Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.2Төлдің сальмонеллез қоздырушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3Бұзаудың сальмонеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.4Торайдың сальмонеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.5Балапандар пуллорозы ... 21
1.6Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты- ветеринарлық-санитарлықжағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Сайдулдин, Т.С. Ветеринариялық іңдеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін, Том 1,2. / Т.С.Сайдулдин - Алматы: Санат,1999.-121б.
2 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И.Қасымов - Алматы: Қайнар, 1992. – 134б.
3Носков Н.М. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии: учебное пособие для вузов / Н.М. Носков - Москва: 1961.- 54с.
4 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: (изд. третье), учебник для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, 1964.-1126б.
5 Покров, М.И. Рекомендации по методике эпизоотологического исследования: /М.И.Покров- Москва:Колос, 1975.-56с.
6 Сайдулдин, Т.С. Основы серологии: учебник для вузов / Т.С.Сайдулдин - Алма-ата: Кайнар,1992. -43с.
7 Осидзе, М. Инфекционные болезни животных: справочник /Под редакцией М. Осидзе - М: Агропромиздат, 1987.- 137с.
8 Байрак В.А. Практикум по ветеринарной микробиологии: учебное пособие для вузов / В.А. Байрак , В.М. Беляев –Москва: Колос, 1980.-183с.
9Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәнінен жазылған Төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2Төлдің сальмонеллез қоздырушылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3Бұзаудың сальмонеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.4Торайдың сальмонеллез ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.5Балапандар пуллорозы ... 21
1.6Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Анықтамалар

Сальмонеллалар - серологиялық түрде бір - біріне туысқан, адам мен жануарға немесе бір уақытта екеуіне де патогенді бактерия.
Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы
Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы
Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті
Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет
Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет
АР - Агглютинация реакциясы
КБР - комплемент байланыстыру реакциясы Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Ф.7.04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2016ж.

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Шымкент 2016 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2016ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______
( күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____жоғары мектебі
_________________________________ ________кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2016ж.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты- ветеринарлық-санитарлықжағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы; ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау пунктерінде тексерілетін жүктерді дайындау, өңдеу, сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі, Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
Сальмонеллалар басалқы инфекция шақыруы мүмкін (жас малдарда - сальмонеллездер, жылқы мен қойларда - түсік, құстарда -пуллороз, адамда- іш сүзегі), сонымен бірге бактериальды және вирусты аурулардың асқынуы нәтижесінде қосалқы инфекцияларды да шақыруы мүмкін (жас малдарда - пневмония, қойларда -түсік, шошқаларда -оба ауруы және т.б).
Сальмонеллалар- серологиялық түрде бір-біріне туысқан, адам мен жануарға немесе бір уақытта екеуіне де патогенді, паратифозды бактерия. Бұл туыстық атау американ зерттеушісі Сальмона құрметіне аталған.
Малдардың инфекцияланған азықтарын қабылдағанда (ет,сүт, жұмыртқа) адамдарда токсикоинфекцияны шақырады.
Малдарда инфекцияның жасырын (латентті) түрі кең жайылған.
Сальмонеллезді инфекцияның негізгі қоры (паратифозды) жануарболып табылады. Сондықтан, сальмонеллездер мал дәрігерлік және биологиялық медицинаның проблемасының бірі болуда.
Казіргі кезде сальмонеллалардың антигенді құрылымы мен ферментативті активтілігіне байланысты 1500-ге жуық түрі белгілі, оның 150-ге жуығы Европа елінде кездеседі.
Қалыпты жағдайда сальмонелла бактериясы асқазан-ішек жолын зақымдайтын, пневмония шақыратын, сонымен бірге малдарда түсік әкелетін септицемиялық инфекция болып табылады. Сальмонеллездер бұзау, торай, құстар (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық, кептерлер, торғайлар, тотықұстар), кеміргіштер (тышқан, егеуқұйрық, қоян), құлын, түлкі сияқты жан-жануарларды зақымдайды.
Аурудың тууына негізгі себеп қанағаттанарсыз қоректендіру болып табылады. Сальмонелла бактериясының көп таралған түрі мен типі зертханалық жануарларға вирулентті. Негізгі сезімталдылықты ақ тышқандар көрсетеді. Сальмонелла бактериясын химиялық жолмен залалдағанда немесе бактерия бұзылғанда термотұрақты эндотоксин бөледі. Зертханалық жануарлардың құрсақ ішіне енгізгенде ішектің қабынуы, диарея және салдану пайда болуы мүмкін.
