М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 М.ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 М.Дулатов шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 М.Дулатовтың патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... 12

2. М. ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК РУХ ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 М.Дулатов патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері ... .16
2.2 Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси - әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» - делінген.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».
1.Есламғалиұлы М. Әйтеке би (Тарихи философиялық диология // Жұлдыз 2003 №5.
2.ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – Алматы: Ғылым. -1985. -320 бет.
3.Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. 1- т. - Алматы: Мектеп, 2003 – 368 б.
4.Жұмабаев М. Шығармалары /Құрастырған Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. – Алматы: Жазушы, 1998. – 448 б.
5.«Қазақ» газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». Бас редакциясы, 1998. -560 б.
6.Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. 3- т. - Алматы: Мектеп, 2003 – 400б.
7. М.Дулатов шығармалары. Алматы, 2001, 212 б.
8. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде . Алматы, 1993, 32 б.
9. Қазақстан Республикасының орта білімнің тәлім-тәрбие тұжырымдамасын // Егемен Қазақстан, Алтамы, 2003, 26 желтоқсан.
10. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2004
11. Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2004
12. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, Алматы
13. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезі // Егемен Қазақстан, Алматы
14. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы, 19 наурыз

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 М.Дулатов шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
1. М.Дулатов шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. М.Дулатовтың патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері ... 12

2. М. ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК РУХ ... ... ... ... ... ... ... ...1 6
1. М.Дулатов патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері ... .16
2. Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 33

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси - әлеуметтік, экономикалық
өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім
беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде,
білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас
ұрпақты рухи биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу
қажеттігі туындап отыр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту,
отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып:
Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін
қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке
бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын
көздейді - делінген.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы
керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға
тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер
көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз
халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады.
Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары
негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы
тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: орта білім беру міндеттерінің бірі – азаматтықа, адамның
құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын
сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз
айындағы Қазақстан халқына Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін Жолдауында: Ұлттық
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде
патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы білім және ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты
талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып,
Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың
тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім
жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе жатқан жас
ұрпақты патриоттық сезімге, отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап
көрсетті.
Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік
рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын.
Патриотизм – туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі
элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және
оларды құрмет тұту.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Патриоттық
тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл,
дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып
табылады.
Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп
келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім
болып табылады. Отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның
саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен
бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға
жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық
тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі,
бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу
әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Сондай-ақ, бастауыш сынып
оқушыларына патриоттық тәрбиені көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға
болады.
Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер
ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген
қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет.
Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы елжандылыққа тәрбиелеу
құралы екені сөзсіз. Патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ,
психолог, педагог ғалымдар әрқырынан зерттеп, негіздегені айқындалды,
солардың бірі М.Дулатовтың шығармалары.

1 М.Дулатов шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық
негіздері

1. М.Дулатов шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің сипаттамасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жас ұрпақты
жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта, ата-бабамыздың ерлік өнегісімен
тәрбиелеуді мақсат етіп қойды әрине, бұл мақсатқа жету барысында біздер
болашақ педагог-ұстаздар халықтық төл ерекшеліктерін терең меңгеріп, оларды
бала тәрбиесінде алатын рөлін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз -
өскелең ұрпққ сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.
Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл
жерде баланы патриоттыққа тәрбиелеу де керек қажетті әдіс – тәсілдердің
тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек, - деген
болатын.
Білім ұлттық мәдени дамының тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Оның маңызды шарттарының бірі – ана тілініңбасымдылығын тану, соның
негізінде ұлттық сана-сезімді дамыту.
Тіл – ұлттық этностың ұлттық мәдени талаптарын қанағаттандыратын, жас
ұрпақты ұлттық дәстүрлікке тәрбиелейтін ұлттық игіліктің даусыз көрінісі.
