Аударматану



КІРІСПЕ
1 ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
3 СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ІІ. Қосымша әдебиеттер тізімі
Сөздіктер
Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Ацдарма ісінің халықтың әлеуметтік өркендеуіне қаншалықты мәнді-маңызды ықпалы болғанын дәлелдеу үшін жазба тәржіманы арғы кезеңдерге ұштастыратын көзқарастар да жоқ емес. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігі «қазақ аудармасының бастауы» деп есептелінуі немесе Шығыс ақындарының шығармаларының сюжеті мен мазмұны көп өзгермей, қайырадан қазақша жырлануының назира аударма деп аталуы – аударманың халық тарихында, әдебиет пен білім-ғылымның іргетасының қалануында да елеулі рөлі бар екенін аңғартуға ұмтылысының белгісі.
Аударма – халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі ерекше маңызды.
1950 жылдардың бас кезінен бастап қазақ мәдениетінде орыс тілінде жазылған көркем әдебиетті, қоғамдық-саяси әдебиетті қазақша аудару жұмысы мәдениет пен әдебиеттегі ең маңызды шаралардың біріне айналды. Аударма ісі мәнінің анағұрлым күшейе түсуінің басты себебі – ең алдымен, бұл шаруаға қоғадық-саяси тапсырыс болды; елуінші жылдарда саясат тарапынан барлық халықтардың туыстығы, бірлігі, достық, теңдік, біртұтас қоғам, ортақ тіл мен ортақ мәдениет деген ұғымдардың ұлт санасына сыналап ендіріуіне байланысты өзге тілден ұлт тілдеріне тәржімалау ісі – идеология майданының қуатты құралы ретінде бағаланды. 1950 жылы Қазақсатнда ашылған Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының «жыл сайын шығарып отырған кітаптарының дені – аударма әдебиет» болды. Осы кезеңнен бастап қоғамдық-саяси мазмұндағы әдебиетті, көсемсөз жанрларын, көркем әдебиетті қазақшалау қолға алынды.
Бұдан арғы ғасыр бұрын өзге тілде жазылған түпнұсқаны қазақша «сөйлету» ісіне қазақ көркем классиктерінің, ғалымдар мен журналистердің белсене атсалысуына ықпал еткен тағы бір жайт – зиялы қауым өкілдері аударма жасауда ұлттық рухани мәдениетті өркендетудің бір жолы, «ұлттық әдебиетіміздің, тіпті жалпы мәдениетіміздің қорына кіретін, болашақ ұрпақтарға мұра болып қалатын табысымыз» деп қарады.
Дүниежүзілік классикалық биік деңгейдегі көркем туындылардың тәржімасын жасау ісімен бірқатар саяси-қоғамдық әдебиетті қазақшалаудың тәжірибесі де шыңдалып, жинақталды; оқу-ағарту құралдарының қазақ тіліндегі нұсқаларының сапалы жазылуына мән берілді. Аударма ісін дұрыс жолға қоюға, аудармашылық шеберлікті жетілдіруге бағыт беруде, түпнұсқаның стилі мен тілінің сақталуы – сәтті және сәтсіз аудармалардың болу себебі неде; өзге тілдегі түпнұсқаны қазақша сөйлетуге қандай әдіс-амал ұтымды дегендердің теориялық тұрғыдан бірқыдыру салмақтануында 50-60 жылдарда ұдайы, жүйелі түрде өткізілген ғылыми-практикалық басқосулар мен мәслихаттардың қосқан үлесі айрықша болды.
І. Негізгі әдебиеттер
1. Алдашева А. Аударматану. –Алматы: Арда, 2006.-247.
2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері.-Алматы: Қазақ университеті, 2005.-257.
3. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке.-Алма-Ата, 1969.
4. Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков.-Москва, 1988.
5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.-Алматы, 1974.
6. Баскаков Н.А. Историко-типологическая морфология тюркских языков.-Москва, 1979.
7. Котвич В.Л. Исследование по алтайским языкам.-Москва, 1962.
8. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков (имя). Ленинград, 1981.
9. Мырзабеков С. Қазақ тілінң фонетикасы.-Алматы, 1993.
10. Акбаев Ш.А. Фонетика диалектов карачаево-балкарского языка: (опыт сравнительно-исторического изучения).-Черкесск, 1963.
11. Малов С.Е. Заметки о каракалпакском языке.-Нукус, 1966.
12. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Фонетика.т.1.-Москва, 1925.
13. Баскаков Н.А. Алтайский язык.-Москва, 1958.
14. Дмитрев Н.К. Фонетические закономерности начала и конца тюркского слова. ИСТЯГ, 1.-266.
15. Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюркских языков.-Москва, 1955.
16. Омарбеков С, Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі.-Алматы, 1985.
17. Абдуллаев Ф.А. Фонетика хорезмских говоров: Опыт монографического описания огузского и кипчакского наречии узбекского языка.-Ташкент, 1967.
18. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков.-Ленинград, 1970.
19. Аралбаев Ж.А. Вокализм казхского языка (Опыт по экспериментальной фонетике и фонологии).-Алма-Ата, 1970.
20. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі, Лексика, фонетика. Алматы, 1962
21. Қазақ грамматикасы.-Астана, 2002.
22. Қазақ тілінің грамматикасы.1-том. Морфология.-Алматы, 1967.
23. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка..-Москва, Ленинград, 1960.
24. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-Алматы, 1978.
25. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.-Алматы, Рауан. 1991.



ІІ. Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Дмитрев Н.К. Строй тюркских языков.-Москва, 1962.
2. Кажибеков Е.З. Глагольно-имменая корреляция гомогенных корней в тюркских языках.-Алма-Ата, 1986.
3. Кәрімов Х. Қазақ тілі говорларындағы жуан, жіңішке дауыстылар сәйкестігі // Қазақ тілінің теориясы мен мәселелері.-Алматы, 1986.
