиясын қарастырайық. XVII ғасырда әлемдік экономикалық және ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс және Солтүстік Европа, ең алдымен Англия, Нидерландия, Швейцария, Венеция, Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми, техникалық және экономикалық инновацияның маңызды бөлігі шоғырланған. 90–жылдары бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде АҚШ, Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды. 90-жылдары жас француздық кәсіпкерлердің АҚШ – қа аууы байқалған. Бұған себеп болған жағдайлар: Францияда венчурлық капитал табудың қиындығы, француз өкіметінің жаңа компанияларды құруға тым салғырттықпен қарауы; салықтар деңгейінің жоғарылығы; экономикада ірі жеке және мемлекеттік немесе мемлекет ақшалай жәрдем көрсеткен компаниялардың үстемдік ету тенденциясы. [17; 118б.]
АҚШ–та бірқатар қабылданған заңдар технологиялардың зертханадан коммерциялық секторларға өтуін және университтердің, коммерциялық емес зерттеу институттарының олардың ииновациясын қолданатын ком-

5
панияларды ұйымдастыруға ынталандырады және жеңілдетеді. АҚШ–та ғылыми зерттеу жұмыстарына ірі мемлекеттік қаражаттар бөлінеді (1998 жыл 65 млрд. долл.) Дамыған елдерде ғылыми – зерттеу салаларын дамытуға ірі қаражатты жеке компаниялар енеді. Бүгінгі күнде жоғарғы технологиялардың әлемдік нарығын АҚШ бақылайды. Кадрлық потенциалды салыстырғанда Америкада барлық ғалымдар инженерлер – зерттеушілердің 25 пайызы қызмет етеді. АҚШ жыл сайын 30 млрд доллардан астам болатын интеллектуалды меншікке құқықтарын сатады, ал осы операциялар бойынша оң сальдо 20 млрд–тан астам долларды құрайды. Жапония АҚШ-тан кейінгі интеллектуалды меншікпен операциялар бойынша оң саудалық сальдосы бар жалғыз ғана мемлекет, Жапония интеллектуалды меншік экспорты бойынша АҚШ–пен жарыстас.
Ғылыми шығындарды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясаттың арқасында Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттері ғылымға жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызын жұмсауға мүмкіндік алды және осы көрсеткіш жағынан бір кездері АҚШ–тан, Германиядан асып түсті. Нәтижесінде Малайзияның микропроцессорлық негіз нарығында, Сингапурдың бағдараламамен қамтамасыз ету және биотехнология нарығында, Тайваньның персоналды компьютерлер өндірісінде, Кореяның тұрмыстық электроникада бәсекелестігі жоғары болды. Ал, SАMSUNG компаниясы радио-электроникаларды қарапайым өздерінің ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жұмсай отырып, енді бищтеледидарлар, өте үлкен экранды телевизорлар, тегіс қабырғалық телевизорлар, ноутбуктер үшін түрлі–түсті дисплейлер бойынша Жапониямен және Америкамен бәкелістікке түседі.
Басқа сөзбен алғанда, өте аз шығынмен тапшы ресурстардың инновациялық өсімі траекториясына шығуға мүмкіндік беретін, экономикалық басқару тіректерін анықтау керек. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында инновациялық істі реттеу және жоғарылату жөнінен мынадай әдістерді ұсынамыз:
- жаңалықтар енгізуді меңгеру бойынша венчурлық механизмдерді дамыту;
- ғылыми – зерттеу саласына жеке капитал салымдарын жұмылдыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жаңа технологияларды меңгеру;
- қолда бар ғылыми–техникалық ресурстарды белсенділендіру, инновациялық потенциалын жоғарылату;
- технологиялық трансферттер мүмкіндіктерін ұлттық және халықаралық масштабта кеңінен қолдану. [2; 10-13 бб.]
III. Қолданылған әдебиеттер.

1. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілеті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін: Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауы. Астана, 2004. 19 наурыз.

2. Алексеев А.С. ХХІ ғасырдың басындағы ақпараттық ресурстармен
технологиялар. ЭКО. № 6, 2000.

