«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Ұрғашы және еркек малдың жыныстық мүшелерінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.2Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі ... ... ..14
1.3 Қояндардың жыныс циклі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4Үй қояндарын шағылыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.5Жыныстық жетілу және организмнің жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Ветеринарлық акушерство және гинекология - жыныстық процестердің, ұрықтандырудың буаздықтың, туудың, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдай және патологиялары, жаңа туған төл ауруларының, сондай-ақ бедеуліктің, қолдан ұрықтандырудың және эмбрионды көшіріп, қондыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибе жүзінде үйрету.
Пәнді оқып үйрену студенттердің анатомия, генетика, гистология және эмбриология, физиология, биоорганикалық және биологиялық химия, ветеринарлық латын терминологиясы, мал азықтандыру, мал шаруашылығы патологиялық физиология, фармакология, микробиология және иммунология, вирусология, оперативті хирургия, ветеринарлық гигиена, клиникалық диагностикалау рентгенмен, жалпы және аумақты хирургия бойынша білім алуына негізделген.
Гинекологиялық ауруларға диагноз қою үшін міндетті түрде сарпайды, қынап кіре берісін, қынап, жатыр мойыны, жатыр тармақтары, түтіктері мен жұмыртқалықтарды зерттейді.
Аналық жыныс безінің көлемі, сыртқы пішіні, тығыздығы, температурасы, күлдіреуіктер немесе фолликулдің, сары дененің болуы, ісінуі, ұстағанда малдың ауырсынуы, жұмыртқалықтың әртүрлі физиологиялық немесе патологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Мал шаруашылығын қарқындатудың бірден – бір дұрыс жолы – малды өз төлінен өсіру болып табылады. Бірақ, оған жыл сайынғы жүздеген мың аналық бас малдың қысыр қалуы үлкен зиянды әсерін тигізіп отыр.
Малдың қысыр қалуы шаруашылыққа орасан зор экономикалық зиян келтіреді, ол негізінен алынуға тиісті төл басының кемуі мен сүттің 30-35% - ға төмендеп кетуінен құралады, одан басқа қысыр малды емдеуге, бағып – күтуіне, жем – шөпке кеткен шығын қосылады. Қояндардың жыныс циклі моно және полициклді. Жануарлардыкіндей болмайды. Қоянның жыныс циклын өзіндік жыныстық жағдайда бақылау керек ұзақтығы алты жеті күн. Күйлеу жыныс циклының кезеңдерімен байланыспайды. Қояндар жыныс кезеңін кез келген уақытта өткізеді. Қоянда жұмыртқалық овуляцияға дайын фолликулдерді ұстап тұрады. Оларда қозыну болайды, пролиферативті процесстің ұзақтығын бақылайды қысқы шылмдану және бастысы жыныс актісі нәтижесінде жыныс циклінде овуляция басталуы мүмкін. Жыныс белсенділігі жылдың жылы уақытында орын алады (мамыр, маусым, шілде, тамыз). Шылмдану кезінде қояндардың несеп жыныс кіреберсінде кілегеілі қабықшасында қатты гиперемияны байқаймыз (кілегейлі қабықшасы ашық қызыл түсті). Овуляция қынаптың рецепторлы аппараты жыныс актісінен шамамен он сағат өткеннен соң байқалады. Жыныс актісі болмай және басқада қозынулардың немесе механикалық емес қынаптың рецепторлы қозыну овуляция барысында болмайды. Қояндар туғаннан кейін бірінші күнінде өсімтал фолликулдар алына бастайды. Толық емес жыныстық цикл шылымдану болмаса анестаралды, күйлеу болмаса алибитті, қозу болмаса ареактивті, овуляция болмаса ановуляторлы.
Жыныстық цикл кезінде барлық феномен 48 сағат ішінде өтсе синхромды, ал қандайда бір феномен кешігіп немесе 5-6 тәуліктен кейін көрініс берсе асинхронды деп аталады.
Мысық пен қаншықта жыныстық циклдар болмайды, оларда метаэструнен кейін (күйлеуден кейінгі кез) анаэструс (ұзақ тыныштық) басталады мұндай жануарлар моноциклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы ұзақ жүреді жыныстық цикл жылына бір немес бірнеше рет қайталанады. Сиырда, шошқада, биеде ұрықтанбаған кезде жыныстық циклдар бір жылдың ішінде бірінен кейін бірі болып отыруы мүмкін. Мұндай жануарлар полициклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы қысқа өтеді жыныстық цикл жылына бірнеше рет қайталанады [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты - үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуін зерттеу.
1 Карпов, В.А. Акушерство и гинекология мелких домашних животных: учебник для вузов /Карпов, В.А. Москва, Росагропромиздат, 1990. - 111с.
2 Рудин И.И. Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменения сельскохозяйственных животных: учебник для вузов /И.И.Рудин, В.Р. Тарасов, И.Л. Якимчук / Москва, Колос, 1979. -143с.
3 Жоланов, М.Н. Мал акушерлігі және гинекологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / М.Н. Жоланов, К.У. Қойбағаров - Алматы 2005.-182б.
4 Жоланов, М.Н. Мал акушерлігі және гинекологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров, О.Т. Туребеков, М.Ә. Мадияров - Алматы 2005.-114б.
5 Кузнецов, В.И. Мал дәрігері анықтамалығы: / В.И. Кузнецов Москва, Колос, 1979. -134с.
6 Тұтқышбай, И.А. Жануарлар патологиясы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Тұтқышбай, И.А, Сабекова Д.Ө./ Шымкент,
2009.-162б.
7 Студенцов, А.П. Ветеринарное акушерство и гинекология сельхоз. животных: учебное пособие для вузов / А.П.Студенцов. М:1970.-133с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ветеринарлық акушерлігі және гинекология пәнінен Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі тақырыбына жазылған бұл курстық жұмыс аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс 26 беттен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Ұрғашы және еркек малдың жыныстық мүшелерінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі ... ... ..14
1.3 Қояндардың жыныс циклі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.4Үй қояндарын шағылыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.5Жыныстық жетілу және организмнің жетілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.