4. Киекбаев Д.Г. Введение в урало-алтайское языкознание, 1972.
5. Поливанов Е.Д. Узбекская диалектология и узбекский литературный язык.-Ташкент, 1933.
6. Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание.-Москва, 1957.
7. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.-Алматы, 1981, 1988.
8. Фазылов Э. Староузбекский язык. Ч 1. Ташкент, 1966, ч 2. Ташкент, 1971.
Сөздіктер

1. Узбекско-русский словарь. Москва, 1959.
2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 том. Алматы,
3. Ожегов С.И. Словарь русского языка. Москва, 1984.
4. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, Дайк-пресс, 2005.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
2 МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
3 СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ІІ. Қосымша әдебиеттер тізімі
Сөздіктер

КІРІСПЕ

Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Ацдарма ісінің
халықтың әлеуметтік өркендеуіне қаншалықты мәнді-маңызды ықпалы болғанын
дәлелдеу үшін жазба тәржіманы арғы кезеңдерге ұштастыратын көзқарастар да
жоқ емес. М.Қашқаридың Диуани лұғат-ат-түрік сөздігі қазақ аудармасының
бастауы деп есептелінуі немесе Шығыс ақындарының шығармаларының сюжеті мен
мазмұны көп өзгермей, қайырадан қазақша жырлануының назира аударма деп
аталуы – аударманың халық тарихында, әдебиет пен білім-ғылымның іргетасының
қалануында да елеулі рөлі бар екенін аңғартуға ұмтылысының белгісі.
Аударма – халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы,
халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем
әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі ерекше маңызды.
1950 жылдардың бас кезінен бастап қазақ мәдениетінде орыс тілінде
жазылған көркем әдебиетті, қоғамдық-саяси әдебиетті қазақша аудару жұмысы
мәдениет пен әдебиеттегі ең маңызды шаралардың біріне айналды. Аударма ісі
мәнінің анағұрлым күшейе түсуінің басты себебі – ең алдымен, бұл шаруаға
қоғадық-саяси тапсырыс болды; елуінші жылдарда саясат тарапынан барлық
халықтардың туыстығы, бірлігі, достық, теңдік, біртұтас қоғам, ортақ тіл
мен ортақ мәдениет деген ұғымдардың ұлт санасына сыналап ендіріуіне
байланысты өзге тілден ұлт тілдеріне тәржімалау ісі – идеология майданының
қуатты құралы ретінде бағаланды. 1950 жылы Қазақсатнда ашылған Мемлекеттік
көркем әдебиет баспасының жыл сайын шығарып отырған кітаптарының дені –
аударма әдебиет болды. Осы кезеңнен бастап қоғамдық-саяси мазмұндағы
әдебиетті, көсемсөз жанрларын, көркем әдебиетті қазақшалау қолға алынды.
Бұдан арғы ғасыр бұрын өзге тілде жазылған түпнұсқаны қазақша
сөйлету ісіне қазақ көркем классиктерінің, ғалымдар мен журналистердің
белсене атсалысуына ықпал еткен тағы бір жайт – зиялы қауым өкілдері
аударма жасауда ұлттық рухани мәдениетті өркендетудің бір жолы, ұлттық
әдебиетіміздің, тіпті жалпы мәдениетіміздің қорына кіретін, болашақ
ұрпақтарға мұра болып қалатын табысымыз деп қарады.
Дүниежүзілік классикалық биік деңгейдегі көркем туындылардың
тәржімасын жасау ісімен бірқатар саяси-қоғамдық әдебиетті қазақшалаудың
тәжірибесі де шыңдалып, жинақталды; оқу-ағарту құралдарының қазақ тіліндегі
нұсқаларының сапалы жазылуына мән берілді. Аударма ісін дұрыс жолға қоюға,
аудармашылық шеберлікті жетілдіруге бағыт беруде, түпнұсқаның стилі мен
тілінің сақталуы – сәтті және сәтсіз аудармалардың болу себебі неде; өзге
тілдегі түпнұсқаны қазақша сөйлетуге қандай әдіс-амал ұтымды дегендердің
теориялық тұрғыдан бірқыдыру салмақтануында 50-60 жылдарда ұдайы, жүйелі
түрде өткізілген ғылыми-практикалық басқосулар мен мәслихаттардың қосқан
үлесі айрықша болды. Аударманың ірілі-ұсақты мәселелері – негізінен
аударуда ұшырасатын кемшіліктер, ақаулақытар мерзімді баспасөз ретінде
үздіксіз талқыланып отырды.
Аударма әдебиет осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің
өзекті мәселесінің біріне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден,
аударманың, төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанына
байланысты болса екіншіден, аударма қоғамның, әрбір жеке адамның зердесін,
интеллектісін байытатын, тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани
қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды 1, 12.
Бүкіл түркі тілдері қазіргі өмір сүріп тұрған қалпына келу үшін
қаншама заманды, қаншама дәуірді басынан өткерді. Тарихқа белгісіз бұлыңғыр
кезеңде де, тіпті өзіміз білетін бергі уақытта да ол дамуын тоқтатқан жоқ.
Толықты, шыңдалды, жетілді, қайта қалыптасты. Алайда өзгеру, жетілу
өздігінен бола салмайды.
Тілдегі элементтердің, категориялардың, құбылыстарың түрлі- түрлі
даму жолдарын ашу, зерттеу, тексеру, айналып келгенде, көне мен жаңаның
арасындағы сабақтастықты айқындау тіл тарихының үлесіне тиеді 2, 3.
