Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2Торайлардың Ауески ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.2.1Торайлардың Ауески ауруының қабылдағыштығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2.2Торайлардың Ауески ауруының жұғатын көздері мен жолдары ... ... ... ... 14
1.2.3 Ауески ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.4 Ауески ауруымен дерттенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.2.5 Ауески ауруын дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.6 Ауески ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.2.7 Ауески ауруының өлексесіндегі патологоанатомиялық өзгерістер ... ... ...18
1.2.8 Ауески ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Індет процесі мен індет ошағын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі – ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.) Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология т.б.) тудыруға түрткі болады [1,2].
1 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Е.И.Қасымов - Алматы: Санат, 1992. –201б.
2 Сайдулдин, Т. Ветеринариялық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Т.Сайдулдин – І,2-кітап, Алматы: Санат, 1999. - 294 бет.
3 Носков, Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов /Носков Н.М.- Москва: Колос, 1961.-126б.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов /Поляков А.А.- Москва: Колос, 1964.- 179с.
5 Сюрин, В.Н. Частная ветеринарная вирусология: учебник для вузов /В.Н Сюрин, Н.В.Фомина – Москва: Колос, 1979.-132с.
6 Сюрин, В.Н. Диагностика вирусных болезней животных: справочник / В.Н Сюрин и др. М: Агропром, 1991.-211с.
7 Тәжібаев, А.С. Научные основы эффективной дератизации объектов ветеринарного надзора: учебное пособие для вузов / А.С. Тәжібаев - Алматы, 2000.-156с.
8 Мырзабекова, Ш.Б. Ветеринариялық вирусология: учебник для вузов /Мырзабекова Ш.Б – Алматы: Білім, 2004. – 215б.
9 Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009- 96б .
10Арзымбетов Д.Е. Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен Торайлардың Ауески ауруына
қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тақырыбы бойынша жазылған
курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық
қауіпсіздік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.

Анықтамалар

Ауески ауруы - жіті өтетін, өкпе кабынған, орталык жүйке жұйесі
закымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған
белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Иммунитет - латынның міңдеттен босану деген сөзінен шыққан. Ол
-организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның ішіңде зардапты
микробтардан, корғану қабілеті.
Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде
арылып иммунитет калыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші
болып калуы
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Агаммаглобулинемия - жас туған төлінің қаныңда иммуноглобулиңдер пайда
болмауы
Ретроспективті зерттеу - серологиялық еакциялар көмегімен зерттеу
Алиментарлы жолмен жұғу - зарарлы жемшөп пен су арқылы
Геморрагиялық диатез - қанталау
Індеттанулық болжау — індет процесінің пайда болуына, өршу кезеңдеріне
ғылыми прогноз беру.

Қысқартулар мен белгілер

Г - грамм
Сағ - сағат
Мм - миллиметр
Квт - киловольт
Кг - килограмм
СКЖЗ - синтетикалық кір жуғыш зат
О - градус
Мкм - микрометр
Км - километр
Т - тонна
Мс - метрсекунд
ПВС -поливинилді спирт
Ә.б. – әсер бірлігі

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Қысқартулар мен белгілер
Анықтамалар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың
алдын алу және оларды
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 9
1.2Торайлардың Ауески
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13
1.2.1Торайлардың Ауески ауруының
қабылдағыштығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .13
1.2.2Торайлардың Ауески ауруының жұғатын көздері мен
жолдары ... ... ... ... 14
1.2.3 Ауески ауруының індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.4 Ауески ауруымен
дерттенуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .16
1.2.5 Ауески ауруын дауалау және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.2.6 Ауески ауруының клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 17
1.2.7 Ауески ауруының өлексесіндегі патологоанатомиялық
өзгерістер ... ... ...18
1.2.8 Ауески ауруының
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..19
1.3 Індет процесі мен індет ошағын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.4 Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 3Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Ф. 7. 04 – 03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________

(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші
___________________________________ __________
(оқытушының аты –
жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты – жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты – жөні
_______________
қолы,аты – жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 – 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін

Каф.меңгерушісі __

_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______

№ Курстық жұмыстың мазмұны Орындалу Көлемі
мерзімі (парақ саны)
1
2
3
4
5
6

Ұсынылған әдебиеттер:
1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты – жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні,
студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап
көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері
халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50
елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал
шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал
шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының
алдын алу.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Республикамыздағы мал
шаруашылығының басым көпшілігінің, бұрынғы кеңес дәуіріндегі қатаң жоспарлы
түрінен, қазіргі жаңа жағдайға бейімделген еркін түрінде көшуі, алғашқы
жылдарда мал санының едәуір кемуіне соқтырғанмен, елдегі мал басының
түгелдей жеке меншік иелерінің қолына өтуі кейінгі жылдарда мал саны мен
сапасының көбеюіне және артуына себеп болып отыр.
Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2011-2012 жылдардағы өткізіп отырған
ауыл шаруашылық санағы да осы түпкі мақсатты көздейді. Бұл саладағы негізгі
бағыттың бірі мал шаруашылығы болғандықтан, оның құрамдас бөлігінің бірі –
ветеринарлық және зоотехникалық іс-шараларды мал шаруашылығында дұрыс әрі
тиімді жүргізу.
Мал шаруашылығында мал санын арттырып, одан шығатын өнімдердің
сапасын арттырудағы ең негізгі кедергілердің бірі – осы малдар арасында кең
таралған жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар болып табылады.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте
ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-
білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның
көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам
тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған
кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы
аурулармен кездесті.
Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл
бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл
аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып
жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау
малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы
(мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.)
Бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі
өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммунология
т.б.) тудыруға түрткі болады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – торайлардың Ауески ауруына қарсы
ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.
1Негізгі бөлім

1.1Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ
аурулардың алдын алу және оларды жою

Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар
мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңдармен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды
және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын
жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық
ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-
шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) Зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы,
аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың
ветеринариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес
ұсталуын, өсірілуін және пайдалануын жүзеге асыруға;
3) Аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ
жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты
сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды
ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге
сәйкес ұстаған, қоршаған ортаның ластануына жол
бермеуге;
4) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді
ұстауға, өндіруге, пайдалануға, дайындауға, сақтауға,
өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту
және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды
тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық
талаптарды сақтауға;
5) Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға
ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуді;
6) Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан
сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны
мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) Ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша
диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру
үшін жануарларды беруге;
8) Бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған
немесе ветеринариялық мамандарға хабарлауға және
ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік
келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар
қолдануға;
9) Ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру
үшін кедергісіз беруге;
10) Ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның
денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру, өңдеу
жөніндегі талаптарын орындауға;
11) Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей
жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейінгі
ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық
сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
12) Ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік
міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
13) Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға
жасалған ғылыми-техникалық құжаттаманы ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге
міндетті.
Ветеринариялық іс-шаралар
1.Ветеринариялық іс-шаралар:
1) ануарлар мен ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының
пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық
препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталынуының
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-
санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;
2) Шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың
аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуын алдын алу
мақсатымен індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-
шаралар болып бөлінеді.
1. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке
және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
Шектеу іс-шаралары және карантин
1. Шектеу іс-шаралары немесе карантин жануарлардың жұқпалы аурулары
пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторының нұсқауы бойынша, жергілікті атқарушы
органның шешімімен белгіленеді.
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін
жұқпалы ауруының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді.
3. Ветеринариялық іс-шаралары кешені өткізілген жағдайда, шектеу іс-
шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді тиісті аумақтың
бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша
жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
4. Тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының
ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен карантин
тақтартылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда шектеу іс-шаралары
белгіленуі мүмкін.
Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының
үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу
қауіпінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып
отыратын ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып
табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік
бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар
көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша
қордың нормативін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
3. Ветеринарялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен
пайдалану тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-
санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеинариялық немесе
ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның
денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын
көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін
белгілейді.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде
белгіленеді.
3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген
монитарингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда
қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен
сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу,
таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып
табылады.
4. Ветеринариялық нормативтерді ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді және олар ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті
болып табылады.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді алып қою, жою,
залалсыздандыру(зарарсыздандыру) және өңдеу
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін
жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың
қауіптілік дәрежесіне қарай, ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі
бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға, не
алып қойылмай міндетті түрде залалсыздандырылуға және өңдеуге
тиісі.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті
түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті
ауруларының тізбесін ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды
алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандырлуға және өңдеу
жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның
денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан
өздеріне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен өтеттіруге құқығы бар.
Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауды,
өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді, тасымалдау
мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға
ортақ аурулардан қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың
денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық
атқарушы органымен келісе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
Ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық
қадағалау бақылайтын жүктерді өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу
жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру
1. Ауылшаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының
класификациясы мен диагностикас жөніндегі ветеринариялық
дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатымен әрбір жануарға
қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретіндей міндетті
бірдейлендіруге тиіс.
2. Базарлар, жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттардың, жемшөп
пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі
ұйымдар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын
жүктердің Қазақстан Респулликасының ветеринаария саласындағы
заңдарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен
бірдейлендіруге тиіс.
3. Базарларды және жануарларды өндіру, дайындау, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөптік қоспаларды сақтау, өңдеу және өткізу
жөніндегі ұйымдарды бірдейлендіру тәртібін ветеринария
саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер және ветеринария мамандарын
даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметі
Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы
ғылыми-зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса
алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай
болуы керек.
2. Ғылыми-зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың
ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар
байқаудан өткізілуі тиіс.
3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми-
зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде
алынған штаммдарды ветеринарияда пайдаланатын сақтаулы
микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуы тиіс
[10].

