Түркологиялық еңбектерде зат есімнің зерттелуі



Тіл білімінде сөздік құрамдағы барлық сөздерді лексика-грамматикалық топтарға бөліп, топтастыру дәстүрі бар. Бұлай айырып-ажыратудың мақсаты жөнінде грамматика теориясының білгір мамандарының бірі О.П. Суник [1, 9-10 бб.] былай деп жазады: «Сөз таптарының жалпы теориясы таза практикалық міндеттерді шешу үшін және, ең алдымен, өмір сүріп отырған тілдердің толық мәнді ғылыми грамматикалары мен оқулық ретіндегі грамматикаларын жасау үшін, көптеген тілдерге тән, жалпылама ортақ жайларды да, әрбір жеке тілдің өзіндік бейнесін, өзіндік табиғатын, оның грамматикалық құрылысын сипаттайтын ерекшеліктерді де бірдей орынды ескеретін грамматикаларды жасау үшін қажет» [Аударма К. Ахановтікі: 2, 355 б.]. Ғылыми жұртшылық мойындаған осы сияқты ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, біз де XI-XII ғасырлардан келіп жеткен түркі жазба әдебиеті мұралары – «Қутадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері тілінде түбір немесе негіз қалпында ұшырасатын зат есімдерді бөліп алып, фонетика-морфологиялық, семантикалық тұрғыдан қарастырдық.
Тілші-ғалым А. Ысқақов атап көрсеткеніндей: «Зат деген ұғым күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен оқиғаларды, пайымдаулар мен түсініктерді толық қамтиды» [3, 141 б.]. Тіл-тілде лексикалық құрамы бай, грамматикалық құрылысы күрделі сөз табы зат есім болып есептеледі. Ол есімдердің өз ішінде де дербес қолданылады. Басқа есімдер зат есімнің айналасына топталып, оған қатысты ғана айтылады.
Зат есім, әсіресе, семантикалық жағынан аса үлкен категория. Зат есім тобына енетін сөздердің барлығы бірдей заттық ұғымды білдіргенімен, бұларды іштей ажыратып талдағанда мағыналық-ұғымдық жағынан сала-салаға бөлініп кетеді: нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да қамтиды [4, 45-54 бб.]. Заттың сын-сипатын білдіретін немесе оның өзіндік ерекшеліктерін нақтылай түсетін, әсірелеу, бейнелеу жолымен сезімге әсер ете алатын топтары да бар. Барлық зат есімдер 1) адам атаулары, 2) адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып екіге бөлінеді. Мұның алғашқысын А. Ысқақов адамзат есімдері, соңғысын ғаламзат есімдері деп атаған [3, 144-145 бб.].
Зат есімнің грамматикалық жағынан да өзіне тән ерекшеліктері көп. Зат есімге тән қасиет – мағынасы ешбір өзгеріске ұшырамай-ақ көптеледі, септеледі, тәуелденеді, кейде жіктеледі. «Зат есімдер тұлғалық құрамы жағынан 1) жалаң сөздер, 2) күрделі сөздер болып екі топқа жіктеледі. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөздер біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып топ-топқа бөлінеді» [3, 90-91 бб.].
1 Суник О.П. Общая теория частей речи. – М.-Л.: Наука, 1966. – 131 с.
2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 496 б.
3 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974. – 408 б.
4 Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология: І, ІІ бөлім / Жауапты ред. М. Балақаев. – Алматы: Ғылым, 1967. – І бөлім. – 264 б.
5 Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. – Алматы: Мектеп, 1971. – 88 б.
6 Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России: Дооктябрьский период. – Ленинград: Наука, 1972. – 272 с.
7 Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. – Алматы: Санат, 1988. – 144 б.
8 Развитие казахского советского языкознания / Отв. ред. А.Т. Кайдаров. – Алма-Ата: Наука, 1980. – 248 с.
9 Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1953. – 220 б.
10 Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика, морфология, синтаксис / Ред. басқ. І. Кеңесбаев. – Алматы: Ғылым, 1954. – 564 б.
11 Қазақ грамматикасы: Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис / Жауапты ред. Е. Жанпейісов. – Астана: Елорда, 2002. – 784 б.
12 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 1972. – 239 б.
13 Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов X-XIII вв. из Восточного Туркестана. – М.-Л.: Наука, 1961. – 204 с.
