ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І тарау. ХІХ ғасырдың І.ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қазақ шаруашылығының жағдайы ... ... ... ... ... ... 5 1.2. Жатақтардың тұрмыс.тіршілігі ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ тарау. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке тигізген ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның егіншілікке тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға көшіп келуі. Жетісудағы егіншіліктің дамуының ерекшеліктері...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. Халықтың бір жартысы Ресейге бодан, енді бір жартысы Қоқан, Хиуаға тәуелді, ал қалған біраз бөлігі өзін-өзі басқарып отырды. Бірақ, ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарына қарай Қазақстан территориясы толығымен Ресейдің отарына айналды. Осындай ауыр кезеңде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиын болған. Мал-мүлкінен айырылған халық жатақтарға айналып, Сыр, Іле, Шу, Талас, бір сөзбен айтқанда, бұрынғы отырықшы халыққа қосылып жер өңдеумен айналыса бастады. Дегенмен, қазақ арасында егіншілікпен айналысу сондай кең таралмаған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатының салдарынан Қазақстанға көшіп келген орыс-славян шаруалары негізінен егіншілікпен айналысты, ал 1881-1883 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер де Жетісуда егіншілікті дамытты.
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақ халқынын дәстүрлі шаруашылығы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жеткен. Ал сол отырықшыландыру саясатының бастамасы осы ХІХ ғасырдан бастау алатындықтан бұл ғылыми жұмыстың өзектілігі өте жоғары.
Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуынақ осы кезеңнен бастау алады. Яғни, аталған тақырыпты зерттеу бүгінгі жағдайды түсініп, оны шешудегі маңызы зор болып табылады.
Сонымен қатар, бұл тақырыптың тағы бір өзекті тұстарының бірі – қазақ халқының ғасырдан ғасырға, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары көшпелі мал шаруашылығына негізделген болатын, ал қазақтардың егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бейімделу үрдісі ХІХ ғасырдан бастау алып, негізі қаланды. Яғни, шаруашылықтың ауысуымен қатар салт-дәстүрдің өзгеріске ұшырауы қатар жүреді.
ХІХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа бейімделе бастағаның, Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуының негізгі мәселелерін зерттеу бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Бұл ғылыми жұмыс жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қояды:
- патша үкіметінің қоныс аудару саясатының мәнін ашу;
- жатақтардың әлеуметтік топ ретінде пайда болуы мен тұрмыс-тіршілігі туралы мәлімет беру;
- ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісудың егіншілігіне тигізген әсерін көрсету;
- қоныс аудару саясатының салдарынан қалыптасқан Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет беру.
Тарихнамасына келетін болсақ, аталған тақырып еліміздің және шетел
1. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М.К.Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. – 656 стр.
2. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. – Алматы: Ғылым, 1998. С. 280.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет, суретті, карталы.
4. Қ.Құсайынұлы. Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде (ХІХ-ХХ ғ.ғ.). Алматы, Дәнекер, 2001. 120 бет.
5. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата: Наука, 1982. – 171 с.
6. Демко Джордж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы. – Алматы: Ғылым, 1997. 230 б.
7. Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-ХХ в.в. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 315 с.
8. Қорғанбаева Ә. Қазақ шаруашылығының тарихи-географиялық сипаттамасы // Қазақ тарихы. – 2000. - №4. -23-28 б.
9. Өтениязұлы С. Қазақстанның ХІХ ғасырдағы әлеуметтік хал-ахуалы // Қазақ тарихы. – 1994. - №1. – 39-44 б.
10. Урашев С. Из истории Семиречинской области (1867-1914) // Высш. Шк. Казахстана. – 2001. -№4-5. – 166-173 стр.
11. Жанғанатова Қ.Н. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты және Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсерінен революцияға дейінгі тарихнамасы // Қаз ҰУ хаб. тарих сер. – 2004. - №1. – 164-166 б.
12. Қарасаев Ғ. Қоныстандыру саясатының зорлық-зомбылығы // Ақиқат. – 2004. - №5. – 45-50 б.
13. Мусабекова Н. Землепользование и земледелие во второй половине ХІХ века: История // Мысль. – 2005. - №8. – 87-91 б.
14. Рысбаев К. Переселение русских крестьян в южные районы Казахстана: История (1858-1907) // Мысль. – 2001. - №6. – 88-91 с.
15. Биржанов К.А. Хозяйство присырдарьинских казаков в середине ХІХ – начале ХХ века. Изд. АН Каз ССР. Серия обществ., 1972, №4, с. 66-71.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 2
І тарау. ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1. Қазақ шаруашылығының жағдайы ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жатақтардың тұрмыс-тіршілігі ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ тарау. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке
тигізген ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
2.1. Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның
егіншілікке тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..14
2.2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға көшіп келуі.
Жетісудағы егіншіліктің дамуының ерекшеліктері...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .28
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1

Кіріспе
ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. Халықтың
бір жартысы Ресейге бодан, енді бір жартысы Қоқан, Хиуаға тәуелді, ал
қалған біраз бөлігі өзін-өзі басқарып отырды. Бірақ, ХІХ ғасырдың 60-70
жылдарына қарай Қазақстан территориясы толығымен Ресейдің отарына айналды.
Осындай ауыр кезеңде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиын
болған. Мал-мүлкінен айырылған халық жатақтарға айналып, Сыр, Іле, Шу,
Талас, бір сөзбен айтқанда, бұрынғы отырықшы халыққа қосылып жер өңдеумен
айналыса бастады. Дегенмен, қазақ арасында егіншілікпен айналысу сондай кең
таралмаған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатының салдарынан
Қазақстанға көшіп келген орыс-славян шаруалары негізінен егіншілікпен
айналысты, ал 1881-1883 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударған
ұйғырлар мен дүнгендер де Жетісуда егіншілікті дамытты.
Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақ халқынын дәстүрлі
шаруашылығы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жеткен. Ал сол
отырықшыландыру саясатының бастамасы осы ХІХ ғасырдан бастау алатындықтан
бұл ғылыми жұмыстың өзектілігі өте жоғары.
Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуынақ
осы кезеңнен бастау алады. Яғни, аталған тақырыпты зерттеу бүгінгі жағдайды
түсініп, оны шешудегі маңызы зор болып табылады.
