Ордабасы ауданы Бөген өзенінде салынған су қойманың жобасы



Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
Қысқартылған сөздер мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1 Төлеби ауданының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Ақсу өзенінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2 Бөгет қимасын жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Бөгеттің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... 13
2.2 Бөгет денесін құруға арналған топырақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Бөгет профилін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.4 Жобаланған бөгеттің өлшемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.5 Дренаждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
3 Бөгеттің сүзілу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
4 Бөгеттің баурайының беріктілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
4.1 Бөгеттің төменгі беткейінің беріктілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... 22
4.2 Жер бөгеттерінің отыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
5 Су алатын құрылымды жобалау және гидравликалық есебі ... ... 28
5.1 Құбырлы суалғыштың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
5.2 Каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
5.3 Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
6 Су тастайтын құрылымды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
6.1 Құбырдың диаметрінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
6.2 Су тастағыш каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... . 40
6.3 Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
7 Өндірістік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
8 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Су қорының ішінде әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады.Кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейі 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі –жер асты суы. Су қорлары кең –байтақ аумақта біркелкі таралмаған. Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі-мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік мұздық анықталды. Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы Жетісу Алатауында, қалған Іле мен Күнгей, Теріскей Алатауларында Алтай мен Сауыр жоталарында. Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар және беткейлік,денудациялық беткейлер мұздықтары.Осының ішіндегі көп тарағаны аңғарлық мұздықтар. Мұздық суы тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынның басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Қазақстан өзендерінің ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 840694-і шағын, 305 –і орташа және 23-і ірі өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысында Алтай , оңтүстік-шығысында Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары 0,4-1,8 км² шамасында.
Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек келеді. Өзендердің көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс , Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Қара теңіз алабына қарайды. Қазақстндағы ең суы мол өзен –Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы 1700км ,жалпы ұзындығы 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі СЭС-мен яғни олар Бұқтырма және Өскемен реттелген. Ұзындығы жағынан екінші өзен -Сырдария. Қазақстандағы ұзандығы 1400 км, жалпы ұзындығы 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен-Іленің республика шегіндегі ұзындығы 815 км.
Батыс Қазақстан жерінінің негізгі өзенінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңтүстік Оралдан басталады.Қазақстандағы ұзындығы 1082 км, жалпы ұзындығы 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен қатар Есіл , Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Жем ,Ойыл өзендері жатады. Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48262 көл айдынының 45 248-і шағын көлдер қатарына жатады. Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген км алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км² болып 21 580 көл болса, бүкіл Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жалпы аудан 4658 км² болатын 17 554 көл ғана бар. Қазақстан көлдері пайда болуына байланысты тектоника және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке Жалаулы, Қызылқақ Үлкен Қараой жатады. Жер асты сулары алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты - жарықшақты, жарықшақты-қабаттық және қабаттық жер асты сулары болып бөлінеді.
1 ӘріновҚ., Нағымбетов А., Ысқақов М., Серікпаев Н., Жұмағұлов И. Агрономия негіздері.-Астана: Фолиант, 2007.
2Исаев А.П. и др. Гидравлика и гидромеханизация селькохозяйственных процессов. – М,: Агропромиздат, 1990.
3 Карамбиров Н.А. Сельскохозяйственное водоснабжение.-М: Колос, 1988.
4 Журавлев Г.И. Гидротехническое сооружения. –М.: Колос, 1989.
5 Попов К.В. Гидротехническое сооружения. –М.: Высшая школа, 1983.
6 Абдикеримов С., Наурызбаев Е.М. Методические указания к выполнению курсового проекта по дисциплине Гидротехические сооружения.- Шымкент, 2010.
7 Киселев П.Г. Справочник по гидравлическим расчетам. –М.: Высшая школа, 1993
8 Волков И.М. роектирование гидротехнических сооружений. –М.: Колос, 1987.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жобада Ордабасы ауданы Бөген өзенінде салынған су қойманың жобасы жасалды.
Курстық жоба келесі бөлімдерден тұрады: ауданның табиғи шаруашылық жағдайы, топырақтан тұрғызылған бөгеттер, бөгеттердің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау, бөгеттің сүзілуін анықтау, бөгет баурайының сүзілуін есептеу, су жіберетін құрылымның жобасын жасау, су тастайтын құрылымдардың жобасын жасау.
Басты су алатын тораб, жеткізуші канал, су алатын және су щығарғышы бар бөгет құрылымдары есептелген. Бөгеттің негізгі параметрлері анықталған.
Су қоймасының негізгі су қорын пайдаланатын жабдықтар таңдалған, су шаруашылық есептері келтірілген.
Курстық жоба 8 бөлім, 51 бет, 7 суреттен, 5 кестеден, А3 және А1 форматты сызбадан тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6

