Жазушы Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім

1 . тарау. Т.Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық концепция ... ... ... .7

2 . тарау. Жазушы повестерінің проблематикасы және характер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

3 . тарау. Төлен Әбдікұлының суреткерлік шеберлігі: тіл өрнегі, стиль шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің 60-70 жылдардағы көркемдік көкжиегіне көз жібергенде қазақ прозасына соны бір серпіліс алып келген талантты да, талапты бір топты байқайтынымыз анық Бүгінде ел ағасы жасына жетіп, қазақ әдебиетінің бір-бір шоқ жұлдызына айналған олар аға буын өкілдерінің, қала берді әлем әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты. әдебиет атты аламан бәйгеде “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шыққан осы бір үркердей топтың бел ортасында келе жатқан, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер машығымен дараланған Төлен Әбдікұлының шығармашылығы нысана етілді.
Төленнің даралық қасиетінің өзі аз жазатындығымен, аз жазса да жеріне жеткізіп саз жазатындығымен бағалы. Алайда оның шығармашылығына жол-жөнекей соға кеткен бірді-екілі пікірлер болмаса, арнайы зерттеу обьектісіне айналмаған.
Еңбекте жазушының көркемдік ерекшеліктері, психологиялық талдау тәсілдері, таным-талғамын талдау барысында біраз пікірлер айтуға ұмтылдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Т.Әбдікұлының таңдаулы әңгімелері мен повестеріне арқау болған тақырыптар мен идеяларды, характерлерді талдай отырып, заман шындығы мен көркем шындықтың арақатынасын таразылау және автордың шығармашылық лабораториясында өмірге келген тың көркемдік ізденістердің табиғатын ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды – Сол кездегі кеңес әдебиетінде ресми идеоллогия тарапынан мойындалған, бірден-бір әдеби әдіс ретінде өмір сүрген социалистік реализм әдісі мен 60-70-ші жылдары жарық көрген таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің авторлары ұстанған шығармашылық концепциялардың арақатынасына талдау жүргізу,
– қазіргі замандық таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің қазақ прозасының тарихынан алатын орынын белгілеу
– олардың авторларының суреткерлік қолтаңбаларының әрқайсысының өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, Т.Әбдікұлына тән қасиеттерді жүйелеу, саралау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Төлен Әбдікұлының шығармашылығы туралы жекелеген сыншы ғалымдардың ғылыми еңбектерінде азын-аулақ сөз болып жүргенімен, арнайы зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ. Дей тұрғанмен қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін жете зерттеп жүрген Б.Майтанов, Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың, С.Әшімбав, Б.Ыбырайым сияқты сыншылардың, сондай-ақ бірқатар жазушылар мен әдебиет тарихы мен қазіргі әдеби процесстің даму тенденцияларын зерттеп жүрген әдебиетші ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
1. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербалды ишараттар,заттық әлем). Алматы: Алаш, 2003.
2. Асылбекұлы С. “Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы” (1970-1989-жылдар). ф.ғ.к.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефараты.Алматы,1997.
3. Қабдолов З. Арна. Алматы: Жазушы, 1988.
4. Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі. Алматы: Жазушы, 1981.
5. Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері. Әдеби сын. Зерттеу. Сұхбаттар. Алматы, 2001.
6. Әбдікұлы Т. Оң қол. Алматы: Атамұра, 2002.
7. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
8. Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімелері. Алматы: Жазушы, 1988.
9. Әбдікұлы Т. Рухани кемелдену – адамның өзіне-өзі үңілуінен, өзімен-өзі күресуінен. Әңгімелескен Қ.Жиенбай. Қазақ әдебиеті. 18 ақпан, 2005.
10. Сыздықов К. Ұстаздық ұлағат. Алматы, 2001
11. Әбдіков Т. Айтылмаған ақиқат. Алматы: Жалын, 1979.
12. Айтматов Ш. Ғасырдан да ұзақ күн. Алматы: Атамұра, 2005.
13. Байғұт М. Ақпандағы мысықтар. Алматы: ҚАЗақпарат, 2000.
14. Жұртбай Т. Көркем кеңістік пен уақыт және тарихи дәлел. Кітапта: Әдебиеттанудың өзекті мәселелері. Алматы: Комплекс, 2002.
15. Қирабаев С. Әдебиет дамуының жаңа кезеңі, кітапта: Уақыт және қаламгер. Алматы: Жазушы, 1975.
16. Есенбеков Т. Әдеби талдауға кіріспе. Оқу құралы. ҚарМУ, 1991.
17. 10. Кекілбайұлы Ә. Адамстанға саяхат. Егемен Қазақстан, 4 қыркүйек 2002.
18.Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы: Ғылым, 1982.
19. Елеукенов Ш. Лениндік мұра және социалистік реализм мәселелері. Кітапта: Уақыт және қаламгер. Алматы: Жазушы, 1975.
20. Құрманғалиев Қ. Сырбаз суреткер (ЖазушыТ.Әбдіков 50 жаста). Қазақ әдебиеті 4 қыркүйек, 1992.
21. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы: Жазушы, 1993.
22. Бейсенбайұлы Ж. Америка үндістері – түрк халықтарының түп туысы. Тіл және қоғам. Альманах № 2. Астана, 2005.
23. Әбдікұлы Т. Жапон болсам жапонияны жазар ем...Т.Әбдікұлы мен сатирик К.Әмір-Бектің сұхбаты. Жас Алаш, 1 қараша, 2003.
24. Мұханбатқалиұлы Қ. Адамзат қайда барасың ? Діл газеті. 7 қараша, 2003.
25. Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1992.
26. Жұмаділов Қ. Соңғы көштің арқауы. Сөзстан. Алматы: Жалын, 1984.
27. Нұрғалиев Р. Телағыс. Алматы. Жазушы, 1986.
28. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1970.
29. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992.
30. Хамзин М. “60-80-інші жылдардағы қазақ романының стилі мен
типологиясы” ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Авторефараты. Алматы, 1997.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

ІІ. Негізгі бөлім

1 – тарау. Т.Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық
концепция ... ... ... .7

2 – тарау. Жазушы повестерінің проблематикасы және характер
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .20

3 – тарау. Төлен Әбдікұлының суреткерлік шеберлігі: тіл өрнегі, стиль
шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...40