Сонымен қатар, бұл тақырыптың тағы бір өзекті тұстарының бірі – қазақ
халқының ғасырдан ғасырға, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-
дәстүрі, әдет-ғұрыптары көшпелі мал шаруашылығына негізделген болатын, ал
қазақтардың егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бейімделу үрдісі ХІХ
ғасырдан бастау алып, негізі қаланды. Яғни, шаруашылықтың ауысуымен қатар
салт-дәстүрдің өзгеріске ұшырауы қатар жүреді.
ХІХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттай
отырып, қазақ халқының көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа бейімделе
бастағаның, Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс
аударуының негізгі мәселелерін зерттеу бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты
болып табылады.
Бұл ғылыми жұмыс жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді алға қояды:
- патша үкіметінің қоныс аудару саясатының мәнін ашу;
- жатақтардың әлеуметтік топ ретінде пайда болуы мен тұрмыс-тіршілігі
туралы мәлімет беру;
- ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісудың егіншілігіне тигізген әсерін
көрсету;
- қоныс аудару саясатының салдарынан қалыптасқан Қазақстанның
этникалық құрамы туралы мәлімет беру.
Тарихнамасына келетін болсақ, аталған тақырып еліміздің және шетел
зерттеушілерінің еңбектерінде біршама зерттелген. Нақты осы тақырыпқа
байланысты бірнеше монографиялар да жарық көрді. Солардың негізгілеріне
тоқталып өтсек.
Қ.Құсайынұлының Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде (ХІХ-ХХ ғ.ғ.)
атты еңбегін атап өтуге болады. Кітапта қазақ жерінің Ресей империясының
қол астына өту, Қазақ елін орыс шенеуніктерінің зерттеуі, көшпелі мал
шаруашылығымен шұғылданған қазақтардың егіншілікпен айналысуы, отарлау
саясаты күшею жағдайында дәстүрлі шаруашылығын сақтап, дамыту жолындағы
жанкешті еңбегі архивтік тың деректер негізінде мазмұндалады.
Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. История и этнология народов Амударьи
и Сырдарьи в ХVІІІ-ХХ в.в.. бұл монографияда Сыр бойында қоныс тепкен
халықтың көп ғасырлардан бері қалыптасқан шаруашылығы, нақтылап айтсақ,
ирригациялық жүйесі, егіншілігі туралы мол мәліметтер береді.
Шетелдік ғалымдардың еңбектерінің ішінен Джордж Демконың Орыстардың
Қазақстанды отарлауы деген еңбегін атап өтуге болады. Осы монографияда
орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы – отарлаудың негізгі тетігі
ретінде көрсетіле келе, сонымен қатар, оның егіншілікке тигізген әсеріне
жақсы талдау жасалынады.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и
степей атты еңбегі ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы
өте құнды зерттеу жұмысы. Атақты орыс ғалымының кітабы Қазақстанның тарихы,
географиясы, этнографиясы туралы тұңғыш фундаментальдық зерттеу жұмысы
болып табылады. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Үшінші бөлімінде
этнографиялық мәліметтер ішінде егіншілікке өте жақсы тоқталады.
Монографиялармен қатар еліміздің газет-журналдарының бетінде де
аталған тақырыпқа арналған бірнеше мақалалар жарық көрді. Ә.Қорғанбаев,
С.Өтениязұлы, С.Урашев, Қ.Н.Жанғанатова, Ғ. Қарасаев, Н.Мусабекова, К.
Рысбаев, К.А.Біржанов және тағы басқа да ғалымдардың жетекшілігімен жарық
көрген мақалалар ХІХ ғасырдағы егіншілік және патша үкіметінің қоныс аудару
саясаты туралы жақсы пікірлер жазған.
Қазақ халқының Ресейге тәуелді болуымен қатар 1822 және 1824
жылдардағы Сібір қырғыздары, Орынбор қырғыздары туралы жарғылар, 1867-1868
жылдардағы реформа арқылы дәстүрлі билік жүйесінің жойылуын бастан кешкен
ХІХ ғасыр бұл ғылыми жұмыстың хронологиялық шеңберінің негізіне жатады. Осы
ғасыр тек қана әкімшілік-саяси реформалар ғана емес, Исатай мен Махамбет,
Сырым Датұлы, Саржан сұлтан, Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық
көтерілістерге де, күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де,
мәдениет пен өнердің дамуына да толы болды.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс екі тараудан тұрады.
Олар өз алдына әр қайсысы екі бөлімнен құралған. Бірінші тарау – ХІХ
ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы, және оның екі
бөлімі: біріншісі, Қазақ шаруашылығының жағдайы; екіншісі, Жатақтардың
тұрмыс-тіршілігі. Ал екінші тарау, Қазақстанды отарлаудың бір тетігі болып
табылған, Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке
тигізген әсері. Жоғарыда айтчлғандай бұл тарау да екі бөлімнен тұрады:
Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның егіншілікке
тигізген әсері және Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға көшіп келуі.
Жетісудағы егіншіліктің дамуының ерекшеліктері деп аталады. Курстық жұмыс,
сонымен қатар, қосымшалармен толықтырылған. Қосымшалар тақырыпқа сай, ХІХ
ғасырдың хронологиялық көрсеткіш түрінде сипат алған.

І тарау ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
1.1. Қазақ шаруашылығының жағдайы

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ коғамының шаруашылық қызметін
бір мағынада бағалау мүмкін емес. Экономикалық кәсіптердің сипатын қатаң
бір формуламен жөне белгілі бір типологиялық шеңбермен байланыстыруға
болмайды. Онда елеулі өзгерістер болмағанына қарамастан, дегенмен оның
түрлері сан алуан болды. XIX ғасырдың бірінші жар-тысындағы экономиканың
жай-күйін сипаттайтын материалдар соның алдындағы дәуірлердің деректерімен
салғастырған кезде шаруашылықтың дамуы көп жағынан физикалық (физикалық-
географиялык орта, куаңшылық жөне т.б.) факторларға да, саяси (саяси
бағдардың ауысуы, көршілердің шабуыл жасауы, әр түрлі соғыстар жөне т. б.)
факторларға да тәуелді болғанын көрсетеді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында шаруашылық дамуының барысы сауда
көлемінің біртіңдеп өсе түсуімен және сайып келгенде рынокқа тәуелділікпен
анықталды. Зерттеліп отырған уақытта қазақтардың шаруашы-лығында болған
елеулі өзгерістер — солтүстіктегі көршінің неғұрлым дамы-ған экономикасы
ыкпалының нәтижесімен жүзеге асты.