1.2Торайлардың Ауески ауруы

Торайлардың Ауески ауруы жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке
жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі
қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902ж. сипаттап, құтырықтан
ажыратқан венгер ғалымы А.Ауески.
Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930
жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байкалады. Қазіргі уақытта оның
мал шаруашылығына тигізер зияны айтарлыктай. Әсіресе төлдері өте
сезімтал, 80-90 %-ке дейін қырылады.
Ересектері төзімді, ал баска жануарлардың жасы да, ересегі де өліп
қалады. Ауырып жазылған шошқанын өсуі баяулап, тұқымды
жануарлар құнын жояды. Карантин мен шаралар шаруашылыққа зор зиян
келтіреді.
Қоздырушысы - 1 - сызықшалы ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына
жататын, клетка ядросында көбейетін вирус. Жетілген вириоңдары 180, I
липопротеидті кабығы бар. Барлық ауылшаруашылык мал, терісі бағалы аңдар,
жабайы жануарлар мен кемірушілерге зардапты. Қоздырғышы — сүзілгіш вирус.
Оның көлемі 150—200 µ болады. Ол Шамберланның шырағынан да, Зейтцтің
фильтрінен де өтіп кетеді. Бұл вирус тауықтың 8—10 күндік эмбрионында және
ткань ішінде өсіп-өнеді.
Шошқа құрсағындағы торайдың өкпесінен әзірленген вирус егіндісінің
көбеюі 1 : 80 000 000 жетеді. Басқа органдардан гөрі вирустарды мидан және
өкпеден көбірек бөліп шығарады.

1.2.1Торайлардың Ауески ауруының қабылдағыштығы

Ауески ауруына ірі қара, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық, түлкі, қара күзен,
борсық, саршұнақ сондай-ақ жабайы шошқалар шалдыққыш келеді.
Бұлардың ішінде ауруға өте бейім тұратыны шошқа және ірі қара, олар
әсіресе жас кездерінде жиі ауырады. Бұл ауруға өте сирек түрде адам да
душар болады.
1.2.2 Торайлардың Ауески ауруының жұғатын көздері мен жолдары

