Шинжияңның халықаралық туризм дамуы



1. ШИНЖИЯҢНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РЕСУРСТАР
1.1 Географиялық орны
1.2 Экологиялық жағдайы
2 ШИНЖИЯҢНЫҢ ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
2.1 Жібек жолы
2.2 Шинжияңның тарихи мекендері
2.3Шинжияңның қазіргі күнгі қалалары
2.4 Туристік қызметтің түрлері
2.5 Шинижяң күтіп алған халықаралық туристер саны 400 мың адам/реттен асты
2.6 Шинжияңныңның туризмнің даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қытайдың Шинжяң ауданы – ертедегі Жібек жолының орта аялдамасы , ол-ырысты жер. Шинжяңның жері кең , жаратылыстық байлығы мәселен , геологиялық кен өнімдері , саяхат ресурстары төтенше мол.Ол Қытайдағы бай өлке . Шинжияңның мақсаты Қытайдың жалпы мақта өнім мөлшерінің 27,73 пайызын ұстайды. Байқалған кен өнімдерінің түрі 138, мұның ішінде 9 түрінің қоры Қытай бойынша ,32 түрі батыс терістік аймақ бойынша алдыңғы орында тұрады:Мұнай Қытайдағы құрлық мұнай қорының 30 пайызын , тәбиғи газ қытайдағы құрлық табиғи газ қорының 34 пайызын , көмір Қытайдағы көмір қорының 40 пайызын ұстайды, алтын жақұт, кастасы сияқты байлық түрлері мол болып , ертеден қазірге дейін аты әйгілі.
Тарихта "батыс өңір", бүгіндері Шинжяң ұйғыр автономиялы ауданы аталып отырған осы байтақ мекеннің территориялық жер аумағы бір миллион 600 мың шаршы километр. Жалпы Қытай жер аумағының алтыдан бір бөлігін ұстайды.
Тұрғылықтық шекарасының ұзындығы 5600 километр болып, Моңғолия Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пакстан, Үндістан секілді 8 мемлекетпен шекараласады. Синьцзянда қазір 2 аймақ дәрежелі қала, 7 аймақ, 5 автономиялы облыс, 20 аудан дәрежелі қала, 62 аудан, 6 автономиялы аудан, әскери орынды түйін етіп өндіріс және құрылыспен айналысатын 14 дивизия (185 полк) бар. 2000 жылы Қытайдың өз ішінде жүргізілген санаққа негізделгенде (14 дивизия, 185 полктағы 2 миллион 453 мың 600 адам мұның сыртында ) Шинжяңдағы 47 ұлттың жалпы жан саны 19 миллион 250 мың адам болған. Оған дивизияны қоссақ, онда жалпы халық саны 21 миллион 703 мың 600 адам болды. Мұның 10 миллион 969 мың адамын қытайдан басқа ұлттар ұстайды екен.
Шинжяң халқы мекендеген жерлерде табиғаттың таусылмас кені, сан алуан аң-құстар бар. Бұлардың бастылары — карақұйрық, тауешкі, арқар, бұғы, елік, бөкен, құлан, қодас, аю, қасқыр, түлкі, қабылан, сілеусін, бұлғын, сусар, тиін, құндыз, суыр, борсық, мәлін, қаз, үйрек, қырғауыл, ұлар, құр, т.б.
Шинжяң ұйғыр автономиялыауданы— жер асты қазба байлығы мол ырысты өлке. Онда көмір, темір, алтын, күміс, тұз, әк, шырымтал және түсті металл мен сирек кездесетін металдың сан алуаны бар. Жұртка әйгілі Қарамайлы, Орқы, Майтау мұнай алаптары бар.Шинжяңның Жоңғар, Тарым, Тұрпан-Құмыл осы үш ойпатында мұнай, газ байлығы төтенше мол болып, Қытай мемлекеті бойынша алдыңғы орында тұрады. Шинжяңдағы Жоңғар ойпатының көлемі 130 мың шаршы километр болып, мұнай-газ байлығы шамамен 15,9 миллиард тонна деп межеленген.
Шинжяң жерінде балық өсетін Үліңгір, Канас секілді әйгілі көлдер бар. Үліңгір көлі — аумағы жағынан Қытайдағы атақты он көлдің бірі саналады. Көл бойында Шинжяң бойынша ең үлкен мемлекеттік балықшылық орны бар. Оның жылдық балық өндіру қуаты 4500 тоннаға дейін жетеді. Бұл бүкіл Шинжяң бойынша ауланатын балықтың 70 пайызын ұстайды.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Шинжияңның халықаралық туризм дамуы

Орындаушы:
3 курс студенті _____________________ Бабахан Қымбат
Ғылыми жетекші _____________________ Жұмадәілов А.Р

Нормабақылаушы:____________________ _ Толемисова С. Е
Кафедра меңгерушісі:
г.ғ.д. профессор: ______________________ Ердаулетов С.Р