Ауруды жұқтырудың негізгі көздері -- жаппай іш тастап жатқан кездегі ауру саулықтар және ауырғаны білінбей жүретін қошқарлар болады. Бұл ауру жыныс қатынасы арқылы, ауру қой мен сау қойлардың бірге жүруінен, сондай-ақ алиментарлық жолмен жұқпалы микробы бар жемшөп, жайылым жер және суаттар арқылы жұғады.
Аурудың жасырын кезеңі 3 -- 5 күнге созылады. Сырқаттың негізгі белгісі -- малдың іш тастауы, бұл көбінесе буаз саулықтардың 4 айлық мерзімі кезінде кездеседі. Іш тастар алдында ауру саулықтың қызуы көтеріледі, тынышы кетеді, жыныс мүшесі ісініп, қынабынан қанды -- су ағып, аурудың жалпы күйі ауырлайды. Іш тастаған малдардың кейбір бөлегінің күйі ауырлап, кейінгі күндерде өледі. Іш тастаған саулықтардың көпшілігінің шуы түспей бөгеледі, артқы сандарының ішкі жағы іседі. Жыныс жолынан аққан сұйық зат қанды-іріңге айналып, жатырдың қабынғаны байқалады.
Қозылар көбінесе туғаннан кейін үш күннен соң ауырады, бұл жәйт төлдің жатырда жатқан кезінде жұққанын көрсетеді. Ауру кезінде қызуы қатты көтеріледі, өкпесі қабынады, асқазаны бұзылады, жүрек қызметі әлсірейді, жалпы күйі нашарлайды. Ауру малдың көпшілігі 2 -- 4 күннің ішінде өледі.
Курстық жұмыстың мақсаты - төлдің сальмонеллез ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1Ветеринария туралы заң

Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды, ветеринариялық- санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Жалпы ережелер
Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сараптама актісі- мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
2) ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу- ветеринариялық препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;
3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын зерделеуге, олардың профилактикасында, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі:
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама- жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі;
6) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық сипаттама;
7) ветеринариялық іс - шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға, алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамның денсаулығына жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірегейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласының қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт;
9) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатан немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
10) ветеринариялық паспорт- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлардың ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
11) жануарлар ауруларын қоздырушылар- вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
12) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу- ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу;
13) ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі- ветерианрия саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе;
14) карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы- базарларда және басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
16) ауру бойынша қолайсыз пункт қолайсыз пункт- індет ошағы белгіленген аумақ:
17) ветеринариялық препараттар айналысы- ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе қолдану;
18) шектеу іс-шаралары- жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік- шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
19) жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
20) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер- жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жем-шөп және жем-шөптік қоспалар;
21) жануарлардан алынатын өнімдер- тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
22) ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;
23) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды, олардың профилактикасы мен дигностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
24) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны;
25) жануарлардан алынатын шикізат- жануарлардан алынатын, жануарларды сақтандыруға арналған және немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүиіз, тұяқ және басқа өнімдер;
26) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган;
27) індет моноторингі - эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген ұсталған, өсірілген аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық шаруашылық жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
28) індет ошағы - жұқпалы аруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай;
29) індет - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1.Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
2.Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қоланылады.
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру

1.2Төлдің сальмонеллез қоздырушылары

Сальмонелла туысы - серологиялық түрде бір-біріне туысқан, адам мен жануарға немесе бір уақытта екеуіне де патогенді, паратифозды бактерия. Бұл туыстық атау американ зерттеушісі Сальмона құрметіне аталған.
Сальмонеллалар басалқы инфекция шақыруы мүмкін (жас малдарда - сальмонеллездер, жылқы мен қойларда - түсік, құстарда -пуллороз, адамда- іш сүзегі), сонымен бірге бактериальды және вирусты аурулардың асқынуы нәтижесінде қосалқы инфекцияларды да шақыруы мүмкін (жас малдарда - пневмония, қойларда -түсік, шошқаларда -оба ауруы және т.б).
Малдардың инфекцияланған азықтарын қабылдағанда (ет,сүт, жұмыртқа) адамдарда токсикоинфекцияны шақырады.
Малдарда инфекцияның жасырын (латентті) түрі кең жайылған.
