Мал қораға қойылатын ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... 8
1Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық Департамент туралы ереже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Мал қора салатын жерге қойылатын ветеринариялық.санитариялық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3Техникалық қауіпсіздік ... .27
Қорытынды ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Мырзабеков Ж.Б. Ветеринариялық гигиена: оқулық /Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. - Алматы: "Білім" баспасы, 2005. - 132б.
2 Таңатаров А. Құс шаруашылығы: оқулық /А. Таңатаров, Ш.Ә. Әлпейісов, С.Т. Дабжанова- Алматы, 2005.-193б.
3 Төреханов А.Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: анықтамалық /Төреханов А.Ә., Жазылбеков Н.Ә., Кинеев М.А. - Алматы: "Бастау" баспасы, 2006. - 181б.
4 Омарқожаев Н.Малды құнарлы азықтандыру:оқу құралы /Омарқожаев Н.-Алматы, Картография, 1993-131б.
5 Саданов А.К.Экология: оқу құралы /Саданов А.К.,Сванбаева З.К.- Алматы, Агроуниверситет, 1999. -144б.
6 Мамышев М.М. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану: оқу құралы- Алматы,"Агроуниверситет", 2002- 170б.
7 Мырзабеков Ж.Б. Жалпы зоогигиена: оқулық /Мырзабеков Ж.Б. және т.б. Алматы, КазНИИНТИ, 1992.-168б.
8 Гершун В.И. Ветеринарлық гигиена: оқулық /Гершун В.И., Муслимов Б.Б.- Алматы, Қайнар,1994.-123б.
9 Волков Г.К. Ветеринарно - санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животноводства: учебник для вузов /Волков Г.К.,и др.. М. Колос, 1979.-167с.
10Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.- 126б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Мал қораға қойылатын
ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбына жазылған курстық жұмыс
30 беттен тұрады.
Бұл курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу,
техникалық қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қарастырылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартылған сөздер мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... 8
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1Ветеринария туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10
1.2Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы
ереже ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...15

1.4 Мал қора салатын жерге қойылатын ветеринариялық-санитариялық

талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3Техникалық қауіпсіздік ... .27
Қорытынды ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МСТ 13 265-88 Сиыр сүті. Дайындау кезіндегі талаптар

Ф. 7. 04 – 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ жоғары мектебі
___________________________________ __ ____ кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

_____________________

(қолы,аты – жөні)

_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)
_____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.

Анықтамалар

Санитария - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған
практикалық шаралар жиынтығы
Каркас - ғимараттың негізгі тірегі, ол ендік және бойлық
элементтерден тұрады.

Дербес жоба - айырықша сирек объектілер үшін жасалады. Дербес жоба
көбінесе экспериментальдык болып келеді. Оны ғимаратты, не кешенді
құрылыстарды тек бір-ақ рет салу үшін қолданады.

Экспериментальдық жоба- тікелей өндірістік жағдайларда жаңа техникалық
шешімдерді мұқият тексеру қажет болған жағдайда жасалады.

Қайта қолданылатын жобалар - барынша сәтті жасалған дербес жобаларды
қайтадан колдану керек болған кезде пайдаланады.

Типтік жоба - біртекті объектілерді жаппай салуға және қолдануға
арналған. Олар өзінің орны мен негізгі параметрлері жағынан көп қолдануға
болатын жобалық шешім.

Жұмысшы жобаны - типтік жоба бойынша салынатын кәсіпорын ңысандарына
жасайды. Оған мыналар қажет: жалпы түсініктемелік жазба, құрылысты
ұйымдастыру, сметалық құжат, жұмыс жобасының паспорты, жұмысшы құжаттар.

Түсініктемелік жазба - шындап келгенде бұл жобалаушылардың негізгі
түпкі құжаты.

Монолитті едендер - ол топырақ, саз балшық, сазды қиыршық тастар,
топырақ аралас бетоннан жасалады. Әк (известь) пен керамзитген, бетоннан,
цемент пен құм араластырылып жасалған, жиналмалы монолитті, кірпіш және қыш
едеңдер қолданылады.

Ағаш едендер - саз балшық немесе бетон үстіне сүргіленген ағаштан
төселеді. Мұндай едендерді мал көп тұратын, тынығатын орындарга төсейді.

