Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласының
дамуы және өндіру түрлері.
2) Электр энергиясының негізгі тұтынушы саласы.
ІІІ. Қорытынды
1) Электр энергиясының даму қарқынының жүзеге асырылуы.
Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі – электр энергетикасы. Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орналасуы мен дамуына әсер етеді. Сондықтан да электр энергетикасын республика шаруашылығының жетекші саласы деп атауға болады.
Жалпы электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары: жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр станциясы (АЭС) деп бөлінеді.
Ғылыми – техникалық прогрестің басты бағытарының бірі – шаруашылықты электрлендіру. Өндірісте жаңа технологияны кеңінен пайдалануда, автоматтандыру мен копьютерлендіруде электр энергиясына деген сұраныс артады. Энергия мен жылуды көр қажет ететін өндірістер (алюминий, магний, титан өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі) электр энергиясын өндіретін орталықтың маңына шоғырланады. Мысалы, орташа есеппен 1 т алюминий өндіру үшін 18 мың кВт – сағ, ал маний өндіру үшін 20 мың квт-сағ электр энергиясы қажет. Ірі электр станцияларының маңына металлургия, электрохимия өндірістері орналастырылады.
1) «Қазақстан экономикасы» Н. Нұрғалиев
2) «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Назарбаев

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласының
дамуы және өндіру түрлері.
2) Электр энергиясының негізгі тұтынушы саласы.
ІІІ. Қорытынды
1) Электр энергиясының даму қарқынының жүзеге асырылуы.

Кіріспе.

Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі – электр энергетикасы. Бұл сала
өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орналасуы мен
дамуына әсер етеді. Сондықтан да электр энергетикасын республика
шаруашылығының жетекші саласы деп атауға болады.
Жалпы электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары:
жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр
станциясы (АЭС) деп бөлінеді.
Ғылыми – техникалық прогрестің басты бағытарының бірі –
шаруашылықты электрлендіру. Өндірісте жаңа технологияны кеңінен
пайдалануда, автоматтандыру мен копьютерлендіруде электр энергиясына деген
сұраныс артады. Энергия мен жылуды көр қажет ететін өндірістер (алюминий,
магний, титан өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі) электр энергиясын
өндіретін орталықтың маңына шоғырланады. Мысалы, орташа есеппен 1 т
алюминий өндіру үшін 18 мың кВт – сағ, ал маний өндіру үшін 20 мың квт-сағ
электр энергиясы қажет. Ірі электр станцияларының маңына металлургия,
электрохимия өндірістері орналастырылады.

Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласының
дамуы және өндіру түрлері.

Қазақстанда электроэнергетика базасы ХХ ғ. 30-шы жылдары құрыла бастады.
Ресейдің эдектрлендіру мемлекеттік комиссияның жоспарында (ГОЭРЛО) Алматы
төңіректерінде және Шығыс Қазақөстанда бірнеше су электростанциялар салуға
көңіл бөлінген.

Қазақстан электр энергиясын өндіру
1965 1970 1975 1980 1985 1990 1995
Өндірілген электроэнергия, 19,2 34,7 52,4 61,5 81,3 87,4 66,6
млрд.квт.с
өсу қарқыны 1 1,8 2,7 3,3 4,2 4,5 3,5