3. Әлемдік экономика. Оқулық. М., Қаржылар, ЮНИТИ, 1999.

4. Әшімахұн Ахмет. Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновацияның
қосатын үлесі // Саясат. – 2001. - № 2.

5. Байпақбаев Ж. Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсика-
циялаудың қажеттілігі // Саясат. – 2006. - №15.

6. Борисов Е.Ф. Экономикалық теория. М., Юристъ, 2001.

7. Видяпин В.И., т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. – М., 1995.

8. Жамбылова Г. Технология кластерлері // Ақиқат. -2007.-№2.-93-94бб.

9. Жатқанбаев Е. Мақыш С. Экономикадағы бәсекелестік қабілеттің негізгі
факторлары //Ақиқат. -2007.-№2.-5-10 бб.

10. Козырев В.М. Қазіргі экономиканың негізі. //Қаржы және статистика,
2000.

11. Қожамқұлов Т. Саяси экономия негіздері. Оқулық. Алматы «Қайнар»,
1991.
12. Қостанай облысындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы
//Статистикалық жинақ.- Қостанай, 2006

13. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Астана: Елорда, 2000. 77-85 б.;
Астана ақшамы газеті. 1998. 17,20 қараша.

14. Лившиц А. Ақпараттық экономика жолымен. Экономикалық ғылымдар,
№ 9, 1990.

15. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы.- 2003.

16. Хасенов Е. «Агромаш-Холдинг» сәтті қадам жасады // Қостанай таңы. – 7 қараша. – 2006 ж.

17. Шеденов Ө.Қ., т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ақтөбе., 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Инновация Қазақстан Республикасының
экономикалық өсімінің қайнар көзі

Орындаған:

Тексерген:

Қостанай 2010

2

Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
1. Кәсіпорынның инновациялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік

тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-10
1.2. Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновацияның қосатын

үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .11-13
2. Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялаудың
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-17
2.1. Экономикадағы бәсекелестік қабілеттің негізгі
сатылары ... ... ... 18-19
2.2. Экономикадағы бәсекелестік қабілеттің негізгі
факторлары ... ... 20-21
2.3.Технология
класстерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 22-23
3. Қостанай облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының инновациялық
белсенділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-26
3.1. Агромаш-Холдинг сәтті қадам
жасады ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 27
ІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .28-29
ІІІ. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...30

3
I. Кіріспе.

Соңғы жылдары экономикада маңызды өзгерістер болып жатыр. Олар жаңа
қажеттіліктерің, сонымен қатар оларды қанағаттандыратын технологиялар мен
техникалық құралдарының пайда болуымен тығыз байланысты. Инновациялар
басқару сипаты, және әдістері бойынша әр түрлі шаруашылық іс - әрекеттерді
– ғылым, өндіріс, қаржы – қаражатты байланыстырады.
Инновация жаңалық енгізу немесе жаңалық терминдерінің синонимі
болып табылады. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3-шілдеде жарық көрген
Инновациялық іс туралы Заңы бойынша инно-вация жаңа немесе жетілдірілген
өнім (жұмыс, қызмет), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс
түрінде таралатын инновациялық іс нәтижесі.
Инновациялар ғылыми – техникалық прогреспен тығыз байланысты.
Инновациялық іс – нәтижелері экономикалық өсім және бәсекелестік үшін
қолданылатын, түрлі өндіріс салалары мен басқару сфераларында жаңа ой-
пікірлерді, ғылым – білімді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге
бағытталған инновациялық іс.
Инновацияға капитал салымдарын жұмылдырумен байланысты инновациялық
іс инвестициялық – инновациялық іс деп аталады.
Инновациялық іс объектілері ретінде ел территориясында және меншікті
формадан тәуелсіз ұйымдасқан ғылыми кәсіпорындардың техникалары және
технологиялары, зерттеу жұмыстары қатысады.
Қазақстан Республикасының Инновациялық іс туралы Заңы бойынша
инновациялық іс субъектілері: 1) инновацияны құрушы және таратушы жеке
заңды тұлғалар; 2) арнайы инновациялық іс субъектілері (технолистер,
технологиялық, өнеркәсіптік парктер, технологиялық инкубаторлар,
инновациялық қорлар, орталықтар); 3) инновациялық істі реттеуге қатысатын
мемлекеттік істі реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; 4) инновацияны
тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер
т.б.
Инновациялық іс субъектілері – ұйымдастырушы – құқықтық формадан және
меншік түрлерінен тәуелсіз заңды тұлға, инновациялық іске қатысатын жеке
тұлғалар, шетелдік ұйымдар және азаматтар.
Әдебиеттерде инновацияның негізгі үш түрі бөліп көрсетіледі. Олар:
өнімдік, техникалық – технологиялық және ұйымдастырушы – басқарушылық. [4;
12-13 бб.]