Кез келген тілде әрбір сөздің бастау алар қайнар көзі бар. Барша
ғалымдарға белгілі, кез келген сөз алдымен дыбыс күйінде қолданылып, дами
келе ол бір буынды сөзге айналған. Дәуір дамып, заман ауысып, бір буынды
сөздердің бәрі өзіне жалғанған қосымшаларды өзіне сіңіріп, екі, үш және көп
буынды сөздерге де айналған. Бұл құбылыс дыбыс күйінен сөз күйіне ауысқан
заманда да болған. Демек әр дәуір, әр заман өзінің жаңалығымен келіп,
өмірдегі барлық құбылысқа өзінің әсерін тигізбей өтпейді. Осындай дәуір
құбылысы тілдің дамуына да үлкен септігін тигізді.
Жалпы түркі, алтай тілдерінде болған мұндай құбылыс ғалымдардың
назарын өздеріне аудармай қойған жоқ. Ғалымдар бұл құбылыстартың болу
себептерін әр қырынан зерттеп, түсіндіре бастады. Бір буынды сөздерді
зерттеген ғалымдардың кейбіреулері оны фонетикалық жағынан, кейбіреулері
морфологиялық жағынан, ал енді біреулері оны семантикалық жағынан
қарастырды. Лексикалық жағынан зерттегендердің де қатары аз емес еді.
Белгілі зерттеуші ғалым Ә.Т Қайдаров өзінің Структура односложных
корней и основ в казахском языке деген зерттеу еңбегінде барлық түркі
тілдерінің негізгі ядросы осы бір буынды түбірлер екенін айтып өтеді:
Односложные корневые слова, составляющие ядро всей базисной лексики
тюркских языков, всегда привлекали и продалжают привлекать к себе внимание
тюркологов (шире-алтаистов).Это объясняется тем, что к вопросу корневой
лексики исследователя в области исторической лексикологии ведет любой
ретроспективный анализ агглютинативного строя тюркского слова 3 , 4.
Бір буынды сөздерді зерттеуді қолға алған ғалымдардың бірі Ә.Қайдаров.
Ол қазақ тіліндегі бір буынды сөздерді барлық түркі тілдерімен салыстырып,
сол бір буынды түбірлердің шығуын, оның дамуын зерттейді. Ғалым жоғарыда
аталған еңбегінде былай дейді:
В этом плане наше исследование является как бы первой попыткой
рассмотреть фоно-морфо-семантическую структуру моносиллабов на обширном
материале конкретного тюркского языка. Для этого мы старались разными
методами выявить весь комплекс односложных корней казахского языка
обладающих и не обладающих в нем автономностью. Всесторонный анализ
односложных самостоятельных корней и основ (в дальнейшем- ОКО) позволил
распределить их по структурным типам в диахронном и синхронном планах их
развития, определить их гомогенность или гетерогенность, устойчивость или
вариабельность, разложимость или неразложимость, первичность или
производность, самостоятельность или этимологическую затемненность и т.д
3, 3.
Ғалым Ә.Қайдаров бұл еңбегін салыстырмалы-тарихи еңбек деп санамайды,
ол басқа ғалымдардың еңбегін қарай отырып, ғалымдарда түркі түбірлерінің
қандай бағытта дамитыны туралы әртүрлі көзқарастың пайда болатынын айтады:
Надо отметить, что по существующей в тюркологии трактовке под
терминам корень обычно понимается неразложимая часть слова, которая может
быть не только односложной, но и двусложной, даже трехсложной. И вот тут-то
у тюркологов начинаются разногласия. Вопрос, в каком направлении развивался
тюркский корень от- простейших моносиллабичных форм к сложным
полисиллабичным или наоборот-остается все еще спорным. Односложный
лексический элемент, кажущийся на первый взгляд неразложимым, при более
тщательном анализе в одном случае может распадаться не реальные составные
части, а в другом, наоборот окозаться продукцией сплавления, фузии и
прочих структурных изменений и модификаций. Имменно поэтому односложная
лексема, квалифицируемая в плане синхронии как корень, в плане диахронии
может окозаться основной, состоящей из производящей и производной морфем.
Этим обстоятельством определено и названия работы, и то что, корень и
основа вначале не дифференцируются, а сочетания односложные корни и
основы и односложные корни- основы употребляюся как взаимозаменияемые
3, 4-5.
Яғни ғалым Ә.Қайдаров өз еңбегін тек бір буындыларды зерттеуге ғана
арнамай, сол бір буындыларды түбір мен негіздің қайсысына жатқызу
керектігін айтады, демек, бір буынды түбір және негіз және бір буынды
түбір-негіз деген атау бірін-бірі ауыстыра алады.
Белгілі зерттеуші ғалым Ә.Қайдаров негіз деген сөзге Г.Вамберидің
пікірін келтіре отырып анықтама береді. Ә.Қайдаров түбірді былай
түсіндіреді: Самопонятие корень в тюркологической литературе имеет самые
различные определение. Так, примерно сто лет тому назад оно обозначалось
терминами: основа, основной слог, основное слово и т.д. Одан кейін
Г.Вамберидің пікірінен үзінді келтіреді: Отмечая сложность этого вопроса
Г.Вамбери писал: Я со своей стороны готов допустить, из-за
настороженности, пока только основа, так как есть примеры, в которых
произошел корень из коренного слова и аффикса, присоединившегося к нему
позже, таким образом, выйти из заблуждения можно только после тщательного
исследования (Вамбери, 1, 6). В подверждение он приводит слово um или ип
мука, образованное, по его мнению, от og- ~ ov тереть, раздавить после
сокращения ogum, ovum, oum; настоящим же корнем турецкого слова со
значением мука, может служить, как как считает автор, только и. Точно
такой же интерпретации он придерживается при объяснении es товарищ,
спутник от ек соединить попарно, соединить, присоединить: egis eis es;
kos складывать, сложить, прибавить от qoj+ us qous; jumsaq мягкий,
собственно jogu+ sakjoum+ sak растертый от jog- месить, топтать, jas
тихий от javas, jaas и т.д 3, 13.
