Сырым Датов басшылығымен жасалған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі



I. Кіріспе
1. 1783 жылғы шаруалар көтерілісі
2. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші

II. Негізгі бөлім
1. Игельстром реформасы
2. Сырым Датов ерлігі

III. Қорытынды
Е.И. Пугачевтың басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан 1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бұрқ ете қалды. Көтерілісшілерге ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-1775 жж.шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарға қысқы уақыттары Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Бірақ , патша үкіметінің бұл көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді, сондықтан аймақтағы позициясын нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынды. Қазақтардың жер мен суға деген құқығының кеңейтілуіне Орал казактарының әскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27 желтоқсан да үкіметтің жоғарыда көрсетілген аудандарға қыста мал айдауға қазақтардың ол жерлерді тек жалға алған жағдайында ғана рұқсат етілетіндігі туралы жарлығы шықты. Орал казактары бұл жарлықты өз мүдделеріне пайдаланып, казак жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тиым салды. Бекіністің Орал желісінде кордондық күзет күшейтілді, оның үстіне жалға алатын жері үшін қазақтар ақысын төлеумен бірге, аманаттарын қалдыруға тиісті еді.
Пугачевтың шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта жүздердегі тәуелділік қатынастардың одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды. Айталық, Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірте-бірте іргелерін аулақ салып, патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ ақсүйектері арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті, мұның өзі феодалдық бытыраңқылықты күшейтті.
2. Қазақстан тарихы очерктер
(А.К. Ақышев, М.Х. Асылбеков) Алматы «Дәуір»
баспасы 1994 ж

3. Қазақстан тарихы (9 сынып)
(Ж.Қ. Қасымбаев) Алматы «Рауан» 1997 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сырым Датов басшылығымен жасалған
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

Жоспар:

I. Кіріспе
1. 1783 жылғы шаруалар көтерілісі
2. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші

II. Негізгі бөлім
1. Игельстром реформасы
2. Сырым Датов ерлігі

III. Қорытынды

Е.И. Пугачевтың басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан
1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783
ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бұрқ ете қалды. Көтерілісшілерге
ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-
1775 жж.шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға
жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж.
7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарға қысқы
уақыттары Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі
жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындағы жайылымдарды пайдалануға
рұқсат етті. Бірақ , патша үкіметінің бұл көнімпаздығы амалсыздықтан туған
еді, сондықтан аймақтағы позициясын нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін
жоюға немесе шектеуге талпынды. Қазақтардың жер мен суға деген құқығының
кеңейтілуіне Орал казактарының әскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27
желтоқсан да үкіметтің жоғарыда көрсетілген аудандарға қыста мал айдауға
қазақтардың ол жерлерді тек жалға алған жағдайында ғана рұқсат етілетіндігі
туралы жарлығы шықты. Орал казактары бұл жарлықты өз мүдделеріне
пайдаланып, казак жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тиым салды.
Бекіністің Орал желісінде кордондық күзет күшейтілді, оның үстіне жалға
алатын жері үшін қазақтар ақысын төлеумен бірге, аманаттарын қалдыруға
тиісті еді.
Пугачевтың шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта
жүздердегі тәуелділік қатынастардың одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды.
Айталық, Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірте-бірте
іргелерін аулақ салып, патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ
ақсүйектері арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті,
мұның өзі феодалдық бытыраңқылықты күшейтті. Қазақ аристократиясы мен ру
ақсүйектерінің Пугачев көтерілісіне әр түрлі көзқарасы ХVIII ғ. 80-
жылдарында аристократия мен ру ағамандары одағының ажырауына және ХVIII ғ.
70-90-жылдарының аяғында хандық биліктің күйзелуіне әкеп соқты. Нұралы
ханның кіші жүздегі ықпалы бірте-бірте төмендей бастады, мұның өзі оның
саяси оқшаулануына, халық бұқарасының қайтадан көтеріліп, Кіші жүзде хан
билігін жоюға алғашқы әрекеттер жасалуына алып келді.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шапқыншылығы
басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьяль
бекінісіне шабуыл жасап, солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті.
Орынбордан солтүстік-шығысқа қарайғы жерде тама руының ағамандары Қадыр мен
Садыр басқарған жасақтар әрекет жасады. Олар Красногор бекінісі мен Татар
қыстағына шабуыл жасауға дайындалып жүрді.
Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған
жазалау отрядтары мен жүзбасы С.Харитонов
басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары
Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ қазақтардың тастан
қалап тұрғызған бекінісі сол отрядтың баса көктеп шабуылдауымен алынды.
Тұтқынға түскен 56 адам қазына жұмыстарын атқаруға жіберілді.
Қазақтардың бекіністері мен сауда керуендеріне шабуылдары жаз
айларында жиілей түсті, мұның өзі ортаазиялық хандықтармен сауданың
нашарлап кетуіне әкеп соқты. Қарғай бекінісіне шабуыл жасалды, Орынбор мен
Илецк қорғанысы аралығындағы қозғалыс бақылауға алынды. Әсіресе Орск
бекінісі мен Нижнеуральск дистанциясы аудандарындағы әрекеттер белсенді
жүргізілді. Серкеш руынан шыққан атаман Дулат басқарды. Бірақ бұлар әзірше
біріктіретін орталығы жоқ жекелеген әрекеттер еді. Сол кезде халық
қозғалысының басына Байбақты руының ағаманы Сырым Датов келді. Орыс жазба
материалдарында Сырым Датов туралы алғашқы деректер Е.И. Пугачев
қозғалысының тұсында келтірілді. С.Датов 1774 ж. Е.И. Пугачевтің әскерінде
қазақ жасағын басқарған деген Орал казагі Ф.Курицынның хабары бар.
А.В.Суворовтың граф П.И.Панинге 1775 ж. 22 маусымдажеткізген хабарламасы
сақталған. Онда ол С.Датов туралы Е.И.Пугачев көтерілісінің белсенді бір
қатысушысы болған деп хабарлайды. Бірақ 1776 жылдың күзінен бастап Сырым
Датов бұл қозғалыстан кетіп, көтерілісшілерге қосылып, Орал казактары
әскріне қарсы күреседі. 1782 жылы желтоқсанда Сырым Датовты оралдық
казактар Тополихинск форпосты маңында тұтқынға алған болатын, 1784 жылдың
көктемінде оның қарындасыны үйленген Нұралы хан тұтқынан сатып алып
босатады. Оны сатып алу соммасы 70 жылқыдан және ақшалай 350 сомнан тұрады.
1784 жылдың мамыр айынан Сырым Датов оралдық қазақтар мен кескілескен
ұрыстар жүргізеді. Қазақ жастары Нижнеуральск желісі ауданында, Орск
бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым Датовтың жасағында 1000
қазақ болды. Бұл кезде Сырым Датов Нұралы ханнан іргесін аулақ салды.
Дәл сол кездері жазалаушы экспедицияның даладағы әрекеттері күшейе
түсті. Елек өзенінің бас жағына 237 орынборлық казактар мен 2432 башқұрттан
тұратын отрядты басқаруға генера –майор Смирнов жіберілді.
1785 жылы қазақтардың патша отрядтарымен кескілескен шайқастары
Нижнеуральск желісі ауданында одан әрі жалғасты. Сырым Датов – 2700,
старшина Барақ – 2000 және Тіленші 1500 қазақтан тұратын жасақтарды
басқарды. Оларға қарсы казактардың Орал әскерлері старшындары Колпаков пен
Пономарев және прьмер - майор Назаров командалық еткен үш отряды
жасақталды. Бұлардың соңғысы Сахарный бекінісі мен Антонов қамалына
шабулдаған Сырым Датовтың жасағына қарсы шайқасты.
1785 жылдан бастап ру ағымдарының Нұралы ханмен және оның
төңірегіндегілермен күресі күшейе түсті. Ағамандар патша үкіметінен Нұралы
ханды биліктен тайдыруды және Кіші жүзді басқару ісін жаңа негізде құруды
талап етті. Жүзді үш бөлікке немесе ордаға – Байұлындық, Жетірулық және
қаракесектік етіп бөлу ұсынылды. Олардың әр қайсысында ағамандар мен халық
жиналысы сайлаулары өткізілді. Қаракесек бөлігінде ағамандар болып Сегізбай
би, Байұлында – Тормамбет би, Жетіруда – Тіленші батыр сайланды. Сырым
Датов барлық үш орданың кеңесшісі болып сайланды, оған көмекшілікке
ағамандар Көккөз би мен Қаратау би берілді. Ағамандар салтанатты жағдайда
патша үкіметіне адалдығына ант қабылдады. Осымен Қазақстандағы отаршылыққа
және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Патша үкіметі ағамандар жиналысына шекаралық сот ұйымдастыруға келісім
беруді ұсынды. Мұның өзі дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін жою жолындағы қадам
болған еді. Ағамандар шекаралық сот жөніндегі мәселеге абайлап қарады, оны
шешуді болашаққа қалдырды. Ағамандардың бір бөлігі хан билігін сақтауды,
жаңа хан сайлауды қалады. Ағамандар патша үкіметінің алдына қысқы
жайыламдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды.
1786 жылдың көктемінде Нұралы хан Кіші жүзден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс және Сырым Датов
Сырым Датұлының өмірі
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Нұралы хан
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылыгымен жасаган көтерілісі (1783—1797 жж. )
Пәндер