Алматы 2009ж

КІРІСПЕ
Қытайдың Шинжяң ауданы – ертедегі Жібек жолының орта аялдамасы , ол-
ырысты жер. Шинжяңның жері кең , жаратылыстық байлығы мәселен ,
геологиялық кен өнімдері , саяхат ресурстары төтенше мол.Ол Қытайдағы бай
өлке . Шинжияңның мақсаты Қытайдың жалпы мақта өнім мөлшерінің 27,73
пайызын ұстайды. Байқалған кен өнімдерінің түрі 138, мұның ішінде 9
түрінің қоры Қытай бойынша ,32 түрі батыс терістік аймақ бойынша алдыңғы
орында тұрады:Мұнай Қытайдағы құрлық мұнай қорының 30 пайызын , тәбиғи газ
қытайдағы құрлық табиғи газ қорының 34 пайызын , көмір Қытайдағы көмір
қорының 40 пайызын ұстайды, алтын жақұт, кастасы сияқты байлық түрлері
мол болып , ертеден қазірге дейін аты әйгілі.
Тарихта "батыс өңір", бүгіндері Шинжяң ұйғыр автономиялы ауданы аталып
отырған осы байтақ мекеннің территориялық жер аумағы бір миллион 600 мың
шаршы километр. Жалпы Қытай жер аумағының алтыдан бір бөлігін ұстайды.
Тұрғылықтық шекарасының ұзындығы 5600 километр болып, Моңғолия Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пакстан, Үндістан секілді 8
мемлекетпен шекараласады. Синьцзянда қазір 2 аймақ дәрежелі қала, 7 аймақ,
5 автономиялы облыс, 20 аудан дәрежелі қала, 62 аудан, 6 автономиялы аудан,
әскери орынды түйін етіп өндіріс және құрылыспен айналысатын 14 дивизия
(185 полк) бар. 2000 жылы Қытайдың өз ішінде жүргізілген санаққа
негізделгенде (14 дивизия, 185 полктағы 2 миллион 453 мың 600 адам мұның
сыртында ) Шинжяңдағы 47 ұлттың жалпы жан саны 19 миллион 250 мың адам
болған. Оған дивизияны қоссақ, онда жалпы халық саны 21 миллион 703 мың 600
адам болды. Мұның 10 миллион 969 мың адамын қытайдан басқа ұлттар ұстайды
екен.
Шинжяң халқы мекендеген жерлерде табиғаттың таусылмас кені, сан алуан аң-
құстар бар. Бұлардың бастылары — карақұйрық, тауешкі, арқар, бұғы, елік,
бөкен, құлан, қодас, аю, қасқыр, түлкі, қабылан, сілеусін, бұлғын, сусар,
тиін, құндыз, суыр, борсық, мәлін, қаз, үйрек, қырғауыл, ұлар, құр, т.б.
Шинжяң ұйғыр автономиялыауданы— жер асты қазба байлығы мол ырысты өлке.
Онда көмір, темір, алтын, күміс, тұз, әк, шырымтал және түсті металл мен
сирек кездесетін металдың сан алуаны бар. Жұртка әйгілі Қарамайлы, Орқы,
Майтау мұнай алаптары бар.Шинжяңның Жоңғар, Тарым, Тұрпан-Құмыл осы үш
ойпатында мұнай, газ байлығы төтенше мол болып, Қытай мемлекеті бойынша
алдыңғы орында тұрады. Шинжяңдағы Жоңғар ойпатының көлемі 130 мың шаршы
километр болып, мұнай-газ байлығы шамамен 15,9 миллиард тонна деп
межеленген.
Шинжяң жерінде балық өсетін Үліңгір, Канас секілді әйгілі көлдер бар.
Үліңгір көлі — аумағы жағынан Қытайдағы атақты он көлдің бірі саналады. Көл
бойында Шинжяң бойынша ең үлкен мемлекеттік балықшылық орны бар. Оның
жылдық балық өндіру қуаты 4500 тоннаға дейін жетеді. Бұл бүкіл Шинжяң
бойынша ауланатын балықтың 70 пайызын ұстайды.
Қанас көлінің терендігі 188,5 метр болып, 1984 жылы Синьцзян
университетінің биология факультетінің ұстаздары мен студенттері одан
ұзындығы 17-18 метр келетін алып қызыл балықты байқаған. Бір қызығы Қанас
көлінің тереңі әлі зерттеліп болған жоқ Шинжяң.да абсолюттік биіктігі 7000
м жоғары 16 тау шыңдары бар. Осы Синьцзянда көпке белігілі Баграш тұщы
көлі бар. Ертіс өзені – елімізде Солтүстік Мұзды Мұзитқа құятын бір ғана
өзен. Ауданы жағынан ең үлкен Инсугайти мұздығы Чогори тауында орналасқан.
Ең ыстық және шөлді аймақтар да осы Шинжяңда орналасқан. Багдошань тауында
тіпті ең ыстық жаз айларында қар жатады, оның қасында Турфан ойпатында
минималды ауа температура көрсеткіші 40ºС жоғарылайды. Құмды массив жасыл
оазиске сай. Жоңғар ойпатындағы тасты аудандар өзінше бір тасты орман
және тасты динозаврларды - өткен ғасыр қалдықтарын құрайды.
Шинжяңның әртүрлі табиғат жағдайы және халықтың ежелгі тұрмыс мәдениеті,
сонымен қатар оның халқының қолайлы географиялық орны туризмнің кең дамуына
әсерін тигізуде. Синьцзян маңызы жағынан халықаралық туризмнің алтын
мекені болып табылады. Біздің елімізбен туристік қатынастарды орнықтыруда
бейбіт, достық, көршілік қатынастар, сонымен қатар экономика, сауда, ғылыми-
техникалық және мәдениет салаларындағңы мемлекетаралық және басшыаралық
келісімдер маңызды рөл атқарады.

1. ШИНЖИЯҢНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РЕСУРСТАР

1. Географиялық орны

Шинжяң дүниежүзіндегі ірі табиғат ресурстарының бірі бола тұрып,
континентіміздің тереңінде жатыр. Туризмнің дамуындағы факторлар келесідей:
- биік тау жоталарымен және кең жазық кеңістікпен қоршалған бұл
территория қалған ортадан оңашаланған және елді өзінің құпиялылығымен
және қайталанбас ашық түстерімен қызықтырады;
- Шинжяң Қытайдың батыс қақпасы болып табылады. Өзінің ыңғайлы
географиялық орнына байланысты Шинжяң Шығыс Қытайдың дамыған елдерін
ТМД елдерімен, Орта, Шығыс және Батыс Еуропа елдірімен жақындастырады.
Синьцзянда саяси реформаның дамуы артынан жан-жақтылық тереңдеу
тапстырмасы орындалды. Кеңейіп жатқан дүниежүзілік қатынастарда
маңызды рөлде Тынық мұхит аймақтарын Атлантика аймағымен қосқан темір
жол магистральі. Щинжияң біріктіктіретін мост болып табылады, бұл жол
арқылы Батыстан туристер қатынайды;
- Шинжяң ға деген қызығушылық, Қытайдың басқа провинцияларына қарағанда
былай түсіндіріледі: біріншіден, ол Қазақстанға және Орта Азия
мемлекеттеріне географиялық орны жағынан жақын, екіншіден, Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжістан мемлекеттерінде тұратын
өкілдерімен дәстүрлі тарихи, мәдени, діни, этникалық және туыс
қатынастары. Сондықтан да осы елдердің перспективасынан үлкен туристік
ағым күтеміз;
- СУАР экономикасының қарқынды дамуы және ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы) мүшелерінің санының көбеюі және осы халықаралық ұйымда ҚХР
рөлінің нығаюы;
- Су ресурстарының және трансшекаралық өзендердің проблемалары және
Қазақстаннің тәуелісдік алуына байланысты мемлекет аралық
ынтымақтастықтың паритеттік дамуы үшін жағдай жасау;
- Шинжяң саудасын Орта Азия шекаралас республикаларымен, Орта Азиямен
сауда-экономикалық қатынасын кеңейту;
- Шинжяңның Орта-азиялық аймақта геосаяси индикаторы ретінде дамуының
маңызы;
Қазіргі заманғы Шинжяң территориясы ежелде, Хань династиясынан бастап
(б.э.д. 221 жылы – б.э.220 жылы), қытайлықтар Си-Юй – Батыс өңірдеп
атады. Синьцзян атауы (жаңа шекара) – 1884 жылы Цин династиясы кезінде
пайда болды. 1954 жылы ресми түрде Шинжяң -Ұйғыр автономиялы ауданы деп
аталды (СУАР).
Халқы. Шинжяң – Қытайдың көпұлтты аудандарының бірі. 2000 жылғы
деректер бойынша автономды ауданның халқы стастика бойынша 19,25 млн.адамды
құрады, 47 ұлтты біріктірді: ұйғырлар 8 млн. немесе 46,78%; қазақстар –
1,2708 млн. немесе 7,4%, хуэйцзу (дұнгандар) – 770 мың, монғолдар – 157,5
мың, қырғыздар – 162,2 мың, сибо – 39 мың, тәжіктер – 39 мың, өзбектер –
13,5 мың, маньчжур – 21 мың, даур – 6300; татарлар – 4600, орыстар -9200.
Бұл отыз ұлт ұрпақтан ұрпаққа тарап Шинжяңда өмір сүріп келеді. Қалға
34 ұлт, олардың ішінде дунсян, чжуанц, салар, тибеттіктер, мяо, буи, корей,
жалпы саны 53000 адамды құрайтын Шинжяңнға көшірілді.
1997 жылдың аяғында Сюй Цзинфа деректері бойынша, 1999 жылы Шинжяң
халық саны 17,1808 адамға көбейді, олардың ішінде ұлт саны 10,5798 адамды
құраайды, яғни 61,58% жалпы автоном халқынан; ханьц – 6,6010 адам - 2842%,
ұйғырлар – 8,020 млн., қазақтар – 1,2708 млн., хуэйцзу – 7,706 млн.,
қырғыздар – 1,627 млн., монғолдар – 1,575 млн.адам.
Шинжяңда тұратын барлық ұлттар өздерінің тұрмыстық дәстүрлерін,
салттарын, ұлттық киімдерін, ұлттық мерекелерін, үйлену салттарын, ән мен
билерін, ұлттық тағамдарын сақтап отыр. Бұл туристерді өте қатты
қызықтырады.
Шинжяңдағы саны жағынан ұйғырлар басым. Олар Шинжяңның барлық жеріне:
қашғар, Хотан, Аксу, Хами және Турфан жерлеріне тараған. Ұйғырлар – Орта
Азияның ежелгі түрік халықтарының бірі. Халық саны жағынан олар ҚХР
төртінші орында. Олардың колөнеріне келетін болсақ, бұл білдей бір
индустрия. Бұған кілем тоқу, бас киім тігу, мыс ыдыстар, пышақ ұлттық
музыка аспаптарын жасау өнерін жатқызуға болады.
Қазақтар негізінен Ілі-Қазақ автономды округында орналсқан, сонымен
қатар Мулэй-қазақ және Баркуль-Қазақ автономды уездерінде орналысқан. Олар
көрші провинцияларда да бар, Хайси-Монгол-Тибет-Қазақ автономды округінде
өмір сүріп жатыр. Қазақтар көбісі мал өсірумен айналысады. Қазақтар ежелгі
заманнан қонақжайлылығымен әйгілі.
Хуэйцзу (біздің елімізде оларды дунгандар едеп атайды) тілдері жағынан
ханьцлардан ешқандай айырмашылығы жоқ, қытай тілінің екі түрлі
диалектісімен сөйлесед. Бірақ олар ханцлардан діни жағынан ерекшеленеді.
дін оларға әлі күнге дейін өте қатты әсер етеді. Бұл ежелгі ұлттық ата-
бабасы Ұлы Жібек Жолындағы арабтар, парсылар.
Хуэйцзу - өте жақсы жер игерушілер. Олар өте шеберлікпен бақша
өнімдерін игереді. Олар Тянь-Шаньның солтүстігінде және оңтүстігінде өмір
сүреді, бірақ көпшілігі Инин, Қорғас, Үрімші, Турфан қалаларында бар. Бұл
халықтың сүйікті тағамдары кеспенің барлық түрі, пампушка, қой еті
сорпасы. Олар жылқы етін және жас сиыр етін жейді.
Монғолдар негізінен Баян-Монғол автономиясы округінде орналсқан.
Лоардың көбісі Торгут ұрпақтары. Олар көбінесе мал шаруашылығымен
айналысады, бірақ басқада ауылшаруашылықпен айнлысады. Монғолдарда басты
мейрам – көктемді қарсы алу.
Қырғыздар Қылылсу-қырғыз автономды округінде орналсқан, соынмен қатар
Үші, Ақсу, текес, Шаче, және Чжаосу аймақтарында да бар. Қырғыздың әлемге
беліглі эпосы Манас.
Өзбектер Тянь-Шань аймағындағы қалалар мен уездерде тұрады. Олар
негізіне сауда мен қолөнермен айналысады, бірақ кейбіреуі малмен
айналысады. Олардың салты, ұлттық киімдері, тағамдары жағынан ұйғырлардан
ешқандай айырмашылығы жоқ. Өзбек кестесі – бұл өте жақсы өнер. Өбектердің
салты ән-күй және би.
Тәжіктер де жай ғана өмір кешеді. Олар Ташкурган-Тәжік автономиялы
округінде орналысқан, көбісі Шачэ, Зепу, Эчен және Пишань қалаларында
орналасқан. Олар негізіне жер шаруашылығымен айналысады.
Татарлар Эине, Тачэне және Үрімшіде тұрады. Олар ұйғыр және қазақ
тілдерінде сөйлейді. Бұл мәдениеті өте жақсы дамыған ел.
Ұйғырлардың, татарлардың, өзбектердің, қазақтардың, қызғыздарды, және
тәжіктердің жазба тілі араб алфавиті негізінде құрылған, 36 әріптен
тұрады.
Манчжурлер Синьцзянның барлық территориясына тарған. Киімдер,
тағамдары, өмір сүруі, салты жағынан ханьдықтардан айырмашылығы жоқ. Олар