Ұлттық тілді игеру – рухани тәуелсіздікке жетудің жолы. Қазасқтан
Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: ұлттық білім
идеясын жүзеге асырудың негізгі шарттары қарастырылған. Онда: білім беру
мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту және нығайту; жеке тұлға үшін ана
тілі мен төл мәдениеттің сөзсіз басымдығын тану және оны қамтамасыз теу;
білім беруді демократияландыру, білім берудің меншіктік түрі жөнінен де,
этникалық мәдени мүддерлерді жүзеге асыру арналарының сан алуандығы жағынан
да көп түрлілігі мен оңтайлылығы; ұлттық білім беру жүйесінің нысанаға
қатысты дүниежүзілік тәжірибесіндегі бүкіл озық атаулығы ашықтығы мен
икемділігі, жеке адам мен қоғамның этникалық-мәдени қажеттерін іске асыруға
бағытталған білім беру қызметінің үздіксіздігі; сұраныстарды анықтауға және
қанағаттандыруға мақсатты түрде бағыттау; мемлкеттік бағдарлама негізінде
аталған проблема бойынша халықтың этникалық құрамының ерекшеліктері
ескерілген аймақтық бағдарламалардың болуы.
Мектептің ұлттық спат алуы, оның ұлттық құндылықтарды білімнің негізіне
айналдыра алуына байланысты. Ұлттық мектептің моделі қалыптасып жатқанда
білім беру үрдісінде оқытудың арнаулы технологиясы бар, неғұрлым жаңа,
қоғам сұранысына сай әдістемесін дайындап тәжірибеге енгізу, кезек
күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Осындай өзекті мәселерді
жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде білім беруге баса көңіл бөлініп,
оның инфрақұрылымдық тұрғыдан қамтамасыз етілу мәселелері шешілу үстінде.
Оған дәлел Қазақстан Республикасындғы білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арнлған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Аталған
бағдарламаның айқындалған мақсаты мен одан туындайтын міндеттерінің
бірінде: қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның
құқытары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді басым
дамыту, отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибеге және тұрақты даму қағидаттары
негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту; 12 жылдық жалпы орта
білім беруге көшу, - деп көрсетілген.
Халқымыздың белгілі ғалымдарынң бірі Х.Досмухамедов тіл, сөйлеу адам
психологиясының басты белгілерінің бірі дей келе отырып: Тіл – жұрттың
жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт жойылған
жұрт. Мектеп пен баспада қолданылудан қалған тіл – шатасқан тіл. Ол ел
сорлы ел, мұндай ел бұзылмай қоймайды. Ата тілін білмей тұрып, бөтенше
жақсы сөйлесең, ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы
сөйлеу бұл сүйініш... Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор
қате. Бұдан бала тәрбиесін жөргегінен бастауды және оны халық даналығымен
байланыстыру қажет деген қорытынды жасауға болады. Ал халық даналығының
негізі халық ауыз әдебиеті екенін ескерсек, оның өзі көркем шығарманың бір
жанры болып табылады.
Қазақстан Республикасы білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінің
делегаттары мен ғылыми педагогикалыққоғамдастықта үндеуінде: Адамгершілік
құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аудару керек. Қазақстандық патриотизм
мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін
енгізу қажет.
Еліміз мемлекеттік тілді меңгеруге және Қазақстан халықтарының тілдерін
дамытуға жағдай жасап отыр. Біз педаггикалық қауымдастқты қазақ тілінің
оқыту санасын арттыру үшін нақты қадамдар жаауға шақырамыз және еліміздің
барлық азаматтарын мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бар күш-жігерін жұмсауды
сұраймыз, - делінген. Шындығында тіл өмір өзегі, тіршілік арқауы болып
табылады. Мұның ақиқатын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Бізің елімізде Ата
заңда көрсетілгендей Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Демек тіл – Ұлттың ұлы
байлғы жас ұрпақты ұлттық тәрбиемен ұштастырып, ата-бабаларымыздың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдеби-мәдени қазынасын санаға сіңіріп отыруға
міндетті. Осы міндетті жүзеге асыруда бастауыш сынып мұғалімінің тілінің
байлығы, ойды жүелеп жеткізуге қажетті сөздік қорымен, сөйлеу мәдениетімен
байланысты екенін байқау қиын емес.