Ф.7.14-02

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

__________________________кафедрасы

___________________________________ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні ___________________________________ ____________________
Жұмыс тақырыбы:__________________________ ___________________
Мамандығы:_________________________ ________________________

Орындаған _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы)
Жетекші ___________________________________ __________
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс ____________
бағасы
бағасына қорғалды
_____________2012ж.

Комиссия:
_______________
қолы,аты - жөні
_______________
қолы,аты - жөні

Норма бақылау:
_______________
қолы, аты - жөні

Шымкент 2012 ж.

Ф. 7. 14 - 03

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

______________________________кафед расы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі __
_________2012ж.

№____Тапсырмасы

___________________________________ пәні бойынша курстық жұмыс
Студент _______________________________
(тегі,аты-жөні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ ___________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Бастапқы мәліметтер ___________________________________ _______


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4

5

6

7

Әдебиет: 1.___________________________________ _______________________
2.___________________________________ _______________________
3.___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні _________жұмысты қорғау күні________________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ ______________
(қызметі, тегі,аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған_________________________ ______

Ф. 7. 14 - 04

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

___________________________________ ____ факультеті
___________________________________ __ ____кафедрасы

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
_____________________
(қолы,аты - жөні)
_______________2012ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №____

___________________________________ ___________________ пәні
студент____________________________ _тобы_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3.___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) _____, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен)_____балл.
Сомалық баллы______
Жұмыстың бағасы____________

Курстық жұмыс жетекшісі__________________________ __________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері___________________________________ _____________
Қорғау күні__________2012ж.

Белгілер мен қысқартулар

%- пайыз
мин- минут
Мгкг-милиграммкилограмм
Гкг-граммкилограмм
Кг-килограмм
Г-грамм
Млкг-милилитркилограмм