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...46

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .59

Диплом жұмысының ғылыми сипаттамасы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінің 60-70 жылдардағы
көркемдік көкжиегіне көз жібергенде қазақ прозасына соны бір серпіліс алып
келген талантты да, талапты бір топты байқайтынымыз анық Бүгінде ел ағасы
жасына жетіп, қазақ әдебиетінің бір-бір шоқ жұлдызына айналған олар аға
буын өкілдерінің, қала берді әлем әдебиетінің озық дәстүрлерін
жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан
ерекше байытты. әдебиет атты аламан бәйгеде “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”
шыққан осы бір үркердей топтың бел ортасында келе жатқан, ешкімге ұқсамас
өзіндік мәнер машығымен дараланған Төлен Әбдікұлының шығармашылығы нысана
етілді.
Төленнің даралық қасиетінің өзі аз жазатындығымен, аз жазса да жеріне
жеткізіп саз жазатындығымен бағалы. Алайда оның шығармашылығына жол-жөнекей
соға кеткен бірді-екілі пікірлер болмаса, арнайы зерттеу обьектісіне
айналмаған.
Еңбекте жазушының көркемдік ерекшеліктері, психологиялық талдау
тәсілдері, таным-талғамын талдау барысында біраз пікірлер айтуға ұмтылдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Т.Әбдікұлының таңдаулы
әңгімелері мен повестеріне арқау болған тақырыптар мен идеяларды,
характерлерді талдай отырып, заман шындығы мен көркем шындықтың
арақатынасын таразылау және автордың шығармашылық лабораториясында өмірге
келген тың көркемдік ізденістердің табиғатын ашып көрсету. Осы мақсатқа
жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды – Сол кездегі кеңес
әдебиетінде ресми идеоллогия тарапынан мойындалған, бірден-бір әдеби әдіс
ретінде өмір сүрген социалистік реализм әдісі мен 60-70-ші жылдары жарық
көрген таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің авторлары ұстанған
шығармашылық концепциялардың арақатынасына талдау жүргізу,
– қазіргі замандық таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің қазақ
прозасының тарихынан алатын орынын белгілеу
– олардың авторларының суреткерлік қолтаңбаларының әрқайсысының өзіне
тән көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, Т.Әбдікұлына тән қасиеттерді
жүйелеу, саралау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Төлен Әбдікұлының шығармашылығы туралы
жекелеген сыншы ғалымдардың ғылыми еңбектерінде азын-аулақ сөз болып
жүргенімен, арнайы зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ. Дей тұрғанмен
қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін жете зерттеп жүрген
Б.Майтанов, Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың, С.Әшімбав, Б.Ыбырайым сияқты
сыншылардың, сондай-ақ бірқатар жазушылар мен әдебиет тарихы мен қазіргі
әдеби процесстің даму тенденцияларын зерттеп жүрген әдебиетші ғалымдардың
еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдісінің дерек көздері. Жазушы шығармаларын зерттеу барысында
1980 жылы жарық көрген “Айтылмаған ақиқат”, 2002 шыққан “Оң қол”, 2006
жылы басылған “Әке” атты әңгімелер мен повестер жинағы, сондай-ақ жазушының
баспасөз беттеріне әр жылдары берген сұхбаттары негізгі дерек көздері
ретінде алынды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және практикалық мәні. Зерттеу
жұмысында негізінен кешенді жүйелі зерттеу, баяндау, тарихи салыстырмалы
талдау, жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын
қазіргі әдеби процестің даму барысын айқындауда, сонымен қатар қазіргі
қазақ прозасындағы, әсіресе 60-80 жылдардағы орын алған тенденцияларды
зерттеумен айналысатын жоғары оқу орындары филология факультеті
студенттерінің ғылыми, курстық, дипломдық жұмыстарына падалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеуде жазушы Т.Әбдікұлының
шығармашылығы тұтас күйінде алғаш рет талданып отыр. 60-80-ші жылдардағы
әдеби процесте қаламгерлердің көркемдік ізденістері көбіне ой айту,
концепция түюдің түрлі формаларын табуға алып келді. Яғни, ХІХ ғасырдың
соңына қарай пайда болған прозадағы психологизм ХХ ғасырдың 60-80-ші
жылдарында ерекше бір формада дамыды. Ендеше жұмыстың басты жаңалығы осы
әдеби әдіс-тәсілдерді ашып көрсетуге күш салғандығымен бағаланбақ.