Г.Вамбери түркі тілдерінен түбірге көптеген нақты фактілер арқылы
мысалдар келтірді. Оның ойынша негіз өзінше үш немесе екі әріптен
құралады, бірақ әр кезде уақыт өте келе басынан немесе соңынан түсіп қалған
бір ғана дауысты дыбыстан тұрады. Үш әріптен тұратын негіздің реті мынадай:
bar бар, ber бер kol көл, екі әріптен тұратын негіздің реті былай: ас-
аш, il-іл, en-алыс, және бір әріптен тұратын негіздер: и түс, и-
отыру. Үш әріптен тұратын негізді және екі әріптен тұратын негіздің ара
қатынасын қарай отырып автор соңғы екі әріпті негіздер соңғы уақытта
дауыссыз дыбысын жоғалту арқылы үш әріпті негіздерден шыққан деген тоқтамға
келеді. Осындай қорытындының негізінде автор әр тілден орысшаға аударып, 47
негіз мысалға келтіреді. 3, 13.
Түркологиядағы түбір мен негіз туралы айтатын болсақ, Ә.Қайдаров
өзінің анықтамасын түркологтардың пікіріне сүйеніп отырып айтады. Ол
А.Н.Кононовтың, К.М.Мұсаевтың, Г.Вамберидің, Ж.Денидің, Рамстедттің,
Дмитриевтің және Баскаковтың пікірлерінен кейін мынадай қорытындыға келеді:
Как же обстоит дело с определением корня и основы в казакском языке?
Понятие корень в широком общетюркологическом смысле передается
казакскими языковедами терминами түбір корень, негізгі түбір основной
корень и түбір сөз корневое слова, а понятие туынды түбір производный
корень-туынды сөз производное слово и туынды негіз производная основа
или, иногда просто негіз основа. Сөз в значении слово выступает как
общее и объединяющие понятие перечисленных выше структурных разрядов 3,
22.
Ғалымдардың бір буынды сөздердің фонетикалық ерекшеліктеріне берген
пікірлеріне, анықтамаларына келер болсақ, мынаны айтуға болады. Түркі
түбірлерінің проблемасы және оның көне фонетикалық құрылысы туралы ойталас,
оның революциясы туралы бағыт мына сызбадан басталады: СГС (С)ГС~ СГ(С)~
(С)Г(С) немесе мынадан Г СГ~ ГС~ СГС, бұл осы уақытқа дейін өз шешімін
таппай, спор күйінде қалған.
Бұл сұрақ бойынша соңғы зерттеулердің бірі А.А.Зайончковскийдің
мақаласы болған. Мұнда автор түркі түбірлерінің диахрондық дамуына назар
аудармайды, СГС типті бірнеше морфеманы реконструкциялау мүмкіндігі туралы
қызықты факті материалдар келтіреді, СГ типті түбірдің біріншілігі туралы
және дауыссыздан тұратын дауысты дауыссыз СГС түбірлі екіншілігі туралы
көзқарасты қолдаған.
Бұл жерде Вамберидің де, Зайончковскийдің де пікірлері де бір-біріне
жақын. Екі ғалымның да айтатыны үш әріпті негіз және екі әріпті негіз.
Вамбери бір әріпті негізді екі, үш әріпті негізден тараған дейді. Бірақ
Қайдаров бұл пікірлермен келіспейді. Әсіресе, Г.Вамберидің екі әріпті, үш
әріпті деп отырғанының бәрін теріске шығарады. Ол былай дейді:
Допуская в принципе возможность превращения трехфонемных ОКО в
тюркских языках в двухфонемные, мы в то же время не можем согласиться с
категоричностью постановки вопроса об идеальном и исключительном положении
ОКО типа СГС, к которому возводятся все прочие разновидности корней. Во-
первых, потому, что изменения и сдвиги в структуре корней разноплановы и
разнонаправленны: СГС теоретически и практически в языковом развитии могут
превращаться в ГС или СГ, точно так же как последние могут, наоборот,
перейти в СГС. В каждом конкретном случае они могут имееть свои причины.
Наиболее части из них, например, является образования протетических
варинтов ОКО, что можно проиллюстрировать примерами, приведенными самим
Г.Вамбери: ol hol мокрий, влажный, где налицо протеза [h], характерная
для карлукских языков ot vot огонь, где также протеза [v], характерная
для чувашского языка, и т.д. Во-вторых, всякие изменения корневых морфем в
сторону расширения или сужения их структуры представляют собой результат
вполне закономерных фоно-морфологических факторов, действующих на всем
протижении исторического развития тюркских языков. В таком случае
формирование корней согласно структурным типам Г, СГ, ГС, СГС, ГСС, СГСС и
последующее их прераспределение, на наш взгляд, относится к явлением
вторичного порядка, а потому и признание приоритета корней типа СГС, к чему
склоняется Г. Вамбери, не есть еще окончательное определение статуса
изначального или пратюркского корня. Этот вопрос всегда был и до сих пор
еще остается нерешенным.
Түбір лексеманың фоно-морфологиялық құрылымын зерттеудегі үлкен
тәжірибе және бір буынды түбірлер кеңестік тюркологиялық ғылымда
жинақталған. Мұнда негізгі орынды Н.А.Баскаковтың еңбектері алады. Мұнда
автор өзінің зерттеу тәжірибесінің арқасында түркі түбірлерінің теориясын
береді.
Н.А.Баскаковтың зерттеуінше қарақалпақ және басқа да түркі тілдерінің
көптеген аспектілері терең зерттелген. Бірақ ол түркі түбірлерінің көне
және негізгі типін анықтауда түркологтардың дәстүрлі қарауына, Г.Вамбериден
бастап кейінгі ғалымдардың көзқарастарына сүйенеді. Ол былай деп жазды:
Сөздің фонетикалық құрылысы ең алдымен үш дыбысты түбір морфеманы
көрсетеді. Түркі тіліндегі әр түбір жабық қабаттан тұрады, басындағы
дауыссыз, ортасында дауысты, соңындағы дауыссыздан тұрады. Сызбасы былай:
СГС. Қалған екі дыбысты, бір дыбысты түбірлер түркі тілінде сирек
кездесетін құбылыс. Ал егер үш дыбыстыдан көп түбір болса, онда ол сөзге,
күрделі формаға ауысып кетеді. Оның құрылысы түбір морфемадан СГС+ өлі
немесе өнімсіз тірі аффикстерден тұрады 4, 89.