Сальмонеллезді инфекцияның негізгі қоры (паратифозды) жануар болып табылады. Сондықтан сальмонеллездер мал дәрігерлік және биологиялық медицинаның проблемасының бірі болуда.
Казіргі кезде сальмонеллалардың антигенді құрылымы мен ферментативті активтілігіне байланысты 1500-ге жуық түрі белгілі, оның 150-ге жуығы Европа елінде кездеседі.
Морфологиясы. Таяқшалар, қырлары доғаланған,сирек овальды формалы, орташа өлшемі: ұзындығы 2-4 мкм,ені 0,2-0,6 мкм болып келеді. Кейде таяқшаның жіп тәрізді түрде кездесуі мүмкін.
Перитрихиальды орналасқан кірпікшелеріне байланысты сирек қозғалатын, анилинді бояуға оңай боялатын, грамтеріс бактерия.
Өсуі (культивирование). Сальмонеллалар- аэробтар немесе факультативті аэробтар. Бактерия әдетте қалыпты қоршаған ортада жақсы көбейеді,оптимальды кобею орта температурасы 37 С, орта рН 7,2-7,6, бактерияның кейбір түрлері бөлме температурасында жай көбейеді. Сальмонелланың идентификациясы мен бөлінуін анықтау үшін көптеген қоректік орталар ұсынылған.
Тегіс- S-формалы түрі сорпада біртекті лайлану, тығыз ортада-дөңгелек, жылтыр, ылғалды, жарықта көгілдір түс беретін, анық боялған колония түзеді.
Қыртысты - R -формалы түрі - сұйық ортада - мөлдір, толқын тәрізді, қатты қоректік ортада шеттері иректелген және ортасы тығыз колония түзеді. Кейбір сальмонелла бактериялары қоректік орталарда ұсақ колония түзеді.
Биохимиялық қасиеті. Сальмонелла бактериясы мочевинаны, лактоза, сахароза, адонитті ферменттемейді, көптеген түрі желатин түзбейді және индол мен ацетилметилкарбинол түзбейді.
Сальмонелла бактериясы глюкоза, галактоза, манноза, фруктоза, арабиноза, ксилоза, рамноза, маннит, мальтоза, глицерин, дульцит, сорбитті ферменттейді, аз мөлшерде нитрат пен нитриттерді қалпына келтіреді.
Төзімділігі. Сальмонелла бактериясы салыстырмалы жоғары температураға (60-750С ), ауыр тұздар концентрациясына және кейбір қышқылдарға төзімді. 600С температурада 1 сағат көлемінде, ал 1000С - та бірден өледі.
Тұздалған және қақталған азық-түліктерде бірнеше айларға дейін сақталады. Бөлме температурасында бірнеше айға дейін өмір сүреді. Күннің тікелей сәулесінен 5-10 сағатта өледі.
Сыртқы ортада 20-120 тәулікке дейін, өлекселерде 100 тәулік, құрғақ экскрименттерде бірнеше жылға дейін сақталады. Дезинфекциялық ерітінділер бірден өлтіреді.
Неомицин, тетрациклин, левомецитин, стрептомицин, нитрофуран және сульфаниламидті препараттарға төзімді.
Патогенділігі. Қалыпты жағдайда сальмонелла бактериясы асқазан- ішек жолын зақымдайтын, пневмония шақыратын, сонымен бірге малдарда түсік әкелетін септицемиялық инфекция болып табылады.
Сальмонеллездер бұзау, торай, құстар (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық, кептерлер, торғайлар, тотықұстар), кеміргіштер (тышқан, егеуқұйрық, қоян), құлын, түлкі сияқты жан-жануарларды зақымдайды[1,2,3].
Аурудың тууына негізгі себеп қанағаттанарсыз қоректендіру болып табылады. Сальмонелла бактериясының көп таралған түрі мен типі зертханалық жануарларға вирулентті.
Негізгі сезімталдылықты ақ тышқандар көрсетеді. Сальмонелла бактериясын химиялық жолмен залалдағанда немесе бактерия бұзылғанда термотұрақты эндотоксин бөледі. Зертханалық жануарлардың құрсақ ішіне енгізгенде ішектің қабынуы, диарея және салдану пайда болуы мүмкін.
Иммунитет.Гуморальды және жасушалы қорғану факторларымен иммунитет пайда болуына байланысты сауығу жүреді. Сальмонеллез кезінде иммунитет антиинфекционды болады. Соған байланысты антитоксикалық қорғануға көңіл бөлген дұрыс.