Кіріспе

Бүгінгі әдебиеттану ғылымында прозалық шығармаларды лирикалық
прозаның, психологиялық не философиялық прозаның үлгісі деп жіктеу, немесе
“лирикалық роман,” “лирикалық повес,” кейде тіпті “лирикалық проза” деп
жалпылай атап, ат қою бар. Бұлай ат қойып, айдар тағуда да ғылыми негіздер
жоқ емес. Ол әрине жазушының эстетикалық таным-талғамына, пайым-парасаты
мен сол көркемдік шындықты игерудегі көркемдік ізденістеріне тікелей
қатысты дүние екені белгілі.
Әдебиеттің предметі адам, яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам
өзінше бір әлем, ашылмаған, зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің
өлшемі болып табылатын – Адам (Пратагор) болмысының табиғи, биологиялық,
физикалық, психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан
зерттеп, зерделейді.
“Адам психикасы, оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б.
секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану
ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам мәселесін тереңдей зерттеуге
зейін қоя бастады.” 1,3 деген ғалым пікіріне ден қойсақ, көркем
әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын,
күйініш-сүйініштерін, бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша
болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау, жалпы
прозадағы психологизм, лиризм, сондай-ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде
“ішкі монолог”, “ой ағыны” (поток сознания) т.б. мәселелер де көптен сөз
болып жүр. Зерттеу жұмысымыздың барысында бұл мәселелерге арнайы тоқталатын
боламыз. Әзірге психологиялық проза, психологиялық талдау дәстүрі кімнен
басталып, қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың
творчествосында көрініс берді?, деген мәселелерге тоқталмақпыз.
Психологиялық талдау дәстүрі әлем әдебиетіндегі жаңалық ретінде
негізінен ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана дүниеге келгені мәлім. Ғалым
ф.ғ.д. Г.Пірәлиеваның зерттеулеріне сүйенсек, алғаш рет австралиялық
дәрігер-психолог З.Фрейд (1856-1939 ) ашқан психологиялық талдау тәсілі
бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып
қалыптасқанымен, бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге
де өнер салаларында, соның ішінде әдебиет әлемінде де көркемдік тәсіл
ретінде қолданыла бастайды.
Ал, белгілі сыншы С.Әшімбаевтың зерттеулеріне жүгінсек, орыс
әдебиетінің сынында “психологиялық талдау” деген терминді алғаш
Н.Г.Чернышевский Л.Н.Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен.
Сол-ақ екен бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау
тауып, реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде
қабылданады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л.Н.Толстой туындыларында
көрініс берсе, Ф.Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге
айналып, одан кейін А.П.Чехов, И.А.Бунин, М.Горький, А.И.Куприн
шығармаларында тамырын тереңге жайды.
Орыс әдебиетінде Л.Толстой мен Ф.Достаевский қалыптастырған осы
бір тамаша дәстүр Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М.Шолохов,
Л.Леонов, К.Федин, А.Толстой, А.Фадеев, Л.Совалев сияқты белгілі
жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты. Бұл дәстүрді ерекше,
тәптіштей жазуымыздың өзіндік себептері де жоқ емес.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанрына көз салмайық, оның
профессиональдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат
деңгейіне көтеруде жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз
жеткіземіз. Мәселен, Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген бір ғана
роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.
Мұндай кемелдіктің түп-төркіні М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
М.Жұмабаев, Б.Майлин сынды аға буын жазушыларымыздың әлемдік әдебиет пен
мәдениеттің озық үлгілерін творчестволықпен меңгерген көркемдік
ізденістерінде жатыр. ХІХ ғасырда пайда болған прозадағы психологизм ағымын
қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрге айналдырып, оның кең қанат жаюына
олардың қосқан үлесі ұшан теңіз. Алайда, тақыр жерге ешнәрсенің шықпайтынын
ескерсек, психологизм мәселесі қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған
құбылыс емес. Оның тарихи тамыры сонау есте жоқ, ескі заманда пайда болып,
қалыптасқан ауыз әдебиеті үлгілерінде жатыр. Мысалы, ауыз әдебиетінің
құнарлы бір саласы ертегі, эпикалық жырлардағы қаһарманның қайғы-зарын
суреттейтін тұстарда психологизм элементтері бұрыннан-ақ бар болатын.
Ал ХХ ғасырдың басындағы өзге жазушыларға тоқталып жатпай-ақ, бір ғана
М.Әуезовтың “Қаралы сұлу”, “Жетім”, “Қорғансыздың күні” т.б.
әңгімелеріндегі терең психологизмді айтпағанда, психологиялық очерк деп ат
қойып, айдар таққан “Қасеннің құбылыстары” атты шығармасының өзі
психологиялық прозаның алғашқы қарлығаштары емес пе еді.
Екіншіден, қазақ әдебиетінің 60-80-ші жылдардағы көркемдік
көкжиегіне көз салғанда, әсіресе, қазақ прозасына тосын тақырыптарымен
соны бір серпіліс әкелген талантты да, талапты бір топ жасты байқайтынымыз
анық. Бүгінде ел ағасы жасына жетіп, қазақ әдебиетінің бір-бір шоқ
жұлдызына айналған олар алдыңғы аға буын өкілдерінің, қала берді әлем
әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін
мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты.
Осы кезеңнің әдебиетіміздегі ерекше көзге түсер өкілдеріне
О.Бөкей, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, Д.Исабеков, Қ.Ысқақов,
Ә.Тарази, Ә.Сараев, М.Сүндетов, Т.Нұрмағанбетов т.б. жатқызуға болады.
Осы жерде “Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы” (1970-1989-
жылдар) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған С.Асылбекұлының:
“Олар қазақ прозасына жаңа тақырыптар мен идеялар, характерлер ғана алып
келген жоқ, сондай-ақ оны интелектуальдық жағынан да байытты, оның
поэтикалық политрасын кеңейтті, сөйтіп, қазақ оқырмандарына өздері өмір
сүріп отырған заманның шындығын ашып берді” 2,2, деген пікіріне толық
қосыламыз. Қосыла отырып, зерттеу обьектімізге әдебиет атты аламан бәйгеде
“жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шыққан осы бір үркердей топтың бел ортасында
келе жатқан, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер-машығымен
дараланған Төлен Әбдікұлының творчествосын нысана етпекпіз.
Әдебиет әлеміне алғаш 1969 жылы “Көкжиек” атты тұңғыш әңгімелер
жинағымен келіп қосылған Төлен Әбдікұлы, бүгінде біршама әңгімелер мен
повестер жинақтарының авторы.
Атап айтар болсақ: “Көкжиек” (Алматы. Жазушы, 1969), “Ақиқат” (Алматы.
Жалын, 1974), “Күзгі жапырақтар” (Алматы. Жазушы, 1971), “Айтылмаған
ақиқат” (Алматы. Жалын, 1979), “Өліара” (Алматы. Жалын, 1985), “Таңдамалы”
(Алматы, 1991), “Оң қол” (Алматы. Ата мұра, 2002), атты жинақтарын қазақ
әдебиеті қазынасына қосылған қомақты үлес деп білеміз.
Бұлардың ішінде “Өліара” романы өз алдына бір төбе десек, оған грек
аңыздарының басын құрастырған аудармаларын (Эллада ерлері. А; 1977 ж.),
“Біз үшеу едік” атты драмасын қосыңыз. Сан жағынан алғанда аздау сияқты,
әрине. Кітаптары сөреде сіресіп тұрған кейбір жазушылармен салыстырғанда
(сөз оқылмайтындары туралы ) көзге қораштау көрінетіні де рас. Ал, сапасына
мін тағар сыншы табыла қояр ма екен?
Төленнің даралық қасиетінің өзі сол аз жазатындығымен, аз жазса да
жеріне жеткізіп, саз жазатындығымен бағалы сияқты. Содан да болар, әйтеуір
сыншы, әдебиетшілердің Т.Әбдікұлының кейбір жекелеген шығармаларына жол-
жөнекей соға кеткен бірді-екілі пікірлері болмаса, арнайы зерттеу
обьектісіне айналмағаны анық көрінеді. Творчествосын толық ауқымда қамтып,
арнайы жүргізілген зерделі зерттеуді кездестіре алмадық. Алайда, бұдан
жазушы шығармаларының көркемдік деңгейі төмен екен деген ой тумаса керек.
Керісінше аз жазса да, саз жазуға тырысуы, сондықтан да оның туындылары
анда-санда бір туатын арыстанның күшігіндей, күн сайын мұхит түбіне үзбей
сүңгіп, айда-жылда бір жолықтыратын інжу-маржандай болса (Ә.Кекілбайұлы),
онда ол тақиямызға тар келетін аса құнсыз дүние емес.
Жазушы шығармашылығы туралы сындарлы сын-пікір, салиқалы ой енді
ғана айтыла бастады. Оның да өзіндік себептері жоқ емес. Атап айтар болсақ.
Т.Әбдікұлы көтерген негізгі тақырып ауқымы сол кездегі кеңестік жүйедегі
қалыптасқан штамптардың қалыбына симады. Оның “Тозақ оттары жымыңдайды”,
“Ақиқат” сияқты таңдаулы повестерінде көтерілген әлеуметтік мәселелерді тек
капиталистік қоғам құрылысына ғана тән нәрсе деп сендірумен келдік. Оның
шындыққа қаншалықты жанасымды екенін бүгінде өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Жазушы шығармаларын талдау барысында бұл мәселелерді де біршама қамтуға
тырыстық. Ендеше, ендігі сөз Төлен әңгімелері туралы.

Негізгі бөлім. 1 – тарау.
Төлен Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық концепция.

Зерттеу жұмысымызды Төлен әңгімелерінен бастауымыз тегін емес. Себебі,
өзге әріптестері секілді Төлен де әдебиет әлеміне алғаш әңгімелерімен
келді. Алғашқы тырнақалды туындысы “Райхан” Қазақстан жас жазушылары-ның
1964 жылы жарық көрген “Таңғы шық” атты жинақта жарық көрген екен.
Ия, әңгіменің қиын жанр екенін, әрі шеберлік мектебі екенін
ескерсек, Төлен де сол мектептен түлеп ұшып, бүгінде өз үнін, өзіндік
қолтаңбасын қалыптастырған саңлақ суреткерге айналды. Суреткер
әңгімелерін талдамас бұрын, сол кезеңнің, яғни жазушы өмір сүрген дәуірдің
(70-90 жылдар) кескін-келбетін айта кетсек дейміз.
Сол кездегі КСРО деп аталған алып мемлекетте бірден-бір саяси билеу-
ші күш Коммунистік партия болғаны белгілі. Компартияның қоғам өмірінде
араласпайтын жері жоқ десе де болғандай еді. Ол тіпті адам қызметінің
көркемөнер секілді шығармашылық еркін ойды ауадай қажет ететін ең бір
нәзік, ең бір шікәмшіл саласына дейін қатаң бақылайтын. Қоғамдық сананың
барлық институттары секілді өнердің, оның ішінде көркем әдебиеттің де
партиялық болуы талап етілетін. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиетті
қалыптастырған қоғамда, қазір біз “жылымық”, ”тоқырау” деп атап жүрген 60-
70- ші жылдары қолына қалам ұстаған жазушыларымыз әдебиетке не берді.
Шығармаларына өмірдің қандай өзекті шындығын арқау етті. Тақырыптық аясы
қандай? деген сауалдардың қойылуы заңды.
Әдебиет атты киелі әлемге жазушының араласқан кезеңі әр түрлі атал-
ғанымен, ол - өз заманының перзенті, яғни “Суреткер-өз заманының ұлы, өз
дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай
құбылысқа болсын енжар, бейтарап қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол
бәріне араласады. Ендеше оның қаламынан туған шығармалар да бір емес,
бірнеше тақырыпқа жазылады, бір емес бірнеше проблемаға құрылады” (3,106).