жазба және ауызша тілдерінде қытай тілін қолданады.
Даурлер Тачэн уезінде өмір сүреді. Оларды Қорғас, Үрімші қалаларында
кездестіруге болады. Оларда Цин династиясының батырларының ұрпақтары.
Негізінде ауылшаруашылықпен айналысады.
Орыстар саны жағынан Іле, Тачэне, Алтай және Үрімші округіне тараған.
Олар мұнда патшалық Ресей кезеңінде келген. Ауылшаруашылығында негізінен
жер және малмен айналысады.
Климаты. Күн нұры жылу байлығы мол, су байлығы тапшылау Шинжяңның
ендік градус аттамалығы кең, Оңтүстік Шинжяң қуаң әрі жылы қоңыржай белдеу
ауа райы районына жатады. Тұтас тұлғалық жағынан алғанда, Шынжаң районының
күн нұры, жылу байлығы мол, Оңтүстік Шынжаңдікі Солтүстік Шинжяңнан көп
болады. Оңтүстік Шинжяңның жазық райондарының жылдық орташа ауа
темпратурасы 10ºС тан жоғары, 10ºС тық жылдық жиналған ауа темпратурасы
көбінде 4000ºС тан жоғары, қыраусыз мезгілі 200~220 күнге жетеді. Солтүстік
Шинжяңның жазық райондарының жылдық орташа ауа темпратурасы Оңтүстікд
Шинжяңдікінен2ºС- 2ºС төмен, 10 тық жылдық жиналған ауа темпратурасы
көбінде 3500 ºС төңірегінде, қыраусыз мезгілі әдетте 150 күн болады. мол
күн нұры, жылу байлығы ауыл шаруашылық өндірісінде төтенше тимді келеді.
Шинжяңның жауын – шашыны сирек, Оңтүстік Шинжяңның жазық
райондарында ең аз болады. Жазық райондардың жер беті ағыны жетілмеген,
зор көлемді ағыссыз алап бар.Шинжяң районының орташа жылдық жауын –шашын
мөлшері мен орташа жылдық ағын мөлшері (жылдық ағын тереңдігімен
бейнеленеді) бүкіл Қытайдың орташа мәнінен төмен әрі жер шарындағы тең
ендік градусындағы басқа райондардан төмен тұрады. Шынжаңның жылдық орташа
жауын – шашын мөлшері 145 миллиметр, бұл Қытайдың 630 миллиметрлік орташа
жылдық жауын – шашын молшерінің 23%-ы болады. Шинжаңның жылдық ағын
тереңдігі 50 миллиметр, бұл Қытайдың 271 миллиметрлік орташа ағын
тереңдігінің 18%-а қарайлас келеді. Шынжаң су байлығының таралуыда өте
ретсіз. Атмосфералық жауын – шашыны солтүстік Шынжаңда Оңтүстік Шынжаңнан
көп, Батыс бөлігінде Шығыс бөлікнен көп, таулы өңірлерінде жазықтарынан
көп, ойпат жиектерінігі ойпат ортасыныкінен көп болады. Таулы райондары –
жер беті ағыны қалыптасатын өңір, жазық райондары – жер беті ағыны жайылып
жоғалатын өңір. Жер беті ағынының таралуы да Солтүстік Шынжаңда Оңтүстік
Шынжаңнан көп, Батыс шығысынан көп, таулы райондарінігі, жазықтарынігінен
көп болады. Өзен ағын су мөлшері жаз маусымына шоғырланған, көктемде
қуаңшылық, жазда тасқын суы болатын жайт көп үнемі туылып отырады. Су
байлығы тапшылығы Шыңжаңның өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісі дамуын
тежейтін басты себеп болып отыр. Шыңжаңдағы ең үлкен Іле өзені мен Ертіс
өзенінің жылдық ағын мөлшері жеке–жеке 16 миллиярд текше метр және шамамен
12 миллиярд текше метр болып, сулы өңір есептелгенімен, өзен суынан
пайдалану мөлшері өте төмен, алдыңғысының шетелге ағып шығып кететін су
мөлшері 12 миллиярд текше метрден артық, кейінгісінің шетелге ағып шығып
кететін су мөлшері 9 миллиярд 500 миллион текше метрге жетеді. Бұл
шыңжаңда су байлығын ашып пайдаланудың көмескі күші өте үлкен екендігін
әйгілейді
Ауыр қуаңшылық ортасы, сүреңсіз экологиялық жүйесі. Шыңжаңның
қуаңшылықты жаратылыстық ортасы сонау геологиялық кезеңдердің дамып
өзгеруінен келген, ең алғашта 100 миллион жылдан артық уақыттың алдындағы
бор кезеңі, үшінші кезеңдердің басында қуаң орта пайда болған, төртінші
кезеңнен бері тұтас жершары құрлымдық қозғалысының күшеюіне сай,
Шыңжаңдағы ұлы тау жүйелерінің жақпар бөліктерінің қопсып көтерілуінен
Шыңжаң бүкілдей тұйықталған ішкі құрлық өңіріне айналып, ауыр қуаңшылық
орта болып қалыптасқан. Мұндай ортаның қалыптасуындағы түбірлі себеп -
Шыңжаң районының ауа кеңестігіндегі су құрамы сирек, жер беті су байлығының
тапшы болуында. Шыңжаң теңіз мұхиттардан шалғай болғандықтан қытайдың
шығыс оңтүстік маусымдық желі жетіп келе алмайды, негізінен атлант мұхиты
мен солтүстік мұзды мұхиттан келетін ауа ағысына сүйенеді, ал, мұндай батыс
желі ауа ағысының су құрамы ұзақ сапарды басып Шыңжаңға келгенде, арыны
қайтып әлсіреп, жаңбыр болып жерге жауатын су құрамы төтенше шекті болып
қалады. Шыңжаңның тауларындағы жаңбырдың қалыптасатын шарт жағдайы нәшәрлау
болады, сондықтан, кең байтақ райондарда қуаңшылық болып, жердің шөлейттену
аумағы кеңейе түскен. Шыңжаңның төтенше құрғақ районы мен құрғақ районның
ауданы Шыңжаңның жалпы жер ауданның 65.5%-ын (ондағы төтенше құрғақ район
28.8% ын,құрғақ районы 36,7%ын ) иелейді, егер жартылай құрғақ районын
қосып есептесек, оның жер ауданы Шыңжаңның жалпы жер ауданның 88.7%-ын
иелейді, дәл осылай болғандықтан шыңжаңдағы ұлан–байтақ шөл жазық
районының жаратылыстық ортасы төтенше сүргейлі болған. Ойпат жиектеріндегі
шураттар негізінен таулы район су байлықтары мен қоректенеді, тіке жауатын
жауын – шашын қосалқы рөл атқарады.
Шынжаңның нашар жаратылыстық ортасы экологиялық ортасын төтенше
сүреңсіздендірген. Су құрамының тапшылығы ұлан – байтақ райондардың жамылғы
өсімдіктенрін сиректендіруге сайып, Ұлытау жүйелерінің бөктер белдеулері
мен ұлан байтақ жазық райондарда шөлейттену көрнісін көрнектендіреді.
Солтүстік Шынжаң құмдығы мен шөлдің райондарының жамылғы өсімдік
бүркемілігі не бәрі 0.3 айналасында болса, оңтүстік Шыңжаң шөлейт
райондарының жамылғы өсімдік бүркемелігі 0.1 ге де жетпейді. Шөлейт
райондарының жоғарғы шегі солтүстік Шыңжаңда теңіз деңгейінен 1000 метр
төңірегіне дейін жетеді, оңтүстік Шыңжаңда 1500~2000 метрге дейін жетеді,
Күн-Лун тауы мен Алтын тауының шөлейттенуінің жоғарғы шегі 3000 метрге
дейін жетеді немесе одан да жоғары болады. Шөлейт жамылғы өсімдіктері
әлдеқашан сүреңсізденіп кеткендіктен оның қалпына келуі төтенше қиын.
Шыңжаң таулы районы жамылғы өсімдіктерінің вертикал белдеуге бөлінуі су
құрамы мен жылу мөлшерінің жан – жақтылы әсерге ұшырауынан белгілі болады.
Шыңжаңдағы таулы райондардың жауын – шашыны көбірек болатындықтан жамылғы
өсімдік бүркемелігі жазықтарға қарағанда көп, солтүстік Шыңжаң таулы
райондарында шамамен 0.8 болса, оңтүстік Шыңжаң таулы райондарында 0.5 тен
артық болады.