14 Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971. – 272 б.
15 Наджип Э.Н. Тюркоязычный памятник XIV века «Гулистан» Сейфа Сараи и его язык: В 2-х ч. – Алма-Ата: Наука, 1975. – Ч. 1. – 210 с.
16 Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв. – Л.: Наука, 1980. – 256 с.
17 Фазылов Э.И., Зияева М.Т. Изысканный дар тюркскому языку. – Ташкент: Фан, 1978. – 452 с.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРДЕ ЗАТ ЕСІМНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Құлжанова Б.Р.
филол.ғ.к., доцент
Әл- Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Дипломатиялық аударма кафедрасы

Тіл білімінде сөздік құрамдағы барлық сөздерді лексика-грамматикалық
топтарға бөліп, топтастыру дәстүрі бар. Бұлай айырып-ажыратудың мақсаты
жөнінде грамматика теориясының білгір мамандарының бірі О.П. Суник [1, 9-10
бб.] былай деп жазады: Сөз таптарының жалпы теориясы таза практикалық
міндеттерді шешу үшін және, ең алдымен, өмір сүріп отырған тілдердің толық
мәнді ғылыми грамматикалары мен оқулық ретіндегі грамматикаларын жасау
үшін, көптеген тілдерге тән, жалпылама ортақ жайларды да, әрбір жеке тілдің
өзіндік бейнесін, өзіндік табиғатын, оның грамматикалық құрылысын
сипаттайтын ерекшеліктерді де бірдей орынды ескеретін грамматикаларды жасау
үшін қажет [Аударма К. Ахановтікі: 2, 355 б.]. Ғылыми жұртшылық мойындаған
осы сияқты ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, біз де XI-XII ғасырлардан
келіп жеткен түркі жазба әдебиеті мұралары – Қутадғу билиг пен Һибат-ул
хақайиқ ескерткіштері тілінде түбір немесе негіз қалпында ұшырасатын зат
есімдерді бөліп алып, фонетика-морфологиялық, семантикалық тұрғыдан
қарастырдық.
Тілші-ғалым А. Ысқақов атап көрсеткеніндей: Зат деген ұғым күнделікті
өмірде кездесетін әдеттегі нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық
өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен оқиғаларды, пайымдаулар мен
түсініктерді толық қамтиды [3, 141 б.]. Тіл-тілде лексикалық құрамы бай,
грамматикалық құрылысы күрделі сөз табы зат есім болып есептеледі. Ол
есімдердің өз ішінде де дербес қолданылады. Басқа есімдер зат есімнің
айналасына топталып, оған қатысты ғана айтылады.
Зат есім, әсіресе, семантикалық жағынан аса үлкен категория. Зат есім
тобына енетін сөздердің барлығы бірдей заттық ұғымды білдіргенімен, бұларды
іштей ажыратып талдағанда мағыналық-ұғымдық жағынан сала-салаға бөлініп
кетеді: нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және
жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды да
қамтиды [4, 45-54 бб.]. Заттың сын-сипатын білдіретін немесе оның өзіндік
ерекшеліктерін нақтылай түсетін, әсірелеу, бейнелеу жолымен сезімге әсер
ете алатын топтары да бар. Барлық зат есімдер 1) адам атаулары, 2) адамнан
өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып екіге бөлінеді. Мұның
алғашқысын А. Ысқақов адамзат есімдері, соңғысын ғаламзат есімдері деп
атаған [3, 144-145 бб.].
Зат есімнің грамматикалық жағынан да өзіне тән ерекшеліктері көп. Зат
есімге тән қасиет – мағынасы ешбір өзгеріске ұшырамай-ақ көптеледі,
септеледі, тәуелденеді, кейде жіктеледі. Зат есімдер тұлғалық құрамы
жағынан 1) жалаң сөздер, 2) күрделі сөздер болып екі топқа жіктеледі. Жалаң
сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөздер
біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып топ-топқа
бөлінеді [3, 90-91 бб.].
Зат есім сөйлемде атау тұлғада тұрып бастауыш, атау мен іліктен басқа
септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Қандай сөзбен тіркесуіне және
қай орында тұруына қарай анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та болады.
Сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни айтылатын ойдың
иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолдану зат есімдерді дербес,
тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады [5, 34 б.].