Тақырып дегеннен шығады, тақырып пен идея диалектикалық бірлікте, яғни
философиялық категория екені белгілі. Сондай-ақ тақырыптың үлкен-кішісі,
жақсы не жаманы жоқ деп жатамыз. Дегенмен әр дәуірдің өз көркем шындығы
бар. Жаңа заманға тән өзіндік эстетикалық идеалы болатыны тағы бар.
Мәселен, кешегі кеңес үкіметінің тұсында, тіпті, күні бүгінге дейін де,
алдыңғы қатарда тұрған келелі мәселенің бірі де, осы тақырып болғаны
мәлім. Жұмысшы табы, коллективтендіру, тың игеру, өндіріс т.б. күн
тәртібінде тұрған тақырыптар туралы жазылса, сол мықты шығарма, ең қажет,
керекті туынды деген көзқарас қалыптасты. Алайда, сол тақырыптың тасасында
талай тағдырлар көмескі тартып, көрінсе де екінші планға ығыстырылды емес
пе.
Десек те, қарама-қайшылықсыз өмір жоқ. Ендеше сол қарама-қайшы-лықтан
туындап жатқан өмірлік тартыстар, тіпті жеке адам психологиясында болып
жатқан аласапыран, сезімдік күйлер, көре білер, сезе білер суреткерге дайын
тақырып емес пе. Олай болса, мәселе тек тақырыпта ғана емес екен. Сол
тақырыпты таңдап, талғай білер талантта, бір сөзбен айтқанда сол өмірлік
шындықты творчестволықпен игерудегі жазушы концепциясында, ұсынар идеялық
мұратында екен.
Ендеше Т.Әбдікұлы әңгімелерінің ерекшелігі неде. Төленді өзге әріптес-
терінен даралап тұрған қандай қасиет, танымның ең жоғарғы сатысы болып
табылатын интелекті, қабілет-қарымы қандай? деген заңды сұрақ туады. Бұл
сауалдарға Төлен Әбдікұлының әңгімелерін талдау барысында ой қозғамақпыз.
Төлен Әбдікұлы туындыларының ішінде ерекше тоқталуды қажет ететін,
бітім-болмысы бөлек дүниесі “Оң қол” әңгімесі. Біріншіден, “Оң қол” Төленді
талантты жазушы ретінде танытып, атағын шығарса, екіншіден, “Оң қолды”
мақтауға да, мақтануға да тұратын кесек дүние. Асыра адақтап, қызыл сөздің
көрігін қыздырудан аулақпыз. Десек те, мұндай шығармалар қазіргі қазақ
прозасында саусақпен санарлық екені анық. Оның себебі, біздің ойымызша
Төлен түрен салған тақырып тосындығы болса, соған орай көркемдік ізденістің
авторлық концепциямен шебер қиюласуында жатса керек.
“Ал көркемдік концепция термині бүкіл творчествоға да, белгілі бір
жанрда жазылған шығармаға да, сондай-ақ шығарма шоқтығын асырып тұрған
сапалық ерекшелік-сипаттарға да қатысты айтылып жүргенін ескерсек” (4,73),
жазушы әңгімелерінің бұл қағидаларға қай тұрғыдан да толыққанды жауап
беретіні шындық.
Қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін терең зерттеп жүрген ғалым
Г.Прәлиева “Жетпісінші жылдардың басы мен орта тұсында қазақ прозасында
соны бір құбылыс, әдеби жанрда бұрындары байқала қоймаған тың көркемдік
тәсілдер туа бастады. Мәселен, роман-монолог (“Аңыздың ақыры”-
Ә.Кекілбаев), роман-диолог (“Ақиқат пен аңыз”- Ә.Нұршайықов), әңгіме-түс
көру (“Оң қол”- Т.Әбдіков), повесть-новелла (“Ақ ару-ана” – С.Санбаев) және
басқалар. Мұның бәрі қазақ сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен, стильдік
ерекшеліктерімен жаңаша леп әкелгендей еді” (5,76), деген пікір айтады.
Сондай-ақ “Алғаш американ теоретиктерінің сөз қолданысында пайда
болып, әдеби тәсіл ретінде көркемөнерде өрнегін сала бастаған “ой ағынының
” артын ала орыс әдебиетіне, әсіресе, Достоевский мен Л.Толстой шығармала-
рында ішкі монолог, іштей талдау, адам ішіндегі адам, жалпы психологизмнің
көркемдік болып көрініс табуы қазақ прозасына да әсер етпей қойған жоқ”
(5,76) дей келіп, негізінен психологиялық тереңдік, ойшылдық сияқты
қасиеттерді талап ететін бұл стильдік ағымға екінің бірі бара бермейтінін,
Т.Әбдікұлының “Оң қол” әңгімесін нақ осы стильдік ағымдағы жаңалықтың бірі
ретінде бағалайды
Өздеріңіз байқағандай ғалым бұл құбылысты “ой ағыны” яғни “түс
көру” тәсілі деп, психологиялық прозадағы стильдік ағым ретінде бағалап
отыр.
Енді әңгімемізге қайта оралсақ. Шағын ғана әңгімедегі шымырлық пен
шеберлік сияқты жанр талабына тән қасиеттер бірден көзге шалынады. Автор
бас кейіпкері - Алманың түсі арқылы адам санасындағы үздіксіз жүріп жатқан
процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан
толғанысын көркемдікпен көрсете білген. Шығарма мазмұнымен оқырман жұртты
таныстыру артықтау болар. Дегенмен, парктегі гүлді жұлдырып, дәрігер
жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тәкәппар, адал да, ерке Алманың сырқаты
тұқым қуалайтын қауіпті сырқат. Жазушы мұны былайша береді.
“Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына енгенде шабуыл жасайды. Яғни
өзіне қанша түсініксіз болғанмен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар
деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен
өмірін, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мұны өз
басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қанмен, тұқым
қуалап келген ниет. Науқастың шешесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін-өзі
өлтірмек болған. Енді олар әлдебір құпия заңдылықпен Алманың санасында
тұрып, өздерін-өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Сананың
иесі – қыз өлуге тиісті” (6,223-224).
Бұл сырқат сирек те болса, өмірде кездеседі екен. Оны медицинада
дененің екі жарылуы (раздвоение личности) десе, әдебиеттануда адам ішіндегі
адам деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма
сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, әңгімені оқып отырып, көз
алдында өтіп жатқан кинолента куәгеріндей кейіпкермен бірге қуанасың, бірге
қайғырасың, тіпті қорқасың да.
“Қаламгер қай кейіпкерінің кесек бейнесін жасамасын ол сөзге сараң,
автордың ішкі сезімін сездіре бермейтін салқынқанды. Кейіпкерлері тек өз
табиғатына, дәрежесіне тән сөздерді сөйлеп, ойларды толғайды. Шағын
әңгімеде шашырап жатқан ой, оңды-солды пайдаланған сөз жоқ. Әдеби шығармада
кейіпкер болмысын кесектеп, ішкі жан сырын ашуда айрықша рөл атқаратын түс
ішкі монолог ретінде көрініс тапқан. Әңгімені әсерлі етіп, оқиғаны қоюлатып
отырған түс – автордың үлкен табысы” (5,77).
Бұл пікірге орай ой өрбітсек, “түс көру” тәсілі басқа да
жазушыларымыздың шығармаларында көрініс беретінін байқау қиын емес. Белгілі
ғалым Ж.Дәдебаев “Оң қолды” О.Бөкей шығармаларымен салыстырады.
Мәселен: “Т.Әбдіковтің “Оң қол” әңгімесінде бір тұлғаның бойындағы
біріне-бірі жат, жау екі сана туралы сөз қозғалады. Автор “бір дене
ішіндегі екі түрлі “жан иесінің” кезектесіп не қатар өмір сүруін “мидың
шешілмей жатқан жұмбақтары...” ретінде түсіндіреді.
...Бірінші әңгіме санасы ауруға шалдыққан қыздың әрекетіне
негізделген. Екінші көрініс қиялшыл Қиялханның түсінен. Екі шығармада да
жұмбақтылық, бейнелілік басым (7,185-186).