Қысқартылған сөздер мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1
Төлеби ауданының табиғи жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
1.1
Ақсу өзенінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2
Бөгет қимасын жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.1
Бөгеттің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ...
13
2.2
Бөгет денесін құруға арналған топырақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.3
Бөгет профилін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.4
Жобаланған бөгеттің өлшемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.5
Дренаждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
3
Бөгеттің сүзілу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
4
Бөгеттің баурайының беріктілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
4.1
Бөгеттің төменгі беткейінің беріктілігін есептеу ... ... ... ... ... ... ...
22
4.2
Жер бөгеттерінің отыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
5
Су алатын құрылымды жобалау және гидравликалық есебі ... ...
28
5.1
Құбырлы суалғыштың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28
5.2
Каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
5.3
Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
35
6
Су тастайтын құрылымды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
37
6.1
Құбырдың диаметрінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38
6.2
Су тастағыш каналдың гидравликалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... .
40
6.3
Су бәсеңдеткіштің өлшемдерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
42
7
Өндірістік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
47
8
Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
51

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жобада төмендегідей құжаттарға сілтеме жасалынып қолданылды:
СНиП 2.06.01-86- ГТС, Основные местоположение проектирование.
СНиП 2.06.04-82- Нагрузки и воздействие на ГТС.
СНиП 2.06.05-84- Плотины из грунтовых материалов.
СНиП 2.02.02-85- Основание гидротехнических сооружений.
СНиП2.01.14-83- Определение расчетных гидрологических характеристик.
СНиП 2.06.03-85- Мелиоративные системы и сооружения
СНиП 2.06.08-87- Бетонные и железобетонные конструкции ГТС.
СН РК 3.04.01-2001- Нормы отвода земель для мелиоративных каналов.