Халқының көңілінен шығып, қауымының үмітін ақтап, өткен ұрпақтың есесін
түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанның
азаматы шыға алмақ.
Ендеше, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәжірибесін өз
жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрғанұлы мұрат-міндетердің ең
бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбелеу
болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан
қарастырып, М.Дулатов: Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті,
сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде
өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай
біліп баяндап оқытқанда, жас баланың оына, қанына сүйегіне, керекті
мағлұмат алып шығады.
Мұндай балалар бастауы мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында
жүрсе де, сүйегіне сіңген рухы жасымайды. Қайда болса да тіршлігінде қандай
ауырлық көрсе де ұлт болып қалады [132] деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық
бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға
өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем
шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақтаған,
ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер
дәріптелген.
Көркем шығармаларда халықтың сүйе тыңдап, сүйсіне жырлағаны – көпшілік
үшін жасалған ерлік, батырлық істер, ел қорғау әңгімелері болған. Бұл
тақырыпта нешелеген әдемі әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда
халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтғанын білуге
болады.
Халықты сүсіндірген бұл әңгімелер, оның мақалаларынан да айрықша орын
алып отырған.
Ауыз әдебиетінің басты ерекшелігі оның шынайы патриотзмін, халқына
сүйіспеншілігін, халқының бақыты, мүддесі мен болашағы үшін күресуге дайын
екендігін жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары халықтың бұл
жөніндегі ой-тілегі, арман-үддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы
қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге
болса да,туған жер, өсіп өнген ел-отан аса қасиетті, қадірлі қымбат, ыстық
деп көрсетеді. Мысалы: Ел іші – алтын бесік, Туған жердің тауы да
ыстық. Ал сонымен қатар туған елді, жерді басқа ердермен салыстырып,
әпкімге өз елінен артық ел жоқ екенін аңғартанын мақалдар да баршылық. Оған
дәлел: Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол, Кісі елі –
күміс, Өз елің - алтын т.б. мақалдар.
Өзінің мақалдарында туған жер, ел-отан аса жоғарыбағалап ардақтаған
халық, оларды қорғау әрбір ер-азаматтың борышы деп біледі. Өз елін жаудан
қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп
дұшианнан елін-отанын қорғап алу халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті
болатындығын көрсеткен. Оны мына мақалдан: Ер жігіт елі үшін туады, елі
үшін өледі, Елін сүйген ел болар, Жүкті нар көтерер, қайғыны ер
көтерер, т.б. көруге болады. Мұндай мақалдарға ел қорғау, басқыншы жауды
талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылд қақ жарған, қиялдан тартып
жол салған, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған батырларды,
азаматтарды ардайтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық
сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ерлік, батырлық жасау
тек отанын, ел-жұртын, халқын сүйген адамдардың ғана қолынан келеді,
осындай адамдар ғана намысын қорғайды деп сипаттайды. Мұнымен бірге халық
ісі үшін қажымай күресіп ерлік жасаған, ел сүйген батыр атанған адамдардың
мінезідегі жақсы қасиеттерін де көрсетіп отырған. Кіші метеп жасындағы
оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай мақал-мәтелдердің мазмұнын
түсіндіріп, патриоттық сезімге, ұлттық мақтанышты, Отан, елін, жерін сүюге
тәрбиелеудің іргетасын қалауға болады деп түйіндейміз.
Ауыз әдебиетінің тағы бір жанры – жұмбақтар. Жұмбақтар халықтың табиғат
құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған ойынан
туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын
кеңейтуге, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп тіршілігінің өзгеріп
отыруына байлансты мазмұны, тақырыбы жағынан немі жаңарып, байып отырады.
Жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұнына қарай
жұмбақтарың туған кезеңдерін шамалауға болады. Жалпы жұмбақ тапқырлықты,
білімділікті керек етеді. Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тәрбиелік
маңызы зор. Сонымен қатар жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларында патриоттық
тәрбие қалыптастырып, олардың тілін дамытады. Оқу-тәрбие үрдісінде жер,
Отан, тау, тас, табиғат, жан-жануарлар т.б. туралы жұмбақтар бастауыш сынып
оқушыларының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық
сезімдерін дамытады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі –
ертегілер. Ертегілер алқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын,
нанымын, дүниетанымын білдіреді.
Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та ертегілер ауызша айтуға лайықты
түрде құрылады.
Қазақ ертегілерінің тақырыптарына, суреттелген оқиғаларына қарап
белгілі бір дәуірлерге топтауға болады. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте
замандағы өмірін елестетеді. Мұндағы негізгі күрес аңшылық, млды қыстан
аман алып қалу, әртүрлі стихиялық күштерді жеңуге қарсы жұмсалады. Басты
кейіпкерлердің іс-әрекеті де, ұнамдылық жағы да соған орай көрсетіледі.
Мысалы, Ер Төстік, Құлагер [134] т.б. ертегілері.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өзінің замандастарына да,
кеінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруде. Оларды зұлымдық әрекеттерден
сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны
ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық
арасындағы күрес бастауыш сынп оқушыларының патриоттық сезімдерін оятуға
септігін тигізеді.
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Ертегінің негізгі бір саласы –
қиял-ғажйып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер
қозғалады. Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға құрылады. Мысалы,
Ұшқыш кілем, Адам жеңбес, Айыртөс батыр, Аңшы бай, Керқұла атты
Кендебай т.б. қиял-ғажайып ертегілері бастауыш сынып оқушыларының қиялын
арттырады. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейбіреуінде әдеттегі өмір мен қиял
дүниесі араласып жатады. Ертегінің кейіпкері – қарапайым ғана адамдар.
Ертегінің тағы бір үлкен саласы – тұрмыс салт ертегілері және
хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық
тұрмыс-тірщіліктері суреттеледі. Хайуанаттар, жануарлар жайындағы
ертегілерде халық солардың мінездері арқылы адамдардың бойындағы жақсы
мінез құлықтары, сол сияқты олардың бойындағы мінін, кемшіліктерін,
мінезіндегі ерсілік-оғаштықтарды тұспалдаған.
Бұл ертегілер оқушыларды жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады.
Қазақ ертегілерінің ең мол түрі шыншыл ертегілер. Халық өзінің
дүниетанымындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық
мұң-мүддесін, күрес-тартысын, талап-ілегін осы шыншыл ертегілерге жиып
түйген. Мұндай ертегілерде қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық,
соған қаршы еңбекші халықтың наразылығы, күресі – бәрі айқын көрінеді.
Ауыз әдебиетіндегі әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме,
кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде
аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажаып ертегі екеуінің арасы жақын.
Аңыз әңгімелер бастауыш сынып оқушыларын батырлыққа, елжандылыққа
тәрбиелейді.
Ауыз әдебиеті шығармалырының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар
жыры. Ол ескі заманнан келе жатқан мұра. Батырлар жырының тәрбиелік мәні
зор.

1.2 М.Дулатовтың патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу
объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі
құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа
деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен
бедерленді, - делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасында [73]. Міне, осынай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен
қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың
тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:
(1999) Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы
болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте
ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен
дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ
басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете
алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті
факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай
тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын
игере түсуі керек [2]. Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты
ізгілік, имандылық тұрғыда өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете
алатын, бәсекелеске бейім, өмірге икемділігін, ұлттық, жалпыадамзаттық
құндылықтарды тұтастықта меңгере алатын және өзін-өзі дамыта алтын,
патриоттық сезімі қалыптасқан жаңа азаматы тәрбиелеудің қажеттілігі
туындауда.
Патриотизм ұғымы ҚСЭ-ның тоғызыншы томында: Патриотизм (грек сөзі
Patriotes – отандас, Patris – отан, туған жер) – Отанға деген сүйіспешілік,
бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған
жер, ана тілін, елдіңғ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты
патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды, [74] -
деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның
мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи
ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне
жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің
қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке
тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік
құбылыс.
Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның
еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке
қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім
көрсеткіші.
Қазақстандық патриотизм - ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол
көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің сат-дәстүрі
мен әдет-ғұрпын сыйлай, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің
өркендеіне үлес қосу, Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің
мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-
тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық
негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне
қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін
бірден-бір күш.
Мұндай әлеуметтік саяси мазмұны терең осы өлең жолдарындағы ерлік,
батырлық қуаты кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Ал мұндай жыр
жолдары еоім деп еңіреген, қолына қару алып, қамал алар жігіттерді жорыққа
бастайтын әрбір азамат деген шексіз сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын
құралға айналған.
Қазақстандық патриотизм – біздің мемлекетіміз сияқты жаңа әлеуметтік,
психологиялық және саяси құбылыс. Қазақстандық патриотизмнің тарихи тамыры
терең, ол ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақстан халықтары арасындағы
демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке және дәстүрлік пен өзгелерді
жатырқамайтын қазақ
Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімінің басқа да халықтық
дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот
деген сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі
болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн.
Қазақстандық птриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына
сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне
қатысты дүние .
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев; Алаш Орда қайраткерлері: М.Дулатов, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов және тағы басқалардың нақтылы іс-әрекеттері мен
шығармаларынан да байқауға болады.
ХХ ғасырдың басында озық ойлы қоғам қайраткерлерінің бірі М.Дулатов сол
кездің өзінде қазақстарды өз алдына ел ету үшін, халықтың санасын ояту
мақсатында өз шығармаларын ұсынды. М.Дулатовтың Оян, қазақ [96]
шығармашылығында:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, үтір енді жату жарамасты, - деп ұран тастаған жалынды
сөздермен басталады.
Поэманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш байқа, айналаңды
жайлап, кеулеп барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен
айрыласың деп, халық санасына ащы шындық сәулесің ұялатты. Сондай-ақ,
Қазақ жерінедеген өлеңінде қазақ жерінің байлығын, кеңдігін суреттей
келіп, Ресей патшалығының отарлық саясатын әшкерелейді. Халқымыздың бір
туар азаматының жоғарыда аталған еңбектерінің қазақ халқының санасын
оятуға, патриоттық рухын көтеруге арналғанын елін, жерін қорғайтын азамат
тәрбиелеу керектігін армандаған тілегінен туғанын көреміз [106 б.].

ІІ. М. ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК РУХ
1. М.Дулатов патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері

Қай уақыттада тарих өрісінде ұлт мүддесімен бірге сақталып ұрпақ өмірімен
бірге жүретін, елдің өмір тәжірибесін бойына жинақтай отырып, ұлт
зиялыларының тұлғалық келбетін көрсететін олардың елдік рухы екендігі
белгілі. Осы себептен уақыт өтіп, заман талабына сай қоғам дами түссе де
ұлт тұлғаларының тарихтағы өсиеті мен өнегесінің тозбасы да, ұрпақ
қаншалықты жаңа уақыт талабына сай өмір сүрсе де өз ұлтының дүниетанымдық
тәжірибесінен озбасы да анық. Себебі елдің бірлігі мен теңдігін, ұрпақтың
зиялылығын көрсететін елдік рух қана. Ел ішінен шығатын ердің елдігінсіз ел
беделінің, елдің тұлғаларының зиялы ісіне деген сенімі мен үмітінсіз ер
рухының биік болуының мүмкін еместігі сондықтан. Тарихтағы ұлт пен
зиялылардың тұлғалық келбетімен бірге оның ел өмірінде сақталып қалған
ұстаздық жолында көрсетіп, ұлағатын кейінгі ұрпақ бойына таратып отыратын
олардың елдігі. Осы елдік түсініктен туған тұлғалық рухы. Оның феномені
тектілік. Бұның мысалын әріден іздемей ақ өз ұлтымыздың тарихы мен
мәдениетіне, әсіресе ондағы зиялы тұлғалардың тағдырына байыппен зер салсақ
осы ойымызды негіздей түсерлік ұлтымыздың тарихи тәжірибесі мен тұлғалық
біліміне де көз жеткіземіз. Оның шындығы елінің игілігі үшін бойындағы күш
жігерін, білімін сарп қылған зиялыларымыздың рухани өмірінде. Тарихтағы
тұлғаларымыздың елдік түсінігін паш ететін зиялы істерінің мәні де осында.