Кіріспе

Ветеринарлық акушерство және гинекология - жыныстық процестердің, ұрықтандырудың буаздықтың, туудың, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдай және патологиялары, жаңа туған төл ауруларының, сондай-ақ бедеуліктің, қолдан ұрықтандырудың және эмбрионды көшіріп, қондыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибе жүзінде үйрету.
Пәнді оқып үйрену студенттердің анатомия, генетика, гистология және эмбриология, физиология, биоорганикалық және биологиялық химия, ветеринарлық латын терминологиясы, мал азықтандыру, мал шаруашылығы патологиялық физиология, фармакология, микробиология және иммунология, вирусология, оперативті хирургия, ветеринарлық гигиена, клиникалық диагностикалау рентгенмен, жалпы және аумақты хирургия бойынша білім алуына негізделген.
Гинекологиялық ауруларға диагноз қою үшін міндетті түрде сарпайды, қынап кіре берісін, қынап, жатыр мойыны, жатыр тармақтары, түтіктері мен жұмыртқалықтарды зерттейді.
Аналық жыныс безінің көлемі, сыртқы пішіні, тығыздығы, температурасы, күлдіреуіктер немесе фолликулдің, сары дененің болуы, ісінуі, ұстағанда малдың ауырсынуы, жұмыртқалықтың әртүрлі физиологиялық немесе патологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Мал шаруашылығын қарқындатудың бірден - бір дұрыс жолы - малды өз төлінен өсіру болып табылады. Бірақ, оған жыл сайынғы жүздеген мың аналық бас малдың қысыр қалуы үлкен зиянды әсерін тигізіп отыр.
Малдың қысыр қалуы шаруашылыққа орасан зор экономикалық зиян келтіреді, ол негізінен алынуға тиісті төл басының кемуі мен сүттің 30-35% - ға төмендеп кетуінен құралады, одан басқа қысыр малды емдеуге, бағып - күтуіне, жем - шөпке кеткен шығын қосылады. Қояндардың жыныс циклі моно және полициклді. Жануарлардыкіндей болмайды. Қоянның жыныс циклын өзіндік жыныстық жағдайда бақылау керек ұзақтығы алты жеті күн. Күйлеу жыныс циклының кезеңдерімен байланыспайды. Қояндар жыныс кезеңін кез келген уақытта өткізеді. Қоянда жұмыртқалық овуляцияға дайын фолликулдерді ұстап тұрады. Оларда қозыну болайды, пролиферативті процесстің ұзақтығын бақылайды қысқы шылмдану және бастысы жыныс актісі нәтижесінде жыныс циклінде овуляция басталуы мүмкін. Жыныс белсенділігі жылдың жылы уақытында орын алады (мамыр, маусым, шілде, тамыз). Шылмдану кезінде қояндардың несеп жыныс кіреберсінде кілегеілі қабықшасында қатты гиперемияны байқаймыз (кілегейлі қабықшасы ашық қызыл түсті). Овуляция қынаптың рецепторлы аппараты жыныс актісінен шамамен он сағат өткеннен соң байқалады. Жыныс актісі болмай және басқада қозынулардың немесе механикалық емес қынаптың рецепторлы қозыну овуляция барысында болмайды. Қояндар туғаннан кейін бірінші күнінде өсімтал фолликулдар алына бастайды. Толық емес жыныстық цикл шылымдану болмаса анестаралды, күйлеу болмаса алибитті, қозу болмаса ареактивті, овуляция болмаса ановуляторлы.
Жыныстық цикл кезінде барлық феномен 48 сағат ішінде өтсе синхромды, ал қандайда бір феномен кешігіп немесе 5-6 тәуліктен кейін көрініс берсе асинхронды деп аталады.
Мысық пен қаншықта жыныстық циклдар болмайды, оларда метаэструнен кейін (күйлеуден кейінгі кез) анаэструс (ұзақ тыныштық) басталады мұндай жануарлар моноциклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы ұзақ жүреді жыныстық цикл жылына бір немес бірнеше рет қайталанады. Сиырда, шошқада, биеде ұрықтанбаған кезде жыныстық циклдар бір жылдың ішінде бірінен кейін бірі болып отыруы мүмкін. Мұндай жануарлар полициклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы қысқа өтеді жыныстық цикл жылына бірнеше рет қайталанады [1,3].
Курстық жұмыстың мақсаты - үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуін зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1 Ұрғашы және еркек малдың жыныстық мүшелерінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері

Ұрғашы малдың жыныс аппараты ішкі және сыртқы бөлімдерден тұрады. Ішкі бөліміне:жыныстық бездер, жатыр түтіктері, жатыр, қынап, ал сыртқы бөліміне: сарпай (жыныс ернеулері), қынап кіреберісі, шүртекей жатады.
Ішкі жыныс мүшелері. Жұмыртқалық (ovaria, oophoron) - жұп орган,негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасын (клетка) және жыныстық гормондар түзіп шығару.
Жұмыртқалық сыртынан алғашқы эпителиймен қапталған. Осы қабаттың астында ақзаттық қабат орналасады. Жұмыртқалықты тіліп көргенде екі, яғни сыртқы фолликулярлы және ішкі милы (қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі) аймақтардан тұратынын ажыратамыз.
Фолликулярлы аймақта алғашқы,дамушы,пісіп жетілген фолликулдар (граафов көпіршігі) және сары денелер орналасқан.
Жұмыртқалық сиырда, қойда және ешкіде жамбас қуысында, биеде құрсақ қуысында оң жағынан 3-4-ші,ал сол жағынан 4-5-ші бел омыртқалардың астында, мегежінде, қаншықта, мысықта құрсақ қуысының артқы бөлігінде орналасады.
Жатыр түтікшелері (salpinx) - негізгі қызметі аналық және аталық жыныс торшалардың кездесуін қамтамасыз ету. Ол үшін қабаттан (кілегейлі, етті, сірілі) тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік.
Жатыр түтікшесінің ішкі кілегейлі қабаты кірпікшелі қабаттан тұрады. Ұзындығы биеде, түйеде, сиырда, мегежінде 25-30 см, қойда және ешкіде 10-15 см түтіктің ішкі диаметрі жұмыртқалыққа жақындаған сайын кеңейе береді де, ақырында жалбырланып барып бахромкамен бітеді. Кейде тіпті жұмыртқалықты қоршап жатады.
Жатыр (uterus, hystera, metra) негізгі қызметі төлдің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Жатыр күрделі және жай болып бөлінеді. Күрделі жатыр жануарларда (қос тармақты екіге бөлінген-сиырда, түйеде, қойда ешкіде, мегежінде, қаншықта; қостармақты-биеде, есекте; қос жатыр-кеміргіштерде), ал жай жатыр -приматтарда. Жатыр қабырғасы кілегейлі, етті, сірілі қабаттардан тұрады.
Жатыр жамбас қуысында орналасқан. Сиырдың жамбас тармақтары жамбас қуысында жатады. Кейде көп туған немесе кәрі сиырларда құрсақ қуысына қарай түсіңкіреп орналасады, ал биенің, мегежіннің, қаншық пен мысықтың жатыр тармақтары құрсақ қуысында жатады. Олар жатыр шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшықеттеріне бекітілген.
Жатыр үш бөліктен тұрады:жатыр мойыны, денесі және тармақтары.
Жатыр мойыны ( cervix uteri ) қынап пен жатыр денесін жалғастырып тұрады, өте тығыз бұлшықетті орган. Оның диаметрі 3-4 см, ұзындығы сиырларда 10-15 см-ге жетеді.
Жатыр мойнының кілегейлі қабаты ұзынынан (биеде) және көлденең (сиырда, қойда, ешкіде, мегежінде) орналасқан қатпарлар түзеді.
Осы көлденең қатпарлардың ұштары мегежіннен басқа малдарда қынапқа қарай бағытталып, бір-бірімен түйісіп тұрады. Мегежінде бұл қатпарлардың ұштары бір-бірімен түйіспейді. Жатыр мойнының кілегейлі қабатының эпителлийі муцин тәрізді кілегейлі шырыш бөледі, ал ауаның әсерінен қоюланып жатыр мойнында тығын түзеді [1,3].
Жатыр денесі (corpus uteri) жұмсақ, ұзындығы 2-3 см, биенің жатыр денесі кең, ұзындығы 10-15 см жетеді, себебі биенің төлі жатыр денесінде және тармағында өсіп дамиды, ал қалған малдарда төл жатыр тармақтарында өсіп дамиды.
Жатыр тармақтары (cornua uteri) жатыр денесінен әрі қарай жіңішкере келеді де, ұрық түтікшелеріне ауысады. Жатыр тармақтарының екіге бөлінген жерін бифуркация деп атайды. Жатыр денесінен осы бифуркацияға дейін тармақ аралық өзек түзіледі. Сиырдың жатыр тармақтары қошқар мүйізі тәрізденіп астына қарай бүктеліп жатады, ұзындығы 20-30 см. Биенің жатыр тармақтары алға қарай, төмен түсіп барып, тармақтарының ұштары жоғары қайырылып тұрады, яғни дөңес жағы астында да, ойыс жағы үстіне қараған.