Анықтамалар

Сумен қамтамасыз ету - суды тұтынушыларға беру.
Су жіберу - су қоймасын немесе арнасын босату үшін салынған гидротехникалық құрылыс.
Су қоймасы - суды қорғау және ағысын реттеу мақсатында су ағысын бекіту арқылы жасалған суат.
Өзен жүйесі- суы бір-біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы.
Өзен алабы- су арындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын жер бетінің белгілі бір аумағы . Кейде Су жиналатын алқап деп те атайды.
Су ресурстары - белгілі бір территорияның топырақ және атмосфера ылғалын қоса алғанда, пайдалануға жарамды барлық жер астындағы және жер бетіндегі су қорлары.
Су пайдалану - халық шаруашылығының және тұрғындардың кез-келген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су нысандарын пайдалану.
Су ресурстарын кешенді пайдалану - су ресурстарын халықтың және экономиканың әр түрлі салаларының қажеттерін қанағаттандырып, сарқылтпай пайдалану.
Бөгет - судың деңгейін көтеру үшін су тоқтататын тосқауыл құрылыс.
Су шаруашылығы - халықтың және халық шаруашылығының қажетін сумен қамтамасыз етуді, оны тиімді пайдалануды, қорғауды қарастыратын шаруашылық саласы.
Суды қорғау шаралары - табиғи су көздерін тиімді пайдалану, таза сақтау, қалдықтармен ластамау шараларының жүйесі.
Су пайдалану мөлшері - судың пайдаланушыға қажетті мөлшері.
Су жинайтын аудан - жер бетіндегі немесе жер астындағы судың жиналатын орны.
Су жібергіш - су қоймалардан артық суды ағызып шығаратын гидротехникалық құрылым.
Пайдалы әсер коэффициенті (пәк) - қуатты өзгертіп пайдалану кезіндегі жүйенің (машина, құрылғы) тиімділігін көрсететін шама.
Топырақтың ылғал сыйымдылығы - топырақтың ылғалды ұстау қабілетінің сандық сипатының шамасы.
Су балансы - қарастырылатын нысан үшін таңдалған уақыт аралығындағы су қорының өзгерістерін ескере отырып, оның кірісі мен шығысының арақатынасы.
Су қоры - еліміздің барлық суларының жинтығы. Су қорларға өзендер, көлдер, су қоймалар, жер бетіндегі су көздер мен суаттар, сондай-ақ жер асты сулары, территориялық сулар, мұздықтар, ішкі теңіздер және т.б. кіреді.
Су алатын құрылым - өзеннен, көлден, су қоймалардан және т.б. су алуға қызмет ететін гидротехникалық құрылыс.
Өзен- жер бетіндегі табиғи арна мен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.
Гидротехникалық құрылымдар- су обьектілері мен аумақтардың гидрологиялық режимін (су деңгейі, температурасы, ағыс жылдамдығы , лайлылығы, мұз қату және еру құбылыстары , толқындар т.б.) бақылау және реттеу құрылысы.
Су деңгейі- су қоймалары су ағыстары еркін бетінің кез келген шартты жазық бетке ( салыстырмалы су деңгейі) немесе теңіз деңгейіне қарағандағы биіктігі.
Су қойма- жер бетіндегі табиғи және жасанды (бөгет, әуіт) ойыстары ағынсыз немесе баяу ағыспен жиналатын су көздері.
Ауыл шаруашылық мелиорациясы-ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін, қолайсыз табиғи жағдайларды түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі.
Гидротехникалық мелиорация - жердің бойындағы су режимін реттеу шаралары.
Жерді суландыру - сусыз және суы өте аз аудандарда көлемі өте аз учаскілерді суару және сумен жабдықтау үшін қолданылатын гидротехникалық құрылыстар мен шаралардың жинағы.
Суармалау нормасы - бір гектар егістікке дақылдардың өсу дәуірі мезгілінде жіберілетін судың жалпы мөлшері.
Бас канал - су таратқыш каналдардың ең негізгісі болып саналады, өткені ол арқылы су көздерінің су барлық суармалы жерлерге жіберіледі.
Суқашырту құрылыс - мүмкін болған деңгейден артық суды ағызып жіберетін құрылыстар.
Су ағызғыш құлақтар - каналдың суын толығынан ағызып жіберетін құрылыстар.
Құлама - каналға судың жиналып құлауын қамтамасыз ету үшін жасалған сатылы гидротехникалық құрылыс.
Шаруашылық ішіндегі жолдар - шаруашылық орталығын бригадалармен, фермалармен, егіс қостарымен, шаруашылық аралық жолдармен немесе жоғарыда көрсетілген обьектілерді өзара байланыстыру үшін жасалатын жолдар.

Қысқартылған сөздер мен белгілер
лс - 1 секунд уақытта қаншалықты сұйықтың мөлшері өтті;
т.б. - тағыда басқа;
МШК - мүмкіндік шекті концентрациясы;
м - метр;
с - секунд;
мс - метрсекунд;
ПӘК - Пайдалы әсер коэффициенті;
ҚСД - Қалыпты су деңгейі;
ӨСД - Өлі көлем деңгейі;
ТСД - сақтық көлем;
МК - Магистральді канал;
ҚМШ -Қалдықтардың мүмкіндік шегі;
т.с.с - тағы сол сияқты.

Кіріспе

Су қорының ішінде әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады.Кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейі 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең - байтақ аумақта біркелкі таралмаған. Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі-мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік мұздық анықталды. Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы Жетісу Алатауында, қалған Іле мен Күнгей, Теріскей Алатауларында Алтай мен Сауыр жоталарында. Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар және беткейлік,денудациялық беткейлер мұздықтары.Осының ішіндегі көп тарағаны аңғарлық мұздықтар. Мұздық суы тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынның басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегі 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Қазақстан өзендерінің ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 840694-і шағын, 305 - і орташа және 23-і ірі өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысында Алтай , оңтүстік-шығысында Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі басқа өңірлерге қарағанда жоғары 0,4-1,8 км² шамасында.
Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек келеді. Өзендердің көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс , Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Қара теңіз алабына қарайды. Қазақстндағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы 1700км ,жалпы ұзындығы 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі СЭС-мен яғни олар Бұқтырма және Өскемен реттелген. Ұзындығы жағынан екінші өзен -Сырдария. Қазақстандағы ұзандығы 1400 км, жалпы ұзындығы 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен-Іленің республика шегіндегі ұзындығы 815 км.
Батыс Қазақстан жерінінің негізгі өзенінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңтүстік Оралдан басталады.Қазақстандағы ұзындығы 1082 км, жалпы ұзындығы 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен қатар Есіл , Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Жем ,Ойыл өзендері жатады. Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48262 көл айдынының 45 248-і шағын көлдер қатарына жатады. Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген км алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км² болып 21 580 көл болса, бүкіл Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жалпы аудан 4658 км² болатын 17 554 көл ғана бар. Қазақстан көлдері пайда болуына байланысты тектоника және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке Жалаулы, Қызылқақ Үлкен Қараой жатады. Жер асты сулары алаптағы не кендегі су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты - жарықшақты, жарықшақты-қабаттық және қабаттық жер асты сулары болып бөлінеді.