Екі зерттеушінің де пікірлерін ұзақ та болса толық беруге тырыстық.
Қалай десек те, кезінде “Оң қолды” әдебиетші қауым да, көпшілік оқырман
да, тосын жаңалық ретінде қабылдағаны рас. Адам баласының қоғам өмірінде
алар орны, жай адам емес, жаратылысы жұмбақ, құпия қатпары көп адам жанының
кілті екінің біріне ашыла бермесі анық. Оның құпиясы көп бітім-болмысын тек
талантты суреткер ғана көре білмек, біліп қана қоймай, терең зерттеп,
оқырман талқысына ұсынбақ. Ал одан қандай ой түйіп, нендей ғибырат алды, ол
оқырман үлесінде.
Қазақ драматургиясын зерттеген белгілі ғалым Р.Рүстембекова ат басын
қазақ әңгімелеріне де бұрған екен. Ғалым “Оң қолды” тіпті фантастикалық
шығармалар қатарында атап өтеді.
Зерттеуші “Өмірде дәл сондай жағдай болды ма, жоқ па, мәселе онда
емес, өмірде болғандай етіп сізді сендіруі – міне әңгіме түйіні осында
жатыр. ... Жазушы жас қыздың оң қолының өзіне қастандық жасауын үлкен дерт
ретінде бейнелеуінде символдық астар жатыр. Өмірдегі зұлымдық атаулыны
адам өз қолымен көбіне саналы түрде істейтінін айтып, жазушы оны қоғамдық
үлкен дертке ұштастырады” дейді (8,86).
Ал осы әңгімесі жөнінде жазушының өзі не дейді екен, соны тыңдап,
сонан соң пікірімізді қорытындыласақ.
“Ғылымда генетикалық жад (память) деген ұғым бар. Жаңа туған жәндік
өмір сүру үшін не керек екенін үйретпей-ақ біледі. Жұмыртқадан жаңа шыққан
тасбақаның баласы бірден теңізге жүгіреді. Не істеймін деп ойланып
жатпайды. Жер бетінде кез-келген жан иесі табиғаттың әу бастағы
программасына бағынады.
Америка құрлығын он жылдан астам уақытта айналып шығатын көбелектің
бір түрі бар екен. Көбелектің он жыл өмір сүрмейтіні белгілі. Әр ұрпақ
өзінің мерзімдік ғұмыры біткенге дейін белгіленген маршрутпен ұшып отырады
да, тіршілік мерзімі бітер кезде сол жерге өздерінің тұқым-құртын
қалдырады. Келесі жылы одан пайда болған жаңа көбелектер қалыптасқан
маршрутпен жаңылмай әрі қарай ұша береді. Өйткені генетикалық жад арқылы
не істеу керек екенін жақсы біледі” (9).
Хайуанаттар туғанда-ақ не істейтінін біліп туады екен. Яғни адам да
әуелден генетикалық информациядан туады.
Олай болса, адамдардың іс-әрекетіндегі, тіпті қоғам тіршілігіндегі
көптеген оқиғалардың қозғаушы күші осы, әу бастағы адамға берілген
генетикалық тапсырманың құпиясында жатыр екен.
“Оң қол” әңгімесіндегі бақытсыз қыздың арғы аталарының бірі өзін-өзі
өлтірмек болып, бірақ идея іске аспай қалған. Енді генетикалық
информацияға еніп кеткен осы идея пәленбай ұрпақтан кейін қыздың жадында
жаңғырып, ақыры жүзеге асып, қыздың мерт болуымен аяқталады.
Барлық әрекет ең алдымен ойдан басталады десек. Жаман ой, жаман
әрекетпен аяқталуға тиіс. Ендеше үлкен жауапкершілік осы ой әлемінен
басталуы керек. Егер әрқайсысымыз өзімізден кейінгі ұрпақтың біз ойлаған
қиянаттар мен біз жасаған қателіктердің отына күюі мүмкін екенін сезіне
алсақ, онда, біздіңше тіршілік бұдан гөрі мәнділеу, маңыздылау болар ма
еді.
Әңгіменің негізгі идеясы осы.
Байқасақ, жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық іс-әрекеттер мен
жауыздықтың түп-төркіні “ой” мен соны іске асыратын “қол”- да жатыр екен.
Ал оны жақсы ниетке өзгертудің кілті жеке болмыстың өзінде. Міне, бұл
авторлық түйін, автордың концепциясы.
Т.Әбдікұлының аз жазатынын, аз жазса да, саз жазатынын жоғарыда айтып
өттік. Бірақ, оның қайсы бір шығармасын алмайық екінің бірі бара
бермейтін, өмірдің ең өзекті, әлеуметтік мәселелерді қозғайтынын
көреміз. Ол қандай мәселені қаузап, қай уақыттың шындығын жазбасын тек
өзекті өртер өмірлік, адами проблемаларды көтереді. Төлен шығармаларының
ауқымы бір рулы елдің, не бір ғана ұлттың мүддесін қозғамайды. Оның
шығармалары бүкіл адамзаттық, тіпті ғаламдық проблемаларды қамтиды десек
артық айтқандық бола қоймас. Содан да болар жазушы Ә.Кекілбаев
Т.Әбдікұлының 60-жылдығына орай жазған мақаласын “адамстанға саяхат” деп
атапты.( 10.)
“Бассүйек” атты әңгімесін оқып отырып, бұл саяхаттың тым ертерек
басталғанына көзіміз тағы бір жеткендей болды (алғаш 1966 ж
“Лениншіл жаста” басылған). Шағын жанр шеберлікке басқыш десек,
Т.Әбдікұлының шеберлік қырларының бір ұшығын осы әңгімесі де дәлелдей
түседі. Әңгіме желісі Хамит деген жас мүсінші-антропологтың бір мүсінді
жасау жолындағы ізденістерін, қызықты да азап-мехнатты өнер жолындағы жан
тебіреністерін ашуға құрылған. Бас тұлға диплом жұмысы етіп алған тұңғыш
еңбегін атақты Герасимовтың өзі мақтаған талантты жігіт.
Белгілі ғалым ф.ғ.д. профессор К.Сыздықов “Кейіпкер де автордың
өзі сияқты жоғары оқу орнын бітіріп, таңдаған мамандығынан біршама мол
мағлұматтар алып, енді сол іштей жинақталған дайындықтарымен өз бетінше
творчестволық еңбекке алғаш бой ұрған тұсы болуға керек” дей келіп,
”Өзгені танығың келсе, өз ішіңе үңіл, өзіңді білгің келсе, басқаларды
бақыла”-деген екен Әлішер Науай. Түптеп келгенде, бұл өзін-өзі тану-өзін-
өзі жазу...яғни, мұнда автор кейіпкерінің жан дүниесін, сезім құбылыстарын
үнемі іштей кеулеп, қадағалап, соны ашып көрсетеді” деген пікір ұсынады
(11,150-151).
Олай болса, бұл Т.Әбдікұлының өз қарым-қабілетін, шеберлік шиырларын
сыннан өткізген, сол арқылы өз болмысына үңілуге жасаған алғашқы
тәжірибелерінің бірі екен. Несі бар, тәжірибе жеміссіз де емес.
Мүсіннің жасалу кезінде басы-қасында болып, араласып жүрген
әріптес мамандар Хамиттің бұл еңбегін бір ауыздан “таптырмайтын бағалы
дүние” деп тапса да, неге екені белгісіз, көрермен көпшілік ұната қойған
жоқ. Бәрі бір ауыздан:
- Жоқ, бұл Жаубөрі емес, Жаубөрі мұндай болуға тиісті емес, - деп
шу ете қалды (12,214).
Неге ?
Міне, автор да өз кейіпкерімен бірге осы сұраққа жауап іздейді.
Бір айта кетер нәрсе сюжет құрудағы жазушы шеберлігі. Сюжеттің негізгі
қозғаушы күші тартыс десек, сол тартыстың өзі табиғи заңдылықпен,
қарапайым ғана түрде нанымды өрбіп отырады. Жалпы Төленнің қайсы бір
шығармасы болмасын жадағай жасандылықтан, әлеміш әшекейден ада.
“Ондай еді, мұндай еді” деп, көп созып баяндап жатпайды, тек
өзінің көріп, сезгендерін айтады. Оны да тәптіштеп жатпай, бір қарағанда
байқап қалғандарын ғана айтады да қояды. Кейіпкерлердің де “сайдың суын
сапырып жатқан” ештеңесі жоқ.
“...Пожалуйста, көріп шығыңыздар”, болмаса “Бұл біздер үшін
ғылыми предмет қана” деп, “тірісінде пенде баласын басындырмаған батырдың
басын асықша иіріп, қақпақылдап” тұрған Хамитке қараңызшы. Болмашы
штрихтардан қаншама жайлар танылып тұр. Бұл – кейіпкердің әуел бастағы
бейне-бітімі. Оның қолынан шыққан мүсіннің қандай болып шығары айтпаса да
белгілі” (11,151-152 ).
Шығармада кейіпкердің жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп
иірімдерді табу, тану және жазу (Гоголь ) автор үшін қаншама қажыр-