Бір буынды түбірлердің морфологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын
болсақ, алдымен А.Ысқақовтың ережесіне сүйенсек, ол былай дейді:
Түбір морфема –сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі
негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі
ұйытқысы болып есептеледі. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық
мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бірде
біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды және сөз
де бола алмайды. Ендеше, түбір морфема ең негізгі морфема болып саналады.
Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан
да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен
сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы: бас, тіл, жол, кел
морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әр түбір морфема, әр жеке сөз бола
алады.
Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та жеке сөз
ретінде қолданылатыны сияқты, қайталанып та (тау-тау, қора-қора), басқа
түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бірігіп те (белбеу,
басқұр), тіркесіп те (қара сұр, он екі) жеке сөз ретінде жұмсала береді.
Сонымен қатар, ондай қайталанған, біріккен, тіркескен түбір морфемаларға
қажетінше қосымша морфемалар жалғанып та қолданыла береді 5, 24-25.
Сонымен қатар, бір буынды сөздерді морфологиялық жағынан зерттеген
ғалымдардан Н.А Баскаковты да ерекше атауға болады. Н.А. Баскаков өзінің
Историко-типологическая морфология тюркских языков деген еңбегінде түркі
тілінің және алтай тілінің морфологиялық құрылысына В.Л.Котвич, Ж. Дени
және Л.Базен деген ғалымдардың кеңінен тоқталғанын айтады. В.Л.Котвич түркі
тілдерінің, түркі сөздерінің түбірі мен қосымшасына толық мінездеме береді.
Қиыр Шығыстың аналитикалық тілі мен алтай тілінің және үндіевропаның
флективті тілінің негізін тізе отырып, В.Л Котвич алтай тілінің негізгі
тізбегі бір буынды өзгермейтін түбір және бір буынды жұрнақта жатыр деп
топтайды дейді 6, 5.
В.Л.Котвич өзінің Исследование по алтайским языкам еңбегінде алтай
тіліндегі түбір мен жұрнақ туралы былай дейді: В алтайских языках
некоторые корни, основы и слова могут выступать в роли разных частей речи и
в соответствии с этим употребляться в качестве разных членов предложения
7, 24.
Н.А Баскаков та өзінің жоғарыда аталған еңбегінде В.Л.Котвичтің
еңбегіне сүйенеді, оның айтқан пікірлерін басшылыққа алады:
В процессе развития характер корней и суффиксов видоизменился, и в
современных алтайских языках как корни, так и суффиксы можно только с
оговорками называть неизменяемыми. В.Л.Котвич далее останавливается на
структуре алтайских корней и суффиксов, обращая свое внимание на их
фонологический состав, а так же на слабое разграничение алтайских слов на
части речи. Так, допуская самостоятельное функциониование в алтайских
языках корней, основ слова и полновесных слов 6, 6.
Бірқатар ғалымдардың пікіріне қарағанда, түркі тілдері қазіргі
агглютинативтік (жалғамалы) құрылым кезеңіне өтпестен бұрын
полисинтетикалық (түбірлік) құрылым дәуірін басынан өткізген. Қазақ
тіліндегі ішкі флексияның айқын көріністері бұдан гөрі батыл ой айтуға
жетелейді. Түркі тілдері де үндіевропа, хамит-семит тілдері сияқты
флективті құрылымды аттап өте алмаған. Флексия құбылысы аталған тілдерде
екі, үш буынды қамтитындықтан осы кезеңге дейін өмір сүріп отыр. Ал түркі
тілдерінде (тіпті бүкіл алтай тілдерінде) бір буынды түбірден әрі
аспағандықтан әрі қарай дамымаған 2, 7.
Демек, түркі, тіпті, алтай тілдері де түбір күйінде қолдануды, яғни
флективті құрылымда да болған, солай қолданған. Яғни осы кезден бастап
түбір, қосымша деп бөлінген.
Флективті құрылым дәуірінде әрі буын, әрі фонема, әрі сөз ретінде
қызмет еткен силлабофонемалар полисинтетикалық құрылым дәуірінде морфема
болып қалыптасқан. Іздену барысында семантикасы, формасы, грамматикалық
қызметі өзгерілген бірнеше силлабофонема (түбіртек) тұқылдары табылды.
Олардың даму жолдары фактілерге сүйене отырып сипатталды. Сонымен қатар,
бір буынды түбірлердің (бұрынғы силлабофонемалардың) қосымшаға қандай
жолдармен, қай ретте қалай айналғаны тілдік деректермен дәлелденілді.
Бірқатар формалар аргументі толық болған жағдайда бұрынғы қалпына
келтіріледі.
Полисинтетикалық құрылым дәуірі сөз басында, сөз аяғында қос
дауыссыздарды туғызса, агглютинативті құрылым керісінше, оларды жойды. Сөз
соңындағы қос дауыссыздар элизияға ұшырағанмен, бәрі бірдей жоғалмады.
Түбірден қосымшаға ығысты. Дауыстыдан басталатын барлық жұрнақтар мен
жалғаулар қос дауыссыздың есебіне өзінің алдынан белгілі бір дауыссызды
жамап алды 2, 7.
Морфологиялық бірліктер фонемалар сияқты қарапайым және кешенді болуы
мүмкін.
Тілдің морфологиялық деңгейінің қарапайым бірліктері-морфемалар.