Мегежіннің жатыр тармақтары ішек тәрізді иректеліп құрсақ қуысында жатады, ұзындығы 1,5-2м жетеді. Күйіс қайыратын малдардың жатыр тармағында кілегейлі қабаттан түзілген, арнайы құрылымдар - карбункулалар орналасады, олардың жалпы саны 80-120 дейін жетеді, олар тармақтарда 3-4 қатар,жатыр денесінде ретсіз орналасқан.
Карбункулалардың беткейінде кішкентай тесіктер бар, оларды крипталар деп атайды. Сиырлардың карункулаларының беткейі дөңестеніп келеді де, ал ұсақ малдарда түйме тәрізді ойыстанып келеді.
Басқа малдарда карункула болмайды, сол себепті крипталар жатырдың кілегейлі қабатының беткейінде орналасады. Бұнымен қоса жатырдың кілегейлі қабатында жатыр бездері орналасады.
Қынап (vagina, colpos) - жамбас қуысында, тік ішектің астында орналасқан. Негізгі қызметі шағылысуды қамтамасыз етеді және төл жүретін жол болып табылады. Оның ұзындығы ірі малда 30-35 см, ал уақ малда 10-12 см түтік, үш (кілегейлі, етті, адвентация) қабаттан тұрады. Кілегейлі қабаты көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, ұзынынан орналасқан көптеген қатпарлар түзеді.
Қынаптың вентральдік бөлігінде ұзынынан орналасқан гартнер жолдары жатыр. Қынаптың краниалдік бөлігінде, жатыр мойнының жоғарғы жағында кеңейген күмбез тәрізді кеңістік түзіледі. Қынап пен қынап кіреберісін кішкентай ғана көлденең қатпар бөліп тұрады ол - қыздық перде (hymen) деп аталады.
Сыртқы жыныс мүшелері. Қынап кіреберісі (vestibulum vaginae) жыныс саңылауынан басталып қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8-14 см болатын түтікше орган. Сиырда, қойда, ешкіде және мегежінжде зәр шығаратын тесік кішкентай көлденең қатпармен екіге бөлінген,оның үстіңгі бөлігі зәр шығаратын арнаға, яғни қуыққа барады да,ал астыңғы тереңдігі 2 см болатын тұйық тесік - дивертикул (diverticulum suburetrale) түзеді. Бұл анатомиялық ерекшеліктерді мал ұрықтандырғанда немесе қуыққа катетер салғанда ескеру қажет. Биеде дивертикул болмайды. Қынап кіреберісінің атқаратын негізгі қызметі жыныстық қатынасты (шағылысуды) қамтамасыз ету[1,2,3].
Қынап кіреберісінің қабырғасы үш: кілегейлі, етті және дәнекер ұлпалы қабаттан тұрады. Кілегейлі қабат көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған және ол әр түрлі қалыңдықта қатпарлар түзеді. Қынап кіреберісінің екі жағында, кілегейлі қабаттың астында екі қатар орналасқан шырыш бөлетін түтік тәрізді бездер бар.
Жыныс саңылауынан 1.5-2.5 см тереңдікте, сарпайдың жоғарғы бұрышына жақынырақ, етті қабатың ішінде қынап кіреберісінің үлкен (вестибулярлық) бездер және кіші бездері орналасқан. Бұнымен қоса биеде, мегежінде, қаншықта қынап кіреберісінің екі жағында, сарпай сфинктерінің астына тереңіректе, тығыз фиброзды қабықпен қапталған екі қуыс немесе каверналық денелер (bulbus vesyibuli) орналасқан. Бұл денелер жыныстық қатынас кезінде қанға толып сарпай ісінеді.
Қынап кіреберісінің төменгі бұрышында, шонданай сүйегінің үстінде, аталық жыныс мүшесінің рудименті - шүртекей (clitoris, cunnus) орналасады. Ол екі түрлі кавернозды денеден (венозды және артерилды) тұрады. Шүртекейдің жүйке ұштарына өте бай басы, денесі және аяқтары бар.
Сарпай (vulva) сыртынан нәзік түкті терімен қапталған екі жыныс ернеулерінен (labia vulvae) тұрады. Осы жыныс ернеулерінің жоғарғы жағы биеде сүйірленіп және төменгі шектері доғаланып қосылып, жыныс саңылауын құрайды.