қайратты талап етеді. Жазушылық шеберлік те осы қиындықты игеруде көрінсе
керек. Біз көп айта беретін суреткер стилі де кейіпкер әлемін ашуда
дараланады. Ендеше аталған әңгімеде басы артық кейіпкер, орынсыз оқиға
жоқ. Әр кейіпкердің өзіне ғана лайық көтерген жүгі автордың идеялық
мұратымен шебер қиюласады. Әсіресе, “мүкіс құлағын қалқалап”, “түсінсін-
түсінбесін” қолын көлегейлеп қарап:
“Қайдам шырағым”, - деп тұрған Мұқаш шалдың бейнесі көңілге қона
кетеді. “Кенет қулана жымиып:
- Мынау біздің милиция Оқап секілді екен”,- деп, болмаса: “...Ал
былтыр өлген әкесіне бухгалтер Ермек әшекейлеп күмбез орнатты, көрдің бе?!”-
деп, әлдекімдерді тағы да сыпырта боқтап отырған “сахарға салып алғандай
аппақ” шалдың іші-тысы түгел танылғандай.
Бір-бір рет қана көрінетін: “Қанша діндар болса да ...батырдың
сүйегіне бір рет көз тоқтатып қарауға қарсы емес шоқша сақал қарт кісі де,
“бір қолы мен өзінің білегін ұстап, тамыр соғысын тексеріп келе жатқан
“Жісіпбеков жолдас та, “Ойбай, қойдым...”- деп, “алжыған шалдан зәре құты
қалмай қорқатын” Мұқыштың баласы да өзіндік характер қалыптарымен көз
алдыңызда қадау-қадау тұра қалғандай (11,153 ).
Шындығында суреткер сомдаған кейіпкерлерден өзімізге таныс-бейтаныс
жандарды кездестіріп, оған бейтарап қала алмай қосыла тебіреніп, теңселе
тербетіліп жатсақ, онда ол жазушының байқағыштығы мен сезімталдығының
жемісі болса керек.
Т.Әбдікұлының шымыр да, ширақ жазылған келесі бір әңгімесі “Қонақтар”.
Бұл фәниге бәріміздің де қонақ екендігімізді ескерсек, бұл шағын әңгіме
тақырыбының өзінде үлкен символдық астар жатқан сияқты. Күнделікті өмірдің
күйбеңі біткен бе? Алайда, біз сол күнделікті өмірдің күйбеңімен жүріп
қаншама құндылықтардан ажырап бара жатқанымызға оншама мән беріп, ой жібере
бермейді екенбіз. “Ит тойған жеріне, ер жігіт туған жеріне” деген қарапайым
қағиданың да байыбына барып, базарына үңілмеппіз. Урбанизацияның терең
иіріміне көміліп бара жатқан қазақтың қаракөз қыздары мен көгенкөз
ұлдарының тағдыры Т.Әбдікұлының ары мен иманынан да шет қала алмапты.
Шынында да осы бір шағын ғана әңгіменің көтерген жүгі бүгінгі таңдағы үлкен
проблеманың біріне айналғанын уақыттың өзі көрсетіп отырған жоқ па?
Жартылай мәңгүрттенген шала қазақ, ұлттық құндылықтарға шекесінен қарайтын
ассимилияцияға ұшыраған жарымжан интелигенция. Біреудің қаңсығы енді
біреуге таңсық болған мына заманда “баланы кім болсын деп, қай елге, қай
харекетке қосқандайсың” (Абай). Ал осынау ащы шындықты айту үшін де жазушы
бүгінгі жариялылықты, тәуелсіздікті сары алтындай сабырлылықпен күтіп
жатпай-ақ алдымызға жайып салыпты. Ендеше сол проблеманың сырына
кейіпкермен бірге үңіліп көрейік:
“Әй, кемпір, - деді ішінен бағанағы жерде айтатын сөзі ойына жаңа
түсіп,- мен саған дейін үш қатыннан айрылғанмын. Азды-көпті ғұмырымның
ішінде талай бақтан айрылып, талай баққа қолым жетті. Дүние бірде алдын
берсе, бірде артын берді. Бірақ әкем көрген, әкемнің әкесі көрген қара
орнымнан айрылып көрген күнім жоқ. Не тантып отырсың!” (12 197).
Алайда, Ерғабыл қарияның қасіретін ұғынар ұл қайда, жетесіз ұлдың
жетесінде бірдеңе болса, қара ормандай шаңырағына ие болмас па. Сондай-ақ,
бұл тек Ерғабыл қарияның ғана қасіреті болса, бір сәрі ғой. Қатары жылдан-
жылға сиреп бара жатқан ондай қарияларды әр ауылдан, тіпті, әр үйден
кездестіруге болатындай еді-ау, ол кездері. Болмаса өз қағынан жеріген
құландай қалаға қашқан Сапабек сияқтылар бұл өмірде азба еді. Әрине, біз
біреуге кінә артып, айыптаудан аулақпыз. Десек те, сондағы бар кедергі
ауылдық жерлердегі мектептердің орысша білім бермейтіндігінде тұр ма еді.
Ұлы Орыс тілі, Ұлы Орыс халқы деген ұранға айқай қосып, адам болам десең
алдымен орыс тілін меңгер деп сәуегейлік танытқан аңғалдығымызды немен
түсіндіреміз. Шығарма мазмұнын талдап, талқылағалы отырғамыз жоқ. Алайда
жазушы көтерген проблеманың, оған автордың концепциялық көзқарасын анықтау
мақсатында бірді-екілі көркемдік детальдың қисынына тоқтала кетудің
артықтығы жоқ деп білеміз. Ендеше ары қарай тыңдап көріңіз.
“Ертеңіне тұрысымен Сапабек қайтуға жиналды. Әке-шешесіне алған
базарлықтарын, біраз жинаған ақшаларын қалдырды.
- Осының бәрі Томаның жинап жүргені. Сіздерге деп осы шыбын-шіркей
болып жүреді. Мен болсам қалтама түскен затты сол күні құртам ғой – деп
қойды. Осыдан барысымен посылка салатынын айтты. Одан соң:
- Ал, енді мына балаларың, - деді Жеңісті көрсетіп, - бір түйір
қазақша білмейді. – Чемоданының аузын жаба алмаған болып біраз қиналды,-
таттанып қалған ба немене ? ...Ал енді оқу уже басталып қалды. Бұл арада
орыс мектебі жоқ. Мұны қалай оқытамыз деп отырсыңдар. Биыл жетіге келді.
Ерекең төмен қарап үн-түнсіз ұзақ отырды.
- Алып кет өзіңмен бірге, - деді бір кезде дауысы қарлығып.
- Оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар.
Сапабек тағы да қынжыла күлді.
- Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба ? Орыс
мектебі жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...
- Бар, бар, алып кет, - деді Ерекең.
- Жолдарың болсын!” (12,206).
Келтірілген диалог көп шындықтың бетін ашқандай. Өздеріңіз
байқағандай шағын деталь, шымыр да, ширақ штрихтармен шалқар шындықты
таныту дегеніміздің өзі осындай-ақ болар. Жалпы көркемдік тәсілдің қай-
қасысы да, кейіпкер табиғатының жұмбақ сырларын ашу, сол арқылы шығарманың
идеялық-көркемдік салмағын таныту, арттыру мақсатында қолданылады.
Ал, диалогтың көркемдігі – шығарма кестесіне жігі білінбей
жымдасқан әдемі жарасымында, дәлірек айтқанда, табиғилығы мен
шынайылығында. Ендеше, бұл әңгіменің өн бойынан жасандылықтың, диалог
арқылы танылған қайсы бір кейіпкердің болмасын әсіреқызыл, кеуек сөздерді
көпіртіп отырғанын көрмейміз. Бәрі де шамасына лайық, өзіне ғана жүктелген
міндетті орнымен атқарып тұр. Белгілі сыншы Б.Ыбырайым диалог құрудағы
қазіргі қазақ прозасында жиі кездесетін екі олқылықты атап көрсетеді.
“Бірі – кейіпкерді, әсіресе жас кейіпкерді романтикалық
сипаттағы өршіл бейне етіп суреттеймін деп, оның аузына әсіреқызыл, кеуек
сөздерді сала беру. Бұндайда кейіпкер сөзінің кеуектігі мен көптігі
жазушының көркемдік нысанасын бейнелеуге септігі әлсіз, әрі шығарманың
реалистік қуатын кемітеді.
Екінші олқылық – кейіпкерлері арқылы оқырманға ой саламын,
толғандырамын деген игі ниеттегі автор жалпыға мәлім ақиқаттарды қайталап,
“кітаби” сарынға, жалаң дидактика мен схематизмге бой алдырады” (4,127).
Шынында да, кейіпкерді көпірме көп сөзбен көк езу етіп,
романтикалық асқақ рухты тұлға есебінде көрінген жарықшаққа тықпалай беру,
шығарма құнын түсіретіні анық.
Ендеше, біз жоғарыда мысалға алған диалог та осы шығарманың көркемдік
шешімінің кілті ретінде де құнды.