ХIX ғасырлардағы шаруашылық дамуының негізгі сыртқы өлшемдері мынадай
ерекшеліктерден көрінеді. Біріншіден, соның алдындағы дәуірлерден
айырмашылығы жер қатынастары жүйесінде көшпелі қауымдар анықталуының
үдемелі үрдісі жүріп жатты, қазақтардың отырықшылану үрдісі күшейеді.
Көшпелі топтардың ішінара отырықшылануы кейіннен Орта Азияда құрама
үлгісіндегі кіші этникалық топтардың қалыптасуына және әртүрлі рулардың
араласуына әкеп соқты[2;145].
XIХ ғасырдың басындағы экономикалық дағдарыс қазақ шаруашылығын қиын
жағдайға ұшыратты. Император I Александрдың 1808 жылғы 23 мамырдағы
жарлығын қазақ халкының осындай жағдайды туғызған еді, онда былай делінген:
Орынбор әскери губернаторының хабарламаларынан және бізге жеткен басқа да
мәліметтерден біз өз бодандарымыз, Орынбор шебіне жақын манда және Каспий
теңізінен Сібірге дейінгі бүкіл шекара бойында көшіп жүретін қазақтардың,
әр түрлі лақаптарға қарағанда қасіретті жағдайға ұшырағаны сонша, тамаққа
қаражат таппай, олардың көбі тіпті өз балаларын хиуалықтарға кұл етіп
сатуға ниеттенетінін байкадық. Патша Орынбор әскери губернаторы мен сібір
бастықтарына қамқорлық жасауға көңіл бөлуін ұсынды жөне қазақ балаларын
барлық орыс бодандарының сатып алуы ережелерін белгіледі[4;89].
Сонымен бірге орыс бастықтарының XVIII ғасырдың аяғындағы саяси
пікірлері қазақтар үшін біркатар аумақтык проблемаларды шешіп берді. 1801
жылы Кіші жүз қазақтарының көп мөлшерде, негізінен байұлылардың Еділ мен
Жайық езендерінің арасында мәңгілік қоныстануына рұқсат берілді жөне нақ
сол жылдарда Орта жүз қазақтарының Сұлтанмәмет сұлтанның балалары бастаған
бір бөлігі Ертістен өтіп, оң жағада мекендеуге құкық алды. Бірінші жағдайда
Ресей осылайша Кіші жүзді әлсіретуді, екінші жағдайда Орта жүз ханы Уәлидің
билігін бәсендетуді ойластырды[1;380].
XIX ғасырдың 20-жылдары Қазакстандағы толып жатқан әкімшілік-аумақтык
реформалармен ерекшеленді. 1822 жылы Сібір кырғыздары туралы жарғы
кабылданған еді, ал 1824 жылы Кіші жүзге де осындай жарғы қабылданды. Тұтас
алғанда Жарғылармен Қазақ даласының сол кезге қарай Ресей бодандығында
болған бөлігін басқару тәртібі реттелді. Жаңа әкімшілік жүйе қазақ
қоғамының дәстүрлі саяси институттарын жойып, аумактық ұйымдастыруды
енгізді, көшпелі халыққа салық салып, даланы отарлауды тереңдете түсті.
Ресей Қазақстанда нақты басқару ісін колға алуға ұмтылды және өктемдік
қатынастар шеңберімен шектеліп қалғысы келмеді. Сонымен бірге XIX ғасырдың
20-жылдарындағы реформа қазақ халкының саяси мәртебесін өзгерткенімен, бұл
коғамның көшпелі тұрмыс салтының басымдығына және өзіндік ерекшелігі бар
қоғамдық қатынастарға негізделген тіректері дегенмен де төңкеріске ұшыраған
жоқ. Сол кезден бастап отырықшылық элементтерінің күшейгеніне, егіншіліктің
кең таралғанына, шөп шабудың дағдылы іске айналғанына, жәрмеңкелер
түріндегі тұрақты сауда орталықтарының пайда болғанына қарамастан, тұтас
алғанда қазақтар көшпелі халық болып қала берді[4;92].
Орта жүз және Кіші жүзде округтер ұйымдастырылған кезде қазақ-тардың
қысқы қоныстары негізге алынды, әрбір округ үшін өз шекаралары белгіленді.
Сонымен бірге округтерге сұлтандар бастаған ірі ру топтары немесе
оқшауланған бірлестіктер кірді. Дәл сол сияқты болыстар мен дистанциялар
құрылған кезде рулық белгі жетекші рөл атқарды, өйткені нақ руластар
шаруашылық дәнекерлермен байланысты болатын. Жарғыға сөйкес отарлық
өкімет орындары аумақты округтік орталықтар — приказдарға ыңғайлап
белгіледі. Округтік приказда округтін аға сүлтаны, оның төрт орынбасары
отырыс өткізуге тиіс болды. Приказда тұрақты казак отряды болуға тиіс еді.
Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл және басқалары сияқты бекіністер түріндегі
алғашқы округтік қоныстар нақ сол уақытта пайда болды. Аумақтық шектеу
қазақтардың шаруашылығына теріс әсер етті.
Патшалық үкімет орындары мен әскери губернатордың алдына Қасым
Абылайханов округтік приказдарды жабу туралы қатаң талап қойды, ол бы-лай
деп мәлімдеді: Егер бұл билік орындары біздің қырғыз-қайсақтар жағы-нан
әкетілмейтін болса, біз өзіміздің бұрынғы қоныстарымызда қала алмай-
мыз[3;180].
Сонымен Жарғыда қоғамның түп-негіздеріне өзгеріс жасау көзделмей,
дамудың жаңа шаруашылық нысандары ұсынылмаса да, жер мәселесі бірінші болып
алға тартылып, еселене түскен жанжалдың себебіне айналды. Қазақ коғамының
дәстүрлі коғамдық түп-негіздерін әкімшілік округтер мен болыстардың
шекараларымен сыйыстыру мүмкін емес болатын. Нақ осыған байланысты
реформаны жүзеге асыру созылып кетті, тек XIX ғасырдың 40-жылдарына карай
ғана қазақтардың бір бөлігін реформанын негізгі ережелерін кабылдауға
көндіру мүмкін болды.
Жарғы дәстүрлі қазақ қоғамы жүйесінің тұтас арқауын ыдыратты.