Еркек малдың жыныс органдарына ұма, ен, ен қосалқысы, ұрық түтікшелері, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше (қаса, қамшы, шыбық, шүкі) және күпек жатады.
Ұма (sckrotum) екі қабаттан тұратын қапшық. Сыртқы қабаты тері, өте жұқа, жұмсақ. Онда тері бөлетін бездер өте көп. Ішкі қабаты серпімелі етті қабықтан тұрады. Екі қабығы бір-бірімен өте тығыз байланысқан.
Ұманың негізгі атқаратын қызметі ен мен ен қосалқысын сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтау және температураны реттеу. Ұманың ішіндегі температура дене температурасына қарағанда 3-50С төмен. Мұндай температура спермиогенездің дұрыс өтуі,шәуеттің сапасы жоғары болуы үшін қажет.
Ен (testis, orchis, didumis) - бұл орган эндокринді органға жатады. Ен сағағына ілініп, ұманың қынаптық қуысында жатады. Сыртқы пішіні жұмыртқа тәрізді сопақтау, тығыз, серпімелі, өте күрделі түтікті без. Оның басқа эндокринді бездерден өзгешелігі ол миллиардтаған тірі торшаларды түзеді.
Еннің ұзындығы: бұқада 12-15 см,диаметрі 6-7 см, салмағы 300 гр. Ұманың ішінде тігінен орналасқан. Қошқардың ені сәл кішірек. Қабанның ені көлбеу, ал айғырдың ені көлденең орналасқан.
Ен сыртынан ақ заттық қабықпен қапталған. Ақзаттық қабық еннің ішіне қарай еніп орталық қалқан түзеді. Осы қалқаннан қалқаншалар тарап,енді 300-400 бөліктерге бөледі. Әр бөліктің ішінде 4-5 ирек түтікшелер орналасқан. Спермийлер осы ирек түтікшелерде түзіледі. Әр бөліктен тік түтікшелер шығып, бірігіп ен торын құрайды.
Ен қосалқысы (epididumis). Ен қосалқысының басын ен торынан шыққан ұрық шығарушы түтікшелер құрайды.
Осы түтікшелер бір ортақ арнаға ауысып ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады. Ен қосалқысы енді бойлап, жабысып жатады. Ен қосалқысында аталық ұрық жасушалары анабиоздық күйге түседі.
Ен бауы (funiculus spermatikus) сірілі қабат ішінде орналасқан ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйкелерден және бұлшық ет.
Ұрық жолдары ен қосалқысының арнасынан басталады да, енбауының құрамында құрсақ қуысына өтіп, қуықтың үстіңгі жағында ампула тәрізденіп кеңейіп, несеп жолына барып қосылады. Әрі қарай бұл жол несеп жыныс арнасы деп аталады [2,4,5].
Қосымша жыныс бездері. Көпіршік тәрізді жұп бездер, олар қуықтың дорсальдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің кеңейген жерінде екі жағында орналасқан ұзындығы ірі қара малда және қабанда 10-15 см, диаметрі 4-5 см тік ішек арқылы қол салып қарағанда анық білінеді. Төбетте және арнайы аңдарда бұл без жоқ.
Баданалық без жеке дара без, айғырда және төбетте жақсы дамыған, қуықтың дорсальдік жағында, несеп жыныс өзегінің басталған жерінде орналасқан.
Купер бездері жұптасып, несеп жыныс өзегінің дорсальдік бөлігінде, екі жағында жамбас қуысынан шығатын жерінде, қасаға сүйектерінің маңында орналасқан.
Көлемі 3-4 см болатын екі бөлек безден тұрады. Төбетте бұл без болмайды. Осы жоғарыда айтылған бездердің арналары несеп жыныс өзегіне келіп ашылады.
Уретралдық бездер несеп жыныс өзегінің қабырғасында орналақан.
Қосымша жыныс бездерінің негізгі қызметі, өзінің бөліп шығаратын сөлі арқылы ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, көлемін ұлғайтады, спермийлерді ұйқыдан оятып,қозғалыс белсенділігін арттырады, ал шәует бөлінер алдында уретралдық бездер өзінің секретімен несеп жыныс өзегін тазалап өтеді [1,5].