Керамзитті-бетон еден - зауыттарда жасалатың ірі аукымды плиталардан
салынады.
Жобалық тапсырма - жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген
жобалаудың алғашқы сатысы.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:___________________________________ __________
Мамандығы:___________________________________ ______________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы, аты – жөні
_______________
қолы, аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған
экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен
өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын
толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы
ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік
саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы
қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық
талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде
ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл
ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты
негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы
қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы
дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.
Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі
аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе
жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға
шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын
ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою
жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны
анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық
өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет
көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы
кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-
қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға
сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының
себебі болды.
- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық
жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және
ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,
халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен
қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
- мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан
ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал
екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пункттерінде тексерілетін
жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет
территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік
ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
- заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру, қажетті материалдар дайындау
мен белгіленген жобалық шешімдерге толық келісімнің барлығына жобаға заказ
беруші жауап береді.

Таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, таскын не нөсерлі жаңбырдан соң,
су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және
желдетіліп тұратын, соңдай-ақ, осындай орыңда қатты желден, құм дауылынан
және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман-тоғай маңына
салынғаны немесе айнала ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға
қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмауы тиіс.
Топырағы құрылыс салуға колайлы болғаны жөн. Жер қыртысының құрамы су және
ауа өткізгіщ, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек
отырғызуға жарамды болса тіпті жақсы.

Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны
жөн. Сонымен бірге ол жер санитариялық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су
қысыммен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз
суы жеткілікті болу керек.

Мал шаруашылығы кәсіпорындарын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи
ауа райына да назар аударған жөн. Жер көлемін айқындау мал фермасының
кеңейтілуін және оны мал азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып
жүргізіледі [1,2].

Курстық жұмыстың мақсаты – мал қораға қойылатын ветеринариялық-
санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1Негізгі бөлім

1.1Ветеринария туралы заң

Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық,
ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық-
санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік
қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен
адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Жалпы ережелер
Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері
диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының
нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін
куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу - ветеринариялық
препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін,
иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау
мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан
өткізу;
ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан
улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды
емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына
сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық
қызмет саласы;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың
жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:
ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық
және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;
ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-
санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат,
ветеринариялық сипаттама;
ветеринариялық іс шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын,
емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын
болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп
төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға,
алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың
және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті
болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын
нормативтік-құқықтық акт;
ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы,
диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция,
дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден
алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған
парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы,
түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және
оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері
мен сипаты көрсетіледі;
жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар,
хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар,
гельминттер, кенелер, жәндіктер;
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды
сараптамадан, байқаудан өткізу;
ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі - ветерианрия
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден
өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға
рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында
індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан
қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және
әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және басқа
орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-
санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның
мамандандырылған бөлімшесі;
ауру бойынша қолайсыз пункт қолайсыз пункт- індет ошағы белгіленген
аумақ:
ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды
өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу,
стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе
қолдану;
шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және
індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы
жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын
ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық
іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса
алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына
немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар
аурулары;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-
шөп және жем-шөптік қоспалар;
жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын
ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері,
жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу – ветеринариялық
препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті
әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер
кешені;
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік
қызмет – жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының
қоздырушыларын типтендіруді белгілі бір түр ішіндегі типтік
айырмашылықтарды анықтауды, олардың профилактикасы мен дигностикасы
шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы
жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
базар – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату
орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды
сақтандыруға арналған және немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн,
түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-
қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа өнімдер;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан
Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;
індет моноторингі – эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты
ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген ұсталған, өсірілген
аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық шаруашылық жағдайлары,
жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса
алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау
жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын,
өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
індет ошағы – жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және
ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
індет – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың
аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы
Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері
қоланылады.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан
қорғау;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен
таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу
және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың
сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және
олардың біліктілігін арттыру [10].
1.2Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды
бұзғаны үшін жауаптылық