Антигенді тітіркенуге жауап ретінде жануар ағзасында агглютинин, преципитин, комплемент байланыстырушы антидене және бактериолизиндер жиналады. Осы антиденелер саны 2-3 аптадан соң ең жоғарғы деңгейге жетеді. Әдетте антиденелер бірнеше айлар сақталып, содан ақырындап титрі төмендейді.
Бірақ жасушалық реактивтіліктің қалыптасуына байланысты, иммунитет сақталады.
Сальмонеллез кезінде фагоцитоз активациясы түрінде жасушалық реакция, паренхиматозды ағзалар мен лимфа түйіндерінде жасушаның грануломатоздық көп түйіндер түзілуімен көрінеді.
Антигенді әсердің ұзақтылығымен дәрежесі тұрақты иммунитет пайда болуына әсер етеді. Сол себепті жануарларда аурудың бастапқы стадиясында антибиотиктермен емдеу иммунитет жетіспеушілігіне алып келеді.
Иммуногенезде жетекші антиген болып О-антиген саналады. Иммунды жауап иммуноглобулин IgM және IgG түзілуімен пайда болады.
Сальмонеллездің созылмалы және жасырын (латентті) формаларында иммунологиялық реакция әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Диагностика. Сальмонеллез ауруына клинико-эпизоотологиялық, патологоанатомиялық, бактериологиялық және серологиялық тексеру әдістерімен диагноз қояды.
Диагностикалық зерттеу: тірі кезінде қан (гемокультура әдісі), мұрын іші кілегейін, нәжісін (копрокультура әдісі) тексереді.
Гемокультура әдісін бактериемия (дене қызуының жоғарылауы) және сальмонеллездің жітілеу кезеңінде қолданған дұрыс. Осы мақсатта 10-20 % -тік өгіз өті немесе жартылай сұйық агар құйылған 5-6 пробиркаға күре тамырдан 5-10 мл қан алып, келесі тәулікте Петри табақшасына егеміз.
Өлген кезінде диагностикалау үшін лабораторияға жаңа өлген малды және түсікті жібереді.
Ірі жануарлардың өліктерінің орнына сальмонелла бактериясы зақымдаған паренхиматозды ағзаларды ( бауыр, өт қабы және лимфа түйіндері мен көк бауырды, өкпесін, бүйректерін ішекасты лимфа түйіндерін, сүйектерін жібереді. Жіберілген ағзаларды микроскоппен көреді (жағынды жасап Грамм әдісімен бояйды ).
Серологиялық диагностика. Сальмонеллез диагнозын қою мақсатында және сальмонеллездің жасырын формаларын анықтау үшін, мал тірі кезінде қан сарысуына агглютинация реакциясын қолданады[1,2,3,5].

1.2 Бұзаудың сальмонеллез ауруы

Қоздырғышы -- Васt.entheridis garthneri, Васt. tурһіmurium және басқалар.
Бұзаудың қылауын көбіне Васt.enteridis garthneri қоздырады.
Ауруға бейімділік. Энтеритидис гертнери бактериясы көбіне бұзаудың қылауын қоздырады дегенмен ол басқа, жас малды да ауруға ұшыратады. Қылаумен ауырған малдың етін зарарсыздандырмай жегенде адам уланады.
Аурудың жұғу жолдары. Бұзауларға және сыртқы ортаға ауру тараудың, негізгі көзі -- әсіресе іші өткен кездегі ауру мал.
Қылауды ауру малмен қатар қылаудан жазылған дені сау төл, бактерия тасығыш сиырлар таратады.
Сонымен қатар, бұл ауру малдың нәжісімен ластанған азық, су, төсеніш, бактерия тасығыш сиырлардан сауылған сүт немесе сауын кезінде энтеритидис гертнери бактериясы түскен сүт арқылы таралып отырады.
Қылаумен ауырған сиырдың клиникалық белгілері білінбейді, сондай-ақ қылаудың қоздырғышын насекомдар (шыбын), кеміргіштер (көртышқан, тышқан), құстар (торғай, көгершін, қарға) тасиды.
Қылау ауруға шалдыққан бұзау мен дені сау бұзау бірге ұсталғанда, энтеритидис гертнери бактериясы және басқа бактериялар түскен сүт, азық, су арқылы жұғады.
