СПИД ХХ-ғасыр обасы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) СПИД.тің Қазақстандағы дамуы
б) СПИД ХХ.ғасыр обасы
в) СПИД.ке шалдыққан адамдар саны
г) СПИД.пен күресу шаралары
III. Қортынды
Кез-келген елдің болашағы оның халқының саулығына, денсаулығына байланысты. Сондықтан да көптеген елдер сол проблеманың шығу себептерін шешуге ұмтылады. Сол ұмтылыс біздің Қазақстанға тән.
Алайда, ашық демократиялық қоғамға өту кезеңінде біз бірқатар мемлекеттік секторларды назардан тыс қалдырдық та, соның салдарынан қазіргі таңда халық денсаулығы айтарлықтай зардап шегуде.
Соңғы жылдарда жер шары халықтарының назары ХХ-шы ғасырдың обасы атанған “иммунитет жетіспеушілік синдромы” деген жұқпалы ауруға тап болғаны баршаға мәлім.
Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілерін білу, олардан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдері сияқты мәселелер енді дүние жүзі жұртшылығын қатты мазалап, ойландырып отыр.
Өмір тажалы аталып отырған дерттен 1981 жылы 300 адам науқастанған. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы өкілінің деректеріне қарағанда 1993 жылы 184 мемлекетте 718894 адам ауырған. Бұл дертті зерттеушіліердің болжамы бойынша 2000 жылы ЖИТС-мен ауырған адам саны дүние жүзінде ондаған млн-ға жеткен. СПИД-тің вирусы тек қана адам ағзасында өседі.
Таң қаларлығы, бұл дерттің вирусы хайуанаттар жасушаларында тіршілік ете алмайды.
ЖИТС-вирусы адамнан адамға қан арқылы еніп, ол қанның лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) СПИД-тің Қазақстандағы дамуы
б) СПИД ХХ-ғасыр обасы
в) СПИД-ке шалдыққан адамдар саны
г) СПИД-пен күресу шаралары
III. Қортынды

Кіріспе.

Кез-келген елдің болашағы оның халқының саулығына, денсаулығына
байланысты. Сондықтан да көптеген елдер сол проблеманың шығу себептерін
шешуге ұмтылады. Сол ұмтылыс біздің Қазақстанға тән.
Алайда, ашық демократиялық қоғамға өту кезеңінде біз бірқатар
мемлекеттік секторларды назардан тыс қалдырдық та, соның салдарынан
қазіргі таңда халық денсаулығы айтарлықтай зардап шегуде.
Соңғы жылдарда жер шары халықтарының назары ХХ-шы ғасырдың обасы
атанған “иммунитет жетіспеушілік синдромы” деген жұқпалы ауруға тап
болғаны баршаға мәлім.
Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілерін білу, олардан
сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдері сияқты мәселелер
енді дүние жүзі жұртшылығын қатты мазалап, ойландырып отыр.
Өмір тажалы аталып отырған дерттен 1981 жылы 300 адам науқастанған.
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы өкілінің деректеріне қарағанда 1993
жылы 184 мемлекетте 718894 адам ауырған. Бұл дертті зерттеушіліердің
болжамы бойынша 2000 жылы ЖИТС-мен ауырған адам саны дүние жүзінде
ондаған млн-ға жеткен. СПИД-тің вирусы тек қана адам ағзасында өседі.
Таң қаларлығы, бұл дерттің вирусы хайуанаттар жасушаларында тіршілік
ете алмайды.
ЖИТС-вирусы адамнан адамға қан арқылы еніп, ол қанның лимфоцит
жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез
көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі де, одан шыққан
вирустар жаңа жасушаға жабысып, әлгі процесті қайталайды. Соңғы кездегі
зерттеушілердің айтуына қарағанда, аурудың алғашқы клиникалық белгілері
адам ЖИТС-вирусымен зақымданғаннан кейін бұл науқастың жасырын кезеңі
басталады. Ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға дейін созылуы мүмкін. Ауру
ұзақ уақыт бойы себепсіз дел-сал болып, ыстығы көтеріліп, жұмысқа, өмірге
қүштарлық нашарлайды. Іші өтеді, қолтық, тамақ бездері үлкейеді. Денесіне
себепсіз ұшық, теміреткелер шығуы мүмкін. Науқас ағзасында вирустың
көбеюіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруларға шалдыға бастайды. Өкпе
қабынуына, туберкулезге шалдығады. Сонымен қатар ісік ауруларының да
біраз түрлері көбейе бастайды. Оның ішінде көп кездесетін сармома калоние
ЖИТС-вирусы орталық ми жұмысына зақымын тигізіп, ұмытшақтық пайда болады.
Бұл вирус физикалық немесе химиялық дәрі-дәрмектер қолданатын жерлерде
өте төзімсіз.

СПИД-тің Қазақстандағы дамуы

Бұл ауру Қазақстан жеріне де аяқ басты. ЖИТС көп жағдайларда өлімге
соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт болып табылады. Қазақстанда осы
қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа
қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық
ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық
лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді.
Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен
сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты – ЖИТС
вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде
ұйымдастыру.
Қазіргі кезде республикада ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізілетін
20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыты мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топтарға жататын адамдарды тексеріп,
вирус жұққан адамдары дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың ары қарай
тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын
ұйымдастыру.
ЖИТС ауруының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңында “ЖИТС
ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе” деп танылған.
Қазақстан Республикасында тұратын, немесе ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға
келген әрбір шетел азаматы Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығын
сақтау” туралы заңына сәйкес ЖИТС вирусының жұққан-жұқпағандығын анықтау
үшін медициналық куәландырудан өтуі тиіс.
ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан беретін донор бола алмайды. Әдейі және
басқа азаматқа ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық
тексерулерден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару, нәтижесінде ЖИТС
вирусымен сау адамдардың науқастауына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-
пен ауыратындығын немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚТҚ
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
АИВ инфекциясының асқынулары
Қоғамдағы экологиялық жағдай, оның Қазақстандағы көрінісі
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
ВИЧ СПИД ауруының алдын алу жұмыстары
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары
Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру
Жұқпалы аурулар
Пәндер