2. Экологиялық жағдайы

Синьцзян кеңістігі 1,6 млн шаршы метрден жоғары, Қытай территориясының
16 бөлігін алып жатыр. Ол провинциялар мен Қытай автономиялы аудандарының
арасында жер аумағы жағынан ең үлкені және елдің қазыналы өңірі болып
табылады. Оның жер қойнауында алтын, күміс, мыс, хром, қорғасын, цинк,
нефрит, мұнай, газ және т.б. 100 астам көптеген бағалы пайдалы қазбалар
бар. Тауларда, жоталарда, көлдерде, шөлдерде өте сирек кездесетін құстарды
және жабайы аңдарды: аққулар, тырналар, жабайы жылқы, жабайы түйе, аю, қар
барсы, антилопа, құлан, қарақұйрық және т.б. кездестіруге болады. Бұлар
үшін Синьцзянда табиғи парк құрылған. Жоғары дамыған кеуіп кеткен зонадағы
оазистік жер шаруашылығы Синьцзянға көкөністер мен жеміс мәдениетінің
отаны деген атақ берді. Хаймиялық қауындар, турфан жүзімдері, иісі аңқыған
Курля алмұрты, Кучэ өрігі, Ечэн анары, Атуш инжирі Қытайда және шетелде
өте кең жайылған.
Шыныменде, Синьцзян кең территориясы және оның табиғаты әртүрлі. Әрбір
аудан өзінің жақсы климатымен ерекшелінеді. Памир, Куэнь-Луня, Тянь-Шань,
Алтай тауларының массивтері жылтыраған аппақ қарымен алыстан көзге түседі.
Көптеген тау долины және ушелья мөлдір таза суларымен аймақтың табиғатын
көркем пейзаж сияқты одан әрі жандандырады. Синьцзян рельефтері өте қызықты
суреттелген. Чомолаңма шыңы сияқтылардың дүниежүзіндегі ең биік шыңдар
абсолюттік биіктігі - 8611 метр дүниежүзіндегі теңіз деңгейінен 154 м төмен
Турфанмен сәйкес келеді. Синьцзянда абсолюттік биіктігі 7000 м жоғары 16
тау шыңдары бар. Осы Синьцзянда көпке белігілі Баграш тұщы көлі бар.
Ертіс өзені – елімізде Солтүстік Мұзды Мұзитқа құятын бір ғана өзен. Ауданы
жағынан ең үлкен Инсугайти мұздығы Чогори тауында орналасқан. Ең ыстық және
шөлді аймақтар да осы Синьцзянда орналасқан. Багдошань тауында тіпті ең
ыстық жаз айларында қар жатады, оның қасында Турфан ойпатында минималды
ауа температура көрсеткіші 40ºС жоғарылайды. Құмды массив жасыл оазиске
сай. Жоңғар ойпатындағы тасты аудандар өзінше бір тасты орман және тасты
динозаврларды - өткен ғасыр қалдықтарын құрайды.
Шет жақта және адам бармайтындықтан, табиғатта көбі сол пайда болған
уақыттағы күйінде сақталып қалған. Сондықтан да, ылғидағы туризмнен басқа,
мұнда альпинизмді дамытуға болады, ғылыми экспедициялар ұйымдастыруға және
т.б. ғылыми зертейлерді дамытуға болады.
Сонымен қатар мұнда велосипедпен, машинамен, мотоциклмен туристік
маршруттарды жалғастыруға болады.
Сонымен қатар, мұнда кең алқаптар Гоби атты тасты шөл басып жатыр.
Шөлдер, күлді қалалар, мираждар, ярданги, әуенді құм бархан, сексеуіл,
онагра, дзерены – осының барлығы Синьцзянның қайталанбас ландшафтын
құрайды.
Кеуіп кеткен ішкіконтиненттік жағдайға қарамастан Синьцзян биіктаулы
аймақтарында судың концентрациясына септігін тигізеді.
Сонымен, Алтай және Тянь-Шань аса биік аудандарында атмосфералық
осадки орташа шамамен 400-700 мм құрайды, максимум 1000 мм дейін жетеді.
Алтай тауларында Канас өзенінің батыс ауданы, шырша, емен, пихта және т.б.
өсімдіктер өседі, өзінің табиғат жағдайына байланысты Синьцзянның басқа
аудандарынан ерекшелінеді. Бұл өте көркем аудан Синьцзянға кірген сібір
тайгасының бір бөлігі болып табылады.
Синьцзянда сирек кездесетін құстарды, айдарды және флораларды сақтау
үшін 20 заповедниктер құрылған, оның ішінде Аспанды көл, Канас және
Баянбұлақ көлдері мемлекеттік заповедниктер құрамына кіреді.
Заповедниктер алқабы 102000 шаршы метрді құрайды, мұнда 6,11% Синьцзянның
жалпы кеңістігін немесе 0,4% барлық жер кеңістігі. Егерде осы
заповедниктерде қорғау жұмыстарын жалғастыра берсе, онда адамдардың да
табиғатқа деген аялы сезімдері туады.
Синьцзян бірнеше атақты оазистер бар, оның ішінде ежелгі уақыттан
белгілі кяриздік орошениялар сияқты Турфан оазисі. Кяриздер – бұл адам өте
қызықты қол өнері.
Кяриз жай ғана тау жағына еңкейген сужинақтайтын, биіктігі 1-1,4 м,
ені – 0,5-0,6 м жететін галереяны суреттейті.
Бір-біріне жақын орналасқан жерасты галереясының ұзақтығы бірнеше
километрге жетеді. Бетінде, бірнеше метрге жететін интервалымен, жер асты
галереясынының бір сызығымен ежелгі бетке шығады, осыдан барып таза, жылдың
әр мезгілінде де салқын, көптеген арықтармен тарайтын мөлдір таза су
шығады.
Осындай жерасты құрылғылары Орта Азия ыстық климат жағдайында
буланудан сақтайды және дылқылдықтан құм жылжымайды.
Осыған ұқсайтын орошения жүйесі мұнда ежелгі уақыттан бері бар және
әлі күнге дейін сақталған, бұл осы өмірде маңызды орын алады.
Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпті дамытуда Қазақстанмен
шекаралас Солтүстік Синьцзян бар. Бұл аудан Автономды ауданның 23,7%
территориясын алып жатыр, ал халқы шамамен 8 млн. Адам. Солтүстік
Синьцзянда қымбат табиғат ресурстары зерттеуледі, оның ішінде Қарамай мұнай
құбырлары, Көктоғай полиметалл рудалары, көмір және т.б. ауыр өнеркәсіптің
шамамен 80% өңдеп жатқан ел үлесіне түседі, бұл су қолдануды жоғарылатады.
Осы ауданның ауылшаруашылығының негізгі мәселесі көктем кезінде егіске
судың жетіспеуі, тұздың жоғарылауы, келеңсіз жағдайлар (су басу, қатты
дауалдар). Су қолдану мәселесі тек қана егіс алқабына, өнеркәсіпке, тау
жыныстарын іздеуге емес, сонымен қатар сонымен қатар ҚХР көптеген
мигранттарына да жетпейді. Судың СУАР ауданына жетіспеуі оның болашақтағы
дамуына кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Қара Ертіс және Іле өзендері
және оның арықтарынан басқа Солтүстік Синьцзянда Манас, Баингу, Чинхо және
т.б. өзендер сулары жалпы көлемімен 2 млн.км3 қолданылады, оның ішінде
жартысынан көбі 200 мың гектар жерлерді орошение жұмсалады. Жер асты
сулары қоры 1 млн. км3 құрайды, оның ішінде 0,3 млн. км3 қолданылып отыр.
Сонымен, жеке су ресурстары ауылшаруашылығының және өнеркәсіптің
динамикалық өсуіне аса жеткілікті емес.
Қытай оқымыстыларының деректері бойынша, соңғы жылдары СУАР орошаемых
жерлер кеңістігі 18 млн-нан 60-млн-ға дейін жоғарылады, яғни төрт есе
көбейді. Жұмсалып отырған су көлемі осы уақыт ішінде 0,6-тен 4,0 км3 дейін
өсті, бірақ экологиялық мақсатқа көзделген су көлемі 5,0-тен 2,0 км3 дейін
төмендеді. Тек қана бұлақ сулары қоры 0,9-дан – 0,4 км3 төмендеді.
Бұл деректер, СУАР табиғат ресурстарының темпін анықтайтынына куә.
Қытайдағы осы жағдайдан шығу жолы жоқ, тек қана су ресурстарын Іле және
Қара Ертіс өзендері су ресуртстарын шекаралық қайта бөлу керек. Бұған Қара
Ертіс өзенінің Қарамай арқылы Урумчи өзеніне өтетін жолын реализациялайтын
жоспар куә. Іле өзенінен Эби-Нур өзеніне бағытталған және Ілі өзенінен СУАР-
дың оңтүстігіне Таримге бағытталған құрылыс біраз күдік тудырады. Әрине,
мұндай нәтижелер қазақстан жағына әсерін тигізеді. Айта кететін жай, Ілі-
Балхаш мәселесі ҚХР сауда-экономикалық қатынас орнамас бұрын пайда болған
және оның ұзақ тарихы бар. Гидротехникалық құрылғыларды салуда
жұмыстарында Қазақстан территориясында, оның ішінде Қапшаған ГЭС-іне,
аймақтың кебуіне әсерін тигізді, ал су ресурстарын ҚХР СУАР территориясында
кең масштабта қолдану жағдайды одан әрі асқындыруы мүмкін. Бұл, Балхаш
өзенінің деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Әрине, бұл тақырыпты қозғау қазақстан бөлігіндегі Әлі өзені
бассейініндегі экологиялық жағдайды өршітіп алуға ықпалын тигізеді, ол
мұнсыз да қазіргі күні халі нашар.
Сонымен қатар, су ресурстарын бірігіп қолданудағы мәселелердің
транспаренттігінің болмауы және осыдан пайда болған мәселелер проблеманы
шешуде жалпы принциптерді және жолдарды анықтауды қиындатады.