1.2Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі

Жыныстық цикл (цикл деген грек тілінен аударғанда шеңбер) жоғары сатыда дамыған ұрғашы жануарлардың екі овуляция аралығындағы белгілі бір реттпен мезгіл - мезгіл қайталанып отыратын морфофизиологиялық мінез құлықтық өзгерістердің жиынтығы. Бұл өзгерістер жануар қартайып аналық ұрық бездері піскен аналық клеткаларын жасап шығара алмайтын болған кезде тиылады. Бұл кезең биенің 20-25 жасында, сиырдың 15-20 жасында, кейде 25 жасында, қоймен ешкінің 8-9 жасында, шошқаның 6-8 жасында, қаншықтың 8-12 жасында, мысықтың 6-8 жасында, үй қоянының 4-5 жасында басталады.
Жыныстық цикл қозу, тежелу, теңелу сатыларына бөлінеді.
Қозу сатысы (бірінші феномен) жыныстық цикілдің феномендерінің айрықша көрініс табатын кезеңі.
Шылымдану - жыныс органдарының кілегейлі қабығы қызарып ісінеді, жатыр бездерінің қызметі күшейіп жатыр еттері қимылы артып, жатыр мойыны ашылады, осы кезде шырышты сұйық бөлінеді.
Жыныстық қозыну - фолликулалардың пісіп жетілу фазаларына байланысты. Күйлеген сиыр мазасызданып, мөңіреп шөп жемейді, сүттің өнімділігі азаяды. Сүттің құрамы да өзгеруі мүмкін, бұқаға немес басқа сиырға асылуы мүмкін, бірақ өзіне бұқаны жақындатпайды.
Күйлеу (охота) ұрғашы малдардың еркек малдарға жыныстық рефлекстерінің айқын көрініс беретін сәті. Бұл кезде күйлеу шарығына жетіп сиыр тынышталып қыймылсыз тұрады, жыныстық қатынасқа қарсылық білдірмейді, жиі жиі зәр бөліп жыныс ернеулері ритмикалық қимылдайды.
Фолликулдардың пісіп жетілуі. Қозыну сатысында фолликуланың пісіп жетілуімен овуляция орын алады. Бір немесе бірнеше фолликулдің өсуіне пролан А гармонының әсері себепкер болады. Бұл гармон гипофиздің алдыңғы бөлігінен шығады.
Шамалау бойынша, фолликулдің жетілу процесінде оның қабырғасы фолликулин гормонын бөледі, бұл гармон эстрин нмесе фолликулостерон деп аталады. Осы гормон қанға кіргеннен кейін жыныс органдарына әсер етіп оларды аналық ұрық бездерінен аналық клеткалар алуға және ұрғашы жануарлардың жыныс жолдарына сперманаң өтуіне және содан кейін ұрықтандыруға дайындайды.
Овуляция фолликул торшалары фолликул сұйықтығына эстроген гормонын бөледі, яғни граф көпірігі жарылып, аналық клетка шыққанан кейін содан пайда болған қуысқа біраз қан құйылады және эпителий қабатының клеткалары күшті өне бастайды. Сөйтіп гормон қанға сорылып ұрғашы мал күйге келеді. Фолликул қабығы жұмыртқалықтың ақ қабығына жанасып нәтижесінде фолликул ішіндегі сұйықтық қысымы артады. Лютеиндеуші гормон әсерінен фолликул жарылып жұмыртқа жолына құйылады. Жарылған фолликулдің орнына лактатропты гармонның әсерінен сары дене өсіп жетіледі. Овуляцияны жылдамдататын окцитоцин. Сары дене қанға прогестерон гормонын қанға бөледі. Бұл сары дене күйістілер, талғаусыздар етқоректілер ұрықтандырылған кезде жануарлардығ буаздығының аяғына дейін болады. Ал жылқыларда буаздығының 5-6 айлығында, сары дене бірте бірте семе бастап құлындайтын кезіне дейін көп кішірейіп қалады. 12-14 күннен кейін сары дене әбден өсіп болып, жануар буаз болмаса тарап бітеді. Жатырдың кілегей қабығында ұрықты қабылдауға және оны қоректендіруге қажетті процестер жүреді (плацента пайда болады).
Тежелу ұрғашы малдың қозынуы тежеліп мал тынышталады, шөпті жеп сүт өнімділігі артады. Еркек малды өзіне жақындатпайды, сары дене түзіледі.
Теңелу жыныс циклының феномендері байқалмайды, жұмыртқалықта жаңа фолликулдар пайда болып тоқтайды.
Толық жыныстық цикл қозыну сатысында барлық феномендер көрініс береді.
Толық емес жыныстық цикл шылымдану болмаса анестаралды, күйлеу болмаса алибитті, қозу болмаса ареактивті, овуляция болмаса ановуляторлы.
Жыныстық цикл кезінде барлық феномен 48 сағат ішінде өтсе синхромды, ал қандайда бір феномен кешігіп немесе 5-6 тәуліктен кейін көрініс берсе асинхронды деп аталады.
Жыныс циклының ритмдері. Мысық пен қаншықта жыныстық циклдар болмайды, оларда метаэструннен кейін (күйлеуден кейінгі кез) анаэструс (ұзақ тыныштық) басталады мұндай жануарлар моноциклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы ұзақ жүреді жыныстық цикл жылына бір немес бірнеше рет қайталанады.
Сиырда, шошқада, биеде ұрықтанбаған кезде жыныстық циклдар бір жылдың ішінде бірінен кейін бірі болып отыруы мүмкін. Мұндай жануарлар полициклді деп аталады. Яғни теңелу сатысы қысқа өтеді жыныстық цикл жылына бірнеше рет қайталанады.
Күйіт деп - ұрғашы жыныс аппаратының өзгеше марфологиялық өзгерістерімен қабат, сыртқы жыныс аппаратынан кілегей бөлінуін айтады. Жыныстық циклдің барлық сатыларының ішінде күйіттің практикалық маңызы бар, өйткенің ұрғашы жануардың осы күйіт тұсында ғана шағылысуға шабыты болады (күйлеу). Үй жануарларының жеке түрлерінің күйітінің басталуы мен ұзақтығы біраз әр түрлі болады. Күйлеу алдындағы мезгіл мен күйлеу мезгілінің арасында шекараны іс жүзінде айыру өте қиын. Сондықтан ұрғашы жануардың жатырынан сұйық зат бөліне бастаған кез күйіт мезгілі деп аталады [3,6].