Әке мен бала арасындағы түсінбестік, анығы түсінуге тырыспаушылық,
қоғамдық даму барысында пайда болған алшақтық, жатбауыр болып бара жатқан
бала, тасбауыр тартқан немере, адамгершілік ар ождан, міне мұның бәрі
сұңғыла суреткер Төлен жүрегін жаралаған жәйттер еді.
Бір айта кетер мәселе, сөз болып отырған әңгіменің желісінен
Ш.Айтматовтың да әсері байқалатындығы. Мәселен, Ш.Айтматовтың “Боранды
бекет” романындағы мына бір эпизодқа назар салайық. Қаза болған әкесі
Қазанғапты жерлеуге келген Сәбитжанның:
“Ау, жер түбіндегі Ана-Бейітке сандалып не керек, табалдырықтан аттап
шықсаң дүниенің қиырына дейін Сарыөзектің қу даласы көсіліп жатқан жоқ па
? Жер жетпей ме сонша! Осы ауылдан ұзамай-ақ, темір жолдың бойындағы бір
төбешіктің басына қоя салуға болады ғой (13,23) деген парықсыздығын еске
түсірелік. Ия, қайдағы бір ертегі бейітке апарып жерлеу, ол үшін ақылға
сиымсыз. Оған Ана-Бейіттің, әке өсиетінің құны көк тиын. Ана-Бейіт
дегеннен шығады, автор аңыздағы мәңгүрттіктің сырын Сәбитжан характерін
ашуда сәтті пайдаланған. Сондай-ақ, жазушы қарапайым еңбек адамының өмір
жолын парақтай отырып-ақ, бүкіладамдық, бүкіләлемдік мәселелерді
көтермеуші ме еді.
Жалпы өткенін, ата-бабасының салт-дәстүрін ұмытқан адамды мәңгүрт
десек, Төлен де осы Сәбитжан сияқты рухани мәңгүрттіктен сақтануды
меңзегендей. Ана-Бейіт аңызындағы мәңгүрт азаптаудан, жанына түскен
жарақаттан ақыл-есінен айрылса, Сәбитжан сияқтылар ата-бабаның салт-
дәстүрін сыйламаған парықсыздықтан, жетесіздіктен, білімі болғанымен,
білігі жоқтықтан мәңгүрттік халге жеткен.
Әрине, біздің кейіпкеріміз Сапабек әке қазасына келіп отырған жоқ.
Алайда оның жаңағы Сәбитжаннан айырмасы шамалы. Оны жетпістің желкесіне
шыққан ата-ананың тағдыры онша ойландырмайтын сияқты. Курроттатып, одан
қалса шетелдетіп жүрген оған ата-бабасының кіндік қаны тамған қасиетті
топырақтың құны бір тиын. Әке-шешесін қалаға көшіріп алсам деген ниеті де
жоқ емес. Әрине, ол ниеттің шын ынты-ықылас пейілден, жан жүрегінен шығып
тұрмағаны анық. Оған сюжет барысында көз жеткізгендей боламыз.
Бірақ: “ - Уай, ақымақ кемпір. Өлер шақта тұрмыс қуып, тентіреп жүре
алмаспын. Ағайын жұрт, өз еліңдей елді табамын деп отырсың ба басқа
жақтан... Айдаладағы бір қаладан” (12,199) деген шалдың жан толқынысын
жетесіз ұл қайдан ұқсын.
Әдебиеттің асыл парызы, оның халық алдындағы міндеті туралы, жалпы,
әдебиеттің адамға қандай ұлағат-тәрбие беретінін дәлелдеп жату артықтау
болар. Кез келген өмір шындығынан көркем ой қорыту – жазушының бұлжымас
міндеті. Алайда ол автордың мақсатына, шеберлігіне ғана емес,
интелектісіне де, өмірді қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей
қатысты.
“Интелект дегеніміз – дейді сыншы Б.Ыбырайым – танымның жоғары сатысы
және адамның творчестволық қабілеті болып табылатын ойлаудың, қабылдаудың
сондай-ақ, басқа да эмоциялық қасиеттердің белгісі. Биік интелект иесі –
биік сана иесі. Интелект ойлаудың практикалық әрекетінің нәтижесінде
көрінеді. Ал ойлау – интелектуальдық қабілет, сананың ең маңызды
компоненттерінің бірі” (4,74).
Ендеше саналы да, сарабдал суреткер Т.Әбдікұлы өмірдің елеусіз ғана
көнтерлі тіршілігін, қарапайым ғана тілмен баяндап отырып-ақ, адамзаттық
үлкен мәселелерге ұштастырады.
Байқап қарайтын болсақ осы мазмұндағы шығармалар сол кезеңдегі
жазушыларымыздың көбіне тән екенін көреміз. Ауыл өмірі, ата-ана мен бала
арасындағы қарым-қатынас Т.Нұрмағанбетовың “Түкпірдегі ауыл”, ”Қош бол
ата”, С.Мұратбековтың “Жусан исі” мен “Басында Үшқараның”, Ж.Түменбаевтың
“Ауыл шетіндегі үй”, О.Бөкейдің “Қар қызы ” мен “Қайдасың қасқа құлыным”,
Д.Исабековтың “Тіршілігі” мен “Дерменесі” т.б. сияқты шығармаларда әр
қырынан, жан-жақты көрінді.
Бірақ олардың сол шындықты игерудегі әдіс-тәсілдері, сюжет құрап
кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік стильдерінің өзі әр түрлі. Сол
үшін де олар бір-біріне ұқсамайды, тіпті бірі-бірін қайталамайды да.
Олардың шығармашылық сипат ерекшеліктерін талдап жату артықтау болар.
Дегенмен Т.Әбдікұлы қолтаңбасының ерекше екендігін өзіндік жазу мәнері,
сөз қолданысы, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын сомдауы, оқшау
образдар жасауы, тосын тұлғалар табуы тайға таңба басқандай делелдеп-ақ
тұр. Суреткердің кез келген шығармасында сомдаған кейіпкерлері сөз
саптасынан бастап, дүниетанымына дейін ерекшеленіп тұруымен дараланады.
Т.Әбдікұлының қоғамның дертіне айналған ділгір мәселені көтерген
келесі бір әңгімесі “Қайырсыз жұма”. Жазушының президент аппаратында,
жалпы әкімшілік қызметтерде көптен бері жұмыс істейтінін білеміз. Бір
сөзбен айтсақ шенді де, шекпенді шенеуніктердің қатарында. Жазушының бұл
қызметі де өз творчествосына әсер етпей қалмапты. Әрине кез келген жазушы
өзіне таныс, өзі зерттеп білген, миы мен жүрегінің “мың градустық
домнасында” балқып, (С.Мұқанов) піскен шындығын ұсынатыны белгілі.
“Қайырсыз жұманың” кейіндеу жазылуына қарап, бұл тақырыптың да толғағы
жетіп, жазбауға мүмкіндігі қалмағанда барып хатқа түскені көрінеді.
Күнделікті өмірде “Баянсыз бақ, талайсыз тақ” деп екінің бірі
айтқанымен, екінің бірі мойындап, ұстана бермейтін фәни дүниедегі осы бір
қағида, осы бір шындық, бұл әңгіменің негізгі түйіні. Ия,бір қарағанда бір
адамның жұмыстан босатылуында тұрған пәлендей ештеңе жоқ сияқты (тіпті ол
министр болса да). Бұл жер кім келіп, кім кетпей жатқан орындық. Ал шын
мәнісіне келсек солай ма? Т.Әбдікұлы оның тіпті арғы жағына үңіліп, адам
психологиясының терең қатпарларына дендейді. Шындығында мың бұралған
бишінің жалаңаш беліндей көзді арбаған билік, қылымсыған көңілдес
келіншектің көзіндей болған кресло кімге тұтқа боп, кімге опа берген.
Тасбақадай тырбаңдап жүріп жеткен сол тақ пен билік тұрлаусыз бірдеңе
екен. Әттең оны пенделердің кеш түсінетіні қандай өкініш, қандай қасірет.
Жиырма жеті жасында комбинатқа директор, одан министрдің орынбасары, ақыры
министр болған, енді міне алты жыл дегенде орнынан алынып, елсіз қу медиен
далада қаңғып қалғандай болып отырған Әбен Ілиясовичті тыңдап көріңіз.
“Билік дейді-ау, кімде бар ол билік ? Министр түгілі әлгі хатшыңда да
жоқ. Манағы қалт-құлт етіп алдына келген Қойбағаровтан оның артық жері
қайсы? Қайта хатшыға қарағанда Қойбағаровтың ұйқысы да, жүйкесі де
тынышырақ шығар. Тіпті сол билік Біріншіңнің өзінде бар ма екен? Біреуге
күжірейіп, біреуге кішірейген заманда билік туы тігілген жер біздің
көзіміз жететін жерде емес. Әріде, тым әріде. Осыны білсек, кінәләсудың
орнына бір-бірімізді аяйық”...
(6,286-287).
Кейіпкер психологиясын, жан тебіреністерін суреттеп отырып-ақ автор
адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаларға философиялық астар береді.