2 ШИНЖИЯҢНЫҢ ЕЖЕЛГІ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

2.1 Жібек жолы

Бұл жолдың жібек деп аталуының себебеі, мұнда ежелгі Қытайда
шығарылған ең басты тауар жібек алып өтілген. Ұлы жібек жолы ежелгі қытай
астанасы Чаньчаньнан (қазіргі Сиань) Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан,
сол себептен оның көп бөлігі Синьцзянның жерлерін басып өткен.
Б.з.д. 138-119 жж. әйгілі ежелгі қытай саяхатшы және дипломат Чжан
Цзянь жібекке толтырылған караванда Батыс шегіне – Сиюйге Вэйли арқылы,
Цюзы (Куча), Шулэ (Кашгар), Хотан, Шачэ, Давальға аттанып, Даюечжи және
Канцзюй патшалығына да жетті. Бұл саяхат он айдан артыққа созылды. Саяхат
барысында Чжан Цянь Орталық Азияның шөлдері мен жазықтары, Тянь-Шань
тауының системалары, Памир және үлкен ортаазиаттық өзендер Амудария және
Сырдария жайлы нақты мәліметтер жинады.
Б.з. 73 жылы қытай династиясының императоры Хань Орта Азия жеріне
әскери басшысы Бань Чао жіберді. 67 ж ылы үнді монахы Ауғаныстанның қиын
жолдарынын өтіп, Касьяматанга және Чжуфалань Лоянға қажылық жасаған. Әйгілі
қытай саяхатшысы Сюань Цзань 629 жылдан 645 жылға дейін 16 жыл ішінде тек
Орталық Азияда емес, Шығыс Үндістанның барлық мемлекетінде болды. Үлкен
көлемде мәліметтер жинап Записки о странах Запада атты трактат жазды,
онысы кезктегі ғасырларда үлкен сұраныстарға ие болған. Осылайша, ақыр
соңында xvі ғасырда қытай жазушысы У Чэнь Энь, бұл еңбекке таң
қалғандықтан, Путешествие на Запад атты фантастикалық әңгіме жазды. 1275
жылы Юанский империяның астанасы Дадуға итальян саяхатшысы Марко Поло
келді. Оның қолжазбаларында Памирски тау, Кашгаре, Шаче, Хо таше жерлерінің
нақты суреттелулері бар.
Синьцзян Қытайға және әлемге әйгілі, ең алдымен, ежелгі Жібек
жолымен, оның территориясынан өткен, онда көптеген мәдени ескерткіштер
қалдырған. 2 мың жыл бұрын Синьцзянда ежелгі қытай мен ежелгі Индия,
Персия, Аравия, ежелгі Греция және Римның мәдениеттері бірікті. Жібек
жолының оңтүстік және солтүстік тармағында, 5000 км-ден жоғары ұзындықта
ежелгі қалалардың руин қалдықтарын, белгі мұнараларын, Буддист шіркеулерін,
үңгірлерін, мешіттерін және тастап кеткен өңделген жерлерін көруге болады.
Мұндай ескерткіштер жайлы толық емес мәліметтер 100-ден астам болып
есептелінеді. Жібек жолының Синьцзяндағы бөлігі ежелгі уақыттағы рухын ең
көп сақтай алғаны болып шықты. Осы ежелгі магистрал жолына деген үлкен
қызығушылықтар келешекте халықаралық туристік маршрут құру мәселесін
орындайды.
Синьцзян тек Жібек жолының әртүрлі бұтақтары бірігіп тұрған жер
ғана емес еді, ол жер Евразияның солтүстік бөлігінің көшпенді халықтарының
қозғалыс аренасы да болған. Жазық жол бұл халықтардың өсуі тарихында
маңызды рөл атқарды. Алтай, Тянь-Шань, Алтынага және Куэнь-Луня тауларында
және жазық кең даласында номадтар мыңдаған наскалды суреттер, жазулар және
жерлеулер қалдырған.
Және де Синьцзян әлемдік религияны таратудың бірден-бір аймағы.
Буддизм, ислам, христиан, зороастризм және басқалары мұнда неизгладимый
әсер қалдырған . Ерекше көптеген бағалы мәдени ескерткіштер буддизм мен ис
ламнан қалған. Бұнда 16-дан астам жерлеулер табылған мыңдаған Будданың
үңгірі атты атпен әйгілі, олардан басқа 500-ден стам үңгірлер қазып
алынған, ежелгі қалалар руиндерінің қасында орналасқан буддистік храмдар
мен шіркеулер. Негізінде Синьцзянде мешіттің көлемі 2 мыңнан жоғары болып
саналады. Олардың ішіндегі ең үлкені – Аткарлық мешіт, ол оңтүстік
Синьцзянде орналасқан.
Синьцзянда жүздеген көркем-ғылыми құндылықтары бар археологиялық
ескерткіштер мен жерлеулер табылған. Олардың ішінде 100 объекті мемлекеттің
қорғауындағы категориясына қатысты, және 120-сы автономдық ауданмен
қорғалатын категорияға жатады.

2.2 Шинжияңның тарихи мекендері

Щинжияңның ежелгі караванды жолда орналасуы көптеген бұл территориядағы
қонақжайлылығын көрсетеді. Мемлекеттік ведомства жүргізген зерттеулер 419
туристтік қонақжайлылық, мынандай шешімге келді, туристік ресурс бойынша
СУАР Қытайда бірінші орында тұрады, келешекте маңызды шетелдік туризм
ауданы болуға уәде берген.
Гаочан қалашығы оңтүстік-шығыста 46км Турфан қаласынан орналасқан,
Карахэчжо территориясында. Б.з.д. 1 ғасырда Гаочан Жібек жолында ең маңызды
сауда орталығы болған. Қазіргі күнге дейін қаланы қоршап тұрған қорған
дуалы сақталып келген.
Минарет Имина 2 км Турфана қаласының батыс жағында орналасқан. Бұл
Щинжияңда ең үлкен мұнара, ұйғырлардың ұлттық рухы. Ол 1778 жылы құрылған,
биіктігі 37м, ішінде бұранда басқыш орналасқан, соның арқасында оның шыңына
шығуғу болады. Бүткіл Қытайдан мұндай ұйғұрдың архитектурасы ескерткішіне
ұқсайтындай таппассың. Мұнараның жанында Турфандағы ең үлкен мұсылман
мешіті орналасқан. 1988 жылы Имина мұнарасы мемлекеттің қорғауындағы мәдени
ескерткіш болып жарияланды.
Этигарт мешіті – Кашгар қалсынның орталығында – Қытайдағы ең ірі
мұсылман мешіті, 500 жыл бұрын салынған. Мұсылмандар арасында Этигарт
мешіті Бұхара және Самарқанд мешіті сияқты әлемге әйгілі. Салынған жылдары
– 1442-1872 жылдар. Этигарт мешіті – намаз оқитын залы, михраба, портал
және бассейні бар кең тараған мұсылман архитектурасымен салынған – СҰАР
өкілі күзетімен қорғалуда.
Ходжи Акопи мазары Кашгардың шығыс жағында орналасқан. Акопидан кейін
қытай императорының тұтқын әйелі Цянлуна Сэйфэй жерленген болатын. 1640
жылы салынған комплекс үшбұрышты формада, жерленген орнынан басқа
айналасында 72 бейіт бар, кіретін арка және т.б. ескі құрылыс орындары бар.
Мазарлар көк және ақ ала түсті кірпішпен, боялған. Осы барлық комплекс аса
жоғыры дейгейдегі сурет өнерімен салынған.
Цюцын үңгір храмдары Байчэн уезі және Куча Аксус уезі аймағында
орналасқан. Барлығы 4 комплекс орналасқан, одан жақсы сақталғандар 472
үңгір. Үңгір комплекстерінің бірі – Кумутурас – Вэйгань өзені жағасында
орналасқан. Бұл жерде 112 үңгір саналды. Көп белгілі үңгір Мың Будда қылық
үңгірі, ол Байчэн уезінен 50 км қашықтықтағы Қызыл территориясындағы
Миньуюаныэшань тауында орналасқан. Ежелде мұнда Цюцы патшалығы болған. Мың
Будда комплексінде 236 үңгір бар, оның ішінде жақсы сақталғандар саны 135.
Фреска келбетінің ауданы 5 мың шаршы метрді құрайды. Фрескаларда Шакья-
Мунидің 67 эпизоды жазылған.
Руинны Цзяохэ Турфаннан батысқа қарай 13 км қашықтықта орналасқан.
Цзяохэ атауын (өзендер торабы) алуы оның айналасында өзен жолдары және
ағыстар көп орналасқан. Өте ежелде бұл жерде Чэшинцяньго патшалығы қаласы
салынған болатын, олардің бірі Батыс аймақтың 36 мемлекеті. Қала
территориясы ұзындығы 1600 м, максималды ені 300 м. Монастырлер мен
храмдардың, тұрғын үйлер қалдықтары да сақталып қалған. Қала ауданы 470 мың
шаршы метр, сақталып қалған фундаменттер ауданы 360 мың шаршы метр. Құрылыс
жоспарлары өте қызық, үлкен бөлігі Тан династиясы дәуіріне ұқсайды. Бұл
қала досун кезеңіндегі өзінше бір архитектураны бейнелейді. Қала 15
ғасырдың ортасына дейін болған, кейіннен ақырындап құлаған.
Мың Будда Байцзыклик үңгірлері Турфаннан батысқа қарай 48 км
қашықтықта орналсқан және масштабты, формаларына қарай әртүрлі, келбеті
Турфан хром ансамблі бай болып суреттеледі. Ансамбльде 83 үйгір, 40-тан
астам жалпы ауданы мың шаршы метрден астам фрескалар бар. Осылар бойынша
тарихи кезеңнің келбетін құруға болады. Бұл үңгір тамдар V-VI ғасырларға
жатады