Оның қаншалықты өз уақытында қоғам өмірінен, әсіресе кеңес билігі тарапынан
өз бағасын ала алмай келсе де өшпейтіндігі сондықтан. Қайта уақыт өте келе
зиялылар ұлағатының ел игілігіне жарап, ұрпақ мүддесін қамтамасыз етіп
отырары сөзсіз. Тарихымыздағы зиялы тұлғаларымыздың өсиеті мен өнегесінің
өзін, елдің ертеңі үшін ауадай қажет құндылық дейтін себебіміз сол. Қазақ
топырағында елдік істің, сол елдікке ұйытқы болып отырған тектіліктің
тұлғалық келбеті де, көрінісі де жетерлік. Өз елінің, ата мекен жерінің
рухын бойына сіңіре білген Қазақ ұлтының әр ұрпақ буыны жеке өмірін ұлтының
игілігіне арнауды дәстүрге айналдырған. Елге қызмет етуді өмірлік мақсат,
кісілік міндет ете білген. Қазақ философиясының тарихи тұлғасын да паш
ететін ойшылдарымыздың елдігі. Қазақ ойлауының табиғаты ұлтымыздың даналығы
мен тұлғаларымыздың тектілік рухында деп айтсақ артық болмас. Себебі, қазақ
тұлғаларының (хандары мен батырларының, билері мен шешендерінің, жыраулары
мен ақындарының, ғалымдарының) тұлғалық келбетін көрсететін алдымен
олардың ел, ұрпақ алдында атқарып кеткен зиялы істері. Сол зиялы істің
рухын паш ететін елдік түсінік. Елдік түсініктің тұлғалық мәні
зиялыларымыз қалдырған өсиет рухында. Сондықтан да өнегелі адам деп қазақ
ұғымында өсиет рухын бағалай білген адамды айтқан. Бұл дегеніміз әр адамның
жеке басының қамын ғана ойламай, елінің жайын білген білігі. Сол себептен
Әнет бабамыз ұрпағына өсиетке терең болуды жүктеген. Өсиет ескіден қалған
құр сөз емес, көнеден бері елдің елдігін паш етіп, сол елдік жолдағы ел
ішінен шыққан (болашақ шығатын) ердің батырлығын шыңдай түсетін, зиялы
істің шындығын көрсетіп келе жатқан тұлғалық іс - әрекеттің өзегі. Себебі
адамның парасатты әрекетіне негіз болып, ісіне мағына беретін өсиет.
Өсиеттен туған өнегелі істі, немесе өсиетті туғызған өнегені сол себептенде
біз оң бағалаймыз. Бағалап қана қоймай тарих тұрғысынан саралауға
ұмтыламыз. Оның мәнісі Әйтеке би бабамыз сомдаған, даналар ақылдасып
істеген істің орынсыз еш уақытта болмайтынында 1;91. Сол себептен де
ақылдасып іс істеу, оны өз ара талқыға салып отыру, ортақ игілік
мақсаттарға жұмылу зиялы адамдар өміріне тән қасиет. Зиялы істің орынды
болып келуі де алдымен, адам іс - әрекетінің ел игілігіне негізделіп
отыруында. Ел игілігіне негізделген тұлғалар ісінен ұрпақтың өз жемісін
көруінде. Сонымен қатар елдік істің рухы Әитеке би бабамыз сомдаған: елдің
қамын ойлай білген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатов шығармаларындағы елдік рух
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Зерттеудің жетекші идеясы
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Пәндер