Казақстанның Солтүстік-орталық бөлігі, Батыс пен Шығыс Ресейге біржола
телінді, ал Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік-батыс дәстүрлі құры-
лымында қалды[4;45].
Қазақтардың негізгі бұқарасынан қол үзген оңтүстіктің бытыраңқы
топтары бірте-бірте Орта Азия хандықтарының ықпалына бағынды, қалалар
жөнінде дербес иелік рөл аткаруды тоқтатты. Орта Азия хандықтары
қазақтардың корғансыздығын пайдаланды. Қоқан Сырдария, Шу жөне Сарысу
өзендерінің бойына бірқатар бекіністер салды. Оларда қазақ халқынан салық
жинаумен айналысатын тұрақты әскер ұсталды, бұл салық жинау әдетте соғыс
тонаушылығына айналдырылды. Оңтүстік-батыс қазақтары жөнінде хиуалық
ұлықтар да нақ солай істеді. XIX ғасырдың 20-жылдарындағы хиуалықтардың
шапқыншылықтарынан қазақ қожалықтарының көпшілігі күйзеліске ұшырады.
Мысалы, 1820 жылғы шапқыншылық кезінде қазақтардан 65 мың қой, 15 мың түйе,
7 мыңнан астам жылкы айдап әкетілді, мыңнан астам адамды тұткындап алып
кетті[2;178].
XIX ғасырдың бірінші жартысы Ресейдің отаршылдық ниетіне де, Орта Азия
хандықтарына да карсы халықтық толқулар мен көтерілістер санының көп
болуымен ерекшеленді. Қазақтардың отаршылдық ауыр езгіні, ең шұрайлы
жайылымдарынан айырылуды бастан кешіруіне тура келді, көшпелі мал
шаруашылығының келешегінен айырылды. Округтік приказдар, бекіністер мен
бекеттер салу кезінде көршілес қазақ ауылдарынан шамадан тыс салық алу жиі
кездесетін. Бейнебір уақытша деп көп мөлшерде мал алынып, олар кейіннен
қайтарылмады. Осының бәрі қазақтардың отаршылдарға қарсы жаппай бой
көрсетулеріне себеп болды[4;65].
Жаңа құрылған округтерде аға сұлтан төңірегінділердің маңызы артты.
Ресей өкімет орындарының қолдауы жағдайында болыс басқарушыларының
озбырлығы күшейді. Кедейлерге көмек көрсету алымдары, аса жоғары сарайға
жіберілетіндер үшін алымдар түрінде қазақ қожалықтарынан сансыз көп
салықтар алынды, олар сайып келгенде қазақтардың тұрмысын нашар-латты.
Ресей шенеуніктерінің әрбір келуі және тіпті жүріп өтуі далалықтарға
ауыртпалық болып түсіп, орасан көп шығындардың себебіне айналды. Аға
сұлтандар мен басқарушылар, жаудан жылқы айырғандай, орыс шенеуніктеріне
пара беріп жағыну түрімен жергілікті халықтан асығыс түрде алымсалық
жинаумен айналысты. Бір пайыздық жасақ міндеткерлігі де отаршылдық өкімет
орындарының қиянат жасау көзіне айналды. Кенесары ханның көтерілісі
(1837—1847) қазақ қоғамының дербестігін сақтап қалуға жасалған соңғы әрекет
болды.
Шаруашылық тұрғысынан алғанда, жаңа экономикалық қатынастарына өзінше
бір көшу осы кезеңнен басталып, көшпелі еркіндік уақыты аяқталады, барған
сайын үдей түскен кедейлік келеді. Сан мыңдаған үйірлі жылқысы бар соңғы
байлар қазақ даласында XIX ғасырдың 30-жылдарында өмір сүрді. Дала өңіріне
кірген берекесіздік, жазалаушы әскерлер мен көтерілісшілер арасындағы
кескілескен қақтығыстар, шаруашылықтардың таусылмайтын көшіқоны көшпелілік
экономикасының біржола түбіне жетті[1;382].
XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанды аралап кеп саяхат жасаған В. В.
Радлов былай деп жазды: Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын кадағалауыма
жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан жөне қазақтармен көрші
тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп
орнатылуына байланысты халықтың әл-аукаты төмендеген. Семей маңындағы толық
бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға
жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі[3;182]. XIX ғасырдың 20-
жылдарындағы реформаның кұны осындай болды.
XIX ғасырдың басында жазғы және қысқы жайылымдарды, сондай-ақ көшіқон
жолдарын негізгі рулық топтар арасында бөлісудің аяқталғаны мәлім. Бірақ
Жарғы қабылданғаннан кейін сұлтандар мен ру шонжарларының кейбір
топтарының күшеюі жайылымдық-көшу жүйесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Қазақтардың жерлерін приказдар, почта бекеттері, бекіністі шептер
құрылысына алып қою, сондай-ақ қазақ билеушілерінің қауымдық аумақтарды
тартып алуы шаруашылық құрылымында елеулі өзгерістер туғызды. Ірі қараның
үлес салмағы бірте-бірте арта түскеніне қарамастан, мал санының құрамында
елеулі өзгерістер болмады. Дәстүр бойынша қазақтар қадірлейтін қой мен
жылкы бұрынғы күйінде қалады. Қазақтың экономикалық тұрмысында кой мейлінше
маңызды рөл атқа-рады. Бұл малды орыс көпестері де, ортаазиялық көпестер де
өте бағалайды деп атап өтілген XIX ғасырдың орта шеңінде[7;238].
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтар арасында егіншілік едәуір
дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде де, солтүстік округтердің аумағында да
егіншілік суармалы сипатта болды. Кіші жүздің оңтүстік аудандары
қазақтарының арық арқылы суарылатын дәстүрлі егіншілігін А.И. Левшин мен Я.
П. Гавердовский XIX ғасырдың басында-ақ сипаттап берген[1;380].
Деректемелерде егіншіліктің даму дәрежесі жөнінен оңтүстік жөне
оңтүстік-шығыс аймақтар ерекше бөліп көрсетіледі. С.Б. Броневский қазақтар
шаруашылығының көптеген жақтарын сипаттай келіп, мынаны атап өту қажет деп
тапқан: Үлкен орданың Жеті өзен аңғарында, Балқаш көлі маңында, Іле өзені
бойында көшіп жүретін қазақтарымен етене кырғыздар егіншілікпен ықыластана
айналысады, оларда тары, бидай және арпа өседі. Еңбекқор Ташкентпен
көршілік олардың осы кәсібіне түрткі болған.