1 Ордабасы ауданының табиғи жағдайы

Ордабасы ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1964 жылы құрылған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Тұрғыны 92,9 мың адам. Ұлттық құрамы: қазақтар-94,5%, әзірбайжандар-1,5%, орыстар-1,3%, басқа ұлттар-2,7%. Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Темірлан ауылы.
Ордабасы ауданың жер бедері жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай-жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 метр). Ауданның климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілдеде 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 милиметр. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3-5 мс. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0,3-0,4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады. Аудан арқылы Арыс және оның салалары - Боралдай (оң саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу, тағы басқа өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған. Одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген.
Өсімдігі қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан басым көкпек, сар-сазан, баялыш, күйреуік өскен. Ауданның солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), тағы басқа кездеседі. Аудан халқы көп ұлтты. Оның басым бөлігін қазақтар құрайды. Ірі елді мекендері: Темірлан, Төрткөл, Сыпатаев, Бадам, Бөген, Қайнар, Қарааспан, Шұбар, Қарақұм, тағы басқа. Ауыл шаруашылықтарына жарамды жердің аумағы 246,5 мың гектар. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37,0%) басым. 24,8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7,3%-ы, қой мен ешкінің 5,9%-ы, жылқының 6,6%-ы, құстың 9,1%-ы өсіріледі. Аудан орталғы - Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 километр. Аудан аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді.Қазіргі таңда Батыс Қытай - Батыс Европа жолы жүргізілуде, бұл жол бұрынғы Ұлы жібек жолы болған.

1.1 Бөген өзенінің сипаттамасы

Бөген - Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді.
Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген (Үлкен Бөген) және Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады.
Ұзындығы 164 км, алабы 4680 км2. Басты салалары: Шаян, Сасық өзендері. Алабы белесті, еңістеу келген жазық. Жайылмасы 300 -- 600 м. Бөген ерте көктемде тасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Қызылкөпір бекеті тұсында көп жылдық орташа ағыны 4,36 м[3]с. Төменгі ағысында Бөген бөгені салынған, одан Арыс-Түркістан каналы тартылған. Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандарының шаруашылықтары егін суаруға, мал шаруашылығына және ауыз суға пайдаланады. Бөген - әдетте өзендерде бөгет және бөгесін салу арқылы жасалған суқойма.

2 Бөгет қимасын жобалау

2.1 Бөгеттің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау

Барлау және іздеу жұмыстарынан бұрын соғылуы тиіс су қоймасының орнындағы Бөген өзеніне бақылау жүргізілді.
Бөгеттің қимасын таңдау кезінде негізгі шарттар келесідей болды: су қоймасында судың мүмкін болатын үлкен көлеміне құру; бұлақ ағынының жиналуы үшін негізгі арнаға орналастыру немесе жақтарындағы қорғаушы бөгеттердің биіктігі мүмкіндігінше төмен болатындай жасау.
Таңдалған қима осы талаптарға толық дерлік жауап береді.
Жер бөгеті және су қоймасында жобаланушы ғимараттар СНиП 2.06.01-86- 2 бөлімі, 50 тарауға сәйкес III топқа жатады.
Бұл жағдайда бөгеттің тобын жоғарылату үшін ерекше жағдайлар қажет емес.

2.2 Бөгет денесін құруға арналған топырақтар

Ауыр, орташа, жеңіл, шаң тәрізді, орман тәрізді саздақты және құмды байланысқан топырақтар бөгеттің суға төтеп беретін барлық бөліктеріне ең жақсы шикізат болып табылады.
Бөгеттің сол және оң жақтарына құмды, саздақты және саз балшықты топырақтар төселеді. Олардың қорлары бөгетті құруға әбден жетеді.
Осы аталған топырақ түрлері бөгет денесін құру үшін алынды.
Өзен арнасында бөгеттің табаны ретінде тереңдігі 1,5 метр болып келетін және саздақ әр құмды топырақтардан құрылған жер алынды.
Әрі қарай қуаты 7,50-ге дейін және сарғыш-сұр құмды топырақтан, ал төменірек тығыздығы орташа болып келген шаң тәрізді ақшыл көк және сұр-қызғылт түсті құмнан, ал одан төменірек саз балшықтан жасалған.