Морфемалар дифференциалды функция емес: заттық түбірлі морфема етістіктерге
қарсы қойылады, нөлдік аффикстік морфемалар-морфемалардың септігін, түрін
білдіреді. Түркі тілдерінің қарапайым морфологиялық бірліктерінің басқа
көптеген тілдердің аналогиялық бірліктерінен айырмашылығы бар.
Жеке, нақты, анықталған агглютинация, барлық тілтанушыларға қатысты.
Флективті және агглютинативті форманың құрылымдық қарым-қатынасындағы
айырмашылығы, жеке морфема-семантика-функционалды қарым-қатынаста бекіту
негізі болса, грамматикалық мағынасы жағынан агглютинативті және флективті
тілдер екі бөлек. Агглютинативті формалардың бөлектігін және олардың
синтаксистік мағынаға жақындығын, біраз зерттеушілер грамматикалық
мағынадағы жеке сөздер немесе грамматикалық формаға қатысты деп қабылдады.
Шын мәнінде, флективті тілдерге қарағанда агглютинативті тілдердің
морфемалары жоғары көлемде, олар жеке сөздердің шығуын, сөз формаларының
прототиптерінің агглютинативті тілде синтактистік мағына болғанын, бастапқы
мүше түбір морфема болғанын, ал бағыныштыларын аффикстік морфемаларға
тиісті екенін білдіреді. Бірақ агглюнатинативті морфеманың жеке сөздермен
байланысы тек этимологиялық жоспарда болуы мүмкін синтаксистік мағынаның
симантикалық өзгерісі формальді мағынаны құраушы соңғы жаңа сапада болады.
Кешенді морфологиялық бірліктер-сөз формалары, бірнеше морфемадан
құралып, өзінде тек тілдік материя, форма және мағына болады. Тілдік
материя-дыбыстар, форма-дыбыстың негізгі ұйымдастырушы құрылымы, анықталған
мағынамен байланысы.
Түркі тілдеріндегі сөздің құрылысы жұқа (прозрачна). Сөздің
морфологиялық құрылысы екі элементтен тұрады түбір (негіз) және аффикс
немесе аффикстер жиынтығы (совокупности). Бұлар жаңа болып есептелмейді.
Бұлар ертеден келе жатқан және бұны кеңестік тюркологтардың ішінде қолға
алғаны Н.К.Дмитрев еді. Көпшілігі шетелдік тюркологтар, соңғы үш онжылдықта
түркі сөздерінде құрылымдық элемент, флективті тілдердің сөздерінде бар
екенін мойындады. А.Дж.Эмре және Г.И.Рамстедт негіз және жалғау, түбір және
жұрнақ деп бөлінеді. Түркі тілдердің негізгі басшылары саналатын Ж. Дени
мен Л. Базен оларды деривативті жұрнақ және жұрнақ жалғау деп бөлінеді,
сонымен қатар, жай негіз және өнімді деп бөліп, оның біріншісіне заттық
және етістікті түбірлерді жатқызса, екіншісіне заттық және етістікті
түбірлерді деривативті жұрнақтармен бірге жатқызады.
Сөздің морфологиялық құрылысын анықтағанда А.Дж.Эмренің, Ж. Денидің,
Г.И.Рамстедттің, Л.Базенің пікірлерінің Н.К.Дмитревтікінен айырмашылығы
бар, бірақ сәйкес келетін тұстары да кездеседі. Бұл және басқа да
жағдайларда ең алдымен барлық түбір морфемаларға жалғау емес, суффикс
немесе аффикс қарсы қойылады. Бөлінген туынды негіз және деривативті
суффикс, бір жағынан жұрнақты жалғау, екінші жағынан-сөздің морфологиялық
құрылымының сараптамасының негізгі этабы. Өзбек тілінің сөз формаларында
тошчаларімга менің тастарым сөзіндегі түбір (тош тас) және төрт аффикс
(ча-лар-ім-га), бұдан негіз бөлінуі мүмкін (тошча тас) және жалғау (лар-
ім-га) 7, 14-21.
Алтай тілінің негізгі сөз құрылысында бір буынды өзгермейтін түбір
және бір буынды жүрнақ, түбірдің фонетикалық құрылысына байланысты
өзгеретін жұрнақ жатыр.
түбірлер: г, сг, гс, сгс, (с)гсс.
жұрнақтар: с, г, гс, сг, сгс, ссг(с).
Сөздің құрамында тек түбір немесе түбір және жұрнақ болады, түбір сөз
өзінен кейін бірнеше, шексіз жұрнақ жалғайды.
Алтай тілдерінде префикс болмайды. Бірақ кейін сөздің басындағы
дауыссыз дыбыс фонетикалық өзгеріске ұшырауы мүмкін: түр. qara, моңғ. хara,
қара.
Түркі тілдерінде (с)гсс типі кездеседі, соңғысының алдындығы дауыссызы
әрдайым r немесе l сонанты болды. Ереже бойынша, бұл тип бір буынды сөз
болса және бұл көп буынды сөздердің соңында да кездеседі.
Барлық алтай тілдерінен бір буынды сөздердің көп бөлігін табуға
болады, олардың көпшілігі түркі тілінде бар. Түркі тілдерінде жұрнақтардың
рөлін жалпы барлық дауыссыздар атқаруы мүмкін, африкаттан басқа, атап
айтқанда: l~l, m, n, y, r, p~b,q~y (k~g), t~d, s~z
Бұл қос тілдің бір буынды зат есімдерінің арасындағы сәйкестіктер
ғана. Ал, үш, төрт және бірнеше буынды басқа да сөз таптарының арасындағы
сәйкестіктер зерттеуді қажет етеді.
Енді осы аталған өзбек және қазақ тілдеріндегі бір буынды зат
есімдердің өзара фонетикалық, морфологиялық және семантикалық ерекшеліктері
мен ұқсастықтарына тереңірек тоқтала өтелік.