Кейбір жерлерде қазақ егіншілері мен диқандары өте жоғары өнім
жинаған, мәселен, Ш. Уәлихановтың айтуынша, қазақ-диқан еңбекқор жөне
ыждағатты болған жағдайда, ол ыстыққа қарамастан, егіннің түсімі —қырық есе
деп сеніммен үміттенеді (кыруар өнім). Зерттеуші С. Б. Броневский де
өзінің бастаулары бойынша қазақ егіншілігі Орта Азиямен және Қашғариямен
байланысты деп санаған. Ташкенттіктердің ықпалында бола жүріп, қайсақтар
олардан диканшылықты, өздері үшін осынша пайдалы және бейбіт кәсіпшілікті
үйренбей тұра алмады[3;184].
Қазақстанға тауар-ақша қатынастарының неғұрлым жеделдете енуіне,
өнеркәсіп пен қалалардың дамуына, егіншілік пен шөп шабудың таралуына, мал
шаруашылығының рынок жағдайлары мен талаптарына бейімделуіне қарай
шаруашылық өзгерістер үшін алғашқы жағдайлар қалыптасты.

1.2. Жатақтардың тұрмыс-тіршілігі
Ең алдымен, жатақтарға әлеуметтік санат ретінде сипаттама беру керек.
Жатақтар — кедейленген, жазғы жайлауға көшу кезінде тіршілік ету және көшіп-
қону кұралдарынан айырылған, өз отбасын жалдама (негізінен маусымдық)
еңбекпен асыраған немесе отырықшылық-шаруашылық өзгерістердің ықпалымен мал
бағудан егін егуге көшкен малшы қазақтардың бөлігі. XIX ғасырдың 80-
жылдарында-ақ жатақтардың әлеуметгік мағынасы жату деген етістіктен
шығады. Демек, дәл мағынасында алғанда, жатақ жатушы дегенді білдіреді,
қазақтар оларды малы індеттерден қырылған және дала өңірінде көшіп жүретін
ешнәрсесі қалмай, бір жерде тұрақтануға тура келетін казақтардың жатақтарға
айналатыны себебі осы.
Ең алдымен, көптеген мұрағат мәліметтерінің дәлелдейтініндей, бірқатар
қазақ шаруашылықтарының мүліктік жағынан күйзелуі, негізінен алғанда үй
малынан айырылу болып табылады. Жұттардың, далада ара-тұра қайталанып
отыратын мал ауруларының салдарынан малдың кырылып көптеген шаңырақ иелері
кедейленіп, өздерінің бай ағайындарына экономикалық тәуелділікке түскен.
Мәселе мынада: кыс кезінде өз табындарын азықтандыру үшін көшпелі
қазақтардың көпшілік бөлігі ешқандай мал азығы қорларын жасамай, өте көп
табындарын далада жайған, онда мал өзіне азыкты қар астынан аршып алған.
Қыс тым ұзаққа созылып, қалың қар немесе мұздақ малды аяғымен жаюға
мүмкіндік бермей қазақтар көп малынан айырылған[7;215].
Сонымен, азықтың болмауынан малдың өлім-жітімі, ауыл қауымының
әлеуметтік саралануының тереңдей түсуі - осының бәрі жинақтап алғанда
кедейленген шаруа-жатақтар санының өсуін анықтап берді. Жұт кейде қоныс
аударушы шаруалардың егін шаруашылығына да ауыр әсер етті, өйткені
көшпелілер жаңа коныстанушыларды егіншілік көсібіне қажетті күш-көлік -
өгіз, аттармен жабдықтап отыратын. Күйзелген қазақтардың көп бөлігі
егіншілікке ауысты. 1808 жылғы 23 мамырдың өзінде-ақ үкімет Орынбор шебінің
бойында көшіп жүретін малсыз кедей қазақтарды жайғастыру туралы шешім
қабылдаған болатын[2;160]. Ол көшпелі қазақтардың ең кедей топтарын
тіршілік құралдарымен камтамасыз етуді қарастырды
Қазақтардың бір бөлігін отырыкшылыққа көшіру жөніндегі үкімет
шараларының ең алдымен саяси мақсаттар көздегені күмәнсіз. Әскери-казак
шептері мен округтік әкімшілік бақылап отыруға қиын орасан кең дала
кеңістіктеріндегі қазақтардың дәстүрлі көшіп жүруі көшпелілерді
ауыздықтаудың қиындығын көрсетті жөне әскери шептерге жақын жерде
қазақтарға арналған егіншілік ошақтарын құрудың тиімділігіне отаршыл
биліктің көзін жеткізді. Алайда көшпелілердің жайылымдық алаптарын
үкіметтік отарлаудың барған сайын өсе түскен ауқымы, қазақ жерлерін
мемлекеттік меншік деп жариялау (1868 жылғы 21 қазандағы Дала облыстарын
басқару туралы уақытша ереженің 210-тармағы) дәстүрлі мал шаруашылығының
қалыпты жұмыс істеуі үшін төндірілетін қатерді жыл өткен сайын күшейтгі. Ал
коныс аударушыларды жайғастыру жөніндегі комиссия даланың автохтондық
мекендеушілерінің мүдделерімен санаспады[4;62].
Отаршылдық әкімшіліктің ішкі губерниялардан шаруаларды, Сібірден,
Орынбор маңынан казактарды қоныс аудару жолымен астық өнімдерін өндіретін
жаңа экономикалық орталықтар құруға ұмтылысы ауыл қауымы жер қорының
тарылуына әкеп соқты. Жатақтардың мал шаруашылығымен ғана емес, сонымен
қатар егіншілікпен де айналысу мүмкіндігін шектеді. Оның үстіне өлкенің
жоғары әкімшілігі күйзелген кедей жатақтарға жер үлестерінің бөлінуіне
кейде теріс көзқараста болды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы граф
Сухтелен қазақтар арасындағы диқаншылыкты көтермелеу зиянды деп санады жөне
олардың жана учаскелерге қоныстануына тыйым салып отырды.
Жекелеген зерттеушілер жалпы алғанда көшпеліні барлық қажетті тамақ
өнімдерімен мал шаруашылығының қамтамасыз етіп келгеніне байланысты
жатактардың егіншілікті шаруашылық жүргізу нысаны ретінде таңдап алуына
күдік келтірді жөне қазақтарды егіншілік нарығына тарту мүмкіндігіне
сенбеді.