2.3 Бөгет профилін таңдау

Бөгет профилі шөгуге қарсы беріктілікті қанағаттандыратын қарапайым құлама беткейлері салынған, жоғарғы құлама беткейі монолитті темірбетонмен, ал төменгі беткейі шөппен және дренажды призмамен бекітілген түрде қабылданды. Себебі бөгеттің биіктігі 6...8 метрден асқан жағдайда дренаж қолданылады. Құлама беткейлердің беріктілігі төменде көрсетілген есептеулер негізінде тексерілді.
Профиль келесідей болып қабылданды: жотаның ені-12 м, жоғарғы бөліктің құлама беткейі m1=3.0, ал төменгі құлама беткей m2=1,75. Бөгеттің максимальді биіктігі 17 метр шамасында.
Топырақтан соғылатын бөгеттің құлама беткейлерінің еңістік коэффициенттері 1- кестеде келтірілген.

Кесте 1 - Бөгеттің баурай коэффициенті
Бөгет биіктігі
Топырақ түрі
Баурай коэффициенті

m1
m2
5-10
Құмды
Саздақ
2.0
2.5
2.0
1.75
10-15
Құмды
Саздақ
3.0
3.0
2.0
1.75
15-20
Құмды
Саздақ
3.0
3.0
1.25
2.25
20-30
Құмды
Саздақ
3.5
3.5
2.5
2.25

Жобада бөгетті пайдалану, жөндеу үшін және ауыл шаруашылық машиналарының өтуі үшін бөгеттің жотасы бойынша СНиП бойынша III топқа (классқа) жататын жол қарастырылған.
Ауыл шаруашылық құрылысы бойынша анықтамаға сәйкес III топқа жататын жолдардың жүретін бөліктің ені 12,0 м тең. Жотасы бойынша жол саздақ балшықты қоспадан жасалынады және екі бьеф жағынан да темірбетонды бағаналармен қоршалады.
Жотасы бойынша жол құмды-саз балшықты қоспадан жасалынады және екі бьеф жағынан да темірбетонды бағаналармен қоршалады. Осыған байланысты бөгет төбесінің ені 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2 - Жол категориясы
Көрсеткіш
Жол категориясы

1
2
3
4
5
Бөгет жотасы
ның ені
27,5м
15м
12м
10м

Жүретін бөліктің ені
15м
7,5м


4,5м
Жол жағалауының ені
3,75м
3,75м
2,5м

1,75м

2.4 Жобаланған бөгеттің өлшемдері

Берілген шарт бойынша, яғни бөгеттегің биіктігі 17 метр болғандықтан, ол бөгет төмен немесе жоғары деңгейлі бөгетке жатады.
Сондықтан бөгеттің үстіңгі жағындағы беткей ұзындығы вгр.п = 12,0 м етіп қабылданды.
Бөгеттің негізгі (құрамы) материалы саздақ болғандықтан және берілген биіктігі Н = 17 м болғандықтан, еңістігін яғни жоғарғы бьефті m1 = 3,0 төменгі бьефті m2 = 1,75 етіп қабылдаймыз.
Бөгетті тұрғызуға қажетті басқа да мәліметтерді берілген тапсырмадан аламыз.
Берілген мәндер:
1 Желдің жылдамдығы, ;
2 Толқынның басталу қашықтығы, ;
3 Бөгеттің сүзілу коэфициенті, ;
4 Қабылданған су мөлшері, ;
5 Шығарылған су мөлшері, .

Судың биіктігі, яғни бөгеттегі су тереңдігінің жоғары қалыпты деңгейдегі нүктеден бөгетттің биіктігіне дейінгі арақашықтықты табу үшін, ең алдымен судың тереңдігін анықтаймыз.