Әуелі шағын электр станциялары олардың қажеттілігін қамтамасыз ету
үшін фабрика, заводтар, мұнай кәсіпорындарында және рудниктер жанында
салынған. Бүкілодақтық электр энергиясын өндіруде 1940 ж. Қазақстанның
үлесі теку 1,3 болды, ал 1950 ж. – 3 шамасында.
50-ші жылдарға дейін республикада энергетика кәсіпорындарының
жанында салынған электростанциялар арқылы дамыды. 1950-1960 жж. Жезқазған
ТЭ-қы, Өскемен ГЭС-і, Бұхтырма ГЭС-нің бірінші агрегаты және басқалар іске
қосылды, осымен қатар бұрынғы электр станцияларының қуаттылықтары өсірілді.
1966-1970 жж. Шардара Гэс-і құрылысы аяқталып, Қапшағай ГЭС-нің және
Жамбыл ГРЭС-нің құрылысы басталды. Алматы-Талдықорған, Алматы-Бішкек-Жамбыл
электр тогын өткізіп тұратын жолдар салынды. 1971-1975 жж. Қапшағай ГРЭС-і
мен толықтандырылдыү 1973 ж. Қуаттылығы 150 мың квт электр энергиясына тең
Ақтау қаласындағы атом электр станциясы іске қосылды.
1976-1980 жж. Арасында 9-шы бесжылдықта салына бастаған Екібастұз
ГРЭС-1 екі энергия блоктары іске қосылып, қуаттылығы 1350 мың квт-қа тең
Шульба ГЭС-нің құрылысы басталды.
1981-1985 жж. Екібастұз ГРЭС-1 жобалы қуаттылығын игеру және
Екібастұз -2, Шульба ГЭС-нің энергия блоктарын іске қосу белгіленген.
Шульба ГЭС-ін қосу электр энергиясын шығаруды молайтумен қатар, Павлодар
және Шығыс Қазақстанда 400 мыңнан астам жерді суғаруға, Ертіс өзенінің
жайылмасында,ы пішенде және жайылымдарды жетілдіруге мүмкіншілік бермекші
еді. Екібастұз-Орал орталық аса жоғары көрнекті ток жүргізетін энергия
көпірін салу белгіленген. Электр энергиясын өндірудің қосу қарқынын өсіру
өнеркәсіптің энергияны көп қажет ететін салаларын дамытуға, ауыл
шаруашылығын және транстпортты электрлендіруге жағдай туғызады. Электр
энергиясын ең көп пайдаланатын өнеркәсіптің химия, түсті және қара
металлургия салалары.
Жалпы электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары:
жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр
станциясы (АЭС) деп бөлінеді.
Республикамызда өндірілетін электр энергиясының 90% – ы жылу
электр станцияларына тиесілі. Бұл бір жағынан, көмір, мұнай, газ тәрізді
отын түрлерінің қоры көп болуына, екінші жағынан, оның жыл бойы үзбей
өндірілуіне байланысты.
Жылу электр станциялары көмір, газ, мазутпен жұмыс істейді. Жылу
электр станциялары – электр энергиясын өндіретін мемлекеттік – аудандық
электр станциялары (МАЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭС) деп бөлінеді.
Елімізідің облыс орталықтары мен ірі қалаларында жылу электр
станциялары мен жылу электр орталықтары салынған.
Мұндай электр станциялары Қарағанды және Екібастұз көмірі
негізінде жұмыс істейді. Екібастұз маңында әрқайсысының қуаты 4 млн кВт
болатын МАЭС-1 эәне МАЭС-2 толық жұмыс істесе, МАЭС-3 құрылысы тоқтап тұр.
Балқаш көлінің оңтүстік – батысында Алматы облысына қарасты Үлкен
деп аталатын елді мекенде Екібастұз көміріне бағдарланып жұмыс істеуге
тиісті МАЭС-4, яғни Оңтүстік Қазақстан МАЭС-і салынбақ.
Сонымен бірге Екібастұз көмірін пайдаланып электр энергиясын
өндіретін республикамызда тысқары Орал, Сібір экономикалық аудандарда 20-ға
жуық жылу электр станциялары бар.
Екібастұз көмірін пайдаланып арзан электр энергиясын өндіру
Орталық Қазақстанда қара және түсті металлургия өнеркәсібінің дамуына
мүмкіндік тудырып отыр.
Сол сияқты Павлодар облысындағы қуаты 2,4 млн кВт-сағ Ақсу МАЭС
– і Ақсу ферроқорытпа зауытын энергиямен қамтамасыз етуде.
Мұндай жылу электр станцияларына Қарағанды маңындағы МАЭС-1, МАЭС-
2, Павлодар, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы жылу электр станциялары және
қуаты 1,3 млн кВт-сағ Тараз МАЭС-і жатады.
Жылу электр орталықтары қала үйлерін ыстық сумен, ал өндіріс
орындарын бумен қамтамасыз етеді. Мұндай станциялар ірі қалаларда,
өнеркәсіп орндары маңында салынады.
Бірақ жылу электр станцияларының жұмыс істеуі нәтижесінде пайда
болатын отын қалдықтары, күлі мен түтіні ауаны ластап, қоршаған ортаға кері
әсерін тигізіп, бұл аудандардағы экологиялық жағдайға мұқият назар аударуды
қажет етуде. Мұндай жағдайда электр станцияларының мұржаларын өте биіктен
шығару (300 м-ден астам) және улы газдардан ұстап қалатындай арнайы
қондырғылар орнату ісі қолға алынуға тиіс.
Еліміздегі өндірілетін электр энергиясының 8 %– в су электр
станцияларына тиесілі. Мұндай станциялар, әсіресе республиканың таулы
аудандарындағы өзендердің құлау күшін пайдалануға негізделген. Қазақстанның
су энергетикалық ресурстары жылына 160 млрд кВТ-сағ электр энергиясын алуға
мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағындағы электр энергетика саласының дамуы және өндіру түрлері
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Биомасса энергиясы
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
КазАтомПром
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар жайлы мәлімет
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Пәндер