Бірақ өмір өз дегенін істеді. Қазақ ауылының экономикасына тауар-ақша
қатынастарының енуі, малшылардың бірте-бірте күйзелуі және малы жоқ
қазақтар санының көбеюі егіншілікті олардың күнделікті мұқтаждарын астықпен
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар астықтың бір бөлігін қала
базарында сататын, шаруашылыклың неғұрлым пайдалы нысанына айналдырды.
Ақмола облысының Көкшетау, Атбасар уездері бойынша деректерді келтірейік:
1901 жылдың наурызында аталған уездерде жатақтардың 2222 қожалығы ресми
түрде тіркелген және жатақтар жағдайындағы ресми тіркелмеген кедейлердің
2880 қожалығы есепке алынған. Егер әрбір шаңырақта орта есеппен алғанда
еркектер мен әйелдерден 5 адам болған деп санасақ, барлығы 11 110 жатақ
болып шығады. Бұл мөлшерге ресми тіркелмеген шаңырақтардың жартысын қосу
аркылы 19310 адам екенін, көшпелі халыктың жалпы санында жатақтардың үлес
салмағының едәуір екенін анықтаймыз[3;476].
Жатақтар егіншілікпен қатар Орынбор, Ташкент және Сібір магистралдары
кұрылысының маусымдық жұмысына да қатыса бастады. Жатақтар өз мойнына
жұмыстың ең ауыры, әр түрлі құрылыс материалдарын тасымалдауды алды. Оның
үстіне жалдама жұмысшылардың көп бөлігін жатақтар кұрағанын мұрағат
материалдары да, баспасөз материалдары да растап отыр[1;383].
Барлық жер қазу жұмыстарын атқарған жатактар орыс жұмысшыларымен
салыстырғанда мейлінше төмен ақы, кейде 10—20 тиын ғана алатын (орташа
күндік табыс 40—60 тиын болатын). Солай бола тұрса да, қазақ жатақтарын
Қазақстандағы алғашкы темір жол желілері құрылысына тарту техникалық және
жалпы өндірістік тәжрибе алу, қазақ ауылының томаға-тұйық қалпын күйрету,
жатақтарды натуралды шаруашылықтан жаппай қол үздіру үшін өте маңызды болып
шықты. Сонымен бірге табиғат апатынан шаруашылығы қатты күйзелген
жатақтардың бір бөлігі орыс селоларына, казак станицаларына барып жалданып
еңбек етіп табыс тауып жүрді. Мысалы, Ертіс өңірінің казактары коныс аудару
басқармасынан үлкен жер үлестерін алып, өз шаруашылығын толық келемінде
дамытуға жұмыс қолының жетіспеуі себепті мүмкіндігі болмай, шабындықтарының
үлкен бөлігін қазақтарға, екі жаққа тиімді талаптармен беріп, қыстап шығу
ғана емес, жазда жайлауға да ықыласпен жібере бастаған. Қазақ жатақтары
Орталық Азиядан келген саудагерлермен бірге сауда слободкасы деп аталып
кеткен жартылай отырыкшы коныстар кұра бастайды.
Қалаларға жақын жерге ірге тепкен қазақтар арасынан ауқатты адамдар да
жиі кездесті, олардың тұрмысы түзеліп, жақсы үй салып алып, отбасылық
өмірінде көп жағынан қала өмірінің талғамына еліктеді.
Қазақ кедейлерінің көпшілік бөлігі тіршілік құралдарын іздеп, калалық
қоныстарға барды және кейіннен жергілікті жұмысшы табының қалыптасу мен өсу
көздерінің біріне айналды. Мысалы, 1876, 1877, 1878 жылдарда Көкшетау
округі бойынша ғана болыс баскарушылары ауылдан табыс іздеп шетке кетуге
236 босату билетін берген.
Табыс іздеп кеткендерге 1887 жылдың ішінде берілген билеттер саны
шетке кәсіп іздеп кетушілердің ауқымын көрсетеді, олар: Өскемен уезі
бойынша — 7028, Семейде — 6728, Зайсанда — 706, Павлодарда — 2036,
Қарқаралыда — 3536. 1895 жылы болыс басқарушылары берген паспорттар
(билеттер): Өскемен уезі бойынша - 7450, Семейде — 7156, Павлодарда — 2684,
Зайсанда — 1012, Карқаралыда — 4438. Он жылға жуық мерзімде берілген
билеттердің санындағы айырма 3346 болды[3;485]. Біз келтірген мәліметтер
шетке кәсіп іздеп кетушілер деңгейін дәл көрсетпейді. Өйткені, көбінесе
қазақтар табыс табуға паспортсыз кететін, мұның өзі оларды тіркеу мен
есепке алуды қиындатты.
Мұрағат деректері бойынша көшпелілердің жалпы санындағы жатақтардың
үлес салмағын (шамамен) анықтауға болады: мысалы, 1901 жылғы деректер
бойынша Көкшетау уезінде жатақтар — 4,6%, Атбасар уезінің солтүстік
болыстарында — 5,3%, оңтүстік уездерінде — 7,9% болған. Өкінішке қарай,
кала халқының санағы бойынша материалдарда қалаға кәсіп іздеп келген
жатақтардың саны туралы мәліметтер өте сирек кездеседі, мұның өзі оларды
қала халқының есебіне алуды қиындатады.
Тұтас алғанда, жатақтар қазақ ауылының қоғамдық құрылымындағы ерекше
әлеуметтік жік ретінде калыптасты[1;382]. Ол мал шаруашылығының шаруашылық
саралануының тереңдеуіне себепші болды; оларды отарлық Қазақстан дамуының
күрделі жағдайларында ауыл қоғамын орыс-казак селоларымен және қалалармен
байланыстыратын делдал ретінде қарастыру керек, ал Қазақстанның экономикасы
капиталистік қатынастардың ішінара енуіне байланысты объективті
факторлармен қатар, көп ұлтты империяның шаруашылық жүйесіне жасанды жолмен
телінген еді. Метрополияның аграрлық-қоныстандырушылық саясатын жүзеге
асыру мақсатымен даланың байырғы мекендеушілерінің шабындық-жайылымдық
алаптары қоныс аудару қорына алынып қана койған жоқ, сонымен қатар онша
жарамды емес учаскелерге ығыстырып шығарылған жатақтардың онсыз да қиын
жағдайын едәуір дәрежеде асқындыра түсті, дегенмен объективті тұрғыдан
алғанда Казақстанды Ресейдің сауда-экономикалық рыногына тартуға белгілі
дәрежеде себепші болды[4;45].