Аурудың жұғатын негізгі көздері — ауру мал мен вирус тасушы малдар
болады.
Қабылдағыш малдарға ауру алиментарлы жолмен, яғни зарарлы жемшөп пен
су арқылы, ал ет қоректілер көбінесе тышқандарды немесе зарарлы ет жеп,
ауруға шалдығады.
Бұл аурудың көп тарауына себепші болатындар ұзақ уақыт ауырып, жұқпалы
вирустармен жүргеннен кейін жазылған үй жануарлары мен жабайы аңдар
[3,5,6].
Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, оны балау үшін
биосынамаға пайдаланады. Тым уыттылығы жоғары әр түрлі
пггаммдары кездескенімен, антигендік қасиеті жағынан біркелкі [1,2].
Төзімділігі жағынан оншама ерекшелігі байқалмайды, тура түскен
күн сәулесінен 6 сағат, шашыранды күн сәулесінен 12-48 сағатта,
ультракүлгін сәулесінен 1 минутта зарарсызданады.
Жем-шөп пен көңде, топырақта басқа заттарда қыста 21-60 күн,
көктемде 35 күн, жазда 20 күнге дейін сақталады. Шіріген өлекседе 10-28
күн, ал кемірушінің кепкен өлексесінде 8-ден 175 күнге дейін
сақталады. Биотермиялық зарарсыздаңдырғанда 8-15 күн ішінде жояды.

Күйдіргіш натрийдін 3% ыстық ерітіңдісі, формальдегид,
жанадан сөндірілген 20 % әк вирусты 5-20 ішіңде өлтіреді, ал креолин
мен карбол қышқылы төмен дәрежеде әсер етеді [1,3].

1.2.3 Ауески ауруының індеттік ерекшеліктері

Табиғи жағдайда ауруға ең шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және
синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі
бағалы аңдар.
Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда
сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас
төлдерінің әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға
бейімділігі өте жоғары.
Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар вирусты тұмсығынан,
көзінен, қынаптан аққан сорамен, несептік және сүтпен бірге бөліп шығарады.
Бұл ауру сиыр, қой, сиыр, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған
жануар өледі.
Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да,
індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады. Шошқа мен синантропты
кемірушілер жеңіл ауырады.
Жазылу өткеннен сон, ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін,
кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. Сондыктан сиырдың инфекция
қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.
Ауески ауруының вирусын жұқтыру факторы кызметін жайлаған жем,
төсеніш, қора-жай, ет, өлексе атқарады. Ауру жұқтыруда әсіресе тышқандар
мен егеукұйрықтар басты орын алады. Олардың арасында ауру індет ретінде
тарайды да, індет табиғаттағы бұл індет ошағының негізгі
қорламасы болып табылады [1,2,3].
Шошқа фермаларында ауру негізінен шеттен әкелінген вирус жүруші
шошқалармен немесе Ауески ауруынан өлген кемірушілердің өлекселерімен
ластанған жеммен, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарымен келеді.
Ауру қоздырушысын сау емес шаруашылыктардан шұбырып келетін кемірушілер де
әкелуі мүмкін.
Ірі шаруашылықтарда ауру әдетте індет ретінде жаппай
білінеді, онын себептері: шошқаның үздіксіз сапырылыстырып ферма ішінде
орын ауыстыруы және вирустың жұғымталдылығы ұсақ шаруашылыктарда ауруға 2-
3 ұядағы торайлар ғана шалдығып, тез тоқтап калады.
Ірі бордақылайтын және торай өсіретін шаруашылықтарда жануарлар
үздіксіз келіп жаткандықтан індеттің қаулауы үздіксіз болып, ауру мал басын
жаппай қамтиды, 3-4 апталық торайларда ауру негізінен зілді өтеді де,
әдетте өліммен тынады.
Одан ересек торайларда ауру тілді өткенмен көбі тірі қалады. Ересек
торайлар мен үлкен шошкалар жеңіл, әдетте байқаусыз ауырады да,
тек қана серологиялық зерттеу арқылы ғана анықталды. Ауырған
шошқалармен жанасқан басқа мал түліктері де ауруға шалдығуы мүмкін.
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы қатаң сауықтыру
шаралары жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтаньш, оның энзоотиялық ошағы
пайда болады.
Іңдет ошағы тұракты болу себептері: ұзақка созылатын вирус
табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзіңде
өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың саны молайтып отыруы.