2.3Шинжияңның қазіргі күнгі қалалары

Үрімші қаласы. Щинжияң-Ұйғыр автономдық ауданының астанасы – Үрімші,
саяси, шаруашылық, мәдение және көлік орталық ауданы болып табылдаы.
Үрімші – көп ұлтты халық орналасқан қала. Халық саны 1440 мың.
Ұйғырлар, ханьцы, хуэйцлер, қазақтар, маньчжур, монғолдар сибо ұлттары
тұрады – жалпы саны 13 ірі ұлттар. Ханьцылар - 73%, ұйғырлар - 9 %,
қазақстар 3 % халық санын құрайды.
Үрімші пайдабалы қазбаларға өте бай, оны тіпті көмір қаласы деп те
атайды. Бұл жердің көмір қоры шамамен 9 млрд тоннаға бағаланады.
Қалада 3000 астам өнеркәсіптік ұйымдар бар. Олардың бағыттары мұнай
өңдеу, текстиль, механика, азық-түлік өндірісімен, қара металлургиямен,
құрылыс материалдарын өндіру, электротехника, химия өндірісімен айналысады.
1997 жылдың желтоқсанында Үрімшіде шетелдік инвестициялармен 339 ұйым
тіркелді, оның ішінде шетелдік инвесторлар – 20 астам елдер мен аудандар,
соның ішінде Азиядан, Еуропадан және Солтүстік Америка елдерінен.
Үрімшідегі ашық экономикалық зона және жоғарғы технологиялық өндіріс
ауданы мемлекеттің ҚХР Мемлекеттік санкцияларының ашық аудандары болып
табылады. Соңғы жылдары инвестициялық климат біраз жақсарды, мұнда
инфраструктуралық құрылыс, қала және тұрғын үй құрылысы жақсарды. Қалада
көптеген қазіргі заманға сай мүйлер салынды, көшелерде көлік көбейді.
Мәдени-білім орталықтары тез дамуда. Синьцзян университеті, Синьцзян
ауылшаруашылық университеті және тағы да көптеген жоғарғы оқу орындары бар.
Шинжяң-географиялық жер бедері кесек те өзгеше, көрінісі көз тартатын жер,
сондай-ақ көлемі кең-байтақ, қатынас желісі ұзаққа созылған туризм аумағы.
Бүгінде, туризм Шинжяңның маңызы зор тіректі кәсіптерінің біріне айналды.
Оңтүстік, Солтүстік, Шинжяңның қатынас торабындағы Үрімжі-байырғы жібек
жолындағы маңызды қала, Азия-Еуропа екінші құрлық көпірінің көпір басы
бекеті, Қытайдағы үздік саяхат қаласы.
Үрімжі Тянь- Шань тауының солтүстік бөктерінідегі жайылымды белдеуге
орналасқан, таумен қоршалып, сумен белдеуленген, шұрайлы, кең-жазира Азия
құрлығының географикалық орталығына орналсқан, Азия кіндігіндегі орталық
қала деген атағы бар, дүние жүзіндегі теңізден ең алыс мегаполис. Оқшау
географикалық орны үрімжіге бай мазмұнды саяхат байлығын сыйлайды: Қарлы
шың, мұздық, орман-тоғай, жайлау, құба шөл, көл, құмды дала, не десеңіз сол
табылады. Онда тарихы ұзақ жібек жолының мәдениеті мен өнері, ұлттық
ерекшелікке ие гуманитарлық көрініс және діни-тарихи-мәдени мұрағаттардан
тыс, халықтардың шұғылалы салт-дәстүрі де бар; Айбынды да ғажайып, тылсым
табиғи көріністері тағы жатыр. Сондықтан, Үрімжі ел іші және шетел
саяхатшылары аңсай ұмтылған саяхат ортасына айналып отыр.
Үрімжіні түсінуді Үрімжінің Көне 8 көрінісі мен Жаңа 10 көрініс
тамашалаудан бастаған жөн. Айталық, Үрімжіге келгенде, өңірлік ерекшелікке
ие Азаттық даңғылының Оңтүстік бөлігіндегі Ырдаучау Шинжяң ұлттық ғұрып -
әдет көшесіне ат басын тіреп, Ырдаучау ұлттық базарын, Шинжяң халықаралық
ірі базарын, Шинжяң ұлттық көшесін аралағаннан кейін ғана Үрімжіге
келгендей боласыз.
Табиғи көрініске жаныңыз құмартса, Үрімжінің Наншан көрініс аймағы
айызыңызды қандырары хақ; Шинжяңның діни мәдениетіне қызықсаңыз, Шанши
мешіті, Хантәңірі мешіті, Нанда мешіті, Уынмяу будда храмы, Шұймогу Чиңчуан
мешіті секілді жерлерге барсаңыз мол табыспен қайтасыз; Шинжяңның тарихи
мұрағаттарынан хабарлы болмақ болсаңыз, автономиялы райондық мұражайға,
Ұланбай байырғы қаласына барсаңыз құралақан қайтпайсыз.
Бойжеткендер мен ханымдар базар аралап зат алу үшін шинжяңдағы ең ірі
сауда даңғылы – Үрімжі жұңшан сауда көшесіне барғаны абзал. Бұл ара 1773
жылдың өзінде - ақ недәуір көлемді сауда аумағына болып қалыптасқан. 200
жылдан астам уақыт даму арқасында, қазір ел іші және шетелдегі әйгілі 125
кәсіпорын осында ірге тепті, дүниежүзіндігі 500 мықты кәсіпорынның 8-і
осында бизнес жүргізеді . Күнделікті клиенттер саны 50 мың∕адым реттен,
жылдық клиенттер саны 50 млн адам∕реттен асып отыр.
Үрімжіде Шинжяңдағы тұңғыш Қарғалдақ таулы Голфь алаңы, Батыс
бөлектегі ең үлкен Құм-жазира жасыл алқабындағы океанариум, Дабанчың жайы
хайуанттар - өсімдіктер қорық аумағы ( жабайы жануарлар паркі), және қалаға
ең жақын Тянь-Шань № 1 мұздық , Азия құрлығының географикалық кіндігі
сияқтылар да бар. Осыдардың қай- қайсысы да барсаңыз қимай аттанып, таңдай
қақтырып қайта айналдырған жерлер.
Үрімжінің көркем көріністі жерлерін көріынп көз айдын болғыңыз
келгенмен, мойын бұрарлық уақытыңыз болмаса, Шинжяңдағы тұңғыш саяхаттық
сауық телеарнасы UTV-5-ті тамашалаңыз; Шинжяңдағы тұңғыш саяхаттық сауық
радиосы FM 106.5-ті тыңдаңыз. Үрімжінің саяхаттық сайты WWW.URIMQIT –ты
ашып, саяхаттық сауық хабарларын көріңіз. Үрімжідегі ақ еділ, меймандос әр