Өкінішке қарай, жатақтар туралы мәліметтердің үздік-создық болуы бұл
әлеуметтік топтың санын жылдар бойынша дәл анықтауға мүмкіндік бермейді,
мұның өзі 1897 жылғы жалпыға бірдей санақ материалдарында анық деректердің
болмауына ғана емес, сонымен қатар оларды өндірістік қызметке тартудың
уақытша, дұрысырақ айтқанда, маусымдық сипаты себепті халықтың бұл санатын
санақтык нұсқаулар бір күндік және басқа да нысандар арқылы тіркеудің
қиындығына да байланысты. Бұл арада орыстың аса көрнекті ойшылы
В.И.Лениннің шетке кәсіп іздеп кетушілердің белгілі бір калалардың нақты
халқы қатарында тіркеледі. Бірақ бір бөлігі ғана, өйткені бұл халықтың
кезбелік сипаты жағдайында оны жекелеген тұрақты орталықтардың санағында
есепке алу қиын; сонымен қатар, халық санағы әдетте қыста жүргізіледі, ал
көсіп іздеген жұмысшылардың ең көп бөлігі үйінен көктемде кетеді[1;287]
деген сөздерін келтіре кеткен орынды.
Егер жатақтардың аталған жағдайлармен қатар тау-кен, кен өндіруші және
көмір (Шығыс, Орталык, Солтүстік Қазақстанның) өнеркәсібіне жаппай кетуі
нақ көктемгі айларға келетінін ескеретін болсақ, кең-байтақ дала
аймағындағы сол кезеңдегі өмір шындығын көзге елестету үшін бұл қағиданың
маңызы айқын болады.

ІІ тарау. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты және оның егіншілікке
тигізген ықпалы
2.1. Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуы және оның
егіншілікке тигізген әсері

Қазақстанның қоныс аударушылар деревняларындағы шаруа қожалығы
бірқатар себептерге — пайда болған жеріне, уақытына, құрылу жағдайларына
және басқаларына байланысты негізгі құрылымдары бойынша, тіпті нақты
алынған аймақтың өзінде де бір-бірінен ерекшеленді. Оның ең дағдылы
белгілері мен даму сарындарын анықтау үшін неғұрлым объективті көрініс
беруге мүмкіндік туғызатын азды-көпті анық деректер келтіру әбден орынды.
Осындай деректер ретінде 1898—1910 жылдардағы Ақмола және Семей облыстарын
зерттеу жөніндегі экспедициялардың қоныс аударушылар селоларын зерттеудегі
мәліметтері пайдаланылды. Тек жаңадан құрылған қожалықтарға ғана емес,
сонымен қатар мұнда XIX ғасырдың 70-80-ші жылдарында да болған қожалықтарға
зерттеулер жүргізілді[4;84].
Қоныс аударушылар ортасында айқын аңғарылған мүліктік сараланудың
болғанына күмән жоқ, мұның өзі шаруашылық-экономикалық негізгі топтарды
бөліп көрсетудің кажеттігін туғызады. Топтау үшін өлшем ретінде бір үйге
келетін егістік алабының мөлшері алынды. Бұл әрбір қожалықтың экономикалық
мүмкіндіктерін едәуір толық көрсетеді. Егер Ресейде жер үлесінің мөлшері
осындай көрсеткіш болса, әрбір ер азаматқа 15 десятинадан келетін
қоныстандыру аудандары үшін бұл көрсеткіш, керісінше, шаруалардың
экономикалық жағдайын теңестіріп жіберді. Сонымен бірге, бұл үлестегі
жыртылған жер мөлшері әрбір қожайынның шын мүмкіндігін көрсетті. Іс жүзінде
қоныс аударушылардың жер пайдалануы өз үлесіндегі егістікті ғана емес,
сонымен қатар жалға алынған жердегі егістікті де қамтыды, мұның өзі топтау
кезінде осы екі көрсеткішті жинақтап алуға мәжбүр етті. Топтау мынадай
шектерде жүргізілді: әрбір қожалық егістігінің мөлшері — 5 десятинаға дейін
(I топ); 5—15 десятинаға дейін (ІІ топ); 15 және одан көп десятина (IІІ
топ)[3;490].
Қожалық неғұрлым ұзақ өмір сүрсе, өзінің көрсеткіштері бойынша ол
соғұрлым жоғары және аукаттырақ болған. Коныс аударушылардың бұрынғы
мекендеген жерлеріндегі жағдайларына қарағанда, олардың ең кедей топтар
емес екенін айтуға болады, мұны өз егістігі мен жалға алған егістігінің де
мөлшері дәлелдейді. Туған жерлеріндегі күш көлігі туралы деректер сияқты,
бұл цифрлар орташа мәнінен барлық үш топ бойынша болмашы ауытқыды. Отбасы
мүшелерінің саны және ондағы жұмыс күші бойынша да барлық үш топтың
көрсеткіштері жақын келеді. Алғашқы капитал бойынша болмашы алшақтық
байқалады. Мәселен, ең көп қаржы II топта, сонан соң I топта болған, ал
содан кейін барып III топ келеді.
Ауыл шаруашылық кұрал-саймандары туралы деректер іс жүзінде барлық
қожалықтардың техникамен нашар жарақтандырылғаны туралы айқын түсінік
береді, оларда тіпті бір соқа да үнемі бола бермеген. Бидай себілген жер
мөлшері туралы көрсеткіш ерекше сипатымен ерекшеленеді. Далалық облыстарды
зерттеу жөніндегі экспедицияның қызметкерлері бидай себілетін егістік
көлемі 10—12 десятинаға жететін қожалықтарды тұрақты деп санауға болатынын
атап өткен. Біздің жағдайымызда мұндайларға III топтың қожалықтары ғана
жатады.
Көрсеткіштердің келесі тобы шаруалар табыстарының кіріс және шығыс
баптарын көрсетеді жөне I топтан III топқа қарай біркелкі өсім береді,
мұның өзі қоныс аударушылар арасында орын алған едәуір мүліктік саралануды
тағы да дәлелдейді.