1 ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған
кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың
өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс
жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін
айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және
тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланыста болады да, зерттеулерде
қатар қолданылады 9, 6.
Бір тілдің екінші тілден айырмашылығын білу үшін оның ең алдымен,
фонетикалық айырмашылығын зерттейді. Жалпы, түркі тіліндегі, алтай
тіліндегі сөздерде көптеп фонетикалық айырмашылықтар кездеседі. Қазақ,
өзбек тілдеріндегі бір буынды зат есімдерде дыбыстық ерекшеліктер өте көп.
Олар дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі.
Атап айтар болсақ, қазақ және өзбек тілдеріндегі бір буынды зат
есімдерінде мынадай дауыссыз дыбыс сәйкестіктер бар: қ~ғ, у~ ғ, ж~й, т~ д,
у~ в, с~ ш, ш~ ч, қ~ х, п~ ф, п~ б, ғ~ х.
Бұл сәйкестіктер тек қазақ және өзбек тілдеріндеріндегі бір буынды
немесе екі буынды зат есімдерде кездеседі.
Бұдан басқа түркі тілдеріндегі сәйкестіктерге келер болсақ, Венгрияның
ориенталист ғалымы Вильгельм Преле қарашай-черкес тілдеріндегі дыбыс
сәйкестіктерін бірінші болып көрсетеді. Яғни қарашай мен черкес тілдерінде
ч~ц, дж~з дауыссыз дыбыс сәйкестіктері кездеседі. Мысалы: чуъй~цуъй
(гвоздь), джол~зол (жол) 10, 11.
Профессор Б. Сағындықұлы өзінің Қазақ тілі лексикасы дамуының
этимологиялық негіздері атты еңбегінде сәйкестіктер туралы былай дейді:
Бүкіл түркі тілдері бойынша алғанда сәйкестіктер теориялық тұрғыдан
түзілгенмен, оның әр тілдегі көріністері әр түрлі. Варианттарының саны да
әр түрлі: кейде екі-ақ сөзден аспаса, кейде он шақтыға дейін ұласады. Бүкіл
түркі тілдерін оның диалектілері, говорларымен қоса өзара салыстырғанда да,
тарихи жазба ескерткіштердің материалдарын қазіргі тілдердің фактілерімен
салыстырғанда да сәйкестіктердің белгілі бір звенолары ғана азды-көпті
дәрежеде қамтылады. Басқаша айтқанда, сөз басындағы тс, тш, тй, дй, дж, дз,
тс, т, д, с, з, ш, ж, й, һ, қ, к, с, з, т, д дыбыстар тізбегінен үзік-үзік
сәйкестіктер пайда болады. Осындай үзік сәйкестіктерде қаншама фонема (яки
аффрикат), қандай фонема (яки аффрикат) қамтылуы нақты тілдік фактілерге
байланысты. Мысалы: қаз: ой~ ус (ДТС)~өд (ДТС)~өк (ДТС)~ө (ДТС): й~с~д~к~ө
сәйкестігін түзсе, қаз: жыл~өзб: йил~якут: сыл~тув: чыл~чув: сул~қар.балқ:
дзыл: й~ж~с~ч~с~дз сәйкестігін түзді. Бүкіл түркі тілдерін өзара
салыстырғанда үш-төрт сөздің басын қосатын сәйкестіктер көбірек ұшырайды.
Үзік-үзік сәйкестіктердің арасында ең жиі кездесетіні – екі вариантты
сәйкестіктер 2, 39-40.
Бұл пікірінде профессор Б.Сағындықұлы қазақ тіліндегі жыл сөзінің
өзбек тілінен басқа түркі тілдерінде, яғни якут, тува, чуваш, қарашай-
балқар тілдерінде қалай айтылатынын келтіріп, көп вариантты сәйкестік
түзді.
Орта Азияның ішкі қоныстары мен Қазақстанның соған іргелес жатқан
аудандарында тұратын қазақтардың тіліне тән фонетикалық белгілердің бірі-
кей сөздердегі фрикатив ж, дж дауыссызының орнына й дауыссызының
қолданылуы. Мәселен, жоқ немесе джоқ деудің орнына йоқ қолдану. Сол сияқты
қазақ тіліндегі жігіт сөзін өзге тілдерде джігіт деп және өзбек тілінде
йигит деп қолданады.
Түркі тілдер ішінде қазақ тілі сөз басында ж, дж дауыссыздарын аса
жүйелі түрде қолданатын тілдердің бірі екендігі мәлім. Алайда, өзбек
түркімен, қарақалпақ арасы мен соған іргелес өңірдің қазағының тілінде
дыбыстық жүйемізге тән деген осы бір заңдылықтың еркін сақталмайтынын
аңғарамыз.
С.Е.Малов қарақалпақ тіліндегі ж, дж, й дауыссыздарының сөз басындағы
тұрақсыздығын бөгде тілдің ықпалы деуден гөрі, қарақалпақ тілінің өзіне
әуелден тән қасиет деп тануды мақұлдайды 11, 24.
Н.А Баскаков солтүстік қарақалпақ диалектісінде сөз басында көбіне-көп
ж (дж) дауыссыздары айтылатынына, сондай-ақ қарақалпақ әдеби тіліндегі
норманың да осындай екеніне қарамастан республиканың оңтүстік аудандарының
қарақалпағы й дауыссызын ж (дж) орнына факультатив қолданылатынын айтады
12, 86.