(1)

Плотинаның биіктігін анықтаймыз:

(2)

мұндағы: - ең жоғарғы су деңгейінен бөгеттің жотасына дейінгі аралық;

(3)

мұндағы: - желдің әсерінен болатын толқынның көтерілуі;
- толқынның бөгеттің құлама беткейіне шапшу биіктігі;
а - қосымша биіктік құрылымның класына байланысты қабылданады, а=0,5 м.
Енді, еңістіктің желдік биіктігін табамыз. Ол

. (4)

мұндағы: - тәжірибе коэфициенті (),
D - толқынның басталу қашықтығы,
- бөгетке тік бағытта әсер етуші күшпен бөгет өсінің арасындағы бұрыш.

hH=0,0208W54Д, м (5)

hH=0,0208W54Д13=0,0208*1454*121 3=1,5 м

2.5 Дренаждар

Бөгеттің биіктігі 6...8 м-ден артқанда оны көбінесе дренажбен жабдықтайды. Дренаж депрессия сызығын төмендетеді, бөгеттің денесінен сүзілген суды төменгі беткейге шығармай жинап, төменгі бьефке ағызады. Дренаж қабылдағыштан және жиналған суды тасымалдап бөгеттің денесінен шығарып жіберуге арналған бөлшектерден тұрады.
Қабылдағыш бөгеттің денесімен сүзілген суды қабылдайды, сонымен қатар топырақ құрамындағы сүзілуден болуы мүмкін өзгерістерден қорғайды. Горизонтальді дренаждарда қабылдағыш ретінде бірнеше қабатты сүзгіш қолданылады. Сүзіндіні тасымалдау үшін ірі тас немесе құбыр қолданылады. Тік дренаждың қабылдағышы ретінде ұсақ саңылаулы бетон немесе түрлі жасанды минералды талшықтардан жасалған мақта, мата, киіз, плита қолданылады.
Ендігі жерде дренаж өлшемдері қабылданады. Дренаждың жоғарғы беткей ұзындығы , дренаждың биіктігі , жоғарғы баурай коэффициенті m1др =1,0, төменгі байрай коэффициенті m2др =1,5 етіп қабылдаймыз, су болған жағдайда.
Бөгет 10 м-ден жоғары болғандықтан 10 м сайын берма қоямыз. Оның өлшемдері: ені в=3 м, жоғарғы баурай коэффициенті m1б=0,5+m1=0,5+3,0=3,5, төменгі баурай коэффициенті m2б=0,25 + 1,75=2 етіп қабылдаймыз.
Қабылданған және есептелген параметрлер бойынша бөгет қимасы тұрғызылады (сурет 1).

3 Бөгеттің сүзілу есебі

Бұл есептің мақсаты:
а) бөгеттің, бөгет астындағы жер қабаттары мен өзен жағаларының сүзілу беріктігін анықтау;
б) бөгеттің беткейлері мен өзен жағаларының орнықтылығын анықтау;
в) бөгеттің су сүзілуін азайтатын құрылым - дренаждың тиімді пішіні мен мөлшерлерін дәлелдеп тағайындау.
Бұларды шешу үшін бөгеттің денесіндегі және өзен жағаларындағы депрессия жазықтығының орны анықталып, сүзінді ағынның тегеуріні немесе тегеуріннің градиенті есептелінеді. Оған қоса жоғарғы бьефтен төменгі бьефке сүзіліп шыққан судың шамасы анықталады.
1)Бөгеттің көлденең қимасын анықтаймыз.
2)Депрессиялық сызықтың басталу қимасының ара-қашықтығын анықтаймыз.

(6)
(7)
мұндағы: су тереңдігі
коэфициент

3) Дренаждың бас нүктесінен қима сызыққа дейінгі аралықты анықтаймыз.

L=lр +(ΔГП-ΔФПУ)m1 +b+(ΔГП-Δб)m2+bб+(Δб-ΔГдр)(m2+0.25) -Hдрm1др , м (8)

мұндағы: ΔФПУ - жоғарғы су деңгейі белгісі;
ΔГП - бөгет жотасының белгісі;
ΔГдр - дренаж төбесінің белгісі;
Δб - берма ені, м;
b - бөгет жотасы ені, м;
bб - берма ені, м;
m1 - жоғарғы баурай коэффициенті;
m2 - төменгі баурай коэффициенті;
Hдр - дренаж биіктігі, м;
m1др - дренаждың жоғарғы баурай коэффициенті.

4)Депрессиялық сызықтың дренаждың бас нүктесіндегі ординатасын
анықтаймыз.

(9)

мұндағы: L - дренаждың бас нүктесінен қима сызыққа дейінгі аралық, м;
H - су тереңдігі, м



5)Депрессия сызығының координатасының бас нуктесин анықтаймыз.