Сонымен ғасырлар тоғысындағы (XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басы)
Қазакстандағы қоныстанушылар қожалығы өзінің түп-тамыры жағынан едәуір
біртекті, Ресей шаруаларының ең кедей емес бөлігінен шығып, мұның өзі
үкіметтің сол кезеңдегі коныстандыру саясатының сипатына толық сай келді.
Бұлар қиыншылықтарды жеңе отырып көшуді жүзеге асыра алатын және жаңа
жердің ыңғайына тез көндігіп жайғаса алатын қожайындар болды. Мұндай
жаңадан қоныс аударып келген қожайын неғұрлым ұзақ тұрса, оның шаруашылығы
да соғүрлым мықты болған.
Қоныс аударған шаруалардың әл-ауқатының өсуі немесе құлдырауы 18—20
жылдан кейін ғана шаруашылықтың мезгіліне емес, кайта жалпы экономикалық
жағдайларға байланысты болған[14;88]. Бір қызығы, қоныстандыру кезінде ақша
сомасының мөлшері шаруашылықтың қалыптасуында шешуші рөл атқармаған. Мұнда
басқа факторлар және бірінші кезекте, әрбір адамның кәсіпкерлік қабілеті
айқындаушы болған. Алайда жаңа жерге қоныс аудару көпшілік жағдайда
шаруаларға ерекше байлық әкелген жоқ. Мұны қожалыктардың негізгі
көпшілігінің қаржы тапшылығын басынан өткізгені, яғни шыққан шығындардың
кіріс бөлігінен көп болғаны көрсетеді. Тек III топ қана кірістің шығыстан
кейбір артық болуын көрсетті. Өзгесін күту қиын болатын, өйткені қоныс
аударушы шаруалар кожалығының материалдық- техникалық базасы өте әлсіз еді.
Мәселен, экспедиция қызметкерлерінің пайымдауынша, тың жерлерді жырту үшін
бір соқаға 4—5 пар өгіз керек болды. Бірақ көптеген қожалықтарда соқа мүлде
болған жоқ, ал әрбір шаруашылыққа келетін күш көлігінің саны орта есеппен 6
бас малдан артпады. Шаруалардың шығаратын шығындары да назар аударарлық.
Негізгі шығындар тамақ пен киімге жұмсалған. Мал мен кұсты күтіп ұстауға
шамамен алғанда да үш есе, тұкым сатып алуға одан аз шығын
шығарылған[11;45].
Шаруашылық мүшелері отбасының қажеттерін канағаттандыру үшін барлығы
бірдей жұмыс істеген, өйткені кызметкерлер жалдауға қаржы жетіспеген. Мал
шаруашылығының үлесі елеулі болған жағдай, негізгі кіріс егіншіліктен түсіп
отырды. Кәсіпшіліктер елеулі рөл атқарған жоқ. Бұл деректеме XIX ғасырдың
аяғы - XX ғасырдың басындағы қоныс аударушылар қожалықтарында натуралды
сипат басым болған деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Негізгі
шығындарды, сондай-ақ есеп айырысуды шаруалар өнім түрінде жүргізген.
Өнімдік шығындарға қарағанда ақшалай шығындар 20%-дан аспаған. Егіншіліктің
тауарлылығы I топта — 7,3%, топта — 13,3%, III топта — 21% болған. Бұл
егіншіліктің тауарлылығы нақ сол кезенде 12,5%-дан 17,5%-ға дейін жеткен.
Сірә, ақшалай шығындардың үлкен үлесі ауыл шаруашылығы тауарлылығының
өсуіне ынталандырма керек және еңбекке негізгі дәлел өзін-өзі камтамасыз
ету болған.
Қоныс аударушылар деревнясында қолданылатын жердің бір бөлігі тыңға
бос қалдырылатын егіншілік үлгісі өте карапайым болды. Мұнда негізінен
алғанда топырақтың құрамы есепке алынды. Қара топырақты тың жер қатарынан
7—8 жыл өнім берді. Бастапқыда 5—6 жыл бидай, ал сонан соң 2 жыл арпа
немесе сұлы себілді, одан соң жер 2—3 жылға тынығуға — тыңға калдырылды.
Қошқыл қоңыр топыраққа қатарынан 5—6 жыл (3 жыл бидай және 1— 2 жыл сұлы)
егілді, ал одан соң танап 6—9 жылға тыңаюға қалдырылды. Ашық коңыр топырақ
3 жыл пайдаланылып, 7—10 жыл тынығуға калдырылды. Реей егістіктерінде
сынақтан өткізілген бұл әдіс Қазақстан жерінің көпшілігінде мүлде залалды
болып шықты. Топырақтың кұнарлы жұқа қабаты түгел дерлік жыртылып
бұзылды. Қазақстанның егіншілікті аймақтарын агрономиялық зерттеулердің
материалдары бойынша, жерлерді шаруалардың үлестеріне үнемі кесіп беру
қажетгігін туғызған себептерді ашып көрсетеді. Ол бір кезде құнарлы болған
жер он бір жыл пайдаланғаннан кейін мүлде тозып, оның топырақ құрамы
дағдылы сортандарға айналдырған[13;88].
Акмола облысында 1896—1906 жылдар аралығында үш рет егіннің шықпай
қалып, ашаршылық болуы тегін емес. Екінші жағынан, Қазақстан жерін
экстенсивті егіншілік арқылы жыртқыштықпен пайдалану болашақтағы
экологиялық апаттарға бастады. Ол жөнінде ғалымдар сол кездің өзінде-ақ
мәлімдеген болатын.
Мұндай жағдайда шаруалар кожалығы көбінесе құрып кету, ал оның
қожайындары өліп қалу шегіне жетеді. Мәселен, Көкшетау уезінің 1890 жылы
негізі қаланган Маринка селосының тұрғындары 1893 жылы сұмдық ашаршылыққа
ұшырады. Кейбіреулері 10 күн бойы тек қана тұз жалап қорек етті. Баска
біреулері қайың қабығын талғажау етті. Ашыққан шаруалар өздерінің азапты
өліміне бас байлап, тіпті ағаш жоңқасын да жеген.
Қоныс аударушылар өмірінде қиын-қыстау жағдайлар жеткілікті еді және
шаруаның тірі қалуына белгілі бір дәрежеде өзі мүшесі саналатын қауым кепіл
болды.
Әрбір қоныс аударушылар деревнясында заң жүзінде жергілікті қоғам
яғни қауым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Жәңгір ханның игілікті істері
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың І жартысындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Пәндер