Қазақ тілі тарихын түркі тілдері тарихынан бөліп алып қарастыруға
болмайды. Дереккөздер – орхон-енисей, көне ұйғыр жазба ескерткіштері, орта
ғасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының еңбектері және XYIII ғасырдан
бергі Батыс Европа мен орыс ғалымдарының зерттеулері туралы академик
А.Н. Кононовтың История изучения тюркских языков в России атты кітабында
толық мағлұмат беріледі [6, 215-242 бб.]. Бұдан кейін орыс түркологтарының
орыс тілінде жазған грамматикалары туралы Т. Қордабаев Түркология және
қазақ тіл білімі атты еңбегінде баяндап береді [7, 114-117 бб.]. Бірақ ол
еңбектерде жеке сөздердің құрамы мен олардың қандай жұрнақтар арқылы
жасалатыны, әр түрлі жалғаулар арқылы қалай түрленетіні сияқты мәселелер
ғана қамтылып, ол сөздердің неліктен белгілі бір сөз табына жататындығы,
сөз таптарының неліктен жеке сөз табы болып табылатындығы, олардың өзіндік
лексика-грамматикалық сипаттары қандай деген сияқты күрделі теориялық
мәселелер қамтылмаған болатын [8, 71 б.]. Қысқасы, қазақ тілін зерттеген
орыс түркологтарының ешқайсысы да қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлгенде
қандай принципті басшылыққа аламыз деген сұрауды қойған да, оған жауап
берген де жоқ [7, 116 б.]. Ол еңбектердің барлығы да сипаттау дәрежесінде
болып, күрделі ғылыми мәселелерді шеше алмады.
1914 жылы Тіл құралы деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет
Байтұрсынұлының оқулығы қазақ тілі морфологиясын ана тілімізде сөз еткен
алғашқы зерттеу болды. Сөздерді тапқа бөлу де осы оқу құралынан басталды
[7, 116 б.]. Бұдан кейінгі ірі еңбек 1936 жылы Алматы қаласында жарық
көрген проф. Қ. Жұбановтың Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулығы еді.
Онда ғалым алғаш рет қазақ тілінің өз табиғи материалдарын қазақ тілінің
ішкі заңдылықтарына үйлестіре отырып, ғылыми талдаулар мен баяндаулар
жасаған [8, 72 б.]. Арнайы орта және жоғары дәрежелі білім берудегі
бағдарламаға сәйкес жазылған академик Н.Т. Сауранбаевтың Қазақ тілі
(1948) атты оқу құралы да өз кезінде үлкен роль атқарды [9, 220 бб.].
1954 жылы жоғары оқу орындарына арналған Қазіргі қазақ тілі атты
көлемді кітап жарық көрді. Онда қазақ тілінің барлық салалары жан-жақты
талдауға түседі, ғылыми сипаттамасын алады. Осы еңбекте зат есімдер туралы
жинақталған теориялық мағлұматтар бар [10, 162-185 бб.]. Бұдан кейін
А. Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі (1964) атты монографиялық
еңбегін ерекше атап өткен жөн. Мұнда морфологияның жалпы теориялық
мәселелері, оның ерекше белгілері жан-жақты баян етіледі [8, 73 б.].
Морфологиялық зерттеулердің бұрын-соңды жетістіктерін жинақтап, оны
жүйелі тәртіпке түсіріп баяндаған еңбектердің бірі – 1967 жылы шыққан
Қазақ тілінің грамматикасы болды [4, 3-264 бб.]. Бұл академиялық
грамматика теориялық жағынан әлдеқайда жаңарып, қазіргі ғылым
жетістіктерімен толықтырылып, 2002 жылы Қазақ грамматикасы деген атпен
басылып шықты [11, 3-784 бб.]. Соңғы санамаланған еңбектердің барлығында да
зат есім категориясы туралы мағлұматтар жеткілікті. Ә. Төлеуовтің 1971 жылы
шыққан Қазақ тіліндегі зат есім категориясы [4, 3-88 бб.] және К.
Ахановтың 1972 жылы шыққан Грамматиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам
Қыз Жібектің аулы
Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
Сөз тіркесін зертеушілер
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Сыңарлары мағынасыз қос сөздер
Қазақ тілінің семантикасы: лексикалық, грамматикалық мағыналар
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Пәндер