ұлт халқы құшақ жая қарсы алары сөзсіз... Жүріңіз жібек жолымен даңғыл
әрі байырғы , аралаңыз Азия кіндігіндегі зор шаһарды!
Үрімжі туризм жұмысын 1978 жылы бастады. Сонан қазірге дейін 29 жылдық
даму барысын басынан кешірді. Алғашқы бірнеше жылда, географикалық орын мен
экономикалық деңгейдің шектемесі себепті, халықаралық саяхатшы саны, табыс
шамасы тым мардымсыз еді. Үрімжінің саяхат істері алдыңғы ғасырдың 90
жылдарында ғана пісіп жетілген дәуірге қадам басты . Үрімжінің саяхат
кәсібі таңданарлық қарқынмен дамып, қабылдаған саяахатшы саны, саяахат
кірісі, GDP(яғни ІЖӨ)- де иелеген үлесі жан-жақты артып, Үрімжінің 3-
кәсіп саласының серкесіне айналды.
Мемлекеттік саяхат мекемесі 2001 жылы Үрімжі қаласына Қытайдың үздік
туризм қаласы деген атақ беріді. Сонымен қатар, Үрімжідегі университеттер
шетінен саяхат кәсібі факульдеттерін ашты. Қытайдың WTO –ға қатынасуына ,
батыс бөлікті барынша ашу стратегиясының атқарылуына байланысты, Үрімжі
қаласының саяхат кәсібі табылмайтын тарихи даму орайына дөп келіп
отыр.лымды
Үрімжі инфра құрлымдарды үздіксіз күшейтіп, саяхат кәсібіне құйылатын
қаржат салымын арттырып, саяхаттық қызмет өтеу құрылғыларын кемелдендіру,
саяхаттық қызмет өтеу кәсіпорныдары шоғырын нығайту, саяхат кәсіби
ресурстарын кең көлемде ашу, саяхат орындарының мәдени құрамы мен
тауарларының қосымша құнын арттыру арқылы, Үрімжінің саяхат маркасын
сомдады. Үрімжі 2006 жылы саяхатқа арнаулы 20 млн юан қаржы жұмсап, Жібек
жолы экологиялық бауы, Шинжяң Тянь- Шань хайуанттар бауы, Тұздыкөл
саяхаттық көрініс аумағы, Тянь- Шанның нән жырасы Т.б. басым бағытты
саяхат түрлері бойынша, инженериялық құрылысын баса қолдады.Саяхат кәсібі
тамаша арын танытып, қатысты кәсіптердің қауырт дамуын жебеді.
Үрімжі қаласы саяхатта баянды даму стратегиялық ұстанымына табанды
болып, саяхат қайнары, қоршаған орта сәйекестігі дамыған жағдайды жасауға
бар күшін салды; Абзал байлық қайнарын сүйеніш ете отырып, жергілікті
ерекшелікті сәулелендіру, саяхатты дамыту жоспарын ғылыми жүйеде жасауға
табанды болып, туризм кәсіби дамытуды бүкіл қаланың халықшаруашылығы мен
қоғам даму жоспарына кіргізеді.
Үрімжі қаласының даму жобасын төрт бір -ге жинақтауға болады.: яғни
бір орталық – Азия құрлығының географикалық орталығы: бір ерекшелік-
Ырдаучяуды түйін еткен жергілікті ұлттық ерекшелік; Бір желі – Ұланбай-
Лүнтай байырғы қаласынан Дабанчыңға дейінгі жібек жолы алтын саяхат желісі;
Бір көрініс аумағы –Наншан орман – тоғйлы жайлау экологиялық аумағы.Үрімжі,
Боғда көлі, Наншан, Тұрпан – негізінен бір-бірінен жалғасқан бір саяхат
аумағы болып табылады. Негізінен Үрімжіні өзек еткен бұл аумақты
аралауға 2-3күн ғана уақыт кетеді.
Үрімжі қаласы туризм кәсіби дамуға қаржы салушыларды көптен баурау үшін,
осы қалаға келіп саяхат ресурстарын ашуға, саяхат көрінісі түйіндеріне және
саяхаттық инфрақұрлым құрылысына қаржы қосқан ел іші сыртындағы қаржылы
кәсіпорндырдың саяхат обьектілерін бастағаннан 2010 жылға дейін кәсіпорын
табыс салығын, көлік салығын , мекен- жай және жерден пайдалану салығын
кешірім етті.
Үрімжі қаласы туризм мерекесін, құттықтау қимылдарын белсене өрістетіп,
саяхатты мереке арқылы дамытты. Көрме саяхаты, сауда саяхаты, сауда
саяхаты, қалаға саяхат, экологиялық саяхат, мәдениет саяхаты, мереке саяхат
т.б. жаңадан көркейген саяахат, базаларын барынша көп ашты және бам ытты.
Үрімжі бұдан сырт жергілікті ерекшелікке ие туризм тауарларын дамытуға
мән берді. Саяхат, сауда істері информация торабын тезден құрып, торап
арқылы үгіт жүргізіп, сауданы жебеу, ақыл-кеңес беру, тапсырыс қызыметтерін
өтеді. Саяхат статикасын және информациясын жариялау қызыметін
кемелдендіріп, саяхат кәсібінің дамуын информациялау арқылы дамытты.
Үрімжі-Қытайдан Батысқа ашылған жалғыз қала, герграфиялық абзалдығы
Үрімжі қаласының ел іші-сыртындағы саяхат сауда базарын кеңейтуіен түрткі
болды. Үрімжі орта Азия, Ресей, Еуропа, Гонконг, Макау, Тайуан, Жапония,
Корея және Шығыс-оңтүстік Азия секілді жақтардан гекара аксып келетін
саяхатшыларқайнарының базарлармен байланысын күшейтіп, халықаралық
саяахаттық бизнес торабын біртіндеп қалыптастырды.2006 жылы бүкіл қала
елден және шетелден 7 млн 800 мың адам ∕рет саяхатшы қабылдады. Жалпы
саяхат және зат сату кірісін 7 млрд 680 млн юанға жеткізді.Бұның 190 мыңы
халықаралық саяхатшы, халықаралық саяхат пен зат сату кірісі 4 млрд 470млн
юан болды. Үрімжіге саяхатпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синьцзянның ежелгі мәдени ескерткіштері
Халықаралық туризмнің тарихы
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін анықтау, қызметтерін анықтау
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Пәндер