Ветеринарияны қаржыландыру көздері
Мыналарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге
асырылады:
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік
құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың
республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
үкіметі бекітткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып
қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;
ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық
коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар;
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес өзге де ветеринариялық
іс-шаралар.
Табиғи монополялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге
асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау объектілері иелерінің есебінен мынандай
ветеринариялық іс-шаралар орындалады:
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан
өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүгізу;
ауылшаруашылық жануарларын, базарларды ветеринариялық қадағалау
бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі
ұйымдарды бірдейлендіру рәсімі;
базарлардағы ветеинариялық-санитариялық сараптама;
дегельминтизация, дезинсекция, дератизация, дезинфекция (мемлекеттік
шекарадағы вет. бақылау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
жануарлардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген
аса қауіпті ауруларын қоспағанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың
профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен республикалық бюджеттің кірісі есебіне аудара отырып,
ветеринариялық-санитариялық қорынтынды мен ветеринариялық куәліктің
бланкілерін беру.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының бұзылуына
кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты
болады.
Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залады өтеуден
босатпайды.
Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мал дәрігерлігі туралы 1995 жылғы
25-шілдедегі №2376 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1995ж. №14 құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1998 ж. №17-18, 225 құжат; №24, 443-құжат) күші жойылсын деп
танылсын.

1.3Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық
Департамент туралы ереже

Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
ветеринариялық Департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі құзіретінің шегінде арнайы
атқарылушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ
мал дәрігерлігі саласында аралық үйлестіруді дербес жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының ведомствасы болып
табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының
конститутциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының
Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге
асырылады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы
мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары,
белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес
банктарда шоттары болады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Департаменттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе,
мемлекеттің тарапынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына
құқығы бар.
4. Департамент өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда
белгіленген тәртіппен республиканың аумағында міндетті күші
болатын бұйрықтар шығарады.
5. Департаментінің құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді. Штат санын министрліктің штат саны лимитінің
шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
бекітеді.
6. Департаменттің заңды мекен-жайы:
473000. Астана қаласы, Достық көшесі, 6.
7. Департаменттің толық атауы- Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау
департаменті мемлекеттік кәсіпорны.
8. Осы ереже департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Департаменттің қызметін қаржыландыру тек республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады.
Егер Департаментке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік
бюджеттің кірісіне есептеледі.
Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10.Департаменттің негізгі міндеттері:
1) жануарлар менқұстардың аса қауіпті әрі карантинді жұқпалы және
паразиттік ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мақсатты
бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) меншіктіктің барлық нысандарындағы заңды және жеке тұлғалардың мал
дәрігерлігі ережелерін сақтауы және мал дәрігерлігінде биологиялық,
химиялық, басқа да препараттардың қолданылуын бақылау функцияларын жүзеге
асыру;
3) мал дәрігерлігі саласында мамандар даярлау, мал дәрігерлік
препараттарын шығару және мал дәрігерлігінің проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу жөніндегі негізгі бағыттарды айқындауға және
бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу;
4) республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлар ауруларының
әкелінуінен қорғау, оның ішінде шекарада және көлікте мемлекеттік мал
дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ету;
5) өнімнің, жануар тегінен шыққан шикізаттың сапасын мал дәрігерлік-
санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
6) мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қоршаған табиғи ортаның
ластануының алдын алу болып табылады.
11.Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген
тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мал дәрігерлік қызыметті лицензиялауды жүзеге асырады;
2) жануарлар ауруларын алдын алу және оларды жою жөніндегі
бағдарламалардың мониторингін, оларды болжауды, әзірлеуді ұйымдастырады,
жануар тегінен жасалған өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық
сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
3) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының тізбесін жасайды және
оны Үкіметке бекітуге ұсынады;
4) жануарларды аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда, оларды
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, оқшаулау туралы
барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқау береді;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдармен өзара іс-қимылды
халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды қамтамасыз етуді
және жануар тегінен жасалған азық түліктермен уланудың алдын алуды жүзеге
асырады;
6) мал дәрігерлік нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда, қажетті мал
дәрігерлік-санитарлық, эпизоотияа қарсы іс-шаралар жүргізілгенге дейін мал
өсіру объектілерін пайдалануды, ет және сүт өнеркәсібін ұйымдастыруды,
жануарлар тектес азық-түліктер мен шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау
жөніндегі ұйымдастыруды тоқтата тұрады;
7) жануарлардың ауруына байланысты мал дәрігерлік статистикасын
жүргізеді, есеп пен есептілік нысандарын жетілдіру жөніндегі ұсыныс
енгізеді;
8) заңды және жеке тұлғалардың мал дәрігерлік алдын алу іс-шараларын
жүргізуін, олардың қолданылып жүрген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді
сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрігерлік заңдарын
бұзуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
9) республиканың аумақтарын шет мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы
ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын
бақылайды;
10) шекаралық және көліктік мал дәрігерлік бақылау пунктері арқылы
мемлекеттік мал дәрігерлік бақылауды, жануар тегінен жасалған азық-түліктер
мен шикізаттардың, жемшөптің, биологиялық, химия-фармацевтік препараттардың
және басқа да бақыланатын жүктердің импортын, экспортын, транзитін және
республианың ішінде тасымалдануын, мал айдауды қадағалауды жүзеге асырады;
11) өз құдіретінің щегінде мал дәрігерлігі жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерді бекітеді;
12) лобаратория ісі және жануарлар мен құстар ауруларының диагностикасын
жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
13) отандық және импорттық мал дәрігерлік препараттарына, аспаптарына,
құралдарына, мал азығын қосымшаларға тіркеу куәліктерін береді және оларға
арналған нормативтік-техникалық құжатаманы бекітеді, оларды өндіруге және
қолдануға рұқсат береді;
14) мал өсіру фермаларын, жануарларды сою және жануар тегінен шыққан
шикізаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарды жоспарлаудың және құрылысын
салудың жобаларына, көрсетілген объектілердің және жануарларға арналған су
қорғандарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін бөлудің жобаларына
сараптаманы жүргізеді;
15) халықтың арасында мал дәрігерлігі және мал дәрігерлік-санитарлық оқу-
ағарту жұмыстары саласында насихатты ұйымдастыру;
16) республикалық бюджеттен мал дәрігерлік алдын алу, эпизоотикаға қарсы
және сауықтыру іс-шараларын жүргізуге бөлінетін қаражатың мөлшерлері туралы
ұсыныс енгізеді;
17) мал дәрігерлігі қызыметін ұйымдастырудың отандық және шетелдік
тәжірибесін зерделейді, ұсыныстар енгізеді және өз құзіретінің шегінде таяу
және алыс шетелдермен мал дәрігерлігі саласында ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
18) Қазақстан Республиккасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
12.Департаменттің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген
функциялардыжүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өз құзіретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық
актілер шығаруға;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы
болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншіктік
құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) өзіне жүктелген міндеттерді жүзге асыру үшін мемлекеттік органдар мен
өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға;
4) өз құзіретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды
жүзеге асыруға;
6) меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың мал дәрігерлігі заңдарының
нормаларын орындауын тексеру мақсатында оларды тексеруді жүргізуге;
7) заңды және жеке тұлғаларға эпизоотикаға қарсы және басқа да мал
дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды жүргізу және мал дәрігерлік-санитарлық
ережелердің бұзылуын жою туралы талаптар қоюға, сондай-ақ қойылған
талаптардың орындалуын бақылауға алу;
8) мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына жол
берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды әкімшіліктік жауаптылыққа
тартуға, оның ішінде айыппұл санкцияларын қолдануға;
9) эпизоотикаға қарсы іс-шаралар мен жануарлар ауруларының
диагностикасына арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысуға;
10) биологиялық, химиялық, фармацевтік, жемдік үстемелер мен мал
дәрігерлігі мақсатына арналған басқа да препараттарды өндірді және
пайдалануды бақылауға;
11) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3.Департаменттің мүлкі
13.Департаменттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14.Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15.Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен
шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Айғырларға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. айғырларды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Ветеринарлық санитарлық объектілерге қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар
Пәндер