4
Өнімдік инновациялар – іс жүзінде барлық кәсіпорындарда кең таралған
инновация түрі. Біреулер үшін бұл толық ассортиментін өзгерту немесе
дәстүрлі кәсіптен тыс кететін номенклатураның маңызды дәрежеде кеңеюі
болса, тұтынушылар талаптарын ескере отырып, дәстүрлі өнімнің, тұтынушылық
сапасын жоғарылату болып табылады. Нарық талаптарын қанағаттандыра алатын
жаңа өнім өндіру кәсіпорындар үшін технологиялық жаңалық енгізудің шарты
болып саналады. Барлық кәсіпорындарда технологиялық жаңалықтар енгізудің
мақсаты өнім сапасын жақсарту, оның өзіндік құнын төмендету және
шығарылатын өнімдердің ассортиментін және номенклатурасын кеңейту есебінде
бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату болды. Техникалық инновациялар, яғни
жаңа құрал – жабдықтарды қолданысқа енгізу не жаңа өнімдерді шығаруға өтуге
немесе шығарылатын өнімдердің саласын жоғарылату қажеттілігіне
негізделген. Жаңа өнімдерді меңгеру ұйымдастырушылық – басқару
инновациясымен қатар жүреді. Олар кәсіпорындардың барлық басқару деңгейінде
жаңа бөлімдерін, бөлімшелерін және қызметтерін ұйымдастырумен сипатталады.
Инновация нарыққа, нақты тұтынушыға бейімделуі керек. Кәсіпорындарда
инновацияны меңгеруге кедергі жасайтын факторларға ең алдымен кәсіпорынның
меншікті қаражаттар ресурстарының жетіспеуі, коммерциялық банктердің
инновацияны жете бағаламауы, жаңа өнімдерді меңгерудің экономикалық
тәуелділігі жатады.
Енді инновацияның географиясын қарастырайық. XVII ғасырда әлемдік
экономикалық және ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс және Солтүстік
Европа, ең алдымен Англия, Нидерландия, Швейцария, Венеция, Швеция болды.
Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми, техникалық және экономикалық
инновацияның маңызды бөлігі шоғырланған. 90–жылдары бесінші толқынды
өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде АҚШ,
Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индустриалды
жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды. 90-жылдары жас француздық
кәсіпкерлердің АҚШ – қа аууы байқалған. Бұған себеп болған жағдайлар:
Францияда венчурлық капитал табудың қиындығы, француз өкіметінің жаңа
компанияларды құруға тым салғырттықпен қарауы; салықтар деңгейінің
жоғарылығы; экономикада ірі жеке және мемлекеттік немесе мемлекет ақшалай
жәрдем көрсеткен компаниялардың үстемдік ету тенденциясы. [17; 118б.]
АҚШ–та бірқатар қабылданған заңдар технологиялардың зертханадан
коммерциялық секторларға өтуін және университтердің, коммерциялық емес
зерттеу институттарының олардың ииновациясын қолданатын ком-

5
панияларды ұйымдастыруға ынталандырады және жеңілдетеді. АҚШ–та ғылыми
зерттеу жұмыстарына ірі мемлекеттік қаражаттар бөлінеді (1998 жыл 65 млрд.
долл.) Дамыған елдерде ғылыми – зерттеу салаларын дамытуға ірі қаражатты
жеке компаниялар енеді. Бүгінгі күнде жоғарғы технологиялардың әлемдік
нарығын АҚШ бақылайды. Кадрлық потенциалды салыстырғанда Америкада барлық
ғалымдар инженерлер – зерттеушілердің 25 пайызы қызмет етеді. АҚШ жыл сайын
30 млрд доллардан астам болатын интеллектуалды меншікке құқықтарын сатады,
ал осы операциялар бойынша оң сальдо 20 млрд–тан астам долларды құрайды.
Жапония АҚШ-тан кейінгі интеллектуалды меншікпен операциялар бойынша оң
саудалық сальдосы бар жалғыз ғана мемлекет, Жапония интеллектуалды меншік
экспорты бойынша АҚШ–пен жарыстас.
Ғылыми шығындарды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясаттың арқасында
Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттері ғылымға жалпы ішкі өнімнің 2,7
пайызын жұмсауға мүмкіндік алды және осы көрсеткіш жағынан бір кездері
АҚШ–тан, Германиядан асып түсті. Нәтижесінде Малайзияның микропроцессорлық
негіз нарығында, Сингапурдың бағдараламамен қамтамасыз ету және
биотехнология нарығында, Тайваньның персоналды компьютерлер өндірісінде,
Кореяның тұрмыстық электроникада бәсекелестігі жоғары болды. Ал, SАMSUNG
компаниясы радио-электроникаларды қарапайым өздерінің ғылыми зерттеулерін
қаржыландыруға жұмсай отырып, енді бищтеледидарлар, өте үлкен экранды
телевизорлар, тегіс қабырғалық телевизорлар, ноутбуктер үшін түрлі–түсті
дисплейлер бойынша Жапониямен және Америкамен бәкелістікке түседі.
Басқа сөзбен алғанда, өте аз шығынмен тапшы ресурстардың инновациялық
өсімі траекториясына шығуға мүмкіндік беретін, экономикалық басқару
тіректерін анықтау керек. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында
инновациялық істі реттеу және жоғарылату жөнінен мынадай әдістерді
ұсынамыз:
- жаңалықтар енгізуді меңгеру бойынша венчурлық механизмдерді дамыту;
- ғылыми – зерттеу саласына жеке капитал салымдарын жұмылдыру үшін қолайлы
жағдайлар жасау жаңа технологияларды меңгеру;
- қолда бар ғылыми–техникалық ресурстарды белсенділендіру, инновациялық
потенциалын жоғарылату;
- технологиялық трансферттер мүмкіндіктерін ұлттық және халықаралық
масштабта кеңінен қолдану. [2; 10-13 бб.]

6
1. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің
жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану
мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл
жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады;
• өнімділік
• үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі
ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға
негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде
пайдалануды ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін
және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті
ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалықты дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өркен, отандық
және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы
жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы
және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және
үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік
өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде
анықталады. [2; 6 б.]
Кәсіпорынның инновациялық әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және
бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды
жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
7
• қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан және
жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзінде асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жүмыстарын жүргізу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу. [15; 151 б.]
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін
талдау қиындайды және көп салалығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде
– жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін
арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады; еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,
айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке

8
көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру
шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы
қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымының үстелуі (материалды қажетсіну), материалдық
ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор
сиымдылығының төмендеуі), негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы
ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу
немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді
пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі
өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық
қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-
ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген жетілдірілген өнімдер
немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестер түрінде
іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе практикалық қызметте
пайдаланатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді.
[15; 152-153 б.]

9
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – бұл жаңа техникамен технологияны өндіріске енгізудегі
экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау;
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар
пайдаланылады:
• өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек
сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік
қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және
орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін
жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі
кәсіпорынның тәртібі есеп ажырасу мөлшері;
• Валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.
Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
[6; 82б.]
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту,
пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.

10
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу;
материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техникамен технологияның, ашу,
өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқада жаңа енгізілімнің
пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықтың материалдық және мәдени-
тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде
мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін
жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
• Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысымын қамтамасыз
етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау; 2) ғылыми-техникалық
прогрестің жетістігі нәтижесіндегі жаңа техника және технология.
Инновацияны анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі
жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
• Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция
арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті
қайта құруды қамтамасыз етеді.
• Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жекеменшігіндегі қаржысынан
және қарыз-қаражатынан құралады. Инновациялық менеджмент банк
несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар рыногына сүйеніп іс
жасауды, инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін
жүзеге асырады.
• Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін
белгілеу: өндірістік субъектісімен, инвесторлармен (тапсырыс
беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау
жөніндегі қазметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар
аударатын мәселе – оның нәтижелілігін бағалау.
• Процесс инновациясына технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау
әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік
әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. [15;153-154 б.]

11
1.2. Отандық кәсіпорындарды дамытуда инновацияның қосатын үлесі.

Тәуелсіздік алған он бес жылда еліміздің экономикасы жоспарлы
жүйеден бас тартып, өтпелі кезеңді басып өтіп, нарықтық қатынастарға бет
бұрды. Осы мерзімде елдің халықшаруашылығында түрлі шаруашылық, меншік
түрлері қалыптасты. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену,
тіпті қайта құрылу және т.б. секілді құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның
бәрінің себебі нарықтың қатаң талабы болды. Еліміз кәсіпорындарының
қалыптасқан ахуалы нарық талаптарына төтеп бере алмады. Тозған құрал-
жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық
жағдай және осы сынды т.б. мәселелер олардың аяғына шырмауық болып оралды.
Әйтсе де көптеген қиындықты бастан өткеріп, бүгінгі күнге жеткен
кәсіпорындар бәсекенің не екенін, оған төтеп берудің жолдарын біршама
меңгерді деп айтуға болады.
Оған дәлел нарықта отандық кәсіпорындар өнімдерінің күннен-күнге
көбеюі, түрленуі және сапасының айтарлықтай жақсаруы. Бәсекелестік жоғары
деңгейде дамығанда тек сапалы өнімдер, материалдар мен механизмдер
шығаратын, сонымен қатар арзан өндірістік әдістер қолдана алатын фирмалар
мен кәсіпорындар ғана нарықта ұзақ уақыт өмір сүре алады.
Инновациялар – кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпау және осы мақсатқа
жету үшін, өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етіп, нарық
экономикасының қатаң талаптарына қарсы тұруында маңызды роль атқарады.
Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде инновациядан бас тартып, ескірген
өндірістік әдіс-тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіпорындар
нарықта нықтап тұра алмайды. Статистика көрсеткендей, өндірісі дамыған
Батыс елдерінде кәсіпорындар мен мемлекеттік инновацияның бәсекелестік үшін
маңызы зор екеніне көздері жетті.
Жоспарлы шаруашылық жүйесіндегі инновацияны нарықтық экономикадағы
инновациямен салыстыра отырып, үш негізгі кемшіліктерді айқындауға болады:
1. зерттеліп, іске қосылатын жаңа объектілер мен мақсаттар қатаң түрде
орталықтан реттеліп отырған. Бұл орталықтандырылған жүйе инновациялық
поцесстердің қарқынды жүруіне кедергі жасап, ұйымдастырушылықты әлсіретіп
жіберді. [4;13-б.]

12
1. нарық қажеттіліктерін және шығындарды сезіну өте дәрменсіз дамыды;
2. бәсекелестіктің болмауы.
Инновация менеджменті өзінің басты қарастырар мәселесі ретінде ғылыми
зерттеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер құруды санайды. Бүкіл
инновациялық процесс екі кезеңмен жүреді:
• ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық өңдеулер (НИОКР)
кезеңі;
• нарықтағы тұрақты позицияны жаулап алу және енгізу кезеңі.
Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық
процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар
ауады. Ғылыми – зерттеу жұмыстары жаңа білімді игеру болса, конструкторлық
өңдеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. Басқалардың
жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады.
Жаңалықтар әрқилы объектілерге қатысты бола береді:
• кәсіпорынның жұмыс жасайтын сфераларына: құрылыс ұйымының өндірісіне
жаңалық енгізу; оның өнімінің өтіміне жағдай жасауды жаңалау; кәсіпорынның
қаржылық саясатындағы, есеп айырысудағы өзгерістер;
• нарықтық инновация: қолда бар өнімді пайдаланудың жаңа
мүмкіндіктерін табу немесе жаңа нарық қалыптастыру;
• әлеуметтік инновация: мұнда кадрлар бөліміндегі ұйымдастыру
жаңалықтары туралы айтылған.
Нарықтық экономикада жоспарлық шаруашылыққа қарағанда беймәлімдіктің
көптеген компоненттері кездеседі. Тұтынушылар талабы мен талғамы үнемі
өзгеріп отырады, инновация менеджері соны алдын-ала жаңа өнімдер мен әдіс-
тәсілдер арқылы қанағаттандырып, ертеңгі өзгеріске дайын болуы қажет.
Инновация стратегиясының негізгі мақсаттары:
• жаңа өнімдер, материалдар, қызметтер жасап отыру. Кәсіпорын шығаратын
өнімдер ассортиментін кеңейту, түрлендіру, арзан, сапалы материалдар көзін
табу, көрсететін қызмет сферасын көбейту;
• қолда бар өнім түрін, материалдарды, қызметті тұтынушылардың талғамына,
талабына сай қолдануға жаңа мүмкіндіктер іздестіру. Ескірген өнімдерді,
материалдарды модификациялау мүмкін болған жағдайда, оларды басқа бір
мақсаттарға жұмсау; [2; 9-10 б.]

13
• өнім сапасын жоғарылату, бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші өнім
сапасы болып табылады. Өнім қаншалықты сапалы болса, ол клиент табуға,
кәсіпорынның өз өніміне сенімді болып, кепілдік беруіне мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорын жаңалықты енгізгісі және жүзеге асырғысы келсе, онда келесі
үш мәселені ескеру қажет:
1. нарықтағы сұраныс.
2. шығындарды неғұрлым азайту.
3. уақытқа сәйкестендіру.
Бұлардың арасында жиі бәсекелестік туады. Инновация менеджменті
осылардың арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Тауарлық принцип нарық талабына сәйкес болуы қажет. Демек,
тұтынушылардың бағаға, сапаға деген талаптары орындалуы керек. Сондықтан
бұл жағдайда маркетинг пен нарықты зерттеу бөлімдерімен бірлесіп жұмыс
істеу қажет. Олар нарықты зерттеу және сұраулар жүргізіп, олардың нәтижесін
инновациялық менеджмент бөліміне ұсынады.
Уақытқа сәйкестендіру принципі жаңалықты нағыз экономикалық сәтінде
енгізуді көздейді. Жаңа өнім өндіру қажеттілік тумастан бұрын жасалып қоюы
мүмкін. Сондықтан мұндай екі рет шығындалу сәтті уақытты тауып өндіргенде
болмайды. Бірақ кәсіпорынның жаңадан, яғни алғаш рет өндіріп отырған өнімі
нарық үшін таңсық болмай қалуы мүмкін. Оның өнімі бәсекелесінен кейін
өндіріліп, монополист позициясына іліге алмай қалады.
Нарық экономикасында жаңа өнімдердің өмірлік циклы азаяды. Сонымен
бірге кәсіпорынның жаңа өнімді енгізуден табатын табыс, пайда табу уақыты
да қысқарады. Егер кәсіпорын жаңа өнімін нарыққа басқалардан кейін ұсынса,
онда ол өнімнің өмірлік циклы айтарлықтай қысқарып кетеді. Кейбір нақты
жағдайларда бұл өнім үшін өмірлік циклдың қалған бөлігі, оған кеткен
шығындарды ақтай алмай қалуы да мүмкін. Тұтынушылардың талғам-талаптарын
маркетинг немесе нарықты зерттеу бөлімдерінің көмегімен біліп алғаннан
кейін, кәсіпорын менеджері жаңа өнім шығаруға жоба жасайды. Оның негізгі
мәселесі жоба мақсатын дәл айқындау болып табылады.
Бүгінгі күні инновацияны дұрыс пайдалану ертеңгі күнгі дамыған
экономика екенін дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Осыны
дұрыс аңғарған отандық фирмалар мен кәсіпорындар ғана инновацияны
жетілдіру, дамыту және дұрыс пайдалану нәтижесінде ертеңгі күннің
көкжиегінен көріне алмақ. [11; 42-44 б.]

14
2. Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялаудың
қажеттілігі.

1993 ж. қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат
ұстанғанымызға 12 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге
14 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз алтыншы жылды
алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес
заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы
аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп,
қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді. Экономиканы алға сүйрелеуші
локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспорты басымды түрде
дамыды. Дүниежүзілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар
конъюнктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының оң
сальдосы мүмкін болды. Ақша-несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да
уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық
тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-
құрылымдық реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің
шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік деп
айту әзірге ерте.
Республика экономикасын шикізаттық бағдарлануынан туындайтын
голландиялық синдром белгілерінің асқынуы еліміздің алдына жаңа міндеттер
қойғаны белгілі. Голландиялық синдром концепциясы экономикалық әдебиетте
елдің табиғи ресурстарды игеруі, өндіруі және экспорттауы арқасында шынайы
айырбас курсының артуы салдарынан әуелде сыртқы бәсекелестік эрозиясының
орын алуын, соңында елдің өндірістік базасының әлсіреуін сипаттауда
пайдаланатындығын ескерте кетейік. Бұл синдромды жеңілдететін экономикалық
саясаттың бірнеше шаралары бар. Солардың маңыздысы – ұзақ мерзімдік ұлттық
қауіпсіздік тұрғысынан экономиканың оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін оны
диверсикациялау қажеттілігі. Осы тұрғыда және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
мүше болудың қарсаңында сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализациялау)
жүргізілуі тиіс. Басты реттеу құралдарының бірі – валютаның айырбас курсы.
[5; 17 б.]
Әлеуметтік бағдарланған экономиканы құру үшін мүмкіндігінше
өркениетті нарықтық қатынастар қалыптастырылуы керек. Соңғысының орын алуы
үшін дүниежүзілік еңбек бөлінісінде бәсекелестікке аттануымыз қажет. Бұл
мақсатты жүзеге асыру үшін индустриалдық –

15
инновациялық стратегияға сай сервистік – технологиялық келешегі жоғары
салаларды дамыту көзделгені белгілі, өндірістік кластерлер жасау,
мұнайхимияны дамыту, инвестициялық құрылымдарды өңдеуші салаларға
бағыттау, жаңа технологияларды тарту сияқты шаралар қолға енді алына
бастады. Кластерлер деп аталатын технологиялық өзара тығыз байланысты және
бәсекелестік қабілетті өнеркәсіп топтарын құрмай нарықта келешегі жоқ
екендігін 1996-1997 жж. бері айтылып келді.
Бүгінгі уақытта перспективті жеті кластер анықталған. Олар: туризм,
тамақ өнеркәсібі, мұнайгаз саласындағы машина жасау, мақта-мата өнеркәсібі,
көліктік – логистикалық қызмет көрсету, металлургия, құрылыс материалдары.
Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі, инфляция қарқының төмендеуі, ресми
жұмызссыздықтың азаюы сынды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша елеулі
жетістіктерге жеттік.
Алайда, экономиканың нақты секторында шикізаттық бағдар күшеймесе,
әлсіреген жоқ. Қазақстан экономикасы сыртқы нарықта тек мұнай, қара және
металлдар экспортында бәсекелестік қабілеттілігі бар. Олардың жалпы
экспорттағы үлесі 80 пайыздан асады. Астық (бидай) экспорты қалпына келе
бастағанымен, оның үлесі төмен және климаттық жағдайларға тәуелді. ЖІӨ
құрылымдағы мұнай-газ секторының үлес салмағы 50 пайызға таяу болса, жалпы
экспорттағы шикі мұнайдың ғана үлесі 57 пайызға жетіп жығылады. Тікелей
шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ішінде мұнай – газ секторына 63 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Экономикалық дамудың негізгі факторлары
Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Бизнес инкубаторларды басқару
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Пәндер