(10)

мұндағы: h1 - депрессиялық сызықтың дренаждың бас нүктесіндегі ординатасы, м.

6)Депрессиялық сызықты саламыз.
(11)




Есептелген параметрлерді 3-кестеге енгіземіз.

Кесте 3 - Депрессия сызығын анықтау
х, м
10
20
30
40
у, м
4,5
6,2
8,1
9,02

Есептелген параметрлер бойынша депрессия сызығы тұрғызылады
(сурет 2).

7)Фильтрацияға кететін судың мөлшерін анықтаймыз.

(12)

мұндағы: k=0,062;
h1 - депрессиялық сызықтың дренаждың бас нүктесіндегі ординатасы, м.

.



4 Бөгет баурайының беріктігін есептеу

4.1 Бөгеттің төменгі беткейінің беріктілігін есептеу

Бөгет беткейлерінің көлбеуліктері алдын - ала қабылданған еді. Бөгеттің төменгі беткейінің орнықтылығына әсер ететін күштің бірі сүзіліп аққан су болып табылады. Бұл ағынның мөлшерлері анықталады. Басқа күштер бөгеттің салмағына, үйкеліске, бөгет құрылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты. Орнықтылықты есептеуге керек материал қасиеттері белгілі, демек бөгеттің төменгі беткейінің орнықтылығын есептеп, оның алдын-ала тағайындалған мөлшерінің дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтауға болады.
Бөгет табанындағы жер қабатына әсер ететін күштер әсерінен бөгет беткейі опырылып қалуы мүмкін. Опырылған беткеймен бірге жер қабаты да сығылып көтерілуі мүмкін. Опырылған беткей материалы қандай да бір белгілі еттің үстімен жылжып түседі. Бұл бет немесе қисық болуы мүмкін. Айтып отырған беттің түріне байланысты аналитикалық, графоаналитикалық, графикалық және тағы басқа көптеген есеп тәсілдері бар. Беріктілік коэфициенті анықталып, оны допустимый коэфициентпен салыстырамыз.
(13)
Куст = Кдоп

Егер Куст Кдоп болса, қабылданған баурайының коэфициентін өзгертеміз және фильтрацияны азайтамыз.
1) а нүктесінен екі сызық жүргіземіз. Біріншісін төменгі беткейге вертикаль жүргіземіз, ал екіншісін төменгі беткейге 85° жүргіземіз.
2) ав және ас кесінділерін анықтаймыз:

ав =0,75∙Н=0,75∙15=12,6м
ас=1,625∙H=1,6∙15=24,4м

3) Бөгеттің жотасы, төменгі баурайы және опырылу контурымен пайда болған ауданды бөлшектерге бөлеміз. Бөлшектердің енін мына формула бойынша анықтаймыз:

в=0,1∙R=0,1∙22,4=2,2м (14)

мұндағы: R-опырылу контурының радиусы. R=22,4 м ( сурет 3).

sinα= 0.1n (15)

мұндағы, n - қатар номері.

cosα=1-sinα2 (16)

cosα=1-0,92=0,43

cosα=1-0,82=0,6

cosα=1-0,72=0,7

cosα=1-0,62=0,8

cosα=1-0,52=0,86

cosα=1-0,42=0,9

cosα=1-0,32=0,95

cosα=1-0,22=0,98

cosα=1-0,12=0,99

cosα=1-02=1

cosα=1-(-1)2=0,99

cosα=1-(-2)2=0,98

cosα=1-(-3)2=0,95

cosα=1-(-4)2=0,9

4) Жолақтың келтірілген биіктігін анықтаймыз:

hпр=hсух+ (17)

мұндағы: hпр- Топырақты біртекті топыраққа айналдыру қабаты;
-Топырақтың көлем салмағы;
-Топырақтың көлем салмағы сулы кезінде;

нас=(1-n)(γт-γ0)=(1-0,50)(1,9-1)=0, 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Боралдай өзенінде біртекті топырақтан жасалған бөгеттің жобасын жобалау, Δт 98м, Кф(пл) 0, 062 м тәул., Qвып 2, 4 м3 тәул, Qсбр 17, 5 м3 тәул
Шардара су қоймасының суының сапасы
Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы
Шардара ауданы географиялық орны
Жерді қашықтықтан зондтау түсіру әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы
Пәндер