Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері



1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы түсінігі
2. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру
3. Мемлекеттік қызмет
4. Әкімшілік жауапкершілік

Пайдаланылған әдебиеттер
Әкімшілік құқық - ұлттык құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды:
- мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты катынастарды;
- әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады. Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған "әкімшілік құқық бұзушылық" кодексі және баска да құқыктық-нормативтік кесімдер жасайды.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі коғамдык қатынастарды реттейтін ережелер.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмүны бойынша: материалдық, процессуалдық ал субъектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік-құқықтық қатынастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік-кұқықтық нормаларымен реттелген қатынастарды айтады. Бұл қатынастарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.
1. Административное право. Оқулық, жауапты редакторы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Оқулық. Жалпы белім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Оку құралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.
5. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова Р. Заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазакша анықтамалық сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтық құқық. Оқу құралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК Қ¥ҚЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы түсінігі
2. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру
3. Мемлекеттік қызмет
4. Әкімшілік жауапкершілік

Пайдаланылған әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК Қ¥ҚЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы түсінігі
Әкімшілік құқық - ұлттык құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде
жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда
әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл
нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың
құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды:
- мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты
катынастарды;
- әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік
органдардың азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен
бірлескен іс-қимылы;
- әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады. Әкімшілік құқықтың
негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған "әкімшілік құқық бұзушылық" кодексі
және баска да құқыктық-нормативтік кесімдер жасайды.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар
орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі коғамдык
қатынастарды реттейтін ережелер.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмүны бойынша: материалдық,
процессуалдық ал субъектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай:
міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен
әкімшілік-құқықтық қатынастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік-
кұқықтық нормаларымен реттелген қатынастарды айтады. Бұл қатынастарға
қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам
болады.
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы
қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.

2. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру
Атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесінен тұрады, ал бұл
жүйеге Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен мекемелер,
жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік
мекемелердің әкімшіліктері жатады.
Үкімет мемлекеттің жоғары атқарушы өкімет органы болып табылады.
Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президенттік басқару
нысанына үйлестіріле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға
дейінгі атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында
алатын шешуші рөлін білдіреді.
Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу
жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын
Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53 бабының
6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық
заңмен белгіленеді (1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы" мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар
Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және
мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика Президенті құрады.
Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет
мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Үкімет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның
шешімдері Үкіметтің отырысында алқалы түрде қабылданады.
Министрлік Республиканың мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы,
сондай-ақ заңдар деңгейінде салалық үйлестіруге басшылықты жүзеге асыратын
орталық атқарушы орган болып табылады.
Мемлекеттік комитет - Республикада мемлекеттік басқарудың тиісті
салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін және заңдарға сәйкес осы
мақсаттарда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Үкіметтің құрылымынан Үкіметтің құрамына кірмейтін, бірақ оның
иелігінде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитеті, бас
басқармасы, комиссиясы, агенттігі және өзге де республикалық мемлекеттік
басқару органдарын) және Республиканың ведомстволарын (министрліктегі,
мемлекеттік комитеттегі комитеттер, департаменттер, агенттіктер) бөліп
айтқан жөн.
Үкіметтің билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі рөлі оны елдің
бүкіл аумағында іске асырылатын барлык орталық және жергілікті аткарушы
органдарда қолданылатын өкілеттігінен көрінеді. Сонымен катар онын билігіне
жатқызылған мәселелерді дербес шешеді (Конституциянын 66 - бабы).
Жергілікті атқарушы органдар еліміздің атқарушы билігінің бірегей
жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және олар жергілікті жерлерде
жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумақтарды дамыту мүддесімен үйлестіре
жүргізуді көздейді.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі, жауапкершілігі, қызмет
тәртібі Конституцияның 87 -бабымен бірге "Қазақстан Республикасының
жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10
желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ басқа заңдармен және заңға сәйкес
нормативтік-құқықтық кесімдермен реттеледі. Осы заңмен әкімнің міндетіндегі
жеке өкілеттікті де, әр түрлі салалар мен қызметтерді тұтас аткарушы орган,
яғни әкім және оған бағынатын органдар жүзеге асыратын өкілеттікті де
белгілейді.

3. Мемлекеттік қызмет
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып
табылады. Мемлекеттік қызмет -мемлекет қызметінің бір саласы және
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен
функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару
жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен
атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтас-тығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол
жеткізуе және өз кабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік
қызмет бойынша жоғарылатуға тең құкығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы баска принциптері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Әкімшілік құқық негіздері туралы ма5л9маттар
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Жергілікті өкілді және алқалы органдар
ҚР саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті: өткеруі мен тоқтатуының ерекшеліктері
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Пәндер