1.3 Қояндардың жыныс циклі

Қояндардың жыныс циклі моно және полициклді. Жануарлардыкіндей болмайды. Қоянның жыныс циклын өзіндік жыныстық жағдайда бақылау керек ұзақтығы алты - жеті күн. Күйлеу жыныс циклының кезеңдерімен байланыспайды. Қояндар жыныс кезеңін кез келген уақытта өткізеді. Қоянда жұмыртқалық овуляцияға дайын фолликулдерді ұстап тұрады. Оларда қозыну болмайды, пролиферативті процесстің ұзақтығын бақылайды қысқы шылымдану және бастысы жыныс актісі нәтижесінде жыныс цикілінде овуляция басталуы мүмкін. Жыныс белсенділігі жылдың жылы уақытында орын алады (мамыр, маусым, шілде, тамыз). Шылымдану кезінде қояндардың несеп жыныс кіреберсінде кілегеілі қабықшасында қатты гиперемияны байқаймыз (кілегейлі қабықшасы ашық қызыл түсті). Овуляция қынаптың рецепторлы аппараты жыныс актісінен шамамен он сағат өткеннен соң байқалады. Жыныс актісі болмай және басқада қозынулардың немесе механикалық емес қынаптың рецепторлы қозыну овуляция барысында болмайды. Қояндар туғаннан кейін бірінші күнінде өсімтал фолликулдар алына бастайды.
Үй қояны көжектегеннен кейін бір екі күнде ұрықтандырылады. Үй қояндарының бұл өзгешелігі төлді көп алу мақсатыман балалату үшін пайдаланылады. Күйіті 3 күннен 5 күнге дейін созылады, әрбір 8-9 күн өткен сайын қайталанып отырады. Іш тастағаннан кейін күйіт 3-4 күнде басталады. Жылдың барлық мезгілдерінде күйлейтіндігі байқалады, бірақ қыстың күні, көбінесе күн жылына бастағанда ғана күйлеп отырады (әдетте аяз күндері күйлемейді).
Мал шағылыстыру науқанын жүргізгенде ұрғашы малдың күйлеп жүргенін анықтау ісінің үлкен маңызы бар. Малдың күйлеуін анықтау үшін әрбір түлік малдың өзіне тән бірқатар белгілері болады.
Үй қоянының күйлеп жүргендігі сыртқы жыныс органдарының қызарып, ісінгенінен, көтеріңкі (қозыңқы) күйде екендігіннен байқалады. Осы белгілері айқын білінсе күйлеп жүрген үй қояны арқасынан сипағнда еденге жата қалып арқасын қайқайтады. Күйлегендігі анық белгілі болып тұрған үй қояндары еркек қоянды шағылысуға жақсы қабылдап, көп төл туады [4,6,7].

1.4Үй қояндарын шағылыстыру

Ұрғашысы еркегінің тұрған жеріне - клеткасына апарылады, клетканың ішіндегі жем беретін, су ішетін ыдыстардышығарып тастау қажет. Ұрғашысының клеткасына еркегін апармаған жөн, өйткені олай етсе, еркегі ұрғашыға ұмтылудан бұрын өзіне жат клетканы ұзақ иіскелеп, қармаумен болады.
Еркек қоян ұрғашысына шұғыл ұмтылып, шапшаң шағылысады. Шағылысып біткеннен кейін еркегі ұрғашысының үстінен бір жағына қарай немесе шалқасына құлап түседі. Құлап түскенде бырылдайды немесе шиқылдаған сияқты ерекше дыбыс шығарады, онысы шағылысып болғандығының белгісі. Ұрғашысының сарпайында сперма көрінсе, ол да сенімді белгі болып табылады. Үй қояндарының анық шағылысында жеткілікті сенім болмаса, яғни еркегі ұрғашысының үстінен бырылдамай тез кетсе, онда үш бес минуттан кейін тағы жұптастыру керек. Тексеру үшін бес жеті күннен кейін ұрғашысын еркегінің жанына апарады. Ұрықтандырлылған ұрғашылары еркек қоянды жанына жуытпайды және жалынышты қыңсыл дыбысын шығарады, мұндай реттерде ұрғашы қоянды өзінің клеткасына қайта апару керек.
Үй қояны 6-дан 9-ға дейін көжек туады, кейде оның саны 6-дан кем, тіпті жалғыз да болады. Үй қоянында кейде 10-нан 13-ке дейін көжек туатыны да болады. Үй қояндарының 14-19-ға дейңн төл тууы сирек кездеседі.
Төлдің саны анасына байланысты, өйткені оның күйлеген кезінде грааф көпірігінен пісіп - жетіліп шыққан аналық клеткаларының санына байлансыты. Әрине төлдің санына шағылысу кезінде еркектен шыққан сперма да біраз әсер етеді. Мәселен, сперманың сапасы нашар болса, ұрық жолындағы аналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды
Үй қояндарының қолда өсіру
Аналық бездің қабынуы
Жыныстық цикл
Созылмалы оофорит
Жыныстық және физиологиялық жетілу
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Аналық жыныс безі күлдіреуігінің туындау себептері
Шырыш ағу феномені
Пәндер