Қылау көбіне асқазан арқылы жұғады. Сондай-ақ ауруды зақымданған тері, кілегей қабық арқылы да жұғуы мүмкін. Қарынның және ішектердің кілегей қабықтары қабынғанда қылаудың ішкі жолмен (эндогенді) жұғуы, яғни микроб тыстан әкелінбестен жұғуы ықтимал.
Қылаудан жазылған бұзау үш ай бойы бактерия тасығыш болады. Белгілері. Жасырын кезең 3 -- 4 күнге созылады. Қылаумен 10 -- 15 күндігінен бастап 5 -- 6 айлық бұзау ауырады. Бастапқыда қылау кенеттен көтеріледі және барысы жіті болады. Қылауға кейінірек шалдыққан бұзау ұзағырақ ауырады.
Қылауға шалдыққан бұзаудың температурасы бірте-бірте 41 градусқа дейін көтеріледі, тәбеті жойылады, бұзау жата береді, көзімен танауының кілегей қабығы қызарады, көзінен жас ағады, жүрек соғуы бұзылады (тамыр соғуы бір қалыпты емес, минутына 110 -- 150 рет), тыныс алуы жиілейді және ол қиындай түседі, тынысын көбіне іштің жиырылуы арқылы алады.
Аурудың пайда болуының үшінші күні, кейде одан да бұрын бұзаудың іші өтеді. Нәжісіне кілегей араласады, оның түсі күл тәрізді көкшіл болады, шіріндінің иісі шығады, кейде нәжіске қан араласады. Ауру бұзау тез ариды, сұлап жатады, ыңқылдайды. 7 -- 9-шы күндері өледі.
Қайсыбір бұзаудың дене қызуы аурудың жіті кезеңінен кейін әдеттегіге дейін төмендейді, асқазан органдарының ауруы жеңілдейді немесе мүлде тоқталады, бұзау бірте-бірте айыға бастайды. Қылаудың салдарынан көп жағдайда уланып ауыру, созылмалы іш өту орын алады.
Қылаудың жіті түрінде кейде өкпе қабынуының белгілері (танаудан сілекей ағуы, жөтел және т. б.) білінеді.
Бұл құбылыс этиологиялық жағынан алғанда қылауға байланысты емес, ол өкпедегі бұрынғы дақтардың асқынғандығының көрінісі ғана.
Өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістер . Қылаудың жіті түрінен өлген бұзаудың кілегей қабықтары және ішкі органдары қанталайды, дене қуыстарында жалқаяқ болады.
Шажырқайдың сөл түйіндері ісінген, ұлғайған. Ішектердің қабырғасы қалыңдаған, серпімді емес. Бауыр ісінген, оның жиегінде өлі еттенген түйнекшелер болады, бауыр еті кесіндісінің түсі күңгірт.
Бұзау ұзақ ауырса, өлексе мүлде арық болады. Жоғарыда айтылған өзгерістерге қоса ішектердің кілегей қабықтарында дақтардың болуы, өкпенің кей жерінің серозды қабынуы, тіпті кейде оның қайсыбір участогының өлі еттенуі мүмкін.
Ауруды анықтау. Бұзаудың қылауы клиникалық белгілеріне, эпизоотологиялық мәліметтерге және жарып қарау нәтижесіне қарай анықталады.
Клиникалық белгілеріне қарай қойылған диагноз патологиялық материалды бактериологиялық зерттеуден өткізу (құсты, сүйек, бауырдың бір тілімі, сөл түйіндері және басқалар) арқылы тұжырымдалады.
Емі. Аурудың бастапқы кезінде, яғни организмнің улануы басталмаған шақта қылауға қарсы қолданылатын гипериммунды сарысуды 40 -- 60 мл мөлшерінде қолдану, бұлшық етке 20 -- 25 мл мөлшерінде бактериофаг енгізу немесе алдымен соданың 5%-тік ерітіндісінің 30 миллилитрін ішкізген соң 50 -- 100 мл бактериофаг берген тәуір нәтижеге жеткізеді.
Бұзаудың қылауына антибиотиктер -- синтомицин, биомицин, мицерин, колимицин және басқалар жақсы емдік әсер етеді.
Бұл дәрілер аурудың белгілері әбден жайылғанға дейін суға немесе сүтке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Ұсақ малдардың сальмонеллез ауруы
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Малдардың жұқпалы аурулары туралы есеп
Пәндер