Сондықтан бір басталған шаруашылыкта үздік-создық
бірнеше рет кайталанып, көп жылдарға созылу мүмкін.
Кемірушілер арасында Ауески ауруы бірнеше қайталап ұзакка
созылатын індет ретінде байқалады. Әдетте шошқа болатын індеттің
алдында тышқандар мен егеуқұйрықтар жаппай қырылады және соның салдарынан
арасында болған иттер мен мысық арасында ауру байқалады.
Терісі бағалы андардың арасында Ауески ауруы зарарсыздандырылмаған
шошқаның қасапханадағы тастандылары арқылы аз уақыт қана қаулайды. Ал сиыр
мен жылкыда бірен - саран малдың ауруымен шектеледі.
Ауески ауруының каулауына маусымдылык тән болмаса күздің қысқа ауысқан
кезінде жиірек байқалады.
Оның бұл уақытта кемірушілердің мал қораларына қарай ауру
жануарлардың күтімінің нашарлауы, ветеринарияльгк-санитариялық ахуалдың
төмендеуі орын алады [1,3].

1.2.4 Ауески ауруымен дерттенуі

Вирустын денеге таралуы ену жолына, жануарлардың және жас
ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әртүрлі өтеді.
Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі кабыктары аркм енгеңде вирус
инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, басқа жануарларда баяу
көбейеді.
Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де,
вирустың көбеюі мен оның қабықтарының жіті қабынуына әкеп соғады. Бұндай
жағдай жануарларда әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар
торайларда энцефаломиелиттің клиникалык белгілері білінеді.
Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп гематогендік және
лимфогендік жолмен денеге тарағанымен мұнда онша зақымдай қоймайды.
Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде
коздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар ауыр
септицемия тудырады.
Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу
мен қанталау геморралдық диатез байқалады. Аурудың нәтижесінде минералдық
заттық, белок және көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен
теріде ацетилхолин мөлшері өзгереді. Дене қышынады гиперестезия.
Ауылшаруашылык жануарларын иммундеу үшін шошқа және қойдың Ауески
ауруына қарсы өсіннен алынған ВГНКИ вакцинасы қолданылады. Сау емес
шаруашылық шошқаны екі рет 20-25 күн аралатып егеді. Иммунитет еккеннен
соң 5-7 күн өткенде қалыптасып, 1,5 жыл сақталады.
Шошқаны егу үшін сонымен қатар БУК-628 штаммын даярланған
вирус-вакцина қолданылады. Ол шаруашылықта арада сауықтырып, вирус алып
жүруді тоқтатады.
Терісі бағалы аңдарды, қой мен шошқаны белсенділігі жойған
Ауески ауруына карсы өсінді вакцинамен егуге болмайды. Бұл препарат мүлдем
зиянсыз, иммунитет аңдарда 6 ай, қой, шошқада 10 ай сақталады.
Ауески ауруына қарсы иммуноглобулиндік препарат арқылы қалыптаскан
енжар иммунитеттің ұзақтығы 3-4 апта [1,2,4].