Түркі тілдері мен диалектілерінің кейбіреулерінде осы позициядағы й,
ж, дж дауыссыздарының орнына басқаша дыбыстардың қолданылатын да ыңғайы
бар. Мәселен, хақас, шор, тува тілінде аталған дауыссыздардың орнына сөз
басында ч, якут тілінде с, чуваш тіліде с, татар тілінің кей
диалектілерінде з, ал алтай тілдері мен диалектілерінде ть, дь, ч, нь, кь,
гь дауыссыздары жұмсалады. Айталық, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, қарашай-
балқар тіліндегі, жатджат етістігі түрік, түрікмен, башқұрт, ноғай әдеби
тілінде йат, өзбек әдеби тілі мен қарақалпақ говорларында йот түрінде
ұшырайтыны белгілі 13, 70.
Сондай-ақ сөз басында й, дж дауыссыздарының кейде айтылмай түсіп
қалатын реттері де болады. Мұндай жағдайдың байқалуы әзірбайжан, қарашай-
балқар тілдерінде бар. Сондай-ақ кейде й-дің протеза түрінде пайда болатын
тілдер де бар 14, 266.
ж~й сәйкестігіне байланысты М.Рясянен сөз басындағы й пратүрік тіліне
тән құбылыс деп ұғынып, осы позициядағы онымен алмасатын дауыссыздарды
осыдан өрбіген дыбыстар деп біледі 15, 160.
Бұдан ұғатынымыз, түркі тілдерінде қазақ және өзбек тілдерінен басқа
тілдерде де ж~й сәйкестігі сөз басында кездесіп, кейбір тілдерде й сөздің
алдынан жалғанса, біреулерінде түсіріліп айтылады.
Қазақ және өзбек тілдерінде жоғарыда аталған сәйкестік сияқты с~ш
сәйкестігі кездеседі. С.Омарбеков, Н.Жүнісов деген ғалымдар Ауызекі
тіліміздің дыбыс жүйесі деген еңбектерінде осы с~ш сәйкестігіне байланысты
мынадай ой айтады: Қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерді өзге көп түркі
тілдерінен ерекшелейтін басты бір фонетикалық белгінің с-шылдық (соканье)
құбылыс болатыны көпшілікке аян. с-шылдық деп отырғанымыз-түркі тілдерінің
бірқатарындағы ш дауыссызының орнына с-ның қолданылуы. Мұны көз алдымызға
нақтылы елестету үшін қазақ, қарақалпақ, ноғай әдеби тіліндегі бес деген
сан есімнің ұйғыр, түркімен тілінде бәш, әзірбайжан, түрік, гагауз, қырым
татары, қырғыз, құмық, өзбек тілінде беш, татар тілінде биш деп айтылатынын
еске алудың өзі-ақ жеткілікті 16, 32.
Түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктерін болуын С.Омарбеков, Н.Жүнісов
сияқты ғалымдар былай түсіндіреді: Жалпы алғанда, дыбыс алмасуының осы
түрі сияқты ана тілдің де, мына тілдің де белгілерімен үйлесіп жататын
кірме құбылыстардың әуелгі із-өкшесі осы тілдердің қайсысына барып саятынын
анықтаудың басты бір уәжі бар, ол-географиялық фактор 16, 36.
Яғни, ғалымдардың пікіріне сүйенсек, бұл сәйкестіктер халықтардың
орналасу аймағына байланысты пайда болған. Жоғарыда тізілген сөздердің
өзбекше варианты да түсінікті.
Орта Азия жеріндегі түркі тілдерінің дерегімен дөп түсіп жатқан
сөздердің таралу географиясында да біркелкілік жоқ. Олардың ішінде
географиясы ауқымдырақ деген шамал (самал), оқымыш (оқымыс), ешек (есек)
тәрізді біраз сөздер бар. Бірақ мұндайлар сан жағынан аса көп емес.
Тіліміздегі шор (сор), шаты (саты), шорпа (сорпа), аш (ас), құрдаш
(құрдас). таш (тас), төшек (төсек) тәрізді сөздер-осындай сөздер.
Изоглоссаның осы өңірдегі көрші тілдермен орайлас жатуының өзінен-ақ
бұлардағы өзгерістің түп тамыры сол тілдермен бір екені көрінеді. Профессор
Б.Сағындықұлы фонемалар жайлы былай дейді: т~д, c~з~ш~с~з тектес
фонемалар. Бұлардың артикуляция-акустикалық жағынан өте жақын болғандықтан,
генезисі бір болғандықтан, бір-біріне еркін ауысады 2, 43.
Жоғарыда ж~й сәйкестігі сөз басында алмасатын болса, с~ш сәйкестігі
сөз соңында алмасады.
Қарақалпақ тілінің фонетикасын зерттеуші ғалым Н.А.Баскаков с~ш
сәйкестігіне байланысты қарақалпақ тілін басқа түркі тілдерімен салыстыра
отырып былай дейді:
В каракалпакском и в некоторых других тюркских языках, напр., в
ногайском, казахском, согласный с соответствует фонеме ш других языков,
напр., туркменского, киргизского (ср. кк. тас вм. таш; бас вм баш ) 12,
65-66.
Демек, ғалымның пікірінше с~ш сәйкестігі тек қазақ және өзбек
тілдерінде ғана емес, қарақалпақ тілін басқа да түркі тілдерімен
салыстырғанда да кездеседі.
Жалпы қазақ және өзбек тілдерінде жиі кездесетін сәйкестік ж~й және
с~ш болса, солардың арасында аракідік кездесетін сәйкестіктер бар. Мысалы,
ш~ч сәйкестігіне байланысты С.Омарбеков, Н.Жүнісов былай дейді: Қазақ
тілінің говорларында кездесетін ч дыбысы-т мен ш дыбыстарынан тұратын (тш)
аффрикат дауыссыз, өйткені оның артикуляциясы шұғыл т мен спирант (ызың) ш
дауыссыздарының бірінен соң бірі іле-шала айтылғандағы артикуляциялық
кезеңдерден тұрады. Алайда, ч дыбысы аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Шетелдік аударматану
Зерттеу өзектілігі
Көркем əдебиет саласындағы аударма мəселесі
Жұмыстың тақырыбы
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері
Пәндер