Міне, бұл ащы да болса шындық. Шындықтың жүзіне тура қарау әрқашан да
ауыр. Оны мойындау одан да қиын. Ары қарай тыңдап көріңіз.
“Әбен осы тұста әлдебір шындықты мойындауға тура келгендей,
басын шайқап, ауыр күрсінді. Апыр-ай, өз баламды тәрбиелеуге уақытым
болмаса, оны мен күнделікті өмірдің ауыр-жеңілін бөліспесем, қуаныш-
қайғысына ортақ болмасам, сырласпасам, мұңдаспасам, балам шын
мәнінде тірі жетім болып өскені ғой. Тәрбиені көшеден алған бала көшенің
баласы болмағанда, кім болады?” (6,285 ).
Өлінің ісі – тіріге сабақ болуы тиіс. Осы тұрғыдан келсек, Әбен
Ілиясовичтің трагедиясы талай адамға ой салғандай-ау. Ия, Адам қоғамның
бір бөлшегі десек, сол адамнан тыс қоғам да жоқ. Сол қоғамды құрайтын да,
сол адамның өзі емес пе? “Бір мұндардың мойнына түсер тұзақты екінші
мұндардың қолына ұстатып қойған тоталитарлық жүйенің” (Ә.Кекілбаев),
кешегі біз құрған, жабыла қол шапалақтап, уралай үн қосқан социалистік
қоғамның кескін-кейпі міне осындай. Қоғамның құлқы бұлай болғанда,
заманымыздың халі нешік? Кешегі ұлы Абай айтқан Заманға жаман күйлемек пе,
Замана оны илемек пе?
Міне, бұл, шығарманы оқып шыққаннан кейінгі біздің түйген,
түйсінген жайларымыз бен ойларымыз. Әрине, мұның бәрі Төлен ашқан жаңалық,
тек соның ғана шығармаларында көрінген шындық еді деуден аулақпыз. Бұған
ұқсас сюжетті басқа да көптеген жазушыларымыздан көруге болады.
Мәселен, жазушы М.Байғұттың “Әкім кеткен күн” (14) атты шағын
әңгімесіне де, өмірдің осы шындығы өзек болған. Мәселе кейіпкердің бірінде
әкім, енді бірінде министр болуында да тұрған жоқ. Негізгі түйін, сол айта
беретін өмірлік шындықты суреткердің қалай көрсете білуінде. Жанр
табиғатына сай қысқалық (қысқалық таланттың әпкесі еді ғой) көркемдік
мәселесі де осында көрінсе керек.
Концепция - автордың белгілі бір шығармада қолы жеткен табысы
десек, “Қайырсыз жұма” әңгімесі де өзіндік табысымен келген, қазақ
әдебиетінің төрінен ойып орын алуға лайық шығарма деп білеміз.
Біз Т.Әбдікұлының әр тұста, әр тараптан жазылған әңгімелеріне
концепциялық тұрғыдан талдауға әрекет жасап көрдік. Сондағы негізгі
байқаған ерекшеліктерді атар болсақ, ол Т.Әбдікұлының кең құлашты, үлкен
масштабтағы жазушы екендігі. Әрине, сөз шығармаларының көлеміне, не
болмаса оның шетел тақырыбына жазатындығына ғана қатысты айтылып
отырмағаны түсінікті. Мәселе, Төленнің әлемдік масштабтағы ойлау, ой
қорыту қабілетіне қатысты.
Мәселен, Т.Әбдікұлының “Бір күндік ашу”, “Жат перзент” деген
әңгімелерінің көлеміне қарап, оның көркемдік жетістіктерін кемсітуге
болмайды. Бір қарағанда, мәселен бір күндік ашуда тұрған не бар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Қазақ прозасындағы монолог және оның көркемдік қызметі
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Парасат майданы
Пәндер