1.2.5 Ауески ауруын дауалау және күресу шаралары

Аурудың алдын шаралары мал фермаларында және оның маңайында
синантроптық және антропургиялық жасырын табиғи пайда болатындай
кең территорияда жүргізіледі.
Сондықтан ауруды дауалаудың манызды алғы шарты үй және
жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай жоспарлы індеттанулық бақылау
жүргізу. Әсіресе мұндай шараларды кемірушілерді камти отырып,
шошқа шаруашылыктарының территориясында іске асырылуының
маңызы зор.
Ондай шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке биосынама және
серологиялык реакциялар аркылы тексереді.
Сау шаруашылыктағы жануарлардың қанында ауруға тән
антиденелер болмайды.
Ауру қоздырушысын әкелмеу үшін асыл тұқымды малдар мен жемшөпті тек
қана сау шаруашылыктардан ғана алу керек.
Ауески ауруы, шыққан шаруашылықтарда ауру малдарды бөлек ұстап,
гипериммундық сывороткамен немесе гаммаглобулинімен емдейді.
Ал өзге малдарды қалайы суы қышқылының немесе эмбрионды-қалайы суы
қышқылының формолвакциналарын бұларды қолдану әдісін көрсеткен ережеге
сәйкес егеді.
Ауру малмен аурудан күдіктенген малдар тұрған қора-жайды көң-қоқыстан
тазартып, 2 проценттік күйдіргіш натриймен немесе хлорлы әктің 20%-тік
ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Көң-қоқысты биотермикалық тәсілмен залалсыздандырып, ал сұйық көң-
қоқысты оның 1 текше метріне 12 кг хлор қосқан әкпен залалсыздандырады.
Ауру шыққан шаруашылықтан 5 ай бойына, аурудан аман шаруашылықтарға мал
тасуға тиым салынады.
Сиыр мен қой малында Ауески ауруы білінісімен оларды қорада ұстап
азықтандырады.
Ауру малдан сауылған сүтті 30 минут бойы 85 градус ыстықта
пастеризациялайды, немесе қайнатып залалсыздандырады. Тышқан сияқты
кеміргіш жәндіктермен үнемі күрес жүргізіледі [4,7].
Жалпы Ауески ауруына серологиялық тексеруден өтпегеп малдарды бір
жерден екінші жерге орын ауыстыруына мейлінші тосқауыл қойған жөн.
Ауруды дауалаудағы ең басты шара кемірушілермен жүйелі түрде күрес
жүргізу, иесіз бұралқы иттер мен мысықтарды жою. Қасапхана тастандылары мен
тамақтың қалдықтарын жануарларға әбден зарарсыздандырып барып қана беру
керек.
Тамақ қалдықтарын пайдаланалатын шошқа бордақылайтын шаруашылыктарға
шошқаны малдануға өсіретіп фермаларды жакын орналастыруға болмайды. Ауру
шығу қаупі төнгенде шошқаларды жағдайда егеді.
Ауру басылған сон, ауырын жазылған малды түгел әкеткеннен кейін,
барлық сауықтыру шаралары орындалған соң карантинді шаруашылықтарда 15
күн өткен соң алады.
Карантин алынғаннан сон, бір жыл бойы шектеу сақталып,
барлық жануарлар егіледі. Жас төлге вакцинация, ересек
шошқаға ревакцинация жасалып, кемірушілер түгел құртылады [2,3,5].

1.2.6 Ауески ауруының клиникалық белгілері

Аурудың жасырын кезеңі 3—6 күнге созылады. Шошқаның әсіресе торайдың
ауруы жіті болып, қызуы қатты көтеріледі. Ауру шошқа елеріп, тісін кайрап
үні қарлығып, шыңғырады.
Аурудың аузынан көбікті сілекей ағады, бұлшық еттерінің кейбір
жерлері құрысады, көмейдің және аяқтарының бұлшық еттері параличтенеді.
Ауру басталған кезден бастап, торайдың сырқаты 12—36 сағатқа созылады, ал
сирек түрде 3—5 күнге созылатыны болады.
Ересек шошқалардың ауруы онша қатал болмайды. Алғашқы 2—3 күнде тынышы
кетіп, күйзеледі, жемге зауқы соқпайды.
Ауески ауруына душар болған жылқыда желік пайда болады, қызуы
40,0—40,5° дейін көтеріледі, қатты қышынады, бұлшық еті дірілдейді, паралич
болады.
Сиырдың, қой мен ешкінің ауески ауруымен ауырады, бұлшық еттері
қалшылдап, қатты қышиды, көмейі параличтенеді. Бұл малдардың ауруы бас-аяғы
2—3 күнге созылады.
Ауески ауруына шалдыққан иттер мен мысықтар тынышсызданып, өте
тітіркенгіш келеді.
Вирус еккен жердің орны қатты қышиды. Ауырған ит пен мысық сол еккен
жерді тілімен жалап, кейін оны тісімен қыршиды. Аузынан сілекей көбірек
ағады. Ақыры 22—36 сағат ішінде өледі. Қаракүзеннің ауруы өте жіті
келеді де, көбінесе өліммен аяқталады [3,7,8].

1.2.7 Ауески ауруының өлексесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Аурудың қоздырушысы және төзімділігі
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Аурудың қоздырғышы
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ауыл шаруашылығы жерлері
Пәндер