Тәуелсіз радиолардың мемлекеттік радиолардан айырмашылығы



І. Кіріспе
Тәуелсіз радиолардың мемлекеттік радиолардан айырмашылығы
ІІ.Негізгі бөлім
а) Қазақстандағы тәуелсіз радиоарналардың тарихы
ә)Әр радиоарнаның сипаттамасы
б)Радиоарналардағы бағдарламалар
ІІІ.Қорытынды бөлім
Коммерциялық радиоарналардың маңызы
Радио ойлап табылғалы бері бір ғасырдан астам уақыт өтті. тарих үшін бұл қазақтың иек астындағы деген қашықтық мөлшеріне жуықтайды. Әуе толқынының жиілігіндегі мың сан дыбыстардың арасынан қазақ үні мен әуеніні аулаған сәттегі көңіл-күй зарығу сезіміне ұласатытын несі екен ?! Мұнда шынында да керемет сыр бар. Эфирден шалқыған саз, қалқыған үн қарға тамырлы қазақтың бауырмал сезімін өршітіп, отаншыл сезімін асқақтатады. Қазақ баласының сауаты толық ашылып үлгермеген заманда радио қаз дауысты бабаларымыздың үнін әкелді. Қасым Аманжоловтың тілімен айтқанда: "Шығыстың аласа аспанын түндіктей бір түріп тастауға" жараған радио көкірегі даңғыл қазақтың ақлгөй қариясына , жаңалық жаршысына айналып үлгерген еді. Құймақұлақ көнекөз тыңдаушылардың қазақ радиосына деген құрмет сезімі әлі күнге дейін кіршіксіз.
Әйтсе де қазіргі жаһандану дәуірінің жетегінде кетіп бара жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық немесе мемлекеттік арналардан гөрі коммерциялық радиолардың орны мен рөлі басымырақ болып тұр. Тыңдарманның бұл бағытты таңдауының бірден-бір себебі қоғамда орын алып жатқан проблемалардан шаршап кеткен олар сазды әуен тыңдап демалғанды қалайды. ал қазіргі таңдағы коммерциялық радиолар тыңдарманның не нәрсеге ққызығатынына аса қатты мән бере отырып, өзінің радиолық қызметтерін жалғасытыра береді .Яғни радиодағы жарнама түрлері, жергілікті проблемаларға тоқталмайтын ақпарат тарату деген сияқты қызмет түрлері.
Батыс Еуропалық мемлекеттерде ұлттық радиоларға қоса түрлі типтегі жергілікті радиостудиялар да жұмыс жасайды: олардың бірі белгілі бір географиялық тіректерге қызмет етсе (Швеция, Англия, Швейцария, Голландия), басқалары -тыңдармандардың жеке тұлғасына қарай (Франция, Бельгия), үшіншілері - ортақ қызығушылықпен біріккен топтарға, мысалы саясаткерлерге (Италия) қызмет етеді.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
Тәуелсіз радиолардың мемлекеттік радиолардан айырмашылығы
ІІ.Негізгі бөлім
а) Қазақстандағы тәуелсіз радиоарналардың тарихы
ә)Әр радиоарнаның сипаттамасы
б)Радиоарналардағы бағдарламалар
ІІІ.Қорытынды бөлім
Коммерциялық радиоарналардың маңызы

Радио ойлап табылғалы бері бір ғасырдан астам уақыт өтті. тарих
үшін бұл қазақтың иек астындағы деген қашықтық мөлшеріне жуықтайды.
Әуе толқынының жиілігіндегі мың сан дыбыстардың арасынан қазақ үні
мен әуеніні аулаған сәттегі көңіл-күй зарығу сезіміне ұласатытын
несі екен ?! Мұнда шынында да керемет сыр бар. Эфирден шалқыған саз,
қалқыған үн қарға тамырлы қазақтың бауырмал сезімін өршітіп,
отаншыл сезімін асқақтатады. Қазақ баласының сауаты толық ашылып
үлгермеген заманда радио қаз дауысты бабаларымыздың үнін әкелді.
Қасым Аманжоловтың тілімен айтқанда: "Шығыстың аласа аспанын
түндіктей бір түріп тастауға" жараған радио көкірегі даңғыл
қазақтың ақлгөй қариясына , жаңалық жаршысына айналып үлгерген еді.
Құймақұлақ көнекөз тыңдаушылардың қазақ радиосына деген құрмет
сезімі әлі күнге дейін кіршіксіз.
Әйтсе де қазіргі жаһандану дәуірінің жетегінде кетіп бара жатқан
тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық немесе мемлекеттік арналардан гөрі
коммерциялық радиолардың орны мен рөлі басымырақ болып тұр.
Тыңдарманның бұл бағытты таңдауының бірден-бір себебі қоғамда орын
алып жатқан проблемалардан шаршап кеткен олар сазды әуен тыңдап
демалғанды қалайды. ал қазіргі таңдағы коммерциялық радиолар
тыңдарманның не нәрсеге ққызығатынына аса қатты мән бере отырып,
өзінің радиолық қызметтерін жалғасытыра береді .Яғни радиодағы
жарнама түрлері, жергілікті проблемаларға тоқталмайтын ақпарат тарату
деген сияқты қызмет түрлері.
Батыс Еуропалық мемлекеттерде ұлттық радиоларға қоса түрлі
типтегі жергілікті радиостудиялар да жұмыс жасайды: олардың бірі
белгілі бір географиялық тіректерге қызмет етсе (Швеция, Англия,
Швейцария, Голландия), басқалары -тыңдармандардың жеке тұлғасына қарай
(Франция, Бельгия), үшіншілері - ортақ қызығушылықпен біріккен топтарға,
мысалы саясаткерлерге (Италия) қызмет етеді. Қазір бір Париждің
өзінде 50 түрлі бағытта қызмет атқаратын радио бар болса, Алглияда
халқының тең жартысы тек бір ғана радионы тыңдайды екен. Мұның
өзі радионың әр елде әрқалай дамуы мен бағдарламаларымен
ерекшеленуінде десе де болады.
Италияда жергілікті радио барлық 20 облыста да таратылады, ал 107
қалада асқан танымалдылықпен телефондық кабель арқылы
радиобағдарламалар таратылады. Индияда жергілікті радиолар қызметі
жедел түрде дамытылуда. 2000 жылы 78 жергілікті радио тіркелген.ал
қазіргі кезде онда 15 тіл мен 280 диалектімен 900 мыңдай халыққа
қызмет етіп отырған 88 аймақтық радио бар.
Қазақстанда тәуелсіз арналарға деген құрмет шарықтап тұрмаса да,
олардың өміріміздің бір бөлшегіне айналғаны бәрімізге аян. Біздің
эфирде қызмет көрсете бастағанына он жылдан асса да, тәуелсіз
арналардың маңыздылығы ақпарат тарату мен демалыс ұйымдастыруда
маңызы зор. Осыншама уақыт арасында бір коммерцмялық радиостанциялар
жұмысын тоқтатып жатса, енді біреулері өз стильдері мен
концепцияларын өзгертіп жатыр, ал енді келесісі әлі күнге дейін
сүйікті де танымалдылығын жойған жоқ. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты
- еліміздегі тәуелсіз арналардың тарихымен таныстыру. Кейбір жұмысын
тоқтатқан радиоларды да айта кетуді жөн санадым.
Қазақстандағы ең алғаш тіркелген тәуелсіз радиостанция - "Максимум
Радиосы" - жұмысын 1992 жылдың 8 қаңтарында бастады. Алматыдағы
таратылым 70,7 МГц жиіліктегі диапазонда жүргізілді. Бағдарламалардың
мазмұны артықшылықтармен ерекшеленген жоқ, басында бәрі де қарапайым
жұмыспен бастады. Басты назар музыкалық бағдарламаларға аударылды.
Радиотаратылымның пішіні батыстың коммерциялық радиостанцияларына
ұқсас болды - "ақпарат + музыка". Кейінірек радио жергілікті
жаңалықтарды жедел түрде жеткізіп тұрды, сондай-ақ бүкіл елдегі
жаңалықтар да назардан тыс қалған жоқ. "Максимум" радиосы ,
шындығында, музыкаға аса көп көңіл бөлді. Алматыдағы
таратылымдарының алғашқы айларында оның бағдарламаларының 90 пайыздан
астамы музыкалық хабарлардан тұрды.
Жаңа радиостанцияның міндетті шарттарының қатарына тікелей эфирде
жұмыс істеу тұрды. "Максимум" радиосының журналистері, жүргізушілері
мен ди-джейлері қалың қауыммен "тірілей" сөйлесу керек болды.
Арнайы жазылған записьтер интервьюді студияда алу мүмкін болмай
қалған жағдайда ғана рұқсат етілді.
"Максимум" радиосының қызметінде коммерциялық жарнамалар маңызды
рөл атқарды. Себебі олар кірістің басты көзіне айналған болатын.
Эфирге шықпас бұрын радионың шешімін таппай келген мәселелері өте
көп болды. Алдымен радиостанцияны жаңа заманғы аппаратурамен
қамтамасыз ету қажет болды.Бұл қызметті өз міндетіне алған үш
американдық радио өте кешігіп келді. Техникалық қиыншылықтардан
бөлек жаңа радиостанцияның студиясы орналасатын жерінің болмауы әлі
де шешуін таппай келегн болатын. Республикалық телерадиокомпанядан
арнайы автобусты жалға алды. Мұның артынан музыкалық құрал-
жабдықтармен байланысты қиыншылықтар туындады. "Максимум" радиосы
жоспарланған он құрылығының тек қана біреуін алды. бұл жағдай
музыкалық материалдармен туындаған мәселені тереңдете түсті. Москвадан
жіберілген 700 диск жетпеді. Қуанышқа орай, бұл мәселе алматылық
"Ирис" дыбыс жазу студиясы арқылы шешілді. олар өте үлкен
көлемдегі кассеталар мен пластинканы сыйға тартты.
Ал шығармашылық ұжымға келер болсақ, ол жылдам жинақталды. Бірақ
келген кісілердің көбісі ұзақ қызмет атқара алмады. Себеп әртүрлі.
Көптеген тәжірибелі мамандар басшылықпен келісе алмады. Таратылымның
алғашқы кездерінде радиостанцияның құрамында алты ди-джейлер мен
жеті журналист жұмыс істеді. Біріншілерінің қызметіне музыкалық
хабарларды дайындау кірсе, екіншілері эфирге ақпарат жинау мен
берілуін қамтамасыз етті.
"Максимум" радиосы жас тыңдармандарын екі аптаның ішінде жаулап
алды. Оқушылар мен студенттерден тұрған тыңдармандардан хаттар
ағылды. "Максимум" радиосы сондай-ақ такси мен қоғамдық көліктің
жүргізушілерінің арасында да зор абыройға ие болды. алғашқы екі
айдың ішінде "максимум" радиосы халық кең танымал болды.
Таратылымның құрылымы келесідей болды:
таңертең - қысқаша жергілікті және әлемдік жаңалықтар
Түске және кешке - театрлық афиша
Қалған уақытта барлық бағыттағы және барлық стильдегі музыка.
Дүйсенбі және жұма сайын эфирге "7 қырық" бағдарламасы мен
қызыққа толы "ӨЖжБ"(өсектер, жаңалықтар және басқалары) хабары шығып
тұрды.
Бірақ дәл осылай қызмет ете тұра студияға арыздар мен қарғыстар
келіп түсіп жатты.Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып радионың
басшылығы кемшіліктердің үш негізгі тобын бөліп шығарды.
Ең бірінші музыкалық бағдарламаларға сәйкес:
халық үшін жат болып есептелетін , құлағы үйренбеген батыс
әуендерінің көп болуы;
музыканттар мен топтардың өте көп көрсетілуі;
ұлттық, симфониялық және классикалық музыканың жоқтығы;
орысша және қазақша тілді әуендердің аздығы.
Екінші топқа ақпараттық таратылымдардың кемшіліктерді біріктірді:
8. жаңалықтардағы комментарийлердің жоқтығы;
9. шымшыма публицистикалық бағдарламалардың аздығы;
10. тақырыптық хабарлардың санының аздығы.
Үшінші топқа жастар бағдарламаларына байланысты туындаған
кемшіліктерді біріктірді.
Бірақ осы кемшіліктердің бәрін желеуге ала отырып, басшылық
көптеген шаралар ұйымдастырды. шетел музыкасымен қатар отандық
эстрадалық әншілер, джаздық, "ретро" стиліндегі мелодиялар көптеп
қойылды. Ақпарат беру ісінде де ауыстырулар болды. Бағдарламаларға
медициналық кеңестер, бағбандарға көмек, көлік жүлгізушілерге
арналған ақпараттар қосылды. Ақпараттың нақтылығы мен маңыздылығы
бақылауға алынды.
Жарнама тарату жағынан да көптеген өзгерістер енгізілді. міне,
осындай жағдайдан кейін "Максимум" радиосы өз тыңдармандарын қайта
тапты.
1992 жылы "Макс" телерадиокомпаниясы құрылды. 70,7 жиілігінде
"Макс" радиосы жұмыс жасады. Ол өзіне мақсат етіп, Алматы мен
Алматы облысы, сондай-ақ Қазақстаннның көп бөлігіне шығуды ойлады.
Бірінші тәуелсіз радиостанцияның келесі даму кезеңі басталды.
Радиостанцияның журналистер ұжымы көбейді. Телерадиокомпанияның
басқа да қалалармен, елдермен байланысы арта түсті. Нақтырақ айтсақ,
бұл радио жылдан жылға дамып өз маңыздылығын арттыра білді.
"Макс" радиосының ҒМ диапазонында 102,2 МГц жиілігінде шығып жүргені
дамудың келесі сатысы болатын.
Осылай дамудың өзі "Макс" телерадиокомпаниясының талай
қиыншылықтан өткенін білдіреді. Соның бірі қаржы мәселесіне
байланысты болды. Алайда текетірестің ушыққаны соншалық, министрлік
телерадиокомпанияның радио таратылымының лицензиясын алып қойды.
Кейіннен, яғни 1995 жылдың 25 сәуірінде 66 МГц жиілікте "Радио М"
радиосының жұмысын атқаруына лицензия берді.
"Максимум" радиосы шыққалы бері Қазақстанда қаншама радио эфирге
шықты.
Келесі бір тәуелсіз арналардың бірі - "Тотем" радиосы. Ол 1994
жылы жеке кәсіпорын ретінде ашылған болатын.Таратылымның алғашқы
кездерінде түрік әуені ойналып, жарнамалар өте көп берілетін.
"Тотем" Алматы облысы мен Павлодар қаласына таратылатын. Өкінішке орай
қаржылық мәселеге байланысты оның өмірі қысқа болды.
"Акбар" радиостанциясының ұйымдастырушысы "Акбар" Халықаралық
журналистер орталығы болатын. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіз
журналистикасының дамуына бірден-бір үлес қосқан белгілі ұйым
болатын. "Акбар" радиосының алдына қойған басты мақсаты - республика
халқын ақпарат пен мәдени-танымдық бағдарламаларға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру болатын. Осындай мақсатты басшылыққа
алғаннан кейін бұл радиостанция өзінің сараптамалық және білім беру
ісіндегі қызметтері жағынан басқалардан ерекшелене білді. Музыкалық
қойылымдар жағынан радиода классикалық музыка, классикалық рок,
аспаптар музыкасы ойналды. Сондай-ақ ұлттық музыкалар да қойылып
отырды.
Келесі коммерциялық арналардың бірі - "Шаһар" радиосы. Бұл радио
басқаларға қарағанда жас радиолардың бірі. 1997 жылдың қаңтарында ҒМ
диапазонында 102,2 МГц жиілігінде хабар таратуды бастады. Алматы
қаласы мен Алматы облысында тыңдалады.
Осы радиостанцияның аты ескі парсы тілінен аударғанда "қала"
деген мағынаны білдіреді екен.ал радионың ұжымы басқаша айтады.
Олар "шаһар" деген сөзді "Қақпа" деген мағынада алғанын айтады.
Яғни радио арқылы ақпарат кеңістігі мен жақсы музыкаға қақпа
ашылады дейді. Радиостанцияның ұжымының негізі "Максимум" радиосының
бұрынғы журналистері мен ди-джейлері. Қазіргі күнде бұл радиода қазақ
тілінде 25 пайыздық мөлшерде хабар тарату мүмкіндігі қарастырылған.
Радионы әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы адамдар тыңдайды.
Эфирдің қаймағы ретінде, яғни радионың басты хабарлары авторлық
бағдарламалар болып келеді.
"Шаһар" радиосы ұжымы радиотаратылым арқылы халыққа тарихымыз бен
мәдениетімізді ұлықтауды өздеріне басты мақсат етіп алған. "Шаһар"
радиосының қызметкерлері радионың қай жерде тыңдалатынын зерттеген
кезде мынадай сандар тізбекке ілінген.
50% - демалыста;
30% - көлікте отырғанда;
10% -әрдайым үйде отырғанда;
10% -жұмыс уақытында тыңдайды екен.
Көптеген кемшіліктерін зерттей келе бағдарламалардың жартысынан
астамы өзгертілді. "Шаһардың" басты ерекшелігіне хабарлардың тікелей
эфирде жүргізілетіндігін жатқызуға болады. Интервьюдің кейбір
нұсқалары ғана жазып алынады.
"Шаһар" радиосы жергілікті халық үшін маңыздылығы жоғары
саналатын жаңалықтарға ерекше көңіл бөледі. Таратылымның негізгі
форматын Батыс коммерциялық радиостанцияларынан алған – Ақпарат +
музыка. Бірақ бұл формат "Шаһарда" былай өзгертілген: Музыка +
Ақпарат.
Радиостанцияның бағдарының негізгі ұстанымы – біздің
мемлекетіміздегі халықтар арасындағы бірлік пен бейбітшілікті
сақтау, дәл осы ізгі мақсатты басшылыққа ала отырып, халық үшін
қызмет атқарып жүр. Қазіргі күндері қазақ тіліндегі бағдарламалар
өте аз. Негізі олар 50 пайыздан көп болуы керек, бірақ саяси,
экономикалық проблемалардың әсерінен қазақ тілді бағдарламалар шыға
алмай жатыр.
Радионы түрлі мамандықтардағы адамдар, түрлі жыныс пен жастағы
тұрғындар тыңдайды.
Мәдени-танымдық бағдарламаларды дүниеге әкелу де радионың басты
бағдарының бірі. Себебі, ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнердің
майталмандары тыңдармандарды өзіне жеткілікті түрде тарта алатыны
анық.
Бір сөзбен айтқанда, "Шаһар"радиосы халық үшін қызмет ете беретін
тәуелсіз радиоарна болып қала бермек.
Келесі бір коммерциялық арналардың бірі – "Авторадио"радиосы.
Мұндай радиостанциялар әлемнің ірі-ірі қалаларында бар, дәл осындай
радионы Алматы қаласында да ашылған болатын. Ғм диапазонының 106,5
жиілігінде ашылған радионың таратылым бағдары – тәулігіне 24 сағат
бойына қызмет тарату, музыкалық формат, үш тілді әндер, бір шетел
әні.
"Авторадио"радиосының эфирінде қазақ және орыс тілді жаңалықтар
беріледі: әлем және аймақтық жаңалықтар.
"Авторадионы" Алматы облысының 2 миллионнан астам тұрғыны, 350
мың көлік жүргізушілері тыңдайды. Тыңдармандардың негізгі бөлігі –
200 доллардан астам айлығы бар тұрғындар. Авторадионы барлық
жерде тыңдайды: қоғамдық көліктер мен супермаркеттерде, кафелер мен
ресторандарда, жұмыста отырғанда да, үйде де.
Радиостанцияның қоғамдық байланысы Алматы қаласының әкімияты мен
Алматы қаласының Ішкі істер министрлігімен, жол полициясы мен
Қазақстанның жүргізушілер одағымен, Қазақстанның автомотоспорт
федерациясымен, Алматы-такси ассоциациясымен жақсы дамыған.
Радиостанцияның Бас директорының сөзі бойынша радионың басты
мақсаты – автокөлік жүргізушілері үшін зор пайдалылық тудыру.
Радионың басты бағдарында ақпарат бірінші орынға шығады. Жедел
түрдегі ақпарат кезексіз беріледі оған қоса жаңалықтар, ауа райы,
жұлдыз – жорамал, валюта курсы ұзақтығы 3 минутқа созылатын қысқаша
бағдарламалар – Имиджмейкер, Фраза- Хит, Біз және жол полициясы
және т.б.
Осы себептен кейін музыкалық эфирдің 40 пайызы шетел әндері, 60
пайызы отандық әндер.
"Авторадио" радиосы Алматы қаласының ғана емес, Астана мен
Қарағанды қалаларына да таратылады. Радионың тыңдармандар ауқымы
ғана емес, жарнамалық ақпараттың топтамасы да көбейіп келе жатыр.
Радиостанциялардың қаржыландыру көзіне келетін болсақ, жарнаманың
арқасында талай жетістіктерге жетіп отыр. Жарнама берушілердің
арасында АТК, Филипп Моррис, Алтел секілді әлемдік ареналарға
шығып жүрген атақты компаниялар да бар.
"Авторадионың" таратылым саясаты төмендегідей:
ϖ Музыкалық бағдарламалар сағатына 40 пайызын құрайды (11
минут)
ϖ Ақпараттық бағдарламалар сағатына 20 пайызын құрайды (12
минут).
ϖ Жарнама 3 пайызы (2 минут).
ϖ Хабарландырулар, МАИ құлақтандырулары сағатына 10 пайыз (6
минут)
ϖ Мәдени-танымдық бағдарламалар – 12 пайыз (8 минут)
ϖ Әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар сағатына 10 пайыз (6
минут)
ϖ Әзілдер, ойындар және т.б. – сағатына 15 пайыз (9 минут).
Басқа радиолар секілді "Авторадио" тәулігіне 24 сағат бойына
үзіліссіз әрі демалыссыз қызмет етеді, себебі автокөліктер күндіз-
түні жүре береді.
Жүргізуші психологтар мен социологтардың зерттеуінше рекламаның
бір сағат ішіндегі берілуі 6 минутты құрайтын көрінеді.
Бір тәулігіне 20-25 минуттай уақытты алатын жарнамалар таңғы
және күндізгі уақыттарда, түнгі сағат 11-ден кейін де беріле
береді.
"Авторадионың" басты мақсаты – тыңдармандардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру.
"Авторадионың" басқалардан өзгеше өзіндік таратылым стилі, мәнері
бар. Эфирде журналистер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
Радио жайлы
Қазіргі Қазақ радиосы
КҮЙ ӨНЕРІ - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Қазақ радиосы мен Эхо Москвы радиостанцияларында таратылатын ақпарат көзінің форматын зерттеу
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ
Радио және интернет арқылы хабар тарату
Радиожурналистика
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Арнайы жобаны іске